Сурет салу кезеңдері



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
I. Негізгі бөлім

1.1 Өнер ұғымы
Өнер - эстетикалықты өсіруге арналған рухани өмірдің салыстырмалы тұрғыдағы дербес өрісі. Керемет әсемдік - өнер үшін ең жоғарғы құндылық, адамның творчестволық күштерін жетілдіруге бастайтын, шындықты рухани-практикалық тәсілмен көркем бейнелердің түрлері арқылы игеруге мүмкіндік беретін ерекше түр. Шындық (адам қоршаған әлем және оның жанының ішкі өмірі) өнерде адами сезімдік түрлер, эстетикалық идеалдар тұрғысында көрінеді. Дәл осылайша, өнер туындыларында суретші - ерекше өзіндік заңдылықтармен, меншікті шындығымен өзіне тән көркемді реалдылық жасайды. Көркем бейне - көркемді реалдылықтың және өнер тілінің негізгі мәнерлеуші нақтылы өлшемі. Бейне жасау барысында суретші өзінің эстетикалық талғамын басшылыққа ала отырып шығармашылық негізде көркемдіктен тыс шындық пен өзінің жеке ойларын, сезімдерін, толғаныстарын, талпыныстарын қосады. Адамдардың бейнелерін, жан қозғалыстарын, заттарды, жағдайларды, оқиғаларды, табиғатты, бүкіл әлемді жасай отырып суретші жалқылығымен, қайталанбас сезімде берілген түрімен, эстетикалық идеал тұрғысында береді. Гегель айтқандай, өнерде абстрактылықтың іске асуы нақтылық арқылы жасалады, ал идеалдың мазмұны шындықтың нақтылы бейнесін алады. Өнердің не үшін арналғандығы әр алуан. Басқа да рухани өмірдің түрлері сияқты өнердің де мақсаты адамды толық жетілдіру, оның ішкі әлемін байыту, шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту екендігіне ешкім де шүбаланбайды. Философтардың арасындағы таластарды туындататын сұрақ, өнердің ең басты жұмысы неде. Әрбір заман одан жаңа қырларын табуда. Антикалықта өнер өз мәнінде ғарыштық түрлерге, олардың рационалды - үйлесімді үлгілеріне еліктеу басым болады. Аристотель өнерді, әлемді тану және жанды тазарту тәсілі деп есептейді. Хрестиандық орта ғасырлық өнер ең әуелі діни өмір өтетін ортаны безендіру, христиан білімдерін және діни уағыздарды, қасиетті мәндерді көрсетудің символикалық құралы сияқты қарастырылды. Қайта өрлеу өнерінде Құдайдың жасаған істерін әрі қарай жалғастырушы ұлы жеке тұлғалардың өзін өзі жасайды деген идеялар пайда болды. Жаңа заманда классикалық эстетикада өнердің рационалды-татымдық және тәрбиелік ролі ұсынылады. Ағартушылар өнердің, өнегелік және саяси бостандық идеалдарын, әрбір адамның жан-жақты дамуын насихаттау мүмкіндіктерін ерекше бағалайды. Романтизм эстетикасында жеке тұлғаның өзін-өзі көрсетуде, жанның тәубеге келуінде оның шексіз тереңдігін ашуда өнердің маңызы арта түседі. Реализмнің жақтастары, өнер дегеніміздің өзі ең алдымен адамның жеке тіршілігінде қиын-қыстау кезеңдері көрінетін өмір мектебі, олар әлеуметтік себептермен байланысты деп есептейді. Таза өнерді (өнер үшін өнер) ұстанушылар олар өзіне-өзі толық жеткілікті деген түсініктен айырылмауға тырысады. Олар өнердің айрықша мақсаттарын орындау - эстетикалық мақсат жасап отыру - өнегелілік, әлеуметтік, саяси, ғылыми, педагогикалық және т.б. мақсаттарға тәуелді емес деп тұжырымдайды. Сыртқы және ішкі әлемнің мистикалық негіздерінің символикалық көрінуінің жалғыз ғана мүмкін тәсілдерін символикашылдар өнерден тапты. Кешкі дәуіріне жуан Н.Л. Толстой өзінің шығармашылығының кейінгі кезеңінде, өнердегі ең бастысы - өмірдің ең жоғарғы мәні болып табылатын, ағайын бауырмалдығын күшейтетін, барлық тірлікті біріктіруге бастайтын адамдар қатынасы, сезімдердің бірден бірге берілуі деген ойларды дамытты. Фрейд бойынша, өнер - сублимацияның түрі, невроздық жағдайды жоюға мүмкіндік беретін адамның сезімдік ұмтылыстарының көріну мәнері, эстетикалық ляззат беретін, бірақ қоғам арқылы айыпталып отырылатын эротикалық әуістіктің жасырын бейнелері. Ежелгі гректер өнерді заттарды белгілі бір ережеге сай жасай білу, - деп түсінген. Олар өнерге сәулетшілік пен мүсіншіліктен басқа қолөнерімен шұғылданушыларды және арифметиканы, жалпы белгілі бір ережені сақтау арқылы жасалынатын кез келген істі жатқызды. Осы мағынада екі жарым мың жылдай XVI ғасырға дейін түсініліп келді. Француз философы Ш. Батте XVIII ғасырда өнерді әсемдікті жасау, деп айқындай отырып өнердің әсем жеті түрін: живопись, мүсіншілік, сәулетшілік, поэзия, шешендік, би, музыканы ерекше атап көрсетті. Сол уақыттан бері бұл тізім едәуір көбейді. Алайда өнер ұғымы қазіргі күннің өзінде әр түрлі мағынада қолданылуда. Қазіргі заман сөздіктерінде өнер ұғымы үш түрлі мағынада қолданылатындылығы көрсетілген. Біріншіден, белгілі бір хабарлықты қажет ететін кез келген іс (қол өнер, әскери өнер, би өнері және т.б.); екіншіден, белгілі бір істе шеберлік пен ептілік таныту; үшіншіден, көркемдік қарекеттерінің өрістері және оның өнімдері - көркем шығарма. Егер жасандылықты табиғилықтың қарсы түрі деп есептейтін тұрғыдан шықсақ, онда өнер ұғымын барынша кең көлемде мағыналандырамыз. Кез келген артефакт, яғни кезкелген мәдениет феноменінің табиғат құбылыстарынан айырмашылығы олардың жасанды түрде пайда болуымен белгілі бір өнердің нәтижесі. Бұл сөздің осылайша түсіндірілуіне байланысты оған бүкіл адамзат мәдениетін және олардың барлық туындыларын жатқызуға тура келеді. Алайда біз өнерді жалпылық тұрғыан гөрі нақты, өзіңдік шеңберде - көркемдік қарекеттер тұрғысында және олардың көркемдік стилінің пайда болуы мен дамуы негізінде қарастырамыз. Стиль терминімен суретшінің шығармаларындағы кейбір жеке өзіндік ерекшеліктерін (мыс, Пикассоның шығармашылығындағы кубистік кезең), және өнердің біртұтас дәуіріне тән өзгешілікті белгілейді (антикалық стиль). Өнертануда стильдер жиынтығы есепсіз өсуде. Олардың көбеюіне кезкелген өзгерісті немесе жәй пікірлестер тобының болуының өзін даңғыр атпен (фовистер, имажинистер, эгофутуристер, дадаистер, митькілер) белгілеуге дайын тұратын жасаушылардың өздері және солардың шығармашылығын зерттеушілер. Өнердің көптеген жанкүйерлері стилдердің дәл осындай көптігінен өздерінің жете білмейтіндіктеріне кіналанып қалыс қалады немесе мұндай аттарға күдікпен қарап жәй богемдіктің құр бос айқайы деп есептейді. Бірақ өнердің стилдік бағыттары сәнділік емес, айқын себебі бар қажеттілік. Мәселе мынада, өнер туындыларында әртүрлі эстетикалық идеалдар үйлесімсіз бейнеленеді, көркем шығармашылықтың алдына әртүрлі мақсаттар қойылады, көркем бейнелерді жасауда әт түрлі құралдар, әдіс, амалдар қолданылады. Әрбір жеке авторға тән шығармашылық ерекшелік оның жеке ұзақ тарихи кезендегі өнерге тән жалпы ерекшеліктер бар. Көркемдік стиль - белгілі бір дәуірдегі көптеген өнер туындыларының ерекше типтік түрлерін айқындайтын эстетикалық идеалдар мен шығармашылық тәсілдердің бірлігі. Әдебиет соңғы 500 жылдар бойында стильдерді жасайтын өнер түрлерінің негізі болды. Бірақ, әдебиет сөз өнерінің бір түрі ғана. Ерте заманда ол өте қарапайым роль атқарды. Фольклорлық жанрлар: махаббат әндерімен, ертегілерімен, тарихи жырлармен қабаттас болды. Ал, ауыздан ауызға берілетін естің бақылауына бағынышты ауыз әдебиеті жазба әдебиетіне қарағанда аз із қалдырады. Осы себептерге байланысты ежелгі өнер біздің алдымызда өзінің зор монументтілігімен көрінеді, және де сол себептен оның стилдерін құрайтын түрлеріне өнердің кеңістік түрлері: сәулетшілік пен кескіндеме жатады. Қайта өрлеу дәуіріне дейін бұрынғы қоғамдардағы көркемдік стиль мәдениетінің бәріне бірдей ортақ болатын. Ежелгі египет, грекия, ежелгі рим мәдениеттерінің бәрі бір стилді болды. Оларда, өнердің әртүрлі көркем туындыларына ортақ ерекшеліктерді айқындайтын мифологиялық және діни қағидалар үстем болды. Бұл қағидалар өте жәй өзгеретін, сондықтан қоғамдық өнердің дамуын бейнелейтін жазушы немесе суреткер оған сәл ғана өзгерістер енгізуге мүмкіндігі болатын. Еуропалық ортағасырдың соңына қарай жалпы мәдениетке тән сәулетшілік стилдің екі түрі романдық және готикалық стильдер айқындалып қатар саралана бастады. Алайда өнердің әр түрлі стильдері мәдениеттің Қайта өрлеуінде ғана қалыптасты. Осы уақыттан бастап белгілі бір дәуірдегі өнердің басқаға қарағанда үстем, негізгі стильдері қалыптасты және өзге қосымша стильдермен қатар болып оларды толықтырып отырды. Көпстильді мәдениетте көп варианттылық жағдай туындағандықтан суретші эстетикалық идеалды және оны бейнелеу құралын таңдауға мүмкіндік алды. Модернизм дәуірінің өнері. 20 ғ. бірінші жартысында еуропалық көркем мәдениет жаңа тарихи кезеңге енді. Өнеркәсіп пен экономикадағы елеулі өзгерістер, халықтың басым көпшілігінің өмірге араласуы, төңкерістер мен әлемдік соғыстар нәтижесінде өнерде ірі өзгерістер болды. Өткен заманның ұлы көркемдік стильдеріне бағыт берген идеалдар күйреді. Модернизм дәуірі деген уақыт келді. Модернизм (фр.Moderne - қазіргі, жаңа) сөзінің негізінде мода сөзі бар, ол жаңа өнер, қазіргі заман өнері деген мағынада жиі қолданылады. Батыста Модерн деп аталады. Францияда батыл көрініс тапқан ол кейін басқа елдерге тарады. Оның шеңберінде дамыған өнеркәсіп қоғамның талабына сай болмыстың жаңа рухани негізі зерттелді және нығайтылды. Модернизм біртекті емес. Модерн термині сәулет өнері мен бейнелеу өнеріндегі символизм, импрессионизм, декоративизм сияқты стильдерді қамтитын белгілі бір бағытты белгілеу үшін де қолданылады. Бұл бірыңғай көркемдік стиль емес, стильдердің тобы. Модернизм дәуірінде өнерде біршама ұзақ тарихи кезең ішінде басқалардан үстем болатын ұлы стилдер заманы өткен еді.. Бір стильдің басқа барлық стильден басым болуы өнерге жақын көпшіліктің біршама біртектілі болған жағдайда ғана мүмкін болды. Олар Ең жоғары топ, дворян қясы сауатты адамдардың санаулы тобы т.б. Қарапайым халық музейге де бармайды, кітап та сатып алмайды. Өнерді жасаушылар да, тұтынушылар да бір мәдениеттегі адамдар болды. Бірақ, олардың өнерге қарым-қатынасы әр түрлі еді: біреу үшін ол өмірдің мәні болса, басқалары үшін сауыққа айналды.Алайда мәдени дәстүрлі, білім, талғамдары ұқсас болды. 19 - ғасырдың аяғына қарай жағдай шұғыл өзгерді. Халықтың сауаттылығының өсуі (негізгі себебі өндірісті дамыту үшін күрделі техниканы басқара алатын мамандандырылған жұмысшылардың қажеттілі бұхара халықты сауаттандыру туғызғандығы) бұхараның өнерге енуіне жағдай жасады. Өнер әртүрлі субмәдениеттерге жататын, эстетикалық талаптар мен сұраныстары бар көпшіліктің әртүрлі топтарымен кезікті. 19 ғасырдағы көркем шығармалар тұтынушылардың белгілі бір тобына, мысалы, жоғары сауатты таңдаулылар мен бұхаралық аудиторияға, рух ақсүйектері мен шеберлерге, бай мен жарлыға, қала тұрғыны мен ауыл тұрғынына т.б. арнала бастады. Қарапайым адамдар үшін әдебиет пен кинокейіпкерлері графтар мен жарлы, бірақ ізгілікті қыздар емес, салт жігіттер мен билегіш қыздар бола бастады. Қыздардың жұмбақ жағдайда ұрлануы, қараңғы зынданнан қашу сюжетінің орнын қылмыскерлер мен тыңшылар туралы оқиғалар келді. Интеллектуалдар мен эстеттерге - өнер үшін өнер, ал көпшілікке - жақсылар мен жамандар туралы сюжеттер, біреулерге көп томды романдар, енді біреулерге кітапшалар мен комикстер ұсынылды. Бұл жағдайларда қоғамның көркемдік өмірі, тұтастығын жоғалтты. Өнер көп ағым мен бағытқа бөлшектенді, жарылды, көп түрлі алақұлалыққа айналды. Ортақ негізгі көркемдік стильдің болмауы - модернизмге тән белгі. Модернизм түбегейлі көп стильді. Уақыт өткен сайын модернистік өнердің стильдер спектрі қорқынышты дәрежеге дейін ұлғайды. Әр жаңа бағыт бір белгі бағыттан бөлініп, оларды ығыстырып, батырмақ болды. Бұрын оқырман немесе көрермен тілімен қандай мазмұн берілгенін түсінуге талпынса, енді өнердің жаңа тілін шешуіне тура келді. Ескі стильдер де жоғалғысы келмейді, - пікірталас қызады, стильдер тоғыспайды, бірін-бірі толықтырмайды, өйткені суретшілердің дүниеге алуан көзқарасын білдіреді. Өнердегі таласшылар бір-бірін айыптап, өнертанымдық жаңа терминдерді қолданып та айқасады, бұл көпшіліктің басын айналдыра бастады.
Модернистер әр түрлі құнды-интеллектуалды себептер ретінде: ирроционалшылдық пен рационалшылдықты, техноутопияны құрастыруда және жаңа мифологияландыруды қалыптастыруды, тұлғалық және тұлғадан жоғары дүниенің қалыптары мен мәндерін ұстады. Дегенмен бұл бағытта болмыстың заттылығын және қалыптасқан өмірдің түрлеріне сенім артуды қажет ететін натурализм мен реализмді жеңу, адамның жобаларын белсенділікпен бекітуге деген талпыныстар көрінді. Өнер ақиқатты бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар оны жеңудің, алмастырудың, нағыз болмысты көрсететін құрал болды. Модернизмге дейін тұлға, бірде әлемдегі барлық рухани байлықтардың қожасы болса, енді бірде абсолюттік құндылықтар мен жалпы мәнді идеяларға тиым салынып қол жеткізбейтіндігіне күйінді, алайда олардың бар екендігін жоққа шығарған жоқ. Модернистер, өздерінің қайшылықтарын шешілмейтіндігін мойындап, рухани-ізігілік абсолюттерін жоққа шығаратын күйге келді. Сонымен қатар, өнерде мифологиялық әдісті жандандыруға тырыса отырып, көркем құралдар мен ғарыштық жүйенің біртұтастығының шеңберінде адамның болмысының бүтіндігін және шектеулігін қалпына келтіруге болатындығын айтты.Осыдан модернизм дәуірінің түрлі өнер стильдеріне не ортақ және модернистік өнердің ортақ белгілері қандай деген сұрақтар туындайды:
1. Модернизм өзін өткеннің өнеріне қарсы қояды және ізденіс еркіндігіне қысым жасайтын кез келген көркемдік канонды жоққа шығаратын жаңалықты іздеуге шақырады. Модернизм дәуіріндегі стильдердің көбі сынап көру және қателесу әдісімен өзінің тың, әдеттен тыс, өнердің үйреншікті шеңберінен шығатын жолын салмақ болды.
2. Модернизм өнері, Арситотель ұсынған және ғасырлар бойы мызғымас боп есептелетін мимесис (еліктеу) принципін жоққа шығарды. Мимесис принципі бойынша өнер болмысты бейнелеу, көшіру керек. Модернист суретші шын өнерді бейнелемейді; талант, қиял күшімен өз әлемін жасайды (Малевич әлемі; Пикассо әлемі; Дали әлемі). Заттық бейнеліліктен бас тарту абстракционизмде шырқау шегіне жетеді.
3. Модернизмде өнерге деген дәстүрлі эстетикалық және этикалық талаптар теріске шығарылады. Ол сұлулық пен үйлесімге де, ақыл-ой мен ізгілікті асқақтатуға да талпынбайды. Ең бастысы - көпшілікке күшті әсер ететін экзотикалық сипат. Болмыстың мәнсіздігі, ауру, сұрықсыздық, адам өлімі ерекше көркемдік қызығушылық туғызатын сюжеттерге айналып, үрейлілік пен сұрықсыздық эстетикасы ерекшеленді. Қан, азапты тән, басқаша келбетті тірі дене немесе адам жасаған заттар т.б. бейнеленеді. Модерн суреткерін оқырманның мұздай тері, жүрегі айнуы толғандырмайды. Мұндай эффектілер дәстүрлі өнерде де болған, бірақ мондернистік өнерде олар үстем орынды алды. Модернизмде пессимизм, күйреу, азап, мәнсіздікті бейнелеу әдетке айналғандықтан, модернизм өнерін декаданс мәдениетімен жиі байланыстырады. Өмірден алшақтау, өмірдің сұмдықтарын салқын көрсету, көркемдік тілдің ньюанстарына эстеттік қадалу, көрерменге, оқырманға немқұрайлы қатынас модернистте өнердің белгілері болды.
4. Модернистік өнер стильдері ұзақ өмір сүрмейді. Бірнеше ай, бірнеше жыл ішінде олар пайда болып, белгілі болып, сахнадан түседі. Бірнеше оң жылдыққа жеткені кейбіреуі ғана. Көбіне кез келген жаңалық өнердегі төңкеріс ретінде түсініледі. Бұрын болмаған құбылыс - бір суретшінің шығармашылығының кезеңдерге бөлінуі, әр кезеңнің өз стилі болуы (Мысалы Пикассоның қызғылт, көгілдір, кубистік кезеңдері). Жаңа стильдің тууы көпшілік жағдайда эпатаждық сипаты болады және олар богемдіктер ортасындағы жанжалдан басталып, газет бетіне басылудан бірақ шығатын. Жартылай богемді көрермендер ыңғайсыз кескіндеме көремсіне, дөрекіліктің тұңғиығына кеткен ақындар өлеңін оқитын кафеге ағылады. Әуелде қорқып, үрейленіп, содан кейін жаңа көркемдік бағытқа қосылғандай дәрежеге ие болады. Жарнамалық - жаңа стильді әйгілі етудің маңызды шарты, басқаның назарын аудару үшін жанжалдар да пайдалы. Жаңа стиль бейнесі әдетте мәдени элитаның санасында ғана болды. Бұхараға оның жаңғырықтары мен шұғыласы жетеді: әуен үзінділері - танымал әндерде, картина фрагменттері - орама қағазда, т.б. Абстракционизм. Абстракционизм өнердегі жаңа жолдарды, модернистік ізденістерді белгілі бір дәрежеде аяқтаған стиль болды. Онда заттық әлемгесүйену мен ақылға сыйымдылық біртіндеп жойылады, өмірдегі заттар бұрмаланбайды, түр өзгеріске түспейді, материалсызданбайды, мәнсізденбейді - олар тек жойылады, олардың жеке іздері - штрих, түсі ғана қалады. Адам шын дүниеден безеді. Көркем шығарманың сюжетіматериалдық әлемдегі құбылыс немесе оқиға ғана емес, ғарыштың рухани энергиясын концентрациялау болды. Абстракционизмнің идеалы затсыздық, идеалдық көрініс, ғарыштық энергияны шығарып тұратын, ішкі кернеуі бар жасанды графикалық - түстік жазықтық болды. Абстракционизм тек сурет өнерін қамтыды. Өнердің басқа формалары мұны қабылдаған жоқ. Сәулет өнерінің өз заттық жағы бар, одан ол бас тарта алмайды. Музыка онсыз да абстрактілі, ол ереже бойынша сезіммен қабылданып әуен мен ритмді толық бұзуға болмады. Әдебиетте ойлы, мағыналы сөздік материалды бұзу адамды мезі ететін құбылыс тудырады. Көркем суретте абстракционизм затсыз суреттің ежелгі дәстүрін (Исламдық арабеска, буддалық мандала, зергерлік және сәндік өнер) ұстанды. Мәдениет пен өнерге ақпараттық-семиотикалық көзқарас тұрғысынан көркемдік белгі идеясын мағынасыз немесе мүлдем еркін мағынамен қабылдауға болмайды. Мағына таңбаға шегеленбеген, бірақ суреткердің толық еркін туындысы емес. Таңбаның мағынамен байланысының жоғалуы көркемдік мән мен көркемдік бейнелілікті жоғалтады. Абстракционизмнің қиындықтары, мәдени өмір құбылысы ретіндегі жайсыздығы ол пайда болған кезден-ақ біліне бастады. Үздік шығарманы шатпақтан қалай айыруға болады? Абстракционистер сызықтар мне түстік нүктелердің, дақтардың ішкі үйлесіміне назар аударды, ол үйлесім картинаны қалай айналдырса да сақталу керек. Абстракционизм өзінің шектен шыққандығымен көпшілікті қайран қалдырды, тіпті үркітті. Көпшілікте абстракционистік үйлесімді бағалайтын критерий де, шығарманың ғарыштық энергиясы туралы да түсініктер болмады. Абстракционизмде модернистік сурет өз шегіне жетті. Мәнсіз әлемді сюрреалистік бейнелеу, егер оның элементтері көрнекі формалардың шындығын жоғалтса, абстрактілі болады. Конструктивистік көркем суретте де балалар конструкторындағы дұрыс құрастырмау жағдайы сияқты, берілген бөлшектерден ештеңеге ұқсамайтын немесе адам тануы қиын композиция құралған жағдайда, осылай болады. Абстракционизм модернизмнің басқа стильдеріне едәуір қызмет етті. Оларда көрермен әйтеуір бір нәрсені танып, таңдаулыларға арналған өнерден мүлдем хабарсыз емеспін деп ойлайды. Бұл бағыттың негізін қалаған, В.Кандинскийдің есептеуінше көркем суреттің жаңа абстракциялық тілі сырт жақтан - ішке қарай, денеден жанға қарай, әлемді толтырған заттық материалдық қабатынан рухтың мәнінің құдіретті үніне қарай енуге көрермендерді талаптандырады. Көркем суретшіні қыл қалам арқылы адам жанын тербейтін, Музыканың рухы, Ұлы ғарышқа және келе жатқан Рухани патшалыққа араластыратын жоғары Мақсаттың қызметшісі. Дәл осы туралы Кандинский армандады, дәл осыны өзінің шығармаларында көрсеткісі келді. Құйындатқан ғарыштық топырдың бояулы дақтары, сызықтары, геометриялық кескіндері мен абстракциясы арқылы суретші белгісіз әлемнің бейнесін жасады. Онда үйреншікті тәнді көзден ғайып қылып, көзге көрінетін музыкада сыңғырлаған дауыспен жеңіл үн шығарып барлығы бәрімен араласып кеткен. Кандинскийдің абстракционизмі шынында да музыканы еске салады. Оның көркем суреттері әрі мерекелі, әрі апокалиптілі (ақыр заман туралы мистикалық сыр ашу). Ыдыраған, жан-жаққа ұшып жарқыншақтарға айналған, тілімді және дақ түскен дөрекі материалдық дүние, өткен дүниенің күйі. Мұнда адамның жан дүниесі өзінің тербелісімен басылып қалған. Кандинскийдің абстракциялық тілі - еркіндіктің тілі, иілгіш, сюжеттен де, нәрседен де, адам образдарынан да тәуелсіз, ашық. Бұл эксперименттер астралдан (жұлдызды) шыққан сияқты. Бұл жерде ғарыштық жайылу апат пен ұлы өзгерістердің нышаны болып тірі адамдар емес, адамдардың жаны тұрады. Абстракционизмнің басқа өкілі - К. Малевич, көркем суреттің тілін өзгертіп, өзінің мессианствосы туралы, жаңа образды, одан әрі жаңа дүниені жасайтыны туралы, жаңа образды, одан әрі жаңа дүниені жасайтыны туралы мәлімдеме жасады. Мен, ішкі қозғалыстарымның белгілерін жасағыш болғым келеді, өйткені әлемнің жолы менде, - деп жазды ол. Атақты ақ фондағы қара квадрат көрмеде 1913 ж. пайда болды (қосымшадағы Ә.1.1.1-сурет), мұны Малевич планеталық тіл деп көрсеткісі келді. Өзіне барлығын сиғызатын ешбір денесіздік, сонымен бірге болашақтың потенциясын да қамтиды. Бұл қойылған көркемдік талапта, аспанда әлі қалықтап ұшып жүрген романтикалық қиялдың рухы жанады. Суперматикалық фигураға дейін қысымдалған дүниенің образы, қиналмай-ақ жоғарғы үйлесімділіктің планетарлық белгісі болуы ықтимал. Абстракционистік өнер фонында модернизм тарихы белгілі бір қисын алады, модернистік стильдер өнердің жаңа мүмкіндіктері ашылатын жолда жылжуға мүмкіндік беретін кезеңдер болып табылады. Неміс суретшісі Клееннің бақылауынша әлем неғұрлым қорқынышты, жиіркенішті, үрейлі болған сайын, өнер де соғырлым дерексіз болады, ал бақытты дүние нақты өнерді туғызады. Абстракционизм - өмірдің қорқыныштарына реакция. Абстракционизмнің жоғары гүлденуі 20 ғасырдың ортасына, яғни соғыс және соғыстан кейінгі жылдарға сәйкес келуі де тегін емес. 1960 жылдардан бастап оған қызығушылық төмендейді. Онымен бірге модернизм дәуірі де бітеді. Нағыз дерексіздікке жетіп, сурет өнері нақтылыққа, заттылыққа қайта оралады. Жаңа дәуір - постмодернизм келеді. Абстракті өнер, абстракционизм(лат.abstractio - дерексіздік) - кескіндеу өнерінде, мүсін мен графикада нақты заттарды бейнелеуден бас тартатын ағым. Абстракті өнер 1910-13ж. кубизм, экспрессионизм, футуризм сияқты ағымдардың жіктелуі кезінде пайда болды. Көркемдік форманың қандайда көріністерінен (фактура,аумақ,бояу) бас тартқан абстрактілі өнердің алғашқы үлгілерін Германияда В.В.Кандинский, Францияда Р. Депоне, Испанияда Ф.Пикабия, Ф.Купха, Ресейде К.С.Малевич, М.Ф.Ларионов, И.С.Гончарова, Нидерландиядағы жаңа пластикалық өнер өкілдері П.Мондариан, Т. Ван Дусбюрг, т.б. жасады. 1-дуниежүзілік соғыстан кейін абстраакті өнері көріністері дадаизм мен сюрреализм өкілдерінің жекелеген шығармашылығынан байқалды. Сонымен бірге архитектурада, безендіру өнерінде бейнесіздікке ұрыну, математикалық және инжинерлік талаптарға бағынатын құрылыстар салу бағыты пайда болды(Стиль, Баухауз таптарының тәжірибесі). 20-ғасырдың 30-жылдарының басында,негізінен, Францияда әр ұлттың және әр бағыттың суреткерлерін біріктірген абстракті өнер топтары болды(Нақты өнер, 1930 ж; Шеңбер мен төртбұрыш 1930 ж; Абстракция және шығармашылық1931ж.). Бірақ абстракті өнері ол кезде кең қанат жая алмады, 20-ғасырдың 30-жылдары ортасында бұл топтар ыдырап кетті. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында АҚШ-та абстракті экспрессионизм(кескіндемешілер Дж.Поллок,М.Тобит.б.) деп аталатын, өз әдістерін таза психологиялық автоматизм деп жариялаған, оқыс бояулар мен кескіндердің қиюласуын дәріптеген мектептер пайда болды. 20-ғасырдың 50-жылдары абстракті өнері көркемөнердегі негізгі түрлердің біріне айналды. 20- ғасырдың 60-жылдардың аяғына дейін абстракті өнері ресми танылған жоқ, сыңар жақ бағаланды. Қатаң идеологиялық қысымға қарамастан абстракті өнердің әр түрлі бағыттары пайда болды. Кубшылдық, кубизм (франц. cubism, cube - куб сөзінен шыққан) - 20-ғасырдың бірінші ширегінде болған бейнелеу өнеріндегі модернистік ағымның түрі. 1908-10 ж. Францияда қалыптасты. Кубизм шығармаларында тіршіліктегі табиғи болмыс жоғалып, екінші өмір келбеті, тасадағы табиғат бейнеленеді. Осы ағымдағы суретшілердің түсінігі бойынша табиғи көріністерді(болмыстарды) сол қалпында көшірмей, өмір заңдылығына емес, өз көзқарасынан туындаған жаңа өнер заңына бағынатын бейнелеуді тудыруға тиісті. Суреттеріндегі құбылыс, көбінесе жазықтар мен геометриялық фигуралар(куб, конус, цилиндр, т.б.) бейнеленеді. Кубизм суретшілеріне басқа ағымдардағы суретшілердей бай бояу тән емес, олардың бояулары, көбінесе, солғын қоңырқай, көкшіл-жасыл болып келеді. Кубизмнің алғашқы іргетасын қалаған өнер иелері испандық П. Пикассо мен француз Ж.Барн болды. Кубизм суретшілері бейнелеудің жаңа жолын іздеу барысында коллаж(французша collage - жапсыру,желімдеу) атты кубшылдықтың жаңа саласын ойлап тапты. Онда олар өз туындыларына газеттің, бұлардың немесе тұсқағаз(обой) қиындыларын жабсырған. Кубшылдық өз заманындағы суретшілердің шығармаларына көп ықпал еткен. Оның ықпал 20-ғасырдың 60-жылдарына дейін созылады. Экспрессионизм (франц.expressio - бейнелеу) - Еуропа өнері мен әдебиетінде шамамен 1905 жылдан 1920 жылдарға дейін дамыған бағыт. 20-ғасырдың бірінші ширегінде әлеуметтік дағдарысқа(1-дүниежүзілік соғыс пен оған ұласқан төңкеріс дүмпуді қамтиды) жауап ретінде пайда болып, замани буржуазиялық өркениет жұтаңдығына қарсылық көрсету күшіне ие болды. Экспрессионизм принциптері 20-ғасырда кескіндемешілер П.Гоген(Франция), В.Ван-Гог(Голландия), Э.Мунк(Норвегия),Дж.Энсор (Белгия) шығармашылығынан көрініс берді. Германияда экспрессионистік бірлестіктер Көпір(1905, мүшелері Э.Л. Кихнер, М.Пехштейн, Э. Хеккель, т.б.), Көк салт атты (1911-12, өкілдері В.В.Кандинский, Ф. Марк, т.б.) пайда болды. Бұл ағым 1-дүниежүзілік соғыстан кейін Германия(кескіндемеші К.Шмидт - Ротлуф, мүсінші В.Лембрук, архитекторлар Р.Штейнер, Э.Мельдельзон, Х.Пельциг) кең өріс алды. Футуризм (итал.futuriamo, лат. Futirum - болашақ) 20-ғасырдың бас кезінде өріс алған көркемөнердегі авангарттық бағыт. Алғашқы негізі Италияда салынып, кейіннен Ресейге және Еуропаның басқа бірқатар елдеріне тараған. Италияда футуризм 1909 ж. 20 ақпанда Париждің Фигаросында тікелей ықпалымен туды. Футуризм теоретигі және Миланда тұңғыш құрылған футуристер тобының жетекшісі Ф.Т.Марипепти болды. Оның және суретші У.Боччони шығармаларында футуризмнің эстет, негізі қаланды, 20-ғасырдың басында етек алған басқа да авангардистік ағымдар сияұты футуризмде өздерін қоршаған өмірден қол үзді, оның мәдениетін құруға үндеді.

1.2 Бейнелеу өнері Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) -- дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ. Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен. Бейнелеу өнерінің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер. Жер шарының әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан Бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері табылған. [Альтамир (Испания), Ласко (Франция), Кимберли (Австралия) үңгірлері]. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық өнердің ірі-ірі кешенді түрлері Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық Қазақстанда сақталған. Ежелгі дәуір өнерінің ірі орталығы -- Алдыңғы Азиядағы Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығы. Б.з.б. 3 -- 1 мыңжылдықтарда мұнда шумерліктер мен аккадтықтар мәдениеті, кейінірек Бабыл, Миттани және Ассирия мемлекеттері мәдениеті өркендеді. Мүсін және кескіндеме туындыларымен көркемделген сарайлар мен ғибадатханалар маңызды рөл атқарады. Шумерліктер табынатын биік сатылы мұнара-зиккурат, "құдай үйі", басқа да көптеген ескерткіштер дүниеге келді. Аккад патшалығы кезеңіндегі Бейнелеу өнерінің үздік үлгісі -- 2 метрлік қызыл қыштан жасалған Нарамсин патшаның жеңіс тұғырындағы әскердің тауға көтеріліп бара жатқан сәті қозғалыс пен кеңістікте бейнеленген. Шумерлер мен аккадтықтар мәдениетін біріктірген Бабыл мәдениеті үлкен жетістіктерге жетті. Патша Хаммурапидің (б.з.б. 1792 -- 50 ж.) заңдар жинағын оқып тұрған сәті ерекше көріністе бейнеленген. Патшаның құдаймен байланысы, патша билігінің жаратушының тікелей қолдауымен болып отырғанын символды түрде бейнелеп көрсеткен. Ассирия өнері барлық көнешығыстық мәдениеттердегідей дінмен өте тығыз байланыстылығына қарамастан мейлінше зайырлы сипатта болды. Ашшурбанипал патша (б.з.б. 668 -- 26 ж.) тұсында кемелдікке жеткен рельефтер патшаның ерлік істерін, аңшылық салтанатының көріністерін бейнелеген суреттерден тұрады. Ашшурбанипалдың Ниневиядағы сарайындағы рельефтер көркемдік қуатымен, ықшамдылығымен, динамикалық ырғағымен, шиеленіскен драмалық мазмұнымен әлемдік Бейнелеу өнерінің үздік шығармалары қатарында саналады. Бабыл патшалығының өнері Вавилондағы Навуходоносор ІІ сарайларының зәулімдігі және сән-салтанатымен әйгілі. Онда атақты ассирия патшайымы Семирамида салдырған әйгілі "аспалы бақтар", қабырғалары арыстандардың, жабайы бұқалардың, фантастикалық жануарлардың қаракөк фонға ашық ақ, сары түспен қашалған ғажайып суреттері бар әйгілі "Иштар қақпалары" болған. Бейнелеу өнері Ежелгі Мысырда да (б.з.б. 4-мыңжылдықтың соңы б.з.б. 341) қарқынды дамыды. Ол дінмен, құдай дәрежесінде дәріптелген перғауындарға табыну ғұрпымен өте тығыз байланысты болды. Ежелгі Мысыр мәдениетінің классикалық, канондық үлгілері -- адам тұлғасының тегістіктегі мүсіндері, монументальділігімен, сымбаттылығымен, зәулімділігімен таң қалдыратын Гизадағы пирамидалар, Карнак, Луксордағы ғибадатханалар кешені, т.б. Ежелгі Мысырдың Бейнелеу өнері әлемдік мәдениетке қосылған ірі үлес болып табылады. Эгей мәдениеті (б.з.б. 3000 -- 1200 ж.) Жерорта т-нің шығыс бөлігінде, Эгей т-нің жағалаулары мен аралдарында өркендеді. Оның негізгі орталықтары Крит, Киклада аралдары, Микен, Пилос және Тиринф қ-лары болды. Крит-Микен мәдениетінің маңызды сәулет ескерткіші -- әйгілі Кносс сарайы Б. ө-нің түрлі жанрын бойына тоғыстырған туынды. Бояуға бай, түрлі түсті суреттер фрескаларымен сарайлардың, қоғамдық ғимараттардың және үйлердің қабырғалары безендірілген. Кносс сарайының фрескалары арасынан криттіктердің шаруашылық өмірінде, діни және мифологиялық түсініктерінде маңызды рөл атқарған бұқаның бейнесі ("Акробаттар мен бұқа" фрескасы) ерекшеленеді. Сондай-ақ, оның тамаша фрескалары қатарында "Көгілдір киім киген әйелдер", "Көк түсті дельфиндер мен түрлі-түсті балықтар", "Абыз-балық", т.б. бар. Микеннің қабырғаға салынған суреттері де криттік Б. ө-мен ұқсас. Бірақ онда схемашылдық, шарттылық басым. Ежелгі Грекияның Б. ө. Эгей мәдениетінің бай дәстүрлерін жалғастырды. Ол гомерлік кезең, ежелгі өнер кезеңі классика және эллинизм кезеңдері болып бөлінеді. Ежелгі Грекия мәдениеті өзінің даму кезеңін көне грек қала-полистерінің өркендеген кезінде, құлиеленушілік демократия дәуірінде (б.з.б. 5 -- 4 ғ-ларда) басынан кешірді. Грек шеберлерінің шығармашылығы мифологиялық түсініктерге негізделеді. Олар сонымен қатар, болмыс шындығына, дүние-әлемнің үйлесімділігіне деген терең пайымдарға адамның тәни және рухани кемелденуі турасындағы идеяларымен де құнды. Әлемнің үйлесімділігінің өлшемі ретіндегі адам Ежелгі Грекиядағы Б. ө-нің барлық саласына ортақ сарын. Көне грек мәдениетінің гуманистік бастаулары түрлі дәуірлердегі Еуропа Б. ө-не өте ықпалды фактор ретінде әсер етті. Ежелгі мүсін өнері, ең алдымен, қола статуэткаларымен, жалаңаш бозбалалар (куростар) мен ұзын киім киген сымбатты қыздардың (кор) мүсіндерімен танымал. Қыш құмыраларды безендіру өнері ерекше дамыды. Ежелгі өнерінің классикалық кезеңінде әлдеқайда шынайылыққа жақын образдар жасалды, адам мүсіні мен сымбатын сомдау жетіле түсті. Б. з. б. 5 ғ-дың 1-жартысындағы шеберлер ізденісін Мирон аяқтады. Оның "Афина мен Марсий", "Дискобол" атты мүсіндері адам сымбатын аса кемел пластикалық күйде мүсіндеуімен, дене құрылысы мен оның әр қимыл ерекшеліктерін жетік білгендігімен ерекшеленеді. Жалпы адам бейнесін жасауға деген қызығушылық портрет жанрының дамуына ықпал етті. Кереғар болмыс қайшылықтары мен адамның идеалды, рухани және тәни әрекет-ұмтылыстарын мүсіншілер Скопас ("Менеда", "Бозбаланың қабірі"), Пракситель ("Книдтық Афродитас", "Демалыс кезіндегі қуақы"), Лисипп ("Апоксимен", "Демалыс үстіндегі Гермес"), т.б. түрлі қырынан бейнеледі. Эллиндік кезең грек мәдениетінің таралу өрісінің кеңейуімен сипатталады. Бұл кезеңнің ең әйгілі туындылары -- "Самофракийлік Нике", "Пергам мехрабының фризі", "Милостық Венера", "Лаокоон". Б. з. б. 1 ғ-дың соңынан бастау алатын Ежелгі Римнің Б. ө. -- ежелгі заман мәдениетінің ірі ошақтарының бірі. Ол этрусс мәдениетінің негізінде қалыптасты. Этрусс мәдениетінің таңдаулы хрестоматиялық шығармалары қатарына өлген адамның мүсіні бейнеленген саркофак-құлыптастар, Римнің негізін қалаған Ромул мен Ремді асыраушы Капитолий қаншығының мүсіні жатады. Рим өнеріндегі жетекші орынды портрет жанры алды. Оның пайда болуы да жерлеу рәсімімен байланысты. Марқұмның бетбейнесін балауызға түсіріп, оны құдайлар мүсіндерімен бірге үйде сақтау салты портреттің және қайтыс болған адамның кескін-келбетін дәл көшірудің қатаң дәстүрінің қалыптасуына себепші болды. Әсіресе, әйгілі адамдардың дәлме-дәл жасалған портреттері сақталған (б.з.б. 1 ғ-дағы Августің статуясы, император Вителлийдің портреті, т.б.). Ежелгі Римдегі Б. ө-нің дамыған саласы қабырғаға аса нәзік шеберлікпен салынған мозаикалар (мыс., Александр Македонскийдің парсы патшасы Дариймен соғысы бейнеленген мозаика) болып табылады. Ежелгі дәуірдің Б. ө-нде Солт. Қара теңіз жағалауының мәдениеті, Урарту мемлекетінің, Үндістанның, Қытайдың, Орталық Азия мемлекеттерінің мәдениеттері секілді ірі мәдениет ошақтары болды. Соғда, Бактрияның, кейін Ахемендер патшалығының Б. ө. сақтардың "жануарлық стилінің" ықпалына ұшыраған жергілікті өнердің бірегей дәстүрлері мен Көне Шығыс өнерінің әдістерін ұштастырды. Грек-Бактрия патшалығы өнерінде эллиндік көркемдік қағидалардың жалғасын табуы байқалады. Сәулет, мүсін, бедерлеу өнері жетіле түсті. Б. ө-нің ғажайып ескерткіштері Үндістанда б.з.б. 4-мыңжылдықтан б.з.б. 5 ғ-ға дейін жасалды. Үндістан өнері көне дүниенің түрлі мәдениеттерімен тығыз байланысты болды. Одан, сондай-ақ, Орталық Азия мәдениетінің де ықпалы байқалады. Ежелгі Үндістан мәдениетінің орталығы Синдтағы Мохенджо-Даро мен Пенджабтағы Хараппа елді мекендері болды. Ойылып бейнеленген абыз бен еркін де ырғақты қимыл-қозғалыс үстіндегі биші қыз, үшкелбетті құдай, киелі саналған жануарлар -- бұғы, буйвол, мүйізтұмсық, піл, т.б. мүсіндері жасалу шеберлігімен, пластикалылығымен, санқилылығымен ерекшеленеді. Үндістан мәдениетінің келесі кезеңі бүкіл Ганга жазығына билік жүргізген Магадха мемлекетінде өріс алды. Бұнда брахманизм идеологиясы үстемдік етіп тұрды. Үндістанның Б. ө-нде мыңжылдықтар бойына Брама (жаратушы), Вишну (қорғаушы), Шива (қиратушы) және Индра (патша билігін қолдаушы) бейнелері, түрлі рухтар мен данышпандардың мүсіндері тұрақты кейіпкерлерге айналды. Үндістан өнеріндегі бай, пластикалық, өмірлік күш-қуат пен динамикаға толы образдар Үндістанның мифтері мен аңыздары арқылы дүниенің сұлулығы мен адамға арналған мадақ ретінде қызмет етті. Үндістанда б.з.б. 3 ғ-да Ашок патша тұсында кең таралған буддизм мүсіндік рельефтермен безендірілген ғибадатханалардың, мемориалдық құрылыстардың салынуына себепші болды. Аса көрнекті де көркем ескерткіштер ансамблінің бірі -- Аджанта ғибадатханалары. Вагхора өз-нің сұлу алқабындағы жартастардан қашалған Аджанта ғибадатханаларының (барлығы 29 үңгір) қасбеттері мүсіндермен безендірілген. Будданың сансыз көп мүсіндері қабырғалардың етегіне жағалай тізіліп, олардың арасы оюлармен және Будданың шәкірттері мен серіктерінің бейнелерімен бедерленген. Құжыралардың іші түгелдей монументальді ою-өрнектер мен жазбаларға толы. Аджанта сұңғаты мен мүсіндерінің сән-салтанаты қайран қалдырады. Адамзат мәдениетінің ең бір ежелгі ошақтарының бірі -- Ежелгі Қытай өнері (б.з.б. 3 ғ-ға дейін). Бұл дәуірдегі өнердің дамуы қалалардың пайда болуымен тығыз байланысты: ғибадатханалар, билеушілер сарайларының құрылысы, т.б. Ежелгі Қытай өнерінің өзіндік стилі рельеф пен өрнекті жазулармен қапталған рәсімдік ыдыстардағы бейнелерден көрініс тапқан. Аңдардың, құстардың қиял-ғажайып мақұлұқтардың бейнелері, қола ыдыстардағы оюлы өрнектер, алтын, малахит және фирузамен безендірілген қабырғалар, нефриттен ойылып жасалған заттар ақсүйектердің жерасты қабірлерінің ішіне асқан көрік берген. Қытай мәдениетінің маңызды кезеңі -- б.з.б. 11 -- 3 ғ-лардағы Чжоу дәуірі. Б.з.б. 1-мыңжылдықта пайда болған діни-филос. ілімдер -- конфуцийлық пен даоизм Қытайдың кейінгі бүкіл мәдениетіне ықпал етті. Осы кезеңде қытай сәулет өнерінің қағидалары қалыптасты, аңшылықтың, егін орағының жанрлық көріністерінен тұратын ыдыстардың безендірілу үлгілері күрделене түсті, қытай Б. ө. үшін классикалық стиль болып табылатын орамаларға тушьпен сурет салу өнері қалыптасты. Ұлы Қытай қорғанының құрылысымен әйгіленетін Цинь дәуірінің (б.з.б. 221 -- 207) өнері көне қытайлықтардың дүниенің құрылымы, әлемдегі елдер туралы түрліше түсініктерін бейнелейді. Оларда шынайы өмірлік бақылаудан туған пайымдаулар мен жүйрік қиял астасып жатыр. Ортағасырлық Б. ө. деп, әдетте, Батыс және Орталық Еуропа елдері өнерінің ерте және кемелденген кезеңін, Византия мен Ежелгі Ресей өнерін (17 ғ-ға дейінгі) атайды. Ал Қытай, Жапония, Үндістан, Индонезия, Орталық Азия елдерінде өнердің ортағасырлық үлгісі әлдеқайда ұзағырақ сақталды (19 ғ-дың 2-жартысына дейін). Орта ғасырлардағы Б. ө-нің дамуында ұлттық ерекшелік ерекше рөл атқарды. Олар кейінен бірегей ұлттық көркемөнер мектептерінің қалыптасуына негіз болды. Бұл кезең өнерінің ортақ ерекшелігі оның дінмен байланысының күшеюі болды. Адам сезімдерінің, уайымы мен ойының күрделілігі Б. ө-нде діни идеялар, діни аңыздар мен хикаялардағы образдар, діни-этикалық нормалар арқылы көрініс тапты. Ортағасырлық батысқа да, шығысқа да руханилықтың заттық болмыстан биіктігін дәріптеу тән. Батыс Еуропа, Византия, Русь, Кавказ, Балканның ортағасырлық өнеріндегі рельефтер, фрескалар, мүсіндер, мозаикалар, шіркеу икондары -- барлығы христиандық түсініктің күллі қағидалары мен аңыздарын (адамның жаратылуы, күнә жасауы, бүкіләлемдік су апаты, Ғайса пайғамбар тарихы, ақырзаман және қиямет қайым, т.б.) қамтыды. Оларға күнделікті тіршілік сарындары аралас бейнеленген. Тарихи сюжеттерге арналған миниатюра жанры дамыды. Бұл кезең өнеріне ашық бояулардың батыл қолданылуы, контур сызықтардың айқындығы, көбінесе алтынмен әрленген салтанатты фон тән. Ортағасырлық Үндістан, Индонезия, Қытай, Камбоджа ғибадатханалары, Түркия мен Орта Шығыстың мешіттері еуропалық ғибадатханалардан кем түспейді. Айтылмыш кезеңде Месопатамия, Иран, Үндістан, Орта Азия, Әзірбайжан, Түркияда миниатюра жанры қарқынды дамыды, хұснихат жазу өнері шеберліктің биігіне жетті. Шығыстық миниатюраға нәзік те ашық бояу, ою-өрнектің әсемдігі, өмірлік тәжірибеден туған пайымдаулардың айқындылығы, терең діни-философиялық тұспалдау тән. Түрік миниатюрасының өзіндік стилін Сефи, Жәми, Нақши Ахмед, Мұстафа Шелеби секілді шеберлер қалыптастырды. Қолөнер түрлері -- өрнекті кілемдер, мата тоқу, металдан жасалған ою-өрнекті бұйымдар жасау, қыш құю, ойылып, шекіліп өрнектелген қару-жарақтар жасау өнері қарқын алды. Шираз, Тебриз, Бағдат, Самарқан, т.б. орталықтарда миниатюраның бірегей мектептері пайда болды (12 -- 15 ғ.). Орта Шығыс миниатюрасының даму шыңы Герат мектебінің өкілі К. Бехзадтың шығарм-нан көрініс тапты. Қиыршығыс Б. ө-ндегі тушьпен, акварельмен, гуашьпен жібек және қағаз орамаларға сурет салу өнері поэтикалылығымен, адам мен табиғатты бейнелеудегі байқампаздығымен, таңғаларлықтай нәзік бейнелеу әдіс-құралдарымен Қытайда, Кореяда, Жапонияда үлкен жетістіктерге жетті. Жапон өнерінің кемелдікке жеткен саласының бірі ағашқа гравюра салу -- ксилография болды. Классикалық жапон гравюра өнерінің майталман шеберлері -- Китагава Утамаро, Кацусика Хокусай, Андо Хиросигэ, Сидзуки Харунобу және басқалар. Қайта өркендеу -- Ренессанс дәуірінің Б. ө. күрт, қуатты өрлеуімен, жаңалықтар спектрінің ауқымдылығымен, жанр түрлерінің, көрнекті шығарм. тұлғалардың молдығымен белгілі. Әлемдік Б. ө. тарихындағы бұл дәуір Батыс, Орталық және Шығыс Еуропаның көптеген елдерін қамтып, негізінде Ежелгі Грекияның мәдени мұраларына қайта назар аудару, оның гуманистік мұраттарын өзінше қайта жаңғырту үрдісі жатқан зайырлы сипатымен ерекшеленеді. Суретшілер, мүсіншілер, миниатюрашылар шабытының қайнары болған Б. ө-нің реалистік түрі, шынайы өмір бейнесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінің оқу курсы
Ыстық батик
Мектеп алды даярлықта жазу дағдыларына машықтанудың кезеңдері
Далаппен сурет салу
Компьютерлік модельдеу тақырыбын оқыту әдістемесі мен технологиясы
Бейнелеу өнері негіздері мен оқыту әдістемесі
Объектіні басқарудың ақпараттық моделі
Мектепке дейінгі балалардың психикалық деңгейін арттыру
Қазіргі замандағы шойын өндірісінің технологиясы
Батик өнері
Пәндер