Оқушылардың сөйлеу тiлiн дамытуда техникалық құралдарды пайдалану_


Жоспар:
- Кіріспе 3
2. Негізгі бөлім
- Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік 5
- Қазақ тілі сабағында көрнекі және техникалық құралдарды
тиімді пайдалану 7
- Оқушылардың сөйлеу тiлiн дамытуда техникалық құралдарды пайдалану 13
- Қазақ тілі сабақтарында техникалық құралдарды пайдаланудың практикалық маңызы 18
- Қорытынды 33
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 34
І. Кіріспе.
Курстық жұмыстың көкейтестігі:
Мектептердегі қазақ тілін жаңашылдықпен дамыту үшін «инновациялық үрдіс» - жаңа педагогикалық идеяларды ғылыммен ұштастырып практикаға, оқу ісіне кіргізуді ойластыру, енгізу керек.
Жаңа ғасыр білім беру кеңістігінде жаңа талаптар тудырып, елімізде қазақ тілін Мемлекеттік тіл ретінде оқыту мәселесінің заман талаптарына, әлеуметтік сұраныстарға сай ұйымдастырылуын айқын белгілеп отыр.
Оқу орындарында жаңа технологиялар арқылы оқыту қазақ тілін үйретудің сапасы мен маңызын арттырады. Сол себепті сабақ өткізу барысында әсіресе, қазақ тілі сабақтарында көрнекілікті пайдалана алу, көкейтесті мәселе.
Тіл - ұлттық тәрбиенің негізі. Туған тілдің тағдырын ойлағанда ең бірінші көз алдымызға бүгінгі жас ұрпақ елестейтіні орынды. Қазіргі қиыншылықтың түп төркіні де осында жатыр. Ашығын айтсақ, Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын әлі де тежеп тұрған кеңестік дәуірден қалған психологиялық пікірден арыла алмаушылық болып отыр.
Мектептеріндегі қазақ тілін жаңашылдықпен дамыту үшін «инновациялық үрдіс» - жаңа педагогикалық идеяларды ғылыммен ұштастырып практикаға, оқу ісіне кіргізуді ойластыру, енгізу керек.
Жаңа ғасыр білім беру кеңістігінде жаңа талаптар тудырып, елімізде қазақ тілін Мемлекеттік тіл ретінде оқыту мәселесінің заман талаптарына, әлеуметтік сұраныстарға сай ұйымдастырылуын айқын белгілеп отыр.
Оқу орындарында жаңа технологиялар арқылы оқыту қазақ тілін үйретудің сапасы мен маңызын арттырады.
Қазіргі кезде мектептерде мемлекеттік тілді оқыту - оқытудың жаңаша, тиімді практикалық игеруге бағытталған аса құнды әдіс-тәсілдерін қажет етеді.
Әр ұстаз өз шәкіртінің білімінің неғұрлым жоғары болуын, салыстыру, талдау, қорытынды жасау және ойлау қабілетінің шығармашылық тұрғыда кең болғанын армандайды. Осы тұрғыда мектеп ғылыми зертханаға айналып отыр, өйткені оқушы мен оқытушы шексіз шығармашылық ізденісте. Бұл қазіргі заманның талабы. 21 ғасыр қазақстандықтар алдында жаңа талап қойып отыр. Ең бастысы - әр адам (маман) өз ісінің шебері болуы керек. Қазіргі қоғам жастардан білікті маман болуды талап етеді. Сондай-ақ қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін, әсіресе, мемлекеттік тілді жақсы білуі керек [1. 11] .
Қазақстан халқына «2030 үндеуінде», Президент Н. Ә. Назарбаев қазіргі мектептер оқушылардың тек жалпы білім алу дайындық деңгейін қамтамасыз етіп қоймай, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру жастар үшін қалыпты үйреніс болу жағдайына айналу керектігіне назар аударады. Қазіргі таңда қойылған міндеттердің орындалуы мемлекеттік тілді үйретудің әрі қарай жетілдірілуін талап етеді.
Дидактикалық принциптердің бірі - оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды пайдалану. Мектепте қазақ тілін оқытуға байланысты мынадай көрнекі құралдар пайдаланылады: затты табиғи түрінде көрсету, графикалық көрнекілік (кесте, схема), бейнелеу көрнекілігі, иллюстрация жасау, фотоларды көрсету, суреттерді көрсету, осындай көрнекіліктермен қатар, техникалық құралдарды (магнитофон, ойнатқыштарды, диафильм, кинофильм фрагменттері, радио, телевизия, кодоскоп, эпидиаскоп) пайдалану арқылы оқушылардың есту және көру сезімдерін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді.
Демек, мұғалімнің түсіндіруімен қоса, есту және көру үшін көрнекіліктер қолданылады. Сыныптан тыс жұмыстарда көрнекілікті пайдалану оқушының ана тілін құрметтеуге, оған деген сүйіспеншілігін арттырады. Оқушының танымдық қабілетін жетілдіріп, өздігінен жұмыс істеуге бағыт береді [2. 18] .
Курстық жұмысының мақсаты:
Көрнекілік әдісі - оқу процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, оқудың мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек көрнекіліктерді қолдану барысында жүзеге асады. Көрнекілік әдісінің көздейтін мақсаты - тұлғаның адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру.
Курстық жұмысының объектісі:
Қазіргі кездегі қазақ тілі ғылымының дамуы, қазіргі замандағы көрнекіліктердің жаңа әдістерімен тәрбие құрал - жабдықтары, формалары. Оларды топтастыру және тиімді пайдалану жолдары.
Зерттеудің пәні:
Көрнекіліктің мәні, оның қалыптасуына ықпал ету әдістері, формалары, тәсілдері.
Зерттеу міндеттері:
1. көрнекіліктің мәнің, жалпы тұлға бойындағы қалыптасуының рөлін аңықтау, талдау жасау.
2. көрнекіліктің маңызын жан - жақты зерттеп, жас ұрпақты қажетті, жағымды қасиеттерге баулу.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер әрбір оқытушы заман талабына сай жаңа техналогияларды яғни соның ішінде көрнекіліктерді пайдалана отырып, жас ұрпақ бойына тәрбиелік құндылықтарды дарыта алса, онда жалпы тұлғаның тәрбиелік ерекшеліктері жоғары көрсеткіштерге жетеді.
Курстық жұмысының практикалық қолданылымы:
Мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырушылары мен сынып жетекшілеріне қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы :
Кіріспе, 2 бөлім, қорытыңды, пайдаланған әдебиеттер, қосымшадан тұрады.
ІІ. Негізгі бөлім
- Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік
Көрнекілік - педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулиды. Адам қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі - көру түйсігі. Адам жадында терең таңбаланатыны да осы көру түйсігі арқылы қабылданған ақпарлар. Бірақ, түйсік өздігінен құбылыстардың ішкі байланысын, олардың заңдылығын бейнелей алмайды. Құбылыстардың мәнін адам санасында ойлау, пайымдау қабілеті ғана бейнелейді. Көрнекіліктің нәтижесінде қоршаған өмір құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы оқушылардың мәселені түйсіну дәрежесі артады, сана-сезімі қалыптасады. Сонымен бірге, қабылданған ақпарлар оқу міндеттеріне байланысты талданып, қорытылады.
Көрнекі құралдар оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады. Бұл дидактиканың басты қағидаларының бірі болып саналады. Көрнекілікті чех педагогі Я. А. Коменский (1590 - 1670) 17 ғасырда енгізді. Одан кейін педагогтер швейцар И. Г. Песталоцци (1746 - 1827), неміс А. Дистерверг, орыс педагогі К. Д. Ушинский (1824 - 1870/71), т. б. Көрнекілікті оқу пәндерінің мазмұнына бейімдеп (ана тілі, арифметика, табиғаттану, т. б. ), дидактика мен әдістеме жүйесіне лайықтап қалыптастырды. Көрнекіліктің үлгілерін пайдалануға Ы. Алтынсарин зор көңіл бөліп, “Қазақ жастары ғылым-өнерді кітап сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білуін” мақсат етіп қойды. Қазіргі оқу жүйесінде жанды-жансыз табиғат объектілерін байыппен байқаудың, сурет, өрнек, көркемөнер туындыларын, графикалық материалдарды заттай пайдаланудың мәні зор. Қазіргі дәуірде ғылым, техника, көркемөнер салаларында мол дамыған шынайы деректерді, т. б. едәуір күрделі бейнелеу мүмкіндіктерін пайдалану үшін түрлі кабинет, арнайы жұмыс орындары - кабиналар ұйымдастырылды. Осыған орай оқу барысында кинопроекторлар, кинофильмдер, теледидар, оптик. аспаптар, түрлі механизмдер, дәлдік өлшеу-есептеу машиналары, т. б. көрнекі құралдар қолданылады.
Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация [2. 25] .
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар - атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі - жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:
• көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
• көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
• демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
• иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
• құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
• демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
• көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды таныстыру.
Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар.
Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның сипаты және әдістемесі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу материалына, оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді [6. 62] .
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу деңгейіне қарай жаттығулар бірнеше түрге бөлінеді:
• белгілі білімдерді еске түсіріп, оны бекіту мақсатындағы жаттығулар;
• білімді жаңа жағдайда қолданып жаттығу.
Егер оқушы іс-қимылдарды ауызша айтса, онда оны түсіндіру арқылы жаттығу деп атайды. Мұғалім оқушы іс-әрекетінен қателіктер тауып, оқушылардың іс-әрекетіне түзетулер енгізеді.
Жаттығулардың ерекшеліктері:
Ауызша жаттығулар логикалық ойды, есті, тілді оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі.
Жазбаша жаттығулар білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін жасауда қолданылады. Оларды қолдану логикалық ойды дамытуға, жазбаша тіл мәдениетін, өздікті дамытуға көмектеседі. Әрбір оқу пәнінің міндетті бөлігі - ана тілінен шет тіліне аудару, берілген тақырыпқа шығарма жазу, суретпен жұмыс, өз бетімен мысалдар және есептер, кесте құрастыру, диаграмма, баяндама, көрініс әзірлеу. Жаттығуды орындау алдында оқушыларға теориялық материал түсіндіріліп, нұсқау беріледі.
Жазбаша жаттығулар: ана тілі, шет тілі, математика, т. б. пәндерде орындалады.
Оқушы оқуға үйренгенде, мәтінді мәнерлеп оқып, грамматикалық ережелерді қолданып, көптеген жаттығулар жазады.
Графикалық жаттығулар: кесте, сызба, технологиялық карта, альбом, стенд жасау, экскурсия кезінде салған суреттер.
Оқу-еңбек жаттығулары: оқу шеберханаларындағы қағазбен, картонмен, ағашпен, металмен жұмыс істеу, әр түрлі құралдар қолдану, станок, тетіктерді басқару, "Конструктор" ойыншықтармен жұмыс істеу.
Жаттығу әдісіне қойылатын талаптар:
• оны орындауға деген оқушылардың саналы көзқарасы;
• жаттығуларды орындаудағы дидактикалық сабақтастық: алдымен оқу материалын түсінуге көмектесетін, содан кейін есте сақтауға, қолдануға, оқылғанды жаңа жағдаяттарда өздігінен, шығармашылықпен қолдануға, жаңа материалды бұрын меңгерген білім, іскерлік және дағдылар жүйесіне қосуға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындау[6. 78] .
- Қазақ тілі сабағында көрнекі және техникалық құралдарды тиімді пайдалану
Дидактикалық принциптердің бірі - оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды пайдалану, сонымен қатар техникалық құралдарды пайдалану - магнитофон, ойнатқыштар, диафильм, кинофильм фрагменттері, радио, телевизия, кодоскоп, эпидоскоп компьютер арқылы оқушылардың есту және көру сезімдерін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді.
Демек, мұғалімнің түсіндіруімен қоса есту және көру үшін көрнекілікпен қатар техникалық құралдар қолданылады, бұл құралдарды оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ) деп атайды.
Оқытудың техникалық құралдарының төрт түрі бар:
- оқытатын машиналар (оқылатын материалдарды оқушылардың түсінуіне көмектеседі, нақтылай дәлелдейді) ;
- тренажер - машиналар (оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, жаттығулар, үй тапсырмасын орындайды, белгілі бір дағдыны бекітуге жаттығады) ;
- репетитор - машиналар (өткенді қайталауға мүмкіндік береді) ;
- бақылаушы машиналар (емтихан алдында өзін-өзі тексеру үшін қызмет етеді, кейде оқушылардың жауаптарына баға қояды) .
Қазақ тілін оқыту жүйесінде техникалық құралдардың техникалық тұрғыдан қарағанда мынадай түрлері бар:
а) проекциялық аппаратура (экрандық құралдар) - диапроектор, эпидиаскоптар, фильмоскоптар, кадоскоптар - бұлар диафильмдер мен диапозитивтермен, слайдпен қуатталады.
ә) киноаппаратура - әртүрлі кинопроекторлар, оқу фильмдері (деректі, мультипликациялық, көркем фильмдер түрлері, мылқау, дыбысты, қысқа, толық метражды, кинофрагмент)
б) теле және радиоаппаратура - радиоқабылдағыш, ойнатқыш, магнитофон, компьютер, және т. б.
Техникалық құралдар дыбыстық, проекциялық болып бөлінеді. Соңғы кезде мектеп тәжірибесінен компьютерлік сынып, видео аппараттарын да қолданып жүр.
Дыбыстық аппараттарға магнитофон, күйтабақ, лингофондық кабинеттер жатады. Дыбыстық аппараттарды қазақ тілі сабағында пайдаланудың ерекше маңызы бар.
Мектептерде қазақ тілі сабағында дыбыстық аппараттарды оқушыларға ерекше дыбыстардың айтылуын меңгерту, сөйлемдегі сөзге дұрыс екпін қоюды үйрету үшін т. б. қолдануға тиімді. Сабақта мұғалімге өзінің немесе маман дикторлардың, өнер қайраткерлерінің орындауындағы мәтіндерді, әңгімелерді, ертегілерді айтудағы ерекшеліктерді оқушыларға тыңдату, кейбір грамматикалық ережелерді, өлең тақпақтарды, мақал-мәтелдерді де тыңдатып жаттықтыру жұмыстарын кеңінен жүргізуге болады.
Мектепте дыбыстық аппараттарды пайдалана білуге аса жауапкершілікпен қараған жөн. Әр мектепте қазір жеке пәндерге арналған дыбысхана кабинеттері бар. Осы кабинеттерде мұғалім қазақ тілі пәніне байланысты жазып алған материалдарын ұстайды. Бұл материалдарға фотомонтаж, тақырыптық кештердің жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылығына арналған әр түрлі әдістемелік әдебиеттер мен фоножазбалар жатады.
Әр мұғалім дыбысхана кабинеттеріндегі грамжазбаларды, фоножазуларды ұқыптылықпен сақтап, пайдалануы қажет. Олардың мазмұны туралы аннотация жазылады, рет саны, ұзақ немесе қысқа ойналатыны, тақырыбы, авторы, орындаушылардың аты-жөні т. б. мәліметтер, картотекалар болуы қажет.
Магнитофонды сабақта пайдалану әдісі. Магнитофон - оқу процесін жетілдіре түсетін, оқу тәрбие жұмысының сапасын арттыратын көмекші құралдардың бірі болып есептеледі.
Мектептегі оқу ісінде пайдаланылатын магнитофонды күніне 7-8 сағат жұмысқа қосуға болады. Сабақта қолданылатын магнитафонның салмағы 20 кг, таспасының айналу жылдамдығы 9, 53 см/сек. Оның кассетасы 45 минут үзбей жазуға тиіс. Сондықтан мұндай ұзақ жұмыс істеу үшін 350 метрлік кассета пайдаланылады. Матнитофонға "2" және "6" типті, ені 6, 25 мм ГОСТ 8303-62 таспа пайдаланылады. Магниттік жазу таспасын қайта орап, дыбысты естіртуге 2 минут уақыт кетеді. Міне, осы сияқты техника ережелерін қатаң сақтау қажет.
Магнитофонды сабақтың әр кезеңінде дұрыс пайдалану мұғалімнен аса шеберлікті талап етеді. Мұғалім магнитофонның құрылысын жақсы білу қажет. Оны жұмысқа қосу, жазу, жазылған сөздерді өшіру, тембрін дұрыс қалыпқа келтіру, дауысты орта қалыпқа түсіріп, анық естірту сияқты жұмыс ережелерін мүлтіксіз біліп, меңгеруі тиіс.
Сабақта магнитофонды мынадай мақсатта пайдалану керек: ерекше дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға үйрету, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу тіліне жаттықтыру классикалық, қазіргі кездегі музыканың граммофондық немесе магнитофондық жазуларды тыңдату.
Магнитофон ән үйретуде де үлкен қызмет атқарады. Тақпақ айтуға үйретуде оның магнитофонға жазылған үлгісін қолдану ұтымды. Диафильм, диапозитивтердің мазмұнын магнитофон таспасына жазып, тыңдату пайдалы.
Көркем сөз шеберлерінің таспаға жазылған әңгімелерін тыңдату да оқушыны дұрыс сөйлеуге жаттықтырады.
Магнитофон арқылы диктант жұмысын жүргізу. Қазақ тілі сабағында диктант жұмысын магнитофон арқылы жүргізу мұғалімге біраз жеңілдіктер жасайды. Магнитофон арқылы жүргізілген диктант жұмысында оқушылардың зейіні тек магнит лентасындағы сөзге ғана аударылады да, мұғалімге қосымша сұрақ қойып, жазу жұмысына бөгет жасамайды.
Диктант жұмысы ең алдымен терме диктанттан басталады да, бірте-бірте бақылау диктанттарына бағытталады.
Магнитофон арқылы диктант жұмысы баланың сөздерді есту қабілетін дамытумен қатар, орфографиялық қате жіберуден сақтандырады. Себебі оқушылар әр сөзді мұқият тыңдауға тырысады. Диктант мәтіні әр сыныптың білім деңгейіне сай алынады. Сынып жоғарылаған сайын мәтін көлемі де күрделене түседі. Магнитофон арқылы жүргізілген диктант жұмысы мынадай шарт бойынша орындалады. Мәтін магнитофоннан тұтас бір рет мәнерлеп оқылады. Қиын сөздер тақтада жазылып қойылады, ал балалар ілесіп мұқият жазып отырады. Диктант жазылып болғаннан кейін, мәтін түгелімен тағы қайталанып тыңдалады.
Магнитофонды тіл ұстарту жұмысында пайдалану. Тіл ұстарту жұмысында магнитофонды қолдану үшін, алдын ала мәтінді магнитофон жазбасына жазып қояды. Сосын ол мәтін оқушыларға тыңдатылады. Одан кейін оқушылар осы мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтып беруге тиіс немесе, осы мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап беруге, жоспар құруға дағдыландыруға болады.
Магнитофон арқылы өлеңді оқуға және жаттауға үйрету. Қазақ тілі сабағында жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстарында мұғалім оқушыларды мәтінді дұрыс, мәнерлеп оқуға үйрету, оның мазмұнын айтқызу, сөздің мағынасын ұғындыру, оны меңгерту, тыныс белгілерін қай ретпен, қалай қойылғанын аңғарту, қазақ тілінің көркем сөз формаларын дұрыс ұғынып, оны дұрыс түсіне білумен бірге, іс жүзінде қолдана білуге дағдыландырады. Мәнерлеп оқуға үйретілетін мәтіндерді, өлең тақпақтарды мұғалім алдын ала дайындап, қай сабақта қалай пайдалану керектігін белгілеп қояды. Оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрету үшін өлең, тақпақ, мәтіндер магнитофоннан ең кем дегенде екі рет тыңдатылуы керек.
Алғашында оқушылар алдарындағы мәтінге көз жүгіртіп, онымен салыстыра тыңдап отырады. Екінші рет мәтін аралық (интервал) тасталып оқылады. Бұл кезде оқушылардың тасталған аралық бойынша әрбір тармақ, әр сөздің айтылуын, оқылуын өздері қайталап отыруына жағдай туады. Түсініксіз сөздерді оқушылар дәптерлеріне жазып отырады. Бұдан соң оқушылардың өздеріне мәтінді оқытып, оны таспаға жаздырып, қайта тыңдатуға болады. Әрбір оқушы өзінің қате оқыған жерлерін, тыныс белгілеріне дұрыс тоқталып оқымағандықтарын байқай отырып, қатесін түзете алатын болады.
Магнитофон арқылы қысқа өлең тақпақтарды тез жаттауға болады. Өлең жатталмас бұрын, мұғалім ондағы қиын сөздерге түсінік береді, идеясына тоқталады. Өлеңнің мазмұнын оқушылар меңгергеннен кейін, магнитофоннан тыңдалады. Өлең магнитофоннан аралық (интервал) тасталып оқылады. Аралық тасталып оқылған кезде оқушылар тыңдалған өлең шумағын хормен бәрі қайталап отырады. Осылай бірнеше рет хормен, одан кейін оқулықпен салыстыра отыра іштей қайталайды.
Сабақта проекциялық аппараттарды пайдалану. Қазақ тілі сабақтарында диаскоп, эпидиаскоп, фильмоскоп, диапроектор, кодоскоп сияқты құралдар арқылы диафильм, оқу фильмдерін, фотосуреттерді, кескін, сызба, сурет, тілдік модельдер, кестелерді көрсетуге болады. Мектепте экрандық суреттеу екі түрлі жолмен іске асырылып жүр: бірі - динамикалық, екіншісі - статикалық проекция. Статикалық проекция 2 түрге бөлінеді: диаскопиялық және эпископиялық. Диаскопиялық жолмен диафильм және диапозитивтер көрсетіледі, ал эпископиялық проекциялау арқылы сурет, сызбаларды түрлі суреттер көрсетіледі. Экрандық, құралдардың мына сияқты түрлері бар: «Сәуле», «Этюд» т. б.
Сызба, сурет, диафилъмдерді көрсететін проекциялық аппаратты эпипроектор, эпидиаскоп деп атайды. Диапозитивтерді көрсететін проекциялық фонарьды диаскоп деп атайды. Диафильм мен диапозитивтерді демонстрация жасайтын аппарат диапроектор деп аталады.
Қазір мектептерде оқу-тәрбие ісінде қолданылатын әмбебап проекциялық аппараттар бар. Олар эпидиаскоп пен диаскоптың міндетін атқара алады. Фотографияға түсірілген суреттерді, схемаларды, кестелерді диапозитив деп атайды.
Диафильм дегеніміз 35 мм пленкаға түсірілген кадр, ақ түсті диапозитивтер. Ол белгілі бір сюжетке, тақырыпқа құралады.
Эпифилъм дегеніміз - диафильмнің жасалу принципі сияқты, қолдан жасалатын құрал, картон қағаздан немесе жеке қағаз беттерінен, қағаз таспаларынан жасалады. Бұл кәдімгі фотопленка емес. Оның көлемі 14x14 см.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz