Қаржының басқа экономикалық категориялармен байланыс
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I тарау : Қаржының әлеуметтік - экономикалық мәні
1.1. Қаржының мәні

... ... ... ... 4
1.2. Қаржы
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...7
1.3. Қаржының басқа экономикалық категориялармен байланысы ... ... ... .10
II тарау : Қаржы мен қаржы теориясының әлемдік дамуы
2.1. Қаржы ғылымының
эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының жай-күйі туралы ... ... ... ... ..21
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ..28
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..30
Қосымша материалдар
Кіріспе
Нарықтық экономика шарттарында экономикалық процестерді реттеудің
негізгі құралдары болып құндық категориялар табылады, солардың ішінде қаржы
маңызды орын алады. Соңғылары мемлекеттік деңгейге сияқты, экономиканың
түрлі орталары мен салаларында қызмет ететін субъектілер деңгейінде де
экономиканы реттейтін құрал ретінде белсенді қолданылады. Соның ішінде
қаржы жағдайы олардың қызмет -әрекетінен көрінеді. Қаржы тұрақтылығы,
олардың тиянақтылығы мемлекеттің кәсіпкерлік қызметті субъектілерінің және
азаматтардың әл-ауқаттылығын сипаттайды.
Қаржы құралдарын шаруашылық тәжірьиеде білікті қолдану терең білім
мен білікті қызмет ету арқасында жүзеге асырылады, қаржы қызметінің
теориялық жағдайы мен негізінде, олардың ұйымдастырылу формалары,
түрлерімен әдістерінде іске асырылады. Қаржы қатынастарының объективті
заңдылықтарын елемеу, оларды тәжірибелік қолдану да міндетті түрде жағымсыз
жағынан көрінеді. Осыған байланысты, қаржы саласындағы кәсіптік қызметке
өздерін дайындайтын адамдар қаржының экономикалық мәнін, олардың пайда болу
табиғаты туралы, қызметтің алуан формалары мен түрлерінде қолданылатын
формалары туралы жете білулері талап етіледі.
Жоғарыда айтылғандар мақсатты айқындайды - бұл қаржы саласындағы
негізгі қағидалар мен білімдерді және экономикалық заңдар әрекетін толықтай
меңгеру; экономикалық құбылыстардың дамуы барысында қаржы заңдылықтарын
анықтай білу, қаржы әдістерін түсіну және оларды қолданудағы біліктілік;
қазіргі заман қаржы мәселелерін айқындау және сыни талдай білу
қабілеттілігі, оларды саналы бағалау.Қаржы туралы ғылымның құралы болып
экономикалық қатынастар танылады, олар жалпы ұлттық өнім құнының
үлстірілуімен байланысты, қоғамдағы әр алуан қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсаттарында қаржы ресурстарын қалыптастыру және қолдану жолы арқылы пайда
болады.
Көрсетілген міндеттерді қарастыра келе, берілген курстық жұмыста
қаржы іс-әрекетінің экономикалық және ұйымдастырылу негіздері
қарастырылады, қаржы қатынастарының объективті сипаттамасы, экономикалық
қатынастар жүйесіндегі олардың өзіндік белгілері ен шектері көрсетіледі.

Қаржы (қолма-қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы
латын тілінен financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен
шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық
арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары
мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатырнастарды
қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық
категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі
тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің
және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын
қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның
экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен
айқындалады.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы
қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны
түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық
категориялар- ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары
пайдаланады.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда
болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде болып жатады.
Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысу; негізі
капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты бөлу және
кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру;
мемлекеттік бэджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық
қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу
және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп
айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларына ақша
қатынастарының қозғалысы болып табылады.
Қаржы ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты
болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша
қатынастарының жалпы қамтудағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика
жағдайында қаржы нақтылы және ұздіксіз болып жататын ақша айналымын- ақша
ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз
бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің
түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша
ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржының басты белгілерінің бірі - оның тұлғануының ақша нысаны және
ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі.
Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясында
асқан дәрежеде көрінетіндігі қарды үшін көпшілікке танылған болып саналады.
Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны
ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы
болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі
- ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен
субектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын
микроэлементтерге - c,v және m-ге ыдырайды: өндіріске жұмсалғанөндіріс
құралдары құнының (с) орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы (v)
төлінеді және қосымша өнім (m) алынады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы
мен басы өндіріс сферасында қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу
болып табылады. Тап осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын құрайтын
қайта жасалынған қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы қатынастарының мәнін
және қаржы функцияларының бастауын құрайды. Сөйтіп, өндірістің алдын ала
шарттасылған сипаты кезінде салынған өнімді c, v және m -ге сәйкес
элеметтерге бөлудің үйлесімдері қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай
табыстар мен ақша қорланымдары жасалынады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында құнды одан әрі бөлу және оны мақсатты пайдалануды нақтыландыру да
қаржының негізінде жүзеге асырылады.
Әр түрлі қоғамдық -саяси құрылымы бар осы заманғы мемлекеттерге
қаржымен қатар басқа экономикалық категориялар да - ақша. табыс, өзіндік
құн және басқалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің функцияларын
(тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құралы, еңбек өлшемі мен
тұтыну өлшемін анықтау, өндірісті ынталандыру, кәсіпорындар қызметінің
нәтижелерін бағалау) орындайды, оларда қоғам дамуындағы бұл категориялардың
мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының олардың барлығынан өзінің айрықшалықты
белгілері бойынша айырмашылығы бар.
Қаржыны құндық экономикалық категориялардың бүкіл жалпы жиынтығынан
ажыратып алу үшін бұл экономикалық категорияға тән өзгеше белгілерді біліп
алған жөн. Сонымен бірге, құбылымтың мәнін, өзгешелігін бір ғана белгімен,
тіпті ол елеулі болғанның өзінде де сипаттау мүмкін емес. Құндық
категориялардың барлығының да толып жатқан ортақ белгілері болады.
Сондықтан қайсысы бір құндық категориялардың, соның ішінде қаржының да
мағынасы мен өзгешеліктерін ашып бере алады.
Ақша қаржының іс-әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Ақша
болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын
жалпы нышан. Ақша айналыс құралының функциясын орындай отырып, капитал,
яғни үдемелі құн немесе табыс әкелетін құн бола бастайды. Сөйтіп, ол
ақшаның дербес аясы ретінде, өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде
қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып
табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде
және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта
бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Бөлу процесі натуралдық-заттай
нысанда да - өндіріс құралдары мен тұтыну предметтердің қорларын жасаумен
де, сондай-ақ ақша нысанында да - еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға
арналған ақша қорларының қозғалысы арқылы да болып жатады. Қаржы
қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды
белгілері болып табылады, бірақ оның артық белгілері емес, өйткені бұл
белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының
қозғалысында көрінуі оның саңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша
қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып
табылады.
Ақша -қаржы қорларын қоғамдық өндіріс қатысушыларының
барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады.
Әдістер, қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары ретінде директивалық,
яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипаты игеріп алады, мұның өзі
экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша
ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттігімен
байланысты болады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын
былайша тұжырымдауға болады: қаржы - бұл шаруашылық жүргізуші
субъектілерінде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды
қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамдық
әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен
байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін
бөлу және бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.
1.2. Қаржы функциялары
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан
айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттілігін ғана
емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын
анықтауды да талап етеді.
Қаржыға қатысы функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын,
мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кесінінің
айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы
қамтып көрсетеді, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы басқа тым жалпы категориядан - ақшадан туындайтын айрықшалықты
экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономикалық өмірдің
барлық сферасына терең деңдеп енуіне байланысты қаржы функциясы туралы
мәселе ғалым-теоретиктер арасында осы күнге дейін пікірталас тудыруда.
Қазіргі уақытта қардының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді
екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы
қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесіне пайда болады, қаржының бөлгіштік
сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл
тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ртінде қаржының мәні ең
алдымен бөлгіштік функцияның көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы
қаржының қоғамдық арналымы- шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған
қажет арнаулы масатты ақша қорлары нысанында пайдаланатын қаржы
ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Жалпы қоғамдық өнімнің құны, сонымен бірге ақша нысанында
тұлғаланатын ұлттық байлықтың бірбөлігі қаржының бөлгіштік функциясының іс-
әрекетінің объектілері болып табылады.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса
маңызды бөлігі - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін
бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл функцияны
қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған
өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай
деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық-заттай құрамын бөлу ақша қорларын бөлу
арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша
қорларын бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өніс де бөлінеді.
Қорытындысында қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының нақтылы
еңбек үлесі мен қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі ескеріле отырып, олардың
экономикалық мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.
Қаржы ұлттық табыс құрамындағы бастапқы табыстарды да, түпкілікті
табыстарды да қалыптастыру мен пайдалануды ортақтыстырып, жүзеге асырады.
Қаржының табиғатын ақшаның қозғалысында анықтайтын қаржының бөлгіштік
тұжырымдамасын айырмашылығы ұдайыөндірістік тұжырымдамасы бұл табиғатты
ақша нысанындағы құн қозғалысында анықтайды. Мұндай ұсынымда қаржының іс-
әрекет сферасы айтарлықтай кеңиді.
Ұдайөндірістік тұжырымдамасы жақтаушыларының қаржының мәнін осылай
кеңінен сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді:
1. ақшалай табыстар мен қорларды жасау;
2. ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
3. бақылау функциясы.
Қаржы көмегімен мемлекет өзінің иелігіне материалдық өндіріс
сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнының бір бөлігін алады. Бұл
процесс қаржының бірінші функциячын - ақша қорларын жасау арқылы жүзеге
асады, бұл өзінің нақты түрдегі практикалық көрінісін, ең алдымен,
мемлекеттің салық саясатында табады. Нәтижесінде қоғамда дәйекті түрде сан
алуан ақша қорлары - орталықтандырылған (мемлекеттік бюджет),
орталықтандырылмаған (аймақтық және жергілікті деңгейдегі), мақсаты қорлар
және т.б. жасалады.
Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға
байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми
тұжырымдамалардың өкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық
категория ретіндегі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші
функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау фуекциясы мазмұнын нақтылы
көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің
барысында іске асады.
Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және
жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша
қорлары бойынша болуге және оны мақсатты жұмсауға бақылау жасаудан
көрінеді. Егер қаржының мәні, табиғаты және мазмұны, бір жағынан, жиынтық
қоғамдық өнімді, ең алдымен, таза табыстың бір бөлігінің қозғалысымен, оны
бөлумен, ақша қорларын жасаумен және материалдық өндіріс процесінде
ұлғаймалы өндіріске бағыттаумен және басқа жағынан, мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорларын жасаумен байланысты болса, қаржының
бақылау функциясы да тиісті түрде материалдық өндірістің бүкіл
ұдайыөндірістік процесіне де, сондай-ақ мемлекетің ақша ресурстарының
орталықтандырылған қорын қалыптастыру және пайдалану процесінде де қызмет
етеді. Қажының екі функциясының деалектикалық бірлігі мен өзара
байланыстығы осында.
Бақылау функциясы қаржылық байқылауда-жалпы ішкі өнімді тиісті
қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойыша жұмсауға бақылау
жасауда көрінеді.
Бақылау функциясы сандық түрде қаржы ресурстарының қозғалысы арқылы
жиынтық қоғамдық өнімді бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын
экономикалық процестерді бейнелейді. Сонымен бірге ннақты нысандағы қаржы
ресурстарының қозғаласы жиынтық қоғамдық өнімді құндық бөлу процесіне
мемлекет тарапынан бақылау жасаудың негізі болып табылады. Мұндай
бақылаусыз экономиканың теңгерімді дамуының қамтамасыз етілуі мүмкін емес.
Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның,
фирманың шаруашылық - қаржы қызметіне теңгемен бақылау. Бұл бақылау
материал, еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды
анықтап қана қоймай, сонымен бірге кәсіпорындарды, фирмаларда өндіріс
рентабелділігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды
болдырмауға мүмкіндік береді.
Қаржының бақылау функциясын жүзеге асырудың нысаны қаржылық
көрсеткіштерді білдіретін қаржы ақпараты болып табылады. Шаруашылық
жүргізуші субъекілердің қаржы - шаруашылық қызметінің түрлі жақтарын
жинақталған түрде қамтып көрсететін түсім-ақша, табыс, рентабелділік,
өтінімділік, айналымдылық, төлем кәбілеттілігі, қор қайтарымы және
басқалары сияқты талдап көрсетілген қаржылық көрсеткіштер арқылы
белгіленген нормалар мен нормативтерді қолдануды, макродеңгейде де,
микродеңгейде де экономикалыық процестердің тиімділігі мен нәтижелігін
бақылауға болады.
Ұдайы өндіріс процесіндегі қаржының бақылау функциясының рөлі
қаржылық тәртіп арқылы жүзеге асуымен және оның жай-күйімен, белгіленген
нормалар мен нормативтердің сақталуымен, қаржылық міндеттемелердің
орындалуымен байланысты болуы мүмкін.
Қаржылық тәртіп оның бұзушыларға қаржы санкцияларын қолдана отырып
мемлекеттік парызды сақтау негізделген.
Қаржының бақылау функциясы қаржы органдарының сан қырлы қызметі арқылы
жүзеге асырылады. Қаржы жүйесі мен салық службасы қызметкерлері қаржылық
бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығыс
бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырады.
1.3. Қаржының басқа экономикалық категориялармен байланысы
Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндіріске
жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың
әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі
экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы
ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесіне
қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз
байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды.. Бұл ақша категориялары
ұдайы өндіріс циклының басқа стадияларындағыдай сонымен бірге бөлгіштік
процеске де қатысады. Алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей
емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс процесінің түрлі
стадияларында қатысу дәрежесі әр түрлі. Аталған категориялардың әрқайсысы
тек оған тән әдістермен және тәсілдермен қоғамдық өнім мен ұлттық табысты
бөлудің біркелкі процесіне қатыса отырып, бөлгіштік және басқа
ұдайыөндірістік қатынастардың жүйесінде өзінің ерекше орнын алады.
Баға - жұртқа мәлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек
өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақша нысанына көшуін және сатып алу-
сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтыстыра
отырып құндық бөліністің бастапқы қозғалысын ортақтастыра отырып құндық
бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді. Ұлттық табыс бөлінгенге
дейін және қайта бөлінгенге дейін тауар сатылуы тиіс. Баға өнім иесіне оны
өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын ала анықтайды және одан әрі
бөлінетін процестің алғашқы негізі болып саналады. Бөлініс процесінде
еңбектің қоғамдық қажетті шығындарымен анықталатын құннан бағаның ауытқуы
пайда болуы мүмкін, мұның нәтижесінде бірқатар өндірушілерде көр құн,
басқаларында аз құ өткізіледі. Мұндай жағдайда қайта бөлгіштік процеске
өзінің әдістерімен қаржы араласады: ол құнның бір бөлігін алады немесе
құнның кем алынған бөлігін субвенциялар, бюджеттік немесе салалық
қаржыландыру жолымен алып береді. Бағаның құннан ауытқуын мемлекет
бағалардың саясатын жүргізгенде реттелетін бағалар, әлеуметтік тұрғыдағы
төмен бағалар, жоғары сұраныммен анықталатын есте ұстаған жөн. Нарық
жағдайында тауарлардың, қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы
қалыптастыратын еркін бағалар басым болады.
Қаржы бағамен негізі қаланған үйлесімдері нақтылайды. Қаржылық
бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы сол, бағамен бөлудің объектісі жалпы
қоғамдық өнімнің тек бір бөлігінің болатындығы. Бағамен бөлуге қатысы
қаржылық бөлу қайталама болып табылады. Бағамен бөлу үйлестірім бетінде
байқалынбайды, ол түсім-ақшаның жалпы массасында жасырылған, ал қаржылық
бөлу анық көрініп тұрады. Бағамен бөлу тек бөлініспен, ал қаржылық бөлу
бөлініспен және қайта бөлініспен сипатталады.
Баға амортизациялық аударымдардың көлемін анықтауда ерекше роль
атқарады. Өндіріс құралдарының бастапқы және қолданыстағы бағаларының
арасындағы алшақтық амортизациялық қордағы елеулі ауытқуларға себепші
болады. Өндіріске кепілдікке салынған (баламасыз сатып алуға қарай), құнның
бағалық бұрмалануы баламасыз сату кезінде күшееді және бөлумен тұтыну
стадияларындағы қайта бөлгіштік қатынастардың көбеюін тудырады.
Әсіре инфляция жағдайында Қазақстанда баға күшті өсті және бағаның
бөлгіштік фуекциясы күшейе түсті. Баға сонымен қатар тауарларға деген
сұраным мен ұсынымда да реттейді, сөйтіп ұдайы өндіріске, шығынның орнын
толтыру қорының мөлшері мен құрылымына, демек, табысқа да ықпал жасайды.
Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше
қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен
еңбекке ақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды.
Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін ынталандырады.
Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеу қоры қаржының көмегімен
өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бұл қор өндірілген өнімнің
көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін. Шаруашылық практикада табыс категориясын
пайдаланған жағдайда еңбекке ақы төлеу қоры қол жеткен қаржы нәтижелерімен
тығыз байланысты үйлесімде қалыптасады.
Өндірістік емес сферада қызметкерлердің еңбекке ақы төлеу қоры
елеулі дәрежеде бюджет қаражаттары есебінен қалыптасатындықтан және тиісті
бюджеттің қаржы мүмкіндіктерімен анықталатындықтан бұл сферадағы қаржы мен
еңбекке ақы төлеудің байланысы көрнекті болады.
Барлық жағдайда экономикалық категория ретінде еңбекке ақы төлеу
жасалған өнімдегі әрбір қызметкедің үлесінің сәйкестігін, яғни қызметкердің
бөлудегі қатысу шегін анықтайды, ал қаржы жалақы қорын немесе еңбекке ақы
төлеу жөніндегі қорды қалыптастырады.
Еңбекке ақы төлеу тұтыну стадиясында, яғни тауарлар мен қызметретге
ақы төлеу арқылы пайдаланылады. Бір мезгілде оның белгілі бір бөлігі
қаржылық әдістермен халықтың салықтарды, сақтандару жөніндегі жарналарды
төлеуі түрінде; несиелік әдіспен - банктерге салынған салымдар, мемлекеттік
қарыздардың облигациялары түрінде; акциялар және басқа бағалы қағаздарды
сатып алу, лотереялар өткізу жолымен жұмылдырылады.
Қоғамдық өнім құнын бөлуге кредит те қатысады. Әрі қайта бөлгіштік
процестер кредит қатынастарының сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы сияқты
кредитқатынастарында да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты,
мемлекетті ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін
несиелік деп аталатын ақша қорлары қалыптасып,пайдаланады.
Банктердің ресурстары қайта бөлу стадиясында қалыптасатыны белгілі,
яғни кредит бұрын бөлінген құнды бөледі. Кредит қаржы ресурстарын
толықтырады және ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесіне мүмкіндік туғызады.
Кредиттің көмегімен қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілер мен
халықтың арасында қайта бөлінеді. Қаржы мен кредиттің арасында көптеген
ортақ белгілер бар, бірақ негізгі белгі өндірістік қорлардың тоық
айналымында екі категорияны кеңінен пайдалану болып табылады. Екі категория
да қоғамдық шаруашылықта қаражаттардың қалыпты, үздіксіз ауыспалы айналмы
үшін жағдайлар жасауға бейімделген. Бұл категориялардың материалдық
сферадағы кешенді ықпал жасауының объектілері өндірістік капитал болып
келеді. Қаржы және несие күрделі жұмсалымдар мен айналым қаражаттарын
қалыптастырудың көздері болып табылады. Бірге үйлесе отырып, олар
кәсіпорындардың ақша қорларының айналымын ұлғаймалы негізде қамтамасыз
етеді. Қаржылық әдіспен әдетте шаруашылық органдардың ақшаға деген тұрақты
қажеттіліктері, несиелік әдіспен олардың уақытша мұқтаждары
қанағаттандырылады. Келешекте күрделі жұмсалымдардың көзі ретінде кредит
ресурстарының рөлі артатын болады.
Сонымен қатар қаралып отырған категориялардың арасында белгілі бір
айырмашылықтар да бар. Егер қаржы қоғамдық өнімді бөлетін және қайта
бөлетін болса, несие қаржы бастаған бөлудің жалғастыра отырып тек қайта
бөлуге қатысады. Несиенің объектісі осы мезетте уақытша бос болып келетін
құнның бір бөлігі болып табылады, бұл ақшаны қажетсініп отырған шаруашылық
органдары мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құнды несие
қорына шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жинақталған ақша қаражаттарын
пайдалану әдәсә айтарлықтай айырмашылық болып табылады: қаржыландыру
қаражаттарды өтеусіз және мерзімсіз тәртіппен бағыттауға шамаласа,
несиелендіру қайтарымдылық, мерзімдік, ақылық жағдайларында жүргізіледі;
кредиттің материалдық қамтамасыздығы.
Қаржы есеп-қисаптармен және есеп айрысу жүйесімен өте тығыз
байланысты, өйткені олардың іс-әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші
субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген. Есеп-қисаптар
экономикалық категориялар емес, олар-аталған категорияларды іске асырудың
құралы. Бұл жерде ақшаның айналыс құралы және төлем құралы ретіндегі
функциясы пайдаланылады. Қаржылық операциялардың уақытылы жасалуы, мақсатты
қорлардың қалыптасуы, қаржы ресурстарының қажетті бағыттар бойынша
кедергісіз қозғалуы есеп-қисаптардың айқындығына, жолға қойылғандығына
байланысты болып келеді. Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-
өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады. Олардың
қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріс пен құндық экономикалық категориялардың
- бағаның, қаржының, кредиттің, еңбекке ақы төлеудің іс-қимылының өте
қажетті шарты болып табылады.
Экономикалық категориялардың өзара іс-қимылы туралы қаралған негізгі
қағидалары оларды ұдайы өндірісті басқарудың практикасында, оны жүзеге
асырудың барысын бақылауда және оның тиімділігін ынталандыруда пайдалануға
келісілген, өзара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді.

2.1. Қаржы ғылымының эволюциясы
Қаржы туралы ғылым құрылымы мен дамуына тән екі ірі кезеңді
айқындауға болады. Ағашқысы, Рим империясы тұсында басталып ХХ ғасырдың
ортасында аяөталған, қаржының классикалық теориясы деп аталады. Бұл кезеңді
кейін қаржының неоклассикалық теориясы көрсететін екінші кезең
ауыстырылды. Алғашқы теорияның мәні мемлекеттік қаржының басым болуында;
екінші теорияның мәні жеке сектор қаржысының басым болуында (анығырақ
айтқанда, бұл жерде сөз ірі компаниялар мен капитал нарығы тұғырынан
алғандағы қаржылар туралы болып отыр).
Бірінші кезеңнің ұзақ болуына байланысты оны ішінара бөлек
кезеңдерге бөлеміз. ХІХ ғасырдың қаржы ғылымының жетекші теоретитерінің
бірі, Гейдельберг университетінің профессоры К.Рау (1792-1870) оның
дамуындағы үш кезеңді айқындады: ғылыми емес, ғылыми өңдеуде ауысуы, ғылыми
(рационалдық) кезеңдер.
Ғылыми емес жағдай кезеңі ең ұзақ кезең болды-қаржы ғылымының
тарихшылары бұл кезеңнің басын Ежелгі Греция мен Рим уақытына апарып
тіркейді. Бұл жылдарда патриалхалды көзқарас үстем болған, соған сәйкес
мелекет қоғамдық қажеттіліктерге кәдімгі жеке тұлға ретінде жинақтау
қаражаты бөлігінде қарастырылған мемлекет табыстары бірнеше қайнарлардан
жиналғансолардың ішінде негізгілері мемлекеттік жерлерді, кен солардың
ішінде негізгілері мемлекеттік әсерлері, кен органдарын, нарықтарды,
айлақтарды қолдану үшін төленетін төлемдер.
Ғасыр ортаында қаржы тематикасы бойынша қандай да болсын
жүйелендірілген маңызды жұмыстар әлі де бола қойған жоқ, сонда да
ортағасырлардың соңғы кезеңі көптеген ғалымдармен қаржы ғылымының екінші
даму кезеңінің басы - ғылыми өнделуге ауысукезеңі деп қарастырылады.
Қаржы туралы ғылымды жүйелендіруге маңызды бойынша үлкен үлес
Италиялық ғалымдармен қосылды; және де соған қоса белгілі петербургтік
ғалым А.И.Буховецкийдің пікірінше, дәл осы Жоғары Италия қалаларында 15
ғасырда қаржы ғылымының дүниеге келуі жүзеге асырылды. Осылайша, қаржы
саласындағы білімдерді жүйелендіру сұрақтарымен мынадаый көрнекті ғалымдар
айналысқан: Н.Макиавелли (1480-1540), Дж.Батеро (1540-1617) және т.б.
Бұл капиталды алғашқы жинақтау кезеңін ашқан ерте меркантилизм
жылдары болды. Бұл ағымның негізгі идеясы мемлекеттің шаруашылық өмірге
белсенді араласуымен көрініс тапты. Италиялық ғалымдардың еңбектері өзге де
елдерде осындай жұмыстардың пайда болуына түрткі болды. Алғашқы рет француз
ғалымы Ж.Боден (1530-1596) қаржының анықталған жүйесін орындады, ол
мемлекеттік табыс тардың жеті негізгі қайнар көздерін анықтап берді:
домены, әскери өнім, достар сыйлығы, одақтастар сыйы, сауда, шығару және
кіргізу бажы, халықтан алынатын салықтар. Ағылшын философы мен экономисі
Т.Гоббс (1588-1679) жанама салық салу идеясын белсінді насихаттады, У.Петти
(1623-1687) сналы салық саясаты арқылы шаруашылық өмір дамуын ынталандыру
туралы идеясын өңдеді, Дж.Локк (1632-1704) барлық салықтарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz