Қадыр Мырза Әлі – балалар әдебиетінің классигі


Қадыр Мырза Әлі - балалар әдебиетінің классигі
Курстық жұмыс
Мазмұны
Кіріспе3
1. Ағартушылық тақырыбындағы өлеңдері . . . 5
- Ақын өлеңдеріндегі еңбек тақырыбы . . . 13
- Ата-ана, туған жер, туған тіл тақырыбындағы туындылары. 16
- Балаларға арналған табиғат лирикасы. . 22
Қорытынды. . 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі30
Кіріспе
Қазақ балалар әдебиеті - қазіргі заманғы барлық жанры жетілген, кемел әдебиет. Әсіресе, оның атам заманғы ауыз әдебиетімізден бастау алатын асыл поэзиясы дүниежүзілік бүгінгі деңгейден көзге шалынады. Әлбетте, әңгіме оның озық үлгілері жөнінде. Оған том-том болып жарық көріп, жалпақ жұрттың қолына көшіп, рухани кәдесіне жарап жатқан «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы» куә. Яғни, қазақ балалар поэзиясы бүгінгі жеткен биігі үшін әрісі ауыз әдебиетіне, берісі ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннен тартып қос ғасыр тағысында өмір сүрген Спандияр Көбейұлы, Сәбит Дөнентайұлы, Бекет Өтетілеуұлы, жаңа ғасыр көгінде тіршілік еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабайұлы еңбектеріне қарыздар. Жаңа қоғам жолына қаламымен де, қайраткерлік ойымен де атсалысып араласқан Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов есімдерін де бұл ретте құрметпен атауға болады. Ал қазақ балалар поэзиясын ауыз әдебиетінен профессионалдық деңгейге өтуіне қызмет еткен қаламгер Өтебай Тұрманжановтан бастап, профессионалдық биікте тұрып, ауыз әдебиетіне түрлі ізденіс үшін баратын Өтепберген Ақыпбековке дейінгі аралықты еркін қамтиды. Осы екі аралықта ұлттық балалар поэзиясын өсіруге елеулі үлес қосқан Мұзафар Әлімбаев, Әнуабек Дүйсенбиевтің, М. Жаманбалиновтың, Ж. Смақовтың, Қ. Мырза Әлидің, Қ. Баянбаевтың, Е. Өтетілеуұлының, Ж. Кәрібозиннің, Е. Елебаевтың және басқа бір топ қаламгер ақындардың өлеңдері, поэмалары, әңгімелері бар.
Осы үлкен шоғыр тудырған шығармаларға назар салсақ, қазақ балалар әдебиетінің, оның ішінде поэзиясының өте қызғылықты сала екенін байқаймыз. Ол балаға қарапайым ақыл айтатын дидактикалық сарыннан айтарын астарға бүгіп, жұмбақтай сөйлейтін, сөйтіп оқушысын ойландырып өсіретін, жетілдіретін күрделі сапаға көтерілген әдебиет. Балаға арнау өлеңнен жаңылпаш, жұмбақ, ертегі, санамақ, ән өлеңдері, анаграммаға дейін жанрлық түлеңге түскен әдебиет.
Балалар әдебиеті - әліппелік әріп - өлеңнен оқушысына қос авторлыққа жетелейтін «ұйқасын тап» дейтін формалық түрленуге көтерілген әдебиет. Балалар әдебиетіне аса қажетті қарапайымдылық. Бұны ақынның ауыз әдебиетінен үйлесімді үйренісінің жемісі деуге болады.
Қазіргі кезеңде балалар әдебиетінің ыстық-суығына бірдей ортақтасып жүрген ақын - Қадыр Мырза Әли. Сонау 1970 жылы Қадыр Мырза Әлидің балаларға арналған өлең-жырларының таңдамалысы «Күміс қоңырау» деген атпен жарық көрген. Содан кейін осы атпен 1985 жылы «Шымыр жаңғақ», «Ғаламдағы ғажап» атты жаңа кітаптарынан ашылған өлеңдерімен толықтырылып, ақын таңдамалысы екінші рет басылып шықты.
Ал «Сабақ» деп атаған жинағында тұтас қарағанда ана үлгісі, ана өсиеті тәрізді ғибратты сабақ, азамат анатуға, адал болуға, еңбекті сүюге, табиғатты анаңдай аялауға шақыратын, көркем сөзбен баурайтын өлеңдері болып табылады. Осы орайды В. Белинский айтқан белгілі қағида бойынша, балалар ақыны боп туу керек. Қадыр Мырза Әли - сондай перзент. Оның сондықтан да жүз мыңдаған, бәлки, миллиондаған оқырман, жанашыры, жеткіншегі бар. Сондықтан Қадыр Мырза Әлидің бар өлеңі ғибрат ала білген балаға ана тілінің ақ уызынан кем түспесі аян.
Қадыр Мырзалиев 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар Одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.
Тұңғыш туындысы 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде 40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби-сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары: «Көктем», (1959), «Данышпан» (1961), «Сабақ», (1965), «Бұлбұл бағы» (1967), «Ақ отау» (1968), «Күміс қоңырау» (1970), «Домбыра» (екі кітап, 1971 және 1974), «Кеш» (1973), «Жерұйық» (1976), «Қорамсақ» (1981), «Көкпар», «Қызыл кітап, «Алақан», «Сөз сиқыры» (1961), «Күндер-ай» (1984) сондай-ақ тоқсаныншы жылдары таңдамалы шығармаларының бес томдығы, ал 2001 жылы «Қазығұрт» баспасынан 15 томдығы шыққан. Бірнеше пьесалары сахнада қойылған.
Өлеңдері көптеген шетел тілдеріне аударылған. Сонымен қатар ол Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Расул Гамзатовтың, т. б. жырларын қазақ тіліне аударған. 1966 жылы «Ой арман» жинағы үшін Қадыр Мырза Әлиге Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ ССР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Әнұранының мәтініннің авторларының бірі болған. 2001 жылы «Тарлан» сыйлығын алды [3. 224] .
Қай халықты алсақ та өз ұрпағының заманына лайық азамат болуына қамқорлық жасаған және тәрбиенің басты құралы етіп әдебиетті мол пайданылған. Балалар әдебиеті, соның бір саласы - балалар поэзиясының мақсаты: баланың дүниетану мөлшерін кеңейту ғана емес, өмірдегі жақсы-жаман әрекеттердің бәріне де бала сезімін ортақ ету, оны ойланту, шешім қабылдауға үйрету.
Ақын Қ. Мырза Әлидің шығармалары жас ұрпақты тапқырлыққа, аз сөйлеп, көпті аңғара білуге, айтылған ойдың астарын түсіне білуге, өзінше ойлай білуге үйретеді. Әбіш Кекілбайдың Қадыр Мырза Әлидің балаларға арналған шығармалары хақында: «Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың. Балдырған бөбектің тілашар тақпақтары бала көкірегіне ұялаған бала бал сөздердің қорғасыннан құйғандай етіп дөп түсіп жатқан салмақтысы, оңай айтылып қиынды ұқтырар ойнақысы, тал бойында бір мін жоқ көркемі мен жинақысы Қадыр қаламынан шыққан болып шығар даусыз» деген еді.
1. Ағартушылық тақырыбындағы өлеңдері
Ақынның жас өрендерді өнер-білімге, оқуға шақыруға арналған өлеңдерінің мән-маңызы өте жоғары болып табылады. «Бірінші сентябрь», «Әліппе», «Күнделік», «Үйде», «Жыл қорытындысы» атты өлеңдерінің бір парасына тоқталсақ. «Бірінші сентябрь» өлеңіндегі негізгі кейіпкердің өзі - бала. Ең бірінші сыныпқа жаңа ғана аяқ басқан бүлдіршінннің мектеп жөнінде ойы арқылы басқа да балалардың оқуға жауапкершілікпен қарауын көздейді.
Нағыз білім - ырыс-бақ,
Дүниені тұр ұстап
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап, -
деп ант еткендей, енді бірде мұғалімнің ескерпесін баланың өзіне айтқызады [9. 315] .
Тыңдамауға бола ма?
Ескертілді балаға, -
Қоңыраусыз шығуға
Болмайды деп далаға
Әрбір сөзде бар маңыз,
Ұқпасаңыз бармаңыз.
Тырп етпестен отырдық,
Тап-таза боп формамыз, -
дейді [9. 315] .
«Әліппе» өлеңінде жалпы «Әліппені» оқудың мән-маңызын байқата келе, еңбекті барлық ілімнің, білімнің «әжесіне» балайды [9. 315] .
«Диктант» өлеңінде ақын балаларды өздігінен білім алуға, ешкімнен көшірмей өз бетімен жазуға шақырады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, біреудің еңбегіне құнығып тұтылғанша, өзің еңбектеніп білім ал деген өсиет айтады. Өлең әрі қызықты, әрі терең өнегелі ойға құрылған.
Кеше біздер класта,
Диктант жаздық отырып.
Көшірдім мен Күләштан
Бір парақты толтырып.
Құрығанда бір «Үшке»
Жаздым-ау деп ойладым.
Сөйтсем, мойны ұп-ұзын
«Бір» алыппын, құрысын!, -
деп еңбексіз ісінің нәтижесіне баланың өзі де өкінгендігін байқатады [10. 25] .
«Есеп» өлеңінде есепті шығара алмай қиналған баланың күлкілі бейнесін көрсетеді. Өлең күлдіре отырып, баланы ойға жетелейді. Тыңдап көрейік:
Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады?
Тез шығара алмадым
Мен бұл есеп-мысалды.
Сен досым, сол алманың
Бәрін алсан дей салдым!-
дейді [10. 25] .
«Күнделік» өлеңі арқылы Қадыр Мырза Әли баланың осы «күнделік» сөзін естіген бойда «бестік» деген ұғым қалыптасуын басты мақсат тұтады. Яғни,
«Екі» болса білгені,
Ол баланы кім делік?!
Қысылмайды ешкімнен,
«Беске» толы күнделік.
Озат оқу - өнеге,
Көтереді төбеге.
Күнделікті ендеше,
Көрсетпеймін мен неге?!-
дейді [9. 316] .
«Жыл қорытындысында» ақын сол бірінші класын бітірген оқушыны қайта сөйлетеді. Беске тәмамдап отырған баланың әлі де осы қарқынмен қалған тоғыз жылын аяқтауына ұмтылуын байқатады. Ерте кезден жауапкершілікті сезінген жас баланың бүгінгі ойын үлгі етерлік [9. 320] .
«Ол кластың - анасы» өлеңінде баланың өзге балаларды «бестікке» оқуға, тербиелі болуға шақырады. Ақын Қадыр Мырза Әли баланың өзін ойланта отырып, жақсылық пен жамандықты айыруға талпындырады:
Күнде «бестік» алсаң мен,
Онда басқа арман жоқ.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған, -
деп мұғалімнің бала тәрбисіндегі зор қызметін байқатады [10. 24] . Енді бірде:
«Жақсы болсаң, шынында»,
Қартаймас деп айта алам.
Жаңа оқу жылында,
Жасарады қайтадан, -
деп ой түйгізеді [10. 24] .
«Сынақ» өлеңінде балаларды шыншылдыққа тәрбиелеу басты мақсат болып табылады. Ең алдымен диалог ретінде құрылған өлеңде бір бала екіншісіне сауал қойып, ал екіншісі ретінше жауап қайтарады. Өрттен де, көк теңізден де, қызыл жалыннан да өтуге даяр досы тек досы үшін ақиқатты бұлтара айтудан ғана бас тартады.
Ақиқатты ортасынан опырып,
Сен мен үшін айтар ма едің өтірік?, -
десе, артынша:
Өзің айтшы, өзің айтшы, досым-ай,
Сен достықты ұғасың ба осылай?!»
- Жоқ әрине!, -
деп жалған сөйлеуден бойды аулақ ұстауды үлгі етеді.
Ал келесі «Портфельдің арызы» өлеңінде Қадыр Мырза Әли баланы ұқыптылыққа тәрбиелеуде ұтымды әдісті қолданады. Қарапайым баланың күнде тұтынып, мектепке апарып жүретін портфелін сөйлетеді. Жансыз нәрсеге тіл бітуі қаншалықты қызық болса, соншалықты тигізітен әсері де мықты. Портфельдің мұңы арқылы біз иесінің қандай бала екенін байыптаймыз. Тым қорлықты көп көрген портфель басынан кешірген қиыншылықтарын айтады. Мәселен,
Танытып жүр көкемді,
Тасқа соғып шекемді.
Бүгін қожам менімен
Періп қалды Бекенді.
… Сілтей берген кезінде,
Кетті бауым үзіліп, -
дегені әрі баланың күлкісін келтіргенімен, кейіннен жаны бардай сөйлеген портфельге аяныш та білдіреді [6. 41] . Иесінің тіпті:
Шана қылып ол мені
Таудан талай сырғыған!
Болса екен-ау бір күнәм!
Есім кетіп жүр бұған, -
дейді бірде. Арызын естіген өзге бала өзінің портфеліне ондай қиянат етпес деген идеяны ақын көтереді [6. 41] .
Ақын өлеңдерінің басым көпшілігінде тартыс бар, жақсылық пен жамандықтың қатар келуі - ақын өлеңдері сонысымен тартымды, сонысымен де қызғылықты. Бұған кез келген өлеңнен уәж табуға болады. Мысалы «Қаламым алды өшін» деген туындысында бала күні-түні сырғанақ тебе берген соң, қаламның мөрі әбден өшеді. Ақырында төзімді пақыр-қалам өз иесін құлатады да, жылатады. Сөйтіп өшін алады. Немесе жидек теруге жалаң аяқ барған баланың екі жол өлеңге сыйған арыз, шағымындағы тартыс сырына құлақ асалық:
Қолым теріп бүлдірген,
Шөңге терді аяғым
Ақын поэзиясында жақсылық пен жамандықтың, ақ пен қараның, ездік пен елдіктің салыстырмалы суреттері жиі кездеседі. Ал ақынның «Кірпі» өлеңіндегі:
«Жатқан кезде быртиып,
Кірпіге сен көр тиіп
Тікірейтіп түрпісін,
Түрегелер үрпиіп,
Топ алдында сынасақ,
Түзелуін сұрасақ,
Тұңғышбайдың тұрады
Сол кірпіге түрі ұқсап»
деген жолдары балалардың көңілін көтеріп күлдіртіп алып, ойлана білуге, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді.
Күнде тәртіп бұзыпты,
Кішілерді сүзіпті.
Миуаны үзіпті,
Мүйізіне тізіпті.
Міне осындай алыпты
Атам көріп қалыпты.
Қажыттың деп халықты
Мүйізін қағып алыпты!
Бұл - ақынның «Тоқал ешкі» өлеңі. Қадыр өлеңдері баланың балғын жүрегіне жол тауып, олардың көңілдерін көтеріп, сезімтал, сергектікке тәрбиелейді. Ақын бала мінезінің адал да аңғал оқыс тапқырлығын жанына дарыта отырып, сәбидің тұнық сезіміне тұнық жырлар береді. Сотқарларын тәрбиелеп, момақандарының намысын оятады.
Ақынның «Қайрақшы» өлеңі балаларға ғана емес, үлкендерге де арналған. Өзіңді-өзің үнемі қатаң бақылау, өзіңнің әр қадамыңа орынды баға беру, өзіңді-өзің тәрбилеудің ең басты жағдайы болып табылады.
Біраз жерге кісіні
Апаратын қайрат қой!
Өнсін десең ісіңді,
Өзіңді де қайрап қой!
Демек, бұл өлең де баланы қайраттандырып, ынталы, жігерлі болуға үндейді. .
Қадырдың таңдаулы туындыларын оқып, ғибрат ала білген бала ана тілінің ақ уызына жарып өсері сөзсіз. Ақылы әлі толыспаған аңғал балаға көңілінде ұялайтындай етіп айтуға тапқырлық керек.
«Өлшем» өлеңінде баланың үлгі-өнеге аларлық қасиеттерді тізбектейді. Яғни, алдымен ақын нақты өлшеуге келетін заттар мен абстракт адами қасиеттерді салғастырады. Ыдыстағы қымызды, электрдің қуатын, сары алтынның салмағын граммен, литрмен, ватпен өлшейтіндей, адамның өзін бағалағанда да құрмет тұтқанда да оның бойындағы қасиеттерімен өлшейміз. Кейде адамның:
«Ал адамды айырықша сыйлайды,
Мейірбанды,
Ренжітпес жақынды.
Олар әсте бір өлшемге сыймайды», - [6. 120]
деп адами қасиеттердің қаншалықты құнды екендігін де айтады.
Сабырлық, дарындылық, табандылық, халыққа қамқорлық, анаға құрмет етушілікті әспеттей келе, ақын Абайдың «қашық» болар бес ізгілікке қайшы қасиеттерді: ұрлық, өсекті, өтірікті, мақтаншақтықты, берекесіздікті айта отырып, олардың адамның құнын төмендететін пасық қасиеттер екендігін және одан аулақ болуға тәрбиелейді [6. 120] .
«Адамның бағасы» өлеңінде адамзатқа тән қасиеттерді де, бойындағы бар еңбекке деген ептілігін де танытатын идея жатыр.
Гранитті құм қылған,
Мәрмәріңді ұн қылған,
Шындығыңды жалғанға,
Жалғаныңды шындыққа
Айналдырған адамдар, -
деп, адами жасы, я жаман қасиеттерді де көрсетеді. Баланы еңбекке де баулу мақсатында өлеңде адамның қолымен сан мыңдаған үй салынып, жапан түз жаңғырғанын, шөлін көлге, құла жол гүлге оралғанын, дұшпан достасып, тегіс жер тау түзегенін айта отырып, ақын адамның бұл әрекетінің екінші жағы болғандығын, яғни, гүлді - күл, падишаны - күң, көңді - шөлге, досты - дұшпанға айналдырғанын көрсете отырып, соңғы әркеттен бойды аулақ ұстауға үлгі етеді. Жас ұраққа жалпы бір адамды бағалағанда бір жақты жаман, я жақсы деп бөлмеудің керектігін өзіне ойландаты [5. 90] .
«Болмайды» өлеңінде балаға жалпы ұстанатын міндеттерді санамалап өтеді. Алдымен сабақтан қалмауды, «екілік» алмауды, кішіні қорламау, бұзықты жасамауды, өтірік айтып, кеш келіп үйге, шылым шегуге, үлкендерді сөгуге, аққуды атуға, еліңді сатуға болмайтындығын ғибрат, өсиет етеді. Баланы тәртіпсіздіктен аластатады.
«Түтін» өлеңінде балаларды жаман қылықтардан сақтандырады. Алдымен түтіннің «Волгадай», мылтықтан шыға келе, ең соңы: «Ең жаман - сол түтін мұрыннан да шығады», - [6. 133] деп жирендіреді.
«Сіріңке» өлеңінде жалпы сіріңкенің қауіпті екендігін, сол себепті абайлауды тілге тиек жасайды. Яғни:
«Моп-момақан пішінде.
Абайла алайда.
Қасып шекесін қалсаң,
Ол - өрттің атасы.
Жүрмегей шатасып», - [6. 141]
деп ойлантады.
«Шылым» өлеңі арқылы ақын ең алдымен, жансыз затты сөйлету арқылы баланы қызықтырып алып, шылымның аузымен өзінің зияндығын айтқызады. Ақын темекінің зияндылығын айтып оқушының құлағын жауыр қылмайды, қайта баланың өзін ойлантады. Не жақсы, не жаманның айырмасын өзінің таңдауын қалайды.
Сөзі рас ғылымның,
Шексең - патшаңмын,
Шекпесең - құлыңмын!- [9. 81]
дейді. Әрине, жас баланың психикасына сай ең алдымен өзінің «менін» көтереді ғой, сондықтан шылымның құлы болғанын қалайды. Яғни, өзі патша болғысы келеді «Қожасының бұйрығын, қалт жібермей, Қалбақтап, Бұлғаңдатып құйрығын, қалады ит жалбақтап, Ары бардың адалдың, Асқақ тұрар шоқтығы, Тегін емес, Адамның Құйрығының жоқтығы», - дейді ақын «Ит» өлеңінде. Бұл ит күшігінің ел-жұртты жиіркентер қылығы балаға да, данаға да ұғынықты ой. Ар мен адалдық, қай кезде де биік тұратынын ескертеді осы шумақтың өзі-ақ.
«Мұрын, мұрын, мұрындар» өлеңінде «мұрын» деп жалпы балаларды атайды. Түрлі мұрынды болсаң да ең алдымен елдің қамын ойлау қажет. Еш уақытта белгілі бір жетістікке жетсең мұрныңды көтермеуді насихаттайды. Яғни, ақын өлеңінде: «Ердің қамы - ел қамы, ойланып көр талғанып. Тұмсығыңды әйтеуір, Көтермесең болғаны»- дейді [6. 192] .
«Түрі-түсі шаштың көркем емес бастың» өлеңінде шаштың түсі қандай болғанымен, алдымен бастың көркі тек даналық, ақылдылықта екенін айтады.
«Басты көркі - шаш емес,
Бастың көркі - даналық!», -
дейді.
Қадыр Мырза Әлидің балалар поэзиясында танымдық мәні бар, өмір танытарлық өлең-жырлар бар. Ақын жалғыз жалаң білімнің жеткіліксіздігін, ғылыми мағлұматты сылдыр сөздермен сырғыта салу емес, нағыз поэзия кестесіне түскен нәрлілігі бар дүниелер әкелгені мәлім. Мәселен, кәдімгі шымшық - бармақтай ғана құс. … сонда да ол, асылы, мешкейлікке меңзейді. Күнде жеке басының салмағындай жем іздейді.
Балалардың тілін ұстартып, дүниетанымын кеңейтумен бірге, оларды, ұлттық, адамгершілік, имандылық рухында тәрбиелеуде Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің мәні ерекше. «Ұшатын үш атым» өлеңінде:
«Мұратым - құратым.
Мақсатым - жақсы атым.
Арманым - Тарланым,
Ұшатын үш атым», -
деп балаларды осы үш қабілетке төселуіне шақырады.
«Шарт» өлеңінде балалардың танымын өсіре отырып, өзініңде білімге, өмірге ұмтылуын өнеге етеді. Махамбетті, Абайды, Асанқайғы, Қорқытты, Абылайды, Шоқанды, Біржан мен Ақанды, Құрманғазы, Мұхитты, Байтұрсынов Ахаңды, сөздер айтқан аталы - Төле биді, Жамбылды, батыр - Райымбекті, бұлбұл - Күләш, күйші - Динаны айта отырып,
«Көрем десең . . . Тарихқа,
Кіру керек саған да», -
деп тәрбиелі, өнегелі сыр шертеді.
Қадырдың «Алуан-палуан», «Тіл», «Хайуанаттар» топтамалары балаларға танымдық мағлұмат беретін түгелдей осындай дүниелер. Осы ретте, «мандрагора» деген өсімдіктің барын балалар түгілі олардың ата-аналары да біле бермейді. Заттың атын білу жеткіліксіз, оның затын да білген тиімді. Қадыр ақын болса, оқырмандарына белгісіз, бейтаныс заттың, құбылыстың сырын суреттеп ашып беруді мақсат тұтады. Жаңағы мандрагора мыңжапырағының өзі бір метрге созылып, қауын иісі бар, жемісі қызанақтай, ал тамыры болса, адамның тұлға бітіміне ұқсайды екен. Өзі адамға - азық, қорек.
Автордың «Ғажайып ғалам» деп аталатын үлкен топтамасына үңілген оқушы жаратылыс жайынан көп білім алатыны сөзсіз. Мәселен, «Аквариум» сипаттас шоғыр өлеңдері қазақтың басқа ешбір ақыны әлі жазған жоқ!
Адамгершілік қағида! Атаны ардақтау, ананы аялау, досты сүю, жолдасты құрметтеу - бізге бабалардан қалған қастерлі дәстүр, қаланған салт. Бұл да елдігіміздің белгі - нышаны. Сол дәстүрді жас бүлдіршіндердің жүрегіне дарыту, бойына егуде ақын-жазушылар да еңбек етеді. Байырғы дәстүрді, барлық ата-аналар, аға-әпкелер мойындағаны, мойнындағы парызды ескергені ақынның «Ашық күн» деп аталатын өлеңінде айтылады. Жауын-шашынды күні жасы ұлғайған қарт атаның жаралы аяғы сыздап-сырқырап, зықысын шығарады. Содан қария көрпесін айқара жамылып, қымтанып жатып қалады. Күн қабағы ашылса, қылаң ұрып тұрып кетеді. Кішкентай немересі кірпияз қарттың құбылмалы көңіл-күйін бағады да жүреді:
- Таң атса, күлімдеп,
Жүрегім дірілдеп,
Атама жүгірем,
Күн ашық бүгін деп!-
деп ойын өрбітеді [4. 4-9] .
«Өмір сүрудің екі түрі бар: шіру мен жану. Қорқақтар мен сараңдар мұның біріншісін, жомарт жандар екіншісін таңдап алады» деген М. Горкий. ақын осыған орай адамдарға қалай өмір сүру керектігін үйретіп, үгіт айтып отырған жоқ, бәрі де өзіңе байланысты дейді. Ақын жырларындағы педагогикалық, тәрбиелік, философиялық, тарихи тағылымдардың көпшілігі ел ішіне жататылып, қанатты сөздерге айналып кеткені қашан. Әсіресе, мына бір қанатты сөздерге ерекше мән беруге болады.
Маған бүгін керек емес ертегі!
Ертегіні өз балам да шертеді.
Тарих керек іргетасы халықтың,
Іргетассыз қаланбайды ертеңі!
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz