БИРЖАЛЫҚ МӘМІЛЕЛЕР



Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
БИРЖАЛЫҚ МӘМІЛЕЛЕР
Биржалық тауармен жасалатын мәміле туралы ұғым
Биржалық мәміле деген биржалық саудада оған қатысушылардың тауарды
сатып алу және сату барысында биржалық тауарларға құқығы мен міндеттерін
біріне-бірі беру туралы жасасқан келісімшарты. Шарт бекітілген тәртіп
бойынша биржада тіркеуден өткізіледі.
Мәмілеге келгенде оның төрт жағын ескеру керек:
Ұйымдастыру жағы - мәмілеге қажет құжаттар мен оны пайдаланудың
тәртібін көрсетеді.
Экономикалық жағы - мәміле жасасқанда ескеретін оның мәнін, нәтижесін
және тәуекелін көрсетеді.
Құқықтық жағы - мәміле бойынша екі жақтың құкығы мен міндетін және
мүліктік жауапкершілігін көрсетеді.
4. Этикалық жағы - мәмілелерге қоғамдық көзқарасты
көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда мәміле жасасқанда белгілі бір
нормалардың болуы және олардың сақталуы қажет. Мәміленің
этикалық жағы биржалық тауарларға сенімі мен жеке инвестордың
өз жинағын соған салуға деген ынтасын көрсетеді.
Мәміленің мазмұнын бағалы қағаздармен жасалған мәміле мысалында қарап
өтелік. Ол үшін міндетті түрде мына мәліметтер болуы шарт.
Біріншіден, мәміленің объектісі, яғни сатьш алынатын және сатылатын
бағалы қағаздар.
Екіншіден, мәміленің көлемі, яғни сату үшін ұсынылған немесе сатып
алуға қажет бағалы қағаздардың саны.
Үшіншіден, мәмілеге келген баға, яғни келісілген баға болуы керек.
Төртіншіден, мәмілені орындау мерзімі, яғни сатушы жеткізіп беретін, ал
сатып алушы бағалы қағаздарды қабылдап алу уакыты көрсетілуі керек.
Бесіншіден, мәміле бойынша ecen айырысу, яғни сатып алушы сатып алған
бағалы қағаздарға төлем жүргізуі керек.
Кез келген мәміле 13.1-суретте өрнектелген қозғалыс циклін қамтиды.

Мәміле жасау тәсіліне қарай бағалы қағаздармен мәміле бекітілген және
бекітілмеген болып екіге бөлінеді. Бекітілген мәмілеге мәміле жағдайларын
қосымша келісудің қажеті жоқ. Сондықтан ондай мәміленің қозғалыс циклі:
бекіту, клиринг және ecen айырысу; мәмілені орындау фазаларынан түрады.
Бекітілген мәмілеге қағазға жазылған мәмілелер мен компьютерлік
(электрондық) мәмілелер жатады. Ал бекітілмеген мәмілеге ауызша немесе
телефон арқылы келісілген мәмілелер жатады. Олар бойынша есеп айырысу және
орындау жағдайларын қосымша келісу керек.
Мәміленің қозғалысындағы бекіту циклі сатушы мен сатып алушы арасында
тікелей немесе делдал аркылы бекіту болып екіге бөлінеді. Егер биржалық
тауар мәмілесі сатып алушы мен сатушы арасында жасалса, ол мәміле тікелей
бекітуге жатады (13.2-сурет), ал екі жақтың арасында брокер жүрсе, ол
мәміле делдал арқылы бекітуге жатады. Мәмілені тікелей бекіту көшедегі
нарықта, биржадан тыс компьютерлік саудада болуы мүмкін. Делдал арқылы
жасалатын мәміледе брокердің қызметін банк немесе ipi қаржылық компания
орындауы мүмкін. Өз қызметін олар сатушыға да, сондай-ақ сатып алушыға да
кѳрсетеді (13.3-сурет). Алайда, мәмілені мәмілеге келуші екі жақ орындайды,
брокер тек екі жақты - сатушыны сатып алушы үшін, керісінше, сатып алушыны
сатушы үшін тауып, оларды бір-бірімен кездестіруші ғана. Бұндай мәміле
биржадан тыс нарыққа тән.

Биржада екі брокер болуы тиіс, біреуі сатушының мүддесін қорғаса,
екіншісі сатып алушының мүддесін қорғайды (13.4-су-рет). Сатушы мен сатып
алушының бұндай байланысы биржадан тыс нарықта да кездесуі мүмкін
Биржалық және биржадан тыс нарықтарда сатушы мен сатып алушы дилер
арқылы байланыста болуы мүмкін, онда олар ѳзара тікелей байланыста
болмайды. Ол 13.5-суретте ѳрнектелген.

Алайда биржаға 13.6-суретте өрнектелгендей, қосарланған делдалдық жүйе,
яғни брокер және дилер арқылы байланыс үлгісі тән.

Егер мәміле делдалдар арқылы жасалса, онда клиент (не сатушы, не сатып
алушы) делдалмен не тапсырма шартын, не комиссиялық акы шартын бекітеді.
Әдетте клиенттің қоғамдағы статусына қарай мәміле екі түрге бөлінеді.
Егер мәміле институционалдық инвестордың тапсырысы бойынша жасалса, онда ол
көтерме мәміле деп, ал жеке инвестор үшін жасалса, бѳлшек мәміле деп
аталады. Көтерме мәмілеге келгенде институционалдык инвесторларға койылатын
кейбір шектеулерді ескеру кажет. Мысалы, бюджеттен тыс қорлар үшін мәміле
тек мемлекеттік бағалы қағаздармен ғана жасалуы тиіс, инвестициялық қорлар
бір эмитенттің бағалы қағаздарын сатып алуға өзінің жарғылық капиталының 5%-
інен артық жұмсауға болмайды және т.с.с. шектеулер болады.
Мәмілеге келуді ұйымдастыруга байланысты мәміле биржалық және биржадан
тыс деп те бөлінеді. Бұл мәмілелер - дереу орындалатын немесе мерзімді
мәміле болуы мүмкін.
Тауар, қор және валюта биржаларында мәміле жасасу тәртібі, олардың
түрлері және ерекпіеліктері
Тауар, қор және валюта биржаларында жасалган мәмілелердің барлығына тән
жалпы белгілері болуымен қатар, әрбір биржа мәмілелерінің өзіне тән
ерекшеліктері де бар.
Тауар биржасындағы мәмілелер алғашқыда нақты тауармен мәміле және нақты
тауарсыз мәміле (яғни фьючерстік, опциондық) болып екіге бөлінеді (13.7-
сурет).
Өз кезегінде нақты тауармен мәміле дереу жеткізу мәмілесі және жеткізу
мерзімі ұзартылған болып бөлінеді. Дереу жеткізу мәмілесі биржа
қоймасындағы немесе жолдағы тауарга жасалады, сондықтан оны колма-қол
жасалатын мәміле деп те атайды. Мұндай мәмілелер сатып алу-сату шартымен
рәсімделеді.
Олардың мақсаты - физикалық тауардың сатушыдан сатып алушыға өтуі.

Жеткізу мерзімі ұзартылған мәміленің дереу жеткізу мәмілесінен
айырмашылығы көп.
Біріншіден, бұл қоймада бар тауарға да жасалатын, сондай-ақ жеткізу
мерзіміне қарай болашақта өндірілетін тауарға да жасалатын мәміле.
Екіншіден, оны орындау мерзімі бекіту мерзіміне сай келмейді, әдетте
бұндай мәмілелер бір жылдан аспайтын мерзімге бекітіледі.
Үшіншіден, жеткізу шартымен рэсімделеді, яғни сатушы тауарды сатып
алушыға бекітілген мерзімде жеткізіп беру үшін өзіне міндеттеме алады, ал
сатып алушы шарт бойынша тауарға төлем төлеуге және тауарды қабылдап алуға
міндеттенеді.
Жеткізу мерзімі ұзартылған мәміле немесе форвардтық мәміле қауіпті,
яғни тәуекелі жоғары деп саналады, себебі бір жақтың мәмілені орындауды
кешіктіруінен немесе орындамауынан сатушы да, сатып алушы да зиян шегуі,
яғни шығынға үшырауы мүмкін.
Осы мәмілеге байланысты тәуекелді төмендету үшін биржалық тәжірибеде
форвардтық мәміленің басқа да түрлерін пайдалануға болады.
Алғашқыда мәміленің орындалуын қамтамасыз ететін кепілдікпен мәміле
пайда болды. Кепілдікті бір жак екін-ші жактың алдында міндеттемесін
орындайтынын сендіруі үшін төлейді. Сондықтан сатып алуға кепілдікпен
мәміледе ақы төлеуші - сатып алушы, ал сатуға кепілдікпен мәміледе төлеуші
- сатушы.
Форвардтық мәміленің келесі түрі - сыйақымен мәміле. Сыйақы төлеушіге
не мәмілені орындауды талап етуге, не мәміледен бас тартуға мүмкіндік
береді. Сыйақыны сатушы да, сатып алушы да төлеуі мүмкін. Сыйакьшен мәміле
қосарланған мәміледе де болуы мүмкін. Онда төлеуші оны екі ece төлеп,
сатушы не сатып алушы позициясын алуға құқылы. Бұндай мәмілелер дилерге
тиімді деп есептеледі.
Сыйақымен мәміле күрделі де болуы мүмкін. Онда төлеуші қарсы екі
мәмілені біріктіреді, яғни сыйақыны өзінің екі контрагенті төлейді. Ол
біреумен сатып алу мәмілесін, ал екіншісімен сату мәмілесін жасасады.
Еселенетін сыйақымен мәміле - бір жақтың сыйақы төлеп, мәміледегі
тауардың санын бірнеше ece көбейтуге жасасқан шарты.
Қор биржасындағы мәміле бекіту тәртібі 13.8-суретте өрнектелген.
Қор биржасына жеке корпорациялардың, мемлекеттік органдардың және шет
елдердің бағалы қағаздары (әдетте, тек акциялар мен облигациялар) айналысқа
түседі. Айналымдағы шетелдік қағаздардың құрылымы мемлекеттер бойынша
ажыратылады. Мысалы, қай мемлекеттен қанша бағалы қағаз айналымға түсетіні
алдын ала анықталады. Францияға Караганда АҚШ-тың, ГФР-дың және Жапонияның
биржалық операцияларында мемлекеттік бағалы қағаздар мөлшері өте көп емес.
Биржа комитетінің шешімі бойынша биржа айналымына, әлбетте, ipi
корпорациялардың бағалы қағаздары түседі Мысалы, АҚШ-та егер корпорацияның
биржадан түсетін таза пайдасының төменгі шегі 1 млн доллардан кем болмаса,
сонда ғана ол корпорацияның бағалы қағаздары биржаға жіберіледі. Ол үшін
алдын ала биржа басқармасы кеңесінен келісім алып, оны бағалы қағаздар
операциясы комиссиясында тіркеуден өткізу керек.

Қор биржасындағы мәмілелер орындау мерзіміне қарай кассалык және
мерзімдік болып екіге бөлінеді. Кассалық мәміле дереу орындалады. Мысалы,
биржа залында дереу орындалса Т+0 немесе бекіткен соң 3 күннен кейін
орындалса Т+3 формуласымен өрнектеледі, бұнда T - мәмілені бекіткен уақыт.
Мерзімдік мәміле бойынша сатушы бағалы қағаздарды белгіленген уақытта
жеткізіп береді, ал сатып алушы мәміле шарты бойынша ақша төлеуге және
бағалы қағазды қабылдап алуға міндеттенеді.
Бағалы қағаздардың курсы әр түрлі болуы мүмкін. Онда кассалық бағасы
мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасынан өзгеше болады. Шын мәнінде
мерзімдік мәміленің айырмашылығы да қағаздың бағамында. Сондықтан мерзімдік
мәмілені алыпсатарлық мәміле деп те атайды. Алыпсатардың мақсаты -
биржадағы құндылыктардың (яғни бағалы қағаздардың) сатып алу-сату бағасы
арасындағы айырмасынан пайда табу.
Мерзімдік мәміленің көптеген түрі болады. Мәміле бойынша есептесу
бағасына байланысты екіге бөлінеді: мәмілені бекіту кезіндегі нарықтық баға
және орындалу кезіндегі баға. Олар: мәміле бойынша есептесу мерзіміне
байланысты да бѳлінеді: мәмілені орындау мерзіміне сай келетін белгілі бір
күннен кейін (егер орындау мерзімі бір ай деп белгіленсе, онда 1 наурызда
бекітілген мәміле 1 сәуірде орындалуы тиіс және т.с.с), сондай-ақ, мәміле
белгілі бір нақты айда бекітілуі мүмкін, онда оның орындалу мерзімі не
айдың ортасы, не соңы болуы керек (мысалы, наурыздың кез келген
жүлдызындағы мәміле сэуірде бекітілуі мүмкін, ал орындалу мерзімі не
сәуірдің 15, не сәуірдің соңғы жұлдызы).
13.9-суретте көрсетілгендей, мерзімдік мәміле түрлерінің бір-бірінен
түбегейлі айырмашылығы жоқ. Олар тек кейбір іс-әрекет варианттарымен
ерекешеленеді. Сондықтан, мерзімдік мәміленің барлық баска күрделі
түрлерінің негізі болатын жай көрінісіне тоқталып өтелік.
Мерзімдік мәміле бойынша есеп айырысу, жоғарыда айтылғандай, белгілі
бір келісілген уақытта, әлбетте, бір айдың ішінде, не айдың ортасында, не
аяғында өтеді. Бірақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздың бағамымен
жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның бағамы төмендеп кетсе
пайданы сатушы алады да, ал жоғарыласа сатып алушы алады.
Қор биржаларының тәжірибесінде ең көп тараған мысал бойынша, биржалық
мәмілеге қатысушыларды, яғни алыпсатушыларды аюлар және бұқалар деп
екіге бөледі. Сатып алушыларды бұндай сөздерге теңеу халық арасында кең
тараған өлтірілмеген аюдың терісін бөлу деген мәтелден таралған деседі.
Аюдың әдеті - табанымен таптау. Ал биржа ойынындағы қарсыласты бұқа деп
атау - жағымсыздың әдеті, карсыласын мүйізіне ілуден шыққан.

Сонымен биржадағы ойыншылар - аю бағалы қағаз бағамының төмендеуіне,
ал бұқа - оның жоғарылауына іс-әрекет жасап ойнайды.
Мерзімдік мәміле бойынша жасалған шартта акцияның бағамы, мѳлшері және
қандай мерзімге, қашан сатылатыны корсетіледі. Мерзімдік мәмілелер бекіту
механизміне қарай үш түрге, яғни тұрақты (немесе фьючерстік), шартты және
пролонгациялық (мерзімі ұзартылған) болып бөлінеді.
Тұрақты мәмілеге қатысушылар бағалы қағаздар бумасын белгілі бір
мерзімде сатқанда онда көрсетілген шарттар (бағалы қағаздардың түрі,
мөлшері және сату мерзімі) өзгермейтіндігі туралы өздеріне міндеттеме
алады. Сату және сатып алу кезінде тек буманың бағамы туралы өзара
келісіледі.
Тұрақты мәмілені фьючерстік мәміле деп те атайды. Себебі, мәміледе
көрсетілген шарттар белгілі бір мерзімге дейін өзгермейді, сондықтан мәміле
құжаты стандарт (ѳзгермейтін) түрде болады.
Ал шартты мәміле бойынша оған қатысушылардың бірі екіншісіне сыйлықақы
беріп, өз міндеттемесін орындаудан бас тартуына құқығы бар. Олардың мақсаты
- биржа операциясы кезінде бағалы қағаздар курсының өзгеруінен келетін
шығыннан қорғану. Мәмілеге қатысушылардың әркайсысы және мәміленің шартынан
бас тарту құқығын қалай пайдалануы жөнінен де төрт түрге:
• алдын ала келісілген сыйлықақымен жасалатын мәміле;
• қайтарылатын сыйлықақымен жасалатын мәміле;
• опциондық мәміле;
• стеллаж больга бөлінеді.
Алдын ала келісілген сыйлықақымен жасалатын мәміле бойынша сатып алушы
сатушыға белгілі бір сома сыйлыкақы төлеп, бағалы қағаздарды алудан бас
тартуға құқылы. Әрине, ол құқығын бағалы қағаз бағамының (курсы) ѳсуіне
күмәнданған жағдайда пайдаланады.
Мысалы, сатып алушы (бұқа) 1ІІ-де акцияны 300$-дан сатып алады және
оған коса 17ІІ-де төлейтін келісілген сыйлық-ақыны да (6$) береді. Ал 17П-
де акцияның бағамы төмендеп, бағалы қағаз 292$ құрайды. Бірақ осыны
есептеген бұқа алдын ала 6$-ды төлеп қояды да, қағаз курсы бойынша
айырмасын (8-6)=2 долларды өзіне қалдырады.
Қайтарылатын сыйлықақымен жасалатын мәміле алдын ала келісілген
сыйлықақымен жасалатын мәмілеге үқсас. Сыйлықақы алмау құқығы сатушыда
болады. Мысалы, егер 1711-де акция бағасы 308$ болса, онда сатушы (аю)
6$ сыйлықақы төлеуді тиімді санап, оны алмайды, бағалы қағаздың курсындағы
8$-ды алады.
Ал опцион - мерзімдік мәмілеге кіргізілетін талап. Ол бойынша екі
жақтың біріне мәміленің кейбір, қарама-қайшы талаптарының бірін таңдау
немесе оның алғашкы ережесін өзгерту құқығы беріледі. Мысалы, бағалы
қағаздың курсының төмендеуіне ойнаушы (аю) 1ІІ-де курсы 300$ болатын
акцияны сату құкығын өзіне сатып алады да, 17ІІ-ге дейін әр акция бойынша
4$-дан тѳлейді. Егер акция курсы 296$-дан томен болса, онда аю өз құқығын
пайдаланып, айырмасын ѳзі алады. Ал қағаз курсының жоғарылауына ойнаушы
бұқа 4$ болатын құқықты өзіне алып, 17Н-ге дейін эр акция бойынша курсы
300$-дан акция сатып алады. Егер курс 304$ болса, ол ѳз құқығын пайдаланып
жеңіп шығады.
Ал стеллаж, пролонгациялық, репорт, депорт мәмілелері де
алыпсатушылардың бағалы қағаздардың курсын өзгерту арқылы пайда табу
ойындары.
Стеллаж - бағалы қағаздар бойынша мерзімдік мәміленің түрі, мұнда екі
жақтың бірі (стеллажды сатып алушы) мәміле мерзімі басталғанда сатушы мен
сатып алушы жағдайының бірін таңдау құқына ие болады.
Пролонгациялық мәміле - бағалы қағаздар бойынша жасалатын мәміленің
түрі немесе бағалы қағаздар нарқының өзгеруіне карай ecen айырысудың
мерзімін кейінге қалдыру. Бұл, әдетте биржалық алыпсатарлар колданатын
мәміле. Егер нарық конъюнктурасы олардың жоспарына сай келмесе, онда
кассалық мәміленің орындалу мерзімін үзартады. Сондықтан бұл мәміле
кассалық және биржалық мерзімдік мәмілелердің, оған коса, биржадан тыс
мәмілелердің косындысы болып есептеледі.
Репорт- мерзімдік мәміленің түрі, мұнда бағалы қағаздың иесі (биржа
іскері, коммерциялық банк) оларды белгілі бір уақыттан кейін жаңа, неғұрлым
жоғары бағаммен (курспен) сатып шығуға міндеттеніп, банкке сатады. Сату
бағамы мен сатып алу бағамының арасындағы айырма да репорт деп аталады.
Депорт - оған белгілі бір мерзімнен кейін төмен курспен кері сату
шартымен бағалы қағаздарды сол күнгі курс бойынша сатып алу тән.
Сонымен, кор биржаларындағы алыпсатарлық мәмілелер -биржа нарығының
өтімділігін күшейтетін қажетті талаптар немесе биржалардың өз
міндеттемелерін дер кезінде орындау кабілетін арттыратын шаралар.
Қор биржасы акционерлік қоғамдардың жұмысын қадағалап, оны көрсетіп
отыратын анықтаушы тәрізді. Бағалы қағаздар курсының ұзақ уақыт бір қалыпты
төмендеуі инвесторларға (салым иесі - ол жеке тұлға, ұжым немесе мемлекет)
бұл қоғамда істің мәз емес екендігін аңғартып, оған инвестиция салуды
тежеп, тіпті бұл қоғамның акцияларын сата бастауды меңзейді. Ал бағалы
қағаздың курсы жоғарыласа, ол керісінше жағдайды, яғни инвесторлардың осы
қоғамның бағалы қағаздарын сатып алуына қызығушылығын арттырады. Акция
курсының төмендеуі қоғамның банк несиесін алу мүмкіндігін, сонымен қатар
жаңа акциялар эмиссиясын қиындатады, яғни бұл акцияларға сұраныс болмайды.
Ал, керісінше жағдайда, егер биржада акция курсы жоғары болса, акционерлік
қоғамның бағалы қағаздардың жаңа серияларын шығару, оны сату және оның банк
несиесін алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Биржадағы акция курсының динамикасы (баға қозғалысы) - акционерлік
қоғамның қаржы жағдайын жақсартатын немесе нашарлататын маңызды фактор.
Экономикасы дамыған елдерде эр акционерлік қоғамның акция курсының
қозғалысы баспасөзде жарияланып тұрады. Бұндай мағлұматтар акционерлердің
өз қолындағы акцияларының бағамын олардың қазіргі таңдағы курсымен
салыстырып, акцияның жаңа бумасын сатып алу немесе бұрынғысын сату, не
болмаса өзінде қалдыру туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Валюта биржасындағы мәмілелер кассалық (немесе спот мәмілесі) және
мерзімдік (форвард мәмілесі) болып бөлінеді (13.10-сурет).
Спот мәмілесі бойынша, мәмілені бекіту мен оны орындау мерзімдері сай
келеді. Бұндай мәміледе валюта бірден, әдетте, мәмілені бекіткеннен кейінгі
екі жұмыс күнінен кешіктірмей төленеді. Бұл мәміленің қызықтыратыны сатып
алушы өзіне қажетті валютаны, ал сатушы ақшаны, яғни отандық валютаны қажет
мерзімде ең аз тәуекелмен алады.

Валютамен мерзімдік мәміленің мәні бундай мәміледе оны бекіту уақыты
мен орындау мерзімі сай келмейді. Сондыктан сатушы сатып алушыға келісілген
мерзімнен кейін (әдетте, бір жылда) валютаны беруге, ал сатып алушы ол үшін
ақша төлеп және валютаны кабылдап алуға өзіне міндеттеме алады.
Валютамен мерзімдік мәміленің екі түрі бар: жай мерзімдік мәміле және
своп мәмілесі. Жай мерзімдік мәміледе қатысушылар сатып алу (сату)
бағамын алдын ала белгілейді, оны форвард бағамы деп атайды. Оның негізін
спот мәмілесінің бағамы құрайды. Спот бағамының репорт немесе ажио деп
аталатын үстемесі немесе депорт немесе дизажио деп аталатын жеңілдігі бар.
Спот мәмілесін жиі айырбастау мәмілесі деп те атайды. Себебі ол бір
валютаны әрі сатып алу, әрі сатудың тәсілі. Своп мәмілесі әрі кассалық,
эрі мерзімдік мәмілелерді бірдей қамтуы мүмкін (яғни своп мәмілесінің
негізінде сатып алу жүрсе, ал мерзімдік мәміле бойынша сату жүргізіледі)
немесе әртүрлі уақытта орындалатын екі мерзімдік мәмілені бірдей қамтиды.
Валюта биржасында мәмілеге келу жағдайын 13.11-суреттегідей өрнектеуге
болады.

Қорыта айтқанда, биржада бекітілген мәмілелер биржапық шартпен
(құжатпен) рәсімделеді. Оны не биржа, не болмаса оған құқығы бар биржалық
саудаға кәсіби қатысушы тіркеуден өткізеді.

БИРЖАЛЫҚ МӘМІЛЕЛЕР БОЙЫНША КЛИРИНГ
ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ
Клиринг және eceп айырысудың мәні мен қызметі
Клиринг жалпы алғанда ѳзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу
деген ұғымды білдіреді. Ал биржалық клиринг - биржалық саудага қатысушылар
арасында биржалық активті кім, кімге және ол үшін қандай мерзімде ақша
төлеп және жеткізіп беру негізінде туындайтын ѳзара талаптар мен
міндеттемелерді есепке алу.
Ecen айырысу деген биржалық клиринги айқындау кезінде туындаған
міндеттемелерді орындау процесі. Оның нәтижесінде шарт талаптарына сай
биржалық мәміле объектісін (мысалы, бағалы қағаз) сатушыдан сатып алушыға
беру, сондай-ақ сатып алушының сатушыға берген ақшалы есептесуі
жүргізіледі. Қазіргі нарықтық сауданы ұйымдастырудан клиринг және ecen
айырысудың қажеттілігі туындайды.
Нарықтық операцияның ең жай түрі үш құрамдас бөліктен тұрады:
сатушы мен сатып алушының арасында мәмілені (ауызша немесе жазбаша)
бекіту;
мәміле бойынша бағаны шығару (мысалы, тауар бағасын оның санына көбейту
және барлық мәміленің бағасын (құнын) анықтау);
шартты орындау.
Әдетте, жай мәмілені бекіткенде екі жақ делдалсыз өздері тікелей
кездеседі. Қазіргі биржа нарығында бұндай жағдай сирек кездеседі, сатып
алушы мен сатушыны ѳзара байланыстыратын буын - биржалық делдалдар.
Сөйтіп, қазіргі биржалык мәміледе оның құрамдас бөліктері бір-бірінен
оқшауланып тұрады:
• бұрынғыдай шарт алғашқы сатушы мен соңғы сатып алушы арасында
емес, клиенттер мен биржалық делдалдар арасында бекітіледі;
• мәміле бойынша бағаны шығару клиринг процесінде ұйымдастырылады;
• мәмілені орындау (аяқтау) есеп айырысу деп аталатын процесте
жүргізіледі.
Клиринг және есеп айырысудың қазіргі биржалык жүйесі алдын ала жасалған
төмендегі алғы шаралардың нәтижесі.
Біріншіден, ол уйлесімді технологиялық мүмкіндіктердің бо-луынан. Атап
айтқанда:
а) кеңістік факторын жеңу және ақпаратты беретін уақытты қысқарту үшін
жылдам тарататын жаһандық байланыс жүйесінің болуынан;
ә) биржалык және косымша ақпараттың өте үлкен көлемін өңдеу үшін, яғни
есептесудің электрондық жүйесін құрудан және мәліметтер базасын сақтаудан;
б) ақша қаражатын шапшаң, әрі қатесіз аудару үшін есеп айырысудың
ұлттық және халықаралық банк жүйесінің болуынан.
Екіншіден, клиринг және есеп айырысу үшін Клирингтік (есеп айырысу)
палатаны, депозитарийді, реестр ұстаушыларды және с.с. маманданған ұйымдар
мен биржалық құрылымдарды құрудан.
Үшіншіден, клиринг және есеп айырысу механизмін құрып, оны үнемі
жетілдіруден.
Биржалық клиринг пен есеп айырысудың негізгі қызметтерін былайша
топтастыруға болады:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биржалық шарттың ережелері
Тауар биржасының мүшелері
Тауар биржасының қызметі
Биржа түрлері
Шетелдің банктер мен қор биржалары
Биржаларда сатып алу – сату шарттары
Мәмiленiң жазбаша түрi
Қазақстанда валюталық операцияларды жүргізу ерекшіліктері
Мәміле туралы ұғым
Мәмілелер
Пәндер