Модернизм дәуірінің өнері


- Негізгі бөлім
1. 1 Өнер ұғымы
Өнер - эстетикалықты өсіруге арналған рухани өмірдің салыстырмалы тұрғыдағы дербес өрісі. Керемет әсемдік - өнер үшін ең жоғарғы құндылық, адамның творчестволық күштерін жетілдіруге бастайтын, шындықты рухани-практикалық тәсілмен көркем бейнелердің түрлері арқылы игеруге мүмкіндік беретін ерекше түр. Шындық (адам қоршаған әлем және оның жанының ішкі өмірі) өнерде адами сезімдік түрлер, эстетикалық идеалдар тұрғысында көрінеді. Дәл осылайша, өнер туындыларында суретші - ерекше өзіндік заңдылықтармен, меншікті шындығымен өзіне тән көркемді реалдылық жасайды.
Көркем бейне - көркемді реалдылықтың және өнер тілінің негізгі мәнерлеуші нақтылы өлшемі. Бейне жасау барысында суретші өзінің эстетикалық талғамын басшылыққа ала отырып шығармашылық негізде көркемдіктен тыс шындық пен өзінің жеке ойларын, сезімдерін, толғаныстарын, талпыныстарын қосады. Адамдардың бейнелерін, жан қозғалыстарын, заттарды, жағдайларды, оқиғаларды, табиғатты, бүкіл әлемді жасай отырып суретші жалқылығымен, қайталанбас сезімде берілген түрімен, эстетикалық идеал тұрғысында береді. Гегель айтқандай, өнерде абстрактылықтың іске асуы нақтылық арқылы жасалады, ал идеалдың мазмұны шындықтың нақтылы бейнесін алады.
Өнердің не үшін арналғандығы әр алуан. Басқа да рухани өмірдің түрлері сияқты өнердің де мақсаты адамды толық жетілдіру, оның ішкі әлемін байыту, шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту екендігіне ешкім де шүбаланбайды. Философтардың арасындағы таластарды туындататын сұрақ, өнердің ең басты жұмысы неде. Әрбір заман одан жаңа қырларын табуда. Антикалықта өнер өз мәнінде ғарыштық түрлерге, олардың рационалды - үйлесімді үлгілеріне еліктеу басым болады. Аристотель өнерді, әлемді тану және жанды тазарту тәсілі деп есептейді. Хрестиандық орта ғасырлық өнер ең әуелі діни өмір өтетін ортаны безендіру, христиан білімдерін және діни уағыздарды, қасиетті мәндерді көрсетудің символикалық құралы сияқты қарастырылды. Қайта өрлеу өнерінде Құдайдың жасаған істерін әрі қарай жалғастырушы ұлы жеке тұлғалардың өзін өзі жасайды деген идеялар пайда болды. Жаңа заманда классикалық эстетикада өнердің рационалды-татымдық және тәрбиелік ролі ұсынылады. Ағартушылар өнердің, өнегелік және саяси бостандық идеалдарын, әрбір адамның жан-жақты дамуын насихаттау мүмкіндіктерін ерекше бағалайды. Романтизм эстетикасында жеке тұлғаның өзін-өзі көрсетуде, жанның тәубеге келуінде оның шексіз тереңдігін ашуда өнердің маңызы арта түседі. Реализмнің жақтастары, өнер дегеніміздің өзі ең алдымен адамның жеке тіршілігінде қиын-қыстау кезеңдері көрінетін өмір мектебі, олар әлеуметтік себептермен байланысты деп есептейді. «Таза өнерді» («өнер үшін өнер») ұстанушылар олар өзіне-өзі толық жеткілікті деген түсініктен айырылмауға тырысады. Олар өнердің айрықша мақсаттарын орындау - эстетикалық мақсат жасап отыру - өнегелілік, әлеуметтік, саяси, ғылыми, педагогикалық және т. б. мақсаттарға тәуелді емес деп тұжырымдайды. Сыртқы және ішкі әлемнің мистикалық негіздерінің символикалық көрінуінің жалғыз ғана мүмкін тәсілдерін символикашылдар өнерден тапты. Кешкі дәуіріне жуан Н. Л. Толстой өзінің шығармашылығының кейінгі кезеңінде, өнердегі ең бастысы - өмірдің ең жоғарғы мәні болып табылатын, ағайын бауырмалдығын күшейтетін, барлық тірлікті біріктіруге бастайтын адамдар қатынасы, сезімдердің бірден бірге берілуі деген ойларды дамытты. Фрейд бойынша, өнер - «сублимацияның» түрі, невроздық жағдайды жоюға мүмкіндік беретін адамның сезімдік ұмтылыстарының көріну мәнері, эстетикалық ляззат беретін, бірақ қоғам арқылы айыпталып отырылатын эротикалық әуістіктің жасырын бейнелері.
Ежелгі гректер өнерді «заттарды белгілі бір ережеге сай жасай білу», - деп түсінген. Олар өнерге сәулетшілік пен мүсіншіліктен басқа қолөнерімен шұғылданушыларды және арифметиканы, жалпы белгілі бір ережені сақтау арқылы жасалынатын кез келген істі жатқызды. Осы мағынада екі жарым мың жылдай XVI ғасырға дейін түсініліп келді. Француз философы Ш. Батте XVIII ғасырда өнерді «әсемдікті жасау», деп айқындай отырып «өнердің әсем» жеті түрін: живопись, мүсіншілік, сәулетшілік, поэзия, шешендік, би, музыканы ерекше атап көрсетті. Сол уақыттан бері бұл тізім едәуір көбейді. Алайда өнер ұғымы қазіргі күннің өзінде әр түрлі мағынада қолданылуда.
Қазіргі заман сөздіктерінде «өнер» ұғымы үш түрлі мағынада қолданылатындылығы көрсетілген. Біріншіден, белгілі бір хабарлықты қажет ететін кез келген іс (қол өнер, әскери өнер, би өнері және т. б. ) ; екіншіден, белгілі бір істе шеберлік пен ептілік таныту; үшіншіден, көркемдік қарекеттерінің өрістері және оның өнімдері - көркем шығарма. Егер «жасандылықты» «табиғилықтың» қарсы түрі деп есептейтін тұрғыдан шықсақ, онда «өнер» ұғымын барынша кең көлемде мағыналандырамыз. Кез келген артефакт, яғни кезкелген мәдениет феноменінің табиғат құбылыстарынан айырмашылығы олардың жасанды түрде пайда болуымен белгілі бір «өнердің» нәтижесі. Бұл сөздің осылайша түсіндірілуіне байланысты оған бүкіл адамзат мәдениетін және олардың барлық туындыларын жатқызуға тура келеді. Алайда біз өнерді жалпылық тұрғыан гөрі нақты, өзіңдік шеңберде - көркемдік қарекеттер тұрғысында және олардың көркемдік стилінің пайда болуы мен дамуы негізінде қарастырамыз.
«Стиль» терминімен суретшінің шығармаларындағы кейбір жеке өзіндік ерекшеліктерін (мыс, Пикассоның шығармашылығындағы кубистік кезең), және өнердің біртұтас дәуіріне тән өзгешілікті белгілейді (антикалық стиль) . Өнертануда стильдер жиынтығы есепсіз өсуде. Олардың көбеюіне кезкелген өзгерісті немесе жәй пікірлестер тобының болуының өзін даңғыр атпен (фовистер, имажинистер, эгофутуристер, дадаистер, митькілер) белгілеуге дайын тұратын жасаушылардың өздері және солардың шығармашылығын зерттеушілер. Өнердің көптеген жанкүйерлері стилдердің дәл осындай көптігінен өздерінің жете білмейтіндіктеріне кіналанып қалыс қалады немесе мұндай «аттарға» күдікпен қарап жәй богемдіктің құр бос айқайы деп есептейді. Бірақ өнердің стилдік бағыттары сәнділік емес, айқын себебі бар қажеттілік.
Мәселе мынада, өнер туындыларында әртүрлі эстетикалық идеалдар үйлесімсіз бейнеленеді, көркем шығармашылықтың алдына әртүрлі мақсаттар қойылады, көркем бейнелерді жасауда әт түрлі құралдар, әдіс, амалдар қолданылады. Әрбір жеке авторға тән шығармашылық ерекшелік оның жеке ұзақ тарихи кезендегі өнерге тән жалпы ерекшеліктер бар. Көркемдік стиль - белгілі бір дәуірдегі көптеген өнер туындыларының ерекше типтік түрлерін айқындайтын эстетикалық идеалдар мен шығармашылық тәсілдердің бірлігі.
Әдебиет соңғы 500 жылдар бойында стильдерді жасайтын өнер түрлерінің негізі болды. Бірақ, әдебиет сөз өнерінің бір түрі ғана. Ерте заманда ол өте қарапайым роль атқарды. Фольклорлық жанрлар: махаббат әндерімен, ертегілерімен, тарихи жырлармен қабаттас болды. Ал, ауыздан ауызға берілетін «естің бақылауына бағынышты» ауыз әдебиеті жазба әдебиетіне қарағанда аз із қалдырады. Осы себептерге байланысты ежелгі өнер біздің алдымызда өзінің зор монументтілігімен көрінеді, және де сол себептен оның стилдерін құрайтын түрлеріне өнердің кеңістік түрлері: сәулетшілік пен кескіндеме жатады.
Қайта өрлеу дәуіріне дейін бұрынғы қоғамдардағы көркемдік стиль мәдениетінің бәріне бірдей ортақ болатын. Ежелгі египет, грекия, ежелгі рим мәдениеттерінің бәрі «бір стилді» болды.
Оларда, өнердің әртүрлі көркем туындыларына ортақ ерекшеліктерді айқындайтын мифологиялық және діни қағидалар үстем болды. Бұл қағидалар өте жәй өзгеретін, сондықтан қоғамдық өнердің дамуын бейнелейтін жазушы немесе суреткер оған сәл ғана өзгерістер енгізуге мүмкіндігі болатын. Еуропалық ортағасырдың соңына қарай жалпы мәдениетке тән сәулетшілік стилдің екі түрі романдық және готикалық стильдер айқындалып қатар саралана бастады. Алайда өнердің әр түрлі стильдері мәдениеттің Қайта өрлеуінде ғана қалыптасты. Осы уақыттан бастап белгілі бір дәуірдегі өнердің басқаға қарағанда үстем, негізгі стильдері қалыптасты және өзге қосымша стильдермен қатар болып оларды толықтырып отырды. «Көпстильді» мәдениетте көп варианттылық жағдай туындағандықтан суретші эстетикалық идеалды және оны бейнелеу құралын таңдауға мүмкіндік алды.
Модернизм дәуірінің өнері. 20 ғ. бірінші жартысында еуропалық көркем мәдениет жаңа тарихи кезеңге енді. Өнеркәсіп пен экономикадағы елеулі өзгерістер, халықтың басым көпшілігінің өмірге араласуы, төңкерістер мен әлемдік соғыстар нәтижесінде өнерде ірі өзгерістер болды. Өткен заманның ұлы көркемдік стильдеріне бағыт берген идеалдар күйреді. «Модернизм дәуірі» деген уақыт келді. «Модернизм» (фр. Moderne - қазіргі, жаңа) сөзінің негізінде «мода» сөзі бар, ол «жаңа өнер», «қазіргі заман өнері» деген мағынада жиі қолданылады. Батыста «Модерн» деп аталады. Францияда батыл көрініс тапқан ол кейін басқа елдерге тарады. Оның шеңберінде дамыған өнеркәсіп қоғамның талабына сай болмыстың жаңа рухани негізі зерттелді және нығайтылды. Модернизм біртекті емес. «Модерн» термині сәулет өнері мен бейнелеу өнеріндегі символизм, импрессионизм, декоративизм сияқты стильдерді қамтитын белгілі бір бағытты белгілеу үшін де қолданылады. Бұл бірыңғай көркемдік стиль емес, стильдердің тобы. Модернизм дәуірінде өнерде біршама ұзақ тарихи кезең ішінде басқалардан үстем болатын ұлы стилдер заманы өткен еді.
Бір стильдің басқа барлық стильден басым болуы өнерге жақын көпшіліктің біршама біртектілі болған жағдайда ғана мүмкін болды. Олар «Ең жоғары топ», дворян қясы сауатты адамдардың санаулы тобы т. б. «Қарапайым халық» музейге де бармайды, кітап та сатып алмайды. Өнерді жасаушылар да, тұтынушылар да бір мәдениеттегі адамдар болды. Бірақ, олардың өнерге қарым-қатынасы әр түрлі еді: біреу үшін ол өмірдің мәні болса, басқалары үшін сауыққа айналды. Алайда мәдени дәстүрлі, білім, талғамдары ұқсас болды.
19 - ғасырдың аяғына қарай жағдай шұғыл өзгерді. Халықтың сауаттылығының өсуі (негізгі себебі өндірісті дамыту үшін күрделі техниканы басқара алатын мамандандырылған жұмысшылардың қажеттілі бұхара халықты сауаттандыру туғызғандығы) бұхараның өнерге енуіне жағдай жасады. Өнер әртүрлі субмәдениеттерге жататын, эстетикалық талаптар мен сұраныстары бар көпшіліктің әртүрлі топтарымен кезікті.
19 ғасырдағы көркем шығармалар тұтынушылардың белгілі бір тобына, мысалы, жоғары сауатты таңдаулылар мен бұхаралық аудиторияға, «рух ақсүйектері» мен шеберлерге, бай мен жарлыға, қала тұрғыны мен ауыл тұрғынына т. б. арнала бастады. Қарапайым адамдар үшін әдебиет пен кинокейіпкерлері графтар мен жарлы, бірақ ізгілікті қыздар емес, салт жігіттер мен билегіш қыздар бола бастады. Қыздардың жұмбақ жағдайда ұрлануы, қараңғы зынданнан қашу сюжетінің орнын қылмыскерлер мен тыңшылар туралы оқиғалар келді. Интеллектуалдар мен эстеттерге - «өнер үшін өнер», ал көпшілікке - «жақсылар мен жамандар» туралы сюжеттер, біреулерге көп томды романдар, енді біреулерге кітапшалар мен комикстер ұсынылды. Бұл жағдайларда қоғамның көркемдік өмірі, тұтастығын жоғалтты. Өнер көп ағым мен бағытқа бөлшектенді, жарылды, көп түрлі алақұлалыққа айналды. Ортақ негізгі көркемдік стильдің болмауы - модернизмге тән белгі. Модернизм түбегейлі көп стильді. Уақыт өткен сайын модернистік өнердің стильдер спектрі қорқынышты дәрежеге дейін ұлғайды. Әр жаңа бағыт бір белгі бағыттан бөлініп, оларды ығыстырып, батырмақ болды. Бұрын оқырман немесе көрермен тілімен қандай мазмұн берілгенін түсінуге талпынса, енді өнердің жаңа тілін шешуіне тура келді. «Ескі» стильдер де жоғалғысы келмейді, - пікірталас қызады, стильдер тоғыспайды, бірін-бірі толықтырмайды, өйткені суретшілердің дүниеге алуан көзқарасын білдіреді. Өнердегі таласшылар бір-бірін айыптап, өнертанымдық жаңа терминдерді қолданып та айқасады, бұл көпшіліктің басын айналдыра бастады.
Модернистер әр түрлі құнды-интеллектуалды себептер ретінде: ирроционалшылдық пен рационалшылдықты, техноутопияны құрастыруда және жаңа мифологияландыруды қалыптастыруды, тұлғалық және тұлғадан жоғары дүниенің қалыптары мен мәндерін ұстады.
Дегенмен бұл бағытта болмыстың заттылығын және қалыптасқан өмірдің түрлеріне сенім артуды қажет ететін натурализм мен реализмді жеңу, адамның жобаларын белсенділікпен бекітуге деген талпыныстар көрінді. Өнер ақиқатты бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар оны жеңудің, алмастырудың, нағыз болмысты көрсететін құрал болды. Модернизмге дейін тұлға, бірде әлемдегі барлық рухани байлықтардың қожасы болса, енді бірде абсолюттік құндылықтар мен жалпы мәнді идеяларға тиым салынып қол жеткізбейтіндігіне күйінді, алайда олардың бар екендігін жоққа шығарған жоқ. Модернистер, өздерінің қайшылықтарын шешілмейтіндігін мойындап, рухани-ізігілік «абсолюттерін» жоққа шығаратын күйге келді. Сонымен қатар, өнерде мифологиялық әдісті жандандыруға тырыса отырып, көркем құралдар мен ғарыштық жүйенің біртұтастығының шеңберінде адамның болмысының бүтіндігін және шектеулігін қалпына келтіруге болатындығын айтты. Осыдан модернизм дәуірінің түрлі өнер стильдеріне не ортақ және модернистік өнердің ортақ белгілері қандай деген сұрақтар туындайды:
1. Модернизм өзін өткеннің өнеріне қарсы қояды және ізденіс еркіндігіне қысым жасайтын кез келген көркемдік канонды жоққа шығаратын жаңалықты іздеуге шақырады. Модернизм дәуіріндегі стильдердің көбі сынап көру және қателесу әдісімен өзінің тың, әдеттен тыс, өнердің үйреншікті шеңберінен шығатын жолын салмақ болды.
2. Модернизм өнері, Арситотель ұсынған және ғасырлар бойы мызғымас боп есептелетін мимесис (еліктеу) принципін жоққа шығарды. Мимесис принципі бойынша өнер болмысты бейнелеу, көшіру керек. Модернист суретші шын өнерді бейнелемейді; талант, қиял күшімен өз әлемін жасайды («Малевич әлемі»; «Пикассо әлемі»; «Дали әлемі») . Заттық бейнеліліктен бас тарту абстракционизмде шырқау шегіне жетеді.
3. Модернизмде өнерге деген дәстүрлі эстетикалық және этикалық талаптар теріске шығарылады. Ол сұлулық пен үйлесімге де, ақыл-ой мен ізгілікті асқақтатуға да талпынбайды. Ең бастысы - көпшілікке күшті әсер ететін экзотикалық сипат. Болмыстың мәнсіздігі, ауру, сұрықсыздық, адам өлімі ерекше көркемдік қызығушылық туғызатын сюжеттерге айналып, үрейлілік пен сұрықсыздық эстетикасы ерекшеленді. Қан, азапты тән, басқаша келбетті тірі дене немесе адам жасаған заттар т. б. бейнеленеді. Модерн суреткерін оқырманның мұздай тері, жүрегі айнуы толғандырмайды. Мұндай эффектілер дәстүрлі өнерде де болған, бірақ мондернистік өнерде олар үстем орынды алды. Модернизмде пессимизм, күйреу, азап, мәнсіздікті бейнелеу әдетке айналғандықтан, модернизм өнерін декаданс мәдениетімен жиі байланыстырады. Өмірден алшақтау, өмірдің сұмдықтарын салқын көрсету, көркемдік тілдің ньюанстарына эстеттік қадалу, көрерменге, оқырманға немқұрайлы қатынас модернистте өнердің белгілері болды.
4. Модернистік өнер стильдері ұзақ өмір сүрмейді. Бірнеше ай, бірнеше жыл ішінде олар пайда болып, белгілі болып, сахнадан түседі. Бірнеше оң жылдыққа жеткені кейбіреуі ғана. Көбіне кез келген жаңалық өнердегі төңкеріс ретінде түсініледі. Бұрын болмаған құбылыс - бір суретшінің шығармашылығының кезеңдерге бөлінуі, әр кезеңнің өз стилі болуы (Мысалы Пикассоның қызғылт, көгілдір, кубистік кезеңдері) . Жаңа стильдің тууы көпшілік жағдайда эпатаждық сипаты болады және олар богемдіктер ортасындағы жанжалдан басталып, газет бетіне басылудан бірақ шығатын. Жартылай богемді көрермендер «ыңғайсыз» кескіндеме көремсіне, «дөрекіліктің тұңғиығына кеткен» ақындар өлеңін оқитын кафеге ағылады. Әуелде қорқып, үрейленіп, содан кейін жаңа көркемдік бағытқа қосылғандай дәрежеге ие болады. Жарнамалық - жаңа стильді әйгілі етудің маңызды шарты, басқаның назарын аудару үшін жанжалдар да пайдалы. Жаңа стиль бейнесі әдетте мәдени элитаның санасында ғана болды. Бұхараға оның жаңғырықтары мен шұғыласы жетеді: әуен үзінділері - танымал әндерде, картина фрагменттері - орама қағазда, т. б.
Абстракционизм. Абстракционизм өнердегі жаңа жолдарды, модернистік ізденістерді белгілі бір дәрежеде аяқтаған стиль болды. Онда заттық әлемгесүйену мен ақылға сыйымдылық біртіндеп жойылады, өмірдегі заттар бұрмаланбайды, түр өзгеріске түспейді, материалсызданбайды, мәнсізденбейді - олар тек жойылады, олардың жеке іздері - штрих, түсі ғана қалады. Адам шын дүниеден безеді.
Көркем шығарманың сюжетіматериалдық әлемдегі құбылыс немесе оқиға ғана емес, «ғарыштың рухани энергиясын» концентрациялау болды. Абстракционизмнің идеалы затсыздық, идеалдық көрініс, ғарыштық энергияны шығарып тұратын, ішкі кернеуі бар жасанды графикалық - түстік жазықтық болды.
Абстракционизм тек сурет өнерін қамтыды. Өнердің басқа формалары мұны қабылдаған жоқ. Сәулет өнерінің өз заттық жағы бар, одан ол бас тарта алмайды. Музыка онсыз да абстрактілі, ол ереже бойынша сезіммен қабылданып әуен мен ритмді толық бұзуға болмады. Әдебиетте ойлы, мағыналы сөздік материалды бұзу адамды мезі ететін құбылыс тудырады. Көркем суретте абстракционизм затсыз суреттің ежелгі дәстүрін (Исламдық арабеска, буддалық мандала, зергерлік және сәндік өнер) ұстанды.
Мәдениет пен өнерге ақпараттық-семиотикалық көзқарас тұрғысынан көркемдік белгі идеясын мағынасыз немесе мүлдем еркін мағынамен қабылдауға болмайды. Мағына таңбаға шегеленбеген, бірақ суреткердің толық еркін туындысы емес. Таңбаның мағынамен байланысының жоғалуы көркемдік мән мен көркемдік бейнелілікті жоғалтады.
Абстракционизмнің қиындықтары, мәдени өмір құбылысы ретіндегі жайсыздығы ол пайда болған кезден-ақ біліне бастады. Үздік шығарманы шатпақтан қалай айыруға болады? Абстракционистер сызықтар мне түстік нүктелердің, дақтардың ішкі үйлесіміне назар аударды, ол үйлесім картинаны қалай айналдырса да сақталу керек. Абстракционизм өзінің шектен шыққандығымен көпшілікті қайран қалдырды, тіпті үркітті. Көпшілікте абстракционистік үйлесімді бағалайтын критерий де, шығарманың ғарыштық энергиясы туралы да түсініктер болмады.
Абстракционизмде модернистік сурет өз шегіне жетті. Мәнсіз әлемді сюрреалистік бейнелеу, егер оның элементтері көрнекі формалардың шындығын жоғалтса, абстрактілі болады. Конструктивистік көркем суретте де балалар конструкторындағы дұрыс құрастырмау жағдайы сияқты, берілген бөлшектерден ештеңеге ұқсамайтын немесе адам тануы қиын композиция құралған жағдайда, осылай болады. Абстракционизм модернизмнің басқа стильдеріне едәуір қызмет етті. Оларда көрермен әйтеуір бір нәрсені танып, таңдаулыларға арналған өнерден мүлдем хабарсыз емеспін деп ойлайды.
Бұл бағыттың негізін қалаған, В. Кандинскийдің есептеуінше көркем суреттің жаңа абстракциялық тілі сырт жақтан - ішке қарай, денеден жанға қарай, әлемді толтырған заттық материалдық қабатынан рухтың мәнінің құдіретті «үніне» қарай енуге көрермендерді талаптандырады. Көркем суретшіні қыл қалам арқылы адам жанын тербейтін, «Музыканың рухы», Ұлы ғарышқа және келе жатқан Рухани патшалыққа араластыратын жоғары «Мақсаттың қызметшісі».
Дәл осы туралы Кандинский армандады, дәл осыны өзінің шығармаларында көрсеткісі келді. Құйындатқан ғарыштық топырдың бояулы дақтары, сызықтары, геометриялық кескіндері мен абстракциясы арқылы суретші белгісіз әлемнің бейнесін жасады. Онда үйреншікті тәнді көзден ғайып қылып, көзге көрінетін музыкада сыңғырлаған дауыспен жеңіл үн шығарып барлығы бәрімен араласып кеткен. Кандинскийдің абстракционизмі шынында да музыканы еске салады. Оның көркем суреттері әрі мерекелі, әрі апокалиптілі (ақыр заман туралы мистикалық сыр ашу) . Ыдыраған, жан-жаққа ұшып жарқыншақтарға айналған, тілімді және дақ түскен дөрекі материалдық дүние, өткен дүниенің күйі. Мұнда адамның жан дүниесі өзінің «тербелісімен» басылып қалған. Кандинскийдің абстракциялық тілі - еркіндіктің тілі, иілгіш, сюжеттен де, нәрседен де, адам образдарынан да тәуелсіз, «ашық». Бұл эксперименттер «астралдан» (жұлдызды) шыққан сияқты. Бұл жерде «ғарыштық жайылу» апат пен ұлы өзгерістердің нышаны болып тірі адамдар емес, адамдардың жаны тұрады.
Абстракционизмнің басқа өкілі - К. Малевич, көркем суреттің тілін өзгертіп, өзінің мессианствосы туралы, жаңа образды, одан әрі жаңа дүниені жасайтыны туралы, жаңа образды, одан әрі жаңа дүниені жасайтыны туралы мәлімдеме жасады. «Мен, ішкі қозғалыстарымның белгілерін жасағыш болғым келеді, өйткені әлемнің жолы менде», - деп жазды ол. Атақты «ақ фондағы қара квадрат» көрмеде 1913 ж. пайда болды (қосымшадағы Ә. 1. 1. 1-сурет), мұны Малевич «планеталық тіл» деп көрсеткісі келді. Өзіне барлығын сиғызатын ешбір денесіздік, сонымен бірге болашақтың потенциясын да қамтиды. Бұл қойылған көркемдік талапта, аспанда әлі қалықтап ұшып жүрген романтикалық қиялдың рухы жанады. Суперматикалық фигураға дейін қысымдалған дүниенің образы, қиналмай-ақ жоғарғы үйлесімділіктің планетарлық белгісі болуы ықтимал.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz