Экологиялық жағдайы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Жұмыстың мақсаты болып берілген аймақты жаңа ГАЖ-функцияларын, технологияның мүмкіндіктері мен ұтымдылығын көрсете отырып, ArGIS бағдарламасы мен қазіргі заман технологияларын пайдаланып, карта жасау үлгілерін құрастыру. Қазіргі уақытта барлық картографиялық өнімдер цифрлық карталар түрінде шығарылады. Карталармен тиімді жұмыс жасау үшін ГАЖ технологиялар қолданылады.
Картография халық шаруашылығында және ғылыми зерттеулерде, инженерлік ізденістерде және күнделікті өмірде кең қолданысқа ие. Карталарды құру және қолдану қазіргі қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси өміріне әсер етеді.
Негізгі бөлімнің алғашқы тарауында Алматы қаласының физикалық-географиялық сипаттамасы баяндалған. Соның ішінде географиялық орналасуы, жер бедері, топырағы, климаты, гидрографиясы, жол торабы толығымен қамтылған.
Негізгі бөлімнің екінші тарауында ArcGIS программасы арқылы Сатбаева-Байурсынова мен Абая-Байтурсынова көшелерінің қиылысындағы жолторабының топографиялық планы жаңартылады. Жұмыс барысында 2010 жылғы ортофотопланды негізге ала отырып, дешифрлеу жұмыстары жасалынады. Планды жаңарту жұмыстары ArcGIS программасы бағдарламасында жалғасын тапты. ArcGIS программасы ArcMap, ArcCatalog, ArcToolbox базалық мүмкіндіктерінің жиынтығы. Бұл базалармен программада әртүрлі тапсырмаларды орындауға болады. Программада мәліметтерді жоғарғы деңгейлі өңдейтін мүмкіншілік бар. ArcMap - түрлі картографиялық тапсырмаларды, кеңістіктік талдауды және деректерді өңдеуді шешсе, ArcCatalog (деректер менеджері) - жеке компьютерде, жергілікті желіде немесе интернетте дерекқорға кіруді қамтамасыз ететін ГАЖ деректерін көру және басқару үшін жауап береді. Ал, ArcToolbox - кеңістіктік сонымен топтастырылған кеңістіктік деректерді шешуге арналған құралдар жиынтығы.
Соңғы тарау осы жұмыстың негізгі процесі - карта құрастыру және жобалауға бағытталған, оның ішінде безендіру, баспаға шығару, ГАЖ-дың сипаты, мүмкіндіктері және де бағдарлама жабдығында картаның жасалу жолы туралы жазылған. Баспаға беруде картаны JPG форматында сақтаймыз.
1 Картография
- Геоақпараттық жүйелерге шолу
Қазіргі уақытта барлық картографиялық өнімдер цифрлық карталар түрінде шығарылады. Карталармен жұмыс жасау және тиімді жұмыс істеуде, ГАЖ технологиялары кеңінен қолданылуда. ГАЖ-дың әртүрлі анықтамалары бар, оларды GIS эволюциясының тарихын автоматтандырылған картаға түсіру, қашықтан зондтау деректерін цифрлық өңдеу және деректер базасын басқарудың бастапқыда әзірленген әдістемелер мен құралдар синтезі ретінде көрсетеді.
Алғашында ГАЖ кеңістікте үйлестірілген деректерді жинайтын, сақтайтын, өңдейтін, бейнелейтін және тарататын ақпараттық жүйелер ретінде анықталды, сонымен қатар олар бойынша жаңа ақпарат пен білім алуға мүмкіндік берді. ГАЖ-дің алғашқы анықтамаларының бірі былай делінген: «ГАЖ - кеңістіктегі үйлестірілген деректерді жинау, өңдеу, көрсету және таратуды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз етуші машина жасау кешені. Табиғи ортаны және қоғамның аумақтық ұйымдарын түгендеу, талдау, модельдеу, болжамдау және басқару бойынша қолданылатын міндеттері бойынша ГАЖ ең алдымен географиялық жүйемен, тақырып ауқымдылығымен, үйлесімділігімен ерекшеленеді және қоғамда, табиғатта және техникалық құралдарда ақпараттың барлық түрлерін өндіруде, өңдеуде, сақтауда және таратуда информатиканың заңдарын қолданады. Осы екі негіз ГАЖ-дың жұмыс жасау сипаты болып табылады.
Бастапқыда нақты әлемдегі объектілердің кеңістіктік нысандарын зерттеу математиктердің негізгі міндеттері болды. Ғарыштық және жер үсті кеңістігі физикалық ғылымдармен зерттеледі. Ғарыштық геоақпараттық зерттеудің ерекшелігі шын мәнісінде геоақпараттық модельдерді және оларды басқа ғылымдардың әдістерімен үйлесімді қолданудан тұрады. Бірақ, тек кеңістіктік құрылымдарды ғана зерттеп қоймай, құбылыстардың мәнін, олардың кеңістіктік жағдайын, құрылымын, өзара байланысын және жұмыс істеу ұстанымын ескеру маңызды. ГАЖ термині басқа да мағыналарды білдіреді. Ол ГАЖ-ды бағдарламалық қамтамасыз ету, ГАЖ-дың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін GIS пакеттерін білдіреді(GIS Arc View, GIS Idrisi) . Технологиялық дамудың қазіргі деңгейінде ГАЖ-дың рөлі ақпарат жинау, өңдеу, сақтау және таратумен ғана шектелмейді. ГАЖ ғарыштық зерттеулер үшін табиғи, экономикалық, әлеуметтік процестер мен жағдайларды модельдеудің негізгі құралдарының бірі болды. Олардың байланысын, өзара әрекеттесуін қадағалайды, кеңістік пен уақыттың дамуын болжайды және оларды электронды карталар тілінде тиісті деңгейде жаңа сапалы және сандық ақпарат алуын көрсетеді.
Геоақпараттық жүйелердің ерекшеліктері:
-пайдаланушыға қолайлы кеңістіктік деректердің бейнеленуі кеңістіктік деректерді, сонымен қатар қабылдауға аса қолайлы үшөлшемді өлшеудегі деректерді картографиялау (картаға түсіру) ; ол сұраныстардың құрылымы мен олардың кезекті талдамасын жеңілдетеді.
-деректерді мекеме ішінде интеграциялау геоақпараттық жүйелер компанияның әртүрлі бөлімдерінде немесе тіпті бір аймақтағы мекеменің түрлі қызмет салаларында жинақталған деректерді біріктіреді. Жинақталған деректер мен олардың бірыңғай ақпараттық массивке интеграциясын ұжымды түрде пайдаланудың, едәуір бәсекелестік артықшылығы бар. Ол геоақпараттық жүйелерді пайдалану тиімділігін жоғарылатады.
-дәлелді шешімдерді қабылдау - кеңістіктік деректермен байланысты кез келген құбылыс туралы есеп беруді талдау және құру процесін автоматтандыру, шешімді қабылдау тәртібін жеделдету мен оның тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
-картаны құрудың қолайлы құралы геоақпараттық жүйелер, ғарыштық және аэрофототүсірім деректерінің мағынасын түсіндіруге (расшифровка) тиімді және белгілі бір жердің құрылып қойған жоспарларын, сызбанұсқаларын (схема), сызбаларын (чертеж) пайдаланады. ГАЖ картамен жұмыс істеу процесін автоматтандыра отырып, уақытша ресурстарды үнемдеп, жердің үшөлшемді моделін құрады.
1. 1. 2 Геоинформатиканың негізгі ұғымдарын анықтау және түсіндіру
Геоинформатиканы ғылым ретінде бірінші түсіндірулердің бірі : «Геоинформатика - аймақтық немесе кеңістіктік-уақытша қамту туралы ақпараттарды автоматтандырылған түрде әртүрлі иерархиялық деңгейдегі өңдеуді білдіреді». Әрбір ғылым саласының өз тақырыбы және қолдану аясы бар. Геоинформатика география сияқты табиғи, қоғамдық және табиғи-әлеуметтік нысандарды зерттейді, бірақ, геоинформатиканың цифрлық ақпараттық моделін құрып зерттеу арқылы бірдей объектілерді, яғни геосистемаларды (геоинформатика пәні) анықтайды.
Геоинформатика көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Атап айтсақ, олар, география, информатика және ақпараттық технологиялар ғылымдарымен, картография, геоинформатика биология, география, геология, картография, информатика және басқа да ғылым салалары.
Геоинформатика геосистемалардағы кеңістіктік-уақыттық құбылыстарды жаңа ақпаратты және білім алу үшін деректерді жинау, жинақтау, беру, өңдеу және ұсыну қағидаларын, әдістерін және технологияларын зерттейді және әзірлейді. Геоинформатиканың негізгі ұғымдары кеңістіктік деректер және кеңістіктік объект болып табылады.
Кеңістіктік деректер арқылы географиялық объекттердің (немесе кеңістіктік нысанның) екі және үш өлшемді бейнесін алуға болады.
Сонымен қатар қазіргі уақытта табиғи байлықтарды игеу, экологиялық проблемаларды қорғауға көп көңіл бөлінуде. Осы сынды проблемаларды шешуде геоақпараттық жүйелерді қолдану тиімді әрі ыңғайлы болып келеді. [1]
1. 1. 3 ГАЖ-бен жүзеге асырылатын операциялар
1. Деректерді енгізу процесі геоақпараттық жүйелерде технологиялық циклдің мерзімін маңызды түрде қысқартатын автоматтандырылған сандық карталарды құру.
2. Деректерді басқару сатысында геоақпараттық жүйелер кеңістіктік пен атрибутивті деректерді әрі қарай талдау мен өңдеу үшін сақтайды.
3. Деректерге сұраныс пен талдау жасауда геоақпараттық жүйелер картада орналасқан объектілердің қасиеттері жөніндегі сұраныстарды орындайды. Мағлұматтарды алу немесе құбылыстарды болжау үшін көптеген параметрлерді салыстыра отырып, күрделі талдау процестерін автоматтандырады.
4. Деректерді көзбен шолуда (визуализация) деректердің қолайлы түрде берілуі, олардың талдану сапасы мен жылдамдығына тікелей әсер етеді. Объектілердің жағдайы жөніндегі есеп графиктер, диаграммалар, үшөлшемді бейне түрінде жасалуы мүмкін.
Геоақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері әртүрлі қызмет салалары мен түрлі тапсырмаларды шешу үшін қолданылады. ГАЖ-ды пайдаланудың кейбір мысалдары келесідей. Олар:
- пайдалы қазбаларды игеретін кәсіпорындарды жобалау, салу және қайта құру жұмыстары үшін инженерлік іздеу мен топографиялық-геодезиялық жұмыстар;
- мұнай-газ және рудалы кенорындарын өңдеу кезінде пайдалы қазба қорларын тиімді алу үшін олардың сандық модельдерін құру және пайдалану;
- минералды ресурстарды тиімді пайдалануды, жер қойнауы мен пайдалы қазбалардың қоршаған ортасын қорғауды қамтамасыз ету бойынша мониторингті зерттеу жұмыстары;
- пайдалы қазба кенінің модельдерін жасау мен барлау нәтижелері бойынша сандық және сапалық құрылымдық көрсеткіштерді сипаттау үшін, геологиялық-маркшейдерлік деректерді өңдеуді автоматтандыру;
- жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде жерді бағалау мен есептеу үшін жоспарларды, сызбаларды құру;
- кен орындарын жерасты және ашық тәсілдермен игеру кезіндегі технологиялық процестердің маркшейдерлік қамтамасыздандырылуы;
- әртүрлі жол магистральдарының құрылысы кезіндегі барлық жұмыс түрлерінің геодезиялық қамтамасыздандырылуы;
- тау-кен және мұнай-газ өндірістерінде геодинамикалық мониторинг жүргізу;
- далада түсірілген геодезиялық деректер негізінде топографиялық пландарды құру;
- геодезиялық өлшеу деректерін алғаш рет енгізу;
- жердің сандық моделін өңдеу және құру;
- векторлау жолымен әртүрлі бағыттағы карталарды құру;
- карталарды жаңарту;
- оперативті картаға түсіру;
- карталарды редакциялау, жинақтау және басып шығару;
- тақырыптық карталар мен атластарды жинау, т. б.
- жерге орналастыру, жердің бас жоспары мен үшөлшемді моделін құру;
- инженерлік геология және рельефті ұйымдастыру, т. б.
- денсаулық сақтау (халықтың ауру деңгейін, халықтың жастықжыныстық құрылымын, денсаулық көрсеткіштерін қадағалау) ;
- әлеуметтік қызмет көрсету;
- жұмыспен қамтамасыз ету, т. б. ;
- білім беру (мектеп мекемелері желісін оңтайлау, аймақтағы талапкерлердің жоғарғы оқу орындарына (ЖОО) түсуін, ЖОО мониторингін, мамандар тапшылығын талдау, т. б. ) ;
- аумақтық және салалық жоспарлау;
- қаланың жоспарлануы мен объектілерді жобалау;
- инженерлік коммуникацияның, жер, қала құрылысының, ағаш отырғызу кадастрларын енгізу;
- техногенді-экологиялық, т. б. төтенше жағдайларға болжам жасау
- көлік ағындары мен қалалық көлік маршруттарын басқару;
- экономикалық мониторинг желісін құру;
- қаланың инженерлік-геологиялық аудандастырылуы сынды жұмыстар барысында қолданылады. [2]
1. 2 Топографиялық пландарды жаңарту
Топографиялық план дегеніміз жергілікті жер учакесінің ірі масштабтағы ортогоналды проекцияда шектелген, қисық бөлігі ескерілмейтін жазықтықтағы картографиялық бейнесі болып табылады.
Пландар мен карталарда топографиялық ақпаратты алуда ең көп тараған түрлерінің бірі. Олардың мазмұны мақсатына, масштабына және жергілікті жердің топографиялық жағдайына байланысты болады. Мұндай шарттар ұзақ уақытқа тұрақты болмайды міндетті түрде өзгереді. Уақыт өте келе, олардың мазмұны ескіреді, сондықтан ағымдағы міндеттерді шешу үшін ескірген пландар жарамсыз болып табылады. Пландар мен карталарды жаңарту топографиялық ақпаратты жергілікті жердің қазіргі жағдайына сәйкес келтіру мақсатын көздейді, оны зерделеу топографиялық түсіріс жолымен жүргізіледі. Ерекшелігі ( түсіріс алдындағы) түсіріске өзгертілген элементтер ғана жатады. Өндіріс үшін түсіріс алдында топографиялық шарттардың өзгерістерін зерттеу қажет. Карталар мен пландарды жаңарту жаңа топографиялық түсіріспен салыстырғанда неғұрлым күрделі процесс болып табылады. Топографиялық ақпараттардың өзгеру себебін пландар мен карталарды жаңарту кезінде түсіндіреді. Карталардың ескіруі бірқатар заңдылықтарға байланысты.
Біріншіден, пландар мен карталардың ескіруі жергілікті жердің табиғи және жасанды өзгерістерінің нәтижесінен туындайды.
Екіншіден, жергілікті жердің топографиялық элементтері әр түрлі уақытта өзгеріп отырады. Ең алдымен ірі жер бедері элементтері мен гидрографиялық желі элементтері өзгеріске ұшырайды. Одан ұзағырақ топырақ және өсімдік жамылғысы элементтері сақталады. Жол желісі өте баяу өзгерсе, елді мекендерді түрлендіру тез жүріп отырады.
Үшіншіден, әр уақыт бойы мұндай өзгерістерге топографиялық элементтер ұшырайды.
Сол үшін, мысал ретінде ескі карталар мен қазіргі заманғы карталарды салыстыру арқылы көз жеткізуге болады. Бірқатар белгілері бойынша картада көрсетілген жер бетінің учаскесін анықтауға мүмкіндік бар.
Төртіншіден, топографиялық карталар мен пландардың ескіруі бір топографиялық элементті бейнелеу бөлігінің ескіргенін білдіреді, уақыт өте басқа да топографиялық элементтерді бейнелеу қажеттігіне байланысты. Бұл бедер өзгеруі кезінде топырақ және өсімдік жамылғысы, гидрографиялық және жол желілерінде де жүреді, себебі топографиялық элементтер бірыңғай органикалық байланысты кешенді құрайды.
Аумақты қарқынды игеру топографиялық элементтердің ескіру процесін жеделдетуге себеп болады.
Пландар мен карталар физикалық және моральдық ескіруге ұшырайды. Олардың тозуы, сақтау және пайдалану тәсіліне байланысты физикалық ескіру анықталады. Ғылыми-техникалық прогресске байланысты моральдық тозу туындайды. Топографиялық және картографиялық ақпараттарды жетілдіру жолдарын ұсыну, координаттар және биіктіктердің жаңа жүйеге көшуі, топографиялық шартты белгілердің ең үздік жүйесін қолдану, графикалық рәсімдеу және басқа да факторлар моральдық тозуына, тіпті бұрын құрылған карталар мен пландардың ескіруіне әкеліп соғады.
Пландар мен карталар кейбір мәселелерді шешу үшін ескірген болуы мүмкін және сол уақытта басқа да шешімдер үшін қолайлы болуы мүмкін. Олар жер беті учаскесінің ұсынылған шегінде ғана міндеттерді шешу үшін пайдаланылуы және сол уақытта жер беті учаскесінің алаңын көрсететін пландар мен карталардың жүйесі ескірген болуы мүмкін. Пландар мен карталардың ескіруі тез процестер болып саналады. Сондықтан, олардың сенімділік дәрежесін бағалаудың елеулі маңызы бар.
Мазмұнын зерделеу кезінде, ең алдымен топографиялық жоспарларын құру және пайдалану әдістерін, олардың мақсатын ескере кеткен жөн.
Барлық масштабтағы топографиялық пландарды жаңарту жергілікті жердің қазіргі уақыттағы жай-күйінің мазмұнына сәйкес келтіру үшін жүргізіледі.
План масштабтары 1: 5000, 1: 2000, 1: 1000, 1: 500 жергілікті жер жай-күйінің түзету жолы олардың түсіріс материалдары бойынша ағымдағы өзгерістері, жаңадан тұрғызылған құрылыстар мен ғимараттардың түсірістері, сондай-ақ далалық зерттеу материалдары мен ғарыштық суреттер негізінде пайдаланылады.
Жаңартылған планның дәлдігі мен толықтығы негізгі ережелерді, шартты белгілер мен осы ереженің талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Жергілікті жер бедерінің өзгеріс сипаты мен қарқындылығы жаңартылған план масштабы мен мақсатына, сондай - ақ топографиялық план жоспарының үздіксіз немесе мерзімді жүзеге асырылатын есептік өзгерістеріне байланысты.
Шаруашылық қызметі нәтижесінде бедер және жергілікті жердің контурлары айтарлықтай өзгереді және техникалық себептерге байланысты түпнұсқа жоспарын түзету мүмкін емес немесе экономикалық жағдайда орынсыз болады, мұндай жағдайда топографиялық түсіріс қайтадан жүргізіледі. [3]
1. 2. 1 Жаңарту жұмыстарының теориялық негізі мен түрлері
Еліміздің жекелеген аудандарын одан әрі қарқынды игеруде барлық ірі масштабта топографиялық картографиялау қажеттілігі туындайды.
Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін бұрын белгiленген пландар мен карталарды сақтау үшін үздіксіз жұмыстар жүргізілуде. Мұндай жұмыстарды орындау арқылы, пландар мен карталардың функционалдық тозуы ескертіледі және олардың ескіру процесін баяулатуға болады.
Геодезиялық, топографиялық және картографиялық жұмыстардың жиынтығы, жергілікті жерді пландар мен карталарда қазіргі жағдайымен сәйкес келтіру мақсатын көздейді, бұл жаңарту деп аталады.
Жаңа аумақтарды халық шаруашылық мәселелерін шешуде пайдалану оның топографиялық жағдайын анықтау кезінде қолданыстағы пландар мен карталарды жаңарту шектеледі.
Карталар мен пландарды жаңартуды үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең немесе дайындық кезеңі, жұмыстардың көлемін анықтау, оларды өндіру кезіндегі әдістерін таңдау, техникалық және геодезиялық жұмыс жобасын жасау, топографиялық және картографиялық жұмыстар бағдарламасын және оларды орындау мәселелерін ұйымдастыру, пландар мен карталарды жаңарту қажеттілігін бағалау болып табылады. Екінші кезең немесе топографиялық кезең, жаңадан пайда болған топографиялық элементтерін қосу және жер бетінде сақталмаған объектілерін алып тастауды орындау болып табылады.
Жалпы алғанда, жаңа ақпараттық және электронды-есептеуіш техникамен автоматтандырылған жүйелерді пландар мен карталарды жаңартуда пайдалану топографиялық өндіріс жұмыстарының дәстүрлі әдістеріне негізделген, пландар мен карталарды жаңартудың әр түрлі технологиялық схемасы болуы мүмкін. Үшінші кезең немесе картографиялық кезең, пландар мен карталарды редакциялау, графикалық безендіру және оларды шығару, топографиялық негіз немесе арнайы карта құру, сандық карталарды әзірлеу тәсілдерін қабылдау, сақтау, жіберу, түрлендіру және топографиялық ақпараттарды беру болып табылады. Жаңартудың келтірілген үш кезеңі жеткілікті болып саналмайды. Бірінші кезеңде жер бетіндегі жаңадан пайда болған немесе алынып тасталған объектілер бірден анықталмайды. Бұл үшін арнайы топографиялық тексеру жұмыстарын жүргізу қажет. Ол жер үсті ( бағыттар бойынша, командалық биіктік немесе учаске бойынша) және көз мөлшерімен және перспективалық түсіріспен, аэровизуальды зарисовкамен (ұшақ немесе тікұшақ) және аэрофототүсіріспен немесе пландар мен карталарды жаңартудың екінші кезеңімен сәйкес келеді. Тәжірибенің үшінші кезеңі екіншімен тығыз қарым-қатынастығын көрсетеді. Жаңартуды кезең- кезеңімен орындау кезінде жаңадан құрылған пландар мен карталар функционалды тозуға ұшырайды. Сондықтан, инженерлік ізденіс процесі кезінде этапсыз немесе кешенді жаңартуға ұмтылады, әр түрлі түрдегі ( геодезиялық инженерлік, инженерлік геологиялық, инженерлі гидрологиялық және т. б) топографиялық және арнайы түсіріс ізденістерін түзету карталарды өздеріне біріктіреді. Көптеген жағдайларда, пландар мен карталар жаңарту үлкен ауқымда топографиялық зерттеуді өндірістегі топографиялық ізденістер және аэроәдістерді іске асыра отырып ұштастырады.
Пландар мен карталарды жаңартуда мұндай жағдай негізінен теориялық негіз ерекшелігін қажет етпейтін, топографиялық жұмыс ретінде қарастырылады. Карталардың тозу заңдылығы анықталмаған, және олардың сенімділігін құрастырушылардан гөрі тұтынушылар анықтайды. Пландар мен карталарды жаңарту топографиялық жұмыстардың ерекше бір түрі болып табылады, техникалық жүйелердің функционалдық тозуы мен тұтастай осы жүйелердің жұмыс істеу процесін қарастырып, теориялық негіздеуді топография және картография саласында ғана емес, сонымен қатар ғылыми білімнің басқада көптеген салаларынан іздеу керек. Пландар немесе картаның толық құндылығын топографиялық ақпараттың дәлдігі мен нақтылығы анықтайды, пландар мен карталардың жоғалып немесе бұрмалануы оның құндылығын төмендетеді. Мұндай план немесе карта жаңартуды қажет етеді. Қолданбалы ықтималдық теориясы бөлімінде қарастырылатын және ықтималдық теория қабылдайтын ақпараттық ғылым (информатика) статистикалық аспектілерінен тыс жаңарту мәселелерін шешу үшін ақпараттық теориясын қолдану.
Толық ақпарат теориясы негізгі үш бөлімнен тұрады. Бірінші, ақпараттық элементтер теориясына негізделген, абстрактілі ақпарат туралы түсінік талқыланады, оның түрлеріне материалдық-энергетикалық тасымалдағыштар, сигналдар, схемалар, ақпараттық метрика негізі жатады. Екінші бөлімде ақпаратты қабылдау, беру, қайта есептеу, сақтау, шығару және оны ұсыну ақпараттық процестердің теориясын қамтиды. Үшінші бөлім ақпараттық жүйелердің теориясы (құрылымы, сипаттамасы, синтез, функционалдау) қамтиды.
Пландар мен карталар жаңартуда, барлық осы бөлімдегі теориялық негізгі ақпараттарды пайдаланады. Олар топографиялық ақпарат элементтері теориясын алу мүмкіндігін береді, жергілікті жердің элементтерін ұйымдастыруға, топографиялық деректер өңдеу байқауға, қалыпқа келтіруге, топографиялық ақпараттың өзге де түрлерін жүзеге асыруға, қорытуға және байытуға сондай-ақ оны өлшеу жолдарын табуға мүмкіндік береді.
Сол сияқты, екінші бөлімде топографиялық түсіріс процестерін ұсыну, техникалық пайдалану, қартаю және жаңарту үлгілерін жасауға мүмкіндік береді және топографиялық ақпараттық процестердің теориясын анықтайды. Үшінші бөлімде негізінде топографиялық ақпараттық технологияларды дамыту үшін, топографиялық ақпараттық жүйелер теориясын дамытады.
Топографиялық ақпаратты жасау сигналды түрде келеді. Физикалық негіз болып, топографиялық жергілікті жер саналады. Олар тиісті аппаратпен қабылданады, кванттанады, яғни жекелеген элементтерге және топқа бір немесе басқа шартты белгілер жүйесіне кодталады және арнайы план болып табылатын физикалық модель түрінде ұсынылады. Белгілі мерзім ішінде, бұл модель бастапқы түпнұсқаға сəйкес келмеуі мүмкін, ол кезде моделдеу үрдісін қайталау қажеттігі туындайды. Қиындықтар болған жағдайда топографиялық түсірісті немесе моделдеу үрдісін дұрыстау, яғни арнайы планды жаңартуды жүзеге асыру қажет. Моделді түзету үшін декодтау қажет. Декоттауда бастапқы ақпарат көзіне өтеді және физикалық түпнұсқасымен салыстыру қажет. Егер қандай да бір ақпарат өзгерген болса, түпнұсқаға сәйкес келтіру қажет. Әрине, мұндай процес негіздемесі тек физикалық модельді анықтайтын дұрыс және бұрыс сигналдар қатынасының туындауынан шығады.
Мысалы, талқыланып отырған n сигналдар жүйесі арқылы қалыптасқан физикалық моделі деп есептейік. Тексеріс кезінде бұл дұрыс емес сигналдардың саны к (к<n) екені анықталды. Бір сигналдың моделін алу үшін және тексеру үшін бірлік уақыт жұмсалса, жаңа моделін құруға 2n бірлік уақыт талап етеді, яғни жаңартуға (n+к) бірлік уақыт кетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz