Архимед Мыңбайұлы мен Рафиха Нұртазинаның негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Қазақ ағартушыларының көзқарастары . . . 6

1. 1 Ш. Уалиханов пен А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары . . . 6

1. 2 Оқыту үрдісінің дамуы мен қалыптасуына Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтің, М. Дулатовтың қосқан үлестері . . . 11

1. 3 М. Әуезов, Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаевтің педагогикалық идеялары . . . 18

1. 4 Р. Б. Сүлейменовтың оқыту үрдісінің дамуына қосқан үлесі… . . . 22

2. Жаңашыл қазақ педагогтардың педагогикалық көзқарастары . . . 26

2. 1 Қ. М. Нұрғалиевтің ұстаздық көзқарасы . . . 26

2. 2 Архимед Мыңбайұлы мен Рафиха Нұртазинаның негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі . . . 27

2. 3 Канипа Омарғалиқызы мен Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары . . . 30 Қорытынды . . . 34

Қолданылған әдебиеттер . . . 36

Қосымшалар . . . 37

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі . Тәуелсіз қазақ елінің іргелі мемлекет болып қалыптасуының тарихи күрделі кезеңінде халқымыздың ғасырлар бойы біртіндеп қордаланып, қалыптасқан рухани мұрасы, әсіресе оның білім беру, тәрбие ісі, педагогика, психалогия ғылымдарына байланысты асыл қазыналарын жоғары теориялық биіктен талдап, зерделеп көрсету зерттеуші ғылымдардың басты міндетіне айналып отыр. Ал тарих қойнауындағы небір асылдарды бүгінгі күн кәдесіне жарату-кезек күттірмейтін праблемалардың бірі. Сондықтан кешегі қуғын-сүргінге түскен қазақ интеллигенциясы мұраларына пайдалану мәселесінің тарихи, саяси-әлеуметтік, психалогиялық-педагогиқалық маңыздылығы ерекше. өкінішке орай, осы ғасырдың 20-жылдары X. Досмұхамедұлы, Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабайұлы, М. Дулатұлы, т. б. Қазақ мектебінің білім мазмұны мен оқыту әдістері жөніндегі ғылыми астары терең, маңызы зор еңбектері педагогика ғылымы саласында әлі жүйелі зерттелмей жатыр.

Солардың бірі - Х. Досмұхамедұлы. Ол 1923 жылы Қазақ-қырғыз білім камисиясы Халық Ағарту Комиссариаты жанынан құрылған Ғылыми Кеңестің төрағасы қызыметін атқарды. Бұл Қырғыз- қазақ білім комисиясы 20-жылдары қазақ даласында көшпелі және тұрақты мектеп, интернаттар ашу, оқу құралын шығару, мұғалімдер даярлауға және сансалалы ғылым түрлерінің дамуына себеп болды.

Өлкеде мектеп ісінің пайда болып, білім беру тарихы да өзінің бастауларын сонау ерте замандардан алады.

Қазақстан жерінде, әсіресе оның отырықшы аудандарында орта ғасырдың ерте дәуірінде-ақ (7-8 ғғ. ) көптеген мектептер ( мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медіреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істеп бастағаны тарихтан мәлім. Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т. б. қалаларда көптеген медіреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенің түпкір-түпкіріне жиналған. Онда молдалар (татар, башқұрт, т. б. ) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс. Күз айларында ғана (жыл тәулігіне 4-ке 6 ай бойында) оқыған оқу мерзімі 4 жыл, оқуға жеті жастан бастап қабылданған, кейбір ауылдық жерде 7-9 жас балалар бірге оқи берген.

Мектепте оқу ақысы заттай төленген, жыл аяғында емтихан тапсырыу, мектеп бітіргені үшін балаға ресіми куәлік беру тәртібі сақталмаған. Сауат ашу жолы арап әріптері мен сөздерін жаттауды, әсіресе араб тіліндегі құранның мәтінін жатқа білуді талап еткен. Медіресселерде (бұлар көбіне қалаларда болған) ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, қазилар, діндар сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауызымды дін қызыметшелерін даярлаған. Медіреселер мұсылманшылық рәсімдерін таратушы оқу орны ғана болмай ірі мәдениет орталығы ретінде де қызымет атқарған. Талай атышулы ақындар, тіпті, ағартушы демократ ретінде танылған белгілі зиялылар медіреселерді тамамдаған. Ортағасырлық отырар медіресесінде қазақ жерінің ұлы перзенті Шығыс Аристотелі атанған Әл-Фараби білім алған. Беріректе уфадағы "ғалия" медіресесінде Т. Жомартбаев, М. Жұмабаев, Семейдегі Ахмет Риза медіресесінде Абай Құнанбаев оқыған. Бұл оқу орындарында, құдай жолын үйрететін пәндерден басқа, заңтану, тарих, логика, риторика, жағырафия, пәлсапа, математика, астраномия, медитцина, т. б. дүниеүй пәндер өтілген. Медіреселердің жанында салиқалы кітапханалар болған. Мұндағы оқу мерзімі әрбір шәкірттің алғырлығына үлгерім қабілетінебайланысты ұзарып, қысқарып отырған. Кеиде мүндай оқу 15-20 жыл бойына созылған. Оқуды тамамдаған шәкірттерге ресіми құжат табыс етілген.

Қазақ жеріндегі мұсылман мектептері оқушылар құрамы жағынан кішігірім мектептер болды. Олар киіз үимен көшіп-қонып жүретін болды . Бай саудагерлердің қаржыларына салынған қала медіреселері ғана арнаулы үйлерге орналасты. Бүл мектептерде оқу жоспары, оқу бағдарламалары және түрақты сабақ кестелері болған жоқ.

Ыбырай Алтынсариннің басшылығымен 1864 жылы 8 қаңтарда Торғайдағы түңғыш қазақ мектебі және оның жанынан интернат ашылды.

Алтынсарин өзінің ардақты борышы халқыньң көзін ашу, қазақ балаларына өнер-білім беру деп түсінді. Сол жолда 30 жылдай аиянбай еңбек етті.

Алтынсарин дүниежүзілік педагогика классиктерінің: Я. А. Каменский, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, т. б. гуманистік идеяларын басшылыққа алды, оларды қазақ даласында өзі ашқан мектептердің оқу жүиесіне енгізді. Оның "Қазақ хрестоматиясы" (1879ж) мен "Қазақтарға орыс тілін үиретудің бастауыш құралы" (1880ж) атты оқулықтар осы идеяға негізделген шынайы -демократиялық бағыттағы еңбектері еді. Ол 1878-1889 жж. Арасында торғай облыстық учиишесінің қызыметінде жүріп, елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашты, мектеп жанынан кітапханалар ұйымдастыруды, ауыл шаруашылық және қыздар училищесін ашуды қолға алды. 1888 жылы орскіде мұғалімдер мектебін ашты, мұғалімдердің бала оқыту әдістерін жетілдіруге ерекше көңіл бөлді.

Татар зерттеушілері әрі ақын, әрі ғылым-ағартушы Маржани мен Насыриді жәдитшілердің алғашқы легінің өкілдері деп бағалаиды. Халықты мәдениет пен береке-бірлікке, оқу-ағарту ісіне шақыруда Маржани мне Абай арасында идеялық үндестік бар. Қазақтың класик ақыны Абай да, татар ағартушысы Маржани сияқты орыс, шығыс, батыс мәдениеттерінен үлгі-өнеге алуға шақырып, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерді дәріптеді.

Абайдың: "дүниенің кілті өнер-білімде", "Дүниеде өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз", - деп жастарға жар салуы осы пікірді дәлелдеид. Абайдың мұсылман әлеміндегі жаңашыл ағымдардан мол хабары болғанына өзініш шәкірті Көкбайдың Міржақыпқа жолдаған өлен хатындағы:

Абай марқұм ескіге ермеуші еді,

Ескіні онша жақсы көрмеуші еді.

"Мысырдан төте жолданоқу шықты,

солқашан келеді?"-деп шөлдеуші еді, - деген жолдарда айғақ болса керек жәдишілер әиел тендігін, мәдени ағарту мекемелер жүиесін кеңеитуді, кітап, газет-журнал шығарып, таратуды, ұлттық баспа сөз бен өнерді дамытуды, ана тілінде көркем және ғылыми әдебиет шығаруды қолдап отырды. Жәдид ағымының назарында жастар тәрбиесін жолға қою, оқу орындарын реформалау

ескі діни жаттамалы хадим оқуының орнына дүниауй пәндерді, ана тілі мен орыс тілдерді дыбыстап оқыту әдісін енгізу, мектеп пен медіресе бітіргендерге емтихан тапсыртып, оларға тиісті құжаттар бергізу, осы мектептерге материалдық жағынан көмектесу, қаржыландыру, үйлерін салу, шәкірттерді оқу жабдықтармен қамтамасыз ету, мұғалімдерге тұрақты жалақы төлу, т. б. мәселелер болды. Олар халық ағарту мәселелермен бірге, ауыл мәдениетін көтеруді, соның ішінде санитарлық-гигиеналық тазалықты, ағаш отырғызу, қала салу, отырықшы болу істерін де қолға алуды қуаттады.

Зерттеудің нысаны - қазақ ағартушыларының көзқарастары.

Зерттеудің пәні - Күнделікті сабақтарда ұлттық дүниетанымды қалыптастыру әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің мақсаты - Қазақ ағартушыларының педагогикалық көзқарастарын жүйелі түрде қарастыру, әрі зиялы азаматтардың еңбектерінің құндылығын ашып көрсету.

Зерттеудің ғылыми болжамы - Егер қазақ ағартушыларының педагогикалық көзқарастарын пайымдап, саналы түрде қолдана білсек, мектеп мұғалімдерінің оқушылардың заман талабына сай жан-жақты дамып жетілуіне, дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндіктері артады.

Зерттеу міндеттері:

-тақырыптың мазмұның қарастырған ғылыми теориялық әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды зерттеу;

-оқу-тәрбие процесіне бақылау жасап, жүйеге келтіру;

Зерттеудің әдістері:

-ғылыми теориялық әдебиеттерді талдау;

-зерттеу мәселесіне байланысты педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқып талдау;

Курстық жұмыстың құрлымы :Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, әдістері мен негізгі кезеңдері беріледі.

1. Қазақ ағартушыларының көзқарастары

1. 1 Ш. Уалиханов пен А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары

Шоқан Уалиханов - ұлы ағартушы - демократ, қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, фольклорист Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында ерекше орын алады. Аса дарынды қазақ халқының ғалымы және ағартушының өмірі мен қызметі ерекше таң қалдырады. Өзінің қысқа өмірінің ішінде ғылым саласында орасан зор табыстары сол кездегі өзінің орыс достары мен жолдастарын, орыс ғалымдарын таң қалдырды.
ХІХ ғасырда біздің отандық ғылым үшін Ш. Уалихановтың мәні ерекше белгілі болғандығы туралы академик Н. И. Веселовский былай деп жазды: «…Шоқан Уалиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының бәрі де ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының дағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті». Бұл Шоқанға берілген жоғары баға болып табылады.
Белгілі ғалым және саяхатшы П. П. Семенов-Тян-Шанский Уалихановты «ұлттық аймақтардың ішінде ең оқыған, білімді адамдардың бірі еді» деп бағалаған болатынды.
Шоқан алғашқы білімді ауыл мектебінен алды, онда арабша жазуға және оқи білуге үйренді. Содан кейін 1847-1853 ж. ж. сол кездегі Сібірдегі ең алыңғы қатарлы оқу орындарының бірі саналатын Омбы Кадет корпусында оқыды. Оны «ағарту ісі мен патриотизмнің дәнін себуші» деп атады, корпусты бітірген түлектерінің сол кезде Ресейге белгілі саяхатшы, зерттеуші Г. Н. Потанин, белгілі публицист Я. М. Ядренцев, ғалым А. Ф. Анненский. Корпуста оқып жүрген кезінде Шоқан жағырафияны, тарихты, әдебиетті зерттеуде қабілеттілігін аңғартты. Ол көп оқыды. Естеліктерін ерекше аталғандай, саяси көзқарасының қалыптасуы мен әдебиет саласында ерекше өз достарынан, өз қатарынан көп озық жүрді.
Кадет корпусында оқып жүргенде туған өлкесін зерттеу ерекше қызықтырды, сол кездің өзінде ауыз әдебиеті шығармаларын жазып алып отырды, қазақ даласының тарихын зерттеуге құлшынды, тарихи-архитектуралық ескерткіштердің суреттерін салып отырды.
Г. Н. Потанин Шоқан туралы былай деп есіне алады: «Шоқанды арман алыстағы жұмбақ қыоғыз елдеріне, Тянь-Шань, Тибет тауларының баурайына апарды… Ол тіпті мектеп қабырғасында саяхатшының қызметін даярланды, Палластың, Рычковтың, Левашиннің, Вельяминов-Зерновтың және т. б. кітаптарын көп оқыды. Шоқанға 14-15 жастың өзінде, оған корпустың оқытушылары болашақ зерттеуші және ғалым ретінде қарады».
Кадет корпусында оқып жүргенде халқына қызмет ету идеясын ұсынған болатынды. Кадет корпусын бітіргеннен кейін, әуелі Сібір казактары әскері кавалерия полкының қызметінде, кейін Батыс Сібір генерал-губернаторында Шоқан өзінің негізгі арманын іске асыруға кіріседі.
1854-1857 жж. Шоқан Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстан, Қырғыстан жеріне саяхат жасайды, осы сапарларда ол көрнекті ғалым-географ П. П. Семенов-Тян-Шанскиймен бірге жүрді, ол Шоқанның қабілеттілігі мен біліміне ерекше назар аударады, оның ғылыми еңбектерін жоғары бағалады.
Шоқан сол кезде Омбы және Семей қалаларына жер ауып келген орыс революцияшыл-демократы, ақын С. Ф. Дуровпен және жазушы Ф. М. Достаевскиймен жақын кездеседі. Шоқан мен Ф. М. Достаевскийдің достық қарым-қатынасы өте естен кетпестей болды. Өзінің хаттарының бірінде Достаевский былай деп жазды: «…Мен Сізді сондай сүйемін, күні бойы Сіз туралы және Сіздің дағдарыңыз туралы армандаймын. Бірақ армандарымның ішінде бір шындық болды: бұл Сіздің тайпаңыздың ішінде бірінші еуропалық білім алған Сізсіз. Демек, осы жағдайдың өзі ерекше, ол туралы Сізге еріксіз міндеттер жүктейді… Дағдыр Сізді тамаша адам ретінде қалыптастырды, Сізге жан мен жүректі сыйлады».
Сол кезден бастап ғылыми-зерттеу жұмысымен тығыз айналысқан Шоқан 1855 жылы Омбыда Семей арқылы Іле, келесі жылы Жоңғар Алатауына дейін, одан кейінгі жылы Омбыда Ыстықкөлге дейін келген әскери-ғылыми экпедицияларға қатынасып, Жетісудың, Ыстықкөлдің өсімдіктер және жануарлар дүниесін, халқын, әдет-ғұрпын, тарихын, ауыз әдебиетін зерттеп, көптеген материалдар жинады, әрбір халықтың ерекшеліктерін байқататын суреттер салады. Ал мұның адында ол Қытай империясына жататын Құлжа қаласына аттанып, онда үш ай болып, қайтадан Омбыға оралған болатын-ды. Осы сапарларының нәтижесінде 20 жастағы Шоқан «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» деген және т. б. құнды еңбектер жазды. Сол еңбектері және басқа да ғылыми табыстары үшін Шоқан 1857 жылдың 27 ақпанында Орыс география қоғамының толық мүшесі болып сайланды.
1857-1859 жж. Шоқан өзінің белгілі Қашқарға саяхат жасады. Бұл саяхат қажырлы саяхатшы және көрнекті ғалым ретінде оның атын шығарды. Сол елдің саяси құрылысы, табиғаты, халықының кәсібі, әдет-ғұрпы жайында қыруар ғылыми материалдар жинады. Сол саяхаты үшін арнайы Омбыдан Петербургке шақырылған Шоқанға берілген әскери Бас штабының жолдамасында: «Бұл мейлінше қызықты, мейлінше пайдалы еңбек», - деп көрсетілген.
Қоғамдық құбылыстарды ол ағартушылық тұрғыдан түсіндірді. Өз халқын Еуропа мәдениетінен үйренуге прогреске шақырды. «Сот реформасы» туралы жазбаларында Шоқан патша өкіметі жүргізген сот реформасы бай, сұлтан, билердің, орыс отаршылдарының ғана мүддесі көзделінгендігін, қазақ еңбекшілері солардың қанауында қалып, олардың озбырлығына жол бергендігін әшкерелейді.
Шоқан ғылымның көптеген салаларында өшпес мұра қалдырды. Шоқан тарихшы, географ, этнограф, фольклорист болды. Ол тек ғана қазақ халқының ғана емес, бүкіл түрік тектес шығыс халықтардың тарихын, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін зерттеуге ат салысты.
Шоқан өз еңбектерінде барлық ғылым мен мәдениеттің жан-жақты дамуына кедергі келтіретін ислам дінінің реакциялық сипатын қатты сынады.
ХІХ ғ. 60-жылдарындағы Ресейде қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың, орыс педагогикасының озық идеялары Шоқанның ағартушылық көзқарасына тікелей ықпал етті. Шоқан арнайы педагогикалық еңбектер жазбаса да, оның қоғамдық және ғылыми еңбектері ағартушылық сиптта болды. Ол білімі мен мәдениеті озық елдерден үлгі -өнеге алуға, әсіресе, орыстың ғылымын, мәдениетінен үйренуге шақырды.
Ол өз елінің оқу-ағартушы мен ғылымын дамыту үшін күресті. Қазақ халқының мәдениет пен экономика саласында артта қалуына қатты қынжыла да қинала ой жіберіп, халық бұқарасын сол азаптан арылту жолында талмастан үлкен жұмыс жүргізді.
Ш. Уәлихановтың оыс-қазақ мәдени-педагогикалық байланысының тарихындағы өшбес еңбегі сол - ол орыстың озат білімі мен ғылымын таратушы, насихаттаушы болды, артта қалушылық пен надандыққа қарсы күресті.
Шоқан Уәлиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық-демократиялық педагогикасының бағытына жақын болды. Оның ойынша, мектептер ұйымдастыруда тәрбие мен білімнің халықтығы қағидасына сүйену қажет. Тілмаштар мен билеп-төстеуші чиновниктер әзірлейтін мектептердің орнына еуропалық ғылым мен гуманизмді таратушы болатын мектептер мен тәрбие жүйесінің ұйымдастыруды арман етті.
Шоқан қазақтар арасында орыс білімін, оның ғылымы мен өнерін таратудың тиімді шаралары үшін күресті. Ол Қазақстанда «нағыз шынайы білімдер» ұясы болатындай мектеп түрлерін ұйымдастыруды талап етті. «Тек ақиқат білім ғана күдіктерден құтылуға жәрдем етіп, өмірмен материалдық әл-ауқатты бағалауға үйретеді», - деді ол.
Халықтық тәрбиенің жаңа жүйесін ойластыра отырып, Шоқан ең алдымен жас өспірімдерді ғылым мен техниканың табыстарымен, дүние жүзі мәдениетінің бай қазынасымен таныстыра алатындай діннен бөлген дүниежүзілік білімдерді енгізуді жақтады.
Қазақтар мен Орта Азия халықтарының артта қалуының басты себебі - Ш. Уәлихановтың пікірінше, монархиялық тәртіп пен ислам діні.
Шоқан Уәлиханов қазақ халқының болашағы мистицизмге де, аскетизмге де емес, тек өркениет пен оқу-ағартудың табыстарына байланысты деп білді. Өзінің бұл талаптарын ол «Даладағы мұсылмандық» деген мақаласында негіздеді.
Шоқан Уәлиханов орыс ғылымы мен педагогикасындағы халықтық және ұлттық қағиданы негізге ала отырып, қазақ ағартушыларының ішінен бірінші болып, өз елінің табиғатын, тарихын, өмірі мен мәдениетін зерттеуге баға жетпес үлес қосты. Шоқан еңбегінің тағы бір өзіндік өзгешелігі - өз елін орыс жұртшылығына таныстырып, екі халықты жақындастыруға тырысты. Сол халықтардың достығының, бауырластығының және өзара толық түсінушілігінің дамуына жағдай жасауды ойлады.
Ш. Уәлихановтың көршілес халықтардың рухани мұрасын зерттеудегі баға жетпес еңбегі оның бауырлас қырғыз халқының ауыз әдебиетін, тарихы мен этнографиясын жете зерттеуінен айқын көрінеді.

Қазақстанда төте оқыту көшбасшысы белгілі түрік анушы тіл ғалымы Ахмет байтұрсынов болды. Академик А. Н. Кононовтың А. Байтұрсыновты көрнекі түркалогтар қатарында еске алып, оқу қүралдарын жасау, фонетика мен граматика саласындағы қазақ мәдениеті мен әдебиеті туралы зерттеулерінің маңызы туралы жазуы да тектен-тек емес . . . А. Байтұрсынов алғаш ағартушылық ой-пікірлері сонау 1913-1917 жылдары орынборда шыққан “Қазақ” газетінде жарияланған мақалаларынан айқын көруге болады. А. Байтұрсынов туған халқының ғылым-білімге үмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. “Адамғатіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектеп үиренетін білім де сондай керек”, -деп жазды ол. Бірақ сол кезде ондай білім берелліктеи мектептердің жоқтығы оның жанына қатты батты. А. Байтұрсынов “Қазақ” лазетінің 1914 жылы 62-санында “Мектеп керектері” деген мақаласында: “ . . . ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші-оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болуы. Құралсыз іс бітпейді. Үшінші мектепке керегі-белгіленген Програма. әр іс көңілдегідеи болып шығу үшін оның үлгісі уақытын анықтау керек дейді

А. Байтұрсынов мұғалімдерді педучилищелер ашып, арнаулы оқу орындары арқылы даярлаудың тиімділігін айта келе, ондай оқу орнының әзірге қазақ жерінде жоқтығын ескеріп, орыс мектептерін не қазақ медіреселерін оқып бітірген жастардың талаптарын мұғалімдік жұмысқа қоса пайдалану жөнінде ұсыныс жасайды.

Автор қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылу керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндердің оқу, жазу, дін, ұлт тарихы, есеп, шаруа-кәсіп, қолөнері, жағрафия, жаратылыс болуы керек екендігін нақтылап көрсетеді. ол өзінің көпжылдық мұғалімдік тәжірибесіне сүиене отырып, қазақ мектептерінің ең зәру ісі-оқулық жазу мәселесімен түбегеилі айналысады. Ол үшін ең алдымен, қазақ тілінің фанетикасын зерттеуге кіріседі. Қазақ балаларының сауатын ашатын “әліпби” мен ана тілін үирететін “Тіл құралын” жазбас бұрын, ең алдымен, жазу графикасын жөндеп алудан бастаудың қажеттігін сезген А. Байтұрсынов, 1912 жылдан бастап, “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетінің беттерінде араб таңбаларын жетілдіру, лингвистикалық терминдерді тілге енгізу (дыбыс, әріп, дәйекше, жуан, жіңішке дыбыс, қағида, т. б. ) туралы ой пікір қозғады.

Оның араб жазуын қазақ тіліне икем деген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы жылы лебізбен қабылдады. Себебі, Байтұрсынов реформасы қазақ тілінің табиғатына, яғни сингармонизм заңдылығына сүиеніп, ғылыми негізде жасалған еді. өйткені қазақ дыбыстарының табйғатын айқындау ғылымға қазақтың жаңа әліпбиін жасауға мүмкіндік берді. Оның 1912 жылдардын бастап ұсынған жаңа жазуы (жаңа еміле деп аталды) іс жүзінде қолданыла бастады. Баспа беттерінде жарияланған мәліметтер бойынша, 1915 жылдың бір өзінде ғана бұл елдің өзімен 15-тей кітап басылып шықты. “жаңа еміле” 1913 жылдардан бастап мүсылман медіреселерінде де қолданыла бастағаны белгілі,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың жаңашыл педагогтары
Педагогикалық ізденіс
Я. А. Коменский - Еуропа педагогикасының негізін салушы
Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық әрекет
Мектепте Абай шығармашылығын оқыту
Озат педагогика ғалымдары
Озат педагогикалық тәжірибе. Инновация туралы ұғым, шығармашылық іс-әрекет
Қазақстандық жаңашыл ұстаздардың іс-тәжірибесін насихаттаудың маңызы
Жаңашыл педагогтардың идеялары
Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz