Ұлттық тәрбие берудегі отбасының маңызы
Жоспар
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
-------------------3
І. Бөлім. Қазіргі тәрбие принциптері, негізгі принциптерге сипаттама--------
----------------------------------- ------------------------------5
1.1. Тәрбие формалары-------------------------- ----------------------
-5
1.2. Тәрбие принциптері,негізгі принциптерге сипаттама---------------
-10
1.3. Тәрбиенің жалпы әдістері, құралдары-------------------------- -
-------16
ІІ. Бөлім. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА – АНАНЫҢ ҮЛГІ – ӨНЕГЕСІ-----------------
----------------------------------- ------------------------------19
2.1. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың орны --------------------------
-----19
2.2. Ұлттық тәрбие берудегі отбасының маңызы-----------------------
--22
2.3. Болашақ отбасын тәрбиелеу – бүгінгі күннің өткір мәселесі---
----26
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
------------31
Қолданылған әдебиеттер------------------------- -----------------------------
-------33
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қоғамдық жаңғыру кезеңінде, Қазақстандағы
әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз
кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен
мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны,
оның басты міндеті — бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа
тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану,
саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым
салалары адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын баса
көрсетуде.
Балалармен қарым-қатынас жасау мәдениетіне үйрену, ұстаз шеберлігіне
жету жолдары мен шараларын жете түсіну. Осы Қазіргі тәрбие принциптері,
негізгі принциптерге сипаттама атты курстық жұмысымда тәрбиенің мақсат,
міндеттері, жеке баланың дамуы, тәрбиенің принциптері мен әдістері, ұлтгык
тәлім-тәрбиенің ерекшеліктері, адамгершілік, эстетикалық, еңбек,
экологиялык, дене тәрбиесі, құқықтық, діни-рухани т.б. тәрбие жұмыстарының
мазмұндары қарастырылады, отбасы тәрбиесі туралы баяндалады. Балаларды
ұлттык және жалпы адамзаттық қазыналар мен мүдделер негізінде тәрбиелеу -
казіргі коғамдағы тәрбиенің басты мақсат - міндеттері болып табылады [13].
Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын жеделдету кезеңінде адам
факторы жаңа негізде қаралып жаңа адамды қалыптастыру барысында әрбір жас
өспірімнің субъективтік талап – тілегін, бейім – қабілетін және тіршілік
өмір сферасында белсенді саналы творчестволық қасиетін одан әрі дамытады.
Өйткені, жеке адамның әлеуметтік белсенділігі артқан сайын, оның терең
мағыналы қоғамдық мәселелерді шеше білуге құлшына кірісіп, айналасын
қоршаған адамдармен адамгершілік – психологиялық байланыстары күрделеніп,
қоғамның саяси – экономикалық қарым – қатынастары жүйесінде әлеуметтік
творчестволық көлемдері өрбіп, оның мәні арта түспек. Тәрбиеге жүктелетін
ең басты мақсат – қоғамға қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш,
ғылыми дүниетанымы қалыптасуы үстіндегі, эстетикалық талғам – сезімі мен
дене күші мығым, белсенді, өмірлік позициясы айқындалған жас өспірімді
дамытып қалыптастыру.
Зерттеу пәні - бала мен ата-ана, қоғам қарым-қатынасының тәрбиелік ықпалын
арттырудың педагогикалық шарттары.
Зерттеу міндеттері: Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік
өзгерістерге және халыққа білім беру мен мектеп өміріндегі жаңалыктарға
байланысты педагогика курсын оқып-үйрену, жаңа міндеттерді шешуді талап
етеді:
- қазіргі тәрбие принциптерінің өз ерекшеліктерін анықтау;
- халык педагогикасы мұраларын, отбасындағы тәрбиенрі зерттеу;
- оқыту мен тәлім-тәрбиенің негізгі заңдылықтары мен принциптерін
дұрыс қолдана білу.
Зерттеу мақсаты — қазіргі тәрбиедегі ата-ананың, қоңамның балаға
тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттарын қарастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы - егер бала мен ата-ана,қоғам қарым-
қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттарын
айқындайтын болсақ, онда бұл отбасы, қоғам тәрбиесіндегі қателіктердің
алдын-алуға мүмкіндік туғызады.
Жетекші идея – қазіргі тәрбие принциптерін, педагогикалық шарттарын
ұтымды пайдаланса, қазіргі заман отбасы, қоғам тәрбиесіндегі ауытқулардың
азая түсетіні.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері болып — отандық және
шетелдік педагогика-психология ғылымындағы отбасы қарым-қатынасы жайлы
ғылыми қағидалар; қарым-қатынас құрылымындағы ата-ананың балаға тәлім-
тәрбиелік ықпалына қатысты ізгілікті философиялық тұжырымдар; отбасы қарым-
қатынасы туралы
А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Д.И.Фелдштейн сынды ғалымдардың ой-
пікірлері мен ережелері.
І. Бөлім. Қазіргі тәрбие принциптері, негізгі принциптерге сипаттама
1.1. Тәрбие формалары
Тәрбие формасы - тәрбие үрдісінің сыртқы белгісі.
Тәрбие құылысының белгісі және ішкі бірлігінде философиялық
котегорияның мазмұны мен формалары айқындалады. Мазмұны мен формасы бір -
бірімен өзара байланыста болады, мазмұны өзгерсе формасы да өзгереді.
Тәрбие мазмұны қалыптасады, ал форма сол мазмұнмен толықтырылады. Жетекші
рольді мазмұн атқарады.
Тәрбие үрдісінің мазмұнына рухани, адамгершілік, дене, эстетикалык,
еңбек, әлеуметтік т.б. жеке бастың қасиеті кіреді.
Тәрбие формасы балалардың санына қарай мына топтарға бөлінеді: Жеке,
кіші топтық және көпшілік. Тәрбиеленушілердің саны топта 5-7-ден 25-40 - қа
дейін өзгереді.
Тәрбие кызметін және мазмұнын жүзеге асыруда, әсіресе оны басқаруға
тәрбиеленушілердің санына ерекше мән беріледі. Тәрбиеленушілердің саны
өскен сайын, тәрбиенің сапасы төмендейді. Әр түрлі формалардың ұтымдылығын
салыстыруға да әрине жеке және кіші топтык тәрбие формалары алдыңғы катарға
кіреді. Қазіргі тәрбие жүйесі көп жағдайда топтық (ұжымдық) тәрбие
формаларына ауысты.
Мектептегі тәрбие жүйесінде топтық формаларды ұйымдастыру ұжымдық форма
деп аталады. Ұжым - тәрбиенің маңызды кұралы.
Тәрбие қоғамдық категория, тәрбиешілердің мақсаты: қоғамның, ұжымның
перспективасын баланың санасынан өткізіп, оның перспективасына айналдыру.
А.С. Макаренко жаңа адам тәрбиелеу майданына белсенді араласты.
Макаренко ұжымды - әлеуметтік тірі организм, себебі оның мүшелері бар, олар
біріне-бірі тәуелді. Ұжымсыз жеке тәрбие ойдағыдай болмайды, тәрбиенің
мақсатына ұштаспайды. Балалардың талаптары да ұжым арқылы ғана дамып жүзеге
асырылып отырады [11].
Сөйтіп, жеке тұлғаның даму, калыптасу кезеңдерінде алдарына қойылатын
коғамдық мәні бар мақсат-міндеттерді, талап-тілектері іс жүзіне
асырудағы әрекеттері мен оқушының бойындағы бейім
қабілеттері аралықтарында ішкі қарама-кайшылық_туып, бұл
құбылыстың баланын дамуына негіз болатын ен басты қозғаушы күш болып
саналады.
Тұтас педагогикалық үрдісте тәрбие ерекше орын алады. Жеке адамды
қалыптастыруда осы үрдістің мәнін мына құрылым арқылы анықтауға болады. (1-
сурет)
Осы сурет бойынша егер де жеке адамды қалыптастыру үнемі бақылауда
басқару сипатында болса, адамдар саналы, арнайы жоспармен белгілі
міндеттеріне жүгінсе ғана тәрбие көрініс береді.
Тәрбие жеке адамды мақсатты түрде қалыптастыру болып табылады.
Тәрбие үрдісі дегеніміз – мақсатты орындауға бағытталған тәрбиеші мен
тәрбиеленушінің ынтымақтастығы [3].
Бүкіл тәрбие үрдісі ұйымдастырылып жүргізілудің әрбір кезендерінде
ішкі қарама-кайшылықтарға кездесіп отырады. Бірак тәрбиенің әрбір
өрбу сатысында окушының жинақталған оқу іс-әрекеттері мен мінез-
құлық тәжірибелері байыған сайын және дамып отыруына байланысты, айтылып
отырылған ішкі қарама-қайшылықтар жойылады. Негізінде, тұлғаның дамуы
тоқталып қалмайтыны сияқты, оқушының алдына жаңа міндеттерді шешуді талап
ететін қиын сұрақтар туындап, жаңа дәлелді ішкі қарама-кайшылықтар қайтадан
туады.
Сонымен тәрбие үрдісінің ішкі қарама-кайшылығының мәні оқушыға
жасалынатын сыртқы әсерлер, педагогикалық ықпалдар мен баланың ішкі
позициясы, яғни жан дүниесі мен қызығушылығы аралықтарында туындайды.
Әрине, әр кезде сыртқы әсерлер, ыкпалдар баланын ішкі
мүмкіншіліктерімен жұптаса бермейді. Сонда да болса, әлеуметтік маңызы зор
адамгершілікті қадыр-қасиеттер жеке тұлғаның ішкі талап-тілектерімен біте
кайнасып, тәрбие жұмысының болашак бағыт-бағдары соған бағдарлануы тиіс.
Ал сыртқы карама-қайшылыктар тәрбие үрдісінің кедергісіз, тиянақты,
жүйелі өтуіне кедергі болып, қиындықтар туғызады. Ол мынадай қарама-
қайшылықтар:
• мектеп, қоғамдык тәрбие мен жекеленген отбасы
тәрбилері аралықтарында көзге түсіп, мектеп талабына тікелей
немесе жанама түрінде отбасы қарсылық білдіреді;
• мектеп тарапынан ұйымдастырылған жоспарлар тәрбие ықпалдары мен
баланың қоршаған кездейсоқ орта әсерлері мен
ықпалдары аралықтарынан байқалынады;
• педагогикалык ұжым мүшелері оқушыларға біркелкі талаптар қоймай,
олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлыктарында
жағымсыз қылықтардың орын алуына жағдай жасауынан
мұғалімдер мен оқушылар арасында дау-данжал, келіспеушіліктер
болып тұрады.
Әрине, жоғарыда көрсетілгендей тәрбие үрдісіндегі сыртқы карама-
қайшылықтарға назар аударып, окушыларға жан-жақты мақсатты педагогикалық
ықпалдар жасаған мұғалімдер мен ата-аналар ауыз бірлікте болуы кажет.
Сонымен бірге, оқу тәрбие үрдісінің мазмұны өте бай, бүгінгі күнгі өмір
талабына сай, романтикалык принципте ұйымдастырылып оқушының ішкі жан
дүниесіне, іс-әрекеттері мен қызметіне, бағыт-бағдарларына негізделінуі
тиіс.
Тәрбие үрдісінің заңдылығы деп педагогикалык құбылыстар мен үрдістердің
бір-бірімен объективті түрде байланысып жатуымен сипатталынады. Былайша
айтқанда, тәрбие үрдісінің зандылығы қоғамдык құбылыс ретінде тәрбие
заңдылығы мен жеке тұлғаның даму заңдылығына тән. Әрбір жеке адамның іс-
әрекеті мен қызметі және басқа адамдармен қарым-катынасы, онын әлеуметтік
өмірін күрайды, Сол себептен іс-әрекет пен қарым-катынас - тәрбие үрдісінің
негізі, қоғамдық мәні зор адамгершілік сапаларын қалыптастыратын өзекті
тірек.
Окушылардың сапасы, мінез-құлкы, сана-сезімдері, талап-тілектері мен
мұқтаждықтарының қалыптасуы мен дамуы, мақсаты және бағыт-бағдарлы
ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарының қортындысы ретінде, оларды
қоршаған ортаның (әлеуметтік және табиғи) тікелей ықпал жасауымен
калыптасады. Себебі жеке адамның айналасын қоршаған заттар мен нәрселер,
табиғи және әлеуметтік құбылыстардың барлығы, оның сана-сезіміне, мінез-
құлқына, рухани дүниетанымына өзіндік ізін қалдырады.
Сондықтан да, тәрбие үрдісінің мазмұндары қоғамдық ортаның объективтік
және субъективтік факторларымен тығыз байланыста болатындығы тәрбие үрдісі
зандылыктарының бірі болмақ.
Әлеуметтік орта әр салалы коммуникативтік құралдар мен бұқаралық
ақпараттар окушыларға стихиялы түрде әсер етсе, олардың микроортасы -
отбасы мүшелері, жора-жолдастары мен туған-туыстары бұларға тікелей
педагогикалык ықпалдар жасайтындығын айтқанбыз.
Бірак жас өспірімнің дара ерекшелігі, эмоциялык көңіл-күйі, жігер-
қайраты, ішкі дәлелі, өмір кажеттілігі, осындай педагогикалық сыртқы
ыкпалдарға, әсерлерге қалай карайтын өзгешеліктерімен мінезделінбек. Сыртқы
ыкпалдардың ішкі позицияға әсері, оны қорытып, белгілі шешімдерге келіп,
өмірлік бағдарлау жасау - жеке адамның калыптасуы мен дамуының кажетті
шарты болмақ.
Осыған орай, жеке адам тәрбие мен дамуының бірлігі мен өзара
байланыстылығы - тәрбие үрдісі заңдылығының екінші құрамын құрайды.
Окушының жүйелі дамуын, біз оның психикалык іс-әрекеті мен кызметінін
сапалык түрғыдан өзгеруінен, мінез-құлыұта жаңа адамгершілік
сипаттамалардын қалыптауынан байқаймыз. Әрине, бүл үрдістің үнемі алға
жылжып, ешқандай қарсылықсыз, қайшылықсыз дамиды деп айтуға болмайды.
Өйткені, тәрбие үрдісінде кейде мектеп пен отбасы тәрбиесі арасында оқушыға
қойылған сыртқы талаптар мен онын ішкі жандүниесі аралығында, қоғамдық
пікірлер мен жеке басының мүддесі арақатынасында туындаған қарама-
кайшылыктардың жолын тауып, шешуге көмектесеміз. Сыртқы әлеуметтік манызы
зор ыкпалдардың жеке адамның ішкі үрдісінде, яғни рухани күйіне,
дүниетанымына, эмоциялык ерік күй-сипатына, сана-сезімі мен мінез-құлкына
айналса, соғүрлым тәрбие үрдісінің мазмұны жеке адамның ішкі позициясына
жасаған ықпалы өте жоғары болатындығын тәрбиенің үшінші зандылығы тудырады
[5].
Адамның дамуына коғамдық орта, тәрбие, микроортасы, қарым-қатынасы, іс-
әрекеті мен қызметі себепші болады.
Педагогикалык үрдісте оқушылардың қоғамға пайдалы іс-әрекеті мен
қызметін және айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жүйесін адамгершілікті
сипатта жоспарлы және ұтымды нәтижелі ұйымдастырсак, олардың дәлелді талап-
тілектері мен мұқтаждықтарын, эмоциялық және интеллектік дәрежелерін
имандылык, демократиялык принциптер негізінде тәрбиелесек, тәрбие үрдісінің
қорытынды нәтижесі бүгінгі өмір талабына сай болуьі - тәрбие жұмысының
төртінші заңдылығын құрастырады.
Өмір талабына орай ұйымдастырылған тәрбие әр уақытта өзін-өзі
тәрбиелеуге себепші болып, адамның күш жігерін жұмылдырып, рухани байлықты
игеруге итермелеп, өзінің мінезіндегі кемшілікгі жеңуге шабыттандырып
әрбір окушының өзін-өзі жетілдіруге талаптандырады.
Тәрбие өз алдына қойған мақсатына жетуде окушының өзін қатыстырып, өзін-
өзі тәрбиелеуге ұйтқы болып, алдына айқын мағыналы болжам -мақсат қойып,
оны іске асырады. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие мазмұнын толықтырып, оның
көлемін, дәрежесі мен нәтижелігін кеңейтеді. Бұл мағыналы әрекет жеке
адамның белсенділігін күшейтіп, тәрбие үрдісінің тиімділігін арттырады. Сол
себептен, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігін - тәрбие үрдісінің бесінші
заңдылығын айқындайды.
Қазіргі кезеңдерде тәрбие тиімділігін арттыруда, қоғамдық тәрбие
үрдісінің заңдылықтары мен қозғаушы күштері жайлы хабарлар болу өте қажет.
Себебі, бұл үрдіс, ең алдымен, тәрбие жұмысының идеялық бағыттылығын
арттырса, мүғалімдер мен оқушылар коллективтері қызметтерін заңдандырып,
олардың қоғамдық белсенділіктері мен еңбекке құштарлықтарын дамытып, жалпы
педагогикалық енбектің соңғы қорытынды нәтижесін көре, білуге мүмкіндік
береді.
1.2. Тәрбие принциптері, негізгі принциптерге сипаттама
Тәрбие принциптері дегеніміз - тәрбие үрдісінің мазмұны, ұйымдастырылуы
мен әдістерін айқындайтын ережелер, алғы шарттар, талаптар және бағыттаушы
қағидалар жиынтығы.
Тәрбие принциптері адам факторын жеделдету және оқу-тәрбие үрдісін
гуманитарландыру, жеке адамның жан-жакты даму зандылыктарына негізделген.
Көрнекті педагогтар Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, С.Т. Шацксий, П.П.
Блонский, В.А. Сухомлинский т.б. педагоггар, тәрбие принциптерінің негізін
айкындады.
Педагогикада тәрбие принциптерінің төмендегідей жүйесі қалыптасты:
• тәрбиенің мақсаттылығы;
• тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, коғамдық құрылыс
практикасымен байланыстылығы;
• сана мен мінез-құлықтың бірлігі;
• еңбек арқылы тәрбиелеу принципі;
• жеке адамға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлікте болу
принципі;
• балалардың жас өзгешелігі мен дара ерекшеліктерін
есепке алу принципі;
• жеке адамды ұжымда тәрбиелеу принципі;
• оқушылардың саналылығын, белсенділігін, өзіндік әдеттерін дамыту
принципі;
• педагогикалық ықпалдың сабақтастығы мен толассыздық принципі;
• адам бойындағы жақсылық нышандарға сүйсіну принципі;
• тәрбие үрдісінде мектеп, отбасы әрекетінің бірлік принципі;
• біртұтас тәрбие үрдісінде тәрбие принциптерінің өзара байланысы.
Соңғы жылдары жарық көрген педагогикалық оқу орындарда арналған
оқулықтарда және оқу бағдарламаларда да тәрбие прициптері мен дидактикалық
принциптер өз алдына жеке қарастырылады. Бұл тәрбие үрдісі мен оқыту
үрдісінің өзіндік ерекшеліктерін талдап, тақырыпты жете меңгеруге мүмкіндік
береді.
Ал тәрбие мен оқыту принциптерін салыстырып қарағанда олардың
көпшілігінің тәрбие үрдісіне де, оқыту үрдісіне де тікелей қатысы барлығын
көреміз. Себебі тәрбие мен білім беру- бір-бірінен бөлінбейтін өзара тығыз
байланысты, біртұтас педагогикалық үрдіс [12].
Тәрбиенің мақсаттылық принципі. А.С. Макаренко педагогикалық жүмыстың
жемісті болуының ең кажетті шарттарының бірі тәрбиенің міндет-мақсаттарының
анык, айқын түрде белгіленуі деп есептеген. Тұтас педагогикалык үрдістің
негізгі мақсаты - жан-жакты дамыған жеке адамды қалыптастыруды іске асыру.
Тәрбие жұмысының мақсаттылығы, идеялық бағыттылығы саналы творчестволык
сипатта болуы мұғалім мен коллективтің іс-әрекетін бағдарсыздықтан,
кездейсоқтықтан сақтандырады.
Осы мақсаттарға орай, педагогикалық ұжым және әрбір мұғалім-тәрбиеші
тәрбие жұмысың белгілейді, оның мазмұнын анықтайды, жеке оқушылардың,
ұжымның ерекшелігіне талап-тілектеріне сүйене отырып, жұмысты жоспарлы
түрде және белгілі жүйемен жүргізеді.
Жас ұрпақтың әрдайым өмірдегі, жаңалықты қуаттайтын, алдыңғы қатардағы
ойды қабылдайтын, ескірген, күні біткен ереже, тәртіптерден тез арылатын
етіп тәрбиелеу тәрбиенің идеялық бағытын шешіп отырады.
Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құбылыс, практикасымен
байланыстылығы.
Өмір мектебі - ең қуатты тәрбие мектебі. Ұлы физиолог И.П. Павлов адам
организмінің өмір әрекеті коршаған ортаның ықпалымен, адам өмір сүруінің
жағдайларымен байланысты екенін көрсетгі. Осы әсерді ол өмірлік тәрбие
деп атады. Осындай тәрбиеден - өмір мектебінен тек ересектер ғана емес,
жас ұрпақта өтеді. Сондықтан тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық
тәжірибемен байланысты болу принципі оқушыларды қазіргі өмірдің барлық
саласынан хабардар болуды, өз елінің, туған өлкесінің өткенімен бүгінгісін
білуде, адамзат мәдениетінің ізгі бастаулары мен жалпы адамзаттың ізгілік
қасиеттерді түсінуді, меңгеруді талап етеді.
Қоғамды зкономикалык, әлеуметтік саяси және рухани сауықтыру жолында
елімізде жүріп жатқан қайта құру үрдісіне жас жеткіншектердің өз
мүмкіндіктерімен белсенді қатысуы, олардың өмірлік позицияларын айқындап өз
Отанының азаматы болып қалыптасуларына ықпал жасайды.
Адам белсенді іс-әрекет үстінде ғана азаматтық мінез-құлық ережелерін
меңгереді. Бала табиғаттан іс-әрекеттілікті қалайды. Әрекетсіз, енжар,
пассив, селқос болу бала психологиясына тән емес. Сондықтан мектепте оқыған
алғашқы күндерінен бастап оқушылар сан қырлы жұмыс саласына қатысады (оқу
еңбегі, өндірістік еңбек, қоғамға пайдалы еңбек, өзін-өзі күту еңбегі
т.б.).
Қоғамдық өмір тәжірибесіне қатысуы арқылы балалардың бойында
адамгершілік, ізгілік қасиеттері мен еңбек ету, іс-әрекеті нәтижелі орындау
мүддесі калыптасады. Сонымен қатар тәрбиенің өмірмен байланыстылығы,
өмірдің келеңсіз кұбылыстарымен - өзімшілдік, құлқын құмарлык, сұғанақтық,
қатыгездік, қайырымсыздық, сияқты басқа да жағымсыз жақтарымен күресе
білуге де шынықтырады.
Сонымен тәрбиенің өмірмен байланысы жөніндегі принцип тәрбие жұмысының
мазмұнын және оның ұйымдастырылуың үнемі жаңартып, жетілдіріп отыруды қажет
етеді.
Жеке адамға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлікте болу
приңципі. А.С. Макаренко: Менің негізгі принципім (ал бұл принцип тек қана
менікі емес, сондай-ақ бүкіл адамзат педагогтердің де принципі деп
санаймын) әрқашан адамға барынша көп талап қою, сонымен қатар оны мейлінше
қатты сыйлау болып табылады) - деп өзінің педагогикалық тәжірибесін
қорытындылайды [11].
Балаларға орынды талап қою мен оларға парасатты сүйіспеншілік пен
құрмет көрсете білу бірлігі - тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың ең
қажетті шарты.
Тәрбиеленушіні сыйлау және оған талап қою дегеніміз баланы жан-жақты
білу, оның қабылеттерін мен мүмкіндіктерін, күшті және осал жақтарын
айқындау және оның жағымды қасиеттерінің дамуына педагогикалық қолайлы
жағдай туғызу, ыкпал жасау болып табылады.
Бала әрқашанда өзінің мінез-құлқына, іс-әрекетіне баға беруді қалайды.
Сондықтан балаға жоғары талап қою, оның күш жігері және қабілетіне сенім
көрсетумен ұштасуы керек.
Бұл принцип тәрбиеленушінің жеке басын сыйлаушы, оған сергек әрі көңіл
қойып қарауды, шамадан тыс қамқорсу мен әкімшілік етуге жол бермейтін
сенімді және ылтипатты қарым-қатынас жасауды көздейді.
Адамның адамға қамқорлығы - адамның адам үшін жауапкершілігі адамның
адамды қажетсінуі мектеп, отбасы өмірінен қалыптасады.
Сана мен мінез-кұлықтың бірлік принципі. Сана адамның мінез-кұлқын, іс-
әрекетін бағыттап отырады. Сана мен мінез-құлықтың, іс-әрекеттің бірлігі
мектептегі бүкіл оқу-тәрбие үрдісіндегі ережелер, талаптар, нормалар
оқушылар үшін жаттанды түрде болмай, түсінікті, саналы болуын көздейді.
Бұл принцип адам бойында борыш, ар-ождан, талғам мәдениетті мінез-
құлықтың, адамгершілік қадір-қасиетінің, өмірлік бағыттың үйлесімді
дамуының қажеттілігін қамтиды.
Ұлы Абай: Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез
деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де -
ақымақшылдық, - деп адамның шынайы саналы өмірін дәріптеген.
Республика мектебінің оқушысына тек азаматтың адамгершілік
ұғымдарды, қоғамның нормалары мен талаптарын жақсы меңгеруі ғана емес, оған
белсенді өмірлік позиция, қоғамдық борышқа саналы қарау, сөз бен істің
бірлігі, өзінің адамгершілік қасиеттерін жетілдіріп отыруға ұдайы әзір
тұрушылық тән. Сонымен қатар сана мен мінез-құлыктың бірлігі -
адамгершілікке жатпайтын іс-әрекеттермен мінез-құлықтарға қарсы күресе білу
дағдысын қалыптастырады, тәрбие жұмысында формализмнің болмауына елеулі
ықпал жасайды [3].
Еңбек арқылы тәрбиелеу принципі. Жеке адамның бүкіл ең тамаша қасиеттері
жасампаз, творчестволык еңбек үрдісіде қалыптасады. Еңбек-тэрбиенің күшті
құралдарының бірі. Ол адамның жеке басының қасиетін танытудың, адамның
қабілеті мен икемділіктерін, ынта-ықыласын ұштай түсудің белгісі әрі шарты
болып табылады.
Еңбек арқылы тәрбиелеу принципінің мәні - адамды тек материалдық және
рухани байлықтарды жасаушы ғана емес, сондай-ақ, оны адамзат ретінде
көрінетін жеке тұлға етіп, қалыптастыруда. Еңбек - адамның жан-жақты
жетілуінің негізі. Сөз бен істің, қабілет пен дарындылықтың, қасиет,
сапалардың сыналар жеріде адал еңбек.
Творчестволық бай мұрасымен халқымызға қайта оралған ұлы ақын
Шәкәрім Құдайбердиев Бостандық таңы атты өлеңінде:
Ақылды сол - мансап пен ар сақтайды,
Арсыз сол - арамдық пен жан сақтайды.
Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп,
Жаны үшін адамшылық ар сақтайды, - деп
ұстаздық жүрек үнімен адам өмірінің мың алуан құбылыстарында еңбектің
адамгершілік сипатын өлең принципі өрнектейді [15].
Қазіргі мектептерде еңбектің тәрбие принципі ретінде жүзеге асырылуының
әдіс-тәсілдері, жұмыс түрлері мен мазмұны айқындалған. Мысалы, еңбектің әр
салалы түрі, әр жастағы балаларға түрліше әсер ететіні туралы Н.К. Крупская
еңбек балалардың күшін әлсіретпеуі тиіс, керісінше, ол шамаға қарай беріліп
ақыл-ойға азық болуға тиіс екенін ескертеді.
Қазір еңбектегі жай аткарушылык, жеткіліксіз еңбектегі іскерлік,
білгірлік, жаңаны сезіне, инициатива мен батылдық, жауапкершілікті өзіне
алуға әзірлік, жұмыстың нәтижелігін үйренуге талпыныс сияқты қасиеттердің
маңызы барған сайын арта түсуде.
Сондықтан еңбек арқылы тәрбиелеу принципі тәрбие үрдісінің негізгі
принциптерінің бірі болып саналуы заңдылық.
Тәрбие үрдісінде мектеп, отбасы әрекетінің бірлік принципі. Қазіргі
мектептің озат тәрбиесі балаға қойылатын талаптар бірлігі мен оларға
педагогикалық ықпал ету бірлігінің қажеттігін дәлелдейді.
Ата-ана-табиғи тәрбиешілер. Ата-ананың жылы жүрегінен, мейрімді
жүзінен, аялы алақанынан, ыстық құшағынан балаға дүние есігі ашылады. Оның
дүние танымының бастауы отбасынан басталып, мектеп мұғалім тәрбиесімен
жалғасып отырады. Сондықтан отбасы, мектеп, жұртшылық өзара бірлікте,
педгогикалық ынтымақтастықта болуы балаларды дұрыс тәрбиелеудің кепілі.
Қазіргі қоғамдық дамудың кезеңдеріне байланысты туындап жатқан
проблемалар, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық түбегейлі өзгерістер, саяси-
рухани саладағы жаңарулар, тұтас кешенді жағдайлар жалпы педагогика
ғылымының күрделі бөлімі отбасы педагогикасының алдына жаңа міндеттерді
жүктейді.
Сонымен тәрбие үрдісінде барлық тәрбие принциптерінің негізінде
педагогикалық ықпалдың бір-бірімен байланыстылығы, әрі сабақтастығы жүзеге
асырылады.
1.3. Тәрбиенің жалпы әдістері
Тәрбие әдістері - тәрбие үрдісінің өте күрделі компоненті. Себебі
тәрбие әдістері қазіргі коғамның түбегейлі қайта құру жағдайындағы сан-
салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен катар тәрбие
әдістері жан-жақты тәрбиенің ізгі мақсатына, принциптеріне,
тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.Соның ішінде тәрбие әдісінің мәні
үнемі тәрбиенің мақсатынан туындап отырады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп қырлы
болғандықтан, оған әр түрлі анықтама берілген.
Авторлардың бір тобы (В.А. Сластенин, Ю.К. Бабанский т.б.) тәрбиеші мен
тәрбиеленушінің өзара байланысты іс-әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп
айтады. Бұл іс-әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталады.
Ал, Т.А. Ильина оқушыларға тәрбиелік ықпал ету әдістері немесе тәрбие
әдістері дегеніміз - тәрбиенің оқушылардың бойында дұрыс көзкарасты және
мінез-құлық әдеттері мен дағдыларың қалыптастыру мақсатында, олардың санасы
мен ерік-күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы дейді.
Екінші сөзбен айтканда, тәрбие әдістері тәрбиеші мен тәрбиеленушінің
бірлесе отырып жүргізетін іс-әрекетінің құралы болып табылады.
А.С. Макаренко тәрбие әдісің психологиялық тұрғыдан қарастыра келіп,
бұл әдіс баланың жеке басына жанасудың ықпал етудін кұралы болатынын өте
дәл сипаттайды. Қазіргі психологгар адамның жеке касиеттерін
зерттеу нәтижесінде адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен
төрт бөліктен тұрады:
- адамның сезімінен;
- санасынан;
- сенімінен;
- мінез-құлық, әдет-дағдыларынан құралатынын көрсетеді.
Мектеп тәжірибесінде тәрбие әдісін қолданылғанда тәрбиешілер
психологтардың жоғарыда келтірілген дәлелді тұжырымдарын, атап
айтқанда, адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт
бөліктен құралатынын әрдайым ескеруі керек.
Сонымен, қазіргі кезде оқыту-тәрбие беру ісін қайта құрудағы
белгіленген даму идеясы баланың жеке адам болып қалыптасуында тәрбие әдісін
психологиялық негізде қолданылу шешуші рөл атқаратындығына аса назар аудару
қажет екенін көрсетіп отыр[12] .
Көрсетілген пікірлерден тәрбие әдісінің әр салалы мәнін анықтауға
болады:
- тәрбие әдісінің ең басты міндеті тәрбие үрдісін гуманитарландыру
тұрғыдан қаруландыру;
- тәрбие әдісі ең алдымен тәрбиенің мақсатын және мазмұнын жүзеге
асыратын құрал;
- тәрбие әдісі тәрбиенің мақсаты арқылы анықталады,
тәрбиенің мақсаты кандай болса, оның міндеті және тәрбиенің мақсатын жүзеге
асырудың әдістері соған сай болады;
- тәрбие әдісінің тиімді болуы мұғалімнің сырттай тәрбиелік ықпал
жасауымен қатар баланың тәрбиелік қатынасқа іштей өзіндік ниетін,
ықыласын, сезімін туғызуымен де байланысты.
Тәрбие құралдары
Тәрбие әдісінің теориясында тәрбие әдісімен қатар тәрбиенің кұралдары,
тәсілдері, ұғымдары айтылады.
Тәрбие құралдары - дегеніміз арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге
арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған методикалық жолдар.
Ал, тәрбие тәсілдері педагогикалык жаттарға байланысты жеке тәрбие
әдісі, тәрбие тәсілі ретінде қолданылады.
Тәрбие тәсілі - тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақтылы жағдайда
тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін
айқындайды.
Кейбір педагогикалық мәселені шешуде тәрбие тәсілін тәрбие әдісі
ретінде қолданылуға болады.
Мәселен, әңгіме - ол адамның көзқарасы мен сенімнің қалыптастыру
әдісінің негізгі бір құрамды бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге үйрету,
жаттығу, әдістерін жүзеге асырудың кейбір кезеңдерінде әңгіме әдістемелік
тәсіл ретінде колданылады.
Тәрбие әдісінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz