Мемлекеттің қаржысы



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кірспе ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Қаржы ұғымы.
1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен
қажеттелегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-12
1.2. Қаржының функциялары және
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13-16
II. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі.
2.1. Мемлекеттің
қаржысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 16-19
2.2. Мемлекеттік қаржысының ұғымы және құрлымы ... ... ... ... ... ...
19-22
2.3. Қазақстан мемлекетінің қаржы
құрлымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23-25
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 26-27
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 28
Қосымша.

Кіріспе.

Нарықтық қатынастардың құрлымында да, мемлекет тарапынан реттеу
механизімінде де қаржы зор рөл атқарады.
Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік
саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік –
экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс - әрекет етуінің ерекшеліктерін
терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағдай дамыту мақсатымен қаржы
ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын
көре білмеудің маңызы зор.
Қаржы (қолма – қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы
латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен
шыққан ) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипатымен айрықша қоғамдық
арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары
мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды
қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық
категорялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі
тауар – ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және
мемлекеттің оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуы мен тығыз байланысты
болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы Республика туралы 6 кітап деген
жұмысын бастырып шығарған Француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың (Афин Республикасының кірістері туралы)
алғашқы авторы Ксенофонд (б.э.д. 430 – 356 жылдары) болды.
Аристотельдің (б.э.д.384 – 322 жылдары) қаржы саласындағы көзқарасы
оның Афиннің мемілекеттік құрлысы атты жұмысында баяндалды.
Қаржы ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын
экономикалық қатынастадың кең ауқымын қамтиды. Тауар ақша қатынастарының
жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарық экономика жағдайында қаржы
нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп
көрсетеді.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы
қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны
түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық
категориялар – ақша , баға. қаржы, еңбек ақы, кредит және басқалары
пайдаланылады.
Осы курстық жұмыс қаржы туралы қарастырып, соның ішінде мемлекет
экономикасын арттыруда қаржының қандай міндет атқаратынын, және оны қалай
арттырудың жолдарын қарастырып, қаржының адам өмірінде үлкен рол
атқаратыны, және т.б. көптеген мағлұматтар бередi.
Мақсаты: Қаржы ұғымын анықтап, атқаратын функциясын зерттеп, сонымен
бірге Қазақстан мемлекетінің қаржысының даму деңгейін қарастырып,
экономикадағы қаржының рөлін анықтау.
Міндеті: Экономика саласындағы қаржының экономикалық мәні жағынан
мемлекеттің қаржысы, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып,
алынған қаражаттарды мемлекетпен оның кәсіпорындарының функцияларын
орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір
бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарының
қызметін зерттеу.
Өзектілігі: Қазақстан Республика аумағында қаржылай функцияларды
орындау үшін республикалық (орталық) бюджет қалыптастырылады. Оның
ресурстары мемлекеттік мақсаты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға,
республикалық функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару
органдарын ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстарын қамтамасыз етуге
арналған. Сонымен бірге елдің экономикасын бірқалыпты ұстап тұруға
тиістілігі.
1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі.

Қаржының мәні, оның дамуы заңдылықтары, тауар – ақша қатынастарын
қамту сферасымен қоғамдық ұдайы өндіріс поцесіндегі ролі қоғамның
экономикалық құрлысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен
айқындалады.
Түрлі қоғамдық – экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы
негізінен мына себептерге байланысты:
Әртүрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрлымы сай
келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемілекеттің пайдасына қайта
бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
Кезкелген қоғамдық – экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың
мүделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.
Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар
сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта
болды. Капиталистік шаруашылық тауар ақша шаруашылығы болып табылады.
Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
егер мемілекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік қатынастардың
ұдайы өндірісі мен таптық құрлыстың міндеттеріне қызмет ететін болса, онда
бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің
ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешелік ролімен
айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиасында жұмыс істейтінен басқа
экономикалық категориялардан – кредиттен, жалақыдан және бағадан
айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық
оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады.
Олардың әр қайсысы өндірістің материалдық – заттай факторларының
айырмашылығы, олардың әртүрлі денгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол
себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әртүрлі
шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек
нәтижелерін өлшеудің қаржылай еңбектің және жұмсалынған күш жігерге
баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті
қажеттілігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру,
бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар
қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу –
сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау
және бөлу стадияларынан өтеді. Соымен бірге материалдық өндіріс
қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушылардың
қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар
мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызыметтердің нәтижелерімен, әр
түрлі өндірілетін игіліктерімен олардың санымен сапасына сәйкес
айырбасталуы тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталынғанда, оларды
белгілі бір ақшалай балама мен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі
(табысы) жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі
мен жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады.
Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктер, қызметтердің
өндірілген массасы – қоғамдық өнімнің – натуралдық – заттай көрінісімен
бірге оның ақшалай көрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық
– заттай нысандағы өнімнің қозғалысы мен ортақтастыратын белгілі бір ақша
қорларын тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі керек
тиісті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде
пайда болатын ақша, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы
тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы
қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны
түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық
категориялар – ақша , баға, қаржы, еңбек ақы, кредит және басқалары
пайдаланылады.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда
болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша
қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрнісі қоғамдық өндірістегі
әртүрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады.
Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші
субъектілерді бір – бірімен қолма – қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары;
негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты
(пайданы) бөлу және кәсіп орындарда фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының
қорларын қалыптастыру; мемілекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін
аудару; қайрымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін
кеден баждарын төлеу және т.б. операциялар қолма – қол ақшасыз немесе қолма
– қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі
болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында
ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.
Экономиканың жұмыс істеуін нарық жағдайында мемлекет тауар ақша
қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың,
жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Қаржы – ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі
субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша
қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу
процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға
жіберлетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып
табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі – оның тұлғалануының ақша нысаны
және ақшаның нақтылы қозғалысы мен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек,
қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы
қозғалысы мен аңғартып отырады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау
дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның
аумақтық бөлімшелерінің, сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің
ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары
жалпы алғанда қаржыдан кем. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда
табыстарымен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша
қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып
кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлері
ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында
өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай
түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары
кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті
мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда
болатын ақша қатынастарында қаржыға жатқызуға болмайды, себебі, мемлекет
бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық – құқықтық әдіспен реттеп отырады.
Ақша қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі (олардың
құқықтары мен міндеттеріндегі тепе – теңдік) бұл әдіске тән өзгеше нысан
болып табылады. Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік
қаржылық емес өзгешелігі болады. Кезкелген ақша қатынастары қаржы
қатынастарын білдіре бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да
айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоцияландырылған өндірушілердің
еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы – жалпы ішкі өнім
мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша
қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы.
Қаржының іс әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясында
асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады.
Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс - әрекет ететін орны
ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы
болып табылады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы мен басы өндіріс
сферасында қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып табылады. Тап
осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын ( табыстарды, қорланымдарды,
ақша қорларын) құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы
қатынасарының мәнін және қаржы функцияларының бастауын құрайды. Қаржының
қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы
қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы болып буын
болып табылады.
Құрастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын,
олардың басқа экономикалық қатынастарымен өзара іс -әрекетін шарттастырады
және олардың экономиканың тиімділігіне, оның үдемелі дамуына, қоғамдық
әлеуметтік процестерге әсерін зерделеуге ғылыми көзқарасты талап етеді.
Қаржы, экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардың (құн
заңының және сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарлау заңының,
өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипатымен даму денгейіне
сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс - әрекетіне негізделеді.
Қаржының құндық экономикалық категориялардың бүкіл жалпы жиынтығынан
ажыратып алу үшін бұл экономикалық категорияға тән өзгеше белгілеріді біліп
алған жөн. Сонымен бірге, құбылыстың мәнін, өзгешелігін бір ғана белгімен,
тіпті ол елеулі болғанның өзінде де сипаттау мүмкін емес. Құндық
категориялардың барлығының да толып жатқан ортақ белгілері болады.
Сондықтан қайсы бір құндық категориялардың, соның ішінде қаржының да
өзгешелігін тек бірнеше сипатты белгілердің жиынтығы ғана кез келген құндық
экономикалық категорияның, соның ішінде қаржының да мағынасы мен
өзгешеліктерін ашып бере алады.
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы
өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын
ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты оны жүзеге
асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға
тиістілігін баса көрсетті.
Ақша қаржының іс- әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Ақша
болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын
жалпы нысан. Ақша айналыс құралының функциясын орындай отырып, капитал,
яғни үдемелі құн немесе табыс әкелетін құн бола бостайды. Сөйтіп, ол
ақшаның дербес аясы ретінде, өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде
қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар блолып
табылады. Қаржының арасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерін
(материалдық өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық
жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан
процестері жүзеге асады. Бөлу процесі натуралдық- заттай нысанда да -
өндіріс құралдары мен тұтыну предметтерінің қорларын жасаумен де, сондай-ақ
ақша нысанын да-еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақша
қорларының қозғалысы арқылы да болып жатады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік
сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып
табылады.
Қаржы қаттынастарының ақшалай сипаты ман бөлгіштік сипаты қаржының
аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес,
өйткені бұл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының
қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша
қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып
табылады.
Ақша - қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында,
өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады. Әдістер,
қаржы қатынастарындағы іс- қимылды амалдары ретінде директивалық, яғни
қажетті, сөсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі
экономиканы реттеудің қажеттілiгімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына
ақша ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру
қажеттілiгімен байланысты болады.
Ақша экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар және ақша
нысандарындағы құнның тең қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалық
белгісі басқа экономикалық категориялардың – бағаның, еңбек ақының,
кредиттің іс - әрекетіне тән. Ақша қорларының бүкіл ақша қаражаттарынан
бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық
деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақта қозғалысының негізінде
жасалады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен (салықтар,
табыстан аударылатын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру,субвенциялар және
т.б), баламасыздықпен сипатталады. Салалық қаржыларда қорлардағы ақшаның
ішкі шаруашылықтық мақсаты оқшаулануының ұқсас қағидаты қолданылады.
Сөйтіп, қаржының өзгеше белгілері бұл экономикалық категорияны ақша
қатынастарының бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіндік береді,
әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде- бір
құндық экономикалық категория белгілердің жорғарыда аталған жинтығын
иемдене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі- қаржы қатынастарының
ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржы қатынастарының өрісін тежеп
отыратын болса, қаржыға тән қор нысаны, міндетті сипаты, біржақты
тәртіптегі құн қозғалысының болмасыздық сипаты экономикалық категория
ретіндегі қаржының айрықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын
былайша тұжырымдауға болады: қаржы-бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде
және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастыруымен,
сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және
басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы
қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық бір бөлігін бөлу және қайта бөлу
процесінде пайда болатын ақша қатынастары.
Қаржының жұмыс істеуінің шарты - ақшаның болуы, ал қаржының пайда
болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін
қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттігі болып табылады.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай
қозғалыстың шарты тауар-ақша қатыныстарының болуынан және қоғамдық дамудың
қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы ресурстарының объективтік
қажеттігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр түрлі нысандарын жасай
алады: төлемдердің әр түрлі түрлерін енгізеді немесе күшін жояды, қаржы
ресурстарының нысандарын өзгертеді және т. б. Шаруашылық жүргізу сферасында
үнемі өзгеріп отыратын ұдайы өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ете
отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажетеріне бейімдеуге
мүмкіндік беруі үшін қажет. Бұл мақсатты арналымның ақша қорларын
қалыптастыру арқылы болады. Қаржының басты арналымы- табыстар мен ақшалай
қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл
ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық қажеттіліктердің дамуы
шаруашылық жүргізуші субъектіліктердің қарамағында жасалатын ақша
ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне жеткізеді.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға
ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және
сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік- экономикалық
бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз
ете алмайды.

1.2. Қаржының функциялары және рөлі.

Қаржының мәні іс-әрекеті механизмі және рөлі оның
функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен
қажеттілiгін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни
оның функцияларын анықтауды да талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет
тобын, мәннің іс- қимылдағы қөрiнісін, сапаның өзіне тән категориялары
кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның
қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі, оның экoномикалық табиғаты ашылады.
Қаржы басқа тым жалпы категориядан - ақшадан туындайтын айрықшалықты
экoномикалық категория болып табылатындықтан және бұл экoномикалық
категорияның іс-қимылын шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне, оның
қоғамдық, саяси және экoномикалық өмірдің барлық сферасына тереңдеп енуіне
байланысты қаржы фунциясы туралы мәселе ғылым- теоретиктер арасында осы
күнге дейін пікірталас тудырaды.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі
тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы
қоғамдық өндірістің екінші стадиясында - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің
құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-
әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйсес
қаржы екі фунция орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының мәні ең
алдымен бөлгіштік фунцияның көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы
қаржының қоғамдық арналымы - шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған
қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы
ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Жалпы қоғамдық өнімнің құны (оның ақша нысанында), сонымен бірге ақша
нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік
функциясының іс - әрекетінің объектілері болып табылады.
Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік
процестің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар (мемлекет,
кәсіпорындар,бірлестіктер,мекемелер ,азаматтар) қаржылық бөлуде субъектілер
болып келеді.
Қаржының көмегімен бөлгіштік процесc қоғамдық өмірдің барлық
сфераларында - материалдық өндірісте, айналыс және тұтыну сфераларында
өтеді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерін:
жалпыұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық бөлініске
бөлінудің әр түрлі түрлерін-ішкішаруашылық, ішкісалалық, салааралық,
аумақаралық бөліністі тудыратын көпсатылық тән.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса
маңызды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесінің құрылымы
Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы
Қаржылар және олардың нарықтық экономикадағы ролі
«Қаржы жүйесі,құрылымы және оның бағыттарының өзара байланысы»
Мемлекет қаржысының мәні мен қызметтері
Қаржы мәні және қызметтері
Қаржы жүйесінің мәні
Қазақстанның қаржы жүйесі
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
Пәндер