Танымдық процестердең физиологиялық механизмдері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

  1. Танымдық процестер
  2. Түйсіктің физиологиялық негіздері
  3. Қабылдау және оның физиологиялық негізі
  4. Ес туралы теориялар
  5. Пайдаланған әдебиеттер
  1. Танымдық процестер

Танымдық процестерге түйсік, қабылдау ойлау, сөйлеу және қатынас, қиыл, ес кіреді.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерiнiң сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етуiнен пайда болған мидағы бейнелердi түйсiк деп атайды.

Түйсiк арқылы заттардың түсiн, иiсiн, дәмiн, қатты жұмсақтығын, кедiр-бұдырлығын т. б. осы секiлдi қасиеттерi ажыратылады. Сондай-ақ түйсiк денеде болып жататын түрлi өзгерiстер жөнiнде де, яғни дененiң қозғалысы мен оның кеңiстiкке орналасуын, жеке бөлiктерiнiң жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниенi танып-бiлу түйсiктен басталады. Ол бiлiм атаулының алғашқы көзi. Мәселен, жолдасыңнан көзiн жұмуын өтiнiп, оньщ алақанына белгiсiз бiр затты тигiзсең, сосын одан оның не екенiн сүрасаң, ол: “қатты, жылтыр, мұздай, жүмсақ, жылы, кедiр-бұдыр бiр нәрсе” деп жауап бередi. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлi қасиеттерiн бiлдiретiн осы сөз тiркестерi түйсiк болып табылады.

Түйсiктер заттар мен нәрселердiң тек жеке қасиеттерiн ғана мида бейнелейдi. Мәселен, адам секундтың 1/10 бөлiгiнде жалт еткен жарықты көрдiм деп айта алады, бiрақ оның қалай деп аталатынын бiлмейдi.

И. П. Павловтың жүйке қызметi туралы iлiмi түйсiктердiң пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсiндiредi. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б. ) үш бөлiктен құралады. Олар: бiрiншi сезiм мүшесi (рецептор) . Сезiм мүшесi сырттан келген тiтiркендiргiштердi жүйкелiк қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екiншi бөлiгi - миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездiкпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлi бөлiктерiне жеткiзiп отырады. Анализатордың үшiншi компонентi (құрамы) - мидағы түрлi жүйке орталықтары. Олар тiтiркендiргiштердi айыра алуға қабiлеттi нейрондардан тұрады.

Егер түйсiк сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерi мен сапаларының миымызда бейнеленуi болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуi болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсi, дыбысы, дәмi, иiсi, формасы т. б. қасиеттерi тұтас күйiнде бейнеленедi. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мұнда бiздiң анализаторларымызға оның қызыл түсi, хош иiсi, тәттi дәмi т. б. осындай қасиеттерi бiр мезгiлде әсер етедi де, миымызда тұтас зат бейнесi пайда болады. Қабылдау процесiнде адамның өткендегi тәжiрибесi ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келiп отырады. Кiсi бұлардың бәрiн бiрдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейдi. Егер бала өмiр бойы поезды көрмей өссе, оны бiрден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенiң заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңiлу емес, белсендi қабылдау. Белсендi қабылдау ғана дүниенi тереңiрек тануға мүмкiндiк бередi.

Қабылдау - ми қабығының күрделi анализдiк және синтездiк қызметiнiң нәтижесi. Қабылдаудың физиологиялық негiзiне бiрнеше тiтiркендiргiштердiң жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексi деп атаған. Мәселен, көру анализаторында оеындай қатынас рефлексiнiң жасалуы (яғни тiтiркендiргiштердiн бiр-бiрiмен байланысы) заттың түрi түсi, мөлшерiне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкiндiк бередi.

Сөйтiп, қабылдау - түйсiктегiдей бiр анализатордың ғана қызметi емес, бiрнеше анализаторлардың бiрлесiп қызмет iстеуiнiң нәтижесi. Мәселен, киноны көру екi анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс iстеуiнен болады.

Ес дегенiмiз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтiн процесс.

  1. Түйсіктің физиологиялық негіздері

Түйсіктің табиғи- физиологиялық негізі организмнің арнаулы жүйкелік механизмі- талдағыштар арқылы іске асады. Кибернетика ғылымның анықтауынша, адам өзін- өзі басқаратын аса күрделі жүйе болып саналады. Ал талдағыштарды сол жүйенің негізгі хабарлау қызметін атқаратын мүшелері деуге болады. Адам организмі сол талдағыштардан келіп жатқан сигналдардың ыңғайына сәйкес орталық жүйке жүйесіндегі фукцияларын реттеп, бірде жаңа әсер тудырып, бірде бұрыннан өтір жатқан әрекеттң барысына өзгеріс кіргізіп, оны түзетеді, бағыт береді. Сөйтіп ми қабығында үздіксіз өтіп жататын күрделі қызмет талдағыштар арқылы жүзеге асып отыратын кері байланысқа сүйенеді. Талдағыштар үш бөліктен құралады:

а) шеткі орган- бұл сезім мүшелері, рецепторлар деп аталады;

б) өткізгіш бөлім- рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар;

в) мидағы орталықтар

Бірінші бөлік-рецепторлар- түрліше құрылған жүйкелік аппараттар. Олардың атқаратын қызметі- сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшін жүйкелік қозуға айналдыру.

Екінші бөлік- өткізгіш - бөлім- сыртқы қуаттың сезімтал жүйке талшықтарының ұшында қозуын екі жолмен жоғарғы және төменгі бағытқа жайып отырады. Орталыққа баратын талшықтар арқылы қозуды бірінші жолмен жұлын мен ми бағанасына және ми қабығындағы алқаптарға жеткізеді. Орталықтан тебетін талшықтар арқылы мидағы қозу толқының екінші жолмен әр түрлі- органдарға өткізеді. Жүйке талшықтарының бойымен қозу бір секунтта 120 метрдей жылдамдықпен өтіп жатады. :шіеші бөлік- мидағы орталықтар. Бұл талдағыштардың негізгі бөлімі.

Жүйке жүйесіндегі басқа бөлімдер клеткаларының құрылысымен салыстырғанда осы орталықтағы клеткалар құрылысы әлдеқайда ерекше әрі күрделірек. Организмнің тиісті ортаға, жағдайға икемделіп әсерленуін дәлірек қамтамасыз етіп, нәзік талдау жасай алатын мүше- мидағы осы орталықтар.

  1. Қабылдау және оның физиологиялық негізі

Адам түйсік арқылы заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін, мысалы «алдымнан бір нәрсе жалт етті», «маған білетін болса, ал қабылдау арқылы зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін көреді. Мысалы: жарық, ойнап жүрген сәби, кең бөлме, өсіп тұрған жеміс ағашы. Қабылдау - затты тұтас бейнелеуге бейімді процесс. Түйсікке қарағанда, қабылдау- шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғары формасы.

Сонымен, қабылда дегеніміз- заттар мен құбылыстардың өзбқасиеттері және бөлшектері жиынтығыме қосылып, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі.

Қабылдаудың физиологиялық негізі- үлкен ми сынарлары қабындағы күрделі шартты рефлекторлық байланыстар, олар сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың бірігуі арқылы жүзеге асады. Қабылдауда бірнеше талдағыштардың үйлесімді іс- әрекеті организмнің тітіркендіргіштердің тұтас жиынтығына жауап беру реакциясы нәтижесінде бейнеленеді. Мысалы, біз раушан гүлінің бейнесін қабылдағанда, ең алдымен, оның әдемі түрін, тамаша түсін көреміз. Гүлдің жұпар исін иіскеп, жұтамыз, ұстап көріп оның жапырақтарының нәзік те жұмсақ екенін сезінеміз.

4. Ес туралы теориялар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық тежелудің рефлекторлық механизмдері
Адамның психикалық іс-әрекеті
Тұлға таным субъектісі ретінде
Адам мотивациясының дамуының психикалық механизмдері
Интеллект дамуы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мінез туралы жалпы ұғым. Мінез бен темпераментті теңдестіру
Адам қаңқасының құрылысы
Ес туралы жалпы ұғым мен теориялар.
Мерзімдік процестер биофизикасы. Биоритмология. Жарық және биоырғақ. Көпклеткалы организмдегі ырғақ иерархиясы. Биологиялық сағат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz