Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Туған ел – жалғыз
тірегім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..7
2. Ақын арнауларындағы тұлғалар
галлереясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .16
3. Ақын поэзиясындағы тәуелсіз қазақ елі
Астана – тәуелсіздік тақ-
тұғыры ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..31
Кіріспе
І. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеуде белгілі ақын, мемлекет және қоғам
қайраткері Кәкімбек Салықовтың шығармашылық жолы қарастырылған.
ІІ. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кәімбек Салықов – тәуелсіз қазақ
елінде болып жатқан оң өзгерістердің барлығын жырға қосқан зейінді де
зерделі ақын. Кәкімбек Салықов поэзиясында туған елін тірегіне, Астананы
тәуелсіздік тақ-тұғырына балап, Қазақстанның күн сайын өркендеуін жыр-
дестесіне арқау етеді. Жалпы поэзиясынан ұлтжандылық рух ескен Кәкімбек
Салықовтың шығармашылық, рухани өрісін арнайы зерттеу, оның нәтижелерін
қазіргі көркемдік сабақтастықта қарастырып, ақын шығармашылығының
руханияттағы орнын анықтау – зерттеу өзектілігін тереңдете түседі.
ІІІ Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Кәкімбек Салықовтың өмір жолы, шығармашылық жол жөнніде Т.Қажыбайдың,
А.Арыстанбектің, М.Бекееваның, Қ.Тасымқызының, С.Тілеубаевтың толымды пікір-
пайымдаулары, зерделі тұжырымды мақалалары бар.
ІV Зерттеудің нысаны.
К.Салықовтың туған жерге, Астанаға арналған өлеңдері. Зерттеу еңбегінің
нысаны ретінде К.Салықовтың Әлемнің сегізінші ғаламаты (2007), Күзгі
сарын (2005), (1980), Тәттімбет (2005), Күзгі шуақ (2004), Жезкиік
(2003) Көкжиекке тартқан көш (1997), Мәңгі шуақ (1979), Парасат сыры
(1980) жыр жинақтары алынды.
VІ. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
К.Салықовтың шығармашылық мұрасын ғылыми айналымға енгізу – зерттеу
жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осы мақсат жүзеге асуы үшін зерттеу
жұмысының алдында мынадай міндеттер қойылды:
- Ақынның туған жерге арналған өлеңдерін зерделеу;
- Ақынның арнау өлеңдерін талдап, таразылау;
- Астанаға арналған өлеңдерінің идеялық, көркемдік ерекшеліктерін айқындау;
VІІ. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
Зерттеу барысында К.Салықовтың қазақ әдебиеті тарихында алғаш рет
тәуелсіздік алғаннан бері туған жерін, Қазақстанның көркем бейнесін,
көркейген Астананың келбеті арқылы бейнелеп, айрықша жырларында асқақтатқан
айтулы ақын екендігі анықталды.
Курстық жұмыстың құрылымы
Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Кезінде қазақ топырағының ұлы перзенттері Ақан сері мен Үкілі Ыбырай,
Тәттімбет пен Нұрғиса, Мағжан мен Сәкен таланттарын тебірене толғап, Қаныш
тәрізді ғұламаларын құлай жырлаған, даласын, сол дала төсінде жүйткіген жез
киігін, Құлагерін, аспанында самғаған аққу құсын әнге қосқан Кәкімбек
Салықов қазақ поэзиясының жарқын жұлдызы, кең қолтық, кең тынысты эпикалық
дастан-толғауларынан бастап сұлу лиризмге толы, бай өлеңдеріне дейінгі
аралық талай-талай текті дүниелерімен олжа салды.
Қазақ халқының маңдайына біткен ірі тұлға, ел-жұрты жалғыз сұлу
сезім, сырлы ырғақты шоқтығы биік поэзиясын ғана емес, ел бастап, көсем
сөйлер зор қайраткерлік қарым-қабілетке толы еңбек жолын да ерекше мақтан
тұтатын Кәкімбек 1932 жылы 22 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын
ауданы, Еңбек аулында дүниеге келген. 1955 жылы Мәскеудің түсті металлургия
және алтын институтын бітіріп, кейін Жезқазған кенішінде кен мастері,
уческе бастығы, Жезқазғанның Қ.И.Сәтбаев атындағы кен-металлургия комбинаты
парткомы-хатшысы, Жезқазған қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы,
Жезқазған облыстық партия комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарды. Көп
жыл бойы КОКП Орталық Комитетінің аппаратында инспектор болып қызмет
істейді. 1984 жылы Өзбекстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бюро
мүшесі, Қарақалпақ облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет
етеді.
Алғашқы өлеңдер жинағы Сыр 1970 жылы жарық көрді. Ал, жалпы, сол
уақыттан бері күні бүгінге дейін ақынның әр түрлі баспалардан отызға жуық
кітабы шығыпты. 1977 жылы Жезкиік атты өлеңдер жинағы орыс тіліне
аударылып жарияланды. 1981 жылы Қырғызстан баспасы оның Нұрлы күндер
атты кітабын қырғыз тілінде, 1983 жылы Ғафур Ғұлам баспасы Жез киік
жинағын өзбек тілінде шығарды. Нұрлы күндер жинағы Мәскеу қаласынан
шықты. Ақын Дала – дастан, Че Гевара, Гәкку, Жезкиік, Еңлікгүл,
Тәттімбет секілді көптеген поэмалардың авторы.
Кәкімбек Салықов сезінгенін іркіп қала алмайтын, қуанышын да, ренішін
де оқырманын ортақтастыра алатын шын сезім ақыны. Оның жырлары өзі туған
Көкшенің саф ауасындай таза, қайыңдары мен қарағайындай биік және әдемі,
көлдеріндей айдын, бұлақтарындай мөлдір. Туған табиғаты сүйікті ұлына
қүйылып тұрған сұлу жыр сыйлаған. Оған Ақан әндерінің сұлулығы мен
сыршылдығы, Ыбырайдың өрлігі, Мағжанның сезімталдығы дарыған. Сезім
шыңшылдығы оның өлеңдеріндегі ойды ашып, нақтыландырады 6.3.
Кәкімбек жырлары табиғатынан татымды, нәрлі, олар жүрекпен
жазылғандықтан өмірлі, ғұмырлы, ұмытылмайтын көңілге ұғынықты дүниелер.
Ақын поэзиясының сан қырлылығы, көп мағыналы, айшықты, өмірдің өзіндей
нақты да ақиқатты болып келетіндігі сүйсіндіреді. Туған өлкенің тамылжыған
табиғатынан бастап бүгінгі ғаламдық түрлі құбылыс атаулыға дейін, бүгінгі,
кешегі ауыл тіршілігінен бастап қазіргі адамзат өркениетінің кешегі-бүгінгі
қалтарыс-қатпарларына дейін ақын санасына сәулесін мол түсіріп, ол
таразыланып, қайта қорытылып, ақынның ой-көрігінде қайта шыңдалып,
жарқырып, нұрланып, жаңа мазмұнға, мәнге, жаңа түрге ие болып, қайта-қайта
қарға аунаған қырмызы түлкідей құлпырып шыға келетіні бар. Табиғат
көріністері, басқа да әсерлер ақынның ақыл-ойымен санасын қоректендіріп,
ішкі жан-дүниесіне, сезім қырына, қынына қозғау салып, қиялын шарықтатып,
содан кейін ғана айшықты, бейнелі сырлы мұңды, нәзік те пәк, таза да
мөлдір, әуенді де әуезді жыр болып төгіліп кете барады 7.7.
Ақын жырларын, толғауларын, лирикалық өлеңдерін оқып отырғанда,
қарапайымдылықты, кәдімгі қазақи қара өлеңдердің үрдістерін тану қиын емес.
Оларда жадыраған жаздың жайлы қалпы,да сыр тербетер ақ қайыңды алқабы да,
қоңыр күзі де, ақ моншағы төгілген қыраулы қысы да, жасыл-желекті көктемі
де, қысқасы қайнаған тіршілік атаулының бояуы да, тынысы да, ажары да,
айтары да жыр болып тізіліп жүре береді.
Ақын К.Салықов шығармалары ұлттық әдеби құбылыстарға толы болды,
сонымен қатар сөз қадірін түсінер оқырманның көңілінен шықты және бүгінге
дейін сол биік деңгейін жоғалтқан жоқ. Ақын жырлары өзіндік ерекшелігімен,
қаламгерлік шеберлігінің қырларымен таңдандырады. Оның поэзиясы – өткір,
жарқын және кіршіксіз таза.
Және де олар алдыңнан жай шықпайды, қиюластыра келтірген сөз
құдіретімен жаныңа жайлы бір самал желпіте, сол тіршілік рауанына араласып,
кеткендей сезім құшағына бөлеп жүре берер жаныңның сезімін оятар әлдебір
құмарлық-құштарлықпен шығарын да қайтерсіз?! 7.7
Ақынның арналы тақырыптары сан алуан. Олар: туған жер, мөлдір
махаббат, тілге деген құрмет, тілектестік, ару қала Астана, тәуелсіздік,
табиғат лирикасы және т.б. Ақынның көптеген арнау өлеңдері, жауһар
поэмалары, сонеттері де баршылық.
Ақынның өлеңдерінде жұмыр жер бетіндегі тал бесіктей тербелген
тыныштықты аңсап, ел бірлігін қасиет тұтқан ақынның биік мұраты жырларына
мәңгілік арқау болып, азаматтық тұлғасы асқақтай түседі:
Сырласқандай самал желдің сыбыры.
Қандай ғажап ұлы тойдың дүбірі.
Жан толқытқан
Жалғыз ғана тілек бар,
Шексіз болсын тәуелсіздік ғұмыры,
Мызғымасын Қазақстан тұғыры 13, 98!
Мазмұны мен көркемдік түрдің жарасым тапқан сипаты, ақындық тұлғасының
айқындығы, дүниетанымының тереңдігі – бәрі халық жүрегінен жол тапқан, ақын
тұлғасын биікке көтеретін бағалы қасиеттер.
Тәуелсіз елдің бір белгісі ондағы бар ұлттың ынтымаққа, бірлікте
басқаруы, бас қосуы емес пе? Ақын еліміздегі ауызбіршілікті:
...Татумыз барлық ұлттың баласымен,
Дербес ел Қазақстан – Отанымыз,-
десе, тағы бірде:
Бірлесіп, білек қосып, бір өсейік,
Бір қазақ жер бетінде қалғанынша 12, 94,-
деп бар қазақ елін бір игі іске жұмылдыру, ымырашылдыққа үндеу идеясын
тастайды.
Тәуелсіздік... Тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Ұлтымыз бұл жолда не
көрмеді? Жылап тұрып аналарымыз бұл жолда, сан перзентін қара жердің
қойнауына қимастықпен тапсырмады ма? Сондықтан болар ақын өлеңдерінің дені
қазақ елінің сан ғасырлар тәуелсіздікке жету жолындағы арпалыстары терең
толғаныспен, телегей тебіреніспен жырланады:
Сарыарқада саялы таң самалы,
Тәуелсіздік лебіндей қарсы аламын.
Қазақстан – дербес ел
Он бес жаста,
Тойдың тойы – қазағым аңсаған күн 12, 102.
Тілінен айырылған халық, халық болудан да қалады емес пе? Ақын бұл
орайда егемен елдің, азат алаштың көрсеткіші – ана тілі екендігін:
Тірегім, бақыт құсым – ана тілім,
Мен күміс қауырсыны қанаттының,-
деп бар бақыт пен елдің сүйенер тірегі де осы – қазақ тілі. Ана тілінің
мерейіне, қадір-қасиетіне бөленуге, лайық болуға көп еңбектену қажет.
Заманның өзгеріп, тиісінше оны өзгертуге шамамыз да келеді деп айту қиын
себебі заманның көші кері құрылмақ емес. Сондықтан да:
Туды ғасыр...
Жаңаша талпындырып,
Еңсем өсті бойыма қарқын кіріп,
Алматыны сыйлаймыз мәңгі бақи,
Астананы өтеміз толқындырып,-
дейді. Кәкімбек Салықовтың тілек, мақсат, армандары – тек бір ғана ұлт
ұстанатын мұраттар емес, күллі адамзат ұстанатын мұраттар. Ол - өз
жұртының, рухани мол мұрасындағы жақсылықты, адамгершілік қасиетті сүйсіне
жырлаған ақиық ақын.
1. Туған ел – жалғыз тірегім
Туған өлке сұлулығын Кәкімбек ақынның аққуынан, жезкиігінен, ақ
маралынан таниды. Бұлар – ол табынған сұлулықтың символдары, ақын
бейнелеуінде, оны өмірге ғашық еткен, құштар қылған әсемдік көріністері.
Осы сұлулықты, өмірдің әсемдігін сақтау – оның ақындық мұраты 6, 9.
Ақын К.Салықовтың туған жер, өскен ауылы туралы Ауыл десем,
Жезқазғанға, Бұлт сүйіп тұр Көкшетаудың төбесін, Отан – ана, мен
жегулі тайыңмын, Алматым, Туған жер, Жезқазғанға сәлем, Біздің
ауыл, Сырымбет, Ауыл жатты, Туған ел, сүйем сені т.б. өлеңдері бар.
Ауыл десем деген өлеңінде ауылын жанындай жақсы көретін ұланның
шексіз махаббатын, еліне деген ыстық ықыласын, сүйіспеншілігін бағамдай
отырып, өзінің ақын болып, қолына сырлы қалам ұстауы да ауылының арқасы
екендігін де әділ айтып өтеді. Ақынның айтуы бойынша, атақты елдің ұланы
болған әрбір жан ақын болмақ. Кешегі Ақан мен Біржан, Үкілі Ыбырай қоңыр
домбыраның майын тамыза, суырып салып, оған қосылған күміс көмей сал-
серілердің әнін тыңдап, тұщынып өскен ұрпағы да шабыт алады ғой. Сондықтан
ақын кешегі өткен сал-серілерді жырға қосып. Сол топырақтан жаралған жанның
да өнері болатынын айтып өтеді.
Өлең айтпас біздің елде қай кім?
Ақан сері әні жанға жайлысы.
Біржан сал мен Үкілі Ыбырай әндерін,
Жалғастырды Құлагардің қайғысы,- 1, 7.
Осы өлеңде туған елінің тарихтан сыр берерлік азалы кешкен күндерін:
Елге барсам соғыс жылғы балалар,
Жұрттан бұрын өктем төстеп қамалар,
Еске түсер азалы әнге салғаны,
Қара қағаз алған шерлі аналар1, 7.
Тағы бірде ақын ауылының артықтығын, өзінің кіндік қаны тамып, алғаш
жарық дүниені көріп, өсіп-өнген кіші Отанын жұмаққа да теңейді:
... Меккем де сол шын жұмағы сол мекен.
Бар өнерім ауылымның бергені:
Өлең жазсам, кейде баяу әндетсем 1, 7.
Әрбір адам үшін өз ауылы ең ыстық, ең сұлу. Оның ауасы да дертке шипа,
емге дауа, суы сүт, шөбі шүйгін, халқы мейірбан, ақжарқын. Сол себептен
өсіп-өнген қара шаңырағың, тал бесігің ауылыңды ерекше пір тұтасың.
Көзіңнің қарашығындай қастерлейсің. Есіңнен шалғайға кетсең де, бір сәтке
шығармайсың:
Ауыл десем ашылады тұнығым,
Түпсіз терең қазақ үшін бұл ұғым.
Ән мен жырдың арқасында ауылдан,
Үзілген жоқ алшақ өткен ғұмырым 1, 7.
Беу, туған жер! өлеңінде туған жердің табиғаты ақынның ішкі жан-
дүниесімен гүлдестей өріледі. Туған жерінің көлі мен шөбі – шәйі көрпеге
теңеледі:
Беу, туған жер!
Аққұба қайыңды өлке.
Көзді көлдер, көк шүйгін – шәйі көрпе.
Шақырасың аққулар саңқылымен,
Жедел ұшып жетпесем жанымды өрте,- 14, 22.
деп ауылының асқақтығын жырласа, енді бірде ауылдан қанат қағып, өзі
айтқандай: Ақындыққа бала жастан ғашықпын, кенші болып өмір жолын ашыппын
демекші, ауылымен өзінің мамандығын да салғастырады.
Керзі етікке үйренген кеншің едім,
Шақырады қыраншыл аспаның да,- 14, 22.
деп одан соң өзінің ұстанымын:
Құздан тұғыр әпер деп жалынбаймын,
Гүл төсінде күн құшып дамылдаймын.
Өрде – марал, көлде – құс, жерде кенмен
Тіл табуға тіріде жаңылмаймын 14, 22.
Туған жерге атты өлеңінде:
Туған жер, нұрың көп пе, сырың көп пе?
Қарайсың назданып та, күлімдеп те.
Әуресін қуаныштың баса алмаймын,
Жүрегім лүпілдеп те, дірілдеп те,- 14, 37.
дей келе туған жердің бейнесін сұлу қыздың назданған еркелігіне,
сыңғырлаған күлкісіне, жүрек тербетер сұлулығына ұқсастырып кейіптейді.
Тіптен, бұлақты жан бітіріп, қолын сілтетсе, қарағай мен қайыңды ғашық
жандарға балап:
Ақ бұлақ қол сілтейді биік қырдан,
Ақ марал жаутаңдайды шығып судан.
Ұқсайды жас күніме – ескерткішке,
Қарағай ақ қайыңды сүйіп тұрған,- 14, 37.
дейді. Қазақы иіс аңқып тұрған бұл өлеңде қымыздың қырмызы дәмі мен желдің
желпіген екпінін салғастырады:
Еркелеп сағынышты кеміттірген,
Қымыз – жел қытықтайды желіктірген;
Лебі сол бойымды қыздырады,
Құшаққа қуанышпен келіп кірген 14, 37.
Өзінің туған жер тақырыбына көптеп қалам сермеуінің құпиясын ақын Кәкімбек
Салықов былайша ашады:
Дала кезіп, өзен кезіп нұрланам,
Сонда ерекше сәнденеді бұл ғалам.
Ойламаймын өлең бақыт берер деп,
Туған жердің иісі аңқып тұрмаған,- 14, 35.
деп әрбір туған жерін сүйіп, құрметтеген ақын өз өлеңдерінде туған елінің
келбетін шынайы жүрегімен сүйіп, суреттейді. Өлеңінде өз елінің иісі
аңқыса, сонда ғана ақын өлең атты өрелі өнердің шырқау биігіне
көтерілмек. Туған ел – жалғыз тірегім деп ұтымды атап, ақынның шабыт
алар қойнауын дөп басып айтады.
Туған жердің қымбатын бұлақтың сылқыл қаққан сыбдырынан, айдын көлдің
сиқырлы сымбатынан, қоңыр қаздың қаңқылынан, сыңар аққудың саңқылынан,
алғаш оянған махаббатынан аңғарғанын ақын былайша өрбітеді:
Сылқыл қаққан ақ бұлақтан байқадым,
Туған жердің қымбатын.
Сыбырласқан жас құрақтар айтады
Айдын көлдің сымбатын 12, 3.
Кәкімбек Салықовтың мамандығы, алған білімі жағынан кенші, кен
инженері. Ол Мәскеудің Түсті металл мен алтын кені институтын (1955)
бітіріп, Жезқазған кен басқармасы жүйесінде 15 жылдай қызмет істеген.
Жұмысты кен маманы болып бастап, шахта участогінің бастығы, шахтаның бас
инженерінің орынбасары, бас инженер, шахта бастығы, комбинаттың партия
комитетінің хатшысы қызметіне дейін өскен. Содан партия қызметіне ауысқан.
Қалалық комитет хатшысы, облыстық комитеттің екінші хатшысы қызметтерін
атқарды.
Ақындық жолды осындай кенші болып бастаған Кәкімбек өлеңдерінде кен
маманына тән психологиялық суреттер, көзқарас, ой мен сыр көбірек көрінуі –
заңды нәрсе. Ол құдай сыйлаған талантын ұштай жүріп, өзіне таныс өмірді
жырлады. Ақындық пен кеншілікке тұтас қарады. Жаны – ақын, жүрек қалауы –
ақындық болғандықтан, оны негізгі маманыдығына қоса мәпеледі. Ол күні
бүгінге шейін “кенші ақын” деген атты мақтан тұтады. Кенші боп өмір тануын
өлеңге түсіріп, ақындығына қанат бітірген кеншілігіне риза көңіл білдіреді
6, 9.
Ақын Кәкімбек Салықовтың Көкшетауға арналған Бұлт сүйіп тұр
Көкшетаудың төбесін атты жыр жауһарында:
Бұлт сүйіп тұр Көкшетаудың төбесін.
Бір қарап қал, қызық сурет көресің.
Еміп жатқан елестейді ақ бота,
Ақша бұлттар арасында енесін 12, 103.
Сөздерді ойнақшыта, ойды бейнелі түрде безендіре білетін дарқан ақын
Көкшенің мұнар тартқан көгілдір тауларын еміп жатқан ақ ботаға, көк аспанда
қалықтаған ақ бұлттардың шоғырын бозінгенге теңеп, аспан мен таудың өзара
ұштастығын шебер суреттейді.
Тарихтың терең тұңғиығынан хабардар ақын К.Салықов бірде бұлттарды
тауға шөккен нар түйеге, бірде таудың қар шалған сипатын ақ бураға
теңейді:
Тірі құбылыс бұлт шөккен тау мұнары,
Ғаламатқа қанады адам құмары.
Буырқанды Ақ бура тау сілкініп,
Қол жеткізбей аспандағы сыңары,- 12, 103
деп өзінше әсем құбылысты суреттесе, өзінің анасындай жақсы көріп құрмет
тұтатын Көкше елін:
Жалғастырып табиғат пен адамды,
Сан толғаныс тербетеді санаңды.
Ақ шудаға қарай бердім мен-дағы,
Бұлт ішінен көргендей өз анамды 12, 103.
деп ақын көзіне жылы ұшырап, терең тебіреніске түсіретін Көкшенің көшкен
бұлттары мен көгілдір тауларын көркем сипаттайды.
Ал Отан – ана, мен жегулі тайыңмын деген өлеңінде тіптен өз Отанын
ет жүрегі елжіреп, жанынан артық жақсы көретін анасына, ал өзін елі үшін,
халқы үшін аянбай еңбек етуге даяр жегулі тайға теңейді. Қандайда қиындыққа
душар болсам да, өмірдің өткелдерінен жығылсам да қайта тұрып, өз Отаныма,
өз жұртыма қасық қаным қалғанша еңбек етемін дейді:
Отан – ана, мен жегулі тайыңмын,
Қай арысқа салсаң-дағы дайынмын.
Қара – Құмды, Қызыл – Құмды жайлаған,
Бетбақдала тәлкегіне дайынмын 15, 101.
Туған жеріне деген шексіз махаббатын К.Салықовтың Туған жер деген
өлеңінде де байқаймыз. Туған жердің әрбір талы, әрбір шөбі, әрбір гүлі
ерекше, әсем, ыстық. Сондықтан болар ақын туған жерінің табиғатын
сипаттағанда болмашы детальға дейін кестелі сөзбен кескіндейді:
Туған жер, сүйем сұлу тауларыңды,
Самал жел, жұпар ауа – бал, дәріңді.
Өзіңе қарай-қарай үйреніппін,
Әлемде сұлулыққа таңдануды,- 16, 230
деп туған жердің ауасын балға, жанға дауа, дертке шипа дәрі боларлы, ал
өзінің сұлулықты түсініп, танытуына бірден бір жолбастаушы үлгі туған жері
екендігін тебірене толқыса. Келесі ретте өзінің жастық шағын еске ала
отырып, өсіп-өнген өлкесімен шебер сабақтастырады.
Қыс келсе өзен бойлап қолда қармақ,
Сүюші ем отыруды балық аулап.
Қыздарға суға келген сауға беріп,
Алушы ем жүректерін жалғыз жаулап,-
деп жастық, бозбалалық шақтарын еске алған.
Сағыныштың сырлы сазы ескен Біздің ауыл деген өлеңінде ақын
Кәкімбек Салықов өз ауылын ақ қайыңдар мекені, жидек, шие, бүлдіргеннің
етегі, түрлі аңдар: елік, марал, қоян жайлаған, айнадай айдын көлін аққу
құстар қанатымен сабаған ғажайып жұмақ өлкеге теңейді:
Біздің ауыл елікті, жер көрікті,
Бұланына бұлғындары еріпті.
Сай сағалап қоян қашса бүркіттен,
Айдын көлде аққу көзді телітті 1, 176.
Сонымен бірге:
... Бәрі ғажап, көрсең көзің тоймайды,
Туған жер-ай сағындырмай қоймайды,-
деп шынайы ауылының ғаламат бейнесін көз алдымызға елестетеді 1, 176.
Зергер ақын Сырымбет өлеңінде қасиетті Көкшенің оң қанатында
орналасқан Сырымбет жерінің сұлу табиғатын, атақты сал-сері, әнші, ғалым,
дана мен дараларын мадақтауға арналған толағай ойлы туынды десе болатындай.
Көкшенің көз тоярдай бір саласы,
Сырымбет сұлу, кербез жер сарасы.
Ежелден сал, серіге мырза болған,
Бәрі әнші: орман, тоғай, кең даласы,- 1, 208
деген жолдардан-ақ, Сырымбеттің сұлу келбетін барласақ, одан соң айнадай
шағылысқан көлін, фантандай шапшыған бұлақтарын, ел данасы болған Шоқандай
дарасын танытады:
Айнадай жеке көлі жарқыраған,
Фантандай тас бұлағы сарқыраған.
Жасында осынау тауды мекендеді,
Шоқандай ел данасы алтын адам 1, 208.
Сырымбеттің сай-саласын сиқырлы да мұңлы әнмен тербеген Ақан серінің
мұңын, жер ананың аршын төсін тұяғымен дүбірлеп, елінің мақтанышы, қазақтың
сәйгүлігі Құлагердің азалы аңызын:
Одан соң сайраңдаған ақан сері,
Асыл жар, асқақ әннің мұрагері.
Серіге серік болып мінген аты,
Даңқына даңқ қосты Құлагері,- 1, 208
деп тебірене толғайды сөз шебері.
Ақынның Туған ел, сүйем сенің әр тұсыңды атты жыр маржанында елге
деген шексіз сүйіспеншілігін, риясыз ризашылығын білдіруге арналған.
Жүрсем де жер суарып, қазып арық,
Тау тесіп, тас қиратып, кен шығарып.
Керегім ел-жұртыма болсам деймін,
Кетпестей көз жұмарда мен қызарып 15, 221.
Ақын К.Салықовтың көп қалам сілтеген тақырыптарының бірі – тәуелсіздік
тақырыбы. Ол бұл тақырыпты әсіресе, туған жер табиғатымен шебер
ұштастырады.
Тәуелсіздіктің ақ таңы барша алаш еліне атты. Оның ішінде өзі туып
өскен ауылы да бұл бақытты басынан кешіріп отыр. Сондықтан ақын әрбір
жанның үлкен отаны және кіші отаны болады дейді. Ақын алаш елінің Отаны –
Қазақстан, ал әрбір қазақтың кіші отаны ол оның кіндік қаны тамған туған
жері, өсіп-өнген алтиын бесігі – ауылы. Ақын Туған жер атты өлеңінде бұл
ойын былайша бағамдайды:
О, туған жер!
Нәр берген сенсің жаныма,
Сағыншақ деме,
Табынсаң ауыл маңына.
Сағынары жоқ
Саңылаусыздан сақтасын,
Есуас күлер
Ежелгі жүрек заңына 15, 54.
Одан соң ақын Қазақ елінің көркемдігін, әсіресе, ауылдың жанға жақын
әсем табиғатын, ауылдың аялы арайын сипаттаса, енді бірде желді жұмақ,
даланы жұпар аңқыған, жан-жануары біте қайнасқан тіршіліктен көрініс
береді:
Жұмақ жел соғар,
Тоғайдан бермен сабыла,
Тотылар сайрар,
Ақ желең үндер ағыла.
Жұпарлы дала
Жусанның исі жабыла,
Сүйсініп сен де
Сауығып, жаным, жадыра.
Ақынның мына бір жолдарына көз салсақ:
Тулайды жүрек
Лүпілі үдеп тағы да,
Қарайсың сен де
Өзіңнің құлын шағыңа
Сол келіншек емес пе,
Байқа, бір кезде,
Әкелген сені,
Махаббат тұңғыш бағына 15, 54.
Асқақ пафоспен жырлаған ақын Кәкімбек құлын мен адамның балалық шағын
сабақтастырады. Кезінде бала болып өз анаңа осы құлындай еркеледің емес пе?
Анаң да мейірлене, құшырлана маңдайыңнан иіскеп, ананың балаға деген ыстық
махаббатын сездірді емес пе? Сол сияқты ақын алғаш махаббаттың бағына анаң
әкелгенін шынайы жырлайды. Туған өлкенің осындай шағын, болмашы
көріністерінің өзі мәңгі есте сақталмақ. Жүрекке мәңгі жатталмақ. Оған
деген адал махаббатың мәңгілік лауламақ. Осыны ақын төмендегі жыр
жолдарында айқын жеткізеді:
Не теңесер,
Құмартып кеткен шағыңа,
Мың алғыс айтам,
Сағынарымның барына,
Туған елге
Іңкарлықтың мезетін
Айырбастамаймын
Жер көктің биік тағына 15, 54.
Қолымызға тәуелсіздіктің тізгіні енді тиіп, жағамыз жайлауда отырған
осы бір кездің баянды болуын тілеген елінің елеулі ақыны Кәкімбенк Салықов
өзінің Қуаныш атты өлеңінде өзектен жарып шыққан тілегін былайша
жеткізеді:
Осы екен ғой көп аңсатып туған күн,
Құты қашты өңі қашқан тулардың.
Күні туды бодандықтан бұлқынып,
Құтылуға белін бекем бұғанның.
Немесе:
Жүруші едім туған елден тым алыс,
Көз алдымда қанат жайды ұлан іс.
Қазақстан дербес ел боп шалқысы,
Көкірегімді кернеп кетті қуаныш 21, 109.
Ақын Бірлігімнен бақыт табар тірлігім өлеңінде егемен елдің кепілі –
бірлік, ынтымақ болғандықтан, ақын бар халықты мәңгілік бірлікті,
ынтымақтастықты көздің қарашығындай қорғауды үндейді. Осы өлеңінде сонымен
қатар жаңалыққа, ерік-жігерін, күш-қуатын аянбастан еңбек етуге де үндейді:
Кешегіні көксемей-ақ безеріп,
Жаңалыққа берсек бүгін көп ерік.
Адал термен нардың жүгін көтерсік,
Кетер едік нарыққа да кенеліп 21, 118.
Ақынның 2001 жылы жазылған Той дүбірі өлеңінде тәуелсіздік көркем
бейнесі, әсіресе, анық айқындалады. Ақын еліміздің ғасырлар бойы аңсап,
оңайлықпен алмаған азаттықтың іргетасы берік, халқының бақ-дәулеті
арылмасын деп тілек айтады:
Жан толқытқан
Жалғыз ғана тілек бар,
Шексіз болсын тәуелсіздік ғұмыры,
Мызғымасын Қазақстан тұғыры! 21, 206.
Ақын Тіліңді қорға, қазағым! атты толғауында да ұлтымның жүрегі,
елдіктің тірегі, тіршіліктің тірегі осы – қазақтың қасиетті қазақ тілі.
Сондықтан да оны көзіңнің қарашығындай қорғау керектігін айтады.
Түсірмей кірлік өзінңе,
Тіліңді қорға, қазағым!
Тіл – ұлтымның анасы,
Лүпілін Алла қолдаған.
Тіл – елдіктің тірегі
Ежелден тағдыр жолдаған,- 21, 137
деп тілдің қадір-қасиетін әділ бағалайды.
Туған жер, ел, атамекен, тәуелсіз Қазақстан туралы көп толғанатын ақын
Қазақстан деген ел атты өлеңінде:
Жерімнің сәні – Алатау,
Еділ мен Жайық – егізі.
Ескінің мұңы – Қаратау,
Сарыарқа – елдің негізі.
Көкшетау – кербез ажарым,
Ұлытау – ата ұраным.
Алтайым – алтын базарым,
Каспиім – мұнай бұлағым,- 1,67
деп әрбір қала мен өңірдің бейнесін жырлайды. Одан соң жер жәннаты
Жетісуды, қара алтынның өңірі – Қарағандыны, рухани қаламыз – Түркістан мен
болаттың бұлағы Теміртау мен егемен елдің ордасы – Астананы жырға қосады.
Егемен туы үр жаңа,
Бір көрсең жаның кенелер.
Осының бәрі бір ғана,
Қазақстан деген ел 1,67.
Ақын өлеңдерінде Қазақстан – тамырда тулап аққан қаны, ыстық жалыны мен
сөзіндегі аңқылдаған ақ көңілі.
Ақынның туған жер, өскен ауылы туралы Ауыл десем, Жезқазғанға,
Бұлт сүйіп тұр Көкшетаудың төбесін, Отан – ана, мен жегулі тайыңмын,
Алматым, Туған жер, Жезқазғанға сәлем, Біздің ауыл, Сырымбет,
Ауыл жатты, Туған ел, сүйем сені т.б. өлеңдерінде туған жер табиғаты,
байлығы, сұлулығы шынайы сүйіспеншілікпен жырланады. Бұған қоса, туған жер
тақырыбына арналған өлеңдерінде қазақ еліне келген тәуелсіздікті де
ұштастыра жырлайды. Талданған өлеңдерінде тәуелсіздіктің ақ таңы барша алаш
еліне атқанын, өзі туып өскен ауылы да бұл бақытты басынан кешіріп
отырғанын қуанышпен айтады.
2. Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
Кәкімбек Салықов – өз бойына жақсылық шапағатын ұялатқан, ұшқыр
да ұяң, ашық та тұйық, жайсаң да жұмбақ жан. Өзі жақындаған жанның бәрін ақ
шуақпен аялайды. Өзің жас еменнің жасыл жапырағындай ғажап бір сыршыл
дүниенің ішіне кіріп кеткеніңді өзің де байқамай қаласың.
Кәкімбек өзінінің суы мөлдір, таза. Оны ішкен адамның өн бойына нұр,
қуат, құт, қуаныш ұялайды. Егделер ішсе, кешегісін еске алып елтиді. Жастар
ішсе, ол өзеннен жақсы болашағына қарай асығыс ұмтылады. Әйел ішсе, ол
өзеннің суынан ажарлана түседі, сүлулана түседі. Дүниеге сүйкімді болғысы
кеп өз ішінен оянған арман сәулесіне еріп ертегідей өмір барына, оны күткен
ыстық құшақ, айнымас көңіл барына сенеді. Ер адам ішсе, ертеңін де, бүгінін
де, кешегісін де ойлап рақат бір күй кешеді. Кәкімбек өзінен үлкен ағаларын
көп мақтайды 10, 9. Иә, шынында да ақынның бір топ өлеңдері қазақ
халқының айтулы көсемдеріне, батырларына, өнердегі ағаларына арналып
жазылған. Олар: батыр қыздар Әлия мен Мәншүкке, Е.Букетовқа, жазушы Сәбит
Мұқановқа, академик Қ.Сәтбаевқа, жазушы І.Есенберлинге, тілші-ғалым
Р.Сыздыққа және т.б. арналған өлеңдері.
Ақын Әлия мен Мәншүкке арналған өлеңінде қазақтың ер жүрек қыздары
Әлия мен Мәншүктің көзсіз ерліктерін мадақтай келе:
Ерлік туы екеуінің аты да,
Исатай мен Махамбетшіл заты да.
Қан майданда қазақ қызы атағын,
Тік көтерді бірнеше мың сатыға,-
деп олардың Исатай мен Махамбеттің өрлігін жалғастырғанын айтады. Осы
орайда, қазақ ұлтынан жұлдыздай жарқырап шыққан батыр қыздардың
батылдығын, ұрпаққа өнеге болған жүректілігі мен қайсарлығын үлгі етеді:
Жігіттердің ерлігін таң қалса,
Қызы батыр басқа ұлттар бар қанша?
Есімдерін мақтан етер сол үшін,
Жер-жаһанда жалғыз қазақ қалғанша,-
деп есімдері де, ерліктері де ұрпақтар санасынан өшпек еместігін тағы да
бір ғибрат етеді.
Алматыда Сәбиттің ескерткіші деген өлеңінде Алматыда қолға алынып,
жүзеге асқан игі бастама ескерткіштің мән-маңызын айта келе, өзінің де
риясыз қуанышын да білдіреді:
Ұлылыққа аптықпай жеткен кісі.
Теңіз дерсің телегей еккен ісі.
Соның бәрін айғақтап,
Паш етіп тұр,
Алматыда Сәбиттің ескерткіші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz