Банктың операциялық қызметтері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Ақша реформаcы және Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері.

1930 - 1932 ж. несие реформасының мазмұны

1988 ж. түбегейлі банк реформасы

Банктың операциялық қызметтері

Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі

Банктің инвестициялық операциялары

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1930 - 1932 ж. жүргізген несие реформасы елдегі банк жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы еді және соның нәтижесінде жаңа қағидаға енгізделген салалық банктер қатары ұйымдастырылады. Несие реформасын жүргізу үшін елде біраз алғы шаралар жүргізілді.
Бріншіден, бұл кездері экономика салаларында біраз жетістіктерге қол жетті және олардан жеке капитал ығыстырылды. Сөйтіп, 1930 ж. мемлекеттік сектордың өнеркәсіптегі үлес салмағы 99, 1%-ке, көтерме саудада 97, 2%-ке, ал бөлшек саудада 86, 5%-ке жетті. Ауыл шаруашылығында 55 % тауарлы астықты мемлекеттік және ұжымдық шаруашылықтар өндірді.
Екіншіден, халық шаруашылығын тікелей мемлекеттік жоспарлы басқару жүзеге аса бастады. 1928 ж. халық шаруашылығын өркендетудің бірінші бес жылдыұ жоспары дайындалып, олар шаруашылықтың әрбір буынына жеткізілді. Жоспар кәсіпорынның өндірістік және қаржылық іс-әрекеттерін қамтыды.
Үшіншіден, шаруашылықтың негізгі буыны - өнеркәсіп мемкемесі шаруашылық есепке көшірілді.
Төртіншіден, коммерциялық вексельді айналыснан шығарып, оның орнына есеп айырысуды тек банк арқылы жүргізудің және қысқа мерзімді несиені тек банктерде жинақтау нәтижесінде 1929 ж. 1 қарашасында халық шаруашылығына берген қысқа мерзімді несиенің 80%-ке жуығы банктер үлесіне тиді [7; 171] .
Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелендірумен айналысты. КСРО мембанкінде халық шаруашылығына барлық салаларын қысқа мерзімді несиелендіру шоғырландырылды. КСРО мембанкінің барлық несие жүйесінің орталық және жетекші бөлімі ретіндегі ролі одан әрі арта түсті. Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастыратын. Бұның өзінде банк ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғарғы билік органдарына бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу сақталды. Сонымен қатар, тәжірибеде берілген банктерде ақша айналымын шоғырландыру қағидасы жүзеге асырылды, соның ішінде, әр бір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айырысу немесе ағымда шот ұстай алды. Осы банкте олар өз ақшалай қаражаттарын сақтады, несеи және қолма-қол ақшалар алды, ол арқылы барлық қолма-қол емес есеп айырысу операцияларын жүргізді. Сонымен, несие реформасын жүргізу үшін алғы шаралар жасалып, 1930 жылдың қаңтарында несие реформасы жүргізіле басталды.
Несие реформасының мақсаты - несиелеу мен несие-есеп жұмыстарының жаңа түрлерін енгізу.
1930 - 1932 ж. несие реформасын жүргізудің басты себептері.
1929 ж. қабылданған бірінші бес жылдық жоспар бойынша өнеркәсіп, транспорт, сауда және ауыл шаруашылығының көп бөлігі мемлекеттік жоспар бойынша өркендеуі қажет болды. Ол көптеген ресурстарды қаржылық банк жүйесіне жинақтап, орталықтандырып, одан соң жоспарлы түрде халық шаруашылығына бөліп беру қажет. Бірақ бұл міндеттерді айналым қаражатын жоспарсыз бөлумен шұғылданған коммерциялық несие орындай алмады. Онымен қоса өнеркәсіп орындары бірін-бірі несиелеумен шұғылданып, есепті вексельдермен жүргізіп банк бақылауынан тыс қалды. Іс жүзінде бұл кезде банктың несие алушымен байланысы болмады. Нәтижесінде, шаруашылық орындарының бірін-бірі несиелеуі, яғни коммерциялық несие тікелей мемлекеттік жоспарлы басқарумен қайшылыққа келіп елдегі несие қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттілігі туындады.
Несие реформасын кезеңде өткізіліп негізі мына мәселелер шешіледі:
1. шаруашылық орындарының бірін-бірі коммерциялық несиелеуін жою және оны тура банктік несиемен өзгерту;
2. мемлекеттің банктың бағытын нығайтатын есеп жұмысының жаңа түрін, яғни шаруашылық есепті енгізу қажет;
3. халық шаруашылығының қысқа мерзімді несиелеу процесін мемлекеттік банкте шоғырлау. өндіріс мекемелерінің өзінің және қарызға алған қаражаттарының қызмет аясын анықтау, шаруашылық орындарын несиелеудің принциптерін бекіту;
4. несие жүйесін қайта құру, яғни мемлекеттік банкпен ұзақ мерзімді несие беретін арнаулы қызметін ажырату.
Сонымен, несие реформасының алғашқы кезеңінің негізгі мақсаты коммерциялық несие тікелей банктік несиемен алмастырылды.
Банк несиесі - несие алушыға, жоғары басқару органының жоспары бойынша тікелей банк беретін несие. Бұл оны коммерцмялық несиеден негізгі айырмашылығы. Бірақ банктік несиенің бұл артықшылығы халық шаруашылығына бірден өзгеріс енгізе қойған жоқ. Банктің жіберген қаталері төмендегідей:
• есептеуге автомотизм (санасыз, тек бұрын қалыптасқан дағды бойынша істелетін әрекет) жабдықтаушының банкісі сатып алушыға жіберілген барлық тауарлар үшін ақшаны дағдылы автоматты түрде аударса, ал сатып алушының банкісі де дәл солай автоматты түрді оның шотынан түскен тауарлар құнын шығарып отырды; жіберген жүктің дұрыстығы және шаруашылық органдардың арасындағы келісімнің орындалуы бақыланған жоқ;
• несие берудегі автомотизм (немесе жоспармен несие беру) : жоспардың нақты орындалуын тексермей-ақ, банк шаруашылық мекемелеріне жоспарплы түрде несие береді; несиенің мөлшері жоспарды орындау үшін қажетті айналым қаражатының жалпы жетіспеуіне қарай анықталып, оның пайдалану мақсаты мен қайтарылу мерзімі көрсетілмей-ақ беріледі;
• шаруашылықтардың өзінің және қарызға алған айналым қаражаттарын ажыратпауы (араластырылуы) : әрбір шаруашылық мекемелеріне банкте бір шот ашылып, онда өз қаражатының да, банктік несиенің да барлық кірісі де, шығыны да есептеледі, олардың арасындағы ерекшеліктер көрсетілмейді;
• банктің несиелеу және есеп айырысу реформасын жүргізуге техникалық дайынсыздығы: ережелер, нұсқаулар, құжаттардың түрлері алдын ала дайын болған жоқ, содай-ақ банктің төлем жүргізуге қабылдайтын құжаттары саны жағынан да қарастырылмады.
Несие реформасының келесі кезеңдері осы жіберілген кемшіліктерді жойып мемлекеттік банктың халық шаруашылығына қысқа мерзімді несие берудің бірыңғай орталығы және мемлекеттің есеп касса орталығы болуына арналды. Қорыта келе 1930 - 1932 ж. жүргізілген несие реформасының нәтижесіндежоспарлы социолисттік шаруашылыққа сай елде ақша несие жүйесі құрылып, мемлекеттік банк біріңғай өндіріспен тауар айнылымын есептейтін және бақылайтын ақпаратқа айналды. КСРО-да 1930-1932 жж. жүргізілгең несиелік реформаның нәтиежесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйым-
дастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды.
Өнеркәсіп және электр шаруашылығының несиелендіру банкі - өнеркәсіп және электр шаруашылығының күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк) болып қайта құрылды. Ол 1959 ж. КСРО Құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.
Социалистік жер бөлінісін қаржыландыру банкі (КСРО Ауыл шаруашылық банкі) көптеген несиелік серіктестіктер мен республикалық ауыл шаруашылық банктердің орнына (1959 ж. оның кызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылысбанк арасында үлестірілді) ұйымдастырылған.
Кооперация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі (Всекомбанк) жалпы Ресейлік кооперативтік банк негізінде (1939 ж. Всекомбанк өз жұмысын тоқтатты, ал оның активтері мен пассивтері 1959 ж. таратылған КСРО Сауда банкіне берілді) құрылған.
Коммуналдық және тұрғын үй кұрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 ж. таратылды да оның қызметтері КСРО Құрылыс банк пен Мембанк арасында үлестірілді.
Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелендірумен айналысты. Ал КСРО Мембанкінде халық шаруашылығының барлық салаларын кысқа мерзімді несиелендіру шоғырландырылды. КСРО Мембанкінің барлық несие жүйесінің орталық және жетекші бөлімі ретіндегі ролі одан ары арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен үйымдардың есеп айырысу мен ағымдық шоттары КСРО Мембанкінде шоғырландырылды.
Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылатын. Бұның өзінде банк ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғары билік органдарына бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу сақталды.
Сонымен қатар, тәжірибеде берілген банктерде ақша айналымын шоғырландыру қағидасы жүзеге асырылды, соның ішінде, әрбір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айырысу
немесе ағымды шот ұстай алды. Осы банкте олар өз ақшалай қаражаттарын сақтады, несие және қолма-қол ақшалар алды, ол арқылы барлық қолма-қол емес есеп айырысу операцияларын жүргізді.
КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жж. жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРӨ Құрылыс банкін (Стройбанк) құру негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі (Промстройбанк), Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеуметтік (Жилсоцбанк) ; КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары жүйесінің негізінде: Жинақ банкі, ал Сыртқы сауда (Внешторгбанк) негізінде: Сыртқы экономбанк (Внешэкономбанк) құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік-есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі деп жарияланды.
КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкіне (Промстройбанк) несиелік саясатты жүргізу, несиелендіру жүйесінің тиімділігі, сондай-ақ өнеркәсіп, құрылыс, көлік пен байланыстағы, КСРО Мембанкі жүйесіндегі есеп айырысу сияқты міндеттер жүктеледі. Банк - шаруашылықтың осы салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу, қарыздық және басқа да шоттарын жүргізді. Осындай кешенді несиелік есеп айырысулар қызметін агроөнеркәсіптік кешеніндегі кәсіпорындарға - КСРО Агроөнеркәсіп банкі; әлеуметтік аямен және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарына - КСРО Тұрғын үй-әлеуметтік банкі; халыққа қызметті - КСРО Жинақ банкі көрсетті. КСРО Сыртқы экономбанкі экспорттық-импорттық операциялар бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етті.
Мамандандырылған банктердің құрылымы әкімшілік-аумақтық принцип бойынша кұрылды. Одақтас республикаларда республикалық банктер және облыстарда банктерді басқару ұйымдастырылды. Банктердің аудандар немесе қала деңгейінде өз мекемелері болды. Олар алғашында мына принцип бойынша құрылды: ауданда клиенттері басымырақ болса, онда мамандандырылған банктердің, осы ауданда бір мекемесі құрылды. Тек КСРО Жинақ банкі ғана ерекшеленеді, себебі оның мекемелері әр ауданда, колхозда және совхозда болды.
Мамандандырылған банктердің төменгі буыны (Жинақ банкінен басқалары) өзінің мамандануына қарамастан, ауданның барлық клиенттеріне қызмет көрсетті. Негізінен банктердің мамандануы тек басқару деңгейінде ғана көрінді, ал төменгі мекемелері әмбебап несиелік мекемелерге айналды. Олардың ауданның, яғни барлық саланың кәсіпорындарына қызмет көрсетулеріне тура келді.
Олар банктердің саны бойынша 4 несиелік жоспарға ие болды. Көрсетілген банктердің салаларға жатуы, олардың клиенттерінің әмбебаптығымен қарсы келді, бұл өз алдына ең алдымен несиелік ресурстарды құрумен байланысты бір-қатар мәселелерді тудырды. Бұл қаражаттардың өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы банктен бақылаусыз банке тасқындай құйылуымен курделене түсті. Әрбір банк өз ресурстары шеңберінде жұмыс істеу үшін КСРО Мембанкінде ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп айырысуға көшу қажет болды.
КСРО Мембанкінен бөлінген коммерциялық банктер негізінен мамандандырылғандар ретінде қызмет етті, әр банк белгілі бір салада (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) монополияға ие болды. Олар өз кәсіпорындарын қаржыландырып, несиелендіріп отырды, көбіне осы кәсіпорындардың өміршеңділігін, пайдалылығын, негізделгенін ескермей төмен пайыздармен қаржыландырды. Осы банктердің активтерінде залалды мемлекеттік кәсіпорындардың уақыты өткен саласыз қарыздардың мөлшері басымырақ болады.
Жалпы алғанда банктердің мамандандырылуы банк жүйесінің жұмысын шатастырып жіберді, оны монополиядан босатқан жоқ, несиелік механизмге түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ, керісінше, аумақтырақ және көп бөлімді, шығынды сипатқа ие болды, алғашқы бөлімнің әлсіреу кезінде бюрократтық аппараттық жоғары деңгейлерінің өсуі көріңіс тапты. КСРО Мембанкінің ролі әлде қайда әлсіреп кетті, ол мамандандырылған банктердің жұмысына ықпал ете алмады.
Осы жағдайдан шығудың бір жолы банктік реформаны жүргізу, яғни банк жүйесін батыстағы үлгідегідей екі деңгейлі жүйеге көшуін жүзеге асыру болып табылады.
Банктік құрылымды қайта құру банк ісіндегі КСРО Мембанкі монополиясын жоюы керек еді. 1988 жылға дейін КСРО Мембанкі - Орталық, коммерциялық және инвестициялық банктердің қызметін атқаратын әмбебап несиелік мекеме болды. КСРО Құрылыс банкінің (Стройбанк) Қазақ республикалық конторы қалада, өнеркәсіпте, көлік және басқа да шаруашылық салаларына инвестициялық қызмет көрсетуді жүзеге асырды. Акционерлік бастамаларда қызмет ететін КСРО Сыртқы сауда банкі (Внешторгбанк) валютадағы және валютамен жасалатын операцияларға қызмет көрсетті.
70-жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда катаң орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік-банкті ықпал ету әдістемелерінде әкімшілік, өктемдік, ұсақ-түйек регламенттеу, сондай-ақ шаруашылық органдардың қызметінде де ұсақшыл регламенттеу басым болды. Қалыптасқан ақша-несиелік қарым-қатынастар тәжірибесі, пайда болып келе жатқан нарықтық қатынастар шарттарына сай келмеді.
Тұрмысты социалистік тұрғыдан сараптау барысында ғасырлар бойы қалыптасқан қаржы нарығының институттары мен құралдары мақсатты түрде жойылып отырды. Утопиялық идеологиялық концепция негізінде үлкен көріксіз КСРО Мембанкі түріндегі бір деңгейлі банктік пирамида құрылды, ол өз астына несиелік жүйені түгелдей басып алды және бәсекелестіктің элементтерін, жарыс пен тәуекелдікті толығымен жойды.
Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. 1991 ж. қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын, «Қазақ КСР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» Заң қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық баскармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды.
Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық Тұран банкіне, Агроөнеркәсіпбанк - Қазақстан Республикасы акционерлік-коммерциялық Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкі - ҚР акционерлік-коммерциялық Жинақ банкіне ауысты. 1993 ж. бұл банктер акционерлік банктер болып қайта өзгерді, ал Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банк деген атқа ие болды.
1989 ж. басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас, кооперативтік, жеке банктер пайда бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк КРАМДС банк сияқты және т. б. коммерциялық банктер құрылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы қолма - қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру
«Kaspi bank» АҚ
«Kaspi bank» АҚ-ның құрылу тарихы мен несие беру қызметі туралы жалпы мағлұмат алу
Коммерциялық банктердің жұмысын талдау жүргізу
«Нұрбанк» АҚ-ның қаржылық қызметін талдау
Екінші деңгейлі банктегі банктік есептің теориялық негіздері
Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
Халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметі және халықаралық экономикалық жүйесіндегі ролі
Қаржы нарығының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
Бөлінетін ұйымдық құрылым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz