Ембімұнайгаз мекемесінің қызмет ету жағдайы
КІРІСПЕ
Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс тұрақты болған сайын жұмыссыздық
деңгейі төмендеп келеді. Облыс экономикасының негізі мұнай өндіру болса,
бұл салада қызмет жасайтын отбасыларының саны облыс отбасыларының 30%-н
құрайды. Инфляцияны есепке алсақ және оның үстіне ай сайын еселеп өсіп
отырған коммуналдық төлемдерді ессептегенде қазіргі еңбек ақы әрбір
отбасының жан басына шаққанда күнелтіс шегінен әлдеқайда төмен.
Курстық жұмыстың мақсаты: АҚ Ембімұнайгаз мекемесінің еңбекақы
жағдайын теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттей отырып, оның
отандық мұнайгаз саласындағы кәсіпорындардағы қолдану деңгейін анықтау.
Зерттеу мәліметтік базасы ретінде: Қазақстан Республикасы статистика
агенттігінің материалдары; Мұнайгаз саласындағы кәсіпорынның мәліметтері,
балансы қолданылды
Еңбекақыны реттеу мемлекеттік іс болуға тиісті. Еңбек ақы көтеріліп,
осыған ілесе тауарлар бағалары мен әртүрлі төлемдер көбейгенінен қандай
қорытынды шығады деген заңды сұрақ туындайды. Осындай көптеген мәселенің
теориялық әдістемелік сұрақтарының жеткіліксіз жерін курстық жұмыста ашып
көрсетуге тырыстым.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі жалпылама бағыттар мен зерттеу
логикасы жұмыстың ішкі біртұтастығы мен құрылымын анықтайды.
Нарықтық экономика және оған өтпелі кезеңдердегі кәсіпорын жұмысының
нәтижелілігін анықтайтын экономикалық механизмдердің бірі – еңбекті
ұйымдастыру және оның рөлін жоғарлатуда объективті қажеттілік болып
табылады. Жұмыс берушілер үшін кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған
табысы мен жалданбалы жұмысшылардың жалақысы шығарылған өнімнің өтіміне,
оның бағасына және өзіндік құнына байланысты, былайша айтқанда, нарық
тауарларының көбеюіне, сұрыпталымының ұлғаюына, тұтынушылардың сұранысына
және олардың сапасы мен бағалылығына байланысты. Оған еңбекті ұйымдастыру
механизмдерін дұрыс басқару және оны дұрыс қолдану арқылы жетуге болады.
Сондықтан кәсіпорын жұмысшылары үшін еңбекақының дер кезінде төленуі
және ұйымдастырылуы, олардың біліктігін жоғарлату, қайта оқыту және
сыйлықтық түрде көтермелеу жағдайларын жүргізу аса қажет болып табылады.
1. ЕҢБЕАҚЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1 Еңбекақыны төлеу қағидалары және оның атқаратын қызметтері
Кәсіпорында жалақы саясатын әзірлеуде және оны ұйымдастыруда жалақының
мына принциптерін еске алу керек:
• әділдігі, яғни жасалған еңбек шығынына тең жалақы төлеу;
• істелмеген жұмыс есебінің қиындылығы және еңбек біліктілігінің
деңгейі;
• зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегінің есебі;
• еңбек сапасын және еңбекке қатыстылығының адалдылығы үшін
ынталандыру;
• еңбек сапасына және еңбекке қатыстылығының адалдығы үшін
ынталандыру;
• еңбек өнімділігінің өрлеу қарқыны орта жалақының өрлеу қарқынына
қарағанда озық жүруі;
• инфляцияның деңгейіне сай жалақыны индекстеу;
• өндірістің қажеттілігін ең үлкен деңгейде қамтамасыз ету үшін үнемі
нысананы және жалақы жүйесін қолдану.
кесте № 1
Еңбекақының қағидалары мен атқаратын қызметтері
Қағидалар (принциптері) Қызметтер (функциялары)
Еңбекақы нысандары мен жүйелерінің Ұдайы өндіргіштік
қолжетімділігі мен логикалығы
(ақылға сыйымдылығы)
Нақты жалақыны өсіру өндіріс пен Реттеушілік
еңбек тиімділігінің өсу шамасына
қарай
Тең еңбекке тең жалақыны төлеу Ынталанушылық
Мемлекеттік реттеу Өлшемдік-бөлу
Еңбек нарығы ықпалын есепке алу Ресурстық-орналастыру
Саралау Халықтың төлем қабілеттілік
сұранысын қалыптастыру
Еңбекақы төлеу жүйелері мен нысандарының қолжетімділігі мен ақылға
сыйымдылығы қағидасы олардың мәні жөнінде кең мағлұматпен қамтамасыз етуді
қарастырады. Жұмыскерлер өздерінің еңбекақысы мен сыйақы жүйесі туралы
нақты және анық білулері қажет. Сонда ғана олар өндірістің тиімділігін
арттыруға мүдделі.
Нақты жалақыны өсіру өндіріс пен еңбек тиімділігінің өсу шамасына
қарай қағидасы қажеттілік өсу экономикалық заңының жұмыс жасауымен
байланысты.Бұл заң бойынша қажеттілікті толық қанағаттандыру өз еңбегіне
материалдық игілікті барынша көбірек алған жағдайда мүмкін болады. Бұндай
байланыс болмаған жағдайда еңбекақыны төлемеу, инфляция, нақты еңбекақының
төмендеуі орын алады. Нәтижесінде өсіп отырған қажеттілікті қанағаттандыру
мүмкіншілігі жойылып, еңбекақыны өсіру мүмкіншілігі азаяды.
Тең еңбекке тең еңбекақы төлеу қағидасы кәсіпорын ішінде жұмсалған
еңбекке тең еңбекақы төлеу әділдігін қадағалауды білдіреді.
Мемлекеттік реттеу қағидасы негізгі еңбеақы төлеу саясаты мен
әлеуметтік нормативтер мемлекеттік деңгейде дайындалу керек.
Бұрын еңбекақы еңбектің күрделілігіне қарай, еңбек жағдайына, аумақтық
жағынан тиесілігіне қарай, халық шаруашылығы маңыздылығына қарай,
жұмыскердің соңғы нәтижеге еңбек үлесіне қарай (дифференциация) еді.
Жалақы дифференциациясы материалдық тұрақтандыру сапасының басты
жүктемесіне кіреді. Осы арқылы жұмысшылар жалақының әділдігін тексереді:
• жұмысшылардың жеке салымын бағалауда;
• ішкі біліктілікті салыстыру;
• маманаралық салыстыруда.
1.2. Еңбекақы есептеудің жалпы ережесі
Өнім өндірі үшін қажеттілер еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай-ақ
жұмыс күші екендігі белгілі. Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы
жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс
бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорын
болмасын күрделі мәселелердің бірі болып отыр.
Міне,сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып табылатын
қызметкерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырысу тақырыбы өз алдына бөлек
қарастырылады.
Еңбек пен еңбекақы есебінің негізгі міндеттері:
1.Өндірілетін өнімдер мен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін
еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау.
2.Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау.
3.Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын анықтау.
4.Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан,
қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды
бақылау.
5.Жұмысшылар мен қызметкерлермен уақытылы дұрыс есеп айырысу.
6.Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу.
7.Еңбек пен еңбек ақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды
есепті беру.
Сонымен қатар, еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі
жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:
1.Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға
ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.
2.Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген
прогрестік құрылымын қолдану.
3.Еңбек пен еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін
жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану.
4.Еңбек пен еңбекақыны есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен
ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен
жеңілдету.
Жұмыс берушілер мен еңбеккерлердің арасындағы қатынастар ұжымдық
келісім шартпен реттелуі мүмкін. Мұндай келісім шарттарды әзірлеу, жасау
және орындау 04.07.1992 жылғы № 1514-XII шыққан Қазақстан Республикасының
Ұжымдық келісім шарт туралы заңымен анықталады. Бұл келісім шарт жұмыс
берушінің экономикалық мүмкіндігіне қарап, заңмен белгіленген ең төменгі
мөлшердегі еңбекақымен салыстырғанда одан жоғары деңгейде тіркелінуі
мүмкін. Одан басқа, ұжымдық келісім шарт біршама мәселелерді қарастыруы
мүмкін, атап айтқанда, өндіріс тапсырмаларын, еңбекақы төлеу жағдайларын,
үй тұрмыстық және басқа да. Олардың қатарына:
-тегін арнайы киімдер алатын жұмыстар мен мамандықтардың тізімі;
-еңбеккерлер үшін қосымша жеңілдік және жәрдем ақы құқығын беретін
жұмыстар мен мамандықтардың тізімі;
-жұмыс уақытының жиынтық жалпы есебін жүргізіетін өндірістер, цехтар,
учаскелердің тізімі.
Қызметкерді бір бөлімнен екіншісіне ауыстырғанда Басқа жұмысқа
ауыстыру туралы бұйрығы жазылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері бір
дана етіп толтырады. Бұйрыққа бұрынғы және жаңа жұмыс кәсіпорын басшысы қол
қояды. Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі
жеке карточкаға, еңбек кітапшасына және өзгеде құжаттарға белгілерін
соғады.
1.3. Кәсіпорындағы еңбекақы түрлері және оларды ұйымдастыру
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және
қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбекақы-жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған
уақытында, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Оған
шығарылған өнімге қарай, тарифтік ставка бойынша, айлық жалақы, сыйақы ,
түнгі мезгілдерде жұмыс жасаған, жұмыстан тыс кездерде атқарған жұмысқа,
бригадаға жетекшілік еткеніне , жұмыскердің кінәсінен емес жұмыссыз тұрған
кезде т.б кіреді.
Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:
-мерзімді және кесімді еңбекақы;
-сыйлықтар мен сый ақылар;
-үстеме сый ақылар.
Қосымша жалақыға- еңбек заңдылықтарына сай жұмыс уақыттарынан басқа
мезгілдерде – еңбек демалыстарында, бала күтіміндегілерге, жеңілдік
пайдаланатын жасөспірімдерге, мемлекеттік және жауапты қызметтер атқарған
және жұмыстан шыққан кездерде берілетін жәрдемақылар т.б. енеді.
Қосымша еңбекақыға:
-еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген;
-жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген;
-қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады.
Мұндай төлемдер қатарына:
1.Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.
2.Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны
үшін төленетін төлемдер.
3.Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін
үзілістерге төленетін төлемдер.
4.Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.
5.Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына
төленетін төлемдер.
6.Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттардың құны.
7.Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және өзге де мамандығын көтеру
курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге
төленетін төлемдер.
8.Әскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай-ақ демалыс немесе мейрам күндері
кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалар
жатады.
Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында
еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын
екі нысаны қолданылады.
Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген
уақытына, сағаттық немесе күндік еңбек ақы мөлшері бойынша өнім өндіргені
немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына
төленеді.Мерзімді еңбекақы өндірген өнім мен істеген жұмысын мөлшерлеуге
болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес
болып есептелетін инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмысшылар қызметкерлерге
еңбекақы төлеуге негізделген. Мысалы: автоматтандырылған өндірісте машина
жөңдейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге шаруашылық субьектісінің
басшыларына қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне тағы
басқаларға.Мерзімді еңбекақының түрлері:
1.Жай мерзімді;
2.Мерзімді сыйлықты;
Жай мерзімді жүйесі бойынша- жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы
жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша
төленеді.
Мерзімді сыйлықты:
-жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген
тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне;
-санына
-сапасына
-тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.
Кесімді еңбекақы-жұмысшы-қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге,
өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытының қысқартуға ынталандыру мақсатына
қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда
жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің
көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне
қарастырылған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады.
Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен
сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға
керекті, яғни қажет болатын, адамсағат, адамкүн өлшемінде көрсетілген
уақыт болып саналады.
Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:
1. Тікелей кесімді;
2. Кесімді сыйлықты;
3. Үдемелі кесімді;
4. Аккордтық;
5. Жанама кесімді;
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеудің тікелей кесімді
жүйесі бойынша-бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің,
істеген жұмысының бәрі тек қана еңбек бағасымен есептеледі.Бұл жүйе бойынша
еңбекақы мөлшері- бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол
өнімнің бір данасына қарастырылған яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту
арқылы табады.
Шаруашылық субьектілерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді
еңбекақыны есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем- өнім өндіруге
белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы
ретінде төленеді.Бұл жүйе көп жағдайда қиын да күрделі, ауыр болып
саналатын операциялармен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек
өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс
орындарында қолданылады.Жалпы бұл жүйе кез келген шаруашылық субьектісінде
қолданыла бермейді.
Кесімді еңбекақының акордтық жүйесі-шаруашылық субьектісінде жұмысшылар
мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл
жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындалған жұмыстың санына,
көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді, сондай-ақ бұл жүйе
бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен
сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының акордтық жүйесі бойынша
жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы
шаруашылық субьектілерінде, жөңдеу жұмысымен айналысатын субьектілерде және
жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл
жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметерлер санын
қысқартып, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.
Халық шаруашылық салаларындағы шаруашылық субьектілерінде жұмысшылар
мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі-жанама
кесімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша еңбекақы
шаруашылықтың негізгі жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет
ететін көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді, яғни бұл жүйе бойынша
еңбекақы шаруашылық субьектісіндегі станоктардың, жабдықтардың, тағыда
басқа құралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден атық өнім
өндіргені үшін слесарьларға, операторларға, жөндейтін және оларды жұмысқа
дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді.
Мерзімді еңбекақыны есептеу: мерзімдік еңбекақыға жұмысшылар мен
қызметкерлердің түнгі уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем,
демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы
мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты
төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем, тағы
басқа төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне
есептелетін төлемдер жатқызылады.
Халық шаруашылық саласындағы субьектілерінде қызметкерлерге төленетін
мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдердің негізінде ай басындағы қызмет
атқарған уақытқа есептеледі. Негізінде мерзімдік еңбекақы бойынша есеп
айырысатын уақыт есебіне календарьлық ай, күн немесе сағат алынады. Егер
тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы қызметкерлер толық бір ай қызмет атқаратын
немесе жұмыс істеген болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе
шаруашылық субьектісінің басшылығы бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы
толығымен төленеді. Егер ай сайын тұрақты мөлшерде еңбекақы алатын
жұмыскерлер мен қызметкерлер есепті айда бірнеше күн жұмысқа немесе
қызметке келе алмай қалған болса, онда оларға төленуге тиісті еңбекақы
сомасы ол жұмысшы-қызметкерлердің толық ай жұмыс істеуіне тиісті
белгіленген соманы сол айдағы жұмыс күндерінің санына бөліп алынған
нәтижені, яғни сол айдағы бір күнге тиісті еңбекақы сомасын сол айдағы
жұмысшы-қызметкерлердің жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы
табады.
Мысалы: сәуір айында 22 жұмыс күні бар деп есептейік, айына 55000
теңге тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы, сол айдағы 15 күн жұмыс істеп, 4 күн
ауырып қалған және 3 күн қоғамдық жұмыс атқарған делік. Жұмысшылар мен
қызметкерлердің ауырып қалған күніне, жәрдем ақы әлеуметтік қордан
төленеді. Ал қалған 18 күні үшін ( 15 күн жұмыс істеген + 3 күн қоғамдық
жұмыс атқарғаны) еңбекақы шаруашылық субьектінің есебінен төленеді.Бұл
соманы анықтау үшін бір айға берілген тұрақты еңбекақы мөлшерін, яғни 55000
теңгені осы айдағы жұмыс күнінің санына яғни 22 күнге бөлеміз (5500022).
Содан кейін алынған нәтижені (2500 теңге) жұмыс істеген және қоғамдық
жұмыс атқарған күндері сандарының қосындысына көбейтеміз.Бұл жағдайда
жоғарыдағы мысалымызда көрсетілген жұмысшының сәуір айында тиісті мерзімді
еңбекақы сомасы 45000 теңге болады,яғни (2500X(15+3))=4500 теңге.
Шаруашылық субьектісінде жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімдік еңбекақы
жұмыс істеген күні мен сағатына байланысты төленетін жағдайларда, олардың
бір күнге немесе бір сағатқа белгіленген сомасын нақтылы жұмыс істеген
күндері мен қоғамдық жұмыстағы басқалай қосымша еңбекақы төленуге тиісті
күндердің немесе сағаттардың жұмысына көбейту арқылы табылады.
Кесімді еңбекақыны есептеу: шаруашылық субьектісінде кесімді еңбекақы
төлеу жүйесі бойынша- қызметкерлердің еңбекақысы өндірген өнімдері мен
істелген жұмыстың саны мен көлемдері жайлы жазылған алғашқы құжаттар
бойынша есептелінеді. Ол үшін алғашқы құжаттарда көрсетілген өндіріліп
шығарылған өнімдер мен істелінген жұмыстардың және дайындалған
детальдардың, сондай-ақ тағыда басқа операциялардың жалпы саны мен көлемі,
олардың бір данасын жасап шығаруға, өндіруге белгіленген бағаға көбейтеді.
Шаруашылық субьектісінде тапсырманы жеке адам орындаған, яғни операция
немесе өнім өндіру басынан аяғына дейін бір жұмысшы-қызметкердің қолынан
өтетін жағдайда мұндай әдісті қолдану ыңғайлы болып табылады. Кесімді
еңбекақы жұмысшы-қызметкердің бригада бойынша жұмысына төленетін жағдайда
жоғарыда аталған алғашқы құжаттарға жүмысшы –қызметкерлердің жұмыс істеген
уақыттары,мамандық дәрежелері, бригада болып өндірген өнімдері мен істеген
жұмыстарының көлемі мен сандары және олардың бір данасын жасауға, өндіруге
белгіленген бағасы көрсетіліп жазылады. Жалпы бригада бойынша өндірілген
өнімдер мен істелінген жұмыстардың сандары мен көлемдерін, олардың бір
данасын өндіріп шығаруға (жасап шығаруға,орындауға) белгіленген бағаға
көбейту арқылы сол бригада мүшелерінің еңбек ақысы есептеліп шығарылады.
Бригаданың жалпы табысы жұмысшы - қызметкерлердің арасында олардың мамандық
дәрежесіне және жұмыс істеген уақытына сәйкес бөлінеді. Ол үшін алдымен
барлық бригада мүшелерінің жұмысқа қатысқан уақыты (ай,күн,сағат) табылады.
Содан соң жұмысшы қызметкерлердің мамандық дәрежесіне сәйкес тариф бойынша
бір сағатқа белгіленген еңбекақы мөлшері олардың жұмыс істеген сағаты
санына көбейтіледі. Осының нәтижесінде бригада мүшелерінің әрқайсысының
тариф бойынша есептелінетін еңбекақысының жалпы сомасы табылады. Алғашқы
құжаттар бойынша есептелінген бригада мүшелеріне тиісті еңбекақы сомасының
жоғарыда корсетілген тариф бойынша еңбекақы сомаларының қосындысына
қатынасы қосымша табыс коэффициенті болып табылады. Осыдан кейін тариф
бойынша жұмысшы қызметкерлердің әрқайсысына есептелінген еңбекақы сомасы
осы коэффициентке көбейтіліп, әр жұмысшы-қызметкерлердің орындаған
жұмыстары өндірген өнімнің саны мен оның мамандық дәрежесіне байланысты
еңбекақысы табылады.
Мысалы: құрамында алты жұмысшы жұмыс істейтін бригаданың сәуір айына
өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына байланысты белгіленген еңбекақы
қоры 62669 теңге 60 тиынды құрайды делік. Бұл жағдайда осы бригададағы
әрбір жұмысшының еңбекақы мөлшері олардың мамандық дәрежесі мен жұмыс
істеген уақытына сәйкес былайша есептелініп шығарылады.
кесте № 2
РЖұмысшы-қызМамандыЖұмыс Тарифтік Бір Бір Жұмысшыла
меткерлердіқ істеген коэффиц. қорытындыадамсағар алуға
cң аты-жөні дәрежессағаттарын ға тқа тиісті
і ың келтірілгтиісті еңбек
саны(сағат ен еңбек ақы(теңге
) адамсағаақы(теңге)
т саны )
1 2 3 4(2X3) 5(64) 6(4X5)
1Бердалиев А1 175 1,76 308 26,1 8838,8
2Болатов С 2 160 2,06 329,6 26,1 8602,06
3Жолдасов Т 3 165 2,35 187,75 26,1 10120,3
4ЖағыпаровА 4 154 2,64 406,56 26,1 10611,2
5Мақсотов А 5 150 2,93 439,5 26,1 11471,0
6Саматов И 6 164 3,23 529,72 26,1 13825,7
Жиыны: 968 2401,13 62669,6
Бір қорытындыға келтірілген бір адам сағатқа тиісті еңбекақы сомасы
бұл көрсетілген мысалымызда 26 теңге 10 тиынға тең болып отыр (яғни 6
бағана 4 бағана немесе 62669ңге 60 тиын бөлінген 2401 теңге 13 тиын = 26
теңге 10 тиын)
Егер шаруашылық субъектісінде өнім өндірудің тапсырмасын артығымен
орындағаны, жұмыс істеу барысында ақау жібермегені, күрделіде қиын жұмысты
атқарғаны, тағы басқалар үшін сыйақы берілетін болса, онда ол сома
бригаданың жұмысшы-қызметкерлерінің арасында олардың кесімді еңбекақы
сомасына пропорционалды түрде бөлінеді. Кейбір жұмысшы-қызметкерлер бір
айдың ішінде бірнеше бригаданың құрамында жұмыс атқаруы мүмкін. Мұндай
жағдайда әрбір жұмысшы өзінің істеген жұмыстары туралы мәліметтер жазады.
Осы деректі мәліметтер негізінде сол жұмысшы-қызметкердің есепті айдағы
еңбек ақысы есептеліп шығарылады. Жоғарыда жалпы көрсетілген бригаданың
табысын жұмысшы-қызметкерлердің арасында олардың жұмыс істеген уақыты мен
олардың мамандық дәрежесіне қарай бөлу әдісі, бригада мүшесінің барлығын
бірдей адал ниетпен жұмыс істеуге ынталандырмайды. Соған байланысты соңғы
кезде еңбекақы сомасын бригада мүшелерінің арасында олардың еңбекке қатысу
коэффициентіне бөлу әдісі кеңінен қолданылуда. Ол үшін бригадағы жұмысшы
қызметкерлердің әрбір мүшелеріне ай сайын олардың еңбекке қатысу
коэффициентіне анықтайды. Жұмысты жақсы істеген, еңбек өнімділігін
арттырған жұмысшы қызметкерлерге жоғарылату коэффициенті беріледі де, ал
еңбек тәртібі мен техникалық қауіпсіздік ережесін бұзғаны және құрал-
саймандарға немқұрайлы қарағаны, тағы басқа кемшіліктері үшін төмендету
коэффициенті беріледі. Жұмыстағы жетістіктері мен жіберілген
кемшіліктерінің әрқайсысына байланысты шаруашылық субъектісінде әртүрлі
төмендету және жоғарылату коэффициенті қарастырылады. Белгіленген тарифтен
артық еңбек ақы осы коэффициенттерді еске ала отырып беріледі.
Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану жұмыстың негізгі
түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын
құрастырылған тарифтік – біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі.
Анықтаманы және оның қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітеді.
Тарифтік жүйе - әр түрлі топтағы және категориядағы қызметкерлердің
еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді, олардың еңбекақыларын саралауды
және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін нормативтердің
жиынтығын көрсетеді
Тарифтік разряд – қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып
көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияда, әр жұмыста
қолданылады; біліктілік разряд - қызметкердің кәсіптілігін дайындаудағы
деңгейін қамтып көрсететін шама.
Тарифтік мөлшерлеме (жалақы) - бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін,
біліктіліктің (сағат, күн, ай) айқын күрделілігінде еңбек нормасын (еңбек
міндеттерін) орындаған қызметкердің еңбекақысының белгіленген мөлшері.
Тарифтік тор - бұл разрядтардың және оған меншіктелінген тарифтік
коэффициенттердің арақатынасы. Тарифтік тордағы разрядтардың саны және
тарифтік коэффициенттер арасындағы алшақтықтар әр түрлі және олар
өнеркәсіптің әр түрлі саласында орын иемденген нақты ерекшеліктермен және
бөлінісінің дәрежесімен анықталған.
Еңбекақы мына формула бша есептелінеді:
ЕА= ЕА+ПУ
Мұндағы: ЕА – еңбек ақы;
ПУ – нақты пайдаланған уақыт.
Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесіне қолданушы ұйымның тәжірибелік
қызметінде жиі жауабы табылмайтын сұрақтар пайда болады (мысалы, тоқтап
қалу уақытының ақысы, қызыметкерлердің кесірінен болмаған ақаулар және
т.б.). Осыған қарай еңбекақы төлеудің тарифтік және тарифсіз жүйесінің
элементтерінен құралған аралас жүйелер қолданылады.
Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік
разряд халық шаруашылығында жұмыс жасайтын барлық қызметкерлерге
таратылады. 21 тарифтік разряд шаруашылықтағы жүргізу нышанына, меншік
нышанына және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға арналған:
• 1 – 8 разрядтар бойынша – жұмысшыларға төлемдер;
• 6 – 15 разрядтар бойынша – сызықтық қызметкеркерлерге;
• 4 – 11 разрядтар бойынша – орта білімді мамандар;
• 7 – 15 разрядтар бойынша – жоғарғы білімді мамандар;
• 10 – 20 разрядтар бойынша – кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің,
функционалдық қызметтердің басшылары;
• 9 – 21 разрядтар бойынша – ғылыми қызметкерлер.
Егер олардың разрядтары мен тарифтік коэффициенттерін қарастыратын
болсақ:
кесте № 3
Еңбекақы төлеудің разрядтары мен тарифтік коэффициенттері
Еңбекақы Тарифтік Еңбекақы Тарифтік
төлеудің коэффициенттер төлеудің коэффициенттер
разрядтары разрядтары
1 1,0 12 2,20
2 1,07 13 2,37
3 1,15 14 2,55
4 1,24 15 2,74
5 1,33 16 2,95
6 1,43 17 3,17
7 1,54 18 3,43
8 1,66 19 3,67
9 1,78 20 3,94
10 1,91 21 4,24
11 2,05
Жұмысшылардың дәрежесі халық шаруашылығының барлық саласындағы еңбек
процесінде орындалған жалпы қызметтердің бағдарына байланысты болған соң,
жұмысшылардың дәрежесі бір топта көрсетіледі. Еңбекақы төлеудің кесімді
немесе мерзімді нышанын таңдау бірнеше факторларға тәуелді:
кесте № 4
Еңбекақы төлеудің нышандарын таңдаудың факторлары
Еңбекақының мерзімдік және кесімді нышаналары тәжірибеде әр
түрлі жүйелер түрінде қолданылады. Қазірге кезде еңбекақының мерзімдік –
сыйлық және жай мерзімдік жүйелері кең тараған.
• Еңбекақы төлеудің жай мерзімдік жүйесінде жұмысшының табысы белгілі
разрядтағы жұмысшының сағаттық (күндік) тарифтік ставкасының сағаттағы
(күндегі) пайдаланылған уақыт мөлшеріне көбейтілуі арқылы есептелінеді.
• Мерзімдік – сыйлық жүйесі кезінде белгілінген көрсеткіштерді асыра
орындағаны үшін сыйлықтың мөлшері тарифтік ставкаға пайыз түрінде
тағайындалады (қосылады). Сыйлық берудің шарты ретінде өнім ақаусыз
дайындалуы керек, материалдардың, аспаптардың үнімділігі болуы қажет.
Соңғы уақытты, нормалаған тапсырмасы бар мерзімдік еңбекақы
төлеу немесе кесімді мерзімдік еңбекақы төлеу кең қолданыла бастады.
Жұмысшыға немесе бригадаға өнім сапасының талаптарын сақтаумен қатар,
белгілі уақыт кезінде мерзімдік еңбекақысымен төленетін жұмысты орындауға
тиісті, жұмыстың көлемі мен құрамы тағайындалады (көрсетіледі). Мысалы,
егер де жұмысшы немесе бригада 7 сағат нормалаған тапсырмаға сәйкес келетін
жұмыс көлемін 6 сағат ішінде орындап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz