Әдіс ұғымы және оның зерттелуі



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .3 б.
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Әдіс ұғымы оның
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 -7 б.
2.2. Қазақ тілін оқыту
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8- 20 б.
2.3. Сабақ
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...21-24 б.
ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 25 б.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .26 б.

І. Кіріспе
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгеріс адам тағдырына
жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Қазіргі таңда ол ең алдымен жеке
тұлғаға оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл аударуды күшейтіп, әр
адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерінің барлық байлығын дамытып,
оны толық ашуға мүмкін болған жағдайды құру керек. Осы кезекте білім
саласында жүрген абзал жандар, ұстаздарға, арқалар жүк өте ауыр болып
табылады. Себебі, жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеу, үйлесімді тұлға
қалыптастыру, еліміздің мызғымас болашағын айқындау ағартушылық салада
жүрген жандарға жүктелген.
Бүгінгі күні мұғалім сабақ процесіндегі басты тұлға болып табылады. Ол
өз ісімен өзгеге жетекші, үлгі болып жүреді. Білімі терең, әдістемелік
шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде болғаны абзал. Бұл
процес барысында мұғалім түрлі әдістерді мейлінше ұтымды пайдалануға
талпынады. Оның негізгі мақсаты оқушыларға білім бере отырып, олардың
білігі мен практикалық дағдысын қалыптастырып, белсенділігін ояту. Яғни
оқушы тыңдаушы ғана емес, белсенді әрекет етуші, өз білімінің нәтижесі.
Оқушының ынтасы тікелей мұғалімге байланысты, себебі мұғалім өз сабағының
басшысы, оқушылар жүргізетін жұмыстардың ұйымдастырушысы. Әдіс арқылы
мұғалім мен оқушы ғылыми негізде бірлескен әрекет жасайды. Оқушы
белсенділігін арттыруда мұғалім әдістерді сабақ түріне, тақырыбына,
оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдайды.

2.1. Әдіс ұғымы және оның зерттелуі

Оқыту әдістері дидактиканың бір құрамды бөлігі болып табылады.
Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру

формаларынының біртұтастығы болып табылады. Оқыту әдістерінің өзіне
тән даму тарихы бар ғылым саласы.
ХХ – шы ғасырдың 20-жылдарында белгілі педагог-ғалымдар Б.Е.Райков,
К.П. Ягодовский, М.М. Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек,
эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасады.

30-жылдары М.М.Пистрак, П.Н. Ягодовский, П.Н. Шимбирев, И.Т.
Огородников оқытудың жаңа әдістерін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңгімелеу,
көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады.

50-жылдардан бастап оқыту әдістерінің жіктеу проблемасына айрықша
көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д.О. Лордкипанидзе оқыту әдістерін
топтастыруға әрекет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін ілім көзін негізге
алады. Д.О. Лордкипанидзе оқыту әдістерін үшке бөледі: сөздік әдістер,
кітаппен жұмыс істеу әдістері, оқыту-практикалық сабақтар әдістері.

50-жылдардың аяғы, 60-жылдардың басында орыс ғалымдары Е.Я.Голант,
С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің
жаңа жіктеуін үш топқа бөледі:

Кез келген ғылым бір күнде пайда болып, бірізділікке түсті деп айтуға
болмайды. Әрбір ғылым саласы даму барысында белгілі бір тарихи кезеңнен
өтеді, сынға ілінеді. Түрлі көзқарастардың, ой-пікірлердің талқысына
түседі. Сол сияқты оқыту әдістері жайында да көзқарастар әр түрлі,
анықтамалар бір-бірімен ұштаспайды. Біздің ең басты мақсатымыз әдіс деген
сөзге анықтама беру. Әдістерге байланысты анықтама сөздіктерде былай
беріледі:

Әдіс - тілді зерттеуде пайдаланатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Әдіс
жалпы және жеке түрге бөлінеді. Жалпы әдіс тілдің теориялық қағидаларымен
және жалпы методологиямен байланысты зеттеу әдістемелері мен тәсілдерінің
жиынтығынан тұрады.

Мысалы: сипат, салыстырмалы-тарихи, типологиялық, математикалық
әдістер. Жеке әдістер теориялық қағидалар негізінде тілдің белгілі бір жаты
жағын зерттеуде қолданылатын техникалық құрал іспеттес тәсіл. Мысалы:
компонентті талдау, трансформациялық талдау. [Тіл білімі терминдерінің
түсіндірме сөздігі Қалиев Ғ. Сөздік – Словарь Алматы – 2005 450 бет]
Әдіс – грек сөзінен алынған зерттеу деген мағынаны білдіреді.
Дүниенің, қоғамның объективті заңдылықтары мен құбылыстарын, практика мен
терия жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің
жиынтығы, зерттеліп отырған объекті жөнінде мәліметтерді және ғылыми
жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі.
Қазақ педагогикалық энциклопедиялық сөздігі. Алматы 1995 жыл
Республикалық баспа кабинеті 45 бет
Методы обучения – способы передачи учителем и усвоения учащимися
знаний, умений и навыков, развития познавательных сил учащихся,
формирования их мировозрения и подготовки подрастающих поколений к жизни.
Педагогический словарь Том первый Москва 1960 688 стр.
Әдіс – адам баласының қызметінің белгілі салаларында қолданылатын әр
түрлі амал, тәсіл, айла;

Әдіс – қоғам өмірі мен табиғат құбылыстарын зерттеудің, танып білудің
методы, жолы Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 1 том 580 бет

Способ познания, исследовательских явлений природы и общественной
жизни. Прием, система приемов в какой-либо деятельности, способ или образ
действия Большой толковый словарь русского языка Санкт –Петербург
Норинт 2000 год стр 538

Әдіс – метод; грек methodos теория, ілім, зерттеу жолы – көздеген
мақсатқа жетудің біыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет
жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану, жаңа
мағлұматтарды алудың аса маңызды шарты. Қазақ тілі терминдерінің салалық
ғылыми түсіндірме сөздігі Қазақстан Республикасының Ақпарат және Қоғамдық
келісім министрлігі Алматы Мектеп 2002 жыл .

Әдіс (методос деген грек сөзінен туады – зерттеу немесе таным жолы),
тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі.
Мысалы, швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсіндіреді.
Педагогикалық энциклопедия Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар
жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны
игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды, - деп
жазылған.

Мәселе тек әдіс метод деп кім нені белгілейді, қандай өлшемді таниды
дегенде, бір жүйеге түскен ортақ көзқарас керек. Өйткені әдіс деген сөздің
білдіретін нақтылы мәнін, мазмұнын айқындап алмаса, ол кейде тәсілмен
способ, кейде амалмен прием, араласып, олар ірінің орнына бірі
қолданыла береді. Осыдан барып әдіс, тәсіл, амал деген сөздердің ара жігі
айқындалмағандықтан, олар бірінің орнына екіншісі жұмсалып, әр түрлі
мәселелер өздеріне тиісті атаулармен бірыңғай айтылудың орнына, біресе әдіс
деп, біресе тәсіл деп т.б. деп айтылып, түрленіп қолданылып келеді. Бұл
әдістеме ілімінде негізгі ұғымдар болғандықтан, олардың ғылымдағы негізгі
мәні айқын болғаны дұрыс, ол әдістеме іліміндегі түсініктердің қалыптасуына
да әсер етеді.

Мәселен әдіс метод деп кім нені белгілейді, қандай өлшемді таниды
дегенде, бір жүйеге түскен ортақ көзқарас керек. Өйткені әдіс деген сөздің
білдіретін нақтылы мәнін, мазмұнын айқындап алмаса, ол кейде тәсілмен
способ, кейде амалмен прием, араласып, олар бірінің орнына
біріқолданыла береді. Мұның өзі бұл сөздердің әрқайсысына ортақ өзіндік
белгілерді тануда қиындық туғызады және олардың бір-бірінен айырмашылығын
анықтауға мүмкіндік бермейді.

Осыдан барып әдіс, тәсіл, амал сөздерінің ара жігі
айқындалмағандықтан, олар бірінің орнына екіншісі жұмсалып, әр түрлі
мәселелер өздеріне тиісті нақтылы атаулармен бірыңғай аталудың орнына,
біресе әдіс деп, біресе тәсіл деп т.б. деп айтылып, түрленіп қолданылып
келеді. Бұл әдістеме іліміндегі негізгі ұғымдар болғандықтан, олардың
ғылымдағы негізгі мәні анық болғаны дұрыс, ол әдістеме іліміндегі
түсініктердің қалыптасуына да әсер етеді.

Міне сөздіктерде берілген анықтамалардың бір парасы осындай. Енді
ғалымдардың анықтамаларына назар аударайық: Әдіске қатысты анықтамалардың
барлығына ортақ пікір: белгілі бір мақсатты көздеген оқушылпар мен мұғалім
арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет

Әдіс-тәсіл – зат. Әр түрлі амал, жол. Конференцияда еңбек жолына
түскен жас мұғалімдерге сабақтың құрылысы, кластан, мектептен тыс
жүргізілетін жұмыстардың әдіс-тәсілдері туралы нақты кеңестер берілді.
179,1974,580

Амал ар.зат, Тәсіл, айла, жол, әдіс. Ер-тоқым,атымен, қару-жарағымен, Ер
шеркешті әкелген амалым бар Абай 179,1974.27

Тәсіл – зат. Белгілі бір істі орындап шығу үшін қолданылатын әдіс, амал,
айла. Зерттеу әдістерінің мұндай тәсілін кез келген жерде қолдана бермейді
А.Тұрғанбаев. Ренгенеология 182, 1986, 75

Метод – зат.бір нәрсені зерттеу мен тексерудің әдісі, тәсілі, айласы.
Метод дегеніміз объективтік дүниенің құбылыстарын білудің, зерттеудің
әдісі. Марксистік филос. 181, 1983, 204

Орыс тілі методикасына қатысты еңбектеде де жоғарыда аталған ұғымдар
бір-бірінен толық ажыратылмаған. Мәселен, Е.И. Пассов тілді оқыту
проблемасына байланысты әдіс метод, амал прием, құрал средство
ұғымдарын былайша анықтайды:

Мәселен, орыс тілін оқыту методтарын Палей үшке, Баринова Е.А. төртке,
Текучев А.В. жетіге бөледі. Мұнда әдістің ауызша, жазбаша үлгілері,
көрнекілік, мұғалімнің сөз саптауы – бәрі айтыла келіп, әр түрлі
ерекшеліктер арқылы жіктеліп беріледі. Мысалы И.Р.Палей оқытудың кезеңдерін
негізгі өлшем ретінде алады. 237,1965,150, Е.А.Баринова оқушы мен
оқытушының іс-әрекетіне сүйенсе, 55,1974, 16, А.В.Текучев оқып-үйренудің
негізіне жан-жақты көңіл аудара келіп, әдісті бірнеше түрлерге слово
учителя, беседа, анализ языка, упражнения, использование наглядных пособий,
работа с учебной книгой, экскупсия бөледі. 287,1980,67.

Методика ілімінде әдіс сөзіне байланысты түсініктемелердің түрліше
берілуімен қатар тәсіл, амал, құрал сөздері де кейде синонимдес жұмсалып,
кейде бір мағынада пайдаланылады.

Әдіс сияқты амалды оқушы мен оқытушының іс-әрекет бірлігі деп санау да
бірнеше авторлардан кездеседі. Г.В.Рогова: приемы – это конкретное
содержание действий с учебным материалом 254,1991, 60, - деп оны нақтылы
мазмұнмен байланыстырса, М.И.Махмутов ...приемы – это обусловленные не
решение частной задачи обучения 212, 1976,100 -деп әдісті нақтылы іс-
әрекетпен қатысты қарастырады. 205 1981 41 236 1986 132Оқыту әдісі және
әдістемелік тәсіл ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты.

Әдістемелік тәсіл оқыту оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамды
бөлімдері). Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау
т.б.

Сөздіктерде берілген анықтамалар мен ғалымдардың ой түйіндерін
қорытындылайтын болсақ, әдіс – бұл білім берудің жолы, амалы, айласы,
тәсілі деп түсінуіміз керек. Ал кез келген шығармашыл мұғалімнің оны жүзеге
асырып, немесе жаға әдіс ойлап тауып, нәтижеге жетуі өзіне байланысты.
Үйренуші тұлғалар білімді қабылдап, қызығушылығы оянып жатса, мұғалім іздеп
тапқан әдіс жүзеге асып, көптеген адамдардың игілігіне жарауы мүмкін.

Бүгінгі егемен еліміздің тіл мамандарына қойылып отырған талабы айқын
екендігі күмансыз.

2.2. Қазақ тілін оқыту әдістері

Қазақ тілін оқытуға қатысты әдістің анықтамасы мен түрлерін қарастыратын
еңбектер көп емес. Солардың ішінде Ә. Исабаев қазақ тілінен теориялық білім
берудің тәсілдерін, соған байланысты практикалық дағды мен тәлім-тәрбие
берудің амалдарын саралайды, соны практика жүзінде іске асырудың тәсілі мен
жолдарының дәл жүйесін көрсетеді 126, 1993,32 - дей келіп, қазақ тілінен
білім беру әдістерін төмендегіше жіктейді:

а қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері;

ә қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістендіру;

б қазақ тілін теориялық – практикалық жақтан үйрету әдістері.

Оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру – мұғалімнің оқыту әдістері мен
тәсілдерін шебер меңгеру арқылы жүзеге асады.
Жалғы әліп-би үйретудің өзінде толып жатқан әдіс бар. Сол әдістерді әр
әдісқой өзінше өзгертіп қолданға түрлерін сөз қылсақ, әдіс түрлерін айтып
түгесе алмас едік. Бүгін Жаурыпа әдісқойларының тұтынған әдістерін
түгендемек түгіл, жалғыз орыстың ғана әдсқойларын алып сөз қылар болсақ,
оның өзі әлденеше сан журнал бетін аларлық сөз болар еді, сөз созылып
ұзаруынан қашып, орыс әдісқойларының бірін де өткен сандарда сөз қылмай
өтіп кеттік.
Ұған дейін сөз болған әліп үйрету жүзіндегі әдістердің негізгі
түрлерін алып, солардың қайсысы жақсы деп сауал қояр болсақ, оған ешкім
мынасы жақсы, мынасы жаман деп кесіп айтып, тура жауап бере алмайды.
Орыс данасы Лев Толстой бала оқытып тәжірибе жасаған адам): Жақсы
дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі бір ғана әдісті
болу: шеберліктің белгісі – түрлі дәстә болу: керек орнында жоқ әдісті
табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп бәлуге тырысу керек: оларды өзіне
сүйеніш қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек дейді.
Толстой олай десе, өзгелердің тәжірибесі жасағаннан кейін келген
қарары онан алыс емес. Әдіс турасындағы басқалардың да пікірлерін қорытып
қысқасынан айтқанда, әр әдіс орнында жақсы деген пікір болып шығады.
Бұл не деген сөз болады?

Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын
орнының керек қылуына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың
сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау ісіне қолайлы
боларға тиіс деп айтуға болмайды.

Әңгіме әдісі.

Оқу материалын ауызша баяндауды талап етеді. Бұл әдіс мектеп оқуының
барлық кезеңдерінде қолданылады. Әңгіме әдісі жаңа білімді хабарлайды. Оған
мынандай талаптар қойылады:

1. Әңгіме оқушылардың адамгершілігіне көмектесу керек.

2. Әңгімеде тек дәлелді және ғылыми тұрғыдан тексерілген фактілер болу
керек.

3. Айтылыыып отырған ой-пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және танымды
мысалдардың, фактілердің жеткілікті санының болуы.

4. Әңгіменің нақты жүйесі болу керек.

5. Әңгіме әсерлі болу керк.

6. Әңгіме қарапайым және түсінікті тілмен айтылады. Әңгіме әдісі арқылы
оқыту жолдарының тәсілдері:

Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, приборлардың, көрнекі құралдардың
жұмыс істеу жолдарын, сөздер мен сөз тіркестерін сөзбен айту. Түсіндіру
әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады. Түсіндіру әдісін
қолдану мұғалімге мынада йталаптар қояды:

- Сұрақтарды дәл және анық тұжырымдау;

- Себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер көрсету;

- Салыстыру, жарқын мысалдар қолдану;

- Жүйелі қолдану

Мұғалімнің сөзіне түрлі талаптар қойылады:

- Мұғалімнің сөзі анық, нақтылы болу керек. Мұғалім сөзінің анық болуы
оқушының жаңа тақырыпты тез меңгеруіне жағдай жасайды. Сабақтың
нәтижелілігі мұғалімнің сабақта қойған мақсатына жетуіне ықпал етеді.

- Мұғалім сөзі – оқушыға үлгі. Мұғалім сөзінің тіл мәдениетіне лайық
болуының мәні ерекше. Мұғалім тілі әдеби тілге жатпайтын сөздермен
шұбарланса, орыс тілді оқушы оны қайталайды. Осыдан оны тілі қалыптаспайды.
Мұғалім оқушысын мәдениетті сөйлеуге үйрету үшін алдымен өзі тіл мәдениетін
сақтау керек.

- Мұғалім оқушыға тілдік материалды қалай баяндауды күні бұрын ойланып,
жоспарлап алуға тиісті. Жоспарда мұғалім ойын, желісін дұрыс құруға ерекше
мән беру қажет;

- Мұғалім өз даусына, үніне ерекше назар аударуы қажет. Мұғалім үні құлаққа
жағымды, байсалды, тартымды болса, ол оқушыны баурап алады. Сонымен қатар
мұғалімнің баяндау кезіндегі үні ір сарынды олуы да оқушыны жалықтырады.

- Уақытқа да ерекше мән беру қажет. Ұзақ баяндау оқушыны жалықтырады,
сондықтан мұғалім өз ойын дәл анықтаса, ол өте ұтымды болмақ.

Әңгімелесу – ол оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият
ойластырылған сұрақтар жүйесін беру арқылы біртіндеп, оларды жаңа
материалды түсінуге әкеледі немесе бұрын оқылғандарды түсінген,
түсінбегендерін тексереді. Әңгімелесу әдісін кейде сұрақ-жауап әдісі деп те
атайды. Әңгімелесу әдісін сабақтың барлық түрінде де қолдана беруге болады.
Жаңа сабақта, қайталау сабақтарында оқушының білімін тексеру, анықтау
кезінде қазақша сөйлеуге үйрету үшін, қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру
мақсатында тіл ширату үшін, т.б. жағдайларда қолданылса да, ол белгілі
тақырып төңірегінде болуы тиіс. Ғылымда әңгімелесу әдісінің үш түрі
көрсетіліп жүр:

- Хабарлау әңгімелеу

- Эвристикалық әңгімелеу

- Жаңғырту әңгімелеу

Хабарлау әңгімелеуінде мұғалім оқушыларға жаңа мәлімет, жаңа
тақырыпты баяндау кезінде оны оқушыларға белгілі мәселемен байланыстырып,
оқушыға сұрақ қойып, оны өз хабарлауына қарастырады. Екінші тілді оқытуда
еліктеу тәсілінің алатын өзіндік орны бар. Еліктеу тәсілі оқушының
естігенін дәл қайталай білуін қалыптастыруға бағытталады. Бұл тәсіл қазақ
тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру кезінде өте қажет. Еліктеу
тәсілінің оқушыға тілдің орфоэпиялық нормасын қалыптастыруда атқаратын мәні
зор. Мұғалім дыбыстардың буында, сөзде, сөйлемде, мәтінде, түрлі
дыбыстармен тіркестегі жағдайда дұрыс айту нормасын үйретеді. Мұғалім
оқушыға мәтінді оқытуда еліктеу әдісін қолданады. Мәтіннің оқу үлгісін оқып
өзі көрсетеді. Мәтінді дұрыс оқытып үйретуде мұғалім интонацияны дұрыс қоюы
өажет. Орфоэпияны дұрыс қалыптастыруда өлең жаттату, өлең оқуға үйретуде
еліктеу тәсілі кең қолданылады. Оқушылар мұғалімге еліктеп жаттығады.
Еліктеу тәсілін кез келген жерде қолдана беруге олмайтынын есте сақтаған
абзал. Өйткені еліктеу тәсілінің кемшілік жақтары да бар. Еліктеу арқылы
алынған білім тез ұмытылады.

Кітаппен және оқулықтармен жұмыс

Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақ үстінде мұғалім басшылығымен
жүзеге асады. Одан әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері дағдыланады.
Сабақ материалдары бойынша өздік жұмыс жасаудың кейбір тәсілдері бар.

Конспектілеу – оқығанның мазмұнын қысқа баяндау, қысқа жазу. Бірінші жақта
тұрып конспектілеу өзіндік ойда дамытады.

Мәтін жоспарын жасау. Жоспар қарапайым және күрделі болады. Жоспар құру
үшін мәтінді оқып болған соң, оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат ау беру
керек.

Тезистеу - оқығанның негізгі ойларын қысқа баяндау.
Аннотация - оқығанына қысқа пікір айту.
Формальдық – логикалық модель құрастыру.
Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне меңгертуде негізінен сөздік әдісі кеңінен
қолданылады. Оқушылар жаңадан үйренген сөздерін өмірде, адамдармен
қарым-қатынас жасау барысында қолдана білуге тиіс. Көбіне Мұғалім
сөздерді оқушыға жаттады, ал оқушылар оны қарым-қатынас құралы ретінде
жұмсай алмайды. Біріншіден, бұл жерде мұғалім мақсатының дұрыс
қойылмауы деп түсіну керек. Ал, екінші мәселе тиімді әдіс-тәсілдерге
келіп
тіреледі. Мұғалім өз көздеген мақсатына жету үшін сабақта
көрнекіліктерді
тиімді пайдалану керек. Өйткені күнделікті үйретілген жаңа сөздер тек
көрнекіліктер арқылы жүзеге асырылады. Мысалы:
- Мынау не?
- Мынау – көйлек.
- Көйлек қандай?
- Мынау не?
- Мынау – доп.
- Ол қандай? (дөңгелек, жеңіл, кішкентай, үлкен)
- Доппен не істейді?(ойнайды)

Осы мақсатта көрнекіліктерге қоса кесте суреттер, ойыншықтар,
текшелер, муляждар қолданылады. Бастауыш сыныптарда тақырыпқа сәйкес
жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, санамақтар, әр сабақтың тақырыбына
сәйкес үйретіліп отырады. Мұндағы мақсат – оқушылардың тілін дамыту,
қисынды ойлау қабілетін күшейту, есте сақтау қабілетін молайту. Сол сияқты
сергіту сәтін де оқушының тіліне жеңіл, жасына лайық қызығушылығын оятатын
шумақтармен түрлендіріліп отыру керек. Сергіту сәті қызық өтер болса,
оқушылар соған қатысты шумақтарды тез жаттап, мағынасын ұғып алуға
тырысады. Ойын тәртібі бойынша әр оқушыға рөл беріліп, оқушылар бір-бірімен
ауызекі сөйлесіп, қарым-қатынас жасауға әрекет жасайды. Өздері меңгерген
жаңа сөздерін дұрыс айтуға, сұраққа дұрыс жауап беруге машықтанады.

Сол сияқты аш, жап, тұр, отыр, жүр, кел, бер, ал, көр,сүрт, жаз, оқы деген
етістіктерді қимыл арқылы меңгеру өте тиімді.

Оқулықта жаңа модульдік технология әдістері арқылы тіл үйренуге,
қарым-қатынас жасауға, алған білімін өмірде пайдалануға, танып білуге,
талпыныстың пайда болуына жетелейтін коммуникативтік таным басшылыққа
алынған.

Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну,
айту, пікірлесу әрекеттеріне тәкелей қатынасты құбылыс. Сондықтан,
оқулықтар сөйлесім әрекеттеріне байланысты ғылыми ұғымдарға сүйеніп
жазылады. Олар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Жылқы концепциясының көркем аудармаларда берілу жолдары
Қоғамды экономикалық ұйымдастырудың негізгі проблемалары
Қазақ ертегілеріндегі қайталамалардың мәтінтүзімдік әлеуеті
Экономикалық теорияның даму кезеңдері
Стилистиканы оқыту әдістемесі
Экономикалық теорияның ғылым саласы ретінде қалыптасуы
Жіктеу есімдіктері және жақ ұғымы
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Жақ ұғымы және жіктеу есімдіктері
Пәндер