Қазақстандағы сүтқоректілер класы туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІЛІ
Ш.Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану – педагогикалық факультеті
Биология және ОӘ кафедрасы
Курстық жұмыс
тақырыбы:
Қазақстандағы сүтқоректілер класы.
Орындаған: ІІ курс студенті Капарова Г.Ж.
Тексерген: биология кафедрасының мұғалімі
Өнерхан Г.
КӨКШЕТАУ, 2014
Мазмұны
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
2.1 Сүтқоректілерге жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 4
2.2 Қазақстандағы сүтқоректілер класы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.3 Омыртқалы жануарлар даму ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
2.4 Омыртқалы жануарлар даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... . 24
IV.Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... . 25
Кіріспе.
Сүтқоректілер — омыртқалы жануарлардың жылықанды, ең жоғары сатылы
тобы. Бұлардың басқа жануарлардан басты ерекшелігі: ррталық жүйке жүйесі
мен сезім мүшелерінің ерекше дамуы: дене температурасының біршама
тұрақтылығымен (сүтқоректілердің көпшілігінің дене температурасы — 37—39°)
қамтамасыз етілетін жылу алмасу жүйесінің күрделілігі; баласын тірідей
туып, сүтпен асырау арқылы ұрпағының одан әрі тірі қалуына қолайлы жағдай
жасауы. Бұл топтағы жануарлар баласын сүтпен қоректендіретіндіктен, класс
сүқоректілер деп аталады. Сүтқоректілер класындағы жыртқыш жануарлар кейде
аңдар деп те аталады. Ең жоғары сатыда дамыған, ақыл-ой иесі адам да осы
класқа жатады.
Сүтқоректілер орталық жүйке жүйесінің күшті дамуы нәтижесінде
құрлықта да, теңізде де, түщы суда да мекендейді, қазіргі кезде олардың 4
мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Адамның шаруашылықтағы әрекетіне
байланысты сүтқоректілердің кейбір түрлері табиғатта сиреп барады.
Сондықтан олардың 230 түрі және 91 түр тармағы ХТҚО-ның, 26 түрі және түр
тармағы бүрынғы КСРО-ның, 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996)
тіркелген.
Сүтқоректілердің 300-ден астам түрі бұрынғы КСРО-да, 155 түрі
республикамыздың кең байтақ аймағында мекендейді.
1. Сүтқоректілерге жалпы сипаттама
Сүтқоректiлер немесе аңдар класының негiзгi белгiлерi: тiрi туу,
балаларын қоректендiру үшiн сүт бөлетiн сүт бездерiнiң болуы, дене қуысын
төстi және құрсақты етiп диафрагмамен бөлу және жылықандылық. Бұл кластың
маңызды ерекшелiгi – жоғарғы жүйке жүйесiнiң дамуы. Сүтқоректiлер
эволюциясының шыңы болып адам туысы және саналы адам {Homo sapiens} түрi
есептеледi. Сүтқоректiлердiң тарихи дамуы үш бағытта жүрдi: жұмыртқа
салушы сүтқоректiлер, қалталы сүтқоректiлер және плацентарлы сүтқоректiлер.
Тек плацентарлы дамыған төл туатын жоғарғы сүтқоректiлер, тiршiлiк үшiн
күресте жеңiп шықты.
Жұмыртқа салушы және қалталылар, австралиядан басқа континенттерде
табиғи сұрыптауға түстi және жойылып кеттi.
Жамылғысы кезеңдеп түлейтiн жүннен (өстен) және жүн астынан тұратын
түктi. Терiде тер бездерi аз, майлы және иiстi бездерi бар. Сүт бездерi –
емiзiктерi бар түр өзгерткен тер бездер.
Қаңқасы. Бассүйек, омыртқа, төс клеткадан, алдыңғы және артқы
аяқтарының белбеулерiнен, еркiн аяқтардан тұрады, бассүйек милы және беттi
бөлiктен, көз қарашығынан, астыңғы және үстiңгi жақтардан тұрады (күрек
тiстер, иттiстер, азу тiстер). Тiстерi шұңқырда орналасып, түбiрден,
мойыннан және эмальмен қапталған қабықтан тұрады. Сүттiлерi әрқашанда
ауысып отырады. Омыртқасы 7 мойынды, 12 төстi, қозғалмалы қосылған 6 белдi
омыртқадан, 3-4 крестi, жамбаспен өскен, (қозғалмалы қосылған) құйрықты
омыртқалардан тұрады. Құйрықты омыртқалардың саны әртүрлi. Көкiрек клеткасы
омыртқаның төстi бөлiгiнен, төстiктен және 12 жұп қабырғадан түзiлген. Иық
белбеуi: қарға сүйекгi бiтiсiп кеткен жауырыннан және бiр, бұғанадан
құралады. Артқы аяқтарының белбеуi: жамбасының сүйектерi – сербек, қасаға
және шонданай.
Бұлшықеттер. Ең күштiлерi шайнағыш, арқа және аяқтарының бұлшықеттерi.
Диафрагма – тыныстық қозғалыстарға қатысып, дене қуысын төстi және
құрсақты бөлiкке бөлетiн бұлшықет. Ымды бұлшықеттер.Ас қорыту жүйесi. Тiстi
ауыз, дәм сезушi клеткалары бар, бұлшықеттi тiл, сiлекей бездер. Жұтқыншақ,
өңеш, қарын, iшек (алдыңғы, аш және тiк iшектер). Бауыр және қарын асты
бездер. Жануарлармен және өсiмдiктермен қоректенедi.
Тыныс алу жүйесi. Тыныс алуы кеуде клеткасы мен диафрагма көмегiмен
iске асады. Тыныс алуы жиi, терең емес, сондықтан жылуберуi жоғарғы тыныс
жолдарының ауыз қуысы мен тiлiнiң бетiнiң суытылуы арқылы iске асады.
Қанайналым жүйесi. Жүрегi төрткамералы. Екi қан айналым шеңберi бар.
Жүрек соғысы 1 мин. 120 соғады.
Зәр шығару жүйесi. Бұршақ формалы жамбас бүйректерi, зәрағар, қуық, зәр
шығару каналы. Зәр шығару сонымен қатар терi арқылы да жүредi (тер
бездерi). Су, тұздар, несеп бөлiнедi.
Жүйке жүйесi. Орталық – бас ми және жұлын, ал перифериялық – олардан
шығатын жүйкелер. Мидың жарты шарының қабығы – жоғарғы жүйенiң iс-әрекет
ортасы. Қабығы қартар түзедi. Мишық жақсы дамыған. Шартты және шартсыз
рефлекстерi күрделi.
Сезiм мүшелерi. Иiс сезу, жанаса сезу және есту жақсы дамыған. Түстi
көруi дамымаған, бiрақ бейненi, ымды, қозғалысты көредi, себебi олар бас
миының қабығында сарапталады.
Сүтқоректiлер класы (Mаmmalia) 4 мыңға жуық түрдi бiрiктiредi. Егер 2
млн. түрден астам насекомдармен салыстырса аса көп емес. Осыған қарамастан
адамдар алты аяқ насекомдарға қарағанда сүтқоректi жануарлармен жақсырақ
таныс. Бұл ғажап емес: адам өзiне тән қасиеттерге ие және өзi сияқты
сүтқоректiлер класының өкiлдерiне көңiл бөледi. Омыртқасыздарға қарағанда
сүтқоректiлер ғалымдар тарапынан кеңiнен зерттелген. Олардың әр түрiне
ондаған, мыңдаған ғылыми еңбектер арналған. Джералд Даррелл, Бернгард
Гржимек, Джой Адамсон, Александр Николаевич Формозов, Игорь Иванович
Акимушкин және тағы да басқа көптеген белгiлi жаратылыстан жануарларға
арнап көптеген кең таралған қызықты кiтаптар жазды. Алғашқы сүтқоректiлер
шамамен 185 млн. жыл бұрын шығуы мүмкiн. Қазба қалдықтарына қарағанда,
қазiргi жертесерлерге ұқсас ұсақ (ұзындығы 20 см аспаған) жануарлар болған.
Бұл аңдардың тiстерi айқын күректiс, иттiс, ұрт және азу тiстерi болып
бөлiнген, ми көлемi ең дамыған рептилиялардiкiнен үш-төрт есе үлкен, ал
дене пiшiнiнiң кiшiлiгi насекомдарды аулауды және жаулардан тығылуды
жеңiлдеткен.
Бор дәуiрiнiң соңында (шамамен 70-65 млн. жыл бұрын) динозаврлар
қырылып тiршiлiк кеңiстiгiн босатты. Бұл мүмкiншiлiкпен сүтқоректiлер
пайдаланды. 10-15 млн. жыл (бiздiң планетамыз тарихында үлкен мерзiм емес)
iшiнде олар құрлықтан басқа су және әуе орталарын игердi.
Иттiң аяғы, жылқының тұяғы, итбалықтың ескек аяқтары, жарғанаттың
қанаттары — өздерiнiң ата-тектерi рептилиялардан берiлген сүтқоректiлердiң
қарапайым бес саусақты аяқ-қолдарынан пайда болған. Ең көне жылжу әдiсi –
жүру немесе жүгiру. Осындайда жануар табаны мен бiлезiк сүйектерiне
толығымен сүйенедi (немесе едәуiр бөлiгiне). Мұндай жүрiс тәсiлi – табан
арқылы жүру деп аталады. Аса жылдамдықпен ерекшеленбесе де, ол тұрақтылық
болды. Табан арқылы жүру насекомқоректiлерде, кемiргiштерде және кейбiр
жыртқыш аңдарда (мысалы аюларда) сақталған. Ашық кеңiстiктерде тiршiлiк
ететiн жануарларға жауларынан қашуға немесе қорегiне жету үшiн жылдам
жүгiру қажет болды. Кейбiр сүтқоректiлер табан арқылы жүруден саусақ
жүрiске ауысты. Саусақ арқылы жүру үлкен жылдамдықпен жүгiруге және секiрiп
қимылдауға мүмкiндiк бередi.Қазiргi саусақпен жүретiн сүтқоректiлерге
көптеген жыртқыштар тобының өкiлдерi жатады, мысалы, иттер мен мысықтар.
Жүгiрiс кезiнде олар тiрек ретiнде барлық саусақтарын пайдаланбайды:
бiрiншiсi (қысқа, қимылдауда қатыспайтын) эволюция барысында қатты
кiшiрейген, ал кейбiр жануарларда толығымен жоғалған. Саусақпен жүретiн
жүгiрушiлерге қарағанда тұяқты сүтқоректiлер тек жылдам ғана емес, оған
қоса ұзақ жүгiре алады. Тұяқтылар жер мен тастардың жарақатынан тұяқтың
сүйектi қабығымен қорғалған, саусақтарының ең ұшына сүйенедi. Саусақпен
жүретiн жыртқыштардың жүгiруi — жылдамдықпен үйлесiмi, ал олардың
потенциальды қорегiнiң (шөпқоректi тұяқтылар) жылдамдық пен төзiмдiлiктiң
үйлесiмi. Эволюция барысында кейбiр ағашта мекендейтiн сүтқоректiлердiң
жақын арақашықтықтарға самғауға қабiлеттерi ашылды. Бұл жануарларда
қанаттың рөлiн әдетте, алдыңғы және артқы аяқтарының арасындағы терiлерiнiң
қатпарлары атқарады. Дене көлемi бiрдей болса да қанаттың көлемi
аяқтарының ұзындықтарына байланысты екендiгi түсiнiктi. Сондықтан самғайтын
сүтқоректiлердiң аяқтарының ұзын болуы шарт. Ең үздiк самғаушылар болып
500 м ұша алатын тiкеқұйрық кемiргiштер есептеледi.
Нағыз қағып ұшу тек сүтқоректiлерде, қолқанаттылар отрядына
бiрiккендерде немесе жарғанаттарда ғана кездеседi. Олардың алдыңғы аяқтары
нағыз қанаттарға айналған. Қанаттары иықтары арасында созылған жұқа терiлi
жарғақпен, ұзартылған алдыңғы иық және саусақтармен, дененiң бүйiрiмен
артқы аяқтарының өкшесiмен құрылған.
Көптеген сүтқоректiлердiң суда ұстануы туа бiткен қабiлеттерi, ал
олардың едәуiр бөлiгi Кәсiби жүзушiлерге айналды. Шығу тегiне қарамастан
оларды жүзуге ортақ құралдары: алдыңғы және артқы аяқтарында жүзу
жарғақтары пайда болды, аяқтары қысқарды, денелерi сусымалы пiшiндi,
құйрықтары болса жалпақтанды.
Сүтқоректiлердiң түрлi отрядтарының өкiлдерi – үйрек тұмсықтар,
жұпартышқандар, кейбiр кемiргiштер (құндыздар, саз кәмшаттар) — өте жақсы
жүзедi, бiрақ құрлықпен байланыстарын үзбейдi, сол жерлерде қоректерiн
тауып, ұрпақтарын әкеледi. Нағыз су жануарларына киттәрiздiлер,
ескекаяқтылар мен қақпамұрындылар айналды. Морждар мен түлендер
ескекаяқтылар отрядына жатады. Олардың аяқтары қысқа және терiнiң астында
орналасқан. Алдыңғы аяқтарының алдыңғы иықтары мен бiлезiктерiнiң жартысы
сыртқа шығып тұрады, ал артқы аяқтарының сирағының үштен бiр бөлiгi мен
табаны немесе тек табаны. Бiрақ бiлезiк пен табаны қатты ұзартылған, ал
саусақтары қалың терi жарғағына оралған. Осының нәтижесiнде аяқтары ескек
формасына айналған және олар ескектеуге пайдаланылады (негiзiнен,
артқылар), сонымен қатар тереңдiк рөлiнiң қызметiн де атқарады.
Ескекаяқтылар судан тек көбею және тыныс алу үшiн ғана шығады.
Ескекаяқтылардан киттәрiздiлердiң айырмашылығы, олар туылғаннан өлгенге
дейiн суда тiршiлiк етедi. Су тiршiлiгiне деген бейiмдiлiгi оларда
толығымен көрiнедi. Киттәрiздiлердiң денесi торпедатәрiздi және жүзуге
ыңғайланған. Алдыңғы аяқтары тереңдiк рөлi қызметiн атқаратын және бұрылу
мен тоқтауға мүмкiндiк беретiн ескектерге айналған. Барлық киттәрiздiлердiң
серпiндi бұлшықеттi құйрығы көлденең құйрықты жүзбеқанатпен аяқталады.
Киттәрiздiлер отрядына қорек табу амалының мамандануы қызықты касаткалардың
үлкен және өткiр тiстерi оларды жыртқыштар екендiгiн, ал дельфиндердiң
бiрқалыпты дамыған, бiрақ көптеген және өткiр тiстерi олардың балыққа
әуестiгiн көрсетедi. Мұртты киттердiң тiстерi сан-алуан омыртқасыздар және
майда шабақтарды ұстайтын тор — сүзгiге айналған.
Дене пiшiнi жағынан киттәрiздiлерге тағы да бiр сүтқоректiлердiң тобы
– қақпамұрындылар ұқсас. Оларда да көлденең құйрық жүзбеқанаттары бар,
алдыңғы аяқтары ескектерге айналған, ал артқылары болса мүлдем жойылған.
Бұлар өте баяу қимылдайтын және тек су жағаларында мекендейтiн жануарлар.
Сүтқоректiлердi тек олардың қимылдау әдiстерiне қарап отрядтарға
бөлуге болмайды. Тағы да бiр маңызды белгiсi – қоректену сипаты.
Кемiргiштер мен қоянтәрiздiлер отрядтарының өкiлдерi, қатты және iрi
қорекпен соның iшiнде жас ағаштар мен бұталардың қабықтарымен қоректенуге
бейiмделген. Сондықтан оларды сипаттайтын белгiсi, iрi және өткiр алдыңғы
күрек тiстерi.
2. Қазақстандағы сүтқоректілер класы.
Сүтқоректілердің дене мөлшері мен пішіні алуан түрлі, ол көбінесе
тіршілік әрекеті мен мекендейтін орта жағдайларына байланысты болады. Бұлар
— негізінен құрлықта тіршілік ететін төрт аяқты жануарлар. Рас, суда,
топырақтан ін қазып, ұшып жүріп тіршілік ететін де түрлері бар,алдағы
сабақтарда танысасыңдар. Сүтқоректілердің сыртқы құрылысы күнделікті
тұрмыста өздерің білетін мысықты мысалға алып қарастырылады.
Асыранды -мысықтың арғы тегі ливиялық мысық болып саналады, оны Африка
. тұрғындары бұдан 5 мың жыл бұрын қолға үйретсе керек. Қолға үйретілген
басқа жануарларға қарағанда мысық арғы тегінен онша өзгере қоймаған,
сондықтан мысықтың қолтұқымдары айтарлықтай көп емес. Мысықтың денесінен,
басқа сүтқоректілерден де байқалатын, бас, мойын, тұлға, құйрық (кейбір
сүтқоректілерде құйрық жойылған), алдыңғы және артқы аяқтарды айқын
ажыратуға болады . Сүтқоректілердің аяқтары қосмекенділер мен
жорғалаушылардың аяқ бөліктері тәрізді болғанымен тұлғасынан екі жаққа
қарай тарбимай, тұлғаны тік көтеріп тұрады (құрлықта бауырын жерге тигізбей
төрт аяғымен еркін қозғалып жүреді).
Мысықтың басына назар аударсақ: бұған дейін оқып өткен омыртқалы
жануарлардан кездеспеген екі құлақ қалқаны көрінеді. Бұл — сүтқоректілерге
тән ерекшелік. Қарашығы жарық сәулесінің күшіне қарай өзгеріп тұратын
бадырайған үлкен көз, қабағы мен үстіңгі ерніндегі ұзын қылшық, ешқандай
түгі жоқ тақыр мұрыннан екі танау тесіктері бірден көзге түседі.
Қорегін аулағанда дыбысын, сездірмей, саусақтарының ұшындағы
тырнақтарын майлы табанына жасырып алып, білдіртпей жүреді. Ол алдымен жер
бауырлап, лезде арқасын бүгеді де аяқтарымен қатты серпіле олжалайтын
қорегіне қарай атылады. Міне осы тұста саусақ ұшындағы жасырылған өткір
тырнақтар тарбия ашылып, құйрығы кері-леді, сөйтіп құйрық мысықтың бағытын
реттейтін бұлқын қызметін атқарады. Қорегін осылай аулау — мысық тұқымдас
аңдарға тән. Сүтқоректілердің денесі берік созылғыш терімен қапталады.
Теріде түтік тәрізді тер бездері мен көпіршік тәрізді май бездері
орналасады . Тер безінен тер бөлініп шығады да, денені қызып кетуден
сақтап, салқындата-ды, ал май безінен бөлінген май теріде орналасқан түкті
майлап, оған су жұқпауға мүмкіндік жасайды. Тер бездерінің өзгерген түрі
сүт безіне айналады да, сүтқоректілер баласын сүтпен қоректенді-реді.
Сүтқоректілердің көпшілігінің терісінен түкті жамылғы өсіп шығады. Оны
денесіндегі түкті жамылғыны аяғымен тазалап, жуы-нып отырған мысықтан анық
көруге болады. Мысық денесінен итте болатын қолайсыз иіс сезілмейді, ол
қашан да таза жүреді. Өйткені мысықтың терісінен май бөлінбейді, сондықтан
да мысық суға түспеуге және жаңбырдың астында қалмауға тырысады. Тер
бездері тек табандарында ғана болатындықтан, мысықтың денесінен тер иісі де
сезілмейді. Итте де тер бездері өте аз, сондықтан денесін салқындату үшін
ыстық күндері ит тілін салақтатып жүреді, кейде суға, шомылып, судан
шығысымен қатты сілкінеді де, майлы түктердегі су тамшыларын жан-жаққа
шашып, денесін құрғатып алады.
Сүтқоректілердің түкті жамылғысы біркелкі түктерден құрал-маған:
жуандау және ұзын түк қылшық деп, ал қысқа жұмсақ түк — мамық немесе түбіт
деп аталады. Қылшық жүн түбіттің қыр-қылмауына және бірімен-бірінің ұйысып
қалмауына септігін тигізеді, ал түбіт денедегі жьтлуды сақтайды. Бегемот,
керік, кит, морж тәрізді сүтқоректілердің денесінде түкті жамылғы болмайды,
киттің денесіндегі жылуды тері астында болатын қалың май қабаты сақтап
қалады. Түкті жамылғысы бар сүтқоректілер жылына екі рет жүнін алмастырып,
түлейді. Түк терідегі түк үясына орналасады. Түк дегеніміз — мүйізтекті
түзіліс. Ал сүтқоректі жануарлардың үлпек жүнді бағалы терісі үлбір деп
аталады.
Тері тек түк қана емес, қабыршақ, өткір және жалпақ тырнақ, тұяқ және
мүйіз сияқты мүйізтекті заттар түзіледі. Қабыршақ аңкесірткенің бүкіл
денесін қаптаса, қалталы, кеміруші және бунақ дене қоректі сүтқоректілердің
құйрығында да болады. Бұл — сүтқоректілерге ежелгі жорғалаушылардан тұқым
қуалау нәтижесіңде пайда болған белгі. Өткір тырнақты — кез келген жыртқыш
сүтқоректілерден, жалпақ тырнақты — приматтардан, тақ және жүп тұяқты —
өсімдікқоректі сүтқоректілерден байқайтын болсақ, кейбір сүтқоректілердің
терісінен басына мүйіз өсіп шығады. (Бұғылардың мүйізі сүйекті бо-лады.)
Сөйтіп, түк, қабыршақ, өткір және жалпақ тырнақтар, мүйіз (бұғыдан
басқасы), тұяқ терінің мүйізтекті қосалқы түзілісі болып былады. Бұларды
жаққан кезде мүйізді жаққаңдағыдай иіс шығады.
Сүтқоректілерді қаңқасы және осыған дейін оқылған омыртқалы
жануарлардың сүйек бөліктеріне ұқсас бассүйек, омыртқа жотасы кеуде қуысы,
иық белдеуі мен алдыңғы аяқ және жамбас белдеуі мен артқы аяқ сүйектерінен
құралады. Бұларға тән негізгі белгі — мойынның ұзын-қысқалығына қарамастан
7 омыртқа болады (ұзын мойынды жирафтд- да, қысқа мойынды түленде де мойын
7 омыртқадан тұрады.
Сүтқоректілердің бассүйегі жорғалау-шылардыкіне ұқсас болғанымен,
тістердің атқаратын қызметіне қарай түрленіп ерекшеленуі және ми сауытының
көлемді болуына байланысты күрделі құрылысты болады . Бассүйек ми сауытымен
тұтасқан үстіңгі жақсүйектен және еркін қозғала алатын астықғы жақсүйектен
құралған. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектердің алдыңғы жағында бірнеше
күректістер орналасады, одан кейінірек иттіс, жақсүйектің түбіне қарай кіші
азу және үлкен азу тістер жалғасады. Азу тістердің ең ірісі жыртқыш тіс деп
аталады. Сүт-қоректілер тісінің жорғалаушылардан негізгі ерекшелігі —
жақсүйекке тіс түбірі арқылы орнығуында. Мысық тәрізді етпен қоректенетін
сүтқоректілер жыртқыш сутқоректілер деп аталады. Жыртқыш сүтқоректілердің
жақсүйектері тек қана жоғары және төмен қарай қимылдайды, олар жақ
сүйектерін жан-жағына қимылдата алмайды. Ал өсімдіктекті азықпен
қоректенетін сүтқоректілер (сиыр, жылқы, қой, қоян) жақсүйектерін кез
келген бағытқа: жоғары, төмен, оң жаққа және сол жаққа қарай қозғалта
алады; олардың тіс құрылысы да жыртқыштардан басқаша.
Сүтқоректілердің бассүйегі мойын омыртқаға жалғасады да, омыртқа
жотасы бүкіл арқаны бойлай құйрық омыртқалармен шектеледі. Енді
сүтқоректілер қаңқасының құрылысын қарастырады.
Төрт түлік малдардың ішінде сиырдың өте маңызды екенін ескермеуге
болмайды. Сиыр дегенде — сүт пен еттің молшылығы еске түседі. Сиырдың
терісі, мүйізі тікелей пайдаланы-лумен қатар көптеген қосалқы бүйымдар
жасауға негіз болады. Сиыр мүшелдік жыл санауда 2-жыл. Сиырдың үстіңгі
жақсүйегінде күрек және ит тістердің болмайтыны және маңдай түсынан екі
мүйіз өсіп шығатыны белгілі.Ал омыртқа жотасы басқа да сүтқоректілер
тәрізді мойын омыртқадан, арқа омыртқадан, бел омыртқадан, сегізкөз және
құйрық омыртқаларынан құралады. Қаңқаның алдыңғы бөлігі иық белдеуінен,
соңғы бөлігі жамбас белдеуінен тұрады.
Сүтқоректілердің иық белдеуінің құрылысы айтарлықтай күрделі емес. Ол
қарға сүйегі бітісіп кеткен жауырыннан және бұғанадан құралады. Сиырда
(жалпы тұяқтыларда), итте бұғана сүйек болмайды, ал төрт аяқпен де, тік те
қимылдай алатын сүтқоректілерде (көртышқан, жарғанат, мысық, аю, маймыл,
адам) иық белдеуі бұғана арқылы жалғасады. Жұмыртқалаушы сүтқоректілердің
(үйрек тұмсық, түрпі) қарға сүйегі де болады.
Әрқайсысы үш сүйектен құралатын екі жамбас сүтқоректілердің жамбас
белдеуін түзеді.
Басқа сүтқоректілер тәрізді сиырда да екі алдыңғы және екі артқы
аяқтары болады. Сүтқоректілердің аяқ қаңқасындағы сүйектер бес саусақпен
аяқталғанмен де тіршілік ету жағдайларына және аяқтардың атқаратын
қызметіне байланысты құрылысы жағынан бірдей емес: алдыңғы аяқ сүйектері
ұшуға, жүзуге және жер қазуға бейімделіп, артқы аяқтарындағы сүйектерде
жүру сипатына қарай саусақтар саны өзгереді.
Сүтқоректілердің арқа омыртқалары (12—15) қабырғаларға жалғасып,
қабырғалардың екінші үшы шеміршек арқылы төссүйекке бірігуінен кеуде қуысы
түзіледі. Бел омыртқалардың саны да барлық сүтқоректілерде бірдей емес
(2—9). Сегізкөз 3—4 омыртқаның түтасуынан пайда болған. Ал құйрық
омыртқалардың саны 3-тен 49-ға дейін жетеді.
Сүтқоректілердің бұлшық еті орналасу ретіне байланысты сан алуан
қызмет атқарады. Бұлшықеттер әсіресе аяқ, бел, арқа бөліктерінде жақсы
дамыған, сондай-ақ ұстаған жемін шайнағанда жақсүйектерді қимылға
келтіретін шайнау бұлшықеттері де жақсы жетілген.. Барлық жыртқыш жануарлар
тәрізді мысық етпен қоректенеді. Мысық тышқанды немесе құсты олжалаған
кезде оны тісімен жұлқылай бастайды. Ол иттісімен кемірушінің омыртқа
жотасын үзіп, азу тісімен мылжалайды, ал сүйектегі етті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz