Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

I. Кіріспе. 3бет.

- Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау

стратегияларын қолдану. 4бет.

II. Негізгі бөлім.

  1. Сабақ жоспарлары:Газет тарихынан. Есімшенің септелуі.

(Қазақ тілі. 10 сынып) . 8бет

  • Абылай хан. (Қазақ тілі. 8 сынып) 11бет.
  • Еңбек пен ерлік. Тәуелдік жалғау. (Қазақ тілі. 5 сынып) 14бет.
  • Тұнғыш ғалымдар. Сабақтас құрмалас сөйлемді қайталау.

(Қазақ тілі. 9 сынып) 16бет

  • Абайдың қара сөздері. (Қазақ әдебиеті. 8 сынып) 18бет.

2. Сыныптан тыс жұмыс:

  • Абайды оқы, таңырқа! (Әдеби кеш) 20бет.
  • Мақал-мәтелдер - сөз асылы. (турнир) 23бет.
  • Қос тіл - қос қанатың. Ойын-сайыс. 25бет

III. Қорытынды. 27бет.

IV. Падаланылған әдебиеттер. 28бет.

Кіріспе

Бүгінгі күні біз жаңа дәуір - жаңа ғасыр - жаңа мыңжылдықта өмір сүріп отырмыз. XXI ғасыр - білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетіп, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі - ел алдындағы маңызды міндет. Еліміздің қоғамдық - экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, денсаулығы мықты, парасатты азамат тәрбиелеп шығару - мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. Адам ұрпағымен жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған. Сондықтан, қазіргі мектеп мұғалімдері алдында тұрған аса маңызды міндет - талабы таудай жеке тұлғаны іздеп тауып, оны өсіріп шығару.

Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану барысында:

  • жаңа мазмұнды, тұтас, жан-жақты беру;
  • рухани дамитын, мазмұнын сақтап ұлғайтатын;
  • келешек өмірге, мамандық тандауға бағыт беретін;
  • гуманитарлық білімнің қуаты негізімен қаруландыратын;
  • баланы жеке тұлға ретінде басымдылығын көздейтін білім беруді мақсат етіп қойдым.

Аталған мақсаттарды іске асыру үшін алға қойылатын міндеттер:
- қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасауға дағдыландыру;

  • өз бетінше ізденуге, қазақша тыңдаған ақпарат бойынша ой қорытып, мәдени, ресми қатынасқа бейімдеу;
  • сөздіктің көмегімен көркем шығармалардан үзінді оқу;
  • публицистикалық және ғылыми лексиканың дұрыс қолданылуын тануға үйрету;

Қазіргі заң талабына сай қазақ тілі сабақтарында қолданылып жатқан жаңашыл әдіс-тәсілдерді өз сабақтарымда қалай пайдаланып жатқандығым жөнінде әріптестеріммен бөлісу. Мемлекеттік тілдің жоғарғы деңгейде оқытылуы оқушы санасына сіңірлетін білімнің сапасымен өлшенеді.

Сондықтан да әрбір ұстаз үнемі шығармашылық ізденісте болуы керек. Сабақтағы қолданылатын негізгі әдіс-тәсіл- сын тұрғысынан ойлау. Бұл тәсілдің берері өте көп. Атап айтатын болсам:

  1. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;
  2. Өз ойын жинақтап, суреттті түрде бейнелеп беруге талпындыртады;
  3. Жинақталып, бейнеленген материалды терең, нақты және сауатты түрде жеткізуге мүмкіндік береді.
  4. Кластер, Венн диаграммасы арқылы оқушылардың жан-жақты мағлұмат алуына бағыт береді.
  5. Бұл тәсілдің ең тиімділігі оқушылардың өз бетімен ізденушілігіне, ойындағы жинақталған пікірін ауызша да, жазбаша да бейнелеп көрсету түрінде де сауатты жеткізуіне жол ашады.

Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау

стратегияларын қолдану.

Қазіргі заман ағымына қарай білімнің күші бағаланып, оқу ағартудың, оның ішінде білімді адамның беделі өсіп келеді. Қазақ тілі мұғалімінің, яғни, біздің міндетіміз - мәдениетті түрде біліммен, іскерлікпен қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру, осы мақсатқа тез жететіндей тиімді жол іздеу.

Нағыз сабақ - әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, кеңесе, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі. Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Кез келген оқыту технологиясы іс - әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырады. Кейбір технологияларда бұл құралдар басты идеялар және нәтиже тиімділігінің негізін құрап, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталған. Олар: проблемалық оқыту технологиялары, коммуникативті технологиялар, дамыта оқыту технологиялары, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Осылардың ішінде кейінгі жылдары сабақтарымда қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясына тоқталайын.

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға сыни көзбен қарау;

- үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрады.

1. Қызығушылықты ояту.

2. Мағынаны ажырату.

3. Ой толғаныс.

Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нәтиже береді.

  • оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;
  • басқаларды тындауды, кез келген жауапқа сыйластық түсінікпен қарауға;
  • өз ойын топ алдында ашық айта алу, қорғай білуге;
  • керек кезде өз көзқарасын өзгертуге үйретеді, дамуын қамтамасыз етеді;
  • оқушының оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге үйретеді;
  • ең басты сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсендігі өте жоғары болады;

Оқушы тек дайын білімді қабылдаушы, есте сақтаушы ғана емес, ол өз

бетінше ізденуші, жеке тұлға, тапқан білімін өмірде қолданушы.

І. Қызығушылықты ояту.

Қызығушылықты ояту кезеңінде әрекеттің танымдық түрлері орын алады. Бұл оқушыны өз білімін талдап, жаңа тақырып бойынша ойлауға белсендіреді. Соның ішінде ең бастысы, оқушы белсенді әрекеті арқылы өз білімін анықтайды, яғни бар біліміне жаңа білім қосады. Екінші мақсаты -оқушылардың өздерін белсендіру. Оқушылар тек тыңдаушы ғана емес, өз ойларын белсенді білдірушілер де. Сонда оқушылар өз білімдерін, ұғымдарын белсенді ойлау, жазу және оқу арқылы білдірулері қажет. Терең ұғыну бар ақпарат пен жаңа ақпараттың байланысы қызығушылықтың үшінші мақсатына жатады да, ол аналитикалық ойлау болып табылады. Дәл осы кезеңде тақырыптың мақсатын оқушының өзі ашады.

II. Мағынаны ажырату.

Бұл кезеңде оқушының іс - әрекетінің барлық түрлері қамтылады. Яғни, оның жаңа тақырыпқа көшуі, оны зерттеуі, оқуы, жазуы, тәжірибе жасауы. Оқушы оқып отырып жаңа ақпараттың өзіндік түсініктемесін кіріктіре алады. Қажет болса, мәтінді қайталап оқиды. Мәтінмен танысқанда алған ақпаратты айқындау, сұрақ қоюлары, түсініксіз жаңа ақпаратқа ескертпе жасаулары мүмкін. Бұл кезең сабақтың ең негізгі кезеңі. Себебі жаңа тақырыпты түсіну, оны ары қарай дамыту, ой елегінен өткізіп, керекті ақпарат ретінде қолдану осы кезеңге байланысты. Тағы бір айта кететін жағдай, оқушылардың өз түсінігі болса, онда олар жаңа ақпаратты белгілі ақпаратпен біріктіріп қолдана біледі. Бірте-бірте ескі мен жаңаның арасында байланыс орнайды.

III. Ой толғаныс.

Бұл кезеңде оқушылар оқып білгендерін, үйренгендерін топтайды, белсенді түрде өз ұғымдарын жаңамен ұштастырып қайта құрады. Нақты осы кезеңде оқушылар бар білімдерінің негізінде жаңа білімді дұрыс пайдалана алады. Дәл осы кезеңде алған білімдері бекітіледі. Бұны іске асырудың маңызды сәттері бар. Ең негізгісі, оқушылар өз ойлары мен ұғымдарын алған ақпараттары арқылы білдіреді. Ұғынудың зерттелуі мен тереңдігі шынайы толғалық болып табылады. Оқушылар ойында қалатыны: өз тәжірибесі, меншікті білімі, ұғыну қоры мен сөздік қоры. Ой толғаныс кезеңінің тағы бір сәті оқушылардың бір - бірімен өзара ой алмасуы. Соның аясында сөздік қоры байиды, оқушылар арасында кейбір мәселелерді шешуде келіспеушілік болғанымен, ой алмасу оқушылардың бар ақпарат бойынша өзіндік пікір мен ұғымын құрастыруға көмегін тигізеді. Оқушылар пікір алмасу барысында талқылаудың түрлі варианттарын ұсынады.

Сабақ кезеңдерін айқындау үшін мұғалім қажетті, мазмұнды сұрақтарды дұрыс қоя білуі керек. Әр кезеңнің мазмұндылығына қарай сұрақтар мынадай болып қойылады. Қызығушылықты ояту кезеңіндегі сұрақтар:

  • Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
  • Осы жайлы не білесіңдер?
  • Не күтесің?
  • Нені білгің келеді?
  • Не үшін білгің келеді?

Мағынаны ажырату кезеңінде оқушылар өз білімдерінен жауап іздейді. Сабақта қолданылған көрнекіліктер арқылы ақпаратты өздері тауып қолданады. Ой толғаныс кезеңіне қолайлы сұрақтар:

  • Жаңадан не білдіңдер?
  • Не үйрендіңдер?
  • Тағы не білгілерің келеді?

Сыни тұрғадан ойлауды үйрету жеңіл емес. Дегенмен, сын тұрғысынан ойлауды дамытатын оқыту жағдайлары мен әдістері бар. Келесі оқыту жағдайлары сын тұғысынан ойлауды дамытуға ықпал етеді: сын тұрғысынан ойлау тәжірибесінде мүмкіндік пен уақыттың қажеттілігі, оқушылардың ойлануына рұқсат ету, оқу үрдесіне белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау пікірлерін дұрыс қалыптастыруға көмектесу, сын тұрғысынан қарастырылған мәселелердің құндылығын білдіру. Оқушыларды біртіндеп сыни пікірлерін дұрыс айтуға, мәселені нақтылы шешуге үйрету. Сабақта қолданылатын әдістер сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша стратегиялардың құрылымы, сабаққа дайындық, оқыту барысында қолданылатын, үй жұмысы ретінде берілетін стратегияларға бөлінеді. Солардың бірнешеуінің жүргізу әдістемесін назарларыңызға ұсынамын.

Топтастыру - оқыту стратегиясы, бұл стратегия оқушыларды еркін және ашық ойлауға үйретеді. Ол ойлауды шындайтын идеяларды байланыстыратын бірнеше құрылымнан тұрады. Бұл стратегияның түсіндірмесі мынадай: кілтті сөзді ортаға жазу. Ол тақырып болуы да мүмкін. Керекті уақыт өткеннен кейін жазылған пікірлерді топтастырамыз. Қателеріне көңіл бөлінбейді. Ешқандай шешім қабылданбайды.

«Бесжолдық өлең» стратегиясы - ақпаратты жинау қабілеттілігі, аз ғана сөзбен күрделі ойын, сезімін, үмітін білдіреді. Бесжолдық өлең тақырыпты ашу керек, сондықтан ол ақпараттың талдағанын және материалдың өз сөзбен көп ойды білдіретіндігін талап етеді. Бұл стратегия мынадай жолдардан тұрады:

1 - жол: тақырыпты білдіретін бір сөз (зат есім) ;

2 - жол: екі сөз тақырып мазмұнына байланысты (сын есім) ;

3 - жол: үш сөз тақырып бойынша іс-әрекет (етістік) ;

4 - жол: тақырыптағы сөздерден тұрады;

5 - жол: тақырыптың болмысын білдіретін синоним сөз.

«Кубизм» стратегиясы да оқыту стратегиясына жатады. Кубизм өтілетін тақырыпты түрлі қырынан қарастыруға көмегін тигізеді. «Кубизм» стратегиясында ойлау, оқу, жазу әрекеттері қатар жүреді. Шаршының көлемі 15-20см. Шаршының әр бетінің аты болады. Олар:

1- суреттеңіз: түсі, формасы, көлемі.

2- салыстырыңыз: неге ұқсас?, айырмашылықтары болса неде?.

3 - зерттеңіз: қандай?, қалай?, неден жасалынған? Шығу тегі, тарихы.

4 - пайда болған ойлар: ойыңызбен байланыстырыңыз, ойыңызға нені келтіреді? Осы мәселеге байланысты қандай мәселелер бар?

5- қолданыңыз: онымен не істеуге болады? Қалай қолдану керек?

6- талқылаңыз: қолдаңыз не қарсы шығыңыз, өз ойыңызда тұрыңыз, дәлелдеңіз.

Кубиктің 6-бетіне жазбаша жауап беріледі. Әр оқушы кубиктің 3-бетін таңдап жұбына жауабын оқиды. Бір жұп оқиды, келесі жұп оған сұрақ қояды, не оны мадақтайды.

Сабақтың әр кезеңінде қолданылатын стратегиялар «Аралас кезеңдер» стратегиясы қызығушылықты ояту кезеңінде қолданылады. Мәтінді бөліктерге бөліп, мұғалім араластырады. Бөліктерден бүтін мәтін құрастыру керек. Жұпта қарастырады, топта ақылдасады. Мәтінді дұрыс құрастырғандығы туралы шешімге келісімен мұғалім өзі дайындаған мәтінмен салыстыруын сұрайды.

«Еркін жазу» стратегиясы да қызығушылықты ояту кезеңінде қолданылады. Бұл стратегия бойынша бес минуттың ішінде оқушылар тоқтамай, үйге берілген тапсырма бойынша ойларына келген пікірлерін жазады. Жұптар біріне - бірі оқиды. Тындаушылар сұрақ қояды.

Мағынаны ажырату кезеңінде қолданылатын стратегиялар : «Оқытудың нұсқауы». Бұл стратегия сыныпта мұғалім жоқ болса да білім алуына көмектеседі. Ол үшін мұғалім алдын ала дайындаған тезистері бар парақтағы тақырыпты басынан аяғына дейін меңгеруін нұсқайды. Тақырыпты жұпта бір- біріне оқиды, топта талқылайды. Стратегияның құндылығының артуы мұғалімнің терең ойлы нұсқауларына байланысты болады.

Ой толғаныс кезінде « Бес минуттық эссе» қолданылады. Өтілген жаңа тақырыпты бекіту үшін ыңғайлы және бұл эссе мұғалімге сыныптың

ой - өрісінің даму деңгейін көрсетеді. «Бес минуттық эсседе » екі тапсырма орындалады. Олар жаңа тақырып бойынша не өтілгенін және сол тақырыпты зерттегенде пайда болған бір сұрақ жазады. Мұғалім келесі сабақты сол сұрақтарға жауап беруден бастайды.

Ой толғаныс кезеңінің келесі стратегиясы - «Венн диаграммасы». Бұл жеке өздеріне тән ерекшеліктері және артық ерекшеліктері бар екі пункті салыстыру үшін қолданылады. Венн диаграммасы ( екі үлкен қиылысып өтетін дөңгелек) арқылы көрсетуге болады. Сол жақ дөңгелекке бір пунктің ерекшеліктерін, он жақ дөңгелекке екінші пунктің ерекшеліктерін жазады, ал қиылысып жатқан жеріне екі нәрсенің ортақ ерекшеліктері жазылып толтырылады. Топпен ақылдасып жазғандарын басқа топтарға оқиды

Қорыта айтқанда, «Адам мақсатына өзін - өзі жетілдіру арқылы жетеді», - деп Абу Насыр әл Фараби айтқандай, жаңа технологияларды игеру үшін ізденуге, білімденуге ұмтылу - басты мұрат. Сонымен мемлекеттік тілді оқыту жүйесінде жаңа технологияны енгізу тілді саналы меңгертіп, байланыстыра сөйлеуде ғана емес, өскелең ұрпақтың ізденімпаздық әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуда ықпалы зор.

Сабақтың тақырыбы: Газет тарихынан. Есімшенің септелуі.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушының теориялық білімдерін анықтау, пысықтау, газет тарихы мен газет редакциясының жұмысы жөнінде мәлімет және түсінік алу.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін кеңейту, сұрақтарға дұрыс жауап беру, түсінгенін, білгенін байланыстырып айтуға, жазуға жағдай жасау.

Тәрбиелік: жергілікті газеттерді біліп, оқушылардың газет оқуға қызығушылығын арттыру, туған жерінің тағдырын ойлайтын азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті, география.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікірлесу, мәтінмен жұмыс, ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар, ассоциация құру, RAFT, INSERT статегиясы, деңгейлік тапырмалар.

Құрал- жабдықтар, көрнекі құралдар: карточкалар, кестелер, сызбалар, нақыл сөз жазылған плакат, жергілікті газеттер көрмесі, интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа ынтасын, қызығушылығын ояту, сабақтың тақырыбы, мақсаты, міндеттерімен таныстыру, топтастыру, газет редакцияларына бөліну, ассоциация құру.

II. Негізгі бөлім:

  1. Кіріспе . Мұғалім сөзі
  2. Мағынаны ашу. Мәтінмен жұмыс.
  3. Тіл дамыту. Сұрақтарға жауап беру.
  4. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру, пысықтау.
  5. Ой толғаныс. Газеттеріңе мақала жазу.

III. Қорытынды бөлім: Рефлексия. Пікірлесу. Ой бөлісу.

IV. Үй тапсырмасы: Деңгейлік тапсырма.

V. Бағалау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Балалар, біздің әрбір сабағымыз әр түрлі жаңа ақпарат алуға бағыталған. Енді ойлап көріңдерші. Ақпаратты қайдан аламыз? Интерактивтік тақтада ақпарат сөзіне ассоциация құру.

АҚПАРАТ

Оқушылар екі топқа бөлініп, «Солтүстік Қазақстан» және «Айыртау таңы» газеттер редакциясы ретінде жұмыс істейді.

Мәтінмен жұмыс. INSERT стратегиясы әрбір баланың сөйлеуіне мүмкіндік береді.

V-маған бұрыннан брі таныс ақпарат

+ -мен үшін жаңа ақпарат

? - түсінбедім

- менің бұрынғы білетініме қайшы

Оқушылар әр сөйлемді белгілеп, мәтін мазмұнын түсіндіреді.

Тіл дамыту сұрақтары:

  1. Казіргі газеттердің алғашқы түрлері қайда қолданылған? Шығыс қалаларында.
  2. Жаңалықтар жинайтын бюро қашан, қайда құрылды? XVI ғасырда. Венецияда.
  3. Осы бюро шығаратын қолжазба парақтары қалай аталатын мәнетіне сатылатын? Гадзетта.
  4. LA GAZETTE мерзімді басылым қашан, қайда шығады? Парижде.
  5. «Солтүстік Қазақстан» газеті қашаннан бері шығады?
  6. Газеттің бас редакторы кім?
  7. Газет қай күндері шығады?
  8. «Айыртау таңы» газеті қашаннан бері шығады?
  9. Газет қай күндері шығады?
  10. Газеттің бас редакторы кім?
  11. Грамматикалық тақырыпты түіндіру, пысықтау.

Мәтінде асты сызылған сөздәр қандай сөз табына жататынын анықтау

Есімше.

Есімше есімдерше тәуелденеді, көптеледі, жіктеледі және септледі. Интерактивтік тақтада кестені көрсету.

Атау
Көрген
Келер
Бермес
Баратын
Алмақ
Атау: Ілік
Көрген: Көргеннің
Келер: Келердің
Бермес: Берместің
Баратын: Баратынның
Алмақ: Алмақтың
Атау: Барыс
Көрген: Көргенге
Келер: Келерге
Бермес: Бермеске
Баратын: Баратынға
Алмақ: Алмаққа
Атау: Табыс
Көрген: Көргенді
Келер: Келерді
Бермес: Берместі
Баратын: Баратынды
Алмақ: Алмақты
Атау: Жатыс
Көрген: Көргенде
Келер: Келерде
Бермес: Берместе
Баратын: Баратында
Алмақ: Алмақта
Атау: Щығыс
Көрген: Көргеннен
Келер: келерден
Бермес: Берместен
Баратын: Баратыннан
Алмақ: Алмақтан
Атау: Көмектес
Көрген: Көргенмен
Келер: Келер
Бермес: Бермес
Баратын: Баратынмен
Алмақ: Алмақ

Екерту: Есімшенің -ар, -ер, -р, -с және -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, пек тұлғаларына көмектес септік жалғауы жалғанбайды. Карточкалармен жұмыс.

Ой толғаныс: RAFT стратегиясы. Мақала жазу.

Кімнің атыан?
Кімге айтуға болады?
Формасы
Өзекті мәселе
Кімнің атыан?: Жеке тұлға атынан
Кімге айтуға болады?: Халыққа
Формасы: Мақала
Өзекті мәселе: Орманды сақтау және қорғау
Кімнің атыан?: Ұжымның атынан
Кімге айтуға болады?: Әкімге
Формасы:
Өзекті мәселе: Су - өмірдің нәрі
Кімнің атыан?: Ауыл тұрғындары атынан
Кімге айтуға болады?: Балаларға
Формасы:
Өзекті мәселе: Ұлттық дәстүрлер
Кімнің атыан?: Ата-аналар атынан
Кімге айтуға болады?: Орманшыларға
Формасы:
Өзекті мәселе:
Кімнің атыан?: Мұғалім атынан
Кімге айтуға болады?:
Формасы:
Өзекті мәселе:
Кімнің атыан?: Орманшы атынан
Кімге айтуға болады?:
Формасы:
Өзекті мәселе:

Рефлексия. Пікірлесу. Ой бөлісу.

Ахмет Байтұрсынов айтқан төрт қағида бар:

Бірінші: Газет - халықтың көзі, құлағы, тілі;

Екінші: Газет - жұртқа қызмет ететін нәрсе; Үшінші: Газет - халыққа білім таратушы; Төртінші: Газет - халықтың жақтаушысы.

Қағиданы оқу. Газет не үшін керек? Өз пікірлеріңді айтып, қағиданы толықтырыңдар.

Үй тапсырмасы: Деңгейлік тапсырмалар:

I-деңгей - Құттықтау жазу.

II-деңгей - Хабарландыру жазу.

III -деңгей - Жарнама жазу.

Бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай бағалау.

Тақырыбы: Абылай хан.

Мақсаты: 1. Оқушылардың Абылай хан туралы мағлұматтарын тереңдету;

2. Оқушылардың танымдық ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілеттерін дамыту;

3. Оқушыларды туған елін қадірлеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Абылай хан портреті, тірек кесте, үлестірме қағаздар, өлеңдер.

Сабақтың әдісі: Қысқаша бапяндау, сұрақ- жауап, сыни тұрғыдан ойлау, топтау, Венн диаграммасы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Диагностика сәті.

1. Қазақ халқының тарихындағы танымал адамдар туралы ой қозғау.

  • Балалар, қазақтың атақты адамдары дегенде кімдерді естеріңе түсіресіңдер?
  • ( Ақындар, жазушылар, батырлар, билер, хандар)
  • Енді, Елбасы деген сөзге назар аударайық. Ол кім?
  • Елді басқарушы, елдің басшысы деген сөз.
  • Қазір біздің тәуелсіз Қазақстанда Елбасы кім?
  • Н. Ә. Назарбаев.
  • Ал бұрыңғы өткен замандарда елді басқаратын адам хан деп аталған. Ал сол хандардың ішінде қазақ халқы үшін ең ардақтысы Абылай хан.

2. «Ұлы Абылай хан» өлеңі оқылады.

Ұлы Абылай, хан ием!

Асқар таудай алып ең.

Қазағым деп жанып ең,

Қазағым деп налып ең;

Ұлы Абылай, хан ием!

Қорғаным ең, бағым ең.

Қаптап келген жауларды

Қалқан болып қағып ең,

Найзағай боп жарып ең,

Ұлы Абылай, хан ием!

Т. Медетбек.

III. Жаңа сабақ.

1. Кіріспе сөз.

17-18 ғасырлардыа қазақ халқының басынан ең киын кезеңдер өтті. Ол - жоңғар шапқыншылығы болды. Сол жылдары елді біріктіріп, жауға соққы беріп, халқың аман сақтап қалған Елбасы - Абылай хан еді.

2. Сөздік жұмысы.

- ілгерілеткен - тот, кто двигает вперед.

- ілгері - алға

- маңайына - вокруг себя.

- біріктіру - объединить

- тұтас - целый.

IV. Мәтінмен жұмыс. Бағытталған оқу.

1. Оқушылар топқа бөліп оқытамын. Мәтіннің мағыналық бөліктерін ажырату, жоспар бойынша бөліктердің атауын табу.

Жоспар.

1. Абылай хан - батыл қолбасшы, шебер ұйымдастырушы, көреген Елбасы.

2. Ол көрші елдермен тату қарым-қатынаста болды.

3. Абылай хан елді біріктіріп, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресті жеңіспен аяқтады.

4. Абылай хан есімі халықтың жүрегінде мәңгі сақталады.

2. Сұрақ- жауап.

- Абылай хан кім?

- Ол қай ғасырларда өмір сүрген?

- Ұзақ жылдар бойы қандай сыртқы жаумен соғысты?

- Ол туған халқы үшін қандай маңызды істер атқарды?

(Үш жүзді біріктірді, көрші елдермен мәдени қарым - қатынаста болды, жауды жеңді, қазақ елін аман сақтап қалды)

3. Келісу - келіспеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану жолдары
Ана тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың әдістемелік негізі
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды биология пәнін оқытуда қолдану
СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Зат есімді оқытуда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану
СТО стратегияларының элементтерін сабақ барысында қолдану
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы ұғымына жалпы түсінік
Сын тұрғысынан ойлау
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары
Педагогикалық инновацияларды лақап новаторлардан қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz