Темірбанк АҚ − ның 2007, 2008 және 2009 жылдарындағы баланс активтерінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе 3

І Коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің екінші буыны 5

1. 1 Қазақстан Республикасының коммериялық банктері және олардың экономикадағы рөлі мен қызметі 5

1. 2 Коммерциялық банктердің капитал құруы мен

оны орналастыруы 16

ІІ «Темірбанк» Акционерлік қоғамының актив және

пассив операциялары 26

2. 1 «Темірбанк» АҚ − ның 2007, 2008 және 2009 жылдарындағы

баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 26

2. 2 «Темірбанк» АҚ − ның 2007, 2008 және 2009

жылдарындағы баланс активтерінің құрастырылу көздерінің құрамы

мен құрылымының динамикасын талдау 29

Қорытынды 34

Қолданылған әдебиеттер тізімі 36

Қосымшалар

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Ұлттық банктен және мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, бірлескен және шетелдік банктерден немесе екінші деңгейдегі банктерден тұратын банк жүйесі бар. Коммерциялық банктер бұл банк жүйесінің екінші буынына жататын қаржы институттары болып саналады. Коммерциялық банктер − Ұлттық Банктің қызметке берген өкілдігі шегінде коммерциялық және шаруашылық операцияларды орындайтын коммерциялық ұйым. Ең алғаш «Коммерциялық банктер» негізінен алғанда саудаға, тауар алмасу операциялары мен төлемдерге қызмет көрсеткен банк дамуымен бірге пайда болды. Алайда өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуына байланысты банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастады, ол енді банктің «іскерлік» сипатын, қызмет тегіне қарамастан шаруашылық агенттерінің барлық әрекет түрлеріне көрсетуге бағытталғанын көрсетеді.

Коммерциялық банктің оны банк жүйесіне қосатын базалық функциялары бар, олар: депозиттерді қабылдау, ақша төлемдері мен есеп айырысуды қабылдау, несие беру. Депозиттік − ссудалық операцияларды орындай отырып, коммерциялық банктер барлық мүдделі жақтарға нақты пайда әкеледі, яғни коммерциялық банктер өз шаруашылық іс − әрекеттерінде салымшылардан, яғни уақытша бос ақша − депозит түрінде қабылдап, ақша − қаражатқа мұтаж тарапқа жоғарғы пайда нормасы бойынша белгілі бір пайызден береді. Осы жерде коммерциялық банк делдал ретінде қызмет көрсетіп, ең соңында қарыз пайызынан қалыптасқан қарыз капиталына ие болады. Өздерінің депозиттік және кредиттік операцияларымен олар уақытша бос қаржыны жұмылдырып, кредит түрінде береді, сөйтіп халық шаруашылығының ақшаға деген сұранысын қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралын жасап шығарады. Коммерциялық банктердің сирек қабілеттерінің бірі және оны өзге қаржы институттарынан айырмашылығы − ақшаны жасау мен жою болып табылады.

Коммерциялық банктердің қызметінің құқықтық нысанына негізгі банк заңнамасында қабылданған 1995 жылғы 30 наурызда қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы» Заңдары жатады. Коммерциялық банктер эмиссиялық (бағалы қағаздар шығаратын) және эмиссиялық емес, сонымен қатар әмбебап (бір немесе екі қызмет түрін жүзеге асыратын) және мамандандырылған (қызметтің көп түрін жүзеге асыратын) болып ерекшеленеді.

Банкті ашу, тіркеу және қызметін доғару тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы» Заң күші бар Жарлығы белгілейді. Қазақстан Республикасында банктер ашуға рұқсатты республиканың Ұлттық банкі береді. Рұқсат берген кезде Ұлттық банк операциялардың ауқымын белгілейді. Коммерциялық банктің ұйымдастырушылық құрылымында банктер өз филиалдары мен еншілес банктерін Қазақстан Республикасының аумағында, сондай − ақ шетелдерде Ұлттық банктің рұқсатымен құра алады.

Коммерциялық банктер қызметі экономиканы реттеу негізінде көрінеді. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер және олардың филиалдары, соның ішінде еншілес банктер мен бірлестіктері үшін экономикалық нормативтерді белгілейді. Бұл Ұлттық банктің реттеуші және бақылаушы функциялары.

Коммерциялық банктің пайда табуға бағытталған қызметі оның операцияларымен сипатталады: салым негізінде қор жинау (капитал қалыптастыру), оларды мақсатты бағыттары бойынша белгіленген пайызбен орналыстыру, сонымен қатар комиссиялық делдалдық операциялары.

Меншікті капитал − коммерциялық банктер ресурстарының қажетті бөлігі болып табылады. Меншікті қаражат банк қызметінің басында жарғылық қор түрінде қалыптасады. Банктің меншікті капиталы қатыстырылған капитал (90 %) және акциялық үлес негізінде қалыптасады. Банктің меншікті капиталының маңызы мен көлемі оның басқа мекемелерден ерекшелігін көрсетеді. Жеке тұлғалар − ҚР резиденттері (ҚР азаматтары) және жекеленген шектеулерді ескере отырып ҚР резидент еместері банк құрылтайшылары бола алады, мемлекет Үкімет арқылы ғана акционер әрі құрылтайшы бола алады, ал сондай − ақ облыстардың, Астана және алматы қалаларының әкімшіліктері Қазақстан Дамубанкінің акционерлері бола алады, жарғылық капиталының 50 % − дан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар банктің құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.

Курстық жұмыс ретінде «Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары» тақырыбын таңдау себебім − нарықтық экономика жағдайындағы қаржы − шаруашылық қызмет көрсетуші коммерциялық банктердің мемлекеттік несие және халықтың салымдары негізінде қор жинап, экономиканы және халықты несиелеудегі экономикалық мағынасын ашу.

Курстық жұмыстың өзектілігі − коммерциялық банктердің қаржы − шаруашылық қызметі барысында мемлекет тарапынан реттелуі және елдің банк жүйесіндегі екінші деңгейлі банк ретінде атқаратын функцияларынының маңыздылығы мен қызметі нәтижесінің экономикалық дамуға әсері.

Курстық жұмыстың мақсаты − коммерциялық банктердің кәсіпкерлік ісіне әсер етуші экономикалық тербелесітердің ықпалы және оларға бейімделе біліп, соның нәтижесінене өз коммерциялық қызметінен «ұтымды пайда» табу мақсатында жұмыс істейтін банктердің икемділік қасиетін анықтау . Мысал ретінде, «Темірбанк» АҚ − ның 2007, 2008 және 2009 жылдарындағы актив және пассив операциялары салыстырмалы түрде келтірілген.

І Коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің екінші буыны

1. 1 Қазақстан Республикасының коммериялық банктері және олардың экономикадағы рөлі мен қызметі

Несие жүйесінің төмеңгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде қаржы қызметінің кең ауқымын көрсететін дербес банк желісінен тұрады. Бұлар коммерциялық банктер деген жалпы атаумен банк заңнамасына сәйкес бірігетін коммерциялық, кооперативтік және жеке меншік банктер. «Коммерциялық банктер» термині банктер негізінен алғанда саудаға, тауар алмасу операциялары мен төлемдерге қызмет көрсеткен банк дамуының алғашғы кезеңінде пайда болды. Алайда өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуына байланысты банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастады, кейіннен банк атауындағы «коммерциялық» термині өзінің бастапқы мәнін жоғалтты. Ол енді банктің «іскерлік» сипатын, қызмет тегіне қарамастан шаруашылық агенттерінің барлық әрекет түрлеріне көрсетуге бағытталғанын анықтайтын болды [1, 20 бет] .

Коммерциялық банктер − нарықтық экономикадағы кәсіпкерлік практикасында нақты қаржы операциялары мен қызметтерінің көпшілігін орындайтын несие мекемелерінің ертеден келе жатқан ең бұқарашыл тобына жатады. Қазіргі таңда коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200 − ден астам түрлі қызмет түрлерін ұсынуға қабілетті. Операциялардың осынша кең әр тараптануы коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтап қалуға және қолайсыз деген коньюктураның өзінде де пайдаға шығаруға мүмкіндік береді. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығында коммерциялық банктер несие жүйесінің басты операциялық буыны болып саналуда, себебі олар ақша − несие нарығының құбылмалы жағдайларына жеңіл икемделе алады [2, 15 бет] .

Депозиттік − ссудалық операцияларды орындай отырып, коммерциялық банктер барлық мүдделі жақтарға нақты пайда әкеледі. Салымшылар өздерінің депозиттері айналым құралдары және өтімді активтер функциясын орындағаннан кейін пайыздық пайда әкелетінін кәдеге жаратады. Қарыз алушылар ссуданы ұзақ уақыт пайдаланады. Коммерциялық банктер өз шаруашылық іс − әрекеттерінде салымшылардан, яғни уақытша бос ақша − қаражаты бар тараптан төмеңгі пайда нормасы бойынша белгілі пайызбен салымдарын көбінесе депозит түрінде қабылдап, ақша − қаражатқа мұтаж тарапқа жоғарғы пайда нормасы бойынша белгілі бір пайызден береді. Осы жерде коммерциялық банк делдал ретінде қызмет көрсетіп, ең соңында қарыз пайызынан қалыптасқан қарыз капиталы түрінде жүйелі пайдаға кенеледі
[4, 10 бет] .

Коммерциялық банктің оны банк жүйесіне қосатын базалық функциялары бар, олар: депозиттерді қабылдау, ақша төлемдері мен есеп айырысуды қабылдау, несие беру. Коммерциялық банктер өз клиенттеріне ақшаны сақтаудың алуан депозиттер түріндегі оңтайлы формасын ұсынады, мұның өзі ақшаны сақталуын және клиенттің өтімділікке қатысты сұранысын қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін ақша сақтаудың мұндай формасы оны облигацияларға немесе акцияларға салудан әлдеқайда қолайлы болып табылады. Банк несиесі қаржы қызметтерінің неғұрлым икемі және көп жағдайларда теңдесі жоқ формасы болып табылады, ол нақты қарыз алушының сұраныстарын жұйелі түрде есепке алуға және оларға ссуда алудын шарттарын икемдеуге мүмкіндік береді [5, 135 бет] .

Коммерциялық банктердің сирек қабілеттерінің бірі және оны өзге қаржы институттарынан айырмашылығы − ақшаны жасау мен жою болып табылады. Бұл жерде ақша ретінде қолма − қол ақша ғана емес, сондай − ақ талап етілгенге дейінгі саламдар да жатады. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін үлкен маңызға ие. Егер коммерциялық банктер өздерінің ссудаларын жоғары пайда нормасы бойынша беретін болса халық шаруашылық ауқымында мұндай практика тиімсіз болар еді, себебі бір жағынан ірі ақша сомалары белгісіз уақытқа қозғалыссыз жатар еді де екінші жағынан бұл ақшаға деген зор қажеттілік байқалар еді . Коммерциялық банктер осы мәселені шешуде маңызды рол атқарады, ол коммерциялық банктің экономиканы реттеу негізінде көрінеді. Өздерінің депозиттік және кредиттік операцияларымен олар уақытша бос қаржыны жұмылдырып, кредит түрінде береді, сөйтіп халық шаруашылығының ақшаға деген сұранысын қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралын жасап шығарады. Дегенмен, өз қызметі барысында банктер ақшаның бір бөлігін жояды. Бұл біріншіден, клиент банкідегі есебінен қолма − қол ақша алғанда (ақшаның жалпы массасын өзгертпей), екіншіден, кредиттерді қарыз алушының есебінен сызу жолымен өтегенде жүзеге асырылады
[6, 120 бет] .

Өз қызметтерінде Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері мына принциптерді басшылыққа алады:

  • мерзімдері бойынша банк активтерінің құрылымына сәйкес келетін қолда бар ресурстар ауқымында жұмыс істейді, яғни қолда бар ресурстар қысқа мерзімді болып табылады, оларды активтерге салу да қысқа мерзімге болуға тиіс, себебі ссуданы өтеу, қайтару қамтамасыз етілмейді;
  • банктер экономикалық дербестікке ие болуға тиіс, яғни өз қаражатымен және тартылған ресурстармен еркін жұмыс істеуі керек, клиенттер мен салымшыларды еркін таңдауы керек, өз табысына еркін болуы керек. Тек осы жағдайларда ғана олар өз қызметінің нәтижесі үшін, өзіне тиесілі барлық қаражаты мен мүлкі арқылы өз міндеттемелері үшін жауап бере алады. Өз операцияларына қатысты барлық тәукелді банк өз мойнына алады;
  • коммерциялық банктердің өз клиенттерімен қарым − қатынасы кәдімгі нарықтық қатынастар сияқты құралады, олардың өлшемдері пайда, өтімділік, тәуекел болып табылады;
  • мемлекет банк қызметін тек жанама әдістермен ғана реттей алады. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының банк қызметінде кез келген формада араласуына тыйым салынады. Банк кредиторларының мүдделерін қорғау және республиканың банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк ҚР Үкіметімен келісе отырып капиталының мөлшері теріс банктердің акционерлерінің құқықтары мен міндеттерін оларға заңда белгіленген санкцияларды қолдану жолымен мәжбүр ете шектеу туралы шешім қабылдай алады. Банк те мемлекеттін міндеттемелері бойынша жауап бермейді [7, 88 бет] .

Қазақстан Республикасының Ұлттық банктен және мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, бірлескен және шетелдік банктерден немесе екінші деңгейдегі банктерден тұратын банк жүйесі бар. Функционалдық мамандандырылуына сәйкес кредит жүйесінің өзегін шаруашылық айналымды кредиттік − қаржылық қамтамасыз етуге бағытталған банк жүйесі құрайды, кредит органдарының қызметін үйлестіретін бірыңғай орган шаруашылықты кредиттік − есеп айырысу және қаржылық қамтамасыз ету процестерін басқару функциясын орындайтын орталық банк − Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып табылады. Жеке меншік банктерге мемлекеттік, бірлескен және шетелдік банктерден басқа барлың екінші деңгейдегі банктер кіреді. ҚР банктеріне екі деңгейлік жүйе тән: тік және көлденең жазықтық. Тік байланыстар − басшы, басқарушы банк ретінде орталық банк ( Ұлттық банк ) пен төмеңгі буындар − коммерциялық және мамандандырылған банктер арасындағы қарым − қатынастар. Көлденең байланыстар түрлі банктер арасындағы тең құқықтық әріптестік байланыстар [8, 141 бет] .

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады. Ұлттық банк − ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне − банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және бюджеттен түскен дотациялар жатады. Заңның 9 − бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндетті − Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасында Ұлттық банк « банктердің банкі » деп саналады. Қазіргі таңда Қазақстанда Ұлттық банктен басқа бөлек 2 мемлекеттік банк бар. Олар: Қазақстан Даму банкі мен Қазақстанның [5, 91 бет] .

«Қазақстан Даму банкі» АҚ (ҚДБ) даму банкі ретінде ҚР Президентінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы «Қазақстан Даму банкі туралы» № 531 Жарлығын орындау үшін қабылданған ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 659 Қаулысымен құрылды. Мемлекетке банк акцияларының 100 % − ы тиесілі. Оның акционерлері: ҚР Индустрия және сауда министрлігі (жарғылық капиталдың 85 % − ы) ; жергілікті атқарушы органдар − Қазақстанның 14 облысы және Астана мен Алматы қалалары (жарғылық капиталы 15, 5 % − ы) [9, 53 бет] .

«Қазақстанның » АҚ Қазақстанда тұрғын үй құрылысын, ипотекалық кредиттеуді дамыту, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен 2003 жылы Үкімет Қаулысымен құрылды. Жарғылық капиталының 100 % − ы республикалық бюджет есебінен қалыптастырылды. Ол халықтың жиған − тергенін жеке тұрғын үй құрылысына тартуға, сөйтіп, халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге негіз болып құрылған [10, 103 бет] .

Коммерциялық банктің ұйымдастырушылық құрылымында банктер өз филиалдары мен еншілес банктерін Қазақстан Республикасының аумағында, сондай − ақ шетелдерде Ұлттық банктің рұқсатымен құра алады. Коммерциялық банктің ұйымдастырушылық құрылымы:

  • банктің филиалы − заңды тұлға болып табылмайтын, бас банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банк атынан қызметін жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілетік шегінде әрекет ететін банктің оқшауланған бөлімшесі. Банк филиалының банкпен бірыңғай балансы, сондай − ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады. Өз филиалын ашу, біріктіру үшін банк Ұлттық банктін келісімін алуы керек. Қазақстанда шетелдік банктерді ашуға тыйым салынған.
  • банктің өкілдігі − заңды тұлға болып табылмайтын, бас банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банк атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін, банк қызметін жүзеге асырмайтын банктің оқшауланған бөлімшесі. Өкілдік клиенттерге кассалық және кредиттік қызмет көрсетпейді. Шаруашылық шығындарды жүргізу үшін оған ағымдағы есеп ашып береді. Өкілдік өзін құрған банк бекіткен ережелерге сәйкес өз қызметін жүзеге асырып, Ұлттық банкті хабардар қылған сәттен бастап ашылды деп саналады. ҚР резидент емес банктерінің өкілдіктері ел аумағында Ұлттық банктің келісімімен ашылады.
  • банктің есеп айырысу − каса бөлімі (ЕКБ) − Ұлттық банктің келісімімен құрылған, аумақтық жағынан оқшауланған және заңды тұлға болып табылмайтын филиал немесе өкілдік мәртебесі жоқ, ҚР аумағында жекеленген банк операцияларын орындайтын банк бөлімшесі.
  • еншілес банк − заңды тұлға болып табылатын, жарғылық капиталының 50 % − ы орталық банке тиесілі мекеме. Еншілес банктер дербес заңды тұлға болып табылады және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 12 − 18 − баптарында белгіленген тәртіппен құрылады. Еншілес банктердің өзге еншілес банк құруға құқығы жоқ [11, 87 бет] .

Басқару органдарының басты міндеті − банктің негізгі функцияларын жүзеге асыру мақсатында оның коммерциялық қызметіне тиімді де ұтымды жедел басшылық жасау. Банктің бүкіл қызметі оның қалай ұйымдастырылғанына, басшылар мен бағыныштылар арасындағы қарым − қатынастарына байланысты. Банктің құрылымы, бөлімдердің саны, қызметтердің мамандандырылуы, өкілдіктердің бөлінісі және басқалар көптеген факторларға тәуелді және экономикалық жөнділікпен айқындалады. Банктің құрылымының ұтымды ұйымдастырылуы оның коммерциялық қызметінің табысты болуымен тікелей байланысты. Банк практикасында банктердің ұйымдастырушылық құрылымының функционалдық және дивизионалдық деп аталатын екі түрі бар [11, 150 бет] .

Функционалдық ұйымдастырушылық құрылым банк қызметін ерекшеленген қызмет салалары мен функциялар болып табылатын, банк алдындағы міндеттерге қол жеткізуге көмектесетін жекеленген бөліктерге бөлу дегенді білдіреді. Банктердегі қызметтің осындай ерекешеленген түрлері әдетте банк операциялары, маркетинг, бухгалтерлік есеп, есептілік және шаруашылық басқармалары болып табылады. Осы функционалдық блоктар шешетін міндеттер көлеміне қарай қосымша ұсақ бөлімшелер ашылуы мүмкін
[12, 75 бет] .

Дивизионалдық ұйымдастырушылық құрылым ұдайы өзгеріп отыратын нарық жағдайларында, кредит мекемелері арасындағы бәсеке өскенде қолданылады. Түрлі құрылымдық бірліктер − басқармалар, бөлімдер, қызметтер, секторлар, бөлімшелер болып табылады. Операциялардың жекеленген түрлерін ұсынуға маманданған бөлімшенің басшысы және оның білікті, осы салада үлкен практикалық тәжірбиесі бар мамандары бөлімшені жоғары бәсекеге қабілетті етеді. Өнім белгісі бойынша ұйымдастырылған банктер сөйтіп қызметтер сапасын әлемдік деңгейге жеткізуде, сондай − ақ банк өнімінің жаға түрлерін дамытуда қосымша артықшылықтар алады. Бұл банктердің құрылымында қысқа мерзімді кредиттеу, бағалы қағаздар, траст, қаржы қызметтері және басқа басқармалар болуы мүмкін. Тұтынушылардың түрлі топтарына бағытталған құрылым мұндай принцип бойынша құрылған банктер өз назарын клиенттердің жекеленген топтарына, яғни жекеленген тұттыну сегменттеріне аударады. Аймақтық ұйымдастырушылық құрылымдар бұл банк ауқымды географиялық қамтумен жұмыс істеген жағдайда оның ұйымдастыру негізінде түрлі аймақтарда қызметтер ұсынумен айналысатын бөлімшелер желісі арқылы қызметті жөнге қоюды көздейтін аймақтық ұйымдастырушылық құрылым принципі алынуы мүмкін. Облыстар, аудандар ауқымында клиенттерге қызмет көрсетуге бағытталған мұндай құрылым жергілікті жағдайларды неғұрлым жақсы есепке алуға мүмкіндік береді [13, 100 бет] .

Банк басқармасының негізгі міндеті салынған капиталдан алынатын қажетті пайда деңгейін қамтамасыз ету болып саналады. Банк басқармасы − банк иелерінің, акционерлерінің мүдделерін қорғайтын өкілетті орган. Оны акционерлердің жалпы жиналысында 5 жылға сайлайды. Банк басқармасының негізгі функциялары:

  1. банктің стратегиялық мақсаттарын анықтау (даму, өтімділік, бәсекеге қабілеттігі, пайыз мөлшерін және тарифтерін белгілеу саясаты) ;
  2. басшы қызметтерге адамдарды іріктеу;
  3. комитеттер құру;
  4. ссуда және инвестиция операцияларына бақылау жасау;
  5. банк қызметін мезгіл − мезгілде тексеріп отыру [14, 23 бет] .

Банк қызметін болжау басқармасы оның қызметінің негізгі принциптері − өтімділікті, рентабельділік пен сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында банктің басқарушылық функцияларын жүзеге асыруды көздейді. Депозиттік операциялар басқармасы тартылған қаржыны және банктің өз капиталын есепке алумен және талаумен шұғылданады. Кредит басқармасы қарыз алушыларға қарыз беру мәселелерімен айналысады, төлем қабілеттіктерін тексереді. Банк филиалдары басқармасы филиалдардың қызметіне басшылық және бақылаушылық қызметімен айналысады. Есеп айырысу − касса басқармасы клиенттердің есептерін ашып, есеп айырысуды жүзеге асырып, касса операцияларын орындайды. Валюта басқармасы статистикалық ақпаратты жинаумен және талдаумен, клиенттерге ақпараттық − анықтамалық қызмет көрсетеді. Шетел валютасымен және асыл металдармен жасалатын операцияларды қосымша есепке алуды франт − офис және бэк − офис функцияларын орындайтын арнайы өкілеттік берілген бөлімшелер жүргізеді
[15, 68 бет] .

Коммерциялық банктердің қызметінің құқықтық нысанына негізгі банк заңнамасында қабылданған 1995 жылғы 30 наурызда қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы» Заңдары жатады. Коммерциялық банктер эмиссиялық (бағалы қағаздар шығаратын) және эмиссиялық емес, сонымен қатар әмбебап (бір немесе екі қызмет түрін жүзеге асыратын) және мамандандырылған (қызметтің көп түрін жүзеге асыратын) болып ерекшеленеді [16, 52 бет] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫНДАҒЫ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Ағымдағы активтерді талдау
Төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау
Әсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
ЖШС «Казтехпром-сервис» кәсіпорнының қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау
Кәсіпорынның табыстарының есебі
Қырғыз асханасын жобалау. Қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау
«Аns service» қызметін экономикалық талдау және басқаруды ұйымдастыру
Бухгалтерлік баланстың кәсіпорында қолдану ерекшеліктері
Кәсіпорынның несие қабілеттілігін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz