Есептеу техникасы және дербес компьютер



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
2
1. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕСІ 3
1. Информатика пәні мен оның мәселелері
3
2. Информатика ғылым және оқу пәні ретінде
6
3. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердегі информатиканы оқытудың
мақсаттары
10
4. Информатиканы оқытудағы дидактикалық принцептер 13
5. Информатикалық қоғамның даму келешегі
16

II Есептеу техникасы және дербес компьютер 18
2.1 Компьютерлерді жүйелеу 18
2.2 Дербес компьютер құрылымы
19
2.3 Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
22
2.4Ақпараттық процестер
23

ҚОРЫТЫНДЫ
25

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
26

КІРІСПЕ

Уақыт өте білім беру жүйесін компьютерлендірудің ойдағыдай жүзеге асып
келе жатқандығын пракика көрсетіп келеді. Бұл мәселені: есептегіш
техникамен, оның прграммалық қамтамасыз етілуінің біртіндеп жүзеге
асырылуы, мұғалімнің дайындалу қарқыны, информатика курсын оқытудың
әдістемесінің, оның ішінде нақты тақырыптарды оқыту әдістемесінің
қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады.
Жиырма бірінші ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы-ақпаратты қоғамға
өтумен сипатталады. Сондықтан да, таза қазақ тілінде сөйлеуге тиісті
салалардың бірі-информатика және компьютерлік техника.
Қазіргі уақытта адам іс-әрекетінің барлық салаларында компьютерлік
технология кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын
арта түсіп отыр. Осыған байланысты, жаңа программалардың тасқыны, көптеген
адамдарға кәсіптік-ақпараттық технология құралдарын жоғарғы дәрежеде білу
қажеттілігін көрсетеді. Бұл салаға мемлекеттік тұрғыдан да барынша көңіл
бөлшінуде. Осы орайда жоғарғы және орта кәсіптік мамандар үшін информатика
және кәсіптік техника пәнінің ана тілімізде оқытылуы, қазақ тілінде
компьютерлік программалардың жасалуы бүгінгі өміріміздің өзекті
қажеттілігіне, сұранысына айналды. Ұсынылып отырған курстық жұмыста
информатика және есептегіш техника пәнінің оқытылу әдістемесі, дербес
компьютер құрылымы және дербес компьютердің жұмыс істеу принцептері
баяндалған. Қоршаған ортаны есте сақтауға, тасымалдауға, түрлендіруге
болатын мәліметтер жиыны ақпарат ұғымы ретінде қарастырылады. Ақпарат ұғымы
ақпараттар көзі,ақпаратты тасымалдау ,сақтау, өңдеуқұралдары түсініктері
толықтырыла түседі.Алғашында ақпаратты жинау, жеткізу, өңдеу құралдары
ретінде арнаулы белгіленген таңбалар, құралдар пайдаланылды. Бұл
құралдардың жетілдірілуі, әсіресе соңғы елу жылда қарыштай дамуы адамзат
қоғамындағы ақпараттану ғылымында орсан зор өзгерістер әкелді.
Информатика және есептегіш техника негіздері жалпы білім беретін орта
мектепке міндетті пәне ретінде енгізгелі бері курсты оқытудың белгілі
тәжірибелері жинақталды. Сонымен қатар, курсты оқытудың дидактикалық жүйесі
де қалыптасып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Білім беру
жүйесін информатикаламдыруға бағытталған бағдарламасына байланысты бірқатар
көптеген шаралар жасалуда. Атап айтқанда, жалпы білім беретін орта
мектептер қазіргі заман талабына сай техникамен және программалық
құралдармен жабдықталу үстінде.

1.ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕСІ.

1. Информатика пәні
мен оның
мәселелері.

Информатика-информацияның өзгешелігі мен құрылымын, сондай-ақ адам
қызыметінің әр қилы салаларында оны алумен, сақтаумен, берумен, қайта
өңдеумен,таратумен және пайдаланумен байланысты мәселелерді зерттецтін
ғылым саласы.
Бұл тек информатика пәнінің тек бір ғана анықтамасы емес. Ол туралы
анықтымылыр көп, өйткені информатика-жаңа білімдерді игеру мақсатында
есептеу техникасының көмегімен жиналған білімдерді сипатау, көрсету,
біріктіру, қалыптастыру және қолдану туралы ғылым.
Кез келген пәнді оқып-білу оның негізін қалайтын терминдер мен
категориялардың анықтамалары қалай пайда болғанын білуден басталады.
Информация терминінің ерекшелігі, бірінші жағынанан-ол барлығына тйсік
арқылы түсінікті болса, ал екінші жағынан-оның ғылыми әдебиеттерде баршаға
танылған ұғындырмасы жоқ. Сонымен бірге,яғни бір мезгілде мынаны айрықша
айта кеткен жөн: информация ғылыми категория ретінде әртүрлі білім
салаларын оқып-білудің пәнін құрайды: философия, информатика, жүйе теориясф
және т.б.[3]
ХХ ғасырдың ортасында информация темині адамдар арасындағы, адам мен
автомат (электрондық есептеу машинасы-ЭЕМ), автомат пен автомат арасындағы
ақпарат алмасыды, хайуанаттар мен өсімдіктер әлеміндегі сигнал алмасуды,
клеткадан клеткаға, организмнен организмге белгі беруді қамтитын жалпы
ғылыми ұғымға айналды. Ақпарат алуан түрлілігінің ең маңыздысы болып
табылатындардың біріне экономикалық информация жатады. Оныңбасты
айырмашылығы-адамдар еңбек ететін ұжымдар, ұйымдарды басқару процесінің
байланысында. Экономикалық информация материалдық игіліктер мен
қызыметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестерін беріп отырды.
Оның көп бөлігі қоғамдық өндіріспен байланысқан, сол себепті де оны
өндірістік информация деп атауға болады.
Қазіргі уақытта "қоғамды информатикаландыру", "білім беруді
информатикаландыру" деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп
кетті. Олай болса, қоғамды информатикаландыру дегеніміз не? Қоғамды
информатикаландыру дегеніміз-ғылыми техникалық процесс жетістіктерінің
күнделікті тұрмысөа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-
әрекеттің интелектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуімен рөлінің
жоғарылауына байланысты. Бұл процестегі негізгіселе білім берудің мазмұны
мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан
қамтамасыз ету өндірістік мәселе.[1]
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдынңғы кезекте,
маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағыттылсы, ал білім беруді
инфорорматикаландыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына
ауысады. Мұндағы негізгі мақсат-оқушының қоршаған әлем жағдайына табиғи
ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау.
Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін орта мектептегі
информатика курсынан басталады. "Информатиканы оқыту әдістемесі" деп
аталатын курс мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу-әдістемелік,
дидактикалық, ұйымдастырушылық, педогогикалық, психологиялық мәселелерін
жан-жақты қарастыратын курс болып табылады. Жалпалпы білім беретін
мектептерге программалау элементтерінің енгізілгендігіне 40 жылдан астам
уақыт болды. Информатиканы , прграммалау элементтерінің орта мектепке
енгізуінің өзіндік тарихы бар, яғни оны бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең, бұрынғы Одақтағы 50-жылдардың бас кезіндегі алғашқы ЭЕМ-
дің пайда болуына байланысты.Осығын байланысты, адам қызыметінің жаңы
саласы дами бастады. Программалаудың қалыптасы кезкңінде тілдік құралдар
мен әдістер жеткіліксіз болды. Соған қарамастан оқушылардың программалауды
түсініп, игеруіне ешқандай принцепті қиыншылық болған жоқ. Алғашқы ЭЕМ-лар
пайда болғаннан кейін көп кешікпей ғылыми-зерттеу мекемелерінде және ірі
жоғары оқу орындарында прграммалауды және ЭЕМ-де жұмыс істеуді зерттейтін
топтар пайда бола бастады. 50-жылдардың аяғына қарай, А.П.Ершовтың
басқаруымен Новсибирск қаласының кейбір мектептерінде тәжірибелер
жүргізілгендігі белгілі. Бұл тәжірибе сондағы ғылыми қалашықтағы есептегіш
техника негізінде жүргізілді. Басталған жұмысқа университеттер мен ғылыми-
зерттеу институттарының көптеген ғалымдары қатысып, араласты. Бірақ, мұндай
алғашқы қадамдардың жалпы білім беретін орта мектеп үшін міндетті курстың
қалыптасуына қатысы жоқ еді.
Екінші кезең, математикаға бейімделген мектептер негізінде
прграммалауға мамандандыруға байланысты. Информатиканы мектепте оқыуды 1959
жылдан басталады деуге болады, өйткені Мәскеу қаласының №444 мектебінде
С.И.Шварцбурд жоғарғы класс оқушыларына ЭЕМ жұмысын үретуге бағыттылғын
эксперимент жүргізуді бастады. Мұндай мектептерде жалпыға бірдей орта білім
негізінде программист дайындау көзделген болатын. Осы мақсатқа сәйкес,
С.И.Шварцбурдтың жүргізілген тәжірибелік жұмысы көпшілікке белгілі болды.
Программалау саласнда мамандандырылған мектептер жүйесінің дамуы тағы
бір маңызды рөл атқарады. Оқушыларды прграммалауға үйретуге арналған
мақалалар мен әдістемелік талдамалар көптеп шыға бастады. Бұл жылдары
математикаға бейімделген мектептер үшін дайындалған оқу құралдары кең
таралды, және бұл құралдар белгілі бір прогрпммалау жүйесі негізінде
жасалды. Осы жинақталған материалдар программалау бойынша факультативтік
курстардың қалыптасуына маңызды рөл атқарды.
Келесі кезең, факультативтік курстардың ашылуына байланысты.
Факультативтік курстың мақсаты-оқушылардың жан-жақты мүмкіндіктерін
дамытуға және білімдерін дамытуға және білім дерін тереңдетуге бағытталған
жаңа оқу жұмысының түрі ретінде қарастырылды. Ол жөнінде КОКП ОК мен КСРО
Министірлер Кеңесінің 1996 жылғы "жалпы білімберетін орта мектеп жұмысын
олан әрі жақсарту шаралары" туралы қаулысында көрсетілді. Математика және
олардың қолданылулары бойынша жргізілген Факультативтерде арнаулы үш курс
әртүрлі деңгейде ЭЕМ-нің қолдануын қажет етті. "Программалау", "Есептеу
математикасы", "Векторлық кеңістіктер және сызықтық программалау". Осы
факультативтік курстардың енгізілуіне байланысты программалауды орта
мектепке енгізу кезеңі басталды.
Кейінірек, сол кездегі математикалық орта білімнің қайта құрылуына
байланысты жаңа таңдаулы тақырыптар ұсынылды. "Санау жүйелері және ЭЕМ-нің
арифметикалық құрылғылары" (7-класс), "Алгоритмдеу және прогрпммалау" (8-
класс), "Кибернетика негіздері" (9-10класс), "Программалау тілдері" (10-
класс). Дәл осы кезде арнаулы Факультативтік курстар бойынша оқыту мазмұны
мен әдістерін жасау мәселелеріне байланысты әдістемелік мәселелер
В.М.Монаховтың және т.б көптеген ғалымдардың еңбектерінде өз шешімін тапты.
Мектептер мен есептегіш техникасы бар өндіріс орындары арасындағы
байланысты қалыптастыру тәжірибесі жинақталды. Бұл тәжірибе кейін оқу-
өндірістік комбинатттары арқылы мектептегі оқыту ісіне есептегіш техниканы
енгізуге негіз болды.
Сонымен келесі кезең, оқ-өндірістік комбинаттары негізінде оқушыларды
есептегіш техниканы меңгеру және пайдалануға байланысты көптеген
мамандықтарға дайындау мүмкін болды. Атап айтқанда, ЭЕМ операторы, ЭЕМ үшін
мәліметтерді дайындау құрылғыларын жөндеу және күту бойынша электромеханик,
электронды аппаратураны реттеуші, программалаушы лаборант, есептеу
жұмыстарының операторы дайындалды.
Одан кейінгі кезең, жалпы білімдік бағдардың дамуымен сипатталды.
Математикаға бейімделген мектептерде, әсіресе, ОӨК-нің программаларында
оқушыларға программалауды оқытудың арнаулы мүдделері қарастырылды. Сонымен
қатар, программалаудың жалпы білімдік әсері және алгоритмдеудің мектептегі
дәстүрлі пәндерге пәнаралық әсерінің мазмұндық-әдістемелік мәселелері
зерттелді. Алдынғы кезекте математикаға әсері қарастырастырылды.
Мектептегі компьютерлендіру саласында нақты ұйымдастыру-әдістемелік
шараларының жасалуына КОКП сәуір(1984) Пленуымында және КСРО Жоғарғы Кеңесі
сессиясында бекітілген "Жалпы білім беретін орта және кәсіби мектеп
реформасының негізгі бағыттары" атты қаулысы себеп болды. Мектеп
реформасының негізгі міндеттерінің бірі информатиканы оқу-тәрбие процесіне
енгізу және жастардың компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуге
бағыттылды. 1984 жылдың соңында КСРО ПҒА оқыту мазмұны және әдістері ҒЗИ
мен КСРО ҒА-ның Есептеу Орталығынғының басқаруымен жалпыға міндетті пән
"Информатика және есептегіш техника негіздерінің" бағдарламасын жасау
жұмысы басталды. Бұл жұмыс 1985 жылдың ортасында аяқталып, КСРО оқу
министірлігінде мақұлданды.
Үкіметтің келесі шешңмңнде жастардың компьютерлік сауаттылығын тез
қалыптастыру мәселесі қойылды. Ол үшін жалпы білім беретін орта мектепке
"Информатика және есептегіш техника негіздері" міндетті пән ретінде
енгізілді, яғни 1985 жылдың қыркүйек айының 1-нен бастап "Информатика және
есептегіш техника негіздері" курсы оқытыла бастады. Мекекптегі
компьютерлендіру мәселесіне мемлекеттік тұрғыдан көңіл бөлудің нәтижесінде
1986-1987 оқу жылының басында "Информатика и образования" журналының
бірінші номері шықты. Бұл ЭЕМ-нің оқыту процесіне енгізудің әдістемелік,
дидактикалық, техникалық, ұйымдастырушылық, педогогикалық, психологиялық
мәселелерін қамтитын журнал. Сонымен қатар, Біздің Республикамызда
"Қазақстан мектебінің" қосымшасы ретінде "Информатика Физика Математика"
журналы шыға бастады. Компьютер алғаш оқу процесіне енгізілгенде мынандай
екі үлке мәселе көзделген :1) Компьютер оқу обьектісі, яғни пән ретінде
оқытылатын болса, 2) компьютердің жалпы оқу процесіндегі қолданылуы .
Міне, программалау элементтерінің орта мектепте енгізілуінің қысқаша тарихы
осындай.[3]

1.2 Информатика ғылым және оқу пәні ретінде.

Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және
табиғаттағы информациялық процестер мен фокторлардың фундаментальді рөлін
мойындау болып табылады. Өткен ғасырда әлемнің ғылыми бейнесі ертеректерде
екі негізгі ұғым төңірегінде құрылғаны белгілі: зат және энергия. Сөцтіп
ғылыми көзқарасты қалыптастыруда негізгі рөлді осы ұғымдарды сипаттайтын
ғылымдар атқарады: физика, химия, математика. Мысалы, заттар мен энергияның
сақталу заңы тек физика мен химияның заңы емес, универсал ғылыми принцепке
айналды: "жоқтан еш нәрсе пайда болмайды". Бұл жағдай біздің ғасырдың
басында әлемің бейнесін жаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты
өзгере бастады. Мұндағы негізгі мәселе ұйымдастырушылық немесе қазіргі
айтылып жүргендей информациялық факторларға байланысты. Дәлірек айтсақ,
алдыңғы кезекте жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес, олардың өзара
байланысы мен өзара әсерлесу мәселесі қойылды. Бұл мәселемен айналысатын
ғылым информатика деп аталады.
Сонымен информатика-ЭЕМ-дің көмегімен информацияны іздеу, сақтау,
жинау, тарату, өлшеу мен өңдеудің әдісі, тәсілдері мен заңдылықтарын
қаратыратын матеметикалық ғылым. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ-
нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде өңдеуді
жүзе асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негізгі ядросы
болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалар-оның материалдық базасы.[7]
"Информатика" термині біздің еліміздегі әдебиеттерде пайдаланылғанына
аз ғана уақыт болды. Оның шығу тарихына көз жүгіртсек, ол ЭЕМ-нің пайда
болуынан басталды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кибернатика қарқынды
даму жолына түсті. Ол жасанды , биологиялық, әлуметті және т.б әртүрлі
жүйелердегі басқару мен байланыс туралы жалпы ғылым ретінде дамыды.
Кибернетиканың дамуын 1948 жылы американ математигі Норберт Винердің
"Кибернетика: жануарлар әлемінде және машинадағы басқару мен байланыс"
деген тақты кітабының шығуымен байланыстырады. Бұл жұмыста басқарудың жалпы
теориясың жасалу жолдары мен әртүрлі жүйелерге арналған басқару және
байланыс проблемеларын зерттейтін әдістердің негізі қаланды. Кибернетика
өзінің дамуында бірталай тартысты кезеңдерді басынан өткізді. Академик
А.И.Берг жазғандай, "...1955-57 жылдары, кейін де біздің әдебиеттерде
кмбернетиканың маңызы мен мүмкіндіктерін бағалауда өрескел қателер
жіберілген. Бұл біздің елімізде ғылымның дамуына үлкен зиян тигізді,
көптеген теориялық жағдайларды жете зерттеудің және электрондың машиненың
өзін жасаудың тоқтап қалуына әкелді", - дейді өзінің "Возможное и
невозможное в кибернетике" атты еңбегінде.
Сондай-ақ, философиялық сөздіктің 1959 жылғы басылымында кибернетиканы
"буржуазаялық жалған ғылым" деп көрсетті. Мұның басты себебі, біріншіден,
қарқынмен дамып келе жатқан ғылымды "классикалық бағыттағы" кейбір ғылымдар
жете бағаламаудың салдарынан, екіншіден, кейбірулер іс жүзінде қолданылатын
әртүрлі облыстарда кибернетиканың нақты проблемеларын жете зерттеудің
орнына шамадан иыс бос сөздер айтылды, кибернетиканың шексіз мүмкіндіктері
жайлы жартылай фантастикалық болжау жасалды, осылайшы ғылымның беделі
түсті. Кибернетиканы қолданудың қызықты перспективалары халық
шаруашылығында математикалық әдістер мен ЭЕМ-дерді жоспарлау мен болжау
мақсатын да кеңінен қолданудың ұсынысын тудырды.[15]
Сонымен, кибернетика термині пайда болғаннан кейін дүние жүзілік
ғылымда ағылшын сөзі "computer science" қолданыла бастады, ал одан
кейіінірек, 60-70 жылдардеңгейінде " informatique" терминін енгізді. Орыс
тілінде информатика терминінің ең алғашқы қолданылуы ғылыми техникалық
информация мен документалистиканы пайдалану саласына байланысты болды.
Сондай-ақ, 1976 жылы А.П.Ершовтың басқаруымен неміс тілінен аударылған
жоғарғы оқу орындарына арналаған информатика курсының оқйлығы ен есептер
жинығының шығцынан бастап "информатика" термиині басқа мағнада пайдаланыла
бастыды. Үшінші рет бұл термин орыс тіліне кең мағнада-инфомацияның
өңделуін және берілу процестерін зерттейтін ілгері ғылымның атауы түрінде
кірді. Мұндай анықтаманың арасында информатика философиялық және жалпы
ғылымикатегориялармен тікелей байланысып, оның "дәтүрлі" академиялық
ғылыми пәндер арасындағы орны анақталды.[21]
Информатиканың маңызды ерекшелігі-оның қоғамдық қызыметтің барлық
негізі түрлерінде қолданылуы: өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде,
жоспарлауда және сауда операцияларында, қоршаған ортаны қорғауда,
криминалистік медицинада және т.б орындарды қолданылуы. Информатика
көптеген нақты информациялық процестердің, технологиялардың барлығына ротақ
мәселелерді зерттейді. Осы технологиялар информатиканың обьектісі болып
табылады. "Ғылымның обьектісі" және оның тақырыбы ұғымдарының
айырмашылықтары туралы дәл түсінік кез келген ғылымның мағынасын ашу үшін
өте маңызды. Обьект дегеніміз зерттеушінің іс әрекеті бағытталған шын
өмірдегі бір болыс, ал тақырып оны зертеу субьектісімен байланыстаратын
буын. Сондықтан "ғылымның тақырыбы" ұғымы "ғылымның обьектісі" ұғымымен
бірдей емес, ол танымның обьективті және субьективті жақтарының
диалекикалық бірлігін көрсетеді. Әр ғылымның өкілдері бір обьектіні әр
қырынан көреді, әртүрлі міндеттер тұрғысыан қарайды. Оқыту әдістерінің де,
дидактиканың да, психолог және кибернетиктің де зертеу обьектісі бола
алады. Оның әрқайсысы бұл обьектіден қзіне тән нәрсені ғана ажаратады,
зерттеудің әртүрлі мақсаттарын қойып, зерттеу нәтижелерін өздерінше
түсіндіреді. Басқаша айтқанда олардың әрқайсысы өз тақараба бойнша жұмыс
істейді. Бұл мамандардың бәрі бір сабаққа келіп, әрқайсысы өз ғылымының
тұрғысынан талдайды. Дидакт мұғалімнің қандай жалып дидактикалық әдісті
қолданғанын,қандай жалпы прнцептерді жүзеге асырғанан ойлайды; әдістер
оқыту әдістері менсабақ материялының осы пәнді мектепке оқытудың
міндеттеріне сәйкес болуына назыр аударады. Психологты ерекше қызықтыратыны
оқушылардың сабақты ұғынуы, ұғынудың жалпы заңдылықтарының көрінуі, ал
кибернетигке оқыту тура және кері байланысы бар басқару жүйесі болып
көрінеді. Информатиканың тақырыптарыоның әртүрлі салада
қолданылатытандығымен анықталады. Қоғамдық өірмдің көптеген салаларында
қолданылатын әртүрлі информациялық технологиялардың жалпы сипаттамаларымен
қатар әрөайсысының өзіндік ерекшеліетірі бар. Осыған байланысты операциялар
мен процедуралардың әртүрлі иформациялық тасымалдаушыларға негізделген
"пәндік информациялар" пайда боды. Информатиканың дамуына байланысты оның
кибернетикамен байланысы мен машылықтары туралы сұрақ туды. Осыған орай
кибернетиканың тақырыбын дәлірек анықтап, оның мазмұнын айқындау қажет.[18]
Қазіргі кезде информатиканың ықпалына көп сүйенетін саланың бірі халық
ағарту жүйесі. Ал, мектептегі информатиканың проблемелерын қарастыратын
сала мектеп информатикасы деп аталады. Мектеп информатикасы информатика
ғылымының бір саласы ретінде, мектептегі оқу процесінде пайдаланатын ЭЕМ-ді
проблемалық, техникалық, оқу әдістемелік және ұйымдастырушылық жақтарынан
қамтамасыз етуді зерттейтін сала ретінде анықталды. Мектеп информатикасы
программалық қамтамасыз ету орта мектептің информациялық , басқару және
оқыту жүйелерін қамтиды, оның құрамында осы жүйелерді жобалауға арналған
сериялық құралдар бар.Мектеп информатикасын техникалық қамтамасыз етудің
міндетері: мектептегі оқутә-рбие процесін сүйемелдеуге араналған техникалық
құралдарды таңдауды экономикалық жағынан негіздеу; мектептегі есертегіш
техника кабинетін жабдықтаудың параметрларын анықтау; орта мектепке
арналған сериялық ұралдар мен өзгеше жасалған құралдарды тиімді пайдалану
әдістерін табу. Мектеп информатикасын оқыту әдістемелік жағынан қамтамасыз
ету үшін ол курс бойынша оқу прогрограмамлары , әдістемелік құралдар,
оқулықтар жасалуы қажет. Ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етудің
проблемелары: мектеп информатикасының негізін қалау және оны тұрақты
сүйемелдеп отыруға байланысты ұйымдастырушылық-техникалық шаралар;
педогогикалық программалық құралдарды жасауды және оларды көбейтуді,
мектепке жеткізуді ұйымдатыру; оқу- ағарту жүйесінің ьбарлық сатылары үшін
кадрлар дайындау, кадрлар информатиканы мектепке жаңа ғылыми пән ретінде,
басқа пәндерді оқытуды жетілдіру мақсатында құрал ретінде пайдалану.
Мектеп информатикасының келесі бесінші саласы-оны психологиялық-
педогогикалық қамтамасыз ету, ол өзінің маңыздылығына байланысты алғашқы
болып қарастырылатын мәселеге жатады. Қазіргі ЭЕМ-нің мектептегі оқу-тәрбие
процесіне енгізілуікомпьютерлендірудің барлық проблемаларын шеше алтыны
анық. ЖИТ-ны пайдалану жағдайында оқу процесін тиімді және өз мақсатына
жете алатындай етіп ұйымдастыру үшін бірқатар педогогикалық, психологиялық
проблемаларды шешу қажет. Осыған байланысты педогогиканың, психологияның
және дидактиканың дәстүрлі қағидалары қосыша зерттеуді талап етеді. Бұл
жерде оқытуды компьютерлендірудің екі түрлі негізгі бағыты бар екендігін
көрсету қажет, олар компьютер оқу обьектісі және компьютер оқу құралы
ретінде.[17]
Конпьютерді зерттеу обьектісі ретінде алатын болсақ, жалпы білім
беретін орта мектепке "Информатика және есептегіш техника негіздері" деп
аталатын жаңы пән енгізілді. Мекткпке енгізілген бұл пән келе жатқан
информатика ғылымының барлық мазмұнын қамти алады. Ол оқушыларды мектептегі
басқа пәндерді оқуға қажетті білім, іскерлік пен дағдылармен қаруландыруы
тиіс. Информатиканы орта мектепте оқыту жөнінде қалаптасқан әртүрлі
көзқарастар бар. Енді мектептегі информатика курсының мазмұны мен
әдістемелік ерекшеліктеріне тоқталайық.
1. Мектептегі "ИЕТН" курсының мазмұны "информаци а-лгоритм-ЭЕМ" деген үш
ілгері ұғымға негіделген. Ол бір жағынан пәннің информатика ғылымымен
байланасын қамтамасыз етсе, екінші жағынан оқушылардың теориялық
дайындық деңгейін меңгеруі үшін беріледі.
2. "ИЕТН" курсының маңызды ерекшелігі оның басқа пәндермен тығыз
байланысы. Мектептегі информатика курсының орнын жалпы ғылымдар
жүйесіндегі философия ғылымының орнымен салыстыруға болады.
Информатиканы оқыту барысында алған білім мен іскерліктерін басқа
пәндерді оқыту барысында кеңінен қолдана алады.
3. Мектептегі білім қорына информатика курсы арқылы енгізілген жаңа
маңызды білім – шамалар ұғымының кеңейтілуі. Оқушы бұған дейін сандық
мәндерге ие болатын айнымалы шамалар мен ғана жұмыс істеді. Ал,
информатика курсында әртүрлі типтегі шамалармен жұмыс істеуге тура
келеді: сандық, литерлік, графикалық шамалар. Сонымен бірге, оқушылар
массив түрінде ұйымдастырылған мәліметтер мен танысады.
4. Мектепке информатика негіздерінің енгізілуіне байланысты мектеп
тарихында алғаш рет оқушыларға есептің қойылысын бастып, алынған
нәтижені талдауға дейін үйрететіп практикалық есепті шығарудың барлық
кезедері туралы мағұламат берілді. Оқушыны кез келген есептің
математикалық моделін құра білуге үйретеді. Бұл информатиканы басқа
пәндермен тығыз байланыстыратын буын.
Сонымен мектепке енгзілген информатика пәні дәстүрлі әдістегі іскерлік
пен дағдыны жаңаша қалыптастырып, басқа пәндерді оқытуға қзінің ерекше
үлесін тигізеді.[19]

3. Жалпы білім беретін орта және кәсіптік мектептердегі информатиканы
оқытудың мақсаттары.

Жалпы оқытудың негізгі мақсаты-оқушыны дамыту. Оқу мақсатына сәйкес
жас және педогогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі
орын алған мәселе-дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт. Баланы дамыту
сөзін кең мағнада алғанда оның организміндегі психикалық және физиологиялық
өзгерісі, кез-келген қасиетіндегі қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан
жоғарғы сатыға түсу деп түсінеді. Егер бұл мәселені оқыту мен дамытудыың
өзара қатысы тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда дамыту деп, әдетте, ақыл-
ойды түсінеміз. Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл-ойын дамыту қай
деңгейде оқытуға, ол қандай дәрежеде оның организімінің табиғи дамуына
тәуелдігімен қорытындылады. Бұған оқытудың потенциалы мүмкіндігінің
шекарасын тағайындауға, сондай –ақ нақты дидактикадық өзгерістің мақсаты
мен міндеін анықтау шығады. Сондықтан оқыту мен дамытудың өзара қатынасы
дидактиканың аса маңызды әдіснамалық мәселесі болып табылады.
Сонымен оқытудың жалпы мақсатына дидактикалық тұрғыдан осылай түсінік
беруге болады.
Ал, енді информатиканы оқып, үйретудің мақсаттары жалпы білім беретін
орта және кәсіптік бағдар беретін мектептерде тәрбиелеу мен білім берудің
жалпы мақсаттарымен, сонымен бірге ғылыми қзгешелігі, қазіргі қоғамдағы
және ғылымдар жүйесіндегі алатын орнымен анықталады. Алғашқы кезеңде
информатика пәнін мектепте оқытудың негізгі мақсаттары оқушыларда
конпьютерлік сауаттылықты қалыптпстыру болып табылды. Алайда шет елдік және
Отандық тәжірибелер оқу мақсатын бұлайша анаықтаудың жеткідіксіз екендігін
көрсетті. Өйткені, компьютерлік сауаттылық басқа пәндерді оқу базасында
қаыптасатын жалпы сауаттылықтың құрамды бөліктерінің бірі болып
табылды.Әрине, компьютерлік сауаттылық курсы оқытудың жалпы мақсаттары
қатарынан шығарылып тасталмайды. Дегенмен д, курсты оқытудың жалпы мақсаты
орта білім беру мақсатынан туындайды.
Орта білім берудің басты мақсаты-жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет
қабілеттерін қалыптастырып, даму және өз бетімен білім алу, өзін-
өзідамытуға жағдый жасау. Сонымен мектептің алдында төменгідей үш негізгі
мақсат қойылады:
1) білім беру
2) тәрбиелілік
3) прктикалық
Енді мектепке тән осы негізгі мақсаттардың информатиканы оқытудың
жалпы мақсатарына қатысты болатынын көрсетейік. Мектепке информатиканы
оқытудың білім беру мақсаты-әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің
алғашқы фундаментальі білім беру, оқушыларға осы біллімді мектепте
оқытылатын басқа ғаламдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде
меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызыметі өте жоғары.
Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл –ойын
дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі
әсер етеді.
Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру-дамытушылық мақсаты-
оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға ақыл-
ойын, өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызымет субьектісі ретін де
қалыптастыруға бағытталған. Мектептегі информатика курсының практикалық
мақсаты-оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу,
олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз
ететін білімдері мен , дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру. Курстың
бұл мақсаты қолданбалы және теориялықаспектілердің байланысын жүйелі түрде
ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-нің қазіргі кездегі
өндірістегі рөлі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика курсында
кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты
мәліметтер, ЭЕМ-ді пайдаланатын басқа ғылымдар жайында мәліметтер берілуі
тиіс. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының "тұрмыстық
аспектісі" де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жасанды компьютерлік
техниканы сауатты пайдалануға үйретеді.[22]
Қорыта келгенде , информатиканы оқытудың пракикалық мақсаты –
оқушыларды практикалық қызыметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесіне
практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге
дайындауға бағытталған. Мектептегі информатика курсының пракикалық мақсаты-
оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың
мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін
білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын
жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритімдеудің, программалаудың ЭЕМ-нің
қазіргі кезеңдегі өндірістегі рөлі мен маңызын айқындау болып табылады.
Информатика курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында инфрматикаға және ЭЕМ-ға
байланысты мәліметтер берілуі тиіс. Мұнымен қатар, информатиканың
практикалық мақсатының "тұрмыстық аспектісі" де бар. Ол күнделікті өмірде,
тұрмыста жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға үйретеді.
Қорыта келгенде, информатиканы оқытудың практикалық мақсаты-оқушыларды
практикалық қызыметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесіне, практикалық
есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға
бағытталған.
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор.
Информатиканы оқу барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа саналы деңгейде
қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу,
бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сиақты жалпы
азаматтық мәні бар қасиеттер де қалыптасады. Информатиканы оқытудағы
алгоритмдер мен программалыр құру, оларды ЭЕМ-да орындау оқушыдан ойлануды
және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз алдына елестете білуді
талап етеді. Сонымен қатар, жеке адамның табандылық, алдына мақсат қоя
білу, жұмысына жауапкершілікпен қарау, сенімді, тәртіпті болып, бар
мүмкіншілікті қолдана білу сиақты қасиеттерін дамытады. Алгоритмді жазуға
дағдылану жауапкершілікпен қарауды,жаңа талап қоюды талап етеді.[6]
Сонымен информатиканы оқытудағы тәрбиелілік мақсат-оқушыны
азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғарғы саналылыққа баулуға
бағытталған. Информатиканы оқып үйренудің жоғарыда аталған мақсаттардың бір-
бірімен өте тығыз байланысты, оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды.
Оқушыларға негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәні мен оның мәселелері
Мәліметтердің негізгі құрылымы
ЕРТЕДЕГІ ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ
Электрлі есепту машинасының даму тарихы
Электронды есептеуіш машиналардың даму буындары
Дербес компьютерлердің архитектурасымен танысу
Информатика пәніне кіріспе. ЭЕМ жұмысының математикалық негіздері.
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы
Есептеу техникасының даму тарихы мен кезеңдері. ЭЕМ-ның даму тарихы
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
Пәндер