Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау


Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар, шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі - банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадағы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
- ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.
Банктің өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.
Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан банк уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші.
Банктердің ақша қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу, өндіріс пен айналымның үздіксіздігін қатамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің процессін жеделдетеді.
Банк ісінің ерте сатысының өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды, оларды, ішкі және сыртқы экономикалық, айналымдардан сауда операцияларына сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің ақша белгісін, екінші елдің валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері банктің ісінің техологиясы айтарлықтай өзгерген.
Қазіргі кезеңде нарықтық типпен дамыған елдердің барлығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.
Қазақстан Республикасында «Қазақстан Респубикасы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Қазақстанның екі денгейлі банк жүйесі бар бірінші денгейдегі мемлекеттің Ұлттық банкі, ал басқа бактердің барлығы екінші денгейлі, яғни коммерциялық банктер» делінген.
Банк және тауарлы, ақшалай қарым қатынастардың даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық өмірдің орталығы барлық экономиканың негізгі түйіні болып табылады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республкасының экономикалық ахуалының дамуына қарамастан, ҚР дамушы мемлекеттердің белгілерімен сипатталады. Бұл белгілер ұлттық валютаның әрекет етумен шектелмейді және ол мемлекет тарапынан тыс еркін конвертацияланбайды, бағалы қағаздар нарығының төмен денгейіндегі өтімділігімен сипатталуда.
Қазақстан Республикасы Үкіметі жалпы экономикалық тұрақтылық және инвесторлар сенімін өсіруді қамтамасыз ету үшін бірқатар шараларды қолдануда. Бірақ, Қазақстандағы болашақ экономикалық тұрақтылықтың перспективалары мәнді түрде Үкіметпен, Қаржы Министрлігімен, Ұлттық Банкпен және басқа да мекемелердің қабылдаған бірқатар экономикалық шараларға тікелей тәуелді.
Курстық жұмыстың мақсаты - банк ісінің және банк жүйесінің дамуына, шығу тегіне сипатама бере отырып, Қазақстанның банк жүйесінің дамуына және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталу болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазақстанның банк жүйесі мен банк жүйесінің даму тарихына тоқталу;
- Орталық банктің дамуы мен қызметтерін қарастыру;
- Коммерциялық банктердің дамуы мен қызметтерін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс 3 бөлімнен: бірінші бөлімде банк жүйесінің теориялық негізі онда:банк жүйесінің даму тарихы мен банк жүйесінің құрылымы мен қызметтері, екінші бөлімде Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау, онда: Орталық банк және оның қызметтерін талдау, коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау, ал үшінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары қарастырылған және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
I Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
1. 1 Банк жүйесінің даму тарихы
Банктер несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Себебi банк мемлекет пен кәсiпорындардың, Акционерлiк Қоғамның және шаруашылық субъектiлердiң халықтың бос ақшасын шоғырландырып iс жүзiндегi капиталға айналдырады. Осы айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру және т. б. операцияны жүргiзедi.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банкттер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) ХIV-ХV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI-XVII ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюркбергте саудагер клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін Жиробанктер құрылды. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздігінен бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында, пайда болған деп атайды. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктегі төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғанын айтады.
Дегенмен осы декектерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Банк италян сөзiнен Bank - орындық мағынада “Айырбас орындағы-Айырбас орны” дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас орыны тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың жекелеген тұлғалардың әртүрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олардың сауда саттық барысында әртүрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болар алдын ақша сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларын айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналды.
Біздің түсінігімізше банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығы ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Тарихшылардың пікірінше, б. э. д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б. э. д. IV ғасырда Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған.
Тарихшылардың пайымдауынша алғашқы банктік операцияларды жекелеген тұлғалар және қолында ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері жүргізген екен.
Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфада Аполлон шіркеуіне барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Сөйтіп, алғашқы банктер жинақталған ақша қаражаттарын қозғалыссыз жатуға болмайтындығын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.
Банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар, салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі.
Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Алғашы акционерлік банк Ағылшын банкі 1964 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды.
Мұның өзі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышарттарын ғана сипаттайды.
Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме» ретінде сипатталады. Несиелік істің даму денгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналдыру нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беуін тоқтатады. Несие теке қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиентінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналды. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын яғни мемлекеттің құрылу кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандықтан тарих куә.
Ежелгі Римде нормалары болған, ол нормаларға сәйкес б. э. д. III ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерде кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қана қоймай, сондай-ақ жер бөлімшелерін сатып алу сату, және басқа да операцияларды орындаған. Жоғарыдағыларды ескере отырып біз банктердің жалпы операциялары мен қызметтерінің банктердің дамуына тоқталдық. Енді Қазақстанда банктердің дамуына келетін болсақ, Қазақстанда банк жүйесінің дамуы келесі кезеңдерден тұрды:
Бірінші кезең; 1917 жыл мен 1930 жылдар арасындағы патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.
Екінші кезең: 1930 жылдар мен 1987 жылдар аралығы елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебеп қызмет атқарады, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсеті.
Үшінші кезең: 1988-1991 жылдар аралығында елде мемлекеттік мамандандырылған банктердің құрылуы, яғни КСРО мемлекеттік банкі банктердің банкісі ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және тағы басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылы басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.
Төртінші кезең, 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі денгейлік банк жүйесінің пайда болуы және дамуы.
Осы кезеңдердің сипаттамаларын келесі кестеден көруімізге болады.
Кесте 1
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері
1КСРО Мембанкі (оның ішінде КСРО мемлекеттік еңбек жинақ кассалары жүйесі) .
2КСРО Мемлекеттік Құрылыс банкі.
3КСРО Сыртқы сауда банкі.
1банк жүйесін қайта ұйымдаст-ыру:КСРО Мем-банкі және маманданды-рылған банктер: КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіп банкі, КСРО Тұрғын үй әлеуметтік банкі. КСРО Жинақ банкі. КСРО Сыртқы экономика банкі.
2Жаңадан кооперативтік және коммерциялық банктердің құрыла бастауы.
Қазіргі уақытта экономикасы нарықтық типпен дамыған мемлекеттердің барлығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Оның бірінші денгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже шығару, рұқсат ету тағы басқа қызметтер, ал екінші денгейіне клиентерге қызмет көрсету негізделген. Бұл елдердің тәжірибесі дәлелденгендей олардың барлық жүйесі ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған.
Банктерді эмиссиялық және коммерциялық деп бөлу Қазақстан мемлекеттінің жаңа экономикалық механизімін құруға септігін тигізеді. [19]
1. 2 Банк жүйесінің құрылымы
«Қазақстан республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің Жарлығында 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығындағы «Қазақстанда екі денгейлі банк жүйесі бар» делінген. Ұлттық банк -мемлекеттің орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші денгейіндегі) банкі. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төмегі (екінші) денгейіндегі банктер делінген.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Олардың ішінде:
Мемлекеттік банк - үкімет қаулысымен құрылған екінші денгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
Инвестициялық банк - негізінен тікелей және портфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші денгейлі банк.
Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:
а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;
б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;
в) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.
Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.
Банктік емес несие қаржы мекемелері Ұлттық банктің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банктік емес заңды тұлғалар.
Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi.
Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.
Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.
Коммерциялық банктер - кәсіорындармен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа тікелей және жан жақты кешенді қызмет көрсеттін банктер. Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банктік емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты неғұрлым жоғарғы пайда табу. [1]
Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік опреациялар жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Алғашқыда ол (мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, немесе құрылтайшылардың жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің құрылтайшылары мен акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық акционерлік қоғам түріндегі банктің акциясын төлеуге оның несиеге алған, кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайшыларға бірдей құнмен, яғни акцияның көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің оның құрылтайы қаражаттарында жарияланған жарғылық қорының елу процентін акционерлері банк тіркеуден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен кезеңнен бастап бір жыл ішінде түгел төлеуі қажет.
Жарғылық қорды молайту екі жолмен жүргізіледі:
Біріншіден, қосымша акцияларды шығару, оның ішінде банктің пайдасын капиталдандыру және банктің облигациясын оның акциясына айырбастау есебінен.
Жалпы банктердің қызметтерi:
- уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
- кәсiпорындарға, мемлекетке, жеке тұлғаға несие беру, бағалы қағазбен операция жүргiзу;
- ақша айналымын реттеу;
- айналымға несие құралын шығару;
- экономикалық, қаржылық кеңес беру;
- эмиссиялық қызмет атқару.
Банк өзiнiң жарғысы бар толық шаруашылық есеп және өзiн-өзi қаржыландыру негiзiнде қызмет жасайтын заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттiк банк осы заң бойынша қызмет атқарып жоғарғы кеңесiне есеп бередi. ҚР заңына сай мемлекеттiк банк деп капиталы толығынан үкiмет иелiгiнде немесе акционерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi. Коммерциялық банктер ол өздерiнiң акционерлер жиналысында қабылданған жарғысы бойынша қызмет iстейдi.
Екіншіден акцияның көрсетілген құнын өсіру жолымен.
Банктің жоғары асқаушы органы акционерлердің жалпы жиналысы, оның ағымдағы қызметін банктің басқармасы жүргізеді. Банктің басқарушы қызметкерлері болып, қадағалау кеңесінің төрағасы және оның мүшелері, Басқарманың төрсағасы және оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және басбугалтері мен олардың орынбасарлары саналады. Банктің заңға сәйкес банктің Басқармасының төрағасы және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің келісімімен тағайындалады. Әдетте оладың банк үйесіндегі: төраға мен бас бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың орынбасарлары екі жылдан кем емес қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қыметкерлер Ұлттық бактің келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға құқы жоқ.
Акционелердін жиналысы кезекті және кезектен тыс болып бөлінеді. Кезекті жиналыс жылма жыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан кейін бір айдан аспай шақырылуы керек, ал кезектен тыс жиналыс құрылтайшылардың, қадағалау кеңесінің, Тексеру комиссиясының талабы бойынша шақырылады.
Банктің Ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндетер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады. [17]
Қорытындылай келе, жалпы кез келген банктің ұйымдық құрылымы банктік операцияларды атқаратын міндеттерін ескеріп қалыптасады.
Ал, банктердің пайда болуы мен дамуына келетін болсақ, бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында - XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.
II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау
2. 1 Орталық банк және оның қызметтерін талдау
Ұлттық банк - республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелері мен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқада бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Орталық банктiң қызметтерi:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz