ҚМГ-Астана жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлем қабілеттілігінің ерекшеліктері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстандағы кәсіпорындардың төлем қабілеттілігі мен қаржылық көрсеткіштерін жақсарту жолдары

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығы сипатының экономикалық мәні мен мазмұны . . . 5

1. 1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілік түсінігі . . . 5

1. 2 Төлем қабілеттілік кәсіпорын тұрақтылығының белгісі ретінде . . . 16

2. «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайының сипаты, қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеттілігінің 2010-2012 жылдар аралығына талдау . . . 22

2. 1 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қалыптасуы мен қаржылық сипаты . . . 22

2. 2 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлем қабілеттілігінің ерекшеліктері . . . 24

3. Қазақстандағы кәсіпорындардың төлем қабілеттілігі мен қаржылық көрсеткіштерін жақсарту жолдары . . . 27

3. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын баланс активтерін талдау арқылы жақсарту . . . 27

3. 2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жақсарту . . . 28

Қорытынды . . . 32

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 34

ҚосымшА . . . 35

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президентінің өз еліне «Қазақстан-2030» Жолдауында біздің мемлекетіміздің дамуының соңғы мақсаты - бұл экономикалық өрлеу, ал экономикалық өрлеудің басымдығы бүгін, ертең және келесі отыз жылдың ішінде ең маңыздылардың бірі болатыны нақты айтылған. Бұл мақсатқа жетудегі елеулі рольді «тек экономикалық өрлеуге ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа кіруіне әсер ететін ақпарат атқарады» (1) .

Нарықтық жағдайға көшу кәсіпорындардын өндіріс тиімділігін, өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Еліміз нарықтық қатынастарға өткеннен кейін кәсіпорындардың дербестігі мен олардың экономикалық жене құқықтық жауапкершілігі жоғарылауда. Шаруашылық субъектілердің қаржылық тұрақтылығының маңызы артуда. Мұның бәрі кәсіпорынның қаржылық жағдайын, яғни ақша құралдарының басқарылуы, бөлінуін жене қолданылуының талдау рөлін жоғарылатады.

Кәсіпорындар қаржылары жалпы қаржылық қатынастардың бөлігі бола отырып, халық шаруашылығының әртүрлі салада жұмыс істейтін кәсіпорындарда табыстың пайда болуы, пайдалануы және бөлінуі процесін бейнелейді және кәсіпкерлікпен тығыз байланыста болады, өйткені кәсіпорын кәсіпкерлік қызметтің нысаны болып табылады.

Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.

Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылатын кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын болжау мен талдау әдістері нарықтық экономикасы дамуынан артта қалып отыр. Бухгалтерлік жыне статистикалық есеп берулерге кейбір өзгерістер кіргізілуіне қарамастан ол жалпы түрде нарықтық жағдайларда кәсіпорынды басқару қажеттіліктеріне сай келмейді, өйткені бізге мәлім кәсіпорынның есеп беруі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалауға арналған бөлек нысан немесе арнайы бөлімді кіріктірмейді. Кәсіпорынның қаржылық талдауы факультативті жүргізіліп және қажетті болып табылмайды.

Сондықтан менің жұмысымның мақсаты - қаржылық-экономикалық тұрақтылықтың негізгі элементтері ретінде нарықтық жағдайындағы қаржылық-экономикалық қызметтің жалпы талдауының құрамдық бөлігі болып табылатын ликвидтілік пен төлемқабілеттілікті талдау.

Қаржылық жағдай кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру қабілетімен түсіндіріледі. Ол кәсіпорынның тұрақты қызмет етуіне қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуімен, олардың тиімді қолданылуымен, басқа заңды және жеке тұлғалармен қаржылық қатынастармен, төлемқабілеттілік пен қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер алға қойылады:

  • «ҚМГ-Астана» ЖШС-ң баланс активтерінің құрамы мен құрылымын талдау;
  • баланс өтімділігін талдау;
  • серіктестіктің төлем қабілеттілігі мен несиеге қабілеттілігін талдау.

Жоғарыда айтылып өткен мәселелерді шешу үшін келесі мәліметтер қолданылды:

  • «ҚМГ-Астана» ЖШС-ң Жарғысы;
  • «ҚМГ-Астана» ЖШС-нің 2010 жылдан 2012 жылға дейінгі бухгалтерлік есебі;

Бұл курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық жағдайы теориялық негіздері қарастырылған. Қаржылық жағдайдың мәні мен оны талдаудың мақсаттары, оны талдауды неден бастаған жөн, төлемқабілеттілік, несие қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық сияқты түсініктер жайында жазылған.

Жұмыстың екінші бөлімінде «ҚМГ-Астана» ЖШС-нің негізгі қызмет барысы сипатталған. Сонымен қатар қаржылық жағдайды сипаттайтын негізгі көрсеткіштер талданған. Олардың ішінде кәсіпорынның жылдық балансы, пайдасы мен шығындары, рентабелділігі, қаржылық тұрақтылық коэффиценттері мен өтімділік көрсеткіштері қарастырылған. Талдау барысында қаржылық көрсеткіштердің өзгерісі қандай себептерге байланысты екендігі қарастырылған.

Соңғы бөлімде екінші бөлімде пайда болған негізгі мәселелерді шешу жолдары ұсынылған. Сонымен қатар бұл бөлімде ұйымның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін көтеретін шарттар негізіндегі жолдар да ұсынылған.

1. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығы сипатының экономикалық мәні мен мазмұны

1. 1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілік түсінігі

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.

Арнайы есептік-талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау жөніндегі әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, О. С. Ефимова (12) төлем қабілеттілігі: «кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттелегін түсіну қабылданған», - деп жазады. «Фирманың қызметін қаржылық талдау» (10) кітабының авторлары осы көзқарасты ұстайды.

«Төлем қабілеттілігін, - деп жазады олар, - компанияның ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды».

Басқа авторлар төлем қабілеттілігі деп кәсіпорынның тек қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді. Осылай, «Шаруашылық қызметті талдау» оқулығының авторлары «Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу қабілеттілігі түсіндіріледі» деп есептейді. Бұл түсінікті М. Н. Крейнина толығырақ баяндайды. «Төлем қабілеттілігі, - деп жазады ол, - бұл кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы». Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем қабілеттілігі - бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы (13) .

Профессор В. В. Ковалев төлем қабілеттілігі деп оның «қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша есеп айырысуды уақытында және толығымен жүргізу қабілеттігін» түсінеді (8) . «Төлем қабілеттілігі, - деп жазады ол, - кәсіпорынның жедел өтеуді талап ететін кредиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуға жеткілікті ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерінің болуы» (8) . Соңғы түсінікпен келісетін профессор И. Т. Балабановтың анықтамасы. «Төлем қабілеттілігі - бар ақша сомасының белгілі бір мерзімді жедел төлемдердің сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігің коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті арқылы бірден үлкен немесе тең болса, онда бұл шаруашылық жүргізуші субъект төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының жетіспеуі себептерін анықтау керек» (14) .

Қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы болса да, бұл түсінікті профессор А. Д. Шеремет (6) басқаша ашып көрсетеді. Ол «кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп өз уақытында техника және материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қабілеттілігі түсіндіріледі» деп жазады. Төлем қабілеттілігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор В. П. Кондраков береді. Оның пікірінше «төлем қабілеттілігі - бұл кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі». Бұл жағдайда міндеттеме - бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу міндеті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімінің өтуіне байланысты, қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін. Және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді қарыздардың бір бөлігін қысқа мерзімді қарыздарына жатқызу керектігін есептеу біздің ойымызша дұрыз, себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер шоьының Бас жоспары «несиелер» 60 бөлімшесінің 601-603 синтетикалық шоттарының әр түрлі субшоттарында ескеріледі. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.

Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақша айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.

Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндалақтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.

Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезінде оның өндірісітік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды өтеуге кетті.

Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарызды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.

Ағымдағы төлем қабілеттіліг баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.

Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.

Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффициент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.

Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлдеқайда тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар: банктің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді. Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.

Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.

Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем қабілеттілігінің коэффициенті анықталады, кредиторлармен, банкпен, қаржылық және басқа органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін шаралар жасалады. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері, банк көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалады. Мұндай есептер күнделікті немесе 3-5 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында жүзеге асырылуы мүмкін Есептеудің мерзімділігі кәсіпорын төлем қабілеттілігіне байланысты. Егер тұрақты болса, есептесу сирек, ал егер тұрақсыз болса жиі жүргізуге болады. Ағымдағы жедел төлемқабілеттілікті анықтау үшін «ҚМГ-Астана» ЖШС-ң төлеу мерзімі келген төлем құралдары мен қарыздары жөнінде келесі бастапқы ақпаратты мысал ретінде (2012 ж. ) қарастырайық:

Мың тг.

1. Төлеуге жабдықтаушылардың шоттары 0

2. Мүлікті сақтандыру бойынша берешек 0

3. Есеп шотта қалған қаржылар 58318

4. Сатуға қойылған қысқа мерзімді бағалы қағаздар 0

5. Өтелуге банктың қысқа мерзімді несиесі 0

6. Төлеуге көрсетілген мердігерлік құрылыс мекемесінің шоттары 0

7. Төлеуге жататын сатып алушылардың шоттары 4643

8. Төлеуге жабдықтаушыларға берілген вексельдер 0

9. Өткізілген негізгі қорлар үшін түсуге қаржылар 0

10. Басқа ақша құралдарынаң түсуі 1960

11. Бюджетке салықтар және басқа төлемдер бойынша берешек 1314

12. Еңбекке ақы төлеу бойынша берешекті төлеу мерзімі келді 0

13. Еңбекке ақы төлеу бойынша салықтар мен аударымдар бойынша

берешек 1958

14. Түсуге өткізілген керексіз материалдар үшін қаражат 0

15. Еңбекке ақы төлеу бойынша депонеттік берешек 0

16. Кассада қалған ақшалай құралдар 1850

17. Түсуге дебиторлық берешек 9012

18. Мерзімі өткен шоттар бойынша сатып алушылардан түсімдер 0

*Ақпарат көзі: «ҚМГ-Астана» ЖШС-ң 2012 жылғы баланс көрсеткіштері.

Осы ақпарат негізінде төлем құралдары мен мерзімді міндеттемелерді анықтайық (1-кесте) .

Берілген ақпарат зерттеліп отырған уақытта серіктестік өз берешектерінің 100%-н (390390:387341) төлей алатынын көрсетеді. Берешектердің барлығы төленіп, өз алдына мерзімі өткендердің қатарын туғызбайды, бұл айыппұл санкцияларын төлеуге және кәсіпорынның шығындалуына әкелуден сақтайды.

Ағымдағы төлем қабілеттілігін талдау кезінде сандық көрсеткіштерден басқа, сапалық сипаттамаларын білу керек.

Қаржылық икемділік кәсіпорынның алдын ала болжамаған жағдайларға байланысты ақша қаражатының түсуі кезінде кездейсоқ үзілістерге қарсы тұру қабілеттілігімен сипатталады. Бұл өзгермелі жағдайға төтеп беру үшін әр түрлі көздерден қарыз алу, акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату, қайта орналастыру, кәсіпорын қызметінің деңгейі мен сипатын өзгерту дегенді білдіреді.

1-кесте Кәсіпорынның төлем құралдары мен мерзімді міндеттемелері

Төлем құралдары

Сомасы,

мың тг.

Мерзімді міндеттемелер

Сомасы,

мың тг.

Төлем құралдары: 1. Есеп-шоттағы қалған қаржылар
Сомасы,мың тг.: 58318
Мерзімді міндеттемелер: 1. Мүлікті сақтандыру бойынша берешек
Сомасы,мың тг.: 0
Төлем құралдары: 2. Бағалы қағаздар
Сомасы,мың тг.: 0
Мерзімді міндеттемелер: 2. Жабдықтаушылар шоттарының төленуі
Сомасы,мың тг.: 4643
Төлем құралдары: 3. Сатып алушылардың төлеуге жататын шоттары
Сомасы,мың тг.: 0
Мерзімді міндеттемелер: 3. Банктің ұзақ мерзімді несиелерінің өтелуі
Сомасы,мың тг.: 47142
Төлем құралдары: 4. Өткізілген негізгі қорлар үшін түскен қаржы
Сомасы,мың тг.: 0
Мерзімді міндеттемелер: 4. Мердігерлік құрылыс мекемелерінің шоттарының төленуі
Сомасы,мың тг.: 0
Төлем құралдары: 5. Басқа ақшалай құралдардың түсуі
Сомасы,мың тг.: 1960
Мерзімді міндеттемелер: 5. Басқа қысқа мерзімдік міндеттемелер
Сомасы,мың тг.: 266029
Төлем құралдары: 6. Өткізілген материалдар үшін қаржылардың түсуі
Сомасы,мың тг.: 0
Мерзімді міндеттемелер: 6. Бюджетке берешектің төленуі
Сомасы,мың тг.: 1314
Төлем құралдары: 7. Кассада қалған ақшалай құралдар
Сомасы,мың тг.: 1850
Мерзімді міндеттемелер: 7. Жұмысшылар мен қызметкерлерге ақы төлеу
Сомасы,мың тг.: 1958
Төлем құралдары: 8. Дебиторлық берешектің түсуі
Сомасы,мың тг.: 328265
Мерзімді міндеттемелер: 8. Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
Сомасы,мың тг.: 62857
Төлем құралдары: 9. Мерзімі өткен дебиторлық берешектің түсуі
Сомасы,мың тг.: 0
Мерзімді міндеттемелер: 9. Басқа міндетті және міндетті емес төлемдер бойынша міндеттемелер
Сомасы,мың тг.: 3398
Төлем құралдары: Барлығы
Сомасы,мың тг.: 390390
Мерзімді міндеттемелер: Барлығы
Сомасы,мың тг.: 387341
Төлем құралдары: Төлем құралдарының мерзімді міндеттемелерден артып кетуі
Сомасы,мың тг.:
Мерзімді міндеттемелер:
Сомасы,мың тг.: 3049
Төлем құралдары: Баланс
Сомасы,мың тг.: 390390
Мерзімді міндеттемелер:
Сомасы,мың тг.: 390390

*Ақпарат көзі: «ҚМГ-Астана» ЖШС-ң 2012 жылғы баланс көрсеткіштері.

Ақша қаражатын қарызға алу қабілеттілігі әр түрлі себептерге байланысты тез өзгеруге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен, тұрақтылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдаймен, капиталдың құрамы және құрылымымен анықталады.

Көбіне ол несие нарығының өзгеру бағыттары мен жағдайы сияқты сыртқы факторларға тәуелді. Несие алу қабілеттілігі ақша қаражаты керек жағдайда және кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін қажет кезде маңызды. Алдын ала келісіммен қаржыландыру немесе ашық несие желілері (кәсіпорын белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір жағдайларда ала алатын несие) - потенциалды қаржыландыруға қарағанда, керек езде алудың сенімді көздері. Кәсіпорынның қаржылық икемділігін бағалау кезінде оның вексельдері, облигацияның және артықшылықты акцияның рейтингі, активті сатудың шектілігі, шығынның кездейсоқтық дәрежесі, ереуіл, сұраныстың төмендеуі және жабдықтау көздерінің жойылуы сияқты, өзгермелі жағдайларға тез бейімдеушілік қабілеттілігі есепке алынады.

Ағымдағы (қысқа мерзімді) төлем қабілеті өте тар түсінік, себебі оны болашақта қолдану мүмкін емес.

Кәсіпорынның перспективті (ұзақ мерзімді - бір жылдан аса) төлем қабілетін бағалау үшін өтімділікиің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет айналымын, ал бөлоімінде - осы кезеңдегі ағымдағы міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға болады. Бұл есепте алымы баланс жасау мерзіміндегі емес белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын көрсетеді.

Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қолданылатын басқа да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу қабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта кәсіпорынның негізгіқызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының жеткіліктілігі мен оның капиталға айналдыру коэффициенттері талданады. Ақша қаражатының жеткіліктілік коэффициенті (Каж) кәсіпорынның күрделі шығындары, айналым қаражатының өсуі немесе девидендтерді төлеуді жабу үшін табыс табу қабілеттілігін көрсетеді.

Циклділіктің және басқа кездейсоқтың әсерін жою үшін, бөлшектің алымы мен бөлімінде бес жыл ішіндегі мәліметтер алынады.

Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

Каж = Өнім өткізуден түскен табыс/(Күрделі шығындар+Дивиденд төлеу+Айналым қаражатының өсуі)

1-ге тең ақша қаражатының жеткіліктілік коэффициенті кәсіпорынның сыртқы қаржыландыруға жүгінбей қызмет істей алатынын көрсетеді. Егер бұл коэффициент 1-ден төмен болса, онда кәсіпорын өз қызметінің нәтижесі есебінен дивиденд төлеуге және өндірістің қазіргі деңгейін қолдауға қабілетті емес.

Каж кәсіпорынның қаржылық қажеттілігіне инфляцияның әсерін, сонымен қатар талдауды тереңдету бағыттарын көрсететінін ескеру керек.

Ақша қаражатының капиталға айналдыру коэффициенті (Ккс) кәсіпорын активіндегі инвестиция деңгейін анықтауда қолданылады және келесі формула бойынша есептеледі:

Ккс = (Өткізуден түскен табыс-төленген дивидендтер) /(алғашқы құны бойынша негізгі құралдар+инвестициялар+басқа активтер+меншікті айналым капиталы)

Ақша қаражатын капиталға айналдыру деңгейі 8-10% шегінде жеткілікті болып саналады.

Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.

Үш көрсеткіш жиі қолданылады:

  1. абсолютті өтімділік коэффициенті;
  2. аралық өтеу (жабу) коэффициенті;
  3. жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.

Абсолютті өтімділік коэффициенті (жеделдік коэффициенті) ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.

Осы көрсеткіштің дұрыс шектелуі келесі түрде болады:

К а. ө. ≥ 0, 2÷0, 5

Бұл - ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі. В. П. Палий бұл коэффициенттің мәні 0, 2-0, 25-тен жоғары болуы керек деп санайды (15) .

Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.

Айналым қаражатының өтімді юөлігінің (яғни тауарлы-материалдық қорларды есептемегенде) ағымдағы міндеттемелерге қатынасын ашып көрсететін бір көрсеткіштің есебі айналым құралдарының жеке категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығы
Азаматтардың құқық қабілеттілігі
Азаматтық құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік
Кәсіпорынның банкроттығын диагностикалау және бейдағдарыстық бағдарламаны әзірлеу
Өндірістің қaржылық тұрaқтылығын тaлдaу жәнe жeтілдіру жoлдaры
«АСМЕЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыру - экономикалық сипаттамасы
Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
Корпоративтік басқарудың жапондық моделі
Шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттары
Заңды тұлғаның ұғымы, түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz