Çalıkuşu деп аталатын туристік орынды құру - БИЗНЕС-ЖОСПАР


БИЗНЕС-ЖОСПАР
тақырыбы:
“Çalıkuşu” деп аталатын туристік орынды құру
1. Кіріспе бөлімі
“Çalıkuşu” деп аталатын туристік орынды құрудың басты мақсаты- жағажай маңындағы экотуризмді жан-жақты дамыту арқылы өңірдің экономикасын нығайту. Бұл демалыс орны төрт негізгі бөліктен тұрады: жабық үлгідегі кафе, жағажайлық орын, шатырдағы демалыс алаңы және жаздық кафе.
Туристік орталықтың көрсететін қызмет түрлері:
- Жағажай орындары
- Қайықпен жүзу
- Жеңіл таңғы ас, сан-алуан теңіз өнімдері,
- Кең ауқымды ас мәзірі
- Профессиналды фотосессия
- Жанды дауыстағы әуен мен инструменттер
Аталған туристік кешеннін ұтымдылықтары:
- Туризм дамытуға маманданған еңбек ресурстары жеткілікті;
- Жағажай маңында орналасқан. (таза ауа, табиғи көрініс) ;
- Бұл аймақта мұндай типтегі кафелер санаулы;
- Су ресурстарына жақын орналасқан;
- Таңертең спортпен айналысушыларға қолайлы таңғы ас ішетін орын.
- Өңір тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайды
- Тек қана табиғи және ағзаға пайдалы өнімдерден ғана тағам даярланады және емдәм ұстап жүрген қонақтарға арнайы аз мәзірі бар.
Туристік орынды ашу үшін мемлекеттік шағын бизнесті қолдайтын «Бастау Бизнес» жобасы аясында жеңілдетілген несие алынады. Қажетті 45 млн теңге қаражат 6 % -дық несие арқылы алынуы болжалды. Қосымша көмек жергілікті спонсорлардан сұралады: кәсіпкерлерден, қала, облыс әкімшіліктерінен. Несиеге алынған қаражат 10 жыл көлемінде мемлекетке қайтарылады.
2. Нарық пен сала жағдайына талдау
Негізгі бағытты тұтынушылар ретінде бастапқыда жергілікті тұрғындарды, кейін республика халқына жарнамалап, тәжірибе жинақтаған соң халықаралық көлемде қызмет ету болжалды.
Бұл бағыт бойынша туристік бағыт аз және нарықта сұранысқа ие, сол себепті конкурент орталықтар саны санаулы. Алайда, жағалау маңында орналасқан “Сыр самалы” кафесі нарықтағы басты бәсекелес туристік орын. “Çalıkuşu” деп аталатын туристік орынның өз бәсекелестеріне қарағанда артықшылықтары бар:
- Шатыр үстіндегі ашық аспан астындағы кафе күннің батып немесе шығып келе жатқан керемет көрінісімен бөлісуге мүмкіндік береді;
- Романтикалық, іскерлік және отбасылық кездесулергеп таптырмас кешен;
- Жаз мезгілінде ашық кафе мен жағалау кешені іске қосылады;
- Қайықпен серуендеуге болады;
- Спортпен айналысуға қолайлы;
- Теңіз өнімдеріне бай ас мәзірі;
- Тек қана табиғи және ағзаға пайдалы өнімдерден ғана тағам даярланады және емдәм ұстап жүрген қонақтарға арнайы аз мәзірі бар.
3. Жобаның мәні
Бұл жобаның сәттілігін айқындайтын демалыс кешенінің бірнеше ерекшеліктері бар. Кафе территориясында жанды дауыста концерттер берілетін болады. Әртүрлі аспаптардың сүйемелдеуімен арнайы топ қонақтарға көптеген стильдегі әндерді шырқайды. Осыған байланысты кешенде демалыс күндері арнайы кештер өткізіледі, мысалы ретро, ұлттық, рок, классика және заманәуи үлгідегі әндер кеші өтеді. Концерттердің тематикасына байланыста кафенің декорациясы да өзгереді және бұл өзгеріс қонақтарға ерекше атмосферада көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
4. Маркетинг жоспары
Негізгі жарнама өте қажеттілік туғызады:
- Интернет-сайтын құру;
- Әлеуметтік желілерде жеке парақшасын ашып, оқырмандар жинау;
- Кешеннің ашылғандығы жайлы көз тартарлықтай видео түсіріп, оны теледидар және тағы да басқа ақпарат құралдары арқылы тарату;
- Танымал тұлғаларды қонақ етіп, олардың ғаламтордағы оқырмандарының қызығушылығын аулау керек.
5. Өндіріс жоспары
Жобаны жүзеге асыру жері ретінде Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің бойындағы жағалаулық жер таңдап алынды. Кешен құрылысын жүргізу үшін арнайы құрылыс компаниясымен келісімге отырылады.
Қажетті персоналдар құрамы:
Директор - 1
Орынбасар - 1
Менеджер - 1
Маркетолог - 1
Секретарь - 1
Бухгалтер - 2
Лингвист-аудармашы- 1
Экскурсовод - 1
Медицина қызметкері - 1
Жинаушы - 6
Даяршы - 15
Аспаз-9
Музыкант - 4
Жүргізуші - 1
6. Инвестициялық климат пен тәуекелдер
1. Қаржылық және экономикалық тәуекелдер
- Импорттық шикізаттардың бағасының өсу қаупі
- Несиені толықтай қайтара алмау
- Инфляция
- Клиенттердің ақы төлеуден бас тартуы
- Халықтың сатып алу мүмкіндігінің төмендеу қаупі
2. Ұжымдық және басқарушылық тәуекелдер
- Серіктестің тарапынан алданып қалу
- Сапасыз қызмет көрсету қаупі
- Жұмысшылар тарапынан ұрлық/жемқорлық болу қатері
3. Климаттық тәуекелдер
- Сырдария өзенінің тасып кету қаупі
4. Технологиялық тәуекелдер
- Құралдар мен техникалардың тез тозып кету қаупі
7. Ұжымдық жоспар
Басшылық құрам директор, орынбасар, маркетолог пен менеджерден тұрады. Директор ғана қаржылық жоспарларға қол қоюға құқылы. Бұл демалыс орны АҚ болып табылмайды.
8. Қаржылық жоспар
Финанстық жоспар
Құрал -жабдықтарға инвестиция
Орташа
температуралы
салқындатқыш
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz