Банктердің басшы қызметтері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер және оларды ұйымдастыру.

  1. Банк филиалын ашуға келісім беру . . . 8

2. Қазақстан Республикасында банктердің құрылымы . . . 11

2. 1. Банк ашуға рұқсат беру құжаттары . . . 15

2. 2. Банктердің басшы қызметтері . . . 16

2. 3 . Банктерді ерікті қайта құру . . . 18

2. 4. Банкті еріксіз қайта құру . . . 20

. 1. Ерікті тарату . . . 24

Корытынды . . . 26

Қолданылған әдебиет . . . 27

Кіріспе

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Занының 15-бабына сәйкес банктер акционерлік қоғамдар нысанында кұрылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінін 85-бабына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады. Акционерлік қоғамның акционерлері қолданыстағы заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар кұнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.

Акционерлік коғамның өз қатысушыларының мүлкіне оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Акционерлік коғамның қықықтық ережелері, акционерлердің құқықтары мен міндеттері Азаматтық кодекске, Заңнама актілеріне сәйкес белгіленеді. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекеше өндіру жолымен құрылған немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайларының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Заң актілерімен айқындалады.

Қазіргі коммерциялық банктер - бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.

Коммердиялық банктер деп, бұл жерде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.

Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:

  • мемлекеттік;
  • акционерлік;
  • жеке;
  • пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) ;
  • аралас (шетел капиталының қатысуымен) .

2. Операцияларының турлеріне қарай:

  • әмбебап, яғни экономиканың барлықсалаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
  • маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық белгісіне қарай:

  • халықаралық;
  • мемлекетаралық
  • ұлттық;
  • аймақтық;

4. Салалық белгісіне қарай:

  • өнеркәсіптік банктер;
  • сауда банктері;
  • ауыл шаруашылық банктері;
  • құрылыс банктері;
  • басқа.

5. Филиалдар санына қарай:

  • филиалсыз;
  • кеп филиалды.

Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден қүралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.

Жай акция - оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға күқык береді. Ал артықшылығы бар акция - оның иесіне коғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағлайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға косқан өз үлесін алуға құқық береді.

Егер де банк жауапкершілік шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе кұрылтайшылары өздерінетиісті үлес шегінде ғана оның міндетгемелеріне жауап береді.

Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық нысанындағы байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары, жеке және занды тұлғалар есебінен кұрылады. Және олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал, оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.

1. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер және оларды ұйымдастыру

  1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы.

Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан одақтас республикалардың бірі болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Қазақстан территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.

Ресейдің банк жұйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлдеқайда кеш қалыптаса бастап, өз даму жолында бірнеше кезендерден өтті. Алғашқы банктер XVIII ғ. Екінші жартысында мемлекеттік ( қазыналық ) банк түрінде пайда болып, XIX ғ. Аяғы және XX ғ. басында Ресейдің банк жүйесі негізінен мынадай банк-несие мекемелерінен құрылды.

Мемлекеттік банк ( 1860ж құрылған)

Қоғамдық қалалық ( 252 банк) және жер банктері.

Көп буынды жеке банктер: акционрлік банктер (49 филиалдары бар 44 банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), коммерциалық банктер (32), несие-жинақтау серіктестіктері (729) және т. с. с.

Бұлардан басқа банктік операциалардың көпшілігін жүргізіп, сонымен қатар жоғары қауіпті операциалар жүргізу үшін клиенттердің қаражатын тартумен шұғылданатын банктік кенселер, сауда үйлері, айрбастау дүкендері болды.

1917 ж. қазан төнкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекет монополиалы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциалық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. Сонымен қатар Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында кооперативтік, жеке мемлекеттік - капиталистік, шетел капиталының қатысумен маемлекеттік және басқа банктер құрыла бастады. 1922ж Тұтыну коопирациасының банктері және Өнеркәсіп банкі құрылды.

1924 ж. акционерлік қоғам үлгісіндегі Сыртқы сауда банкі құрылып, оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Ол КСРО-ның мемлекеттік банкісінің құрамында болып, сыртқы сауда операциаларын және халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 ж. КСРО-да Мемлекеттік банк., Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және Ауыл шаруашылық банкі болды. Сондай-ақ Орталық коммуналды банкі ( Цекомбанк), Коопиративтік ( Всекобанк) және акционерлік, салалық, аймақтық (Қиыр Шығыс, Орта Азия ) банктер құрылды. Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу қоғамдары, ауыл шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары, несиелік коопиративтер пайда болды.

1927 ж. КСРО орталық атқару комитеті мен Халық комиссариаты Кеңесінің « несие жүйесін құру принциптері туралы» қауылысына сәйкес бүкіл банк жүйесін тікелей басқару Мемлекеттік банкке тапсырылды. Сол қаулыға сай маманданған банктер және банктердің проценттік саясат жүргізудегі дербестік құқығы жойылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да ажыратылды. 1928ж Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай өнеркәсіп пен электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Қысқа мерзімді несиені басқа шаруашылық салаларының бәріне олардың тоқсандық жоспарларына сай Мемлекеттік банк беруі тиіс болды. Жалпы 1927-1929ж. ж банктердің өзіне тән ерекше қызметі - банктік несие беру жойылып, несие мемлекеттік жоспарлары қаржыландырудың түріне айналды.

1930-32жж. жүргізілген несие реформасы елдегі банк жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы еді. Бұл кезде 1929ж қабылданаған халық бірінші бесжылдық жоспары бойынша елдегі индустрияландыру және ауылшаруашылығын ұжымдастыру мемлекеттік бірыңғай жоспар бойынша орталықтан қаржыландырылуы қажет еді. Ол үшін ақша қаражатын қаржы-несие жүйесіне жинақтап, одан соң жоспарлы түрде шаруашылық салаларына бөліп беру керек. Бұл міндеттерді оған дейін айналым қаражатын өз бетімен жоспарсыз бөлумен шұғылданған әр түрлі несие мекемелері орындай алмады. Онымен қоса ірілі-уақты өнеркәсіп орындары біріне-бірі коммерциялық несие бергенде есеп айырысуды вексель берумен жүргізіп, банк бақылауынан тыс қалды. Іс жүзінде банктің несие алушымен, яғни тауар сатып алушымен байланысы болмады. Нәтижесінде шаруашылық орындарының бірін-бірі несиелеуі (яғни коммерциялық несие) тікелей мемлекеттік жоспарлы басқарумен қайшы келіп, елдегі несие қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттілігін тудырды.

Несие реформасын жүргізу үшін елде біраз алғы шаралар жүргізілді.

Біріншіден, бұл кезде экономика салаларында біраз жетістіктерге қол жетті және олардан жеке капитал ығыстырылды. Сөйтіп, 1930 жылы мемлекеттік сектордың өнеркәсіптегі үлес салмағы 99, 1%-ке, көтерме саудада 97, 2%-ке, ал бөлшек саудада 86, 5-ке жетті. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік және ұжымдық шаруашылықтар тауарлы астықтың 55%-ін өндірді.

Екіншіден, халық шаруашылығын тікелей мемлекеттік жоспарды басқару жүзеге аса бастады. 1928 жылы Халық шаруашылығын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспары дайындалып, олар шаруашылықтың әрбір буынына жеткізілді. Жоспар кәсіпорыннның өндірістік және қаржылық іс-әрекеттерін қамтыды.

Үшіншіден, шаруашылықтың негізгі буыны- өнеркәсіп мекемесі шаруашылық есепке көшірілді.

Төртіншіден, коммерциялық вексельді айналымнан шығарып, оның орнына есеп айырысуды тек банк арқылы жүргізудің және қысқа мерзімді несиені тек банктерде жинақтаудың нәтижесінде 1929 жылыдың 1 қарашасында халық шаруашылығына берген қысқа мерзімді несиенің 80%-ке жуығы банктер үлесіне тиді.

Сонымен несие реформасын жүргізу үшін алғы шаралар жасалып, 1930 жылдың қаңтарында несие реформасы жүргізіле бастады. Несие реформасының мақсаты- несиелеу мен несие-есеп жұмыстарының жаңа түрлерін енгізу.

Несие реформасы төрт кезеңде жүргізіліп, негізгі мына мәселелер шешілді:

Шаруашылық орындарының бірін-бірі коммерциялық несиелеуін тікелей банктік несиемен өзгерту;

Мемлекеттік банктің бағытын нығайтатын есеп жұмысының жаңа түрін -шаруашылық есепті енгізу;

Халық шаруашылығын қысқа мерзімді несиелеу процесін Мемлекеттік банкке шоғырландыру. Өндіріс мекемелерінің өзінің және қарызға алған қаражаттарының жұмсалу бағыттарын ажырату, шаруашылықты несиелеудің принциптерін бекіту;

Несие-банк жүйесін қайта құру, яғни Мемлекеттік банк пен ұзақ мерзімді несие беретін арнаулы банктердің қызметін ажырату.

Сөйтіп несие реформасының негізгі мақсаты коммерциялық және жанама банктік несиелеуді тікелей банктік несиемен алмастыру жүзеге асырылды. Банктік несие деген несие алушыға, яғни тауар сатып алушы кәсіпорынға жоғары басқару органының жоспары бойынша тікелей банк беретін несие. Бұл банктік несиенің коммерциялық несиеден негізгі айырмашылығы.

Сонымен 1930-32жж. жүргізілген несие реформасының қорытындысында жоспарлы социалистік экономикаға сәйкес үйлестіру типіндегі несие-банк жүйесі құрылып, Мемлекеттік банк өндіріс пен тауар айналымын есепте»тін және бақылайтын бірыңғай аппаратқа айналды. Коммерциялық банктердің ролі төмендеп, кейін елде тек мемлекеттік банктерден тұратын монобанктік жүйе қалыптасты.

Банк жүйесі көрсететін қызмет белгілеріне қарай қайта ұйымдасып, қысқа мерзімді несие беретін жалпы мемлекеттік банк және күрделі қаржымен қамтамасыз ететін маманданған банктер жүйесі құрылды. Бұндай бір буынды банк жүйесіне: КСРО Мемлекеттік банкі және күрделі қаржымен несиелейтін төрт Одақтық маманданған банктер- Өнеркәсіп банкі, Ауыл шаруашылық банкі, Орталық коммуналдық банкі, Сауда банкі-кірді. Сонымен бірге Орталық банк жүйесіне шетел банктерімен кең корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыратын Сыртқы сауда банкі және халықтың бос қаржысын тарту, төлемдерін жүргізу мен мемлекеттің займдарын орналастыру арқылы халыққа қызмет көрсететін бірыңғай жалпы мемлекеттік несие мекемесі, яғни жинақ кассалары қарады.

1959 жылы ұзақ мерзімді несие беретін банк жүйесі қайта қаралды. Ауыл шаруашылық банкі мен Орталық коммуналдық банк таратылып, олардың қызметтері Мембанкке берілді. өнеркәсіп банкі мен Сауда банкісінің негізінде күрделі қаржы беретін Одақтық банк-Құрылыс банкі құрылды. Ол халық шаруашылығының әр түрлі салаларының (ауыл шаруашылығынан басқа) ұйымдары мен кәсіпорындарын қаржыландырумен және ұзақ мерзімді несиелеумен шұғылданды.

1. 2 Екінші деңгейлі банк жүйесін құру

ҚР-ның қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж. желтоқсанында Қаз КСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған «Банктер және банк қызметі туралы» Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екінші деңгейлі банк жүйесі құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - Қаз КСР-нің Мемлекеттік банкі және төменгі(екінші) деңгейдегі банк - коммерциялық банктер жүйесі .

Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы заң шыққан күннен бастап республика меншігі болып саналады. Мемлекеттік банк республиканың меншігі және оның орталық банкі болып саналады. Қазақстан территориясында біртектес ақшаны пайдалану және біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері Одақтық шартта көрсетілген. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгілерін эмиссиялауға, ақша -несие қатынастарын реттеуге, мемлекеттік бюджеттің кассалық жұмысын жүргізуге республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретін құқығы бар.

Қазақстан заңдарына сай Мемлекеттік банк деп (Орталық-Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкімет иелігінде, немесе акционерлі капиталдың басым бөлігі мемлекеттік құрылтайшылардың (мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың) акциясы болғанда есептеледі.

Коммерциялық банктер өздерінің акционерлер жиналысында қабылданған Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын қалыптастырғанда өзіміздің мемлекеттік емес құрылым, немесе шетел мемлекеттік, я болмаса мемлекеттік емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі. Аралас банктер мынадай варианттарда құрылуы мүмкін: Мемлекетті-жеке, мемлекеттік-кооперативтік, жеке- кооперативтік. Қосылып құрылған банктермен олардың филиалдарының қызметі Қазақстан заңдарымен реттеледі делінген Заңда.

І. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері

1930 жылға дейінгі банк жүйесі
1930-87жж. (Одақтық бірдеңгейлі банк жүйесі)
1988-90жж. (Одақтық бірдеңгейлі маманданған банктер жүйесі )
1991ж бастап (дербес екі деңгейлі банк жүйесі)
1930 жылға дейінгі банк жүйесі: Ресей мемлекеттік банкі және көптеген несие-банк мекемелері .
1930-87жж. (Одақтық бірдеңгейлі банк жүйесі):

1. КСРО Мембанкі (оның ішінде КСРО Мемлекеттік еңбек жинақ касалары жүйесі) .

2. КСРО Мемлекеттік Құрылыс банкі

3. КСРО Сыртқы сауда банкі

1988-90жж. (Одақтық бірдеңгейлі маманданған банктер жүйесі):

1. Банк жүйесін қайта ұйымдастыру:КСРО Мембанкі және Маманданған банктер:КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкі.

КСРО Агроөнеркәсіп банкі

КСРО Тұрғын үй -әлеуметтік банкі

КСРО Жинақ, Сыртқы -эконом банкі.

2. Жаңа кооперативтік ж\е коммерциялық банк құрылды.

1991ж бастап (дербес екі деңгейлі банк жүйесі):

Егемен Қазақстанда өзінің банк жүйесінің құрылуы.

Екі деңгейлі банк - Ұлттық банк және коммерциялық банктер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және банктік құқықтық қатынастар
Банктерді ерікті және еріксіз қайта құру
Теориялық және тәжірибелік материалдарды зерделеу нәтижесінде тәуекелділік пен анықталмағандық жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдауды жетілдіру жолдары
Шешімдер варианттарын тұжырымдау
Банк өнімдерінің қызметтері және мәні мен мағынасы
Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктердiң несиелiк портфелiн басқару
Дамыған елдердің банк жүйесі
Валюта нарығы. Валюта курсы және динамикасы
Коммерциялық банктің рейтингін талдаудың ақпараттық жүйесі
Қаржылық қорытынды есептің мақсаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz