БУХГАЛТЕРЛІК АҚПАРАТ НЕГІЗІНДЕ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК АҚПАРАТТЫҢ МӘНІ . . . 5
1. 1 Бухгалтерлік ақпарат түсінігі, түрлері және оны қолданушылар . . . 5
1. 2Ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі . . . 11
1. 3 Бухгалтерлік есепті автоматтандырудың мәні және маңызы . . . 14
2. БУХГАЛТЕРЛІК АҚПАРАТ НЕГІЗІНДЕ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . . 15
2. 1 «Ақсай-нан» ЖШС бойынша жалпы мағлұматтар . . . 15
2. 2 Негізгі экономикалық көрсеткіштер арқылы кәсіпорынның бухгалтерлік ақпаратын талдау . . . 19
2. 3 Кәсіпорынның даму проблемалары және оларды шешу жолдары . . . 30
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 39
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі . Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2012 жылдың қантар айындағы ел халқына жолдаған «Қазақстан дамуының маңызды векторы - әлеуметтік-экономикалық модернизация» атты жолдауында көрсетілгендей қазіргі кездегі нарықтық экономика жағдайында экономика секторының дамуында бәсекеқабілетті кәсіпорынның алатын орны зор. Бәсекеқабілетті кәсіпорын нарық талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтап, сұраныс талабын қанағаттандырып, өнімдерді өндіруді ұйымдастырып және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз етіп, басқаруды жетілдіруде сапалы бухгалтерлік ақпаратты қолдануы тиіс. Бүгінгі күні кез-келген кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық тетігін, даму деңгейін және болашақтағы перспективасын айқындау барысында бухгалтерлік ақпараттың, яғни бухгалтерлік есептің ролі мен мәні артуда. Баршамызға белгілі кез-келген саладағы бизнес табысы көбінесе бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне тікелей байланысты болып табылады. Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялары бизнес тілі болып табылады. Бизнес барлық қатынасушыларын бір мақсат біріктіреді, яғни бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті және толық болуы шарт.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорындарды ақпараттар және мәліметтермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз. Нарықтық қатнастардың экономикалық өмірге етуіне байланысты, әсіресе коммерциялық бағыттағы және меншікті кәсіпорындар табыс табуды мақсат тұтады. Егер бухгалтерлік есепті кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың көз қарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақпараттардың қашан және қандай жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың құралу көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты туындайды. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес-субъектіні айқындауға, сондай-ақ субъектілердің каржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады. Ол шаруашылық жүргізуші кез келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы немесе шығыны ссепке алынады, каржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп субъектілердің меншігін сақтауды бақылауға және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды. Сондықтан да берілген курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі зор.
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорын қызметіндегі бухгалтерлік ақпараттардың теориялық - әдістемелік, тәжірибелік негіздерін зерттеу.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді жүзеге асыру қажет:
- бухгалтерлік ақпарат түсінігін, түрлерін және оны қолданушыларын анықтау;
- ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізін айқындау;
- бухгалтерлік есепті автоматтандырудың мәні және маңызын сипаттау;
- «Цесна-Астық» ЖШС бойынша жалпы мағлұмат бере отырып, фирманың негізгі экономикалық көрсеткіштерін зерттеу;
- аталған фирманың даму проблемаларын көрсетіп, шешу жолдарын ұсыну.
Курстық жұмыстың объектісі: “Цесна”ЖШС кәсіпорны.
Курстық жұмыстың пәні: Кәсіпорынның қызметіндегі бухгалтерлік ақпараттарды талдау негіздері.
Берілген курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізіне Қазақстан Республикасының бухгалтерлік Заңдары, Президент Жолдаулары, ҚР Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері мен “Цесна” ЖШС бойынша мәліметтері құрайды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Берілген курстық жұмыс кіріспе, екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде кәсіпорын қызметіндегі бухгалтерлік ақпараттың мәні, оның түсінігі, түрлері және пайдаланушылары жөнінде теориялық мәлімет берілсе, екінші бөлімде бухгалтерлік ақпарат негізінде «Цесна» ЖШС қызметінің экономикалық-қаржылық жағдайына талдау жасалған. Сондай-ақ фирма бойынша негізгі проблемалар айқындалып, оларды шешу жолдары көрсетілген. Бұл екі бөлім өз ішінен бөлімшелерге бөлінді. Сонымен қатар қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар берілген.
.
1. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК АҚПАРАТТЫҢ МӘНІ
- Бухгалтерлік ақпарат түсінігі, түрлері және оны қолданушылар
Бухгалтерлік ақпарат - кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық жұмысы жайлы мәліметтер жиынтығы болып табылады. Бухгалтерлік ақпарат қорытындыны талдауға ғана емес, әртүрлі шешімдер қабылдағанда кәсіпорын қызметінің қорытындыларын болжауда қолданылады.
Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер - бұл экономикалық объектіні басқару үшін ақпарат теру, сақтау, жаңарту, талдау және ақпарат беру болып табылады. Қазіргі уақытта ақпарттық жүйе көп көлемде немесе түрлі арнада қолданылады. Олардың бір-бірімен келесі факторлармен айырмашылығы бар: өзгеше басқару объектісі, бухгалтерлік ақпараттық жүйе жинақталған тәжірибе бойынша тудыру және функциялау, басқару және басқарушылық жүйе құрылымы, қолданылатын жинақтау құралдары, мәліметтерді беру және өңдеу, бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді басқару объектісінің басшылық позициясы және т. б. </h4>
Олардың ортақ, әрі өзгеше белгілері бар екенін бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді жобалау кезінде ескерген жөн. Ортақ құрылу принциптеріне бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді функциялауына келесілер жатады: бірінші тұлғаның қағидасы, жүйелік тәсіл, сенімділік, үздіксіз даму, үнемділік және үйлесімділік.
Басқарудың әртүрлі деңгейлердегі жауапкершілік тәртібін және қорытынды қою құқығын бірінші тұлғаның қағидасы анықтайды.
Бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді жобалау барысында объекті талдауын түгел басқарумен оны басқару жүйесін және объект функциялаудың критерийлері мен жалпы тізбектің автоматизация жағдайында анықтау. Берілген қағида мәліметтерді жүйеге бірретті енгізуді және оның көпретті қолдануын, мәліметтер базасының бірлігі, кешенді бағдарламалық қамтамасыз етуді көрсетеді.
Сенімділік қағидасы бухгалтерлік ақпараттық жүйелер жұмысының сенімділігін әртүрлі амалдар көмегімен қамтамасыз етеді, мысалы: жүйе құрылымын дубляждау немесе олардың шығындылығы.
Жүйенің үздіксіз даму қағидасы ұйымдастырушылық өзгерістерсіз оның кеңеюін талап етеді.
Үнемдеу қағидасы жаңа бухгалтерлік ақпараттық жүйелердің пайдасы оның шығындарынан аспауын қамтамасыз етеді.
Жобаланған бухгалтерлік ақпараттық жүйелер кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын есепке алады, және қызықтары мен бухгалтерлік есепте жұмысқа дайындығын шартты түрде дайындайтын квалификацияланған адамдар жұмысын сәйкестік қағидасы жүзеге асырады.
Бухгалтерлік ақпараттық жүйелерге спецификалық ерекшеліктер тән. Осылай, біріншілік ақпарат негізінде бухгалтерлік ақпараттық жүйелерде есептің әртүрлі түрлерінің (жеделдік, бухгалтерлік және статистикалық) интеграциясын жүзеге асырады. Бірақ, осы түрлердің бірігуі жүзеге аспайды, өйткені олардың әрқайсысы өзіндік функцияларды жүзеге асырады және өз есептерін шығарады.
Кері байланыс қағидасы басқарушылық жүйесінің негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Бірақ бухгалтерлік есептің есептерін шығарып кері байланысты жүзеге асыруға болады. Ақпараттық жүйе (АЖ) - кері байланыс үшін жалғыз ақпарат көзі болып табылады.
Шешім қабылдау үшін кәсіпорын басқарушылары осы ақпаратты қолданады.
Есептің барлық бөліктеріндегі есептік ақпаратты автоматты түрде өңдеу мүмкіндігі бухгалтерлік ақпараттық жүйелерге тән үрдіс жинаудан және ақпаратты тіркеуден басталады.
Бухгалтерлік ақпараттық жүйе екі бөліктен тұрады: функционалдық және қамтамасыз етуші. Бухгалтерлік ақпараттық жүйелердің функционалдық бөлігі - жүйелер, кешендер есептері немесе мазмұнды бөлігін құрайтын пәндік аймақтық жиынтық. Бұл бухгалтерлік есептің нақты есептері.
Қамтамасыз етуші бөлігі - бұл автоматты режимдегі жүйені функционалдау үшін қажетті шарттар жиынтығы.
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету - бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді функционалдау және жобалау бойынша құралдар мен әдістер, іс-шаралар кешені. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді құрумен және қолдануымен байланысты үлкен оқыс жағдайлар шеңберін құрайды; элементтер құрамын, олардың байланысын, өзара әсерін, ұйымдастырылған құрылымын анықтайды; жүйенің қызметін реттейтін құқықтық актілерінен тұрады.
Бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді жобалау - жүйе элементтер жұмысының кіруін анықтау, жоба құжаттамасын және жобалық шешімдерді өндіру, ақпараттың үрдістерін зерттеу құрамына кіретін күрделі үрдіс болып табылады.
Бухгалтерлік ақпарат әр түрлі классификацияларына қарамастан келесі түрлерге бөліне алады:
- ол ақпараттық жүйе қатынасына байланысты кіретін (ішкі, сыртқы), шығатын (ішкі, сыртқы) болып бөлінеді;
- өңдеу үрдісіне байланысты өңделмейтін және өңделетін (аралық, қорытынды) ; </h4>
- қалыптасу және өңделу сатыларына байланысты біріншілік және екіншілік;
- объективтілік дәрежесіне байланысты сенімділік және сенімділік емес;
- қаныққан дәрежесіне байланысты жеткілікті және жеткілікті емес;
- мәнділігіне байланысты пайдалы және пайдалы емес;
- тұрақтылық дәрежесіне байланысты ауыспалы және тұрақты (абсолютті тұрақты, шартты тұрақты) ;
- қалыптасу көзінің әсер етуіне байланысты активті және пассивті;
- идентификация қалыпына байланысты сандық, алфавитті және символдық;
- егер бухгалтерлік ақпарат сенімді және мәнді болса ғана ол пайдалы болады;
- қандай да бір нақты тұлғаның қызығушылығын тудырмайтын және жеңіл тексерілетін кәсіпорындағы шаруашылық процестердің толықтығын сенімділік көрсетеді;
- бухгалтерлік ақпараттың мәнділігі кері байланысқа сүйенетін қажеттілігі мен уақыттылығынан тұрады.
Бухгалтерлік ақпаратқа қабылдаудың біртектілігімен байланысты талаптар, төмендегідей.
Құжат - мәнділігі бойынша әртүрлі, бірақ құрылымы бойынша бірдей көрсеткіштерден тұратын ақпараттар жиынтығы. Хабарлама - белгілер-реквизиттерден ғана тұратын ақпараттар жиынтығы.
Файл (массив) - мәнділігі әртүрлі анық құрылымды хабарламалар немесе реквизиттердің бірнеше көрсеткіштерін қосатын ақпараттар жиынтығы.
Ақпараттық ағын - бухгалтерлік есептің қандайда нақты бөлігіне байланысты массивтер жиынтығы.
Ақпаратық жүйе - тікелей және кері байланыстары бар ақпараттық ағындардан тұратын ақпараттың ең биік бірлік дәрежесі болып табылады.
Кодтау және классификация жүйесі.
Классификация - әртүрлі белгілер бойынша көпшілікке берілген объектілердің ойдағыдай бөлінуі. Объектілер классификациялары бойынша топтық белгілер: класс, классасты, топ, топасты, түрасты, тип болып аталады.
Классификатор - кодталған объектілер атауларының жүйеленген бірлігі, олардың классификацияланған топтар мен кодтық байланыстары болып табылады.
Классификация жүйесі - бұл объектілердің жиынның жиынастыға бөлінуінің ережелер жиынтығы. Практикада көбінесе классификацияның екі жүйесін: иерархиялық және фасеттік қолданады.
Классификацияның иерархиялық жүйесі болып классификациялық топтар арасындағы иерархиялық қатынас орнайтын классификация табылады. Иерархиялық жүйенің классификациясында әрбір топтың бөлінуі бір негізге байланысты өндіріледі. Әрбір деңгейде алынатын топтардың классификациялары жоғарғы тұрғанға бағынышты және қайталанбайды.
Классификацияның фасеттік жүйесі көпаспектілі жүйе классификациясына жатады. классификацияның фасет-аспектісі классификациялық тәуелсіз топтарын құрылуы барысында қолданылады. классификациялық фасеттік жүйесіндегі топтар тән фасеттерден алынған белгілер комбинациялар арқылы құрылады. Классификацияның фасеттік жүйесін құрғанда фасеттердің біріккен шығаруды және тек қана мәнді белгілерді сорттауды талап етеді.
Кодтау - объектіге кодтық белгінің қойылу процесі. Қайта кодтау - ертерек кодталғанобъектіге жаңа кодтық белгінің қойылуы.
Декодтау - кодтауға кері процесс.
Келесідегідей кодтау жүйесі қолданылады: реттік, сериялық, ұстанымды, шахматтық, қайталану кодтау жүйесі, біріккен.
Кодтау жүйесі - бұл объектілерге кодтарды беруіне байланысты ережелер жиынтығы.
Кодтарға қойылатын талаптар келесідегідей болады:
1) мәнділігі бойынша минималды;
2) объект туралы қажетті ақпараттан тұратын құрылуына байланысты логикалық;
3) бір белгіні белгілейтін болса, бірмәнділік;
4) жалпы қабылданған сандық белгілерге үйренген;
5) қабылдауға және есте сақтауға қолайлы.
Натуралды сандар бағанына нөмірлер белгілері кемуі немесе өсуі бойынша барлық белгілер кодталғанда кодтаудың реттік жүйесі ең көп жағдайда қарапайым болып табылады.
Артықшылықтары: құрылудың қарапайымдылығы, аз мәнділігі, жазудың тығыздылығы.
Кемшіліктері: белгілеріне байланысты объектілер топтарын қарастырмайды (бір белгіні ғана кодтауға болады), берілген номенклатураның жаңа объектілерінің пайда болуына байланысты келісілген классификацияның бұзылуы болады. Бұл реттік кодтау жүйесінің қолданылуын шектейді. Сериялық кодтау жүйесі (реттік жүйенің модификациясы) қарапайым баламалы номенклатураны кодтау үшін арналған және қандайда бір белгі бойынша жеке топқа белгіленген объектілерге нөмірлер сериясын меншіктеуді болжайды.
Артықтшылықтары: сериялық жүйе разрядтар саны бойынша үнемді, сонымен қатар құрамында қажетті қор бар. Бұл номенклатураны кеңейтумен классификацияның бұзылуынан қашуға мүмкіндік береді.
Кемшіліктері: тек бір белгі бойынша кодтауға болады. Мысалы, негізгі жұмыскерлердің мамандықтарына мамандықтар кодтау кезінде 01-30 дейін нөмірлер сериясы меншіктеледі, көмекші 31-40 дейін, қызмет ету 41-70 дейін және т. б.
Ұстанымды (разрядтық, ондық) кодтау жүйесі қиын, көп белгілі номенклатураларды кодтау үшін қолданылады. Әр классификациялық белгіге белгіленген разряд саны беріледі, олар сәйкестендірілген топтамадағы объектілер санына байланысты: мұндай кодтау жүйесі иерархиялық классификацияға сәйкес келеді, яғни белгілері бойынша классификациялық топтамалар белгіленген одан да үлкен белгілері бойынша топтамалардың кодына байланысты кодталады.
Артықшылығы: ұстанымды жүйе кодтардың бірқалыптылығын, әр классификациялық белгінің нақты белгіленуін, БУИ машиналқы қалпына келтіру үшін қолайлығын қамтамасыз етеді, бір белгіден артық кодтауға болады.
Кемшіліктері: бұл жүйе кодтың разрядын үлкейтуді талап етеді, ұстанымды кодтар құрылымының қиындығымен және олардың құрылымдық өзгеруінің икемділігінің жоқ болуымен мінезделеді.
Шахматтық кодтау жүйесі екібелгілі номенклатураларды кодтауда қолданылады. Мысалы, ақау себептері мен кінәліларын, жабдықтарды құруда. Артықшылығы: қолайлы, құрудағы қарапайымдылығы. Кемшілігі: кодтау белгілерінің санының шектелуі (тек қана 2) .
Қайталану кодтау жүйесі әріптік немесе сандық белгілеуді қолданады, (мысалы номиналдардың сандық мәнін, салмағын, объектінің өлшемін) немесе олармен байланысты кейбір мәліметтерді, мысалы орналасқан жері, мекен-жайы сияқты.
Біріккен кодтау жүйесі жоғарыда келтірілген кодтау жүйелерінің қосылыстарын көрсетеді.
Артықшылығы: бірқалыпты, логикалы. Біріккен жүйе бойынша құрылған кодтардың неғұрлым рационалды құрылымы бар, икемді, иерархиялықпен қатар фасеттік классификация қағидасы бойынша құрылған көпаспектілі номенклатураларда да қолданыла алады.
Бухгалтерлік есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырылып, бұл үрдісті дұрыс ұйымдастырудың басты мақсаты - сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басшыларын ақпараттармен қамтамасыз ету. Ақпараттармен қамтамасыз ету басқару жүйесінің элементіне жатады. Басқару дегеніміз - шешім қабылдау, ал тиімді басқару үшін ақпараттар жүйесін жинақтау арқылы көптеген берекесіздіктерді, түсінбеушілік пен орын алған қарама-қайшылықтарды дұрыс шешуге болады. Яғни ақпараттар өз бетінше қалыптаспайды, мұның үшін мәліметтер қажет, ал мәліметтер ақпараттар жүйесін құрайды. Ақпараттар деп шаруашылық өміріндегі фактілердің орын алғандығын хабарлау дейміз.
Нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін пайдаланушылардың мақсаты бәсекелестікті тұрғыда болатындығынан ақпараттарды пайдаланушылар арасында қарама-қайшылықтар да болуы мүмкін. Сондықтан ақпараттар жүйесі түсінікті әрі қарапайым жолдармен аса бір сапалы және жоғарғы деңгейде орындалуы крек. Ақпараттардың мағынасы мен көрсеткіштері логикалық санаға сиятындай болуы жөн.
Сонымен бухгалтерлік есеп аса көп ақпараттардан тұрады. Көптеген ақпараттарды жинақтап жүйеге түсіру кәсіби мамандардың ғана қолынан келеді. Ақпараттарды жинақтап, бухгалтерлік есеп жүйесіне түсіру үшін көптеген талаптар мен арнайы ережелер қажет. Бұларға: шындық, өз уақытында, қажетті дәлділік т. б. талаптар қойылады. Ақпараттар жүйесіне қойылатын талаптардың ең маңыздысы өз уақытындағы дер кезіндегі орындалатын талап.
Бухгалтерлер мен басқа да басқарушы тұлғалар үшін тек жалпы мерзім ғана емес, дәлме-дәл осы күні орындалған бухгалтерлік операциялары қажет. Мұның үшін қажетті көлемдегі және дәл осы күні орындалған операциялар ғана шындық талабымен ұштасады. Айта кететін бір жайт - бұл экономикалық немесе қаржылық талдауға байланысты. Ағымдағы талдау мәліметтері және статистикалық мәліметтер жинақталған күндерден соң, мүмкін көптеген уақыт өткеннен соң да пайдалануы мүмкін. Сондықтан қандайда болмасын мәліметтерді пайдаланып, экономикалық өмірге қосқан күнді өз уақытында орындалған күн деп анықтауға болады.
Келесі талап - қажетті дәлдік . Бұл талаптың негізгі мақсаты бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін басқадай сырттағылардың пайдалануы мен кәсіпорынның өзішінде жан-жақты талдау қызметін жүргізуге арналған. “Бухгалтерия” мен “дәлдік” ұғымы бірімен бірі тығыз байланыста болады. Бухгалтерияда дайындалған есеп материалдары абсолюттік дәлдікті көрсетуі керек. Алайда, кейінгі жылдары кәсіпорын бухгалтерінің қарауына берілген есеп саясатына көрсетілген кейбір әдістемелік есептеулер әр түрлі жолдармен орындалып келеді. Мысалы, негізгі құралдарға амортизациялық тозу жарна есептеу тәсілдерінің көптігі, таза пайданы еептеудің бірнеше жолдары сияқты көптеген көрсеткіштерді аса бір дәлдікпен есептеу қиындық туғызып ауытқулар болуы мүмкін.
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушыларды төмендегідей сипаттауға болады:
1) меншік иелері өз қаражаттарын салып, өздерінің меншігіндегі кәсіпорынды немесе шарушылық субъектісінің меншікті кәсіпорынды немесе шаруашылық субъектісінің меншікті капиталын қалыптастыра отырып, мұның нәтижесінде дивидент алуды мақсат тұтады;
2) кәсіпорны әкімшілігі бухгалтерлік есеп негізіндегі ақпараттар жүйесін пайдалана отырып, экономикалық жағынан тиімді шешімдер қабылдап, мүның үшін тиісті еңбек ақымен қатар, сый ақы алуды мақсат тұтады. Бұлар кәсіпорынның қаржы-шарауашылық қызметін талдап, ішкі және сыртқы резерв көздерін шаруашылық өміріне енгізушілер болып табылады.
3) кәсіпорында еңбек етуші жұмысшылар мен қызметкерлер еңбек объектілеріндегі жұмыстарды атқарып, еңбектің сапасы мен санына және атқарылатын қызметтердің жауаптылығына, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтердің категорияларына қарай еңбек ақы алып, әлеуметтік жағдайларды пайдаланушылар болып табылады.
4) қоюшылар мен сатып алушылар, басқалай клиенттер материалды құндылықтар мен ресурстар қойып, осы кәсіпорынның өнімдерін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі экономикалық қатнастарды арнайы жасалған келісім шарт және екі жақты қойылған келісім бағаға қарай орындау үшін ақпараттар жүйесін пайдаланады.
5) несие мен қарыз беруші жақтар кәсіпорынның капитал көздерін қалыптастыру ме айналым қаражаттарымен қамтамасыз ету мақсатында несиелендіріп, мұның үшін пайыздық төлемдер алып, кәсіпорынның қалыпты жұмыстар атқарып, экономикалық жағдайының жақсаруына қызмет атқарады.
6) отандық экономиканың тұрақтануы мен элеуметтік салаларды қаржыландыру мақсатында салық және жарналар жинайтын органдарды ақпараттармен қамтамасыз етумен қатар, салық заңдылығын орыдау үшін қажетті ақпараттар жүйесін қолдану болып табылады.
Сонымен, кәсіпорындағы бухгалтерлік ақпарат - кәсіпорынның
өндірістік-шаруашылық жұмысы жайлы мәліметтер жиынтығы. Ақпараттарды жинақтап, бухгалтерлік есеп жүйесіне түсіру үшін көптеген талаптар мен арнайы ережелер қажет. Бухгалтерлік ақпарат қорытындыны талдауға ғана емес, әртүрлі шешімдер қабылдағанда кәсіпорын қызметінің қорытындыларын болжауда қолданылады. Бухгалтерлік ақпаратты қолданушылар: меншік иелері, кәсіпорын әкімшілігі, кәсіпорында еңбек етуші жұмысшылар, жеткізушілер мен сатып алушылар, несие мен қарыз берушілер, салық және жарналар жинайтын органдар.
- Ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі мынадай аспектілерді қарастырады:
1) қаржылық есеп берудің мақсаттары;
2) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің негізгі принциптері;
3) қаржылық есеп беру элементтерін анықтау, тану және өлшеу.
Қаржылық есеп берудің мақсаттары . Қаржылық есеп берудің негізгі мақсаты пайдаланушыларға қаржылық жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер жайлы ақпарат ұсыну болып табылады. Дегенмен қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді.
Алайда қаржылық есеп беруде сонымен келесі көрсетілгендерге пайдалы ақпаратты жинақтайды:
- кредиттерді ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;
- субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға (ақшалай қаражат пен олардың баламаларының түсімі мен жылыстауы. Баламалар (эквивалент) қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелерді «овердрафт» қанағаттандыру үшін арналған;
- қаражатты клиенттің шоты бойынша есептен шығару;
- субъектінің ресурстарымен міндеттемелерін қарауындағы ресурстармен байланысты бағалауға;
- басшы органдардың жұмысын бағалауға.
Экономикалық шешімдерді қабылдау үшін пайдаланушыға субъектінің ақшалай қаражатты генерациялайтын қабілеті, генерациялау мерзімі мен алынған қорытындыларға сенімділік туралы ақпарат керек. Бұл қабілет, мысалы, субъект өзінің қызметкерлері мен жабдықтаушыларына, проценттерді төлей ала ма, кредиттерді жауып, табысты бөле ала ма дегенді анықтайды.
Бұл үшін оларға субъектінің каржылық жағдайын, іс-әрекетін және өзгерістерін бейнелеп көрсететін ақпарат қажет.
Қаржылық жағдайға ол бақылайтын экономикалық ресурстар, оның қаржылық құрылымы, өтемділігін, төлем қабілеттіліғі мен жұмыс істейтін орта өзгерістерін қабылдауға қабілеттілік әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz