КӘСІПОРЫНДА АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫН БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...5
1.1 Кәсіпорындағы негізгі және айналым құралдарының экономикалық мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Нарық жағдайындағы айналым құралдарын тиімді басқарудың рөлі ... ... .7
1.3 Кәсіпорында айналым құралдарының жіктелуі және ұйымдастырудың
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

2. Адал өнерәсіптік компанияАҚ МЫСАЛЫНДАҒЫ АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 17
2.1 Кәсіпорынның экономикалық әлеуетін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...17
2.2 Адал өнерәсіптік компания АҚ айналым қорларын пайдалануды
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3Адал өнерәсіптік компания АҚ айналым қорларын
басқару ... ... ... ... ...21

3. КӘСІПОРЫНДА АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫН БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫН
ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.1 Айналым қорларын тиімді
пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..23
3.1 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін арттыру
жолдары ... ... ... ... 26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 30

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорынның айналым құралдарын
басқару механизмін жетілдіру – отандық экономика дамуының қазіргі сатысында
өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының
бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық
инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық
күнделікті жұмысында айналым қаражаттарын басқару маңызды орынды алады,
себебі осыдан кәсіпорынның сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық
операцияларының себебін байқауға болады. Айналым қаражаттарын олардың
жеткіліксіздігі жағдайында үнемді қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын
қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы әлемдiк тәжiрибенi ескеретiн, қазiргi заманға
сай құқық нормаларымен реттелетiн, нақты түбiрлi реформалау негiзiнде елдi
тұрақты өркендену өмiр жолына түсуге мүмкiндiк беретiн әлеуметтiк-
экономикалық, конституциялық, мемлекеттiк-құқықтық дамудың жаңа кезеңiне
өттi. 2011 жылға қойылған мiндеттердi тиiмдi жүзеге асыру “Адал
агроөнеркәсіптік компания” АҚ жүйелi компания ретiндегi статусын нығайтуға,
саланы әртараптандыру бағытталған Үкiмет бағдарламасын орындауға жағдай
жасайды. Даму векторы компания активтерiнiң өсуiне, қазақстандық нарықтағы
оның белсендi ролiн нығайтуға және әлемдiк нарықтарға шығуға бағытталуы
қажет.
Курстық жұмыс мақсаты – кәсiпорынның айналым құралдарын басқаруды
кешендi экономикалық негiздеу және кәсiпорынның айналым құралдарын тиiмдi
басқаруды жүзеге асыруға бағытталған шаралар жүйесiн ұсыну болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес мына міндеттер қойылды:
– кәсіпорындағы негізгі және айналым құралдарының экономикалық мәні
мен маңызын және айналым құралдарының тиімді басқарудың рөлін қарастыру;
– Адал өнеркәсіптік компания АҚ мысалындағы айналым қорларын
пайдалануды талдау;
– Адал өнеркәсіптік компания АҚ мысалындағы айналым қорларын
басқаруын қарастыру;
– айналым қорларын тиімді пайдалануды ұсыну.
Курстық жұмыс құрылымы кiрiспеден, үш негiзгi бөлiмнен, қорытындыдан
және қолданылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшадан тұрады.
Кiрiспеде зерттелетiн тақырып өзектiлiгi негiзделiп, мақсаттар мен
мiндеттер белгiленiп, зерттелiнетiн тақырып объектiсi мен пәнi айқындалады,
әдiстемелiк және ақпараттық база көрсетiледi.
Бiрiншi бөлiмде кәсiпорынның айналым құралдарын басқарудың теориялық
негiздерi көрсетiлген, олардың нарықтық экономикадағы рөлi айқындалады,
айналым құралдарының қажеттiлiктерiн айқындау әдiстерi келтiрiлген.
Курстық жұмыстың екiншi бөлiмi “Адал агроөнеркәсіптік компания” АҚ
мысалындағы айналым құралдарын басқару мен әдiстемелiк аспектiсiн талдауға
арналған: кәсiпорынның айналым құралдарына деген қажеттiлiктi айқындау
әдiстерi, кәсiпорынның таза айналым капиталы мен ағымдағы қаржылық
қажеттiлiктi айқындау әдiстерi көрсетiлiп, кәсiпорынның экономикалық
талдауы келтiрiлген.
Үшiншi бөлiмде қойылған мiндеттер шегiндегi кәсiпорынның айналым
құралдарын басқарудың механизмiн жетiлдiруге бағытталған ұсыныстар жүйесi
ұсынылған.
Қорытындыда негiзгi қорытындылар түйiнделiп, зерттелетiн тақырыпқа
қатысты ұсыныстар жасалынады.

1. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН БАСКАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫК НЕГІЗІ

1.1 Кәсіпорындағы негізгі және айналым құралдардың экономикалық мәні
мен маңызы

Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде
Қазақстан Республикасы Үкіметінің  бағдарламасымен негізгі және айналым
қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары
бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға
бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының
көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен
экономикалық мәнімен шартталған.
Негізгі және айналмалы қорлардың әлеуметтік – экономикалық маңызы, ең
алдымен, еңбек құралдарының қоғамдық  өндірістің дамуындағы
үлесімен анықталады. Еңбек құралдары, олардың материалдық құрамы көп
жағдайда кез-келген қоғамның материалды–техникалық сипатын анықтайды.
Экононмикалық дәуірлер не өндіретіндігін емес, қалай еңбек құралдарымен
өндірілетіндігін өзгешелейді. К.Маркс Еңбек құралдары тек қана адамдық
жұмыс күнінің дамуының өлшеуіші емес, сондай – ақ еңбекті жүзеге
асыратын қоғамдық қатынастардың көрсеткіші, – деп жазған.
Кәсіпорын іскерлігіне авансталған барлық құралдарды капитал деп атауға
болады. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансын құру кезінде онын шаруашылық
құралдары актив, ал олардың қаржыландыру көздері – меншікті капитал және
кәсіпорынның міндеттемелері деп аталады.
Шаруашылық субъектілері өзінің қызметін жүзеге есыру үшін
материалдық–техникалық қор (МТҚ) құру керек. МТҚ-дың негізін негізгі қорлар
құрайды.
Кәсіпорынның шарушылық өндірістік іскерлігінің  аса маңызды құраушысы
негізгі қорлар болып табылады.
Негізгі қорлар өзінің натуралдық түрін сақтай отырып, көптеген
өндірістік кезеңдерге қатысып, ал құндары дайындалатын өнімге бөліктермен
ауыстырылатын еңбек құралы.
Өндіріс процессінде қатысатын барлық еңбек қорлары (машина, жабдық,
т.б.) анық жүзеге асырылуына жағдай жасайды (өндірістік ғимараттар,
гидротехникалық құралдар, плотиналар, арналар, эстакадалар, көлік
құралдары, жолдар, тунельдер, электр жүйелері, құбырлар), еңбек заттары мен
өнімдерін сақтау мен қозғалту үшін қызмет ететін өндірістік негізгі қорлар
болып табылады. Негізгі өндірістік қорлар құрамына тек өнімнің тұтыну құнын
құруға ғана емес, сондай-ақ, оның құнын құруда қатысатын өндіріс құралдары
да кіреді.
Негізгі құралдар есебі Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына
сәйкес, негізгі құралдар-бұл ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) материалдық
өндірісті де, өндірістік емес салада да әрекет ететін материалдық активтер.

Негізгі қорлардың ерекше өзгешеліктері мыналар:
– олардың шаруашылық қызметте көп дүркінді қатысуы;
– натуралды-заттық үлгісін сақтауы;
– өзінің құнын дайын өнімге (жұмысқа, қызметке) қызмет кезеңі
барысында біртіндеп аударады.
Соңғы тармақ негізгі құрал-жабдыққа амортизациялық төлемді есептеу
арқылы асырылады, ал оларға төмендегілер: жер, аяқталмаған күрделі құрылыс,
резервте, қорда және консервацияда тұрған объектілер енбейді.
Амортизация-негізгі қорлардың (ғимараттардың, машиналардың, жабдықтың)
тозуы есепті оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі сондай-ақ негізгі
қорларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар құнынан
өндірілетін өнімге бірте-бірте көшуі.
Амортизациялық өтелім – негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін, яғни
оны ұдайы өндіру үшін осы қорлар құнының бір бөлігін аударып отыру.
Тозу-негізгі құралдар объектілерінің физикалық және моральдік
қасиеттерінің жоғалуы.
Салық салу мақсатында негізгі құралдарға құны 40 айлық
есептік көрсеткіштен асатын және Жарлықтың 20 бабына сәйкес амортизацияға
жататын қызмет мерзімі 1 жылдан асатын активтер жатады. Осыған сәйкес
негізгі құралдар, олардың қалдық құнынан 7-ден 30%-ке дейінгі амортизация
нормасымен топтарға топтастырылады.ь
Негізгі қорлар, тек ең алдымен олардың экономикалық зерттелуі мен
жалпылауы үшін негізгі қорлар жіктелуі деп аталатын натуралды заттайқұрамы
бойыншатопталуы аса маңызды. Негізгі қорлардың бухгалтерлік есебінің дұрыс
ұйымдастырылуының негізі болып қорлар бекітілген типтік жіктелуі мен оларды
есепте бағалаудың ортақ принципі табылады [1].
Бухгалтерияда негізгі құралдар есебі инвентарлық объектілер арасында
жіктелу топтары бойынша жүргізіледі.Әрбір объектіге сериялық-кезектік
кодтау жүйесі бойынша инвентарлық нөмір беріледі, ол нөмір
оның ұйымда, бірлестікте, пайда болған барлық уақыт бойы сақталады.
Инвентарлы нөмір қабылдау-беру акті лерінде, жою туралы актілерде және т.б.
инвентарлық нөмірді әрбір объектіде белгіленеді [17].
Иеленуі бойынша негізгі құралдар жеке меншік және жалға алынған болып
бөлінеді. Алғашқылары кәсіпорынның иелігінде болады және оның
балансында тіркеледі, екіншілері басқа кәсіпорын мен ұйымдардан уақытша
пайдалануға ақыға алынған.
Өндірістік процеске қатысу сипаты б ойынша істегі   және тұрған  
(запаста немесе консервацияда тұрған негізгі құралдар).
Негізгі құралдарды пайдалану сипаты бойынша былай жіктеледі:
– істегі (пайдаланудағы);
– істемей тұрған ( консервациядағы);
– запастағы.
Қорытындылай келе,негізгі құралдарға үйлер, ғимараттар, машиналар,
жабдықтар, көлік құралдары, шаруашылық құрал-саймандар және т.б. қызмет
мерзімі бір жылдан асқан материалдық құралдар жатады.
Негізгі құралдардың аналиткалық есебі арнайы тізімде тіркеуге жататын
карточкаларда әрбір инвентарь объектісі бойынша жеткізіледі. Объектілердің
саны аз болған жағдайда есеп инвентарь кітабында жүргізіледі.
Негізгі қорлардың әлеуметтік–экономикалық маңызы, ең алдымен , еңбек
құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады. Еңбек
құралдары, олардың материалдық құрамы көп жағдайда кез-келген қоғамның
материалды-техникалық сипатын анықтайды.

2. Нарық жағдайындағы айналым қорларын тиiмдi басқарудың рөлi

Кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға және оның қаржылық жағдайын
күшейтуге бағытталған шаралар жүйесiнде айналым құралдарын ұтымды қолдану
сұрақтары маңызды орын алады. Нарықтық қатынастар қалыптасуы шартында
айналым құралдарын қолдануды жақсарту проблемасының өзектiлiгi ұлғая түстi.
Кәсiпорын қызығушылығы өздерiнiң өндiрiстiк-шаруашылық қызметi нәтижесiнде
толық жауапкершiлiктi талап етедi. Кәсiпорынның қаржылық жағдайы айналым
құралдарының жағдайына тiкелей тәуелдi болғандықтан және шаруашылық
нәтижесiн шығындармен өлшеу, меншiктi құралдармен шығындарды өтеу керек
болғандықтан кәсiпорындар айналым құралдарын оңтайлы ұйымдастыруға –
олардың қозғалысын мүмкiн болатын минималды сомамен ұйымдастыру арқылы
неғұрлым көп болатын экономикалық әсерге қол жеткiзуге қызығушылық
бiлдiредi.
Айналым құралдарын ұйымдастыру олардың тиiмдiлiгiн арттыру
проблемасының жалпы кешенiндегi негiздеме болып табылады.
Айналым құралдарын ұйымдастыру келесiлердi қамтиды :
– айналым құралдарының құрылымы мен құрамын айқындау;
– кәсiпорынның айналым құралдарына қажеттiлiктерiн анықтау;
– айналым құралдарының қалыптасу көздерiн анықтау;
– айналым құралдарын үйлестiру және басқару;
– айналым құралдарының қауiпсiздiгiне жауапкершiлiк және
оларды тиiмдi қолдану[18].
Айналым құралдарының құрамы өндiрiстiк айналым қорлары мен айналыс қорларын
қалыптастыратын элементтер жиынтығын бiлдiредi, яғни жеке элементтерге
бөлудi қарастырады.
Айналым қорларының құрылымы жеке өндiрiстiк айналым қорларының
элементтерi мен айналым құралдарының ара-қатынасын бiлдiредi, яғни айналым
құралдарының жалпы сомасындағы әр элементтiң үлесiн бiлдiредi.
Өндiрiстiк айналым қорларының басымды бөлiгiне шикiзат, негiзгi және
көмекшi материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, отын және
жанармай сияқты еңбек құралдары жатады. Сонымен қатар өндiрiстiк айналым
қорларына құны төмен және тез тозатын заттар, құралдар, арнайы құрылғылар,
инвентарь, ағымдағы жөндеуге қажет қосалқы бөлшектер, арнайы киiм сияқты
еңбек заттары да жатады. Бұл еңбек заттары бiр жылға дейiн қызмет етедi.
Айналыстағы құралдар құнының шектеулiгi өзгерiп отырады, олар негiзгi
қорлармен жүргiзетiн бағалау мен оларды сатып алу кезеңiне байланысты.
Сонымен бiрге кәсiпорында бұл еңбек заттарының атаулары мыңға жуық
болады, соның нәтижесiнде ол тозу есебiн жүргiзудi техникалық жағынан
қиындатады. Сондықтан тәжiрибеде оларды негiзгi емес айналым қорларына
жатқызады.
Аталған құралдар мен еңбек заттары өндiрiстiк айналым құралдарының
тобы өндiрiстiк запастарды құрайды. Олармен қоса өндiрiстiк айналым
қорларына аяқталмаған өндiрiс пен болашақ кезең шығындары кiредi.
Өндiрiстiк айналым құралдары аванстайтын құралдардың негiзгi мiндетi
өндiрiстiң үздiксiздiгiн және ырғақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Өндiрiстiк айналым құралдары басқа кәсiпорындарда айналыс құралдары
болады. Оларға қоймадағы дайын өнiм, тиелген тауарлар, кәсiпорын
кассасындағы және банк ақша-қаражаттары, дебиторлық қарыздар, басқа
қаражаттар жатады. Айналыс құралдарының негiзгi мiндетi айналыс үрдiсiн
ресурстармен қамту болып табылады. Айналым құралдарының құрылымы мен құрамы
экономиканың әртүрлi саласында бiрдей емес. Олар өндiрiстiк, экономикалық
және ұйымдастырушылық тәртiп факторларымен анықталады. Мысалы, сүт жасау
саласында өндiрiстiк цикл ұзақ болғандықтан аяқталмаған өндiрiс үлесi
жоғары. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындарында басты орынды шикiзат
пен материалдар алады. Сонымен қатар тамақ өнеркәсiбiнде (мысалы сүт, май
өндiретiн кәсiпорындар) көмекшi материалдар запасы жоғары. Құралдар,
құрылғылар, приборлар көп көлемде қолданылатын кәсiпорындарда құны төмен
және тез тозатын заттардың үлес салмағы жоғары болады. Дайын өнiм, тиелген
тауарлар, дебиторлық қарыз көлемiне өнiмдi өткiзу жағдайы, жағдайы мен
олардың формасы әсер етедi.
Кәсiпорынның айналым құралдарын тиiмдi қолдануға жиi қарама-қарсы
бағытта болып келетiн көптеген факторлар әсер етедi (1-сурет). Әсер ету
кеңдiгi мен басқару деңгейiне байланысты факторларды шартты үш топқа
бiрiктiруге болады: жалпы экономикалық, ұйымдастырушылық және техникалық
прогреспен байланысты факторлар.

1-суреттің жалғасы

Cурет 1 - Айналым құралдарын тиiмдi қолдануға әсер ететiн факторлар

Жалпы экономикалық факторларға тауар айналымы мен оның құрылымы
көлемiнiң өзгеруi өндiрiстiк күштердi орналастыру, қоғамдық еңбектiң
өнiмдiлiк динамикасы, тауар айналысы мен салалардағы, оларға қызмет
көрсететiн шаруашылықтар жатады.
Ұйымдастырушылық–экономикалық факторларға сауда кәсiпорындары
көлемiнiң өзгерiсi, олардың мамандануы, сауданың жаңа тәсiлдерiн енгiзу
және т.б. жатады [2].
Техникалық прогреспен байланысты факторларға саудаға қызмет көрсететiн
саладағы технология мен қолданылатын техниканың өзгеруi (транспорт,
байланыс, шаруашылық), сауда үрдiсiнiң автоматизациясы жатады.
Айналым құралдарын тиiмдi қолдануға және олардың айналымдылығының
жылдамдатуына олардың көлемiн ұлғайтатын факторлармен қоса, оларды
төмендететiн фаторлар да әсер етедi.
Айналым құралдарының көлемiн ұлғайтатын факторларға: саудалық қызмет
көрсетудiң сапасының артуы, жаңа салынған аудандарда дүкендер желiсiнiң
кеңейуi, баяу айналымдылықта болатын тауарлар айналымы құрылымында
тауарлардың үлес салмағының ұлғайуы жағына қарай өзгеруi сияқтылары мысал
бола алады [3].
Айналым құралдарының азаюына: материалдық және қаржылық ресурстардың
экономикасы, кәсiпорын қызметiне шаруашылық есептiң қағидаларын енгiзу
кеңiнен жатады.
Сонымен, айналым құралдарының көлемiн айқындайтын факторлар
объективтi, яғни берiлген кәсiпорын қызметiне тәуелдi емес және субъективтi
болуы мүмкiн. Субъективтiлер қатарына, мысалы айналым құралдарын тиiмдi
пайдалану, тауар айналымы жоспарын орындау, қолданылатын қызмет көрсету
формалары, несиелiк және қаржы дисциплиналарын орындау сияқты мәселелер
жатады

3. Кәсiпорында айналым қорларының жіктелуі және ұйымдастырудың
ерекшелігі

Айналым қорлары – ақша қорларының айналымының үздiксiздiгiн қамтамасыз
ететiн, өндiрiстiк айналым қорлары мен айналым қорларын құруға аванстайтын
ақша қаражатының жиынтығы.
Айналым қорларын жоспарлау, есептеу және анализ тәжірибелерінде келесі
белгілері бойынша жіктейді:
– өндіріс процесіндегі функцияларды рөліне байланысты-айналмалы
өндірістік қорлар және айналыс қоры;
– жоспарлау, басқару, бақылау тәжірибелеріне байланысты-нормаланатын
және нормаланбайтын айналым құралдары;
– айналым капиталын қалыптастыру көздеріне байланысты-жеке меншік
айналым капиталы және қарызданған айналым капиталы;
–ликвидтілігіне байланысты, яғни ақшаға айналу жылдамдығына байланысты-
тез өткізілетін айналым құралдары, баяу өткізілетін айналым құралдары;
– капитал салымдарының тәуекел салымдарына байланысты–минималды
тәуекелділікті салымдар айналым капиталы, азайтылған тәуекелділікті
салымдар айналым капиталы, орташа тәуекелділікті салымдар айналым капиталы,
жоғары тәуекелділікті салымдар айналым капиталы;
– материалдық-заттық мазмұнына байланысты–еңбек құралдары
(шикізат, материалдар, жанармай, аяқталмаған өндіріс және т.б.) дайын өнім
мен тауарлар, ақша қаражаттары және де есепшоттағы қаражаттар.
Өнiмдi өндiру үздiксiз жүргендiктен, өндiрiс сферасында әрқашан айналыстың
әр түрлi сатыларда болатын айналым құралдарының белгiлi бөлiгi болады. Олар
келесiдей топтарға бөлiнедi:
1. Айналым құралдарының негiзгi бөлiгiн құрайтын өндiрiстiк запастар.
Олар шикiзат, негiзгi және көмекшi материалдар, отын, жанармай,
негiзгi құралдардың жөндеуiне қажет қосалқы бөлшектер, құны төмен
және тез тозатын құралдар: 1 бiрлiкке шаққандағы 100 минималды
еңбек ақы құнына тең және қызмет ету мерзiмi 1 жылға дейiнгi
шаруашылық инвентарь және басқа құралдар.
2. Аяқталмаған өнiм, яғни өндiрiс үрдiсiне түскен және әрi қарай
технологиялық үрдiс кезеңдерiнде өңдеудi қажет ететiн еңбек
заттары. Олар аяқталмаған өнеркәсiптiң өндiрiс және жартылай
фабрикат түрiнде болуы мүмкiн.
3. Кезең шығындары – айналым құралдарының элементi болмайды, олар
жобалауға, өнiмнiң жаңа түрлерiн өндiруге арналған шығындарды
бiлдiредi. Бұл шығындар берiлген кезеңде жүзеге асырылады да,
өнiмнiң өзiндiк құны негiзiнде келесi кезеңде өтелiнедi [4].
Кәсіпорынның айнлам қорларының құрамы келесі 2-суретте көрсетілген.

Сурет 2 - Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
Дайындалған өнiм айналым сферасына түсiп, жүзеге асырылғаннан кейiн оның
құны ақша формасына ие болады. Демек, кәсiпорын қызметiнiң дұрыс жүруi үшiн
өндiрiстiк айналым құралдарынан басқа айналыс сферасына қызмет көрсететiн
айналыс құралдары қажет. Оларға материалдар алуға, еңбек ақыны төлеуге,
жабдықтаушылар мен қаржы органдарының алдындағы мiндеттердi орындауға қажет
ақша қаражаттары мен дайын, бiрақ өткiзiлмеген (жүзеге асырылмаған) өнiмдер
жатады.
Өндiрiстiк айналым құралдары мен айналыс құралдарын қалыптастыруға арналған
өнеркәсiптiк кәсiпорындардың ақша қаражаттарының жиынтығы олардың айналым
құралдарын құрайды [15].
Өнеркәсiптiң айналым құралдарының негiзгi бөлiгiн өндiрiстiк айналым
құралдары алады. Олар айналым құралдарының тауарлық-материалдық қорлар
құндылықтардың жалпы сомасындағы үлес салмағы 85% құрайды .
Айналым құралдарының құрамдас элементтерiнiң ара-қатынасы олардың ортақ
құнындағы айналым құралдарының құрылымын бiлдiредi. Олардың әр түрлi
өнеркәсiп салаларындағы құрылымы өндiрiстiң технологиялық деңгейiмен,
мамандану деңгейiмен, цикл ұзақтығымен, жабдықтаушыларға қатысты
географиялық орналасуымен анықталады.
Өз қозғалысында айналым құралдары тiзбектi үш сатыдан өтедi: ақшалық,
өндiрiстiк және тауарлық.
Ақшалық саты даярлық сатысы болып табылады. Ол ақша қаражаттарының
өндiрiстiк запастарының формасына айналу кезiнде жүредi.
Өндiрiстiк сатыда құрылатын өнiмнiң құны авансталуы жалғасады, бiрақ толық
емес, тек қолданылған өндiрiстiк запастардың құны көлемiнде қосымша
еңбекақыға және онымен байланысты шығындар, сонымен бiрге негiзгi
өндiрiстiк құралға құны аударылған шығындар авансталады[19].
Айналымның өндiрiстiк сатысы дайын өнiмдi өндiрумен аяқталып, одан
кейiн оны жүзеге асыру (өткiзу) сатысына өтедi.
Өндiрiстiк сатыда сияқты, тауар айналымы сатысында еңбек өнiмi (дайын
өнiм) сондай-ақ көлемде аванстала бередi. Өндiрiлген өнiмнiң тауарлық
формасы ақшалай түрге ауысқаннан кейiн ғана авансталған қаржылар өнiмдi
өткiзуден түскен табыс есебiнен қайта қалпына келедi. Ал қалғаны жоспар
негiзiнде жұмсалатын сома ақшалай жиналымдарды құрайды. Айналым құралдарын
кеңейтуге арналған жиналымдар (табыс) бөлiгi соларға қосылып, келесi
айналымдар циклын құрайды.
Айналымның үшiншi сатысындағы ақшалай нысанға ие болатын айналым
құралдары сонымен бiрге айналым құралдарының алғашқы сатысы болады.
Айналым құралдарының айналысы келесi сызбамен жүредi:

Д – Т ...П ...Т1 – Д1
(1),

Мұндағы:
Д – шаруашылық жүргiзушi субъектпен авансталатын ақша қаражаттары;
Т - өндiрiс құралдары;
П - өндiрiс;
Т1 – дайын өнiм;
Д1 - өнiмдi өткiзуден түскен және жүзеге асырылған табысты қосатын ақша
қаражаттары.
Нүктелер (...) – құралдар айналымның үзiлгендiгiн, бiрақ олардың айналыс
үрдiсi өндiрiстiк сферада жалғасып жатқанын бiлдiредi.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы айналым қорлардың жағдайына тікелей
тәуелді, сондықтан кәсіпорын айналмалы қорларды пайдалану және ұтымды
қозғалысын ұйымдастыруға қызығушылық танытады.
Айналым қорларды пайдалану тиімділігі экономикалық көрсеткіштер
жүйесімен, ең бастысы айналым қорлардың айналымдылығымен сипатталады.
Айналмалы қорлардың айналымдылығы әртүрлі кәсіпорындарда біркелкі
емес, ол салалық белгілеріне, өндірісті ұйымдастыру мен өнімдерді өткізуге,
айналым қорлар мен басқа да факторларды орналастыру қызметтеріне де тікелей
байланысты.
Кәсiпорын қызметiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ететiн айналым құралдары бiр
уақытта өндiрiстiк формалардың барлық сатыларында болады.
Айналым құралдарының ерекшелiгi – олар әрқашан айналыста болып,
өздерiнiң натуралдық формасын ауыстыруы. Төменде кәсiпорынның айналым
құралдарына қатысты балансы келтiрiлген. Ол түсiндiрме беру үшiн екi
бөлiмге бөлiнген [5].
Баланстың бөлімдері келесiлердi қарастырады:
Тауарлық-материалдық қорлар: “Материалдар” кәсiпорынның қолында
бар шикiзат, материалдар, отын, қосалқы бөлшектерi және басқа құндылықтар
қозғалысы мен бар мәлiметтердi ортақтастыруға арналған. Бұл материалдар
нақты өзiндiк құны бойынша немесе есептiк бағасымен есептелiнедi. Алынған
материалдардың нақты өзiндiк құны алынған материалдардың бағасы бойынша
құны мен сол құндылықтарды даярлау мен кәсiпорынға жеткiзуге кеткен
шығындардан құралады. Материалдарды даярлау мен кәсiпорынға жеткiзуге
кеткен шығындарға сәйкес нормативтiк актiлер реттеледi.
Аяқталмаған өндiрiс – бұл кәсiпорынның өз өндiрiсiндегi жартылай
фабрикаттар қозғалысы мен соларға қатысты барлық мәлiметтердi ортақтастыру
арқылы есеп жүргiзуге арналған. Бұл, көбiнесе, өндiрiстiң толық циклы болуы
шартымен кәсiпорын дайындаған жартылай фабрикаттар бейнеленедi.
“Болашақ кезең шығындары”. Бұл шот берiлген есеп беру кезiнде
жүргiзiлген, бiрақ есеп берудiң болашақ кезеңдерiнде жүзеге асырылатын
шығындар туралы мәлiметтердi ортақтастыруға мүмкiндiк бередi.
“Дайын өнiм” немесе “Тауарлар” – сатуға арналып, алынған тауарлар
ретiндегi дайын өнiм қозғалысы мен тауарлық – материалдық құндылықтар
қозғалысына қатысты ақпараттарды ортақтастыруға арналған. Бұл жабдықтаушы,
өнiмдi өткiзумен айналысатын (сбытовые), сауда кәсiпорындары мен қоғамдық
тамақтану кәсiпорындарында қолданылады.
“Ақша қаражаттары” – бұл шотта кәсiпорын кассасындағы бар ақша
қаражаттары мен олардың қозғалысын есепке алынады.
“Берiлген аванстар” – тапсырыс берушiлерден жартылай дайын болған
өнiмге төленген қаржылар материалдық құндылықтарды тасымалдауға, орындалған
жұмысқа авансталады. Бөлiнген аванстар сомасы, сонымен қатар жартылай дайын
болған, соны өндiруге жұмсалған еңбекке төленген төлемдер есебiнiң
корреспонденциясы “Берiлген аванстар есебi” дебеттеледi.
Жабдықтаушы аяқталған жұмысты өтеу сәтiнде жұмыс жартылай даяр
болғанда төленген төлемдер мен бөлiнген аванстарды ескередi. “Берiлген
аванстар есебi” несиеленіп, жабдықтаушылар мен мердiгерлермен есеп айырысу
бейнеленедi .
Сонымен қатар, бұл бөлiмде әр түрлi дебиторлар және кредиторлармен
есеп айырысу операциялары туралы мәлiметтер жинақталады: коммерциялық емес
түрдегi ұйымдармен операциялар көрсетiлген қызметке чекпен, есеп
айырысатын транспорттық ұйымдармен, сыйлықтар, жалақылардың сомаларымен
төлемдер жасау, сот органдарының арнайы құжаттары негiзiнде басқа ұйымдар
есебiне немесе жеке тұлғаларға сол кәсiпорын қызметкерлерiнiң жалақысынан
ұсталған сомалар. Бұл әр кредитор мен дебиторға қатысты аналитикалық есеп
жүргiзiледi.

Айналым құралдарын келесiдей белгiлер бойынша классификациялауға
болады :
– айналым құралдарының өндiрiс және айналым сферасындағы үдемелi өндiрiс
үрдiсiндегi орны мен рөлi бойынша бөлiнедi;
– айналым құралдары жоспарлану деңгейi бойынша нормаланған және
нормаланбаған болып бөлiнедi;
– айналым құралдары қалыптасу көздерi бойынша меншiктi, заемдық және
тартылған болып бөлiнедi.
Кәсiпорында айналым құралдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету өзектi
проблема болып табылады. Келесi кезеңдерге қаржылық жоспарлау үрдiсiнде
мүмкiн болатын айналым құралдарының артылып қалулары мен жетiспеушiлiктерiн
анықтаудың маңызы зор. Ол үшiн кәсiпорын келесi кезеңдерде күтiлетiн
айналым құралдарына қажет сома анықталынады.
Егер айналым құралдарына қажет жоспарланған сома кәсiпорынның меншiктi
айналым құралдарының сомасынан асса, меншiктi айналым қорларында
жетiспеушiлiк болады. Меншiктi айналым құралдарында жетiспеушiлiк туған
кәсiпорындар уақытша өздерiнiң меншiктi немесе заемдық қаржылары есебiнен
оны толықтыра алады.
Егер керiсiнше болса, яғни айналым құралдарының нақты сомасы жоспарланған
сомадан асса, артықшылық болады. Ол айналым құралдарын ұлғайтуға қажет
қаржыландыру көзi бола алады.
Кәсiпорын қызметiне қатысты және қатысты емес себептерден де меншiктi
айналым құралдарына деген жетiспеушiлiк болуы мүмкiн. Кәсiпорын қолда бар
айналым құралдарының қауiпсiзiдiгiн әр уақытта қамтамасыз ете алмайды.
Мысалы, кәсiпорында күрделi жөндеуге айналым құралдарын заңсыз түрде бөлу
нәтижесiнде жоспарланғаннан әлдеқайда жоғары шығындарға ұшырауы мүмкiн.
Кәсiпорын қызмет ететiн экономикалық шарттар айналым құралдарының жағдайына
мәндi әсер тигiзедi. Сатып алынатын тауарлық-материалдық құндылықтардың
бағасының өсуi нәтижесiнде кәсiпорынның өз айналым құралдарының үлкен
көлемде жетiспеушiлiгiне әкеледi. Инфляция жағдайында үлкен пайыз
шарттарында берiлетiн банктiк несиелер жетiспеушiлiктi толықтырудың негiзгi
көзi болып табылады.
Мемлекет тарапынан жүргiзiлетiн қаржы саясаты кәсiпорынның өндiрiстiк –
қаржылық қызметiнiң дұрыс қызмет етуiн, сонымен бiрге айналым құралдарын
оңтайлы қолдануды ынталандыруы немесе керiсiнше кедергi келтiруi мүмкiн.
Мұндағы маңызды рөлі мемлекеттiң салық саясатына тиесiлi. Сондықтан өнiмнiң
өзiндiк құнына төленетiн салық төлеу, пайдаға авансталған салықтар төлеу
кәсiпорынның айналым құралдарының өндiрiстiк емес шығындарын төлеуге
кетедi. Мұндай жағдайлар кәсiпорынды жоғары пайыздық заемдар алуға,
қаражаттардың жаңа көздерiн iздеуге, қалыптасқан қаржылық тәртiптi бұзуға
мәжбүрлейдi. Айналым құралдарының өндiрiстiк шығындарды төлеуi олардың
айналымдылығын баяулатып, кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн төмендетiп, оның
қаржылық жағдайын нашарлатады.
Кәсiпорында айналым құралдарын ұйымдастыру статистикалық мәлiметтер және
бухгалтерлiк есеп негiзiнде тексеру арқылы олардың қауiпсiздiгi мен тиiмдi
қолдануын жүйелi түрде бақылауды қосады.
Айналымның барлық сатыларында өндiрiске қажет қаржылық және материалдық
ресурстарға деген қажеттiлiктердi, есептiң уақыттылығын және толықтығын,
айналым құралдарының тиiмдi қолдануын кәсiпорынның айналым құралдары
қамтамасыз етедi.
Айналым қорларының қаржыландыру көздерi меншiктi заемдық және сырттан
тартылған болып бөлiнедi [6].
Шаруашылықтарда айналым құралдарына деген ортақ қажеттiлiктердi азайту
үшiн, оларды оңтайлы қолдануды ынталандыру үшiн заемдық қаржыларды тартудың
маңызы зор. Ондай заемдық қаржыларға қысқа мерзiмдi банк несиелерi жатады.
Олардың көмегiмен кәсiпорын уақытша айналым құралдарына деген
қажеттiлiктердi қанағаттандыра алады.
Айналым құралдарын қалыптастыруға несиелер тартудың негiзгi бағыттары:
– меншiктi айналым құралдарына жетiспеушiлiктi толтыру;
– маусымдық өндiрiстiң үрдiсiмен байланысты маусымдық шикiзат
қорларын, материалдар шығындарын несиелеу;
– төлем балансын ортақтастыру мен есептесудi жүзеге асыру.
Экономиканы басқару нарық жүйесiне өткеннен кейiн несиелердiң айналым
құралдарын қалыптастыру көзi ретiндегi рөлi төмендеген жоқ. Сонымен қатар
айналым құралдарына жоғары нормативтi қажеттiлiктерiн өтеудiң банк
несиесiнiң мәнiнiң күшейуiмен шарттасатын жаңа факторлар пайда болады.
Ақшаның құнсыздануы айналым құралдарына тигiзетiн әсерi көпжақты: тiкелей
және жанама әсерi бар. Тiкелей әсер айналым құралдарының айналыс уақытында
құнсыздануын бейнелейдi, яғни өнiмдi өткiзуден түскен табыс құрамынан
кәсiпорын айналым құралдарының авансталған сомасын ала алмауы.
Жанама әсер ақшаның құнсыздануымен шарттасқан төлемсiздiк дағдарысы
нәтижесiнде құралдардың айналымының баяулауы түрiнде болады. Дағдарыстың
пайда болуының басқа себептерiне еңбек өнiмдiлiгiнiң төмендеуiн, өндiрiстiң
тым тиiмсiз болуын, басшылардың жаңа шарттарға бейiмделе алмауын оларадың
жаңа шешiмдер iздеп, тауар ассортиментiн өзгерту, өндiрiстiң материал және
энергосыйымдылығын төмендету, сонымен қатар қарыздарды заңсыз төлемеуге
мүмкiндiк беретiн заңнаманың жетiлмегенiн жатқызуға болады.
Төлемсiздiкпен күрес және қаржылық қолдау көрсету мақсатында кәсiпорынның
айналым құралдарын толтыруға қосымша қаржылар бөлiнедi. Бiрақ олар әрқашан
мақсатты түрде қолданыла бермейдi, ал ондай жағдай күштi ақшаның
құнсыздануы әсерге ие болады.
Мұндай жағдайда кәсiпорынның айналым құралдарының көзi ретiнде болатын
несиелердi қолдану шектерi туралы сұрақтар туындайды. Мұндай сұрақтар
несиелердi кәсiпорынның жалпы қаржылық жағдайына және оның айналым
құралдарына екi жақты әсерiмен байланысты.
Кәсiпорында бiр жағынан меншiктi қаржы дефицитi шартында айналымға
тартылған несие ресурстарсыз ондағы өндiрiстi қысқарту керек немесе мүлдем
тоқтату қажет, ал мұндай жағдайлар өзектi қаржылық дағдарысқа, тiптi
банкроттыққа алып келуi де мүмкiн. Екiншi жағынан, кәсiпорында туындайтын
проблемаларды тек несиелердi тарту арқылы шешу сол кәсiпорынның несие
ресурстарына тәуелдi болуына әкелуi мүмкiн, яғни оның қарыздары ұлғая
бередi. Мұндай шаралар кәсiпорынның қаржылық тұрақсыздығына әкеледi.
Кәсiпорын салынған капиталға пайда нормасын қамтамасыз ете алмағандықтан,
яғни пайыздық мөлшерiн төлей алмағандықтан кәсiпорынның меншiктi айналым
құралдары банк меншiгiне өтедi.
Кәсiпорындарда тауарлармен жабдықтаушылар алдында қызметтер көрсеткен
мердiгерлер алдында, салық пен басқа да төлемдер бойынша салық инспекциясы
алдында және бюджеттiк емес құралдар алдында кредиторлық қарызға кiруi
мүмкiн.
Сонымен қатар, кәсiпорынның айналым құралдарын қалыптасу көздерiне
уақытша мақсатты қолданылмайтын кәсiпорынның қаржылары жатады (құралдар,
резервтерi және т.б.).
Үкiмет тарапынан жүргiзiлетiн монетарлық саясаты нәтижесiнде болатын
өзара төлемсiздiктер ағыны экономикалық субъектiлерiнiң ағымдағы
активтердiң ең өтiмдi құралы болып табылатын ақша қаражаттарының болмауына
алып келедi. Ол өз кезегiнде кәсiпорынның тауарлық-материалдық құралдардың
қалқымалылығына итермелейдi.
Тауарлық – материалдық құндылықтарды сақталуға кеткен шығындардың
ұлғайтылуына айналыстағы ақша қаражаттарын мақсатсыз алу нәтижесiнде
олардың тұтынушылық қасиетiн жоғалту тәуекелiнiң болуын, яғни оларды сақтау
үрдiсiнде құнсыздануына әкеледi.
Тауарлық – материалдық жетiспеушiлiгi өндiрiстiк үрдiстiң
үзiлiстерiнiң болуы тәуекелдiгiн жоғарылатып, нәтижесiнде шығындарға
ұшыратады.
Айналым құралдарындағы тауарлық-материалдық құндылықтардың ұтымды
көлемiн нормалаудың қазiргi заманға сай әдiстерi болмайтындықтан, ұтымды
көлемдi тауарлық – -материалдық құндылықтардың нақты көлемiнiң оның оңтайлы
болатын көлемiне қатысты бағалау ұсынылады.
Айналым құралдарын қалыптастырудың меншiктi көздерiнен басқа тауарлық-
материалдық меншiктi көздерге теңестiрiлген тұрақты пассивтер бөлiгiмен
қамтамасыз етiледi.
Сонымен, тауарлық-материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету үшiн
айналыстағы емес активтерге салынған инвестициялармен байланысты меншiктi
көздердiң жетiспеушiлiгi болса, онда оған мақсатты заемдық қаражаттар
тартылады. Айналым құралдарын қалыптастырудағы меншiктi заемдық және
тартылған қаражаттар көздерi арасындағы қатынастың дұрыс болуы –
кәсiпорынның қаржы жағдайын күшейтуге мүмкiндiк бередi.

2. АДАЛ ӨНЕРӘСІПТІК КОМПАНИЯ АҚ МЫСАЛЫНДАҒЫ АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫН ТАЛДАУ

1. Кәсiпорынның экономикалық әлеуетiн талдау

“Адал АӨК” Акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетi Қаулысы негiзiнде 1994 жылдың маусымында Ұлттық Акционерлiк Қоғам
ретiнде қалыптасып, 1996 жылдың ақпанында Ашық Акциолнерлiк Қоғам болып
ауысты (2004 жылдан берi – Акционерлiк Қоғам). Компания Қазақстан
Республикасында тiркелiп, өз қызметiн Алматы қаласында жүргiзедi [16].
Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтін әрекеттерді
істей алады. Мысалы: қоғам өз атынан мүліктік және мүліктік емес құралдар
мен жабдықтарды алуға, жауапкершілікті артыруға және заң алдында жауапты
мүмкіндігі бар. Ол тек Қазақстан Республикасының ауқымында ғана емес,
сонымен қатар оның шетінде де максималды пайда тауып акционерлер
қызығушылық қолданып капиталдан 15% кемісе, онда қоғам толық белгіленген
тегіне дейін толтыру керек.
Салықты төлегеннен кейінгі түскен түсім, кәсіпорынның қорын құруға
және акциялардың девидентін төлеуге қолданылады. Жалпы акционерлер шешіміне
сәйкес дивиденд, акциялары бар акционерлерге төленетін сыйақы болып
табылады. Дивидендтер ақшамен, немесе акционер келіссе бағалы қағаздармен
төленеді.
Кәсіпорын дивидендті жыл соңында төлейді. Дивидендті төлеу туралы
шешім қабылдау үшін дивидендтердің көлемі және нақты дивидиенттерді төлеу
туралы күнді білу, дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлерінің
тіркелуінің нақты күнін білу. Кәсіпорындағы акционерлердің шешімі бойынша,
ақшадан, мүліктен, акцияға салынатын төлемдермен белгіленеді. Акцияны сатып
алғаны туралы және оның бағасы аудиторлармен расталуы қажет. Кәсіпорын
бағасын белгіленгені туралы қоғам негіздеме жасау керек.

Кесте 1 - Адал агроөнеркәсіптік компания-ның техника-экономикалық
көрсеткіштерін талдау

Өлшем Жылдары Ауытқулар
№ Көрсеткіштер бірлігі
2010 2011 +- %
Өнімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлыбританиядағы шағын бизнес
Кәсіпорынның айналым қорларын басқару
Кәсіпорындағы неізгі өндірістік қорлары
Кәсіпорынның өндірістік қорлары жайлы
Жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау
Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды бағалау әдістері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
«Айданқұс» ЖШС-тің өнеркәсібі қорлары айналымына талдау жүргізу
Негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігін талдау және бағалау
Кәсіпорынды қаржы көздерімен жетілдірудің негізгі көздері
Пәндер