Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

      Кіріспе ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

1. Инвестициялық жобалар
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
. 4
1.1. Инвестициялардың маңызы, мәні және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2. Жоба мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... . 6
1.3. Жоба
критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 8

2. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
әдістері ... ... ... ... ... .. 12
1. Жобалық
несиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 12
2. Жобалық циклі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . 14
3. Инвестициялық жобаның қаржылық
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24

‌‌

КІРІСПЕ

 

Еліміздің экономикадағы өзекті мәселелерінің бірі – инвестициялық
жобаларды құру болып табылады. Президенттің үстіміздегі жылдың ақпан
айындағы Қазақстан халқына жолдауында Бүгінгі әлемдік конъюнктура
нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің,
даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі
инвестициялық ресурстарын белсенді етуге тиіспіз.

Пайда болған қиындықтарға қарамастан, менің тапсырмам бойынша Үкімет
экономиканы орнықты өсіру бойынша шаралар қабылдады - деп айтылған.

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс
әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып,
еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.
Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры
болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп,
сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының
көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп
халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде
жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп,
әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз
керек. Осыған орай, инвестициялық жобаларды талдауда оның тиімділігіне
экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды
ерекшелеудің маңызы зор.

Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының Заңы экономиканы
жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің “көлеңкеден” шығуына жағдай
жасауы тиіс.

Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау
үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін
анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан
Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің,
ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты
талдап, зерттеп білу.

1. Инвестициялық жобалар түсінігі

1.1. Инвестициялардың маңызы, мәні және түрлері

Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметінің және нәтиежесінде пайда
құрылатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да
түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интелектілік
құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі
экономикалық ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып
бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталды өнеркәсіпке, ауылшаруашылығына,
құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары—мемлекеттен басқа да
кәсіпорындардан,инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды
сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда инвестор,өзінің өндірістік капиталының
көлемін—өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады.Екінші
жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивидент алу арқылы өзінің қаржы
капиталын ұлғайтады.
  Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып
бөлінеді.Қазақстан Республикасындағы Тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қорғау заңы бойынша инвестициялар—республиканың тәуелсіздік кепілдігіне
байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициядан
басқа барлық инвестиция түрлері.
Жанама инвестициялар—қоржындағы инвестициялар,басқаша айтқанда құнды
қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы
қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық
қоржынында жетекші рольге ие болып отырған меншік инвестицияларға және
қайталама өтімді резервтер дейтінге,яғни өтімді активтерге ең алдымен
мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.
Инвестицияның негізгі түрлері.Әр бір фирманың іс-әрекетінің маңызды
бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады,яғни жобаларды іске
асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.
Коммерциялық тәжрибеде мұндай инвестициялардың түрлері:
— табиғи активтерге инвестициялар;
— ақша активтеріне инвестициялар;
— материалдық емес активтерге инвестициялар;
Табиғи активтерге —өндірістік ғимараттармен құрылымдар,қызмет уақыты
бір жылдан асатын әр түрлі машиналармен жабдықтар және өндіріс процессінде
қолданылатын басқа да мүліктер жатады.
Ақша активтеріне—басқа да жеке тұлғалардан ақша қаражатын алуға
болатын құқық жатады.Мысалы,банкіде—депозиттер,об лигациялар
акциялар,несиелер қарыздар кепілдіктер.т.б.
Материалдық емес активтерге—фирмалардың жұмысшыларының қайта жеке
оқыту және біліктіліктерін жоғарылату арқылы,сауда белгілерін жасау
тапқыштық патенттер мен лицензия алу,өнеркәсіп үлгілерінің куәлігін
алу,өнімге сертификат алу,жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған
құндылықтар жатады.Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай
топтарға бөлінеді:
  Тиімділікті арыттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі
мақсаты-жабдықтарды ауыстыру,персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын
өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың
шығындарын азайтуға жағдай жасау. 
  Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар.Негізгі
мақсаты—өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.
            Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар.
Жаңа өнімдер,тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.
            Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға
бағытталған    инвестицилар.
Бұл инвестициялар кәсіпорындардың,мемлекеттік ұйымдардың
экологиялық стандарттар,өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға
байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады.
Инвестициялардың бұл сыныптамасы тәуекелшілдік деңгейімен байланысты. 
       Кәсіпорындардың өндірістік—шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір
бөлігі өзінің өндірістік—эконмикалық потенциялын сақтау және әр қарай
дамыту.Кәсіп орындардың бұл саладағы іс-әрекеті—инвестициялық іс-әрекет деп
аталады.Қазақстан Республикасының Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау
туралы заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға
байланысты кәсіпкершілік іс-әрекет жатады.
Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне
инвесторлар(инвестициялық іс-әрекетті жүргізетін жеке және заңды тұлғалар),
тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің
объектілерін қолданушылар,сонымен бірге жеткізушілер, заңды
тұлғалар(банкілер,қамсыздандыру ұйымдары,инвестициялық қорлар) және басқа
да инвестициялық процесстің қатысушылары жатады.Тапсырыс
берушілерге—инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаның іске асырушы
жеке және заңды тұлғалар жатады.
Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері
Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы, Қазақстан Республикасы
Президентінің заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы, Салықтар  және бюджетке міндетті түрдегі төлемдер туралы, Шетел
инвестициялары туралы заңдармен және де Банкорттық жайлы, Бағалы
қағаздар нарығы жайлы , Қазақстандағы инвестициялық қорлар жайлы
заңдармен, тағы басқа да нормативтік актілермен реттеледі.
Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар форамасын
қабылдайды.Инвестициялық жоба-капиталдарды ұлғайту мақсатпен экономиканың
әр-түрлі салалары мен сфераларына құюға бағытталған, жоспарланған және
орындалатын шаралар жиынтығы.

Инвестициялық жоба – халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму
жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму
жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер
жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол инвестициялық
жоба деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да,
инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба –
бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы
арнайы ұсыныс.
Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялы қ деп ажыратады.
Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды,
акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккенкәсіпорындарды құру) немесе
өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі,
толық автоматтандырылғанөндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды
жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің
өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен
байланысты болады.

Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта
оның айырмашылығы кәсіпорынныңдамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы
кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып
табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және
жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық
мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау
тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.

Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің
жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі
кезеңдерге ие.
Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның
ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы
бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп,
кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде
идеяны жүзеге асыруға қатысты едәір дәлелді аргументациялар болуы қажет.
Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер
олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса,онда
даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау
үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң
немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай
дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында
– коммерциялық, техникалық, қаржылы қ, экономикалық, институционалды жә не
т.б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде
жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе
жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау
процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдеу алуға және бастапқы
ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.
Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның
өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен
стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың
өзі сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде
ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір
консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер
кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен
іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын
тексеру үшін де сараптама қажет.
Бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу
мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын
қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе
отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске
асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны
жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және
инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын
қамтамасыздандыру.
Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде
жүргізіледі. Бұл қызмет түрірнің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар
мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты
алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны
қарастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені басқа
жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.
Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген
қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі
дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді. Ұқсас қондырғылардың
бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің басымдылығын дәлелдей
керек болса, көп баламалылық пайда болуы мүмкін.
Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту қондырғыларды ауыстыру.
Осындай жобалардың мақсаты – жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым
жетілгенін қолдану, бірақ онысы моральдық тозған қондырғыға қарағанда
салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түрі әрбір
жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені техникалық мағынада
неғұрлым тиімді бола бермейді.
Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту.
Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі
қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын
нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін
арттырудың табыстың өсуіне алып келе-келмеуін анықтай отырып, жобаның
қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.
Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі
жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің
мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық
кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін
әзірлнген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға
алып келетінін атап кеткен жөн
Инвестициялық жобалау барысында экологиялық талдау жасау аса қажетті
элемент болып табылады. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің байланысты
болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады.

Шешуді және қаржы критерийлерінің көмегімен дәлелдеуді қажет ететін
негізгі дилемма – жобалардың қай түріне назар аудару керек:

1. капиталдық шығындарды көбейте отырып, қондырғының аса жетілген және
қымбат түрін қолдану немесе;
2. ағымдағы шығындарды көбейте отыры, аса қымбат емес қондырғыны
қолдану.

1.3. Жоба критерийлері

Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін,
кәсіпорын сол бизнес идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл
сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы
мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек.
Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдан ала
кезеңінің мазмұнын құрайды.

Батыстық жобаларды талдау тәжірибесінде әдетте төмендегі
критерийларді қолданады:

▪ саланың пісіп – жетілуі;
▪ кәсіпорынның бәсекеге жарамдылығы.
Саланың пісіп-жетілуін оны даму жағдайының төрт түрінің біреуіне
жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп жетілген
немесе ескірген.

Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның
бәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет
көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен
салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын
қолданады: басым, мықты, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын.

Кәсіпорынның пісіп-жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін
салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады
және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын
қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер
береді.

Жобаны талдаудың алдан ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген
критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып
табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы нақты торға жататындығын
білдіреді.

Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек және
алдын ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларға негізделеді.
Соған қарамастан, бұл кезең келесі екі себепке байланысты қажет:

▪ стратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау барысында саланың
пісіп-жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер
міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу керек;
▪ егер кәсіпорынның басқарушылары талдауға назар аудармаса, онда
стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң нәтижелерге келмеуі
мүмкін.
Жобаның көптүрлігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы
сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық,
экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы
бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс
жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын жоба
қолданбайды революциясы шарттық сипатта болатынын атап өткен жөн.
Шындығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар
жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін
және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.

Қағида бойынша, маркетингтік талдаудың мәні екі қарапайым сұрақтың
жауабына байланысты:

1. Жобаны іске асыру нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?
2. Бұдан біз инвестициялық жобаны ақтауға жеткілікті көлемде пайда көре
аламыз ба?
Соңғы жылдардың статистикалық мәліметтері бойынша, үшінші әлем
елдеріндегі фирмалардың банкротқа ұшырауының дәрежесі 80% құрайды.
Банкротқа ұшыраудың негізгі себебі - маркетингтің жеткілікті болмауында.

Маркетингтік талдаудың базалық сұрақтары мынандай:

1. Жоба қандай нарыққа фокусталған? Халықаралық нарық па немесе ішкі
нарық па?
2. Жоба халықаралық нарық пен ішкі нарық арсындағы балансты ойластырама?
3. Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталған болса, онда оның мақсаты
мемлекеттің саяси қағидалық шешімімен сәйкес келе ме?
4.Егер жоба ішкі нарыққа фокусталған болса, онда оның мақсаттары
мемлекеттің ішкі саясатыны жауап бере ме?

1. Егер жоба мемлекеттің саясатымен сәйкес келмейтін болса, онда оны ары
қарай қарастыру керек пе?
Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:

1. жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін
технологияларды анықтау;
2. жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға,
жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
3. жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін
тексеру.
Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы
мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты
процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады.

Инвестициялық жобаның қаржылық талдау бөлімінде көлемді және еңбек
сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тауарлар
арналады.

Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым
тізбекке негізделген:

1. Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау
жасау.
2. Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық
жағдайына талдау жасау.
3. Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.
4. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша
ағымдарын болжамдау.
5. Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.
Кәсіпорынның бұдан бұрынғы қызметі мен ағымдағы жағдайына қаржылық
талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның басқару тиімділігін,
несие қабілеттілігін, өтемпаздығын көрсететін негізгі қаржылық
коэффициенттерінің интерпретациясы мен есептеулеріне келтіріледі.Әдетте бұл
қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлімде кәсіпорынның өткен жылдардағы негізгі
қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді салыстыру қажет. Егер
инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалса,
онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс мемлекеттің
форматтарына келтіру керек.

Шығынсыздықты талдау негізгі өнімдерді шығару мен өткізудің өзіндік
құн құрылымын талдау бойынша жүйелік жұмыстарды және барлық шығындарының
айнымалылар мен тұрақтыға бөлінуін қамтиды.

Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның
инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:

▪ жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;
▪ инвестициялық қажеттіліктердің қайнар көздерін белгілеу;
▪ инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған капиталдың құнын
бағалау;
▪ жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен ақша ағымдарын болжау;
▪ жоба көрсеткіштерінің тиімділігінің бағасы.

2. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері

2.1. Жобалық несиелеу

Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік
инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды
әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде
қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде.
Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы,
ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық
жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды биснеске тарту соңғы
жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұндай инвестициялық
жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір
аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие
алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың
арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда
болашақта негізгі құрал болатыны сөзсіз.

Жобалық несиелеу – бұл халақаралық және отандық тәжірибеде
қолданылатын несиелеудің жаңа нысаны болып табылады және оның дәстүрлі
банктік несиелеудің мынандай артықшылықтарын атап айтуға болады:

▪ инвестициялаудың стратегиясын дайындау;
▪ инвестициялаудың белгілі-бір уақытша аясын белгілеу;
▪ инвестициялық приоритетті анықтау;
▪ баламалы нұсқаларды қарастыру;
▪ инвестицияның жүзеге асыру жоспарын дайындау;
▪ бір уақытта бірнеше көздер арқылы қаржыландыра алу.
Дұрыс қолданылған инвестициялық жоба жалпы ресурстар көздерін ұтымды
пайдалану есебінен экономикадағы ресурс тапшылығын азайта алады. Алайда,
жобалық әдістің өзіне тән кемшіліктері де бар. Ең алдымен, бұл болжаудағы,
есептеулердегі мүмкін болатын қателер, сонымен қатар нарықтағы әр түрлі
өзгерістер, инфляция құбылмалығы, заңдардың өзгеруі сияқты түрлі факторлар
әсері жобалық әдістің тартымдылығына тежеу болады.

Сонымен қатар, қарыз алушыға тән жобалық несиелеудің мынандай
жағымсыз жақтары көрініс береді:

▪ тәуекелдің жоғарлығына байланысты несие бойынша пайыздың өсуі және
комиссиондық ақының қымбатқа түсуі (жобаны бағала-ғаны үшін, жобалық
бақылау жүргізгені үшін алнатын ақы);
▪ жобалық несиелеу алдындағы шығындар (техникалық-экономикалық негіздеме
дайындау, пайдалы қазбаларды табу жұмыстары, қоршаған ортаға жобаның
тигізетн зияндары, терең маркетингтік зерттеулер, т.б.);
▪ несие алуға деген өтініш пен оны несиелеу туралы шешім қабылдау
кезеңдерініңұзақтығы;
▪ қарыз алушының қызметіне банк тарапынан жүргізілетін
▪ бақылаудың қаталдығы (қаржылық, өндірістік, коммерциялық);
▪ кейбір жағдайдағы қарыз алушының өз тәуелсіздігін жоғалтып алу қаупі.
Соңғы уақыттарда республикамыздағы екінші деңгейдегі банктер
экономика секторларын несиелеу барысында ұзақ мерзімді жобалармен тығыз
жұмыс жасауда. Жобалар бойынша экономика секторларын несиелеуде бұл қазіргі
несиелеу механизмінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттайды.

Жоба – бұл белгілі-бір бастапқы мәліметтері бар және нәтиженің
болуын талап ететін және оны шешу тәсілдеріне негізделетін міндеттерді
білдіреді. Жобалардың келесідей түрлері болады: тұрғын үй немесе
құрылър !оаъдкуісін салу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапамен жобаларды басқару пәнінен оқу бағдарламсы
Инвистицияның тиімділігін бағалау және кәсіпкерлік жобаны негіздеу
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың қағидаттары
Нақты инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
Инвестициялық жоба жайында
Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу
ҚАЗАҚСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЕСЕПТЕУ
Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері
Инвестициялық жобаларды экономикалық бағалау әдістері
Компаияның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру
Пәндер