Материалдың қоймалық есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу . . . 4

1. 2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері . . . 6

1. 3 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау . . . 9

ІІ. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2. 1 Шаруашылық субъектісінің меншікті капиталы . . . 13

2. 2 Ақша қаражаттарының есебі . . . 14

2. 3Материалдың қоймалық есебі . . . 16

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 20

КІРІСПЕ

Мен, өндірістік іс-тәжірибемді 2014 жылдың ақпан айының 3-шы жұлдызынан 2014-жылдың 08-ші наурызына дейінгі аралықта Щучье қаласы, Щучье көлінің Оңтүстік-Батыс бөлігінде орналасқан РГКП РОСО «Балдаурен»санаториясында өттім.

Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.

Іс-тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес келесі құжаттармен танысып, жұмыс жасадық: Баланс - жыл қорытындысы бойынша; Ақша құралдары айналымы есебі; Кіріс және шығыс есептері; Меншікті капитал өзгерістері жайлы есеп; Қаржылық есепке түсіндірмелік жазба; Жарғы; Есеп саясаты; Негізгі құралдар жайлы есеп; Еңбек бойынша есеп; Шоттар талдауы;

Іс-тәжірибе уақытында мекеме еңбеккерлерінің еңбек жалақысын есептеуге және оны банктен өткізіп, жеке карточкаларына аударым жасау жұмысына қатыстым. Сонымен бірге есеп жұмыскерлері арасында міндеттемелердің бөлінуімен танысып, бухгалтерлік құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгелдеу және тексеру жүргізу жұмыстарына да қатыстым.

Іс-тәжірибе есебінде кәсіпорын қызметіне де талдау жүргізіп, ішкі шаруашылық аудитіне қатысты анықтамалармен де танысу жұмысын орындадық. Негізгі құралдары бойынша есеп жасау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп отырды. Тікелей кейбір еңбек құралдарын есептен шығару операциясына қатысты. Бұл жұмыстар бухгалтерлік есепті жүргізу, шаруашылық қызметін экономикалық талдау және қаржылық есеп аудиті, салық салуды ұйымдастыру мен техникасы жөнінде қажетті тәжірибе жинақтау мүмкіндігімен қатар теориялық сабақтарда алған білімдерді тереңдету және бекіту мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз етті.

Берілген жұмыстың басты мақсаты − кәсіпорынның жұмысы, оның жарғысы, өндірістік процесс пен технологиялары, басқару жүйесі және ішкі бөлім қызметтері, бәсекелестік стратегиясы туралы ақпаратты көрсету; қаржы көздері мен ақша ағымдары туралы есеп арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және де кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын, кәсіпорынның қызметтерінің артықшылықтарын бейнелеу.

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу

«Балдәурен» 10 жыл ішінде даму мен қалыптасудың қиын жолын атқарды.

Міне, 10 жыл қатарынан «Балдәурен» орталығы үлкен мәселелер арасындағы түрлі түсті бояудың, күлкінің, шаттықтың ғажайып аралы болып келеді. «Балдәурен» орталығы Мемлекетіміздің Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жеке тапсырысымен және де Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 7 қарашада шыққан № 1679 қаулысы негізінде, демалысты ұйымдастыру және де балалар мен жасөспірімдерді сауықтырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатымен («Артек» Халықаралық балалар орталығына сәйкес) «Балдәурен» атты Республикалық балалар сауықтыру орталығы құрылды, ал 2004 жылдың 30 қаңтарынан бастап, «Балдәурен» Республикалық оқу- сауықтыру орталығы болып өзгертілді.

«Балдәурен» Қазақстанның інжу-маржан жерінде, Ақмола облысының, «Бурабай» Ұлттық Табиғи Паркінің аумағында, Щучье көлінің жағасында орналасқан. 2002 жылдың желтоқсан айынан бастап осы күнге дейін орталықта 171 тақырыптық ауысым өткізіліп, онда 98 елден келген 80 000 астам балалар демалды. «Балдәурен» орталығында Әлемдік және Еуропалық қазақтар Ассоцияциясының бағытымен ұйымдастырылған іс -шараға байланысты жақын және алыс шетелдерден балаларды қабылдау дәстүрге айналды. Сонымен қатар орталығымызда Ресейден, Қырғызстаннан, Моңғолиядан, Ұлыбританиядан, Германиядан, Қытайдан, Өзбекстаннан, Венгриядан тағы басқа елдерден балалар демалып кетті. 2010 жылы «Балдәурен» өзінің қонақжай жерінде елімізді әлем деңгейіне самғатып, 51-Халықаралық математикалық олимпиада қатысушыларын қарсы алды.

Балалар сауықтыру орталықтар жүйесінің тәрбиелік құндылығы - бұл жасөспірімдердің демалысын жақсы ұйымдастыру, денсаулықтарын нығайту, шығармашылық деңгейін көтеру оның ішінде өз шеберлігін шыңдау үшін еңбек, өнер, мәдениет, ойын тағы басқа салаларды қамту.

Бүгінгі таңда балаларды сауықтыру лагерлері қоғам үшін үлкен роль атқарады.

Тәрбиелік жүйенің білім және тәрбие үрдісін құрайтын принциптер қазіргі заман талабына сай баланың тұлғасында із қалдырады. Балалармен жұмыс істеуде тәжірибесі мол «Балдәурен» орталығы елімізді қорғай алатын шын патриоттарды тәрбиелеуде келешекте де зор үлесін қосады деген сенімдеміз. Қорытындылай келе Қазақстанның президенті Н. Ә. Назарбаевтың жас ұрпаққа деген сөздеріне тоқталайын: «Біздің елімізге әрқашан сіздердің білімдеріңіз қажет. Бірақ ең керегі жүректеріңіздегі Отанға деген сүйіспеншілік. Тек шын патриоттар ғана елімізді мықты, берекелі және де барлық әлемге құрметті елге айналдыра алады». «Балдәурен» Республикалық оқу сауықтыру лагері Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жеке тапсырмасы бойынша және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 7 қарашасындағы № 1679(«Артек»Халықаралық балалар орталығына ұқсас қаулысының негізінде құрылды, ал 2004 жылдың 30 қаңтардағы №112 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша «Балдәурен» Республикалық сауықтыру лагері «Балдәурен» Республикалық оқу- сауықтыру орталығы болып өзгертілді («Балдәурен» РОСО РМКҚ) .

Республикалық оқу сауықтыру лагері «Балдәурен» арнайы ашылу салтанаты 14 желтоқсан 2002 жылы болды. Осы жылдан бастап орталық өз жұмысын бастады. Қазіргі уақытта «Балдәурен» - ТМД және Орталық Азия елдерінде балалардың және жасөспірімдердің демалуын, сауығыуын ұйымдастыратын, шығармашылығын дамытатын бірден-бір оталық болып саналады.

РОСО «Балдәурен» өз алдына жеке шаруашылығы бар ұйым және оның кұрамына келесі бөлімшелер кіреді: білім кешені, тәрбие кешені, медицина кешені, дене шынықтытру-туристік кешендері және әкімшілік-шаруашылық кешендері, 480 орындық асхана.

«Балдәурен» - бұл оқу педагогикалық және сауықтыру істерін ұйымдастыратын, және халықаралық, республикалық, мәдени-бұқаралық, ғылыми-практикалық іс-шараларды өткізетін Республикалық ғылыми-әдістемелік орталық.

Орталық үзіліссіз жыл бойы өз қызметін атқарады. Бір ауысымда 300-ге арта бала демалады. Жазғы уақытта 15 күн, қыста 20 күн. Республикалық оқу-сауықтыру орталығы «Балдәуренге» жас шамалары 11 ден 15 жасқа дейінгі дарынды байқау негізінде жолдама алған балалар келеді (облыстық, республикалық, халықаралық, олимпиада, спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар, оқу үздіктері) . Жолдамалар квота бойынша облыстық білім департаменттері арқылы беріледі. «Балдәуреннің» жалпы жерінің аумағы 8, 62 га., оның ішінде пайдалы құрылыс - 15, 288 кв. м.

6 қабатты ғимарат, оның бірінші қабатында - мектеп, екінші, үшінші, төртінші, бесінші қабаттарында - жататын бөлмелер, алтыншы қабатында - ойын залы, қызығушылық үйірмелері, көркем-сурет галереясы орналасқан. Бес қабатты медициналық кешені бар. Екі қабатты денешынықтыру - туристік кешені, үш қабатты әкімшілік -тұрмыстық кешені, жабық бассейн, от жағу, кір жуу, автокөлік шаруашылығы, жылы жайлар.

1. 2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері

Іс-тәжірибесін өтіп отырған серіктестіктің өз алдына бухгалтериясы бар, оны бас бухгалтер басқарады. Мұнда бухгалтерлік есеп қабылданған тәртіппен және қаржылық есеп беру формасына сәйкес жасалады және де Атқару органына тапсырылып отырады.

Серіктестіктегі есеп бөлімінің ұйымдастырылу құрылымында: Бас бухгалтер және оған бағынатын еңбек ақы төлеу бухгалтері мен материалдық ресурстар, өндірістік шығындар, және дайын өнімдер мен оны сату есебін ұйымдастыратын бухгалтер бар.

Серіктестіктің ішкі өндірістік қаржылық есебі кәсіпорынның жинақтық бухгалтерлік есебі құрамына кіреді.

Қазақстан Республикасының «Салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер жайлы» Кодексіне сәйкес (Салық Кодексі) филиал барлық салық түрлерін және жинамдарды есептейді және төлейді.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесі келесі нормативтік құқықтық құжаттардағы талаптарға сәйкес жүргізіледі;

1) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы Заңы;

2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттары;

3) Қазақстан Республикасында қолданысқа ие қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары;

5) Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп пен аудит әдістемесі Департаментінің №237-111 2012 жылы бұйрығымен бекітілген шаруашылық операциялардың типтік корреспонденциясы;

6) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттары.

Сонымен қатар бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу барысында «Балдаурен»РОСО-ның директоры бекіткен есеп саясатының қағидалары мен негіздеріне сүйенеді.

«Балдаурен» РОСО-ның есеп саясаты 2013 жылдың №8 хаттамамен қабылданған және №2432 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң негізіндегі ҚР Президентінің қаулысы мен ҚР БЕС №1-20; ҚР Қаржы министрлігінің бұйрықтарының және басқа да заң күші бар нормативтік актілерде көрсетілген кәсіпорын қызметінің өндірістік-экономикалық талаптарына сай жасалған.

Бұл есеп саясатына сәйкес негізгі құралдарға жұмыс істеу кезінде қолданатын құралдар, қолдану мерзімі 12 айдан кем емес, құнына байланыссыз.

Кәсіпорынның есеп саясаты анықталған нормативтер негізінде өз бетінше шаруашылықтың ұйымдық құқықтық түрінен, салалық ерекшеліктерінен, айналыс әдіснамасынан және істің сипаты және т. б. есеп және бақылаудың ұйымдастырылуының нақты қалпы мен әдістерін анықталуына құқық береді.

ТМҚ иемденуінің есебі мен оның бағалануының ережесі мен тәртібі, өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі, оның бағалануы, өткізілуі және т. б. есеп саясатымен анықталған. Есеп саясатындағы сонымен қатар бухгалтерлік есептің шоттар жүйесінің құрылымын анықтауы енген.

Есеп саясатының қалыптасуы кезінде мүліктік ерекшелік пен ұйымдық ісінің үздіксіздікті қарастырылады, сонымен қатар есеп саясатының қолданылу кезектілігі, шаруашылық қызмет фактілерінің уақытша анықталғандығын қарастырады. Есеп саясаты толықтылық, байқаушылық, қарама-қайшылық және орнықтылық талаптарына сәйкес келеді.

Есеп саясатында есептің қағидалары мен әдістерін қолдана отырып шаруашылық іс-әрекет туралы нақты және оперативті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның есеп саясаты ретінде онымен сатып алынған бухгалтерлік есепті жүргізу болып табылады. Ағымдағы топтастыру мен шаруашылық қызметтің барлық фактілерінің жиыстыруының бастапқы барлауы, бағалық өлшемі.

«Балдаурен»РОСО-ның есеп саясаты толық түрде қолданылады және кәсіпорынды төмендегілермен қамтамасыз етеді:

-қаржы-шаруашылық қызметтің барлық операцияларының бухгалтерлік есепте толық көрініс табуын;

-жасырын қор жасалуына жол бермей, ықтимал кіріс пен активтерге қарағанда шығыстар мен міндеттемелер бухгалтерлік есебіне үлкен дәрежедегі дайындығын;

-қаржылық-шаруашылық қызметінің фактілерінің бухгалтерлік есепте көрініс табуы тек құқықтық түрден ғана емес, сонымен қатар шаруашылық жүргізудің фактілері мен шарттарының экономикалық мазмұңынан көрініс табылуын;

-аналитикалық есептің мәліметтерінің есептін шоттары бойынша айналым мен қалдықтарына теңдігі, сонымен қатар бухгалтерлік есептіліктің ағымдағы есептілікке мәліметтеріне теңдігін;

-шаруашылық қызметпен кәсіпорын көлемі жағдайына байланысты бухгалтерлік есепті ұқыпты және үнемді жүргізілуін.

Амортизацияны есептеу біркелкі есептеу әдісімен жүргізіледі, яғни құнынан келе және амортизация нормасы келесідей орнатылады:

Ғимараттар мен құрылыстар - 5%; Транспорттар - 25%; Негізгі құралдардың басқа да объектілері - 15%.

Материалды-өндірістік қорлар 1300 шотында есептеледі, өндіріске жіберілгендер орташа құны бойынша бағаланады.

Түгендеу жүргізіледі:

-Негізгі құралдар мен материалды-өндірістік қорлар - есептілік жыл біткеннен кейін жылына 1 рет;

-Кассадағы ақша қаражаттары - есептілік жыл біткеннен кейін айына 1 рет;

- Несиелік қарыздар - есептілік жыл біткеннен кейін жылына 1 рет;

Міндетті түрде мүлік және міндеттемелердің түгендеуі жүргізіледі:

- Жылдың есептілік жасау алдына есептік жылдың 1 қазанынан кеш емес, түгендеу жүргізілген мүліктен басқасы;

- Материалды жауапты адамдардың ауысуы кезінде;

- Ұрлық, қасақана зиян жасау, сонымен қатар құндылықтарды бүлдіру болған кезде;

- Экстремальді жағдайдарме байланысты табиғт апаттар жағдайында;

- Ұйымның қайта құрылуы немесе жабылуы кезінде.

Есеп саясатының орындалуына бақылау жасайтын бас бухгалтер Мырзалиева Г. М.

Бухгалтерлік есепке қатысты мағлұматтар коммерциялық құпия ретінде жасырын сақталады. Есептік-бухгалтерлік құжаттар Мемлекеттік комитеттер мен министрліктер іс-әрекеті нәтижесінде пайда болатын типтік құжаттар тізіміне сәйкес сақталады.

Есептік кезең біткеннен кейін, бухгалтерияда тұрған құжаттар, мұражайға өткізіледі, ол есептік саясатта көрсетілген. Мұражайға өткізілген құжаттардың сақталу мерзімі төмендегі 1 кестеде көрсетілген.

Кесте -1. Сақталу мерзімі бойынша құжаттар тізімі

Құжат атауы
Сақталу мерзімі
№: 1
Құжат атауы: Қаржылық есеп беру мен оған тіркелетін түсініктеме жазу:
Сақталу мерзімі:
№: а
Құжат атауы: Жылдық
Сақталу мерзімі: әрдайым
№: б
Құжат атауы: Тоқсандық
Сақталу мерзімі: 5 жыл
№: 2
Құжат атауы: Жеке, ликвидациялық, өткізу баланстары мен оған қосымшалар, түсініктемелер
Сақталу мерзімі: 5 жыл
№: 3
Құжат атауы: Бастапқы құжаттар (кассалық, банктік құжаттар, банк үзінділері, жұмыс нарядтары, табель, қабылдау, тапсыру және мүлік пен материалдарды есептен шығару актілері, аванстық есеп беру т. б. )
Сақталу мерзімі: 5жыл
№: 4
Құжат атауы: Есеп айырысу шоттары
Сақталу мерзімі:
№: а
Құжат атауы: Жұмыскерлер мен қызметкерлердің
Сақталу мерзімі: 5 жыл
№: б
Құжат атауы: Мемлекеттік жәрдемақы мен зейнет ақы алушылар
Сақталу мерзімі: 5 жыл
№: 5
Құжат атауы: Есептік ( есептік-төлем ведомостері)
Сақталу мерзімі: 5жыл
№: 6
Құжат атауы: Электрондық тасымалдаушылар инвентарлық карточкалар
Сақталу мерзімі: 5жыл
№: 7
Құжат атауы: ТМҚ және ақша қаражаттарын алуға берілетін сенімхаттар
Сақталу мерзімі: 5жыл
№: 8
Құжат атауы: Кепілдіме хаттар
Сақталу мерзімі: 5жыл
№: 9
Құжат атауы: Көмекші бақылау кітаптары, кассалық кітап айналым ведомостері
Сақталу мерзімі: 5жыл
№: 10
Құжат атауы: Депонерленген еңбек ақы есеп кітабы, орындау парақтарын тіркеу журналдары
Сақталу мерзімі: 5жыл
№: 11
Құжат атауы: Шоттарды тіркеу, кассалық ордерлер, сенімхаттар, төлем тапсырмалар кітаптары, журналдары
Сақталу мерзімі: 5жыл
№: 12
Құжат атауы: Несиелерді жұмсау туралы мәліметтер
Сақталу мерзімі: 5 жыл
№: а
Құжат атауы: Жылдық
Сақталу мерзімі: 5жыл
№: б
Құжат атауы: Тоқсандық
Сақталу мерзімі: 5жыл
№: 13
Құжат атауы: Еңбек ақы бойынша берешек, еңбек ақыдан ұсталымдар, демалыс ақы төлеу жөнінде мәлімет
Сақталу мерзімі: 5жыл
№: 14
Құжат атауы: Түгендеу құжаттары (инвентарлық карточкалар)
Сақталу мерзімі: 5жыл
№: 15
Құжат атауы: Орындау парақтары (көшірмесі)
Сақталу мерзімі: 5жыл

1. 3 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайына әсерін тигізетін ішкі факторлар осы кәсіпорын қызметінің нәтижесі болып табылады. Ішкі факторлар сыныптамасы кәсіпорынның ақша ағымдарының қалыптасу ерекшеліктері бойынша үшке бөлінеді:

-операциялық қызметпен байланысты факторлар;

-инвестициялық қызметпен байланысты факторлар;

-қаржылық қызметпен байланысты факторлар.

Бұл топтар әрбір фирмада жүзеге асатын нақты жеке-жеке факторларды өзіне қамтиды. Бизнестегі сәтсіздіктер фирманы тиімсіз басқаруға, нарықтық жағдайларға бейімделу мүмкінсіздігіне әкелетін жиі жағдайларда менеджерлердің біліксіздігімен, қиянатшылдығымен байланысты болады. Кәсіпорынныың жағымсыз даму себептерін ішкі бақылау және аудитті ұйымдастыру арқылы анықтауға болады. Кәсіпорын қызметіне жиі қаржылық-экономикалық талдау жасау қажетті басқару шешімдерін қабылдау үшін басшыларды керекті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Кәсіпорын сәтсіздік себептерінің бірі ағымдық шығындардың тиімсіз құрылымы болып табылады. Мысалы, тұрақты шығындардың жоғарғы үлесі бағаның өсуін әкеледі, ал ол өз ішінде ұқсас тауарлар мен қызметтер нарығындағы кәсіпорын өнімінің бәсекеқабілеттілігіне, өнімнің сату көлеміне әсерін тигізеді. Өндірістік шығындардың төмендеуі келесілерге мүмкіндік туғызады:

-ескерген өндірістік қуаттарды қысқартуға;

-ғылыми-техникалық үрдістердің жетістіктерге сәйкес технологиялық үрдістерді жаңартуға;

-брак, жұмыс уақытын рационалды емес қолдану нәтижесінде жоғалтуларды төмендетуге;

-шығынды өндірісті сатуға және таратуға;

-басқару шығындарын қысқартуға;

-өндірісті диверсификациялауға және т. б.

Бұл шаралармен кәсіпорын өнімінің жоғарлауы байланысты. Істі табысты жүргізуге жоғарғы деңгейде стратегиялық жоспарлаудың негізделген жүйесі мүмкіндік береді. Құқықтық және қаржылық мәселелерді білудің коммерциялық жұмыс тәжірибесі онымен байланысты. Жиі қате қаржылық жоспарлау, мерзімдерді болжау нәтижесінде табыстардың түсуі және кәсіпорын төлемдерін өтеу төлемқабілетсіз болып қалады.

Кәсіпорынның жағымсыз қаржылық жағдайы әртүрлі және әртүрлі деңгейде көрініс табуы мүмкін. Осы жұмыс шегінде кәсіпорынның дағдарыстық қаржылық жағдайы мен оның төлемқабілетсіздігіне әкелетін факторларды қарастырып өтеміз.

Кәсіпорынның төлемқабілетсіздігіне себеп болатын мүмкін болатын факторларға келесілерді жатқызуға болады:

-моральды ескіруіне байланысты шектелген сұранысқа ие өнім өндірісі;

-төменгі сапалы өнім өндірісі;

-сатылатын өнімдердің жоғары бағалары, осыдан оның өткізілуі кешіктіріледі;

-қолданылатын өндірістік қуаттың төменгі деңгейі;

-сатылған тауарлар үшін мерзімінде төленбеген дебиторлық қарыздың едәуір көлемі.

Сонымен, кәсіпорын қаржылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді. Егер бұл факторлар әсерін және олардың мүмкін болатын салдарын талдамаса, кәсіпорын банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Негізінен кәсіпорын қаржылық жағдайына пайда болу орны бойынша сыныпталатын сыртқы және ішкі факторлар әсерін тигізеді. Сыртқы факторлар, өзінің анықтамасынан көрініп тұрғандай, кәсіпорынды қоршайтын экономикалық, саяси, демографилық, мәдени және т. б. жағдайлар әсер етеді. Ал ішкі факторлар болса, дамыған еледер тәжірибесіне сүйенсек, аса зор қауіп төндіретін факторлар болып табылады. Оның себептері кәсіпорын ішкі құрылымы мен жүйесінде жатыр. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіпті ішкі факторлар менеджмент әрекеттерінен тікелей байланысты. Оларға меншікті айналым капиталының жеткіліксіздігі, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың өсуі, өнімді өткізудің нақты бағасын анықтау техникасының жетілмеуі және төмен келісімдік пән, қызметтің табысы төмен әртүрлі көптеген бағыттарға капиталдың бөлінуі, тікелей және портфелді инвестициялардың тиімсіздігі жатқызылады.

Кәсіпорын қаржыларын табысты басқару шарты болып оның қаржылық жағдайы болып табылады. Сондықтан «Рамадангрупп» ЖШС-ның қаржылық жағдайына жалпылама талдау жасалады.

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайын талдау үшін кәсіпорынның активінің құрамы мен құрылымына талдау жасалады. Оны төмендегі 2-кестеден көреміз

Кесте 2 -РОСО «Балдаурен» активінің құрамы мен құрылымы

№:
Актив: Актив
2011 жыл: 2011 жыл
2012 жыл: 2012 жыл
2013 жыл: 2013 жыл
№: Мың тг
Актив: Үлес%
2011 жыл: Мың тг
2012 жыл: Үлес %
2013 жыл: Мың тг
Үлес%
№: 1
Актив: Ұзақ мерзімді активтер
2011 жыл: 45 584
2012 жыл: 29, 1
2013 жыл: 33 133
6, 4
217 698
44, 3
№: 2
Актив: МЕА
2011 жыл: 462
2012 жыл: 0, 3
2013 жыл: 323
0, 1
184
0, 0
№: 3
Актив: Негізгі құралдар
2011 жыл: 45 122
2012 жыл: 28, 8
2013 жыл: 32 810
6, 3
217 514
44, 2
№: 4
Актив: Ағымдық активтер
2011 жыл: 111003
2012 жыл: 70, 9
2013 жыл: 487 258
93, 6
274 105
55, 7
№: 5
Актив: ТМҚ
2011 жыл: 3 585
2012 жыл: 2, 3
2013 жыл: 3 107
0, 6
3 031, 00
0, 6
№: 6
Актив: Дебиторлық қарыз
2011 жыл: 90 293
2012 жыл: 57, 7
2013 жыл: 790
0, 2
4 692
1, 0
№: 7
Актив: Қысқамерзімді инвестиция
2011 жыл: -
2012 жыл:
2013 жыл: 36 588
7, 0
147 532
30, 0
№: 8
Актив: Ақша-қаражаттар
2011 жыл: 17 125
2012 жыл: 10, 9
2013 жыл: 441 559
84, 9
118 509
24, 1
№:
Актив: Басқа дебиторлық қарыздар
2011 жыл:
2012 жыл:
2013 жыл: 5 214
1, 0
341
0, 1
№: 9
Актив: Баланс
2011 жыл: 156 587
2012 жыл: 100, 0
2013 жыл: 520 391
100, 0
491 803
100, 0
№:
Актив: Актив
2011 жыл: Өзгерістер 2-Кестенің жалғасы
№: 08\07
Актив: 09\08
2011 жыл: 08\07
2012 жыл: 09\08
№: Мың тг
Актив: Үлес%
2011 жыл: Мың тг
2012 жыл: Үлес, %
2013 жыл: %
%
№: 1
Актив: Ұзақ мерзімді активтер
2011 жыл: 12 451
2012 жыл: -22, 7
2013 жыл: 184 565
37, 9
85, 72
8, 46
№: 2
Актив: МЕА
2011 жыл: -139
2012 жыл: -0, 2
2013 жыл: -139
0, 0
-26, 74
№: 3
Актив: Негізгі құралдар
2011 жыл: -12 312
2012 жыл: -22, 5
2013 жыл: 184 704
37, 9
85, 46
8, 51
№: 4
Актив: Ағымдық активтер
2011 жыл: 376 255
2012 жыл: 22, 7
2013 жыл: -213 153
-37, 9
19, 89
25, 5
№: 5
Актив: ТМҚ
2011 жыл: -478
2012 жыл: -2
2013 жыл: -76, 00
0, 0
-5, 24
92, 48
№: 6
Актив: Дебиторлық қарыз
2011 жыл: -89 503
2012 жыл: -57, 5
2013 жыл: 3 902
0, 8
61, 32
12, 87
№: 7
Актив: Қаржылық инвестициялар
2011 жыл: 36 588
2012 жыл: 7, 0
2013 жыл: 110 944
23, 0
3, 56
-100
№: 8
Актив: Ақша-қаражаттар
2011 жыл: 424 434
2012 жыл: 73, 9
2013 жыл: -323 050
-60, 8
111, 15
-76, 36
№:
Актив: Басқа қысқа мерз. активтер
2011 жыл:
2012 жыл:
2013 жыл: -4873
0, 1
-
-
№: 9
Актив: Баланс
2011 жыл: 363 804
2012 жыл: 0
2013 жыл: -28 588
0
55, 86
14, 4

Берілген кестеде көрсетілгендей, айналымнан тыс активтердің құны 2011жылмен салыстырғанда 2012 жылы 85, 72%-ға, ал 2013 жылы 8, 46%-ға ұлғайды және талданып отырған кезең соңында 217 698 мың теңгені құрады. Ал айналым капиталының өзгеру қарқыны айналымнан тыс активтерге қарағанда баяуырақ жүзеге асырылды: 2011 жылдан 2012 жылға қарай ол 45, 39%-ға ұлғайды. Осындай өзгерістердің салдарынан кәсіпорын мүлкінің құрамында құрылымдық өзгерістер пайда болды. Егер 2011 жылы айналымнан тыс активтер мен айналым активтерінің қатынасы 1, 2 : 1 немесе 29, 1 : 70, 9 болса, онда 2013 жылы бұл қатынас 1, 6 : 1 немесе 8, 46 : 25, 5 болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлық- материалдық қорлар жайлы түсінік
Тауарлық-материалдық қорлар жайлы
Тауарлық-материалдық қорлар
Түскен материалдарды алуды тексеру
Кәсіпорында тауарлық - материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы
Кәсіпорынның тауарлық материалдық қорлардың есебі мен аудитін ұйымдастыру
Тауарлық-материалдық қорлар жайлы тусінік туралы ақпарат
Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері
Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі
Материалдық қорлар есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz