Газлифтілі скважиналарды іске қосу және газлифтте қолданылатын жабдықтар



Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Газлифтілі скважиналарды іске қосу және газлифтте қолданылатын жабдықтар
КІРІСПЕ

XXI ғасырдың басында Қазақстан дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы мұнай
өндіруші елдердің біріне айналып, ТМД елдерінің арасында Ресейден кейін
екінші орын алды. Қазақстан мұндай мәртебеге бірден емес,
геологтардың,ғалымдардың,мұнай-газ өнеркәсібімен шұғылданушы мамандардың
көп жылдық зерттеулерінің нәтижесінде ие болды. Қазақстан әлемдегі мұнай
қоры дәлелденген 55 елдің ішінде 12- інші орынды иемденді. Республикамыз
көмірсутек өнімінің стратегиялық қорын иемденіп, әлемдік энергетикалық
ресурстар нарағын құруда елеулі рөл атқарады. Қазіргі уақытта
республикамыздағы жалпы өнім көлеміндегі мұнай- газ өнеркәсібінің үлесі 30%-
ды құрап отыр. Мұнайдың Қазақстандағы бастапқы және қалдықты қоры 2 млрд.
тонна шамасында болса, еліміздің батыс бөлігінде табылған мұнай қорларын
қоса есептегенде оның көлемі 6 млрд. тоннадан асып отыр. Ел аумағында 70
мұнай кеніші әлі игерілу үстінде. Ал зерттеу нәтижелері әлемдік экономикада
сенсациялық құбылыс ретінде танылған. Қашаған кенішіндегі болжамды мұнай
қоры 7 млрд. Баррельге жететінін ескерсек, көрсеткіш бағанасы бірден 13
млрд. баррельге көтерілмек. Соның нәтижесінде, Қазақстан мұнайының бар
қазынасы еліміздің батыс бөлігіндегі бес облыстың қойнауынан табылады. Атап
айтқанда, Атырау облысы жалпы қордың 39,3%- ын иеленсе, Батыс Қазақстан
облысы 10%- ын, Ақтөбе облысы 8,2%- ын, Қызылорда облысы 15%- ын, ал
Маңғыстау облысының қойнауы Қазақстан мұнайының 27,5%- ын алып жатыр. 2013
жылы ұйымдастыру- технологиялық шараларында 25 ұңғы үздіксіз- дискретті
газлифт әдісі газ факторы жоғары және түп қысымы қанығу қысымынан төмен
жоғары өнімді ұңғыларда қолдпнылады. Үздіксіз газлифт әдісіне ауыстырылған
ұңғы өнімі КҚ- I және КҚ- II үшін 9-12 ттәу кем болмауы керек, газлифт
әдісіне ауыстырылған ұңғының пайдалану жағдайындағы газсұйықтың ағымын
есептегенде растайды. Мұнай компаниясы бойынша мұнай өндірудің көлемі 2013
жыл бойынша 3347,3 мың тоннаны құрады немесе бекітілген жоспардан 1002,7
мың тоннаға кем. Мұнай өндіру жоспары 76,9%- ға орындалды. Мұнай өндірудің
есептік көрсеткіштерінің орындалмауы әлемдік нарықта бағаның құлауының
жалғасуымен байланысты болып келеді, 2013 жылдың ақпан айынан бастап
мұнайды өткізу жағдайы ауырлап кетті, бұл резервуарлық парк пен
магистральдік мұнай құбырының толуына әкеп соқтырды, соған орай кәсіптерде
мұнай өндіруге шектеу енгізілген болатын. Сонымен бір уақытта Самара ПСП-
ға батыс- қазақстан мұнайының қабылжануы күрт қысқарды, бұл да жағдайды
шиеленістіріп жіберді. Әсіресе қолайсыз жағдайлар 2013 жылдың шілдесі мен
қыркүйегі аралығында орын алған болатын. Өндірістік басқарудағы мұнай
өндірісі 2013 жылдың шілде айында 90,8 мың тонна (27,5%), тамызда- 142,9
мың тонна (43,3%), қыркүйекте- 183,8 мың тонна (жоспарлы көлемнің 58,0%)
құрады. Егер 2013 жылдың 1- тоқсанында өндірістік басқарумен жоспардан тыс
4755 тонна мұнай өндіріліп, жоспар 100,6%-ға орындалған болса, 2- тоқсанда
жоспар 86,6%-ға, 3- тоқсанда 42,7%-ға және 4-тоқсанда 78,8%-ға орындалды.
Мұнай өндіру көлемі төмендеуі себептерінің бірі ретінде 2013 жылдың шілде
мен тамыз айларында мұнай компаниясының электрмен қамту және электрді беру
ұйымдарына тұтынылған электрқуаты бойынша шоттарды дер кезінде төлемеуінің
салдарынан кеніште электрқуатының берілу көлемінің шектелуі (50%-ға)болды.

1.МҰНАЙДЫ ГАЗЛИФТ ТӘСІЛІМЕН ӨНДІРУ
1.1 Газлифт скважинасының жұмыс істеу принципі

Алғашқыда газлифт тәсілі эрлифт ретінде 1897 жылы Баку кен орындарында
инженер Шуховтың ұсынысымен қолданылды.1914 жылы Тихлинский газлифті
ұсынған,ал бұл тәсіл тек 1924 жылы ғана Баку-Сураханы кен орындарында
қолдана басталады.Сол уақыттан бастап газлифт тәсілі барлық кен орындарында
пайдаланылатын болды.Қабат қысымы сұйықты  жоғарыға  көтеруі  жеткіліксіз 
болса, скважина  атқыламайды.Скважинаның құбыраралық кеңістігіне сығылған
газ немесе ауа айдау арқылы скважинаны атқылатуға болады.Скважинадағы сұйық
жоғарыға сығылған ауа немесе газ арқылы көтерілген болса,ондай пайдалану
тәсілін эрлифт немесе газлифт деп атайды.Газлифттің жұмыс істеу принципі
атқылау скважинаның жұмыс істеу принципіне ұқсас,сұйық жоғарыға еріген газ
энергиясы арқылы көтеріледі.Газлифт көтергіші екі құбыр каналдарынан
тұрады.Біреуіне сығылған газ беріледі,екіншісіне газ аралас сұйықты
көтереді.Скважинаның тыныш күйінде сұйық бір деңгейде болады,оны статикалық
деп атайды.Скважина түбіне әсер ететін сұйық бағанасының қысымына тең
болады.
Рқаб=Hcm*p*g;
Скважинаға берілетін газ скважина ішіндегі сұйықпен араласып,оның
тығыздығын төмендетеді,сұйық тез жоғары көтеріледі.Сұйықтың жоғары
көтерілуі бірнеше көрсеткіштерге байланысты.
1. Qm ρ
2. Qг Qm
3. h Q м
4. dскқ Qm Qг - const
5. µ Qm

мұндағы Qm – мұнай өнімі
Qг- газ шығыны
ρ- тығыздығы (мұнайдың)
һ- құбырдың тереңдігі
dскқ- СКҚ диаметрі
µ- тұтқырлығы (мұнайдың)

1-сурет. Газлифт көтергіші: a-пайдалануға дейін; ә-пайдалану кезінде

Газлифт жұмыс істеп тұрған кезде құбыраралық кеңістігінде жаңа сұйық
деңгейі орнатылады ол динамикалық деңгей деп аталады.Динамикалық деңгей
барлық кезде статикалық деңгейден төмен болады.
Рmyn = Hдин *p *g.
Скважина түбімен динамикалық деңгейге дейінгі сұйық бағанасының қысымы
скважина түбіндегі қысымына тең болады,теңдеумен анықталады.
Газлифт

Артықшылығы
Кемшілігі
Үлкен тереңдіктен үлкен өнім алуға Өнімі 20т\тәул.және одан астам болуы
болады керек
Қабаттан мұнаймен ілесіп шығатын газ Аз өнімді скважиналарды
зиян емес,пайдалы мезгіл-мезгіл пайдаланады
Газлифтінің жұмысын реттеу
жеңіл,автоматтандыруға мүмкіндік
бар,климат жағдайына төзімді
Үйкеліс бөлшектері жоқ
Кедергілермен күресу жолдары жеңіл
Скважиналарды әр түрлі
әдіс-тәсілдермен зерттеуге болады

1.2 Газлифт көтергіштерінің құрылысы мен жүйесі

Скважинаға түсірілген құбырлар тізбегінің қатарына және жұмыс
агентінің жылжу бағытына байланысты газлифт көтергіштерінің бірнеше жүйесін
ажыратады.Түсірілген құбырлар тізбегі қатарына байланысты көтергіш бір және
екі қатарлы болады,ал жұмыс агентінің бағытына байланысты олар сақиналы
және орталық жүйелі болады.
Бір қатарлы сақиналы жүйесі көтергіштердің кемшіліктері әр түрлі
шаралар арқылы тез жойылады.Ол үшін газлифт клапандарын,пакер қолданады.Бір
қатарлы көтергіштер 48-49 мм СКҚ тізбегімен жабдықталады.114 мм СКҚ сирек
қолданады.Екі қатарлы тізбекте:
Сыртқы тізбек диаметрі:114,102,89,73мм.
Ішкі тізбек диаметрі:60,48мм.
Көтергіштің тиімдісін салыстыра отырып таңдайды.Тиімдісі бір қатарлы
сақиналы жүйелі болып табылады.

2-сурет. Газлифт көтергіштерінің жүйелері

Газлифт көтергіштерінің артықшылықтары мен кемшіліктері
Көтергіштердің атауы Артықшылығы Кемшілігі
1.Ауа тізбегі сатылы екі1.Диаметріне 1.Көтергіш құбырларын
қатарлы сақиналы жүйелі байланысты,арзан; ұзарту жолы қиын
2.Жеңіл көтергіш;
3.Құммен күресу жолы
жақсы
2.Бір қатарлы сақиналы 1.Арзан; 1.Пульсация жоғары;
жүйелі 2.Жеңіл; 2.Құбыраралық кеңістік
3.Скважина габариті үлкен;
тиімді пайдаланылады 3.Құммен күресу жолы
қиын
3.Бір қатарлы орталық 1.Металл аз жұмсалады; 1.Газ ортадан беріледі;
жүйелі 2.Скважина габарті 2.Құммен күресу жолы
тиімді қолданылады; қиын;
3.Пульсация төмен; 3.Пайдалану тізбегі тез
4.Жіберу қысымы төмен істен шығады
4.Екы қатарлы сақиналы 1.Пульсация 1.Металл көп 
жүйелі төмен,құбыраралық жұмсалады;
кеңістігінің көлемі 2.Скважина габаритін
төмен; пайдалану тиімсіз
2.Құбыраралық
кеңістігінде сұйық
бағанасы көтергіштің
жұмысына көмек көрсетеді

1.3 Газлифт скважиналарының саға жабдығы

Саға жабдығына атқылау арматурасы жатады.Оның сипаттамасы атқылау
скважинасының саға жабдығы кезінде қарастырылған.

3-сурет. Үш жақты атқылау арматурасы

4-сурет. Кран 5-сурет. Ысырма

Компрессорлық және компрессорсыз газлифт

Компрессорсыз газлифт қондырғысы компрессорлық газлифт қондырғысынан
компрессорлы станциясының жоқтығымен ажыратылады.
Жеткілікті газ қоры және жоғары қысымы бар газ қабаттарындағы газды,егер
олай мұнай кен орындарына жақын немесе сол аймақтарда орналасқан
болса,газлифт скважиналарына пайдаланады.Бұл тәсіл компрессорсыз тәсіл деп
аталады.

6-сурет.Компрессорсыз газлифт сызбасы: 1-газ скважинасы; 2-кептіру пункті;
3-пеш; 4-газ бөлу батареясы; 5-газлифт құбыры 6-газлифт скважинасы; 7-
газосепаратор; 8- сыйымдылық

Компрессорлы газлифт қондырғысына газ компрессорлар арқылы жоғары
қысымға дейін сығылып құбыраралық кеңістікке беріледі.Газ скважина түбіне
жетіп,сұйықпен араласады,оның тығыздығын төмендетіп,жоғары шығарады.

2.ГАЗЛИФТІЛІ СКВАЖИНАЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ ГАЗЛИФТТЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАБДЫҚТАР
2.1 Газлифті көтергіштерінің жұмыс істеу принциптері

Газлифті скважинаның жұмысы қарапайым фонтанды скважинаның жұмысына
ұқсайды, тек онда сұйықты газдандыру үшін газ жоғарыдан бөлек арнайы
каналмен беріледі (7-сурет).Құбыр тізбегі арқылы (1) газ жоғарыдан башмаққа
(2) беріледі,онда газ бен сұйық араласады да, газ-сұйық қоспасы
түзіліп,көтергіш құбыр (3) арқылы жоғары көтеріледі.Айдалатын газ қабат
сұйығынан бөлінетін газбен қосылады.Нәтижесінде газ бен сұйық
қосылып,ұңғыма түбіндегі қысым сұйықты жоғары көтеруге жететіндей газсұйық
қоспасы түзіледі.Көтергіш құбырдағы газ берілетін нүкте (башмак) сұйық
деңгейінен h тереңдікке батырылған құбырдың газ берілетін нүктесіндегі
газдың қысымы P1 батырылған h тереңдікке пропорционал және келесі
қатынаспен байланысты P1=pgh.

7-сурет.Газлифтілі әдісінің принципалды схемасы. 1-газ берілетін құбыр
тізбегі; 2-башмак; 3-газ-сұйық қоспасын көтеру құбыры; һ-сұйық деңгейі
Ұңғыма сағасында өлшенген,айдалатын газдың қысымы Pp жұмыс қысымы деп
аталады.Ол практика жүзінде башмактағы қысымға P1 тең болады және ол газ
бағанының гидростатикалық қысымымен p1 және құбырдағы газдың үйкелісіне
кететін қысымымен p2 ерекшеленеді.
p1төменнен P1 қысымын жоғарылатады, ал p2 төмендетеді.Осыған байланысты
P1=Pp+p1-p2 немесе Pp=P1-p1+p2
Нақты ұңғымада p1 мәні P1 мәнінің бірнеше пайыз бөлігін құрайды,ал
Мәні p2 өте аз болады.Осыған байланысты жұмыс қысымы Pp және башмактағы P1
қысымы бір-бірінен аз ғана ерекшеленеді.Сол себептен газлифтілі ұңғыманың
түбіндегі жұмыс қысымымен анықтауға болады.Бұл газлифтілі ұңғыманы
зерттеуді,оның жұмысын реттеуді және тиімді режимге орнатуды
жеңілдетеді.Ұңғымадағы сұйықты көтеру үшін газ энергиясын қолданатын әдіс
газлифтілі деп аталады,ал ұңғымаға осы мақсатта ауа айдалса,онда ол эрлифт
деп аталады.Ауаны қолдану сорапты-компрессорлық құбырда өте мықты
эмульсияның түзілуіне алып келеді,ал оны ажырату үшін беттік активті
заттармен арнайы өңдеп,қыздырып немесе ұзақ уақыт тұндыру керек.Бөліп
алудан кейін бетіне бөлініп шыққан газ-ауа қоспасы салыстырмалы түрде оттан
қауіпті және жарылғыш қөспа түзеді.Бұл айырғыштан (сепаратор) кейін
өндірілген газ-ауа қоспасын атмосфераға шығаруды талап етеді.Көмірсутегі
газын қолдануда құрылымы мықты емес эмульсия түзіледі.Ол таза мұнайды бөліп
алудағыдай қымбат өңдеуді,ұзақ тұндыруды қажет етпейді.Бұл қолданылып
жатқан көмірсутегі газында,химиялық газ бен мұнайда немесе жалпы
көмірсітегі негізінде оттегінің болмауы немесе аз мөлшерде болуымен
түсіндіріледі.Ауа құрамындағы оттегі,қышқылдану процесінің және мықты су
тамшыларының түзілуіне себепші болады,сонымен қатар тұндыру кезінде шөгіп
қалады.Осыдан кейін салыстырмалы жарылу каупі жоқ,қалдық газ,айырудан
өткеннен кейін газ жинау жүйесіне жиналады да,әрі қарай өңделеді.Газлифтілі
ұңғымаға айдалған газ сорапты-компрессорлық құбыр ішінде мұнаймен қарқынды
араласқанда бензин фракциясымен байытылады.Осындай газды газбензин
зауытында өңдеу кезінде тұрақсыз бензин және басқа құнды өнімдер
түзіледі,нәтижесінде мұнай тұрақталады,ал оны тасымалдау және сақтау
кезінде булануын азайтады.Газбензин зауытындағы өңделген (құрғатылған)
газды,өндірісте компрессорлық станциялармен қайтадан сығып,газлифтілі
ұңғымалардың жұмысына қолданылады. Осыған байланысты газлифті әдісі газды
қолдануда және кен орнын пайдалануда эрлифті әдісімен салыстырғанда тиімді
болып табылады.Эрлифті әдісінің бірден-бір артықшылығы,ол газ-сұйық
қоспасын көтеру үшін қажетті жұмыс агенті ретінде ауаның шексіз болуы.Шын
мәнісіндегі газлифтілі ұңғымалар 7-суреттегі бойынша жабдықталмайды және
ұңғымаға екі бірдей параллель құбырды түсіріп,оларды практика жүзінде
төменнен башмакпен мықты етіп бекітуге болмайды.Бұл схема тек қана газлифті
әдісін түсіндіру үшін берілген.Бірақ оны қолдануы әбден
мүмкін,мысалы,шахталарға көп мөлшерде су айдау үшін және т.б.Газлифт әдісі
компрессорлық және компрессорлық емес болып бөлінеді.Газлифті ұңғымалардың
жұмысы үшін 4-10 МПа қысымға дейін сығылған көмірсутегі газдары
қолданылады.Сығылған газдың көзі қажетті қысымды қамтамасыз ететін арнайы
компрессорлық станциялар немесе компрессорлы газ өңдеу зауыттары болып
табылады.Газлифтілі пайдаланудың мұндай әдісі компрессорлық әдіс деп
аталады.Ал энергия есебінде табиғи газ немесе таза газ конденсат кен
орындарының газы қолданылатын болса,онда ол әдіс компрессорлық емес
газлифті деп аталады. Компрессорлық емес газлифтіде табиғи газ газлифтілі
ұңғыма орналасқан жерге тасымалданады және арнайы қондырғыда конденсатты
және ылғалды бөліп алу үшін алдын ала дайындалып алынады.Артық қысым бір
немесе бірнеше сатылы реттегіштерден (штуцер) газды өткізу арқылы
төмендетіледі.Газлифтілі пайдалану әдісінде ұңғыма ішілік газлифті деп
аталатын жүйе бар.Бұл жүйеде сығылған газ көзі болып мұнай қабатының
төменгі және жоғарғы бөлігінде орналасқан газ қабатының газы
қолданылады.Екі қабатта ортақ сүзгішпен ашылады.Осындай жағдайда газ қабаты
мұнай қабатынан бір немесе екі пакермен оқшауланады (төменнен және
жоғарыдан),ал газ сорапты-компрессорлық құбырмен газ көлемінің мөлшерін
реттегіш қондырғы арқылы келіп құбырға түседі.

2.2 Газлифті ұңғымаларының конструкциялары

Нақты жағдайда газлифтілі ұңғыманың жұмысымен бірінің ішіне бірі
орналасқан екі құбыр жасайды,яғни ұңғымаға түсірілген бірінші (сыртқы) және
екінші (ішкі) құбыр қатарын түсіру.Құбырдың сыртқы қатары үлкен диаметрлі
болады (73-102 мм) және ол бірінші түсіріледі (8,а-сурет).Екі қатарлы
көтергіш құбырдың басқа түріне металл шығынын азайтып үнемдеу үшін біржарым
қатарлы көтергіш құбырды қолдануға болады және ол бірінші қатардағы
құбырдың соңғы жағы (башмактан төмен) кіші диаметрлі құбыр болып келеді(8,б-
сурет).Бұл құбырдың конструкциялық металл сыйымдылығын азайтады және
келетін ағынның жылдамдығын жоғарылатады,бірақ екінші қатарлы құбырдың
тереңдігін арттыруға кедергі жасайды.Бір қатарлы көтергіш құбырда (8,в-
сурет) газ құбыраралық кеңістікпен беріледі де,газ-сұйық қоспасы құбыр
ішімен жоғары көтеріледі.Нақты сұйық деңгейі көтергіш құбырдың башмагында
тұрақталады.Сұйық деңгейі бұл жағдайда жоғарыда болмайды,себебі газ сорапты-
компрессорлық құбырға берілмейді және ол башмактан төмен де болмайды,себебі
ол жағдайда сорапты-компрессорлық құбырға сұйық келмейді.Бір қатарлы
құбырда батырылу және сұйықтың динамикалық деңгейі болмайды,ал көтергіш
құбырдың башмагындағы гидростатикалық қысымы газ қысымымен
алмастырылады.Сонымен қатар ұңғымаға жалғанған пьезометр (8,в-сурет) (4)
көрсетілген.Осындай пьезометрде жұмыс қысымына сәйкес келетін нақты
динамикалық деңгей қалыптасады.Бір қатарлы көтергіштің кемшілігі,түп пен
башмак аралығында келетін ағынның жылдамдығының төмен болуы және түсіру
тереңдігі газдың жұмыс қысымымен,сұйықты алумен және ұңғыманың өнімділік
коэффициентімен анықталады.Бірақ құбырды түсіруде немесе тереңдікті
өзгертуде оңай болады.Соған байланысты бір қатарлы көтергіш құбырдың –
жұмыс тесігі бар түрі де кездеседі(8,г-сурет).Керекті диаметрлі бір қатарлы
құбыр ұңғыма түбіне дейін түсіріледі,бірақ та ол башмақтың (сорапты-
компрессорлық құбырға газ енетін жер) орналасатын өлшенген тереңдігіне
дейін түсіріледі және оған 5-8 мм-лік екі-төрт тесігі бар жұмыс муфтасы
орнатылады.Тесіктердің қимасы керекті мөлшердегі газ көлемін өткізе
алатындай болуы қажет.

8-сурет.Газлифтілі көтергіштің схемасы. a-екі қатарлы көтергіш; б-бір жарым
қатарлы көтергіш; в-бір қатарлы көтергіш; г-бір қатарлы көтергіш жұмыс
тесігі бар; 1-газ берілетін құбыр; 2-газ-сұйық қоспасы; 3-кіші диаметрлі
құбыр; 4-пьезометр

Құрамы мен жинақталуына байланысты газлифтілі қондырғылар екі түрге
бөлінеді:
- ашық түрдегі қондырғы (қосу клапаны бар немесе жоқ,пакерсіз сорапты-
компрессорлық құбыр тізбегі);
- жабық немесе жартылай жабық түріндегі қондырғы (қосқыш клапаны,кері
клапаны және пакері бар сорапты-компресорлық құбыр тізбегі).
Ұңғымаға газды беру бағытының тәуелділігіне байланысты сақиналы және
орталықтан газ беру жүйесі болып бөлінеді.Бірінші жағдайда сығылған газ
құбыраралық кеңістікке беріледі,ал газсұйық қопасы құбырдың орталық
тізбегімен көтеріледі.Бұл жүйе сақиналы деп аталады.Ал екіншісінде сығылған
газ орталық құбыр тізбегімен беріледі де,ол орталықтан газ беру деп
аталады.

2.3 Газлифті скважинаның өнімін есептеу

Ұңғыманы газлифті әдісімен пайдалану кезінде негізінен берілген
диаметрдегі тиімді және ең жоғарғы өнімді есептеу қажет,ол үшін
А.П.Крыловтың теңдеуі қолданылады:

мұндағы d- көтергіш құбырдың ішкі диаметрі, мм;
Рб-көтергіштің башмагындағы қысым,егер газ башмак арқылы немесе жұмыс
клапанындағы қысыммен енгізілсе,Па;
Ру-ұңғыма сағасындағы қысым,Па;
L-көтергіш құбырды түсіру тереңдігі немесе жұмыс клапанын орнату
тереңдігі,м.
Мысалы:Төменде келтірілген мәндер бойынша ұңғыманың тиімді және ең жоғарғы
өнімін есептеу қажет.Көтергішті түсіру тереңдігі L=1700м;
көтергіштің башмагындағы қысым Рб=8,7 МПа;ұңғыма сағасындағы қысым Ру=0,5
МПа;сұйықтықтың тығыздығы р =890 кгм;көтергіштің шартты диаметрі
d=60мм;стандрт бойынша құбырдың ішкі диаметрі-50,3мм.
Жауабы:Qопт=98 ттәул.;Qmax=222 м3тәул.

Газлифті скважинадағы іске қосу қысымын есептеу

Іске қосу қысымы деп ұңғымадағы сұйық деңгейі сорапты-компрессорлық
құбырдың башмагына жеткендегі уақыт моментіне сәйкес келетін ең жоғарғы
қысымды айтамыз.Іске қосу қысымы келесі теңдеумен анықталады:
Pпуск=(h+ h) x pжg,
мұңдағы h-сорапты-компрессорлық құбырды сұйықтың статикалық деңгейінен
төмен тереңдікке батыру тереңдігі,м;
h-газды айдау кезінде ығыстырылып шыққан сұйық бағанының биіктігі,м;
рж-ұңғымадағы сұйықтың тығыздығы, кгм3;
g-еркін түсу үдеуі(9,81 мс2).
Тізбектегі сұйық көлемін
Vk=
және құбырдағы сұйық көлемін теңестіріп
VT=,
яғни Vk=Vm сақиналы кеңістік арқылы айдау кезіндегі мәнді аламыз:

h=h
ал орталықтан айдау кезінде
h=

Мысалы:Келтірілген мәндер бойынша ұңғымаға орталық және сақиналық газ
айдау кезіндегі газлифтілі ұңғымадағы іске қосу қысымының мәнін анықтау
керек.Ұңғыма тереңдігі Н=100м,пайдалану тізбегінің ішкі диаметрі
D=150,3мм.Ұңғымаға L=800м тереңдікке сыртқы диаметрі dн=89 мм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Скважинаның газлифті жабдықтары
Ұңғыларды газлифтілі пайдаланудың қауіптілігі
Периодты газлифтілі ұңғыманың жабдығының көрсеткіштері
Жаңажол кен орны жайында
Кеніштің биіктігі 200 метр
Үздіксіз – компрессолы газлифтілі әдіс
Төменгі карбон жыныс қабатының максималды анықталғаны қалыңдығы 308 метр
Жаңажол мұнай-газ кен орнында үздiкciз – кoмпрeccoлы гaзлифтiлi әдiciпен жобалау
Ұңғымалардан мұнайды шығару
Айранкөл мұнай кен орны
Пәндер