2003 жылы тіл мен әдебиет саласы бойынша бекітілген кейбір терминдердің қалыптасуы, бірізділігі, жүйелілігі
Ж О С П А Р
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3 - 7
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. Тарау
1.1 Термин туралы жалпы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8-21
а) термин жасауға негіз болған лексикалық қабаттар
ә) терминжасамның басты принциптері, тәсілдері
б) терминдердің грамматикалық ерекшелігі
1.2 Қазақ терминологиясының қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ..
22–26
ІІ. Тарау
2.1 2003 жылы тіл мен әдебиет саласы бойынша бекітілген
кейбір терминдердің қалыптасуы, бірізділігі, жүйелілігі
... ... ... .. 27-46 ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОСЫМША
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Тіл - қоғам өміріндегі құбылыстарға, өзгерістерге сай жаңару,
жандану сияқты даму процесін бастан өткізетін тірі организм іспетті.
Әсіресе, ғылыми техникалық прогрестің барынша қарқынды даму сатысына көшкен
бүгінгі таңда тіліміздің терминологиялық жүйесінде күн сайын жаңа түсінік,
ұғым арқалаған сөздер туындап отырады. Бұндай сөздер баспасөз, радио,
теледидар тілінен, әр алуан ғылым салаларының сараланған терминологиялық
жүйесінен байқалады. Яғни өмірдің өзіндегідей тілде де даму процесі
үздіксіз жүріп жатады.
Жаңадан жасалған терминдер тағдыры не болмақ? Олар қолданысқа ене
ме, жоқ әлде тасада қалып қоя ма? Тіліміздің терминологиялық лексика
қабатының дамуына қосқан үлесі бар ма? Қоғамдағы терминдердің қызметі
қандай? – ыңғайдағы сұрақтар жаңадан көрініс тауып отырған термин
төңірегінде үнемі туындап отырады.
Олардың әрбірі қоғам тарапынан қолдауды, тілдік тұрғыдан жүйелеуді
қажет етеді.
Сондықтан да термин жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу,
реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы ғылыми-техникалық терминологияның
даму бағытын белгілеу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелері
болып табылады.
Ал термин жасау, жасалған терминдерді қалыптастыру – үнемі қадағалап,
реттеп отыруды қажет ететін өте жауапты жұмыс. Олай болмаған жағдайда
терминологиядағы жүйеліліктің, реттіліктің бұзылары сөзсіз,
терминологиямыздағы бірізділіктің сақталмай әр автордың өзінше термин
жасап, термин қолдану жұмысының әлсіздігінен, өкілетті орындардың өз
қызметін тиісті деңгейде атқара алмай отыруынан деп білген жөн.
1910 – 1930 жылдар аралығында үстемдік етуші орыс тілінің мүддесі
көзделіп, термин жасау мен шет тілдер сөздерін қабылдауда өзге ұлт
тілдерінің ерекшелігі ескерілмеді. Ұлт тілінде термин жасаудың мүмкіндігі
шектеліп келуінің салдарынан тіліміз термин қабылдағыш тілге айнала
бастады.
1990 жылдардан бері қарай ұлттық ғылыми терминологияны дамытудың жаңа
принциптерін жасау күн тәртібіне қойылды. Көптеген жаңа терминдер жасалып
қолданысқа ене бастады. Жасалып жатқан терминдердің бәрін бірдей мінсіз деп
айта алмаймыз. Олардың ішінде терминологиялық жүйе мен терминдерге
қойылатын талаптарға жауап бере алмайтындары да бар.
Ондай сәтсіз жасалған терминдер қазақ тілінің термин жасауға
икемсіздігін, ғылыми ұғымдарды дәл беруге мүмкіндігінің жетпейтіндігін
көрсетеді.
Қазіргі терминологиядағы шешімін таппай жүрген мәселенің бірі
халықаралық деп аталатын терминдерді ұлт тіліне аудару, жазу, қабылдау
тәртібінің белгіленбеуі.
Сондай-ақ көптеген терминдердің терминология комиссиясы бекіткен
қазақша баламалары бола тұра тұрақты қолданылмай немесе бұрынғысынша шет
тілдеріндегі нұсқалары жарыса қолданылып жатады. Мысалы: мәртебе (статус),
сынып (класс), мәтін (текст), әлеует (потенциал).
Сонымен қатар соңғы жылдары бір ғана термин түрліше аударылып, әр
сөздікте, әр түрлі деңгейдегі оқулықтар мен ғылыми еңбектерде түрліше
қолданылып жүр. Мәселен, төменде берілген терминдер сондай бірізділіктің
жоқтығын дәлелдейді: спонсор – демеуші, мияткер, қолдаушы; ткань – ұлпа,
тін; клетка – жасуша, торша т. б.
Олардың ішінде терминкомның ресми бекіткеніне қарамастан, бірізді
қолданылмай жүргендері де бар.
Осы мәселелерді арнайы зерттеп, тиісті қорытынды шығарудың
терминология үшін маңызы зор.
Терминтану ғылымы жақсы дамып, терминонологиялық лексикасы дұрыс
жүйеленген тілдерде ғылым мен техниканың әрбір саласының өзіне тән
терминжасам үлгілері, сол саланың ерекшелігін көрсететін элементтері
қалыптасқан. Біздің тілімізде де ондай қызметтерді атқара алатын сөздер
тобы мен қосымшалар жетерлік.
Терминологиялық лексикада кездесетін ондай олқылықтардың басты
себептері: термин жасаушының терминге қойылатын талаптарды білмеуінен,
тілдің ішкі мүмкіншілігін дұрыс пайдалана алмауынан, ұғымдар жүйесінің
өзіндік ерекшелігін ескермеуден, тәжірибесіздіктен, яки жауапкершілікті
сезінбеуден.
А. Байтұрсынов айтқандай, тілді жұмсай білу, сөзден сөз жасап шығару
екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Зерттеудің өзектілігі. Мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тіліне
қоғамдық өмірдің барлық саласындағы қызметін атқару міндеті жүктеліп отыр.
Тілдің ғылым саласындағы қызметінің жүзеге асуы ғылыми терминологияның
жасалуымен, жүйеге түсуімен тікелей байланысты. Жаңа терминдер жасап,
ғылыми-техникалық терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыру үшін
термин шығармашылығында іске қосылатын амал-тәсілдер, термин жасауда
басшылыққа алынар принциптері мен терминдердің пайда болу арналары
айқындалды.
Ұсынылып отырған жұмысымызда қазақ терминологиясын қалыптастыру
барысында кездесетін олқылықтардың пайда болу себебі анықталады, жан-жақты
талданады. Терминологиялық лексиканы дұрыс жүйелеудің алғышарттары
ұсынылады.
Зерттеудің нысаны. Терминологияны дамытудың дұрыс бағытын белгілеу
үшін, қазіргі терминологияда орын алып отырған кейбір кемшіліктер мен әлі
шешімін таппаған мәселелердің себептері анықталады, 2003 жылы терминком
бекіткен терминдері талданады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Терминнің дәуірлік сипаты, термин
жасау үшін қолданылатын амал-тәсілдері, басшылыққа алынар басты принциптері
туралы, қазақ терминологиясының қалыптасу тарихы мен терминком рөлі және
міндеттері жайында мәлімет бере отырып, Ә.Қайдаров айтқандай, қазақ тілі
терминологиясы әр түрлі жағдайларға байланысты бүгінде дағдарысқа ұшырап
отыр. Бұндай жағдайлардың пайда болу себебін анықтау – диплом жұмысының
негізгі мақсаты болып табылады.
Аталған мақсатқа орай мынадай нақты міндеттер қойылды:
1. Терминкомның 1910-1930 жылдар аралығында жайы, тіл саяса-
тының нені көздегені жайында айту;
2. 1990 жылдардан бастап ғылыми-техникалық терминологияны
қалыптастыруда басшылыққа алынған қағидаларға ұлт тілінің мүддесі
тұрғысынан жаңаша қараудың қажеттіліктері туғанын тілдік деректерімен
дәлелдеу;
3. Терминология мәселесі бойынша, термин сөз жайында айтылып
жатқан баспасөз беттерінде түрлі қоғам-қайраткерлерінің ұсыныстары,
келтірілген деректері, пікірлері мен талдауларын жинау, сараптау, жүйелеу;
4. Терминком 1971 – 2003 жылдар аралығында бекіткен термин-
дерді қарастыра отырып, кейбір терминдердің шығу тегін, құрамын зерттеу,
қай принципке және қай тәсілге негізделіп жасалғандығын анықтау.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу барысында сипаттама, тарихи-салыс-
тырмалы және талдау-жинақтау әдістері қолданылды.
Зерттеу материалдары. Мұнда Ә.Ө.Айтбайұлының Қазақ терминологиясының
дамуы мен қалыптасуы, Қазақ терминологиясының мәселелері, Ә. Т.
Қайдаридың Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас, Ш. Құрманбайұлының
Қазақ лексикасының терминдену үрдісі еңбектеріндегі теориялық қағидалар
мен Ана тілі газетінде бекітілген терминдері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыстың жалпы сипаттамасы –
кіріспеден және екі тарау, қорытындыдан тұрады. Соңында сілтеме жасала
отырып, пайдаланылған ғылыми еңбектер мен қосымша әдебиеттер тізімі
берілген.
Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны. Кіріспе бөлімінде диплом жұмысының
жалпы сипаттамасы берілген. Негізгі бөлім термин туралы жалпы түсінік,
қазақ терминологиясының қалыптасу тарихы атты екі тараудан тұрады. Алғашқы
тарауда екі пункт бар. Бірінші пункт – термин туралы жалпы түсінік. Оның
өзі үш подпункттен тұрады. Мұнда термин жасауға негіз болған лексикалық
қабаттар, термин жасауда басшылыққа алынатын принциптері мен қолданылатын
амал-тәсілдері, терминдердің морфологиялық қыры және күрделі термин
жасаудағы синтаксистің ролі жайында сөз етілді. Екінші пункт – қазақ
терминологиясының қалыптасу тарихы делінеді. Мұнда терминология туралы
түсінік берілді. Кеңес дәуірі кезінде қазақ терминологиясына әсер еткен
саясат, 1990 жылдан бері қарай қазақ терминологиясының жайы, терминком рөлі
мен қызметі туралы сөз етіліп, 1971 – 2003 жылдары аралығында бекітілген
кейбір терминдер ұсынылды.
2003 жылы тіл мен әдебиет саласы бойынша бекітілген кейбір
терминдердің қалыптасуы, бірізділігі, жүйелілігі деген екінші тарауында
мәтінгер, тақырыптама, уәждеме, меңзем, тосын сөз, мекен үстеу, мәнмәтін,
дәйексөз, метатіл, нысан, сарын терминдері жасалу тәсіліне қарай
топтастырылып, қай принципке сүйеніп жасалғандығы айқындалып, құрамы, шығу
тегі зерттелді. Зерттеу барысында Лингвистикалық түсіндірме сөздік,
Қазақ тілі. Энциклопедиясы, Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Қазақ
әдебиеті. Энциклопедиясы, Әдебиеттану. Терминдер сөздігі, Л. Рүс-
темовтың Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері, Н. Оңдасынов
Арабша-қазақша түсіндірме сөздік, И. Жеменей Парсыша-қазақша сөздік, В.
Даль Толковый словарь живого великорусского языка, О. Ахманованың
Словарь лингвистических терминов, Д. Розенталь мен М. Теренкованың
Словарь-справочник лингвистических терминов, Словарь иностранных слов
сияқты сөздіктер мен ғылыми еңбектер басшылыққа алынды.
1.1 Термин туралы жалпы түсінік
Терминология мәселелеріне тоқталмас бұрын, термин сөз деген
категория туралы түсінікті анықтап алған жөн. Терминология мәселесімен
айналысқан ғалымдардың қай-қайсысы да, ең алдымен мұның өзінің мәнін ашып,
анықтамасын айқындап беруге тырысып отырған. Мәселен,
О.С. Ахманова 1966 жылы шыққан Словарь лингвистических терминов атты
еңбегінде былай деген: Термин дегеніміз - арнайы ұғымдар мен арнайы
заттарды дәл белгілеу үшін жасалған тілдегі арнайы сөздер мен сөз
тіркестері [1 ; 9].
Термин - рим мифологиясында шекара құдайы. Термин – терминалдар
құрметіне арналған мейрам дегенді мегзейді екен. Сонымен термин - шекара,
шек деген ұғымды білдіретін латын сөзі. Бұл 1980 жылы Москвада жарық көрген
бір томдық Советский энциклопедический словарь деген еңбекте берілген
анықтама [2; 9].
К. Аханов термин сөздерді тіл-тілдің лексикасында ғылым мен
техниканың алуан түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздер деп таниды
[3; 161].
1998 жылы Алматыда шыққан Қазақ тілі. Энциклопедиясында терминге
мынадай анықтама берілген: термин сөз (лат. terminus – шек, шегара) –
ғылым мен білім саласында ұғымдарды дәл атау үшін қолданылатын арнайы
сөздер мен сөз тіркестері [4; 31].
Термин сөз дегеніміз – ғылым мен техниканың, көркемөнер мен қоғам
өмірінің алуан түрлі саласына байланысты қолданылатын, тиянақты, тұжырымды
ұғымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері, атау сөз екендігін ғалым І.
Кеңесбаев пікірінен де байқаймыз [2; 12].
Термин мәселесімен тікелей айналысқан қазақ ғалымы, белгілі лингвист
Қ. Жұбанов бұған мынадай орысша-қазақша анықтама береді: Термином
называется специфический вид определенных словестных обозначений,
передающих определенные понятия, установленные на данном этапе развития
науки и революционной практики, при чем передаваемое термином
терминологическое понятие может не совпадать со словарным значением,
которое присуще данной словестной величине в обыденной жизни. Дәл осы
ойын ол былай деп қазақша түсіндіреді: Белгілі бір ұғымдарды білдіретін
қарақшылы (qaraqcblb) сөздер болады, ол сөздерді әлгіндей ұғымдарға ғылым
мен революция жағы қандай сатыда тұрса, міне осы екеуі теліп
отырады; сонымен қатар термин сөзінің терминдік ұғымы мен күнделік
тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы да мүмкін
[2; 11].
Қазақ Совет энциклопедиясында да негізінен осы іспеттес анықтама
берілген: Термин, атау – ғылым, техника, сол сияқты тұрмыстың белгілі
саласындағы ұғымдарды дәл атау үшін жұмсалатын сөздер мен сөз
тіркестері [5; 12].
Ғылыми әдебиеттерде кездесетін пікірлердің бәрі де сайып келгенде осы
тұжырымдарға тоқтайды. Сонда термин дегеніміз - белгілі бір ғылым мен
техника саласында қолданылатын арнайы лексика болып шығады. Оның басты
белгілері мыналар:
1. Дәлдік. Дәлдікті зерттеушілердің айтуынша қамтамасыз ететін үш
түрлі фактор бар:
• термин білдіруге тиісті ұғым белгілерін дәл іріктеп алу;
• термин жасау кезінде пайдаланылатын оның компоненттері мен
элементтерін дұрыс саралау;
• термин жасау барысында осы аталған бөліктердің органикалық
бірлігі қамтамасыз етілуге тиіс [2; 12].
2. Қысқалық. Бүгінгі таңда айтылатын ұғымның, мәліметке тірек бола-
тын термин сөздің барынша қысқа, тұжырымды келуінің практикалық мәні
айрықша. Көңілге жатталып, есте сақталуы үшін де, есептеу машинасына
берілетін мәтінді бастыруға кететін уақытты үнемдеу үшін де
маңызы зор. Қысқа әрі ыңғайлы термин жасау үшін қолданылатын әдіс-
тәсілдер: термин жасауға қатыстырылатын кейбір элементтерін қысқартуға
болады; құрамындағы элементтерді алмастыруға болады; термин құрамындағы
жеке сөздерді қосымшалармен алмастыруға болады; кейбір элементтерін
қысқартуға болады; аббревиатура көмегін пайдалануға болады [2; 12].
3. Жүйелілік. Жүйелілік тәртібі сақталатын жерде синонимдік қатарға,
көпмағыналылыққа орын жоқ. Жай сөздер табиғатына тән кейбір грамматикалық
ауытқулар терминдерде болмауға тиіс [2; 13].
4. Эмоционалды бояуы мен экспрессивті қызметінің болмауы.
Алайда бүгінгі күні термин қалыптастыру ісінде бұл белгілер кейде
ескерілмей жүр. Терминдердің қолданылу аясында ретсіздік, жүйесіздік
байқалады. Мәселен, орыс тіліндегі акимат сөзіне балама ретінде сөзжасам
үлгісімен әкімет термині жасалды. Біздің жіңішке дауысты дыбыстардан
жасалған сөзіміз қораштау көрініп, дүниеге жасанды әкімият сөзі келді.
Облыстық әділет басқармасы бұл баламаны қолданып жүр. Ол сөз құлаққа тосаң
естіліп, мемлекеттік органдар құжаттарында мемтерминком бекіткен әкімдік
варианты басшылыққа алынады. С. Бексейітовтың айтуынша, бар гәп
Мемтерминкомның мәртебесінде көрінеді. Мемлекеттік органдар терминдерді
екіұдай қолданып жатса, бұқаралық ақпарат құралдары акиматтың баламасы
ретінде әкімшілік сөзін қолданады. Бірақ әкімшілік сөзінің орыс тіліндегі
эквиваленті администрация. Түптеп келгенде Әкім сөзінің беретін мағынасы
– белгілі мемлекеттік-территориялық бірліктің басшысы. Сонда әкімдік
ету ұғымынан әкімет термині туындап отыр.
Сол сияқты класс термині сынып ретінде жиі қолданылғанымен сынып сөзі
рабочий класс, господствующий класс, разбиение на классы, класс животных
т.б. ұғымдарды, сондай-ақ ранг мағынасын мейлінше дәл бере алмайды. Осыған
байланысты қазір класс термині сөйлемнің ретіне қарай сынып, тап, дәреже
баламаларымен бекітіліп берілді. Сонда да сынып сөзі класс сөзінің
мағынасын толық бере алмас, сондықтан арабтың синф сөзін класқа балама
ретінде алудың қажеті жоқ деген пікір айтылуда. Класс сөзіне балама
ретінде араб тіліндегі сынып сөзін алуымыздың себебі – класс және синф
сөзіне ортақ топ мағынасының қазақ тіліндегі сындыру, бөлшектеу, топтау
қимыл атауына сәйкесуі. Орыс тіліндегі класс сөзі көпмағыналы сөз.
Контекстке байланысты оның мағынасы анықталып отырады. Егер орыс тіліндегі
1-ый класс, 2-ой класс деген тіркестерді алатын болсақ, бұл жерде
оқушының алған біліміне, жас ерекшелігіне қарай топтау деген мағына
туындайды. Сондықтан да тілімізде оқу-ағарту саласында қолданылатын класс
терминінің баламасы ретінде сынып сөзін алуға болады [6; 55].
Кез-келген құжатта, жиі қолданысқа түсетін, айтуы қиын бір сөз бар. Ол
– құқық сөзі. Қазақстан Республикасының Парламентінде осы құқық сөзіне
байланысты мынадай пікір айтылуда: Алда-жалда екі Қ әрпі қосылған сөз
кездесе қалса, айта алмай қақалып қаламыз, ал үш бірдей Қ кездесетін
құқық сөзін қалай сүйретіп келе жатқанымызға таңым бар. Журналист
С. Шүкіровтың айтуынша, аудармасы болмай право деп қолданып жүрген сонау
бір кездердің өзінде әркімнің құқы бар, сенің өз құқың ғой, біреудің
құқына қол сұқпа деген сөздер құлаққа әбден сіңісті болған. Дәл қазіргі
уақытта да осы сөздің мағынасы түсінікті. Құқ, құқы, құқылы деп
қолдану Бейімбеттерден басталады. Ендеше ұғымды қиындата бермей, құқықты
құқ деп өзгертіп жіберетін кез келді. Өйткені біріншіден, ұғымға дәл,
екіншіден, бұрыннан бар, яғни құлаққа сіңісті, үшіншіден, ықшам. Құқықпен
салыстырғанда оңай айтылады. Сөйтіп, правоны – құқ, правосы дегенді құқы,
праволы дегенді құқылы деп алған ақиқатқа жақын. 1998 жылы З. Күзекова мен
Т. Тұяқбаев құрастырған Дипломатия сөздігінде ғана международное право
деген тіркес халықаралық құқ деп дәл мағынасында аударылғанын айта кеткен
жөн.
Сондай-ақ, құзырет деп бекітіліп, құлақ үйреніп келе жатқан
компитенция деген термин бар. Ал компитентный орган деген сөзді құзыретті
орган деп аударып жүрміз. Шындығына келсек, құзыр – билік; құзыры – билігі;
құзыреті – жарлығы. Ендеше жиі қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы
Үкіметінің құзыреті емес, құзыры [7; 12].
Кейде орыс тілінің терминдеріне балама жасаудың орнына түсіндірме
(толкование) беретін жайттар кездеседі. Мәселен, стажировка сөзі сынау
мерзімін өткізу, стажер сөзі сынақ мерзімін өтеуші деп қазақшаланыпты.
Дұрысы - өтілім (стажировка), өтілгер (стажер). Өйткені сөздік қорымызда
стаж русизмнің мағынасын беретін өтіл сөзі бар [6; 55]. Сондықтан
қазір күн тәртібіне терминдерді біріздендіру (унификация) мәселесі қойылып
отыр. Бұл бүгінгі таңда мейлінше ушыққан мәселе.

Ғалым-тілші Ө. Айтбаевтың айтуынша, аталған тілдік единицаны жасауға
негіз болған лексикалық қабаттар бар. Олар мыналар:
1. Қазақ тілінің төл сөздері. Яғни көне түркі ескерткіштерінде кездесе-
тін кейбір сөздер бүгінгі таңда термин сөз ретінде көрініс тауып отыр.
Мәселен, мемлекеттік құрылыс терминологиясында қолданылатын ел термині
көне түркі жазбаларында да кездеседі. Яғни V ғ. бастау алады :ел, іл
– ел, мемлекет. Іл тұтсық йір өтукен йыш ерміс. Ел ұстайтын жер Алтай өңірі
еді [8; 55].
2. Араб-парсы тілдерінен енген кірме сөздер. Бұл лексемалардың қазақ
тіліне ену мерзімін Л. З. Рүстемов өзінің Қазіргі қазақ тіліндегі араб-
парсы кірме сөздері атты еңбегінде екі кезеңге бөліп қарайды: бірінші –
ХV ғасырға дейінгі уақыт, екінші кезең - ХV ғасырдан Ұлы Октябрь
революциясына дейінгі уақытты қамтиды. Араб-парсы кірме сөздері құрамы
жағынан әр алуан: біразы үй тұрмысына, басқа да шаруашылыққа байланысты
болса (айна, атырап, бадам, базар, байрақ, орамал, перне, таба, торап),
енді бір алуаны мәдени және ғылыми ұғымдарды білдіреді (дәуіт, дәптер,
дәреже, дүние, ғалым, пән, кітап, тарих т. б.), Діни ұғымды білдіретін
аруақ, аят, бейіт, дәрет, намаз, құдай, құдірет, күнә, мәйіт тәрізді сөздер
де бар [2; 25].
3. Монғол тілдерінен енген кірме сөздер. Шыңғысхан шапқыншылығынан
әлдеқайда бұрын қазақ рулары монғол тайпаларымен қоян-қолтық аралас-құралас
өмір кешкен, іргелес отырған. Мәселен, қазақтар да, монғолдар да әшекейі
бар сандықты абдыра дейді. Сол сияқты екі тілге де ортақ – алтын-алтан,
байсал-байқал, баян-баян, аймақ-аймаг, адақ-адаг, аңсағай-аңқиғай, дулыға-
дуулға, жол-зол, дөнежан-дөнжин, жасақ-жасаг тәрізді сөздерді көптеп
келтіруге болады. Ғ. Мұсабаев бұл тілден енген лексемаларды ХІ-ХІV
ғасырларға жатқызады [2; 27].
4. Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында ең бір бай әрі күрделі қабатты
орыс тілінен енген кірме сөздер және сол арқылы келген халықаралық
терминдер алып жатады. Ғасырлар бойы іргелес отырып, орыс халқымен мәдени
қарым-қатынасты қазақ халқы ертеден бастаған тәрізді. С. Исаевтың
дәлелдеуінше, тіпті ХІV ғасыр ескерткіші болып саналатын Кодекс
Куманикуста да изба, печь тәрізді орыс сөздері қолданылған екен.
Осыған қарағанда, қазақтар орыс сөздерін ежелден-ақ пайдаланып, әжетіне
жарата бастаған. Ғ. Мұсабаев өзінің 1959 жылы шыққан Современный казахский
язык деп аталатын еңбегінде революцияға дейінгі орыс тілінен енген
сөздерді екі кезеңге бөліп қараған. Олар:
Бірінші кезең – ХVІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы
аралықты қамтиды. Бұл тұста Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуы қазақ
өміріне түбірлі өзгерістер әкелген. Орыстар мен қазақтар шаруашылық-
экономикалық жағынан да, саяси байланыстылық жағынан да араласа бастайды.
Бұл аралықта қазақ тіліне ауылшаруашылық құрал-саймандарына, үй іші
жабдықтарына, әскери әкімшілікке байланысты көптеген сөздер енді. Мәселен:
соқа, хутор, поднос, генерал, пристав, майор, адвокат, шәйнек т.б. сөздер
сол кездерде-ақ тілімізге енген.
Екінші кезең – ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталып, Ұлы Октябрь
революциясына дейін созылады. Бұл тұста қазақ елі түгелімен Россияға
қосылып біткен болатын. Капитализмнің дамуы, орыстар мен қазақтардың
арасындағы ақша айналымы, мәдени байланыс, сауда-саттық жұмысы екі ел
арасындағы қарым-қатынасты күшейтті. Осы тұста игерілген орыс сөздерінің
біразын ұлы Абай туындыларынан да кездестіруге болады. Мысалы: аршин,
интернат, единица, ноль, такт, картечь, визит, счет, штык, пара, әлемент,
шар, болыс, ояз, старшина, кандидат, съезд, бүбірнай (выборный), пөштебай,
майор т.б. сөздер ақынның сөз қолданысында өз жарасымын тапқан [2; 28].

Жалпы ана тілімізде термин жасау, қабылдау, қалыптастыру процесінде
негізінен мынадай принциптер басшылыққа алынады:
1. Тілші-ғалым А. Байтұрсынов негізін қалаған ана тілінің ішкі
мүмкіндігін сарқа пайдалану, қолданысқа түспей жатқан сөздер легіне
терминдік сипат беріп, олардың қоғамдағы қатынас құралы ретіндегі қызметін
арттыру принципі;
2.Орыс тілі арқылы енген халықаралық терминдердің сәтті аудармасы
табылса, аудару. Бірақ дәл аударма табылмаса, қазақ тілінің сөздік құрамына
сол күйінде ендіру принципі;
3.Аударылуға көнетін терминдерге қазақтың төл сөздерінен балама іздеу
немесе тікелей калькалау жолымен беру.
Қазақ Совет Энциклопедиясы калькалау процесін былайша түсіндіреді:
калька (тіл білімінде: франц. Calque – жұқа мата не түссіз қағаз арқылы
алынған көшірме) – бір тілден, екінші тілге дәлме-дәл аудару арқылы
жасалған тілдік единица (жеке сөз, сөз тіркесі, фразеология) [2;17].
Яғни шет тілдік сөздер мен сөз тіркестері тілден тілге аударылғанда,
олардың құрылысы сақталып аударылады, солардың үлгісі бойынша сөздер мен
сөз тіркестері жасалады. Мысалы, орыс тіліндегі летчик сөзі қазақ тіліне
ұщқыш болып аударылған. Екі сөздің құрылысы да, жасалу үлгісі де бірдей.
Орыс тіліндегі лет түбірі ұш деген түбір сөзбен, чик деген аффикс қыш
деген аффикспен аударылған [3;160].
Бұл тәсілмен қоса термин жасаудың тағы мынадай тәсілдері бар:
1. Күнделікті тұрмыста қолданылатын, көпшілікке түсінікті сөз ғылыми
ұғымды білдіруге көшеді. Бұл қазақ тілінің байырғы сөздері мен ертеде енген
араб, парсы сөздерінің арнайы жаңа терминологиялық мәнде жұмсалуы болып
табылады. Семантикалық тәсіл дегенде, ең алдымен ұлттық тіліміздің өз
мүмкіндігін толығырақ пайдалануды түсінеміз. Сонда термин жасауға
қатыстырылатын ішкі мүмкіндіктер дегеніміз – ол жалпыхалықтық немесе жалпы
әдеби тіл құрамында ежелден қолданылып келе жатқан сөздердің арнайы
қызметке көшуі. Мәселен, дыбыс, әріп, ноқат, (нүкте), үтір, үнем, шығын,
салық, пайда, әуен, үн, үстеу, қоғам, мазмұн, бұйрық, сын, мәжіліс, білім,
ғылым, мектеп т.б. Келтірілген мысалдың көбі тіліміздің байырғы лексикасына
жатады да, біразы әбден сіңіп төл сөздер қатарынан орын тепкен араб, парсы
кірмелері. Дәйекті болу үшін, қоғам сөзін қарастырып көрейік. Бұл сөз о
баста белгілі бір адамдар тіршілігінің уақытша бірлестігі, қауымдасуы
мағынасында туған болса, бұл сөздің осы замандағы мағыналық шеңберінде
күрделі өзгерістер болғаны мәлім. Ең алдымен қоғам сөзі терминдік нақты
мәнге ие болды, атаулық мағынасы бұрынғыдан әлдеқайда кеңейді. Өзгеше
терминдік сапаға көшіп, әдеби тіліміздің нормаланған элементтерінің біріне
айналған. Бұл лексемаға Қазақ тілі түсіндірме сөздігі мен Қазақ Совет
энциклопедиясында мынадай анықтама беріледі:
• Тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі адамдардың материалдық
игіліктерді өндіру тәсілі мен өндірістік қатынастарына негізделген
қарым-қатынасының жалпы жиыны;
• Өндірістік қатынастар негізінде қауымдасқан адамдардың бірлігі,
жиынтығы;
• Ынтымақтас, ниеттес адамдардың ортақтасқан қауымы;
• Әлеуметтік топ, орта, бір ағымдағы жұртшылық;
• Творчестволық одақ, ерікті бірлестік, ұйым
(ҚТТС, Алматы, 1982, 6-т.). Адамдардың материалдық және рухани өмірін
диалектикалық бірлікте, өзара байланыста көрсететін философиялық ғылыми
категория. (ҚСЭ. Алматы, 1975).
Осы сөздің қатысуымен жасалған терминологиялық ұғымдардың әлі де толық
емес түрлері мыналар: қоғамдық жиынтық өнім, қоғамдық заңдылық, қоғамдық
инспектор, қоғамдық интернат, қоғамдық капитал, қоғамдық қатынастар,
қоғамдық қауіпсіздік комитеті, қоғамдық меншік, қоғамдық өндіріс, қоғамдық
өнім, қоғамдық пікір, қоғамдық сана, қоғамдық ұйымдар, қоғамдық шарт,
қоғамдық экономикалық формация, қоғамдық материалдық-техникалық база,
қоғамдық саяси ұйым, буржуазиялық қоғам, коммунистік қоғам, капиталистік
қоғам, социалистік қоғам, феодалдық қоғам т.б. Сонда қоғам атты бір ғана
сөздің терминденуі арқылы біршама терминдік тіркес қатары пайда болды.
Бұдан шығатын түйін: қайсыбір сөздерді семантикалық тәсіл арқылы терминге
айналдыру өзге де терминдік ұғымдар қатарының жасалып, молая түсуіне
мүмкіндік ашады деген сөз [2; 158].
Демек, жаңа сөздердің пайда болуына, сөздер мағынасының кеңеюіне
қоғамдағы жаңалық-өзгерістер негіз болады. Мысалы, 1990 жылдан бері
делдал сөзін жиі кездестіреміз. Бұл сөз алғашында сатушы мен алушының
арасында жүретін пайдакүнем деген мағынаны білдірген. Ал қазір экономика
саласының термині. Сол сияқты құн сөзі қазақ тілінің сөздік қорында ерте
кезден қолданыста бар. Осы сөз бұрын адам төлеуіне берілетін мал-мүлік
дегенді білдіретін атау ретінде қолданылған. Қазір саяси-экономикалық
термин [9; 15].
2. Сондай термин жасаушы өнімді тәсілдерінің бірі – морфологиялық немесе
синтетикалық тәсіл. Яғни қазақ тілінің сөз жасауға, сөз түрлендіруге
қатыстырылатын қосымшаларының термин жасаудағы рөлі жайында болмақ. А.
Ысқақов өзінің Қазіргі қазақ тілі. Морфология атты еңбегінде сөзжасамдық
қосымшаларды екіге бөліп қарастырады: өнімді қосымшалар –
- шы-ші, -лық-лік, -шылық-шілік, -ма-ме, -ыс-іс-с, -м-ім-м, -ыл-
іл-л,
-қы-кі-к, -у және өнімсіз қосымшалар: -ым-ім-м, -ыс-іс-с, -қы-кі-
к,
-қыш-кіш, -уыш-уіш, -кер-гер. Терминнің дәл болуы негіз бен қосымшаның
үйлесуіне тікелей байланысты. Қазақ тілінің –шы,-ші қосымшалары арқылы
мынадай терминжасам моделі қалыптаса бастағанын көреміз. Мұның өзін бірнеше
үйірге бөліп қарауға болар еді. Біріншіден, -шы, -ші жүрнағының негізгі
түбірге қосылуы арқылы жасалған терминдер тілші, мысалшы, есепші, күзетші,
архивші т.б. –Шы-ші қосымшасы туынды түбірлерге де, тіпті тіркесім
сөздерге де жалғанады. Осы жолмен жасалған терминдер тіпті көп.
Өнеркәсіпші, құс өсіруші, заң шығарушы, жылнамашы, қол өнерші, фото-тілші
тәрізді терминдер қазір әдеби тіліміздің сөздік қорынан тұрақты орын алды.
Бұл қосымша жалғанған сөзіне екі түрлі мағына телиді екен. Бірі- белгілі
бір мамандық немесе кәсіп иесі (тілші, жазушы, тәрбиеші) дегенді, екіншісі
– қоғамдағы белгілі бір ағымды қолдаушы, оны жақтаушы (стахановшы,
динамошы) дегенді мегзейді.
30-жылдары –шы-ші қосымшасы кірме сөздерге жалғанып терминологиялық
лексиканы байытты. Мәселен, капиталшы (капиталист), оппортуншы
(оппортунист), пайдашы (отходник) т.б.
40-50 - жылдары осы жұрнақ арқылы сәулетші, сайлаушы, нұсқаушы,
тұтынушы тәрізді терминдері жасалды.
70-80 - жылдары бұл қосымшаның өнімділігі тіпті күшейе түсті. Сөйтіп,
төмендегіше терминдер жасалды: жүргізуші – ведущий, хабаршы – вестник, іс
жүргізуші – делопроизводитель, хабаршы – информатор т.б.
Термин жасауда –лық-лік жалғауының қызметі де ерекше.
30-жылдары бұл жұрнақтың жалғануы арқылы жасалған сөздердің біразы
қазір уақыт сынына жауап бере алмай термин ретіндегі мәнінен айырылып,
қолданыстан шығып қалды. Мәселен, затшылдық (материализм), тегістік,
жеңістік (победа), құралық (календарь), кеңесшілдік (бюрократизм) т.б.
Бұл жұрнақ арқылы қатыстық сын есімнен де термин көп жасалған. Олар:
әскерилік қызмет (воинская служба), техникалық оқымысты (технический кадр),
социалдық қоғам (социалистическое общество), саясаттық сектор (политический
сектор) т.б.
Өнімділігі жоғары қосымшалар қатарына кейінгі кезеңдерде терминжасам
процесінде актив қызмет етіп жүрген –ма-ме, -ым-ім-м, -ыс
-іс-с,-қы-кі-к жалғаулары. Соңғы екі онжылдық деңгейінде Мемтерминком
тарапынан жолдама алып қолданысқа енген термин сөздерді еске алсақ және
мерзімді баспасөз материалдарын қарап отырсақ, осы аталып отырған
қосымшалардың терминжасамдық қабілеті айқындала түскен. Мысалы, мінездеме,
балама, баспа, қолтаңба, басылым, сұраныс, көрініс, тексеріс, отырыс,
ұсыныс, табыс,қондырма т.б.
–шыл -шіл жұрнағы арқылы адамдардың ерекше әрекеті мен ерсі
қылықтарын, бір нәрсеге тым әуестілігін, бейімдігін білдіретін өзімшіл,
ұйқышыл, сәлемшіл, уайымшыл тәрізді сөздері жасалған.
Абстракциялы, дерексіз ұғымды білдіруге бейім –шылық, -шілік
жұрнағының да термин жасауда едәуір қызметі бар. Мысалы: адамгершілік,
айырмашылық, кеңшілік, көзбояушылық, әкімшілік, жауапкершілік, тоқшылық,
жұртшылық т.б.
Өнімділігі төмен қосымшалар тобына –қыш-кіш, -кер-гер, -ма-ме,
-ыс-іс, -ым-ім-м жұрнақтары жатқызылады. Мысалы: дән тазалағыш
(зерноочиститель), мұздатқыш (морозильник), баспагер (издатель), сәулеткер
(зодчии), тәлімгер (наставник), үміткер (претендент), айтыскер (мастер
айтыса); өнертабыс (изобретение), сұраныс (спрос); ашылым (открытие),
басылым (издание), қойылым (постановка), рәсім (церемония) т.б. толып
жатқан терминдік қолданыстар соңғы 15-20 жылдың барысында пайда болды.
–дама-деме, -нама-наме, -лас-лес, -дас-дес, -ман-мен тәрізді
морфемалардың да қосылуы арқылы жасалған аялдама (остановка), ғарышнама
(космология), дәйектеме (обоснование), дәуірнама (эпопея), жолдама
(путевка), өмірнама (биография), түсініктеме (комментарий), оқырман
(читатель), көрермен (зритель) сияқты сөздер терминжасам мүмкіншілігінің
мол екендігін байқатады [2; 165].
3. Қазіргі кезде екі не одан да көп түбірдің бірігуі арқылы жасалған
терминдер қолданыс табуда. Мысалы: тікұшақ, мейірбике, бейнетаспа,
тілтаным, баспасөз жауқазын, дәйексөз т.б.
4. Термин жасаудың келесі тәсілі – кемінде екі немесе одан да көп
сөздердің тіркесуі. Мысалы: несие беру, кепілдік беру, жалға беру т.б.
5. Сирек те болса қос сөздер арқылы жасалған терминдер кездеседі.
Мысалы: көші-қон, жолма-жол т.б. [10; 97].
6. Аббревиация немесе қысқарту (сөз, буын не әріп қысқарту) амалдары
да терминжасам дағдымызда кеңінен қолданылады. Бұлардың да әртүрлі
модельдері бар:
• толық мағыналы екі не үш сөздің басқы буындарын қысқарта
біріктіру арқылы жасалған, сондай-ақ, бірінші компоненттерінің
бірінші буыны мен соңғы компоненттерінің толық түрінен құралған
терминдер: колхоз, совхоз т.б.
• бірінші сөздің алғашқы буыны мен келесі сөздердің басқы
әріптерінен қысқарған терминдер: ҚазТАГ, ҚазПИ, ҚазГУ т.б.
• орыс тілінде қалыптасқан компоненттердің басқы әріптерінен
қысқартылып алынған терминдерді сол қалпы қабылдау. КПСС, СССР,
МХАТ, ГАИ, ЗАГС т.б.
• Әр алуан техника атаулары фото-, теле, -радио аспаптары,
медицина және басқа ғылым салаларында қолданылатын құрал-
саймандар маркалары мен модельдері: АН-24, ТУ-10, ИЛ-62,
ГАЗ-24 т.б. [2; 175].
Терминдер құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді. Дара
терминдер бір сөзден жасалады. Мысалы: мәтін – текст, критика – сын,
объект - нысан т.б.
Ал күрделі терминдер екі не одан да көп сөзден құрылады.
Ә. Ж. Әміров сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған терминдерді туынды
және күрделі деп, ал күрделінің өзін – біріккен терминдер, қысқарған
терминдер және сөз тіркесінен жасалған терминдер деп бөледі
[9; 18]. Олар бірден пайда болмай, біртіндеп сөз аясының кеңеюі арқылы
жасалады. Мысалы: поезд – сөзі арқылы өрбіген терминдер: құрылыс поезы, жүк
жасаушы поезд, рельс түсіру поезы, өрт сөндіру поезы т.б. [11; 45].
б) терминдердің грамматикалық ерекшелігі:
- морфологиялық қыры
Тілші Р. А. Урекенова күрделі терминдерді – еркін сөз тіркесі дей
отырып, олардың екі түрлі жолымен жасалатындығын айтады.
1. Сын е. + Зат е. Мысалы: өнімді қосымшалар – продуктивные аффиксы,
магиялық поэзия – магическая поэзия, уәжді сөз – мотивированное
слово т.б.
2. Зат е. + Зат е. Мысалы: табиғат лирикасы – пейзажная лирика,
ғибрат өлең – песня-наставление, негіз тіл – язык-основа т.б. [11; 83].
Сол сияқты осы күнгі әдебиеттерде терминдердің қай сөз таптарынан
жасалатындығы туралы ғалымдар арасында әр түрлі пікір бар.
Р.С. Ахманова, Н. А. Шеглова, Н. А. Бурдин: термин тек зат есімнен
жасалады,- дейді. Ж.М. Молгаждаров терминдердің зат есім, етістік, сын
есім сөз таптарынан жасалатындығын айтады [11; 46].
Термин сөздер етістік арқылы да жасалады, бірақ өзіндік ерекшеліктері
байқалады. Бірде етістік таза күйінде термин ретінде жұмсалса, мысалы,
дыбыстаңбалау - транскрибировать; бірде етістік басқа сөз таптарымен
араласып термин жасайды, мысалы: мәнерлеп оқу – выразительное чтение
[11; 46].
- күрделі термин жасаудағы синтаксистің рөлі
Күрделі термин құрамындағы сөздердің үш түрлі байланысу формасы бар.
Олар:
1. Матасу арқылы жасалған күрделі термин. Мысалы: ауаның ылғал-
дылығы;
2. Меңгеру арқылы жасалған күрделі термин. Мысалы:құрғақшылыққа
төзімділік, арқанмен жүру;
3. Қабысу арқылы жасалған күрделі термин. Мысалы: тіс дәрігері, жүк
вагоны [11; 47].
Ғалым Ө. Айтбаев күрделі терминдерді сөз тіркесі ретінде қарастырып,
оларды төмендегіше топтастырады:
1. Еркін тіркесті терминдер. Құрамындағы әрбір компонент жеке тұрып
термин бола алады. Мысалы: Жазушылар Одағы, күкіртті азот;
2. Еркін емес тіркесті терминдер. Яғни бұлайша тіркескен терминдер
құрамындағы сөздердің бәрі бірдей тұрып термин бола бермейді. Олар дәл осы
тіркесім түрінде ғана қызмет атқарады. Мысалы: қызыл әскер, азат ел;
3. Фразеологиялық терминдер. Мысалы: ақыр заман, ашық хат, оқу
жылы, рухани тәрбие, үлкен жол [2; 19].
1. Қазақ терминологиясының қалыптасу тарихы
Өндіріс пен техниканың, ғылым мен өнердің, саясат пен дипломатияның әр
саласына тән терминдердің жиынтығы терминология деп аталады.
Әрбір тілде шаруашылық пен мәдениеттің, әдебиет пен өнердің алуан
түрлі салаларының терминологиясын жасау - әрі ғылыми, әрі қоғамдық үлкен
мәні бар, аса қажетті жұмыс.
Қазақстанда терминология мәселесімен алғаш 1925 – 1935 жылдар
аралығында Қазақ ССР Оқу Халық Комиссариаты жанындағы Методикалық бюро және
осы кезде арнайы құрылған терминологиялық комиссия жетекшілік жасап
келіпті.
1951 жылы басылған Атаулар сөздігі - сол жылдар жемісі.
1933 жылы Қазақ Автономиялы республикасында Халық комиссарлар
советінің №508 Қаулысымен мемлекеттік терминология комиссиясы құрылған.
Тұңғыш председателі – профессор Қ. Жұбанов, мүшелері –
Б. К. Асфандияров, Б. А. Бірімжанов болды.
1935 жылы Мемлекеттік терминологиялық комиссия Бюллетеннің төрт
санын шығарды. Осы жылдары қазақ тіліндегі терминдерінің дұрыс дыбысталуы
мен қалыптасуына үлкен септігі тиген шараның бірі ретінде
Қ. Жұбановтың қазақ алфавитінің құрамына ф, х әріптерін енгізуі. Өйткені
физика, философия, флора, химия тәрізді терминдердің бұдан бұрынғы жазылу
кейпі пизика, пилосопия, плора, қимия тәрізді еді.
Жазуымыздың даму тарихын барласақ, латын әліппесінен орыс графикасына
ауысуда да осы терминком мүшелерінің едәуір еңбек еткенін байқаймыз. Басқа
тілден енген халықаралық терминдерді я, э, ц, ч әріптерінсіз өрнектей
алмас едік. Әріптерді қазақ графикасына енгізу арқылы қаншама терминдердің
айтылуы мен жазылуы бір ізге түсті.
Ұлы Отан соғысы басталып, мемтерком өз жұмысын тежеді. 1945 жылы 8
ақпанда Қазақ СССР Комиссарлар Советінің №54 Қаулысына сәйкес мемлекеттік
терминком қайта бекітілді. Төрағасы әуелі І.О. Омаров, кейін
Т. Т. Тәжібаев болды.
1946 жылы Қазақстан Компартиясының орталық комитеті көсем еңбегін ана
тілімізге аудару туралы арнайы қаулы қабылдайды. Мәдени шаруашылықтағы
маңызды шаруының бірі – В. И. Ленин шығармаларын ұлт тіліне аудару болды.
Терминком мәселесін мемлекеттік деңгейде қарастырып, әрі практикалық,
әрі теориялық мәселелерді зерттеуде Қазақ ССР ғылым академиясы Тіл білімі
институты көп еңбек сіңіріп келді. Тіл білімі институты мемтерминкомға
материал дайындап, барлық басқа да ғылым салаларының өкілдерімен байланыс
жасап, терминкомның бірінші көмекшісіне айналды.
• 1962 жылы 170-ке таяу халық пен ұлт есімдерін талқылады.
• 1963 жылы Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі жарық көрді.
• 1969 жылы тамыздың үші күні Мемтерминком мәжілісінде Алматы
қаласындағы көше аттары талқыға салынды.
1976 жылы Қазақ ССР Министрлер советі терминкомның жаңа құрамын
бекітті. Төрағасы – Қазақ ССР Министрлер Советі төрағасының орынбасары Ш.
Ж. Жәнбеков болды.
1984 жылы ақпанның 7-сі күні Қазақ ССР Министрлер Советі №66
Қаулысымен Мемтерминкомның жаңа құрамын бекітті.
Терминкомның ондаған жылдар бойғы жұмыс тәжірибесі ғылым мен
техниканың сала-саласы бойынша терминологиялық секциялар құрып, бұл істі
әуелі таза мамандар талқысына салу қажет екенін көрсеткен болатын.
Терминология процесіндегі барлық негізгі жұмыс осы секцияларда
пісірілуі тиіс. Мамандар талқысынан өткен терминдер, терминологиялық
сөздіктер, оқулықтар Тіл білімі институтының ішіндегі ғылым Советінің
талқысына салынды.
Ғылыми Совет жасалған терминдер қазақ тілінің өзіне тән заңдылықтары
бойынша жасалды ма, қазақша жатық па, терминдерінің мәні дәл ме? - деген
сауалдың басын ашып алуды көздейді.
Жетінші секция – бақылау тобы. Ол бекітілген терминдердің күнделікті
практикадағы қолданысын бақылап, жиналған материалды Мемтерком мәжілісіне
салып отыру үшін арнайы құрылған.
Бұл комиссия Кеңес Одағының тұсында да, Қазақстан тәуелсіздігін
жариялаған 1990 жылдан бергі кезеңде де мемлекет саясатына сәйкес жұмыс
жүргізуде.
1960 – 70 жылдар аралығында қазақ терминологиясын жасау, қалып -
тастыру ісіне үнемі белсенді араласқан ғалымдар: Қ. Сағындықов,С. Кеңес-
баев, М. Балақаев, Ә. Қайдаров, С. Бейішов, Б. Бірімжанов, К. Шәр іпов,
Ә. Қарағұлов, С. Жәутіков, Т. Мұсақұлов, М. Қаратаев, Ә. Саты балдиев,
І. Жарылғапов, Ж. Смағұлов, Ә. Әбдірахманов, Р. Бөкейханов болып табы-
лады [11 ; 9].
Кеңес Өкіметі тұсында терминологияны қалыптастыруда басшылыққа алынған
басты қағидат: принцип минимальных расхождений, яғни Кеңес халқына ортақ
терминдер жасау еді. Сонымен қатар мемлекеттік тіл рөлін орыс тілі
атқарды.
Ал 90 жылдары, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, қоғам өмірінде
саяси-экономикалық түбегейлі өзгерістер болды. Мемлекеттік тіл мәртебесіне
ие болған қазақ тіліне мемлекеттік тіл ретінде қызметтердің барлығын жүзеге
асыру міндеті жүктелді.
Мемтерминкомның құрамы да, атқарған жұмыстарының сапасы да
өзгерді.
1990 –2003 жылдар аралығында терминком құрамы бірнеше рет өзгертіліп,
жыл сайын бекітілген терминдердің тізімі баспасөз беттерінде басылып
шығарылуда. Мәселен соңғы жылдары терминком мүшелерінің қатарында Қазақ КСР
Ғылым академиясының А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының
директоры - Ә. Қайдаров; бөлім меңгерушісі–Ш. Сары- баев, халықаралық
Қазақ тілі қоғамының бірінші вице-президенті–Ө. Айт- баев; Қ. Р. Мәдени,
ақпарат және қоғамдық келісім министрі, заң ғылымдарының докторы, төраға -
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы; Қ.Р. мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігі Тілдерді дамыту департаментінің директоры, философия
ғылымдарының кандидаты, хатшы – Нұрмыханов Арыстанбек Нұрмаханұлы және тағы
осы сияқты тілші-ғалым есімдерін жиі кездестіреміз [12; 301].
1990 –2003 жылдар аралығында терминком жұмысының нәтижесі ретінде
төмендегіше кейбір терминдердің тізімдерін ұсынамыз.
Мемтерминкоммен 1990 – 2001 жылдар аралығында бекітілген
терминдер:
цитата – дәйексөз
юбилей – мерейтой, мүшелтой
юбиляр – мерейгер
некролог – қазанама [12; 411]
Мемтерминкоммен 1992 жылы бекітілген терминдер:
пособие – жәрдемақы; универсал - әмбебап; самолет – ұшақ
приватизация – жекешелендіру; бартер – баспабас; гвардия – ұлан [12 ;415]
Мемтерминкоммен 1997 жылғы мәжілісінде бекітілген терминдер:
репатриант – оралман; пристав – жасауыл [12; 428].
Мемтерминкоммен 1998 жылы бекітілген терминдер:
строй – сап; колонна – лек; команда – пәрмен; становись – саптал; смирно –
тіктел; кругом – айнал; солдат – сарбаз; воин – жауынгер [12; 439]
Терминкоммен 1998 жылы 24 маусымда өткен мәжілісінде бекітілген
терминдер:
архив – мұрағат; гармония – үйлесім; дом-музей – мұражай; прикладное
искусство – қолданбалы өнер; притча – тәмсіл; фабула – желі; цикл – топтама
[12; 445]
Мемтерминком 1999 жылы наурыздың 9-ы күні бекіткен өртке қарсы
қолданылатын терминдер:
гибель в огне - өртте опат болу; теплоотдача – жылу бергіштік;
факел – алау [12; 453]
1999 жылы 17 маусымда өткен мәжілісінде мемтерминкоммен бекітілген
терминдер:
аудиовизуальная запись – дыбыс-бейне жазбасы;
международный договор – халықаралық шарт;
иск – іздеу; оптимальный – оңтайлы, ең қолайлы; опрос – сұрау-салу; фаза –
саты, кезең; этап – кезең [12; 453]
Мемтерминкомның 2000 жылдың 25 қаңтарында өткен мәжілісінде бекіткен
терминдері:
база – 1. база; 2. негіз; 3. қор; 4. қойма; класс – 1. тап; 2. сынып [12;
462]
2003 жылғы 24 желтоқсанда өткізілген мәжілісінде мемтерминком бекіткен
терминдер:
контекст - мәнмәтін; нулевая флексия - нөлдік қопарма; текст -мәтін;
текстология - мәтінтаным; синекдоха - меңзем; окказионализм - тосын сөз;
сатира - сықақ; декламировать - тақпақтап оқу; классификация - сыныптау;
морфологический – принцип - морфологиялық қағидат т.б.
[13; 8].
2.1 2003 жылы тіл мен әдебиет саласы бойынша бекітілген кейбір
терминдердің қалыптасуы, бірізділігі, жүйелілігі.
Әдетте ғылым дүниесінде белгілі бір ұғым, құбылыс, заңдылық
арақатынастарын зерттеу нәтижесінде бұрын белгісіз жаңа ұғымдар дүниеге
келеді. Тілдік қорымыздан осы жаңа ұғымдардың ішкі сырын жете өрнектейтін
сөз іріктеліп, сұрыпталып, оған атау беріледі. Мұны жаңа ұғымның атауы,
термин дейміз. Терминдердің күнделікті өмірде араласпайтын жері жоқ. Соңғы
жылдары ғылыми-техникалық революцияның жедел қарқынмен дамуы, нарықтық
экономикаға көшіп, ғылым, техника, шаруашылық, өндірістің барлық
саласындағы қыруар информациялық мағлұматтың келіп құйылуы, терминология
құрамының толыға түсуіне себепші болып отыр.
Термин – қоғамдық құбылыс. Кез-келген терминнің қалыптасу жолы, даму
тарихы - оны қолданып жүрген халықтың тарихымен тікелей байланысты. Бүгінгі
таңда халықтың қолдауымен қоғамның көптеген салаларында қызмет етіп жүрген
кез-келген терминнің тарихы оны құрамына, этимологиясына қарай талдау
барысында анықталады.
Ендеше, 2003 жылы желтоқсанның 24-і күні Астана қаласында Қазақстан
Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссиясының
кезекті отырысында бекітілген тіл білімі және әдебиет салалары бойынша
кейбір терминдердің талдау үлгісін ұсынамыз.
Аталған мәжілісте бекітілген терминдерді жасалу тәсіліне қарай
былайша топтастыруға болады:
1. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған терминдер:
текстолог – мәтінгер (тіл термині), тематика – тақырыптама (әдеби термин),
мотивировка – уәждеме (әдеби термин), синекдоха – меңзем (әдеби термин);
1. Мәтінгер – синтетикалық тәсілмен жасалған текстолог терминінің
баламасы ретінде бекітілген тіл термині. Текстолог терминін құрамына қарай
талдайтын болсақ, бірінші компоненті - текст. Латын тілінде textum –
• связь, соединение;
• авторское сочинение или документ, воспроизведенный на печати;
• основная часть печатного набора без рисунков, чертежей, подстрочных
примечаний;
• в семиотике и лингвистике – последовательность знаков, образующие
единое целое и составляющая предмет исследования особой науки –
лингвистики текста [14; 500].
Екінші компоненті - ...лог. Грек тілінде logos. Беретін мағынасы:
• слово, учение, мысль, определение, отношение;
• лицо, занимающееся наукой. Например: биолог, зоолог [14; 289].
Латын тілінің лексемасы – textum және грек тілінің лексемасы logos бірігіп,
текстолог деген термин жасалды. Орыс тіл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz