Қарт кісілерге интернат-үйлерде көрсетілетін әлеуметтік



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Қарт адамдардың әлеуметтік жағдайын
анықтау,оларға көмек жолдарын қарастыру,қарт адамдарға әлеуметтік қызмет
көрсетудің қазіргі жүйелерін анықтау. 
Жұмыстың мақсаты: Қарт адамдармен жұмыс жүргізу үшін, ең алдымен олардың
әлеуметтік жағдайын білуіміз тиіс, психикалық ерекшеліктерін, материалды
жан дүниесінің қажеттілігін білуі қажет. Әлеуметтік қызметкер әлеуметтік
психикалық,әлеуметтік экономикалық және басқа да жұмыс істеу түрлерін
анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
- Қарттардың бос уақытын өткізуді ұйымдастыру;
- Қарт кісілерге интернат-үйлерде көрсетілетін әлеуметтік қамқорлық
жасау;
- Қарт адамдардың әлеуметтік жағдайымен оларды әлеуметтік бірлестік
ретінде зерттеу;
- Қарттармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыста әр түрлі формалар мен іс-
тәжірибелер қолданылады, оның ішінде әлеуметтік қамтамасыз ету, жедел
әлеуметтік көмек, мекен-жайға көрсетілетін әлеуметтік көмек кіреді.
Қарт адамдар - жасы келген, өздеріне ғана тән өмір тәжірибесі мен салты
бар ұрпақ. Қарт адамдар өзіне әркашан ықылас пен қамқорлық тілейтін елеулі
әлеуметтік топтардың бірі. Атап айтқанда "үшінші ұрпақ" адамдарының
мәселелері көпке ортақ. Жасы 60-тан асқандардың бәріне қоғам тарапынан да,
қамқорлық қажет. Ал, біздің елімізде соңғы жылдары ғана қалыптасып келе
жатқан әлеуметтік кызметкер үшін қарттарға деген қамқорлық кәсіби міндет
болып табылады. Әлеуметтік қызметкер қарттардың күнделікті тіршілігіне
көмектесіп қана коймай, оларды өмірдің осынау бір күрделі кезеңінен
қайыспай өтуге үйретуге тиіс.
1. Қарт адамдардың әлеуметтік жағдайымен оларды әлеуметтік бірлестік
ретінде қарастыру. 
Әлемдік психология адамның қартаю проблемасына, оның осы шақтағы
өміріне XX - ғасырдың соңында қызығушылық таныта бастады. Осындай
зерттеудің нәтижелерінен қарт адамдар дәрменсіз, өз бетінше шешім
қабылдай алмайтын қоғамдық функцияларды орындай алмайтын, қоғамға пайда
келтірмейтін жандар деген түсінікпен қатар, олар мейірімді, қарым-
қатынасқа тез түседі, тәжірибесі мол деген екі түрлі көз карасты көруге
болады. Әрине, карттык кезең туралы әртүрлі стереотиптер мен бүрмаланған
түсініктер бар. Қарттык шакка - белгілі бір соматикалық, интеллектуалдық
және психологиялык проблемалар тән.
Қартайған адам өзіне көмекті, соның ішінде психикалық жағынан, өмірлік
қолдауды қажет етеді. Бұл қарт адамның бұрынғы күшінің
сарқылғандығын,бұрынғы энергияның таусылғандығын түсіндіреді. Қарт адам
көбіне өзіне күтім жасауды,қамқорлықты көп қажет етеді. Қарттарға арналған
көптеген мекемелер бар мысалы: прюттар, стационарлар, учериждениелер,
қарттар үйі, қайта сауықтыру орталығы және т.б. жатады.Қараусыз қалған
қарттар, қарттар үйіне барып орналаса алады. Қарттарға арналған көптеген
мекемелер бар мысалы: прюттар, стационарлар, учериждениелер, қарттар үйі,
қайта сауықтыру орталығы және т.б. жатады.Қараусыз қалған қарттар, қарттар
үйіне барып орналаса алады.Қарттарға көрсетілетін ең негізгі көмек-
медициналық көмек, науқас қарттарды қайтадан оңалту, құнды дәрілермен
қамтамасыз ету, көзілдірік, есту аппараттарымен қамсыздандыру. Дүниежүзілік
Денсаулық Ұйымының жіктеуі бойынша 60-74 жас аралығындағылар қарттар , 75-
89 жастағылар кәрі, 90-нан асқандар үзақ өмір сүрушілер екен. Бүған коса
ересек адамдарды ішінара төрт топқа бөлетін халықаралық тағы бір жіктеу
бар. Ол бойынша: жасамыстар (55-64), карттар (65-74), кәрілер (75-84) және
өте кәрілер (85-тен асқандар).Әдетте, қарттар катарына зейнеткерлікке
шыққандарды айтады. Бірақ, бұлайша пайымдау дұрыс бола коймайды, өйткені әр
елдің зейнетакыға шығу жасы әртүрлі мұндай әртүрлі пікірлердің болатын
жөні бар. Өйткені, қарттық өмірдің едәуір ұзақ жасынан өткендіктің белгісі.
Қарттық шақтың өзі бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Денсаулығы жақсы,
белсенді, жаңа ғана зейнеткерлік демалысқа шыққандар 60 жасқа келгендер,
70 жастағылар бүрынғыдай отбасы, достарымен тығыз байланысты, бірақ
кейбіреуле рі кірістің төмендеуі, жақындарын жоғалту сияқты жағдайлармен
кездеседі. 70 жастан кейін әлеуметтік қарым-қатынастары қысқарып, аурулар
түрлері көбейе бастайды, 80 немесе 90 жастан кейін адамдар қоршаған ортадан
түңіліп, тез шөгіп, созылмалы аурулармен ауыра бастайды. Қарттарға
арналған көптеген мекемелер бар мысалы: прюттар, стационарлар,
учериждениелер, қарттар үйі, қайта сауықтыру орталығы және т.б.
жатады.Қараусыз қалған қарттар, қарттар үйіне барып орналаса алады
Осындай профилактикалык және денсаулыкты жақсартатын шаралар жүйесі
қарттардың өздерінің денсаулығын күту, жүмыска қабілеттігін ұзарту,
физикалық белсендігін сақтау, өз-өзіне қызмет ету және әлеуметтік
қүндылығын сезіну үшін жасалады. Бүндай шараларды жүргізу үшін медициналық
және әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа түрлері мен әдістерін өңдеп,
көптеген шет елдерде бар әртүрлі гериатриялық стационарлық қызмет көрсету,
амбулатория - поликлиникалық көмек көрсететін орталықтарды ашу қажет.
Көптеген батыс геронтологтары қарттар үшін ең қолайлысы, оларға көрсететін
көмекті үйде ұйымдастыру. Өйткені , қартаю және өлімді күту - бұл өте қиын
фаза. Сондықтан қарттар мен олардың отбасы мүшелерінің арасында осы
кезеңде пайда болатын түсініксіздікті, қыиншылықтарды жену үшін әлеуметтік
қызметтердің атқаратын рөлі зор. Қарттық шақ психологиялық маңызды мәселе
екені белгілі. Демографиялық қартаю өскен сайын бүл проблеманың
көкейкестілігі арта бастайды. Барлық өмірлік преспективаның өзгеруіне
байлансыты қарт адамдар жалғыздыкты, қандай да бір психологиялық
дикомфорттың дәрежесін сезінеді, депрессияға түседі. Ал жағымсыз эмоциялар
қартаю процесін жылдамдатады. Қарттардың өзі сүйіп айналысатын іс-әрекеті
немесе әлеуметтік белсенділігі неғүрлым жоғары болса, соғүрлым
денсаулығының экономикалық жағдайының өмірге деген қанағаттану
деңгейінің жоғары болатындығын көптеген геронтологтардың зерттеулерінен
байқауға болады. Осылардың барлығын ескере отырып карттық шақтың
психологиясы туралы мынадай қорытынды шығаруға болады. Қарттық шақ, өмірдің
алдыңғы сатыларында көрінген статустардың өзгерістерінен тұрады, бұл -
қартаю, зейнеткерлікке шығу, жесірлік.Бұл сатының алдыңғы сатыларынан
айырмашылығы қоршаған ортасы, физикалық не әлеуметтік болсын кеңеймейді, ал
керісінше тарылады.
Қарттық шақтың, өзінің өмірін ұйымдастыруына байланысты дәрменсіздігі
және проблемалары қарт адамдарға психологиялық ауыртпашылық болып тиеді.
Олар бұрынғы дербестігін жоғалтқандықтан және күнделікті қажеттіліктерін
қанағаттандырудың өзі басқаларға тәуелді болғандықтан мен - концепциясын
өзгертеді. Біреулер мұндай жағдайда тек бейімделсе, екіншілері бейімделе
алмайды. Олар өткен өмірін еске алып, артына не қалдырғанын ойлаумен көп
уақыт өткізеді.

1.1 Қартаю жасындағы адамдардың психологиялық ерекшелігі ғылымда
зерттелінуі
Адамдардың қарттыққа карай бет алуы адам мен қоғам арасындағы қарым-
қатынасты өзгертеді, дүниеге деген көзқарас, өмірдің мақсаты мен мәні,
игілік пен бақыт туралы түсініктер басқаша сипат алады, бір сөзбен айтқанда
адамдардың өмір салты өзгере бастайды. Бұрын олар қоғаммен өндірілген
тікелей байланыста болды, қоғамдық қызметтерге араласты. Ал зейнеткерлікке
шыкқаннан кейін көбінесе өндірістен қол үзеді. Бірақ қоғамның мүшесі
ретінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларынан тыс қалмайды. Қарт адамдардың
әлеуметтік проблемалары зейнеткерлікке шығуына байланысты және карттыққа
бет алған жағдайда белгілі бір дәрежеде өзінше әлеуметтік-демографиялық
топтың проблемалары болып табылады. Атап айтқанда, олар негізінен мынадай:
өмір салтының өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделе бастауы, қарттықтың бүлжымас
табиғи күбылыс екенін сезінуі, денсаулығы кемуіне байланысты тіршілік
қызметінің шектеле бастауы. Халықтың бұл категориясының коғамға қажеттілігі
немесе қажетсіздігі де күрделі мәселе туғызады. Зейнеткерлерде қоғамға
бүрынғыдай пайда келтірмейтін сиякты сезім орнығады. Олардың бүрынғы
білімі, шеберлігі, қабілет - қасиеті керек болмай қалады. Жасы үлғайған
сайын белсенді еңбектен шеттетіле беретін қарттардың өмір салты ғана емес,
отбасылық және әлеуметтік жағдайы да өзгереді. Ер жетіп, дербес тұрмыс
құрып кеткен балаларынан алшақтап калуы мүмкін. Қоғамнан, жақындары мен
таныстарынан аулактап, жалғыздық көруі қарттардың мінез-қүлқына кері әсерін
тигізеді. Әрине, мұның бәрі әлеуметтік жағдайларға, жеке адамдарға және
оның жақындарына байланысты. Қарттардың жас ерекшеліктеріне байланысты
кінәмшіл, талапшыл болатындығын ескере отырып, әлеуметтік қызметкер оларды
қолдауға, қажет кезінде психологиялық көңіл-күйін көтеруге тиіс. Қарт
адамдармен жүмысты дұрыс ұйымдастыра білу үшін олардың бұрынғы және қазіргі
әлеуметтік жағдайларын талап-тілектерін жете біліп, тиісті ғылыми,
әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да
бағыттағы зерттеулердің нәтижелерін пайдалана білу қажет. Осы орайда, мына
мағлұматтарды еске алған жөн. Мамандардың есебі бойынша ұкыпты
пайдаланғанда зейнеткердің киімі мен аяк киіміне еңбек жасындағыларға
қарағанда шығын 29,5 процент аз кетеді екен. Қарттардың жеке басына
материалдық шығындар аз жүмсалса да, оларға тиісті игіліктер мен қызметтер
көбейеді. Әлеуметтік зерттеулерге қарағанда қарт адамдарға 31 түрлі (сақал-
шашын алу, моншаға апару т.с.с. қосып алғанда) қызмет қажет екен. Ал іс
жүзінде оларға 2-4 түрлі ғана қызмет көрсетіледі. Мысалы, 24 проценті ыстық
тамақ әкеліп беруді тілесе, олардың 1-2 процентіне ғана әкеліп беріледі,
тұратын бөлмесін жуып-шаюды 88 процент қажет етсе мұның 28 процентіне ғана
қызмет көрсетіледі. Ағылшын окымыстысы О.Стивенсонның пікірі бойынша
қарттардың басқаға тәуелдігі екі жақты екен.
Біреулері - дербестіктен тартынып, камқоршының қолына карайды, оған
күнделікті күту жұмыстарын тапсырып қойғысы келсе, екіншілері жалғыздыққа
көніп, өзіне-өзі демеу болуға бекінеді. Қарттар әдетте өмірдің қиын-қыстау
кезеңдерінен өтіп, бейнетті көп көргендер. Демек, олар жасы келген шакта
өздеріне аз да болса қамкорлық жасалуын тілейді, тіпті талап етеді. Олардың
мінез-күлқы денсаулығы сол талаптардың калай орындалатындығына байланысты.
Демек, әлеуметтік қызметкерлер қарт және кәрі адамдарға ерекше
ықыласпен,мейірімді қарап, олардың талап-тілектерін орындауға ұқыпты
болғаны жөн. Қазақстандықтардың әл- ауқатын, қауіпсіздігін жақсарту,
гулдену, дамуын   Қазақстан 2050 стратегиясында Президентіміз
Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, еліміздің дамуының басым бағыттарының бірі-
тұрғындардың материалдық және әлеуметтік әл- ауқаты болып табылады.
Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, халықтың әл-жуаз топтарын әлеуметтік қолдау,
қорғауға ат салысу. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік
саясаттың басты бағыты атты Жолдауында демография мәселелеріне үлкен көңіл
бөлінгеніне тоқталып өтті.Қазіргі таңда мемлекет аға буын өкілдерін, әрбір
жаңа ұрпақ үлкендердің даналығын, тәжірбиесі мен қадір қасиеттерін үлгі
тұтады. Соғыс жылдары жауынгерлік ерлігімен олар бейбітшілік қорғап, сақтап
қалды, сол үшін аштық пен қайғы-қасіретті бастан кешті, соғыстан кейінгі
жылдары құлдыраған халық шаруашылығын қайта қалпына келтіріп, өз
еңбектерімен экономикалық дамуына зор үлес қосқан.  Біз ардагерлер
алдындағы борышымыз терең сезінеміз. Күнделікті қамқорлық пен қолдауды
қажет ететін борыш бүгінде мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігіне
айналып отыр. Ертең ел боламыз десек, қазірден бастап түзелу керек. Атап
айтсақ асыл мұрамызды жерге таптамауымыз парыз. Өкінішке орай, соңғы
жылдары қазақ халқының жалпы санында қарт адамдардың үлес салмағының арту
үдерісі яғни халықтың қартаюы басым. 2013 жылдың басында 65 жастан асқан
адамдардың үлесі 7,4 пайыз болды. 2050 жылы бұл көрсеткіш елімізде 11,5
пайызға жетпек .Халықтың қартаю үдерісіне үш фактор әсер етеді, атап
айтқанда басты себептері – бала туудың кемуі, өлім деңгейінің, әсіресе
еңбекке қабілетті жастағы адамдар өлімінің жоғарлылығы және халықтың көші-
қоны.  Экономикалық бірлесіп қызмет көрсету және даму елдерінде соңғы 30
жыл ішінде орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде 6 жылға әйелдерде 6,5 жасқа
өсті. Біздің елімізде соңғы 10 жылда ішінде бұл көрсеткіштердің тұрақты
түрдің өсу тенденциясы қалыптасқан.Демографиялық қартаю біздің елімізде
балалардың туу санының кемуіне байланысты болып отыр. Соңғы 10 жыл ішінде
жас ұрпақтың үлес салмағы 24-44 % -ға қысқарған. Осының нетижесінде
зейнеткерлік жастың адамдардың үлес салмағы 15 жасқа дейінгі балалардың
үлесінен асып түсіп отыр. Болашақта бұл жағдай одан ары күрделене түсіп,
егде жастағы адамдардың саны арта түседі.Халықаралың жіктеу көрсетіп
отырғандай 2013 жылы өзінде еліміздегі халықтың құрылымы демографиялық
қартаю кезеңіне сәйкес келетіндей болады. Балалар мен жасөспірімдердің
үлесі 65 және одан да жоғары егде адамдар үлесіне сәл ғана артылуы мүмкін.
Жетпістен және одан да жоғарғы адамдар аралық халықтың 28,3 пайызын құрады.
Бұл еңбекке жарамды қабілетті жастан біршама жоғары. Көп жасайтындар
саланың тұрақты өсуіне байланысты. Жасы үлкен егде жастағы адамдар үшін
мемлекеттің жауапкершілігі әсіресе жоғарлай түседі. Байқағандай,
қарттармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың ауқымдылығы мемлекеттік маңызға
ие.

1.2 Қарттармен әлеуметтік жұмыс атқарудың моделдері мен технологиялары. 
Егде адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету өзекті проблемалардың бірі
болып табылады. Адам қартайған кезде бұрынғы әлеуметтік ролінен айырылып,
жиі туғандары мен жақындарын жоғалтады. Рухани құлдырап, байланыс шеңбері,
әлемге көзқарасының нұсқалары таратылады. Қарт адамдар мен мүгедектерді
әлеуметтік қорғаудың құрамды элементі – заң қабылдаушы үкімет
бекіткен әлеуметтік кепілдеме есебімен, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша
қызмет немесе жеңілдік түрінде, ақшалай немесе табиғи формада қамтамасыз
ету. Қарт адамдарға  әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету құрамына зейнетақы
мен әртүрлі жәрдемақы, жергілікті арнайы әлеуметтік қорғау орган
мекемелерінің қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетуі және оларды асырауы;
ротездеуі; мүгедектерге жеңілдік; үйсіздерге көмек көрсету. Әлеуметтік
қамтамасыз етуді мемлекеттік  органдар, кәсіпорындар, жеке адамдар еңбек
етушілер есебінен жасайды. Соңғы жағдайда фондтан төлеу еңбек салымы немесе
стажы арқылы емес, төлем көлемі арқылы анықталады. Мұндай тәжірибе батыс
елдерінде кең таралған. Егде адамдардың басым көпшілігі қалыпты үй
жағдайында қалғысы келеді, ал мамандандырылған мекемелерде көмек алу көп
шығынды талап етеді. Бұл егде адамдарға қаншалықты мүмкін болса, соншалықты
өз үйлерінде қалуға мүмкіндік бере отырып, олардың арасында аурулар мен
мүгедектіктің алдын алуға ықпал ететін әлеуметтік және экономикалық жағдай
жасау қажеттігіне итермелейді. Егде адамдарға үйде күту сияқты шаралар осы
мақсатқа қол жеткізуге ықпал етеді.Бұдан басқа, әлеуметтік қызметкерлердің
келіп-тұруы қарттар үйіне келіп түсетін адамдардың санының азаюына мен өлім
көрсеткішінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.Қолданыстағы 2010-2013 Мемлекеттік
стандартқа сәйкес үйде әлеуметтік қызметтің мынадай түрлері белгіленген:
- Әлеуметтік -тұрмыстық қызмет көрсетулер;
- әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетулер;
- әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетулер;
- әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетулер.
Заңнама бойынша асырап-бағуға және қамқорлығына алуға міндетті жақын
кәмелетке толған еңбекке қабілетті туған-туысқандары жоқ, сондай-ақ
объективті себептермен тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын
(жасы келуіне, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық,
психиалық ауру болуына, бас бостандығынан айыру орындарында жатуына, елден
тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына
байланысты) жақын туған-туықандары бар адамдар үйде қызмет көрсетуге
қабылданады .
Қарт адамдар мен мүгедектердің өмір қызметінің шектелуі – ең өткір
мәселе болып табылады. Өмір қызметінің шектелуі барысында адамда өзіне
қызмет көрсету мүмкіндігінің, қимыл-қозғалысының, жөн сілтеуінің, қарым-
қатынасының, өз мінез-құлқына бақылау жасауының, сондай-ақ еңбек қызметімен
айналысу мүмкіндігінің болмайтындығы байқалады.
Бұл мәселені шешуде бірінші деңгейдегі мағынаға қарттар мен мүгедектерге
әлеуметтік көмек  пен әлеуметтік реабилитация жүйесі жоғары деңгейге жетіп
отыр. Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізудегі тиімді жұмыстардың бірі
геронтологиялық реабилитация жұмыстарын жүргізу болып табылыды.
Геронтологиялық  реабилитация — бұл ұзақ жүретін процесс және ол әлеуметтік
қорғау мен денсаулық сақтау мекемелерінің кең және тығыз бірлестіктері
арқылы ғана мүмкін. Әрбір қарт адам қандайда бір өмірлік мақсаттармен өмір
сүруі ниеті болғаны маңызды. Реабилитациялық шаралардың тиімділігі қарт
адамның ниетімен оның өмір жағдайыны тәуелді. Күнделіктегі жеке бастық іс-
әрекет кәріліктегі өмірдің әлеуметтік мәнге толы болуына үлкен мәнге ие.
Жағымды ағымдағы психологиялық және физиологиялық кәрілікте әлеуметтік
көмектің формасын және түрін егде жастағы адамның өзі таңдайды. Әлеуметтік
жұмыстың мәні ол әлеуметтік реабилитация. Дәл осы тұрғыдағы мұндай
реабилитацияның ең маңыздысы қарт адамның әлеуметтік жұмыс объектісінен
оның субъектіге ауысуы болып табылады. Қоғамға қажеттілігін әр адам өзінің
өмірлік тәжірибесінің негізінде құрастырады. Бірақ қандай жағдай болмасын
әр адам өзінің ішкі рухани құндылығын, тұрақтылығын, беделдігін,
белсенділігін сақтап қалуды үйренуі керек.  Қазіргі кезде қарт адамдар
отбасынан бөлек тұрады, және осыған байланысты жалғыздықта және кез-келген
қиындықтарда төтеп бере алмай жатады. Егер бұрын қарт адамдарға жауапты
отбасы болатын болса, ал қазір бұл жауапкешілік мемлекеттің және жергілікті
органдардың және халықты әлеуметті қорғау ұйымдарының құзіреттілігінде.
Қарт адамдардың проблемалары ең алдымен әлеуметтік және медециналық болып
бөлінеді. Бұл бөлу формасына байланысты. Бұл екі проблемада өркениетпен,
мәдеиетпен бірге пайда болады. Көптеген зеріттеу нәтижелері көрсетіп
отырғанындай қарт адамдарда медециналық проблемалардың ішінде мына проблема
түрлеріне көптеп шалдығып отырады: жүру, көздің нашарлауы, өзін-өзі күту,
ойлау және интелектуалды қабілеттіліктері. Қоршаған ортада болып жатқан
өзгерістерді басқа жастағыларға қарағанда баяу қабылдайды. Медециналық
деректерге сәйкес қарт адамдар дәрігерлерге 1,5 есе көп шағым   түсіреді.
Басқа жас өкілдеріне қарағанда екі есе көп стационарлық ем қабылдайды.
Адамдардың жасы ұлғайған сайын адам ағзасының ауруларға қарсы тұру қасиеті
төмендейді, бір аурудың үстіне екіншісі қосыла береді. Сәйкесінше бұндай
жағдайлар адамның физиологиялық күйіне өз әсерін тигізеді.
2. Қарт кісілерге интернат-үйлерде көрсетілетін әлеуметтік

қамқорлық және әлеуметтік жұмыс жасау мүмкіндіктерін талдау.
2013 жылы әлеуметтік қорғау жүйесінде біздің елімізде  қарт адамдар
мен мүгедектерге арналған 959 стационарлы мекеме, 700-ден аса әлеуметтік 
қызмет орталығы, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 900 бөлім, сонымен қатар,
басқа да әлеуметтік көмек көрсететін мекемелер қатары (психолого-
педагогикалық, шұғыл психологиялық көмек және тағы басқа) болды.Қарт
адамдарды адресті қорғау Қазақстанда айтарлықтай дағдарысты жағдайда. Ол
біріншіден ең көп қажетсінулерге: жалғыз басты зейнеткерлерге,
мүгедектерге, 80 жастан жоғарыларға көрсетіледі. Біздің еліміздегі
әлеуметтік  зерттеулер қарттарға жағымды жағдайды қамтамасыз етудің негізгі
бағыттары: зейнетақының көтерілуі, зейнеттік  қамтамасыз етудің жоғары
деңгейге жетуі, оларға үйде қызмет көрсетуді  дамыту қарттарға арналған
үйлердің көбеюі және өмір сүру жағдайының жақсаруы .
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде қарттармен мүгедектерге
тұрақты немесе уақытша үйде  әлеуметтік –тұрмыстық қызмет көрсету
ұйымдастырылады. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы жедел әлеуметтік
көмек көрсету бөлімшесі келесі қызметтерден тұрады:
- Жедел түрде ыстық тамаққа немесе азық-түлікке мұқтаж адамдарға бір
реттік көмек;
- Киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз ету;
- Бір реттік материалдық көмек көрсету;
- Уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету;
- Жедел психологиялық көмек көрстеу, соның ішінде сенім телефоны
арқылы да;
- Заңнамалық көмек көрстеу;
- Аймақтық ережеге байланысты көмектің басқа да түрін көрсету.
Әлеуметтік зерттеулер нәтижесі бойынша қарттардың жағдайын жақсарту үшін
елімізде келесі жұмыстар қолға алынуы тиіс:
 - зейнетақының көбеюі;        
- зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің жақсаруы;        
- үйде қызмет көрсету жұмыстарының дамуы;
- қарттарға арналған үйлер мен онда тұру жағдайларының жақсаруы және т.б
Көптеген елдерде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жақсарту әлеуметтік
қамсыздандыру бағытының ең басты мәселесі болып отыр. Бұл мәселе әр елде
өзіндік ерекшеліктермен шешіліп  келеді.
Кейбір елдерде зейнеткерлер зейнетақысын оның көлеміне қарамастан толықтай
алады. Ал кейбір елдерде жинақталған зейнетақы жүйесі жүріп жатыр.
Қазақстанда қазіргі кезде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан
төленетін зейнетақы төлемін алушылардың жалпы саны  1 млн. 600 мың адамнан
асты. 2013 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі айлық
еңбекақының ең төмен мөлшерін, сондай-ақ асыраушысынан айырылған жағдайға
және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың
мөлшерін есептеу, кедейлік шегін анықтайтын бірыңғай базалық әлеуметтік
индикатор болып белгіленген. Әлеуметтік төлемді тағайындау, әлеуметтік
көмек мөлшерін анықтау тек ең төменгі күнкөріс деңгейін ескеріп қана емес,
сондай-ақ алушының бұрынғы еңбек үлесіне байланысты жүзеге асырылады.
Елбасының Қазақстан халқына жолдауына сәйкес осы жылғы 1 қаңтардан бастап,
зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер айын-айынша принципі бойынша төленуде.
Зейнетақы төлемдерінің мөлшері инфляция деңгейінен 8 пайызға ілгерілете
арттырылды. Қарттарға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету жұмысына баса
назар аударған жөн. Бұл жерде барлық жағдайды қарастырған жөн: өзіне-өзі
қызмет көрсете алмайтындарды ескеріп, ыңғайлы аяқ киіммен, киіммен, қарт
адамдардың жүріп-тұруына жеңілдік беретін құрылдармен, кейбір гигиеналық
жұмыстарды жүргізу кезінде қиындық тудырмайтын құралдармен қамтамасыз ету .
Халқы аз жерлерде тұратын жалғыз басты қарттарға әлеуметтік көмек
көрсетудің жаңа түрі – Қайырымдылық поезды деген атпен ұйымдастырылып жүріп
жатыр. Оның құрамына дәрігерлер және әлеуметтік қызметкерлер кіреді. Олар:
медициналық, әлеуметтік, тұрмыстық ақыл-кеңес беру т.с.с көмек түрлерін
көрсетеді. Атап кету керек мұндай көмектер бұған дейін де жүргізілген:
ауылдық аймақтарға медик мамандардың баруы, адрестік сауда-саттықтың
жүргізілуі және т.б. Қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетуде
әлеуметтік қызметкерлерге кең мүмкіндіктер береді. Мұндай адамдармен жұмыс
жасау үшін білім мен тәжірибенің және жан дүниенің  үйлесімділігі қажет.
Осы үйлесімділікке ие бола отырып қана, қарт адамдардың  өмір сүру салтын
жақсартуға, олардың тәуелсіздігін, мәртебесін көтеруді қамтамасыз етуге
болады. Мұндай мүмкіндіктердің шеңбері өте кең болып келеді. Себебі,
психологиялық жағынан  келіспеушіліктер тек қана адамның психикасына ғана
емес, оның денсаулық жағдайына толықтай әсер етеді. Әлеуметтік педагог осы
шеңбердегі келеңсіздіктің барлығын шешуге тырысып бағуы керек.     
Қазақстан Республикасындада қарт адамдар мен мүгедектер Қазақстан 
Республикасының Конституциясы бекіткен, сондай-ақ құрамына басқа заң
қабылдаушы актілер кіретін республика конституциясы  бекіткен әлеуметтік-
экономикалық және жеке құқықтарға ие. Алайда, қарт және мүгедек адамның
әлеуметтік статусының қоғамдық және еңбек қызметінің тоқтауына; құндылық
ориентирлерінің трансформациясына, өмір салты мен қарым-қатынасына
әлеуметтік-тұрмыстық және психологиялық жаңа шарттарға бейімделудің
қиындығына байланысты өзгеруі айтарлықтай әлеуметтік мәселелерді туындатады
. Қарт адамдар мен мүгедектердің өмір қызметінің шектелуі – ең өткір мәселе
болып табылады. Өмір қызметінің шектелуі барысында адамда өзіне қызмет
көрсету мүмкіндігінің, қимыл-қозғалысының, жөн сілтеуінің, қарым-
қатынасының, өз мінез-құлқына бақылау жасауының, сондай-ақ еңбек қызметімен
айналысу мүмкіндігінің болмайтындығы байқалады. Бұл мәселені шешуде бірінші
деңгейдегі мағынаға қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек  пен
әлеуметтік реабилитация жүйесі жоғары деңгейге жетіп отыр. Әлеуметтік
реабилитация әлеуметтік-экономикалық, медициналық, юристік, кәсіби және
басқа шараларға әкеледі. Олар қажетті шарттарды қамтамасыз етуге және осы 
топтардың қоғамда толыққанды өмірге келуіне бағытталады.
Уақытша болу бөлімі (кемінде 15 адамға есептелген) емдеу-сауықтыру және
реабилитациялық шараларды, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді, тәулік
тамақпен қамтамасыз ету шартын жүзеге асырады.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде (ол қалада 120 адамға, ауылды
жерде 60 адамға  қызмет көрсетеді) үнемі немесе уақытша (6 айға дейін)
зейнеткерлер мен  мүгедектерге, басқаның көмегіне мұқтаж адамдарға (ақылы
немесе ақысыз түрде) үйде әлеуметтік – тұрмыстық қызмет көрсетеді.
Үйде әлеуметтік көрсетудің негізгі тапсырмасы  еңбекке қабілетсіз
азаматтарды, үйде қызмет көрсетуге мұқтаждарды табу болып табылады.
Әлеуметтік көмек  орталығының шұғыл қызметі қызметтің кең тізімін 
қарастырады. Тегін астың тамаққа немесе азық-түлік  жиынына мұқтаждарды
қамтамасыз ету; киіммен, аяқ киіммен және бірінші қажеттілікпен қамтамасыз
ету, әр түрлі материалды көмек көрсету; уақытша баспана алуға көмектесу;
шұғыл психологиялық көмек, соның  ішінде сенім телефоны арқылы: өз
компенсациясында юристік көмек көрсету; региондық және басқа
ерекшеліктермен шартты көмектің басқа түрлерін және формаларын көрсету.
Қарт адамдарды адресті қорғау Қазақстанда айтарлықтай
дағдарысты жағдайда. Ол біріншіден ең көп қажетсінулерге: жалғыз басты
зейнеткерлерге, мүгедектерге, 80 жастан жоғарыларға көрсетіледі.
Біздің еліміздегі әлеуметтік  зерттеулер қарттарға жағымды жағдайды
қамтамасыз етудің негізгі бағыттары: зейнетақының көтерілуі, зейнеттік
қамтамасыз етудің жоғары деңгейге жетуі, оларға үйде қызмет көрсетуді 
дамыту қарттарға арналған үйлердің көбеюі және өмір сүру жағдайының
жақсаруы. Қазіргі мемлекетте әлеуметтік қамтамасыз етудің басты
бағыттарының бірі зейнеткерлік қамтамасыз етудің жоғарлауы болып табылады.
Қарттарға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет етушіге баса назар аудару керек. Бұл
жерде, өзіне қызмет ету қабілетін   жоғарлатқандықтан арнайы жайлы аяқ
киіммен, киіммен, қарт адамдарға көшедегі қозғалыстарды  жеңілдететін, үй
шаруасын жүргізетін, кейбір гигиеналық процедураларды орындайтын әртүрлі
құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
Бұл мәселені шешу үшін, архитектуралар, дизайнерлер, гереонтологтар баяғыда-
ақ осыған сәйкес тұрмыстық техника жасап шығаратын перспектива бағыттарын
анықтаған. Бұл ұсыныстар мыналардың туындауына әкеледі:
-  төсек тартып жатып қалған ауруларға қарауда көптеген тетіктер жүйесі
және оларға санитарлы-гигиеналық көмек көрсету.
-  қарттардың жасерекшелік спецификасы тіркелген бастаманың тазалайтын
арнайы жинақ және механизмдер, сондай-ақ қарт адамдарға тұрмыстық іс-
әрекеттің қауіпсіздігін жоғарлататын және оларға жайлы тиетін қарапайым,
бірақ өте керекті құрылымдар.
-  қарт адамдарға ванна қабылдауға арналған тұтқалық және тірегіш тұтқа
жүйесі.
-  аяқ киімді киетін арнайы тіреулер.
Ұсыныстар жақсы, алайда біздің елімізде олар қанағаттанарлықсыз жағдайда
жүзеге асады. Біздің елімізде 2013 жылдан бастап, құрамына үйде әлеуметтік
көмек көрсетумен қатар, тіпті жаңа бөлімдер күндіз келіп кететін бөлімдер
кіретін зейнеткелерге қызмет  көрсету орталығы деп аталатын орталықтар
ашыла ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарт адамдарға қызмет көрсету барысында медициналық-әлеуметтік қарым- қатынасы
Жалғыз басты қарттарға көмек көрсету
Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жасау
Педагог-психологтың қарттармен жүргізілетін жұмыс технологиялары
Егде адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетулер
Қарттармен және мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік педагогикалық жұмыстың ерекшелігі
Қарт адамдарға әлеуметтік көмек пен қорғау көрсетудегі әлеуметтік қызметкердің рөлі
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі
Жас мүгедектерге әлеуметтік педагогикалық - психологиялық көмек түрлері
Пәндер