Мектептегі натюрморт сабағының өткізу әдістемесі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Кескіндеме жанрының түрлері және тарихы.
1.1 Кескіндеменің түрлері және жанрлардың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 6
1.2 Қазақстандағы натюрморт жанрының даму
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Акварель бояумен жұмыс істеу әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.5 Майлы бояумен жұмыс істеу
техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .13
1.6 Шығармашылық жұмыстың мақсаты және
ізденістері ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2. Мектептегі натюрморт сабағының өткізу әдістемесі.
2.1 Натюрморт сабағын өткізу
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Бейнелеу өнері сабағында көркемдеп қабылдаудың педагогикалық
негізі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3 Мектептегі натюрморт сабақтарына анализ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 25
Иллюстрациялар ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе .

Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның мемлекеттік бағдарламамен
байланысы .

Натюрморт – бейнелеу өнері сауаттылығына үйретудің негізі оның
мәдениеттанулық негіздерін зерттеудің өзектілігі бірнеше мәдени
факторлармен және Қазақстан Республикасында қабылданған мәдени даму
бағдарламасымен үндес өтіп жатқан процестермен айқындалады.Республика
президенті Н . Ә . Назарбаевтың Қазақстанның болашағы қоғамын идеялық
бірлігінде атты еңбегінде : Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта
түлеудің қайнар көзі болып келді . Өзінің тарихы , мәдени тамырларына қайта
оралу – бұл әрине оң процесс... Қазақстанда ұлттық тілді , өнерді ,
мәдениетті ... дамытуға барынша қолдау жасалып отыр , - деген сөзі мұның
бірден бір айғағы .
Қазіргі уақытта бейнелеу өнерін оның мәдениеттанулық негізін дұрыс
көрсете танып біліп , өнер түрлерін жинақтап , зерделі зерттеудің маңызы
артып , жастарды сол ұлттық салт – дәстүрдің негізінде тәрбиелеудің
қажеттігі өсіп отыр . Сондай қажеттіліктің бірі – бейнелеу өнері
сауаттылығы , соның ішінде натюрморт жанры.Оның үстіне бейнелеу өнерінің
өзінің бай тарихы , терең мәдениеттанулық , философиялық мазмұны , өзіндік
ұлттық сан – қилы ерекшеліктерімен қымбат , әрі құнды .
Мұралардың құндылығын арттыру , дәстүр сабақтастығын жалғастыру оған
дәнекер болу әрбір ұлттық мәдениетке көзінің қарашығындай қамқорлық жасар
зиялы қауымның борышы мен парызы . Бейнелеу өнерінің оның сәндік ерекшелігі
, түрлері халықтың салт – дәстүрімен біте қайнасып келе жатқан қазақтың
рухани болмысы мен мәдени талғампаздығын танытатын ерекше бір құбылыс
.Ұлттық құндылықтар деңгейінен жоғары көтеріп , адамзаттық құндылықтар
қатарына қосу теңестіру біздің және баршамыздың да басты тілегіміз болса
керек . Бар әдемі құндылақтарды сырттан іздемей оны өзіміздің аса
мұраларымыздан іздеу оны жандандыру қалпына келтіру , мәдениеттанулық
деңгейге көтеру оны танып білу бүгінгі таңдағы ең бір көкейтесті , өзекті
проблемалардың бірі деп түсінеміз .
Зерттеу көздеріне анализ .
Зерттеу жұмысы барысындағы ізденіс біздің көзімізді мынаған жеткізді :
а) бейнелеу өнері пәнінің нәтижелі болуы балаларды көркемдеп қабылдауға
дұрыс үйретуге тікелей байланысты екендігіне ;
ә) оның педагогикалық негізде меңгерілу жолын құрып , жаттығу жұмыстары
арқылы оқушылардың осы бағыттағы дағдысын қалыптастыру керек екендігіне .
Сондықтан , бейнелеу өнері пәні бойынша осы көркемдеп қабылдаудың оқушы
жас ерекшеліктеріне сәйкес жоғарғы сыныптағы білім ауқымын , оларды
меңгертуге керекті педагогикалық негіз құрайтын жұмыс түрін айқындау
қажеттілігі де туады . Әрине бұл болашақ ісі .
Зерттеу мақсаты мен міндеттері .
Таңдамалы алынған тақырыптың өзектілігінен және оны зерттеу
қажеттіліктері мен зерттелу деңгейлерінен осы курстық жұмыстың басты
мақсатын айқындау мүмкіндігі туады . Бейнелеу өнері оның ерекшелігі мен
дамуы , салт – дәстүр , әдет – ғұрыптары , әшекейлеу әдістері оның түрлері
және ұлттық мәдениетте алатын орнын мәдениеттанулық тұрғыдан сарапқа салу ,
олардың мән – мазмұнын ашып , даму эволюцициясын қарастыру қажет . Осы
мақсатты орындау жолында зерттеушінің алдында бірнеше міндеттер
туындайдайды :
- Натюрморт бейнелеу өнері сауаттылығына үйретудің негіздерінің мәнін
ашу , оны оқушылар арасында олардың санасында , ұлттық көзқарастарына
қалыптастырудың көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау ;
Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнері сауаттылығына яғни көркемдеп
қабылдауға үйрету арқылы тиімділігін арттыру және оның педагогикалық
негізін анықтау . Осы мақсатқа сәйкес орындалатын міндеттер белгіленді .
Олар :
1. Бастауыш сыныптағы және 5-6 сыныптағы оқушыларының бейнелеу өнері
сабағында оның сауаттылығына үйрету , оны көркемдеп қабылдауға
үйретуге қажетті философия , психология , педагогика ғылымдары
тұрғысынан негізді айқындау .
2. Мектепте жүргізілетін бейнелеу өнері пәнінің бүгінге дейінгі өтілу
барысында талдау жасау .
3. Айқындалған жұмыс жүйелерін байқау , анықтау және оны бейнелеу өнері
сабағының жүргізілу тәжірибесіне енгізу .
Зерттеу орны .
Бастауыш сыныптар мен 5-6 сыныптардың оқу – тәрбие процесі .
Зерттеу пәні .
Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сыныптар мен 5-6 сынып
оқушыларының көркемдеп қабылдауын қалыптастыру процесі .
Болжам .
Бейнелеу өнері сабағының білімдік және тәрбиелік міндетінің сапалы
болуы – ең алдымен көркемдеп қабылдау жолын педагогикалық негізде
меңгергенде ғана мүмкін :
- егер кіші жастағы балалардың көркемдеп қабылдауын психологиялық және
педагогикалық проблема деп қарап , оның теориялық негізін айқындасақ ;
- осының негізінде бейнелеу өнері пәнінен өтілген сабақтарда
эксперименттік байқау жүргізіп , көркемдеп қабылдаудың оқушыда дұрыс
қалыптасқандығынан бейнелеу өнері пәнінің білімдік және тәрбиелік
сапасының артқанына көз жетсе .
Ғылыми жаңалық .
Бейнелеу өнері сабағында оқушыға меңгерткелі отырған білім , білік пен
дағдының нәтижелі болуы оның көркемдеп қабылдай алуына байланысты екендігін
дәлелдеу ; ол үшін арнайы дидактикалық жұмыс жүргізудің керектігіне көз
жеткізу және сол жұмыстардың жүйесін жасау , оның теориялық , педагогикалық
негізін айқындап және ұтымды жолдармен тәрбиелік бағытын көрсету .

Практикалық маңызы .
Ұлттық ойлау жүйесінің , дүние танымдық қалыптасу заңдылықтарын ,
ерекшеліктерін анықтауда , оларды түсіндіруде көтерілген мәселенің қосар
өзіндік үлесі аз болмас .
Жұмыста көрсетілген теориялық және практикалық жағдайлар болашақта өнер
тарихы ғылымын зерттеуді жетілдіруге ықпал етеді .Курстық жұмыстағы
қорытындылар мен негізгі шарттар арнайы курстарды дайындауда , мәдениеттану
проблемасы және мәдени – этикалық мәселелер бойынша семинарлар мен
лекцияларда қолдануға болады . Сондықтан да тақырыптың өзекті де , қажет
екенін ескере келе еңбегімізде бейнелеу өнерін салт – дәстүрді және әдет –
ғұрыптарды дұрыс пайдалану оқушылардың сана – сезімін , ой - өрісін ,
дүниеге деген көзқарасын жетілдіру мақсатында алынды .

1. Кескіндеме жанрының түрлері және тарихы.
1.1. Кескіндеменің түрлері және жанрлардың дамуы.
Кескіндеме-бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда
бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-
қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап
алады.
Біреулері портреттер жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері
тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу
өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөліну деп аталады. Жанр сөзі (Genre-түр)
немесе тек сөзінен шыққан.Кескіндемеде мынадай жанрларға бөлінеді:
анимастика, мифологиялық және моринизм.
Айта кету керек, тақырыптық картина көбінде жанр делінеді, ал
картиналар деп аталады.

Натюрморт

Натюрморт-өнердің дербес жанры ретінде XVIII ғасырда Голландияда және
кіші Фландрияда қазір бұл Бельгияның бір бөлігі туып, кеңінен дамыды.
Натюрморт бізге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмірін де,
суретшінің оларға деген көзқарасын майлы бояулармен, қою салынған голланд
натюрморттарында көбіне сан түрлі тағамдар: нан, жемістер, әдемі кесілген
майлы ветчина шошқаның тұздап, сүрленген майлы еті, жабайы аң-құстар,
хрусталь бокалдардағы немесе күңгірт сәуле шашатын күміс кубоктардағы
шарапты бейнелеу.
Мұнда картиналарды салдырған адам, рухани нәзік талап талғам дейтіннің
иісін де білмейтін саудагер немесе қала шонжарлары суреттегі дәмді, мол
тағамға ғана қызығатын, өйткені оның өмірінің басты қызығы да тамақ құлқыны
болатын.
Сурет салуды меңгеруді тірі модельден емес, өлі қозғалмайтын
модельден-натюрморттан Француздың nature morte- өлі табиғат, натура деген
сөзінен шыққан бастаған жақсы.
Натюрмортты ол тұруға шаршап, кетіп қалады, тұрған қалпын өзгертеді
деп қорықпай-ақ оны түрлі нүктелерден мұқият зерттей отырып, қалағанынша
ұзақ салуға болады. Онымен жұмыс істеу үстінде жас суретші заттардың
формасын құруға, оның конструкциясын талдауға, олардың өзгеше
ерекшеліктерін де, олардың арасындағы өзара байланысты да табуға үйренеді.
1.2. Қазақстандағы натюрморт жанрының даму жолы .
Ұлы Қазан социалистік революциясына дейін Қазақстан халықтарының көркем
шығармасы негізінен күнделікті тұрмыста қолданылатын өнермен ғана
байланысты болды.
Кескіндеме, графика, мүсін өнері соңғы 50 жыл ішінде ғана өркендеді,
өйткені өткендегі көшпелі тіршілік және жанды нәрсенің бейнесін түсіруге
тиым салатын ислам дінінің ғасырлар бойғы үстемдігі қазақтың кәсіптік
бейнелеу өнерінің тууына кедергі жасады.
Қазақстанда ұлттық дәстүрлері революцияға дейін-ақ қалыптасқан әдебиет
пен музыкадан өзгеше, бейнелеу өнерінің жолы адам айтқысыз қиын болды.
Қазан революциясының қарсаңында Қазақстанда өзінің төл-тума кәсіпкер-
суретшісінің болмағаны былай тұрсын, тіпті жаңа, жүйелі өнердің негізін
қалауға қол ұшын берерліктей жақсы даярлығы бар орыс суретшілері де жоқ
еді. Мұндағы орыс өнерінің реалистік дәстүрлерін сақтаған жалғыз суретші —
сурет сабағының мұғалімі Н. Г. Хлудов болатын. Ол кейінірек, 1920 жылы
ұйымдастырған бейнелеу өнері студиясында сабақ берді. Ол студияда суертші
Н. Антонов пен мүсінші А. Пономарев та ұстаздық етті.
20—30-шы жылдарда Қазақстанның бейнелеу өнері кескіндеме пен графиканың
кәсіпкерлік шеберлігін меңгеру жолында алғашқы қадамдар жасады. Жас
суретшілер аяқ алысын байқатып, көзге көріне бастады, олар өздерінің әзірге
бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпаған балаң шығармаларында бүкіл елді қамтыған
алып істерді, жаңа құбылыстарды көркем бейнелеуге тырысты. Қазақстанда
бейнелеу өнерінің өрісіне алғаш жол салған Н. Крутильников, Ә. Қастеев, Ә.
Исмаилов, Б. Сарсенбаев, X. Ходкиков сынды суретшілер болды.
Қазақстан суретшілерінің кәсіпкерлік бейнелеу өнерінің қыры мен сырын
тезірек және ойдағыдай меңгеруіне туысқан республикалар шеберлерінің,Мәскеу
мен Санк-Петербург суретшілерінің тәжірибесі көп көмектесті. Отызыншы
жылдарда Қазақстан суретшілерінің қатары арнаулы білімі бар талантты
шеберлермен толықты. Мұның өзі 1933 жылы Қазақстан Суретшілер одағының
ұйымдастыру комитетін құруға мүмкіндік берді. 1934 жылы Мәскеуде, Шығыс
мәдениеті мұражайда қазақ суретшілерінің бірінші көрмесі, ал арада жыл
өткен соң Алматыда Т. Г. Шевченко атындағы көркем сурет галереясы ашылды.
Әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірдің жаңа жағдайлары көркем
шығармалардың жаңа тақырыптарын туғызды. Суретшілер енді бүгінгі өмірдің
көкейтесті мәселелеріне шұғыл бет бұрып, көркем өнерде жасампаз совет
адамының алып тұлғасын, мәртебелі бейнесін орнықтыра бастады.
Қазақ совет бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуы бәрінен бұрын Ә.
Қастеевтің есімімен байланысты. Бүгінде республиканың халық суретшісі
атанған, расында да халықтың қайнаған қалың ортасынан шыққан бұл тамаша
дарынның ғажайып ұлттық шығармашылығы отызыншы жылдарда үрдіс дамыды. Әуелі
батырақ сосын жұмысшыдан кәсіпкер-суретшіге дейін көтерілген бұл қыл қалам
шеберінің өсу жолы да жаңа дәуірді жақсы бейнелейтін жол. Бір кездері хат
танымаған, қараңғы малшы-кедей өз халқымен бірге туған елінің шын қожасына
айналды, өз халқының жаңа ұлттық көркем мәдениетін жасаушы болды.
Кастеевтің ең алғашқы шығармаларынан-ақ оның өзіне тән шығармашылық
ерекшеліктері: аспай-саспай, бабымен баяндау, тұрмыс көріністерін туған
елінің табиғатын ақындық асқақ шабытпен бейнелеу қасиеттері айқын көріне
бастады. Қастеев шығармашылығында портреттер мен табиғат суреттері де
үлкен орын алады, туған ел табиғатының сұлулығы мен ерекшелігін эмоциялық
түйсіну шынайылықпен, лирикалық сезімталдықпен ғажап ұштасып, ұласып
жатады. Бояу түстерінің ырғақ-әуені, бейнелердің оптимистік әр сипаты оның
шығармашылығындағы қазақ эпосының ең үздік туындылары мен тұрмыстық өнердің
жарасты үндестігінен туған халықтық қайнармен біте қайнасқан. Табиғат
суреттері арқылы Қастеев үздіксіз жаңарып, жасарып жатқан туған өлкесін
перзенттік сүйіспеншілікпен, асқақ шабытпен жырлайды. Акварельмен салынған
суреттер сериясы қазақтың шетсіз-шексіз жомарт даласы, диқандардың еңбекке,
ерлікке толы дарқан өмірі, тамылжыған жайлау жәннаты жайлы сыр шертеді.
Қастеев сияқты, Ә. Исмаилов та арнаулы жоғары білім алған алғашқы қазақ
суретшілерінің бірі. Оның табиғат суреттері Отан бейнесіндегі жаңа
нышандарды, соны серпінді паш етеді.
Отызыншы жылдарда Қазақстандық көркем өнерін дамытуға өздерінің
шығармашылық жолын республика өмірімен байланыстырған көптеген орыс
суретшілері белсене ат салысты. Бұлар — кескіндеме шеберлері А. Риттих, Н.
Соловьев, А. Бортников, Н. Крутильников, Л. Леонтьев, графика шеберлері Г.
Брылов, Б. Чекалин, Л. Гербановский, тағы басқалар.
Қазақстан бейнелеу өнері көп ұлтты еліміздің барлық халықтарының
өнерімен тығыз ынтымақта ойдағыдай дамыды, солармен бірге жалпы советтік
өнерді гүлдендіруге үлес қосты. Қазақстанда кәсіпкерлік бейнелеу өнерін
қалыптастыру үшін Б. Иогансон, А. Дейнека, С. Герасимов, А. Пластов сияқты
әйгілі санлақтардың шығармашылығы үлкен роль атқарды.
Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау, ауыр жылдарында да Қазақстанның
бейнелеу өнері дамуын тоқтатқан жоқ. Тылда қалған суретшілер бейнелеу
өнерін фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен шайқаста бұқаралық-үгіт
қаруы ретінде, советтік озық идеяны насихаттау құралы ретінде пайдаланды,
совет адамдарының қаһармандығын, ерлігін, батылдығын, жанқиярлық еңбегін,
асқақ патриотизмін бар әлемге паш етті.
Ол кезеңде Л. Леонтьев, К. Баранов, А. Риттих, Н. Крутильников, А.
Черкасский, И. Иткинд, М. Лизогуб және басқалары ойдағыдай еңбек етті,
сөйтіп қырқыншы жылдардың аяқ шенінде-ақ Қазақстанның суретшілер коллективі
айтарлықтай: өнерлі күшке айналды. Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан
суретшілері бейнелеу өнерінің барлық саласында: кескіндемеде, мүсін
өнерінде, графикада көптеп туындылар бере бастады. Адам бейнесін жасауға:
совет адамдарының моральдық және рухани әдемілігін, олардың қоғам алдындағы
жауапкершілік сезімін терең ашып көрсетуге басты назар аударылды. Ұлттық
ерекшеліктері айшықтанған тақырыптық туындылар да нақ сол кезеңде
жасалынды.
Халық, оның күнделікті тіршілік-тынысы, енбектегі жігер-қайраты мен
жауынгерлік ерліктері қазақ суретшілерінің шығармаларына өзекті арқау
болды. Олар сонымен бірге туған елінің бай табиғатын да шабыттана жырлады.
Терең мағыналы халықтық тақырып, бейнелеудің жаңа амалдары мен формаларын
ерінбей-жалықпай іздестіру — Қазақстан суретшілерінің ең үздік
шығармаларынан байқалатын жақсы қасиет міне осы. Ондай туындылардың
қатарында А. Черкасскийдің Дина мен Жамбыл картинасын, В. Антощенко-
Оленев салған Сәкен Сейфуллин мен Ильяс Жансүгіровтың графикалық
портреттерінің X. Наурызбаевтың Жамбыл, Құрманғазы, И. Иткиндтіқ
Философ, Күліп тұрған қария мүсіндерін, тағы басқа шығармаларды айтуға
болады. Ә. Қастеевтің Қазақстан жерінде атты сериядағы акварельмен салған
табиғат суреттерінде, Я. Сидоркиннің И. Квачконың, Ш. Кенжебаевтің
графикалық беттерінде, С. Мамбеевтің, К. Телжановтың, К. Нұрмұхаммедовтың,
К.Шаяхметовтың Р. Сахидын, кескіндемелік туындыларында өмір шындығы ақындық
шабытпен бейнеленген.
Қазақстан шеберлерінің шығармалары ішінен қазақтың тұңғыш әйел-
суретшісі Айша Ғалымбаеваның туындылары көрнекті орын алады. Олар негізінен
республикадағы совет әйелдеріне арналған. Бұлар Шығыстың жаны сұлу, рухани
қайраты мол, мәртебесі биік, еңсесі жоғары, тең құқылы тамаша әйелдері,
жаңа заманның жасампаз азаматтары. Айша Ғалымбаеваның шығармалары
кескіндемелік құрылымының әдемілігімен де ерекше көз тартады. Г.
Исмаилованың да көркемдік шешімін дәл тапқан, көркімен, мәнерімен,
бояуларының байлығымен, ашықтығымен, орындалу шеберлігімен қаз тойдыратын
көптеген туындылары қазақ әйелінің бейнесін жасауға бағышталғамы.
Әйел-суретшілер жайлы айтқан кезде, республиканың ең байырғы
суретшілерінің бірі, тау табиғатын құлай сүйген Е. Говорованың
шығармашылығына тоқталмай кетуге болмайды. Бұл суретшінің Қазақстан
табиғатына арналған талай суреттері бейнелеу өнерінің сыры мен қырын бес
саусағындай меңгерген ғажап шеберлікті, дәл байқағыштық пен нәзік
сезімталдықты танытады.
Қазақстанның қазіргі өнері жанрға да, бағытқа да аса бай. Кескіндемеші-
суретшілердің көбісі өздері сүйген тақырып төңірегінде тынбай ізденеді. К.
Тельжанов өзінің шағын-шағын жанрлық шығармаларында жерлестерінің
күнделікті тіршілік-тынысы мен еңбегінің қайталанбас ғажаптығын, қуаныш-
қызығын әдемі ашады. Суретшіні сонымен бірге тарихи сом тақырыптар да терең
толғантады. Экспрессивтік кескіндемелік мәнерде орындалған Бастау атты
триптих азамат соғысы жылдарындағы Казақстан еңбекшілерінің орыс
пролетариатымен ынтымағын сезімталдыкпен, сергек бейнелейді. Бабалардың
жерінде атты картина — суретші шығармашылығының үлкен бір белесі. Мұнда
тың және тыңайған жерлерді игеру тақырыбы монументтік формада шешімін
тапқан, орасан зор және терең мағыналы философиялық дәрежеде орындалған. М.
Кенбаевтің шығармашылығында табиғатқа деген шынайы ғашықтық, шат-шадыман
қуаныш сезімі, дүниедегі бар құбылысты ақындық шабытпен қабылдау қасиеті
назар аударады. Шопан әні картинасындағы қазақ бейнесі совет адамына тән
асқақ сезімге, парасатқа толы, сонымен қатар бұл — қазақ эпосындағы
батырлар бейнесімен үндесіп жатқан қаһарман тұлға.
Картинаны көргенде туған аулына қайтып келген жас Абайдың: Сағындым
ғой өзіңді! Бәлкім, басқаларға бишара көрінерсің, тек маған емес! Туған
ауылым, сүйікті сары далам менің!—деп еміренген сөздері еріксіз еске
түседі. Қазақтың халық шығармашылығының ең жақсы дәстүрлерімен ұштасып
жататын, образдың ашық әуезділігімен, сезімдік өткірлігімен көз қуантатын
бояулардың декорациялық саралануы — қазақ суретшілерінің көбісінің
кескіндемелік шығармаларына тән ерекше қасиет.
С. Мамбеевтің өмірді түйсінуі бояу түстерінің ғажап жарасымынан,
мейлінше нәзік әрі кемеліне толысқан әсем құрылымынан айқын көрінеді. Ол
өмір шындығын бояулар дүниесі арқылы бейнелейді. Мамбеев шығармаларының
ерекшелігі сыр-сезімінін, тазалығында, бояу түстерінің поэзиясында, ұлттық
лебінің тынық тереңдігінде. Мейлі қала табиғаты немесе қазақтың кең даласы
болсын, мейлі ауыл әйелі немесе студент қыз болсын, мейлі халық тұрмысының
көріністері болсын — қай-қайсысы да суретші талғамының байлығымен және
нәзіктігімен, орындау шеберлігімен ерекше көз тартады; суретшінің әрбір
туындысы — ерінбей-жалықпай терең зерттеудің білудің калтқысыз ықлас-
ынтаның, шабытты еңбектің жемісі.

1.3. Акварель бояумен жұмыс істеу әдістері .
Акварель кескіндемесі. Акварель кескіндемесінде жұмыс істеу техникасы
мен әдістері майлы бояумен жұмыс істеуден айтарлықтай ерекшеленеді.
Акварель сөзі латынның аgua —су деген сөзінен шыққан. Акварель
бояулардың негізгі ерекшелігі — аса мөлдірлігі. Бұл — ақ бояу мүлде
қолданылмайтын бірден-бір кескіндемелік техника. Ақ бояуды өзіне жағылған
бояудың арасынан ағарып көрінетін қағаз ауыстырады, ал қажетті түстік өңді
бояуларды алдын-ала палитра бетінде араластыру арқылы да, оларды қағазға
бірінің үстіне бірін жағу арқылы да алуға болады. Мейлінше ақшыл көрінетін
әсер туғызу үшін, мысалы, бликтерде (ең жарық нүктелерде), қағаздың тиісті
жері мүлде боялмайды немесе аздап қана боялады. Мұндайда шығарманың
колористік шешімін жасауға көмектесетін бейне бір бояу ретінде қағаздың өзі
пайдаланылатыннын есте ұстаған жөн.
Акварель бояулар қолдануға ыңғайлы да қарапайым, қағазға оңай жағылады
және шапшаң кебеді. Алайда, бұған қарамастан, акварель кескіндеменің
техникасы — мейлінше күрделі техникалардың бірі.
Майлы бояудан немесе темперадан айырмашылығы сол, акварель қайта жасау
мен түзетулерге іс жүзінде мүлдем дерлік жол бермейді — бұрын жағылған
бояудың үстіне жаңадан бояу жағу арқылы тек қарайтуға ғана болады, ал
қарайған жерлерді неғұрлым ағарта түсуге енді болмайды. Акварельмен жұмыс
істей отырып, суретші қылқаламмен бірінші бояуды жақпас бұрын, одан кейінгі
бүкіл жұмыс барысын жалпылама болса да ойша елестетуге тиіс. Егер жұмыстың
біршама бастапқы сатысында елеулі қылықтар байқалса, онда губкамен немесе
үлкен жұмсақ қылқаламмен қайсы бір фрагментті немесе тіпті жасалғанның
бәрін шайып тастайды. Қалған ақшыл ізді толық кептіріп алады да қайтадан
сала бастайды. Былай шаю кезінде бояуды қылқалам немесе губка емес, су
шаятынын, сондықтан қағазға өте абайлап қарау керектігін, суды көбірек
пайдалану және оның артық тамшыларын жиі алып тастап отыру керектігін есте
ұстау керек.
Акварель техникасының өзіндік ерекшелігі — оның барынша дымқылдығында.
Қылқалам бояудан ісініп тұруға тиіс, бояу қағаз бетімен бейне бір өзінен-
өзі аққандай болады, ал қылқалам оның парақ бетінде дұрыс бөлінуіне
көмектеседі. Жиі кездесетін қателік мынада: тәжірибесіз суретші құрғақ
қағаз бетінде жартылай құрғақ қылқаламмен жұмыс істейді. Жұмыстың үлкен,
азды-көпті біртүсті бөліктерін (ашық аспан немесе тыныш су беті) бірқалыпты
жалпақ құйындымен жасау керек. Ал құрғақ, дәлірек айтқанда сілку арқылы
құрғатылған қылқаламмен тек бояулардың артық жерлерін іріктеп, алып
тастайды. Акварельмен жұмыс істеген кезде, сұйық бояу қағаз бетімен еркін
жылжуы үшін, ол шамамен 30°-қа еңкіш орналасуға тиіс.
Акварель астындағы сурет өте жеңіл, контурлы болуға тиіс. Егер ол
мұқият жасауды талап етсе, онда оны алдымен басқа парақта жасап алады, ал
болашақ акварельге одан тек ең қажетті контурларды ғана түсіреді. Акварель
бояу қылқаламнан қағазға өте оңай жұғады, сондықтан ол жақсы, алдын ала
мұқият салынған суретті талап етеді, бояу дағы дәл өз орнына түсуге тиіс.
Суретті бірден акварельмен, әлсіз өң бере отырып, жіңішке қылқаламмен де
жасауға болады, онда жұмыс қарындашты және өшіргішті пайдаланған кезде
болатын қандай да бір ластанудан толық құтылады.
Акварельмен жұмыс істеудің үш әдісі бар. Біріншіден, алғашқыда
бояулармен өте жеңіл, заттың өзіне қарағанда әлдеқайда әлсіз және мөлдір
болып келетін ортақ төсем жасай отырып, ал одан кейін кепкен алдыңғы қабат
бетіне бірізді жұқа, лессировкалы қабат түсіру арқылы түсті біртіндеп
күшейте отырып, құрғақ қағазда көп қабатты жұмыс жасауға болады. Екіншіден,
тиісті түсті бірден барлық күшінде, мозайкадағы сияқты, ұсақ жағындылармен
түсіре отырып, құрғақ қағаз бетінде, бірақ бір қабат етіп те жұмыс істеуге
болады. Мұндай жекелеген жағындылар көрші бояу жағындыларымен (әлі кебе
қоймаған) дәнекерлене отырып, бір түстен екінші түске біртіндеп көшуге
мүмкіндік жасайды. Үшіншіден, дымқыл қағазға, түсті бірден түсіре отырып,
бір қабат етіп те салады, бұл кезде бояу жағындылары азды-көпті жайылып,
бір-бірімен араласып жатады. Соңғы техника мейлінше күрделі: қағаздың
қажетті дәрежедегі дымқылдығын дұрыс сезініп, анықтауға тек ұзақ тәжірибе
ғана көмектеседі. Тым дымқыл қағаз бетінде жұмыс істеу бояу түсін күшті
әлсіретіп, шайып кетуі мүмкін.
Көбіне үш әдістің бәрі бір жұмыста, бейнеленіп отырған детальдың
сипатына байланысты қолданыла береді. Түтінді, тұманды сулы қағаз бетінде
үлкен тиімділікпен бейнелеуге болады. Керісінше, алдыңғы қатардағы
детальдар — тастар, ағаштар құрғақ қағаз бетіне айқын, күрт жағылған
бояулармен беріледі. Бояу жағындыларының жұмсақтығына қол жеткізу үшін
акварельшілер кейде қағазды ылғалды күйде ұстайды, бұл үшін оның астына
дымқыл жүн матаны (мүмкіндігінше ақ матаны) төсейді.
Балауыз негіздегі ашық түсті қарындаштарды немесе жәй үшкірленген таза
балауыз таяқшаларын дұрыс ойластырып қолдану кейде қызықты әсер тудыра
алады. Мұндай қарындашпен көз қарашығындағы, жылтыраған заттардағы немесе
толқындардың жалдарындағы еткір бликті (ең жарық нүктені) белгілей отырып,
содан соң, бликтарды қалдыруға қам жемей-ақ, бұл орындарды бояумен батыл
бояп шығуға болады — олар балауыз ізінің арқасында өзінен-өзі пайда болады.
Балауыз қарындаштарды XVIII—XIX ғасырлардағы акварель кескіндемесінің
шеберлері, әсіресе миниатюралық портреттерде, кеңінен пайдаланды.
Акварель кескіндемесінің техникасы материалдық жарақтандырылуы жағынан
мейлінше қарапайым. Жалпақ бояу құйындыларын жағатын және жіңішке сызықты
(ұшымен) жүргізетін жұмсақ жуан қылқаламдар қажет. Жуылып, сілкінумен
жақсылап кептірілген қыл-қаламмен қағаздан бояулардың артығын алып, су
ізінің шегін белгілейді. Акварель кескіндемесінде негізінен күзеннің,
тиіннің, борсықтың, сары күзеннің құйрық қылынан жасалған қылқаламдар
қолданылады. Соңғы уақытта, жасыратыны жоқ, негізінен үй жануарларының
құлақтарындағы қылдан жасалған қылқаламдар көбірек сатылатын болды.
Акварельге арналған этюдниктер, майлы бояумен жұмыс істеуге
арналғандарға қарағанда, неғұрлым жазық және жеңіл, пластмассалы палитрасы
бар етіп жасалады. Әрине, әдеттегі майлы бояуға арналған этюдникті де
пайдалануға болады, бұл үшін ол жәй бір-шама ауырырақ.
Акварельдер әдетте паспартуға (сурет рамкасы иә қағаз) және әйнек
астына салынып көрсетіледі, әйнек жұмысты бүлінуден ғана сақтап қоймайды,
сонымен бірге майлы кескіндемедегі лактың роль іспеттес роль атқарады —
түске үлкен тереңдік пен үндестік береді.

1.5 Майлы бояумен жұмыс істеу техникасы
Майлы бояудың мүмкіншіліктері. Сурет пайдаланатын бояулардың бәрі де,
әдетте, бояғыш заттар, яғни пигмент пен қандай да бір байланыстырғыш
заттардың қоспасынан тұрады. Ал майлы бояуларды мұндай байланыстырғыш зат-
май. Басқаша айтқанда, майлы бояулар пигменті зығыр майымен араластыру
арқылы алынады. Басқада кейбір майларды (жаңғақ күнбағыс майлары)
пайдалануға болады. Бұл майлар кепкен кезде қатқыл қабық түзеді. Басқа
майлар бұл мақсатта пайдалануға жарамайды, өйткені олар мүлде кеппейді,
немесе, керісінше кепкен кезде су сияқты буланып, ұшып кетеді.
Кескіндемеде тек X-VI ғасырдан бастап қолданыла бастаған майлы
бояулардың көптеген жақсы қасиеттері бар: оларды қалыңдатып та, сондай-ақ
жұқалатып, мөлдір етіп жағуға да болады. Олар бояу кебеді, әрі кепкен кезде
өзінің түсін өзгерпейді.
Майлы бояумен жұмыс жасайтын суретшілер көбіне қатты қылшықты
қылқаламдарды пайдаланады, Корпустық живопись үшін жалпақ қылқаламдар, ал
ұсақ детальдарды салу үшін қылдан жасалған жұмыр және жалпақ қылқаламдар
қолданылады.
Қарындашпен салынған суретте күңгірт түс форманы айқындай түседі,
сондықтан біз оған көбірек көңіл бөлуге тиіспіз. Ал кескіндемеде заттың
формасын керісінше, жарық айқындайды. Егер кескіндемеде жарықтан гөрі
күңгірт түске көбірек назар аударылса, күңгірт түс жарықта материалдың
түсін өзертіп жібереді, сондықтан заттың материалдық мәнін күңгірт түс
емес, жарық түс емес айқындайтыны бәрімізге мәлім. Сонымен жарық пен
көлеңкенің ара қатынасының анықтығы, заттың суретін салғанда, түс жағынан
фигураның көлемін оңай айырурға көмектеседі. Салған суретке ең әуелі сұйық
бояу жару керек (қою болса сұйылтыңыз).
Түрлі-түсті сурет салғанда өте ұқыпты болу керек. Жұмысты бастаудан
бұрын фон ақшылдау ма, елде салып жатқан нұсқаның тұлғасы ақшылдау ма,
осыны анықтап алып, модельдің ак және қара жерлерін айыру қажет. Содан әрі
фонның түскен және көлеңкелі жерлеріне мұқият зер салған жөн. Жекелеген
детельдардың: беттің, киімінің, түстің және т.б. бір-бірінен
ерекшеліктерінің ажырата білген дұрыс. Жарық пен көлеңкенің өзара
айырмашылықтарын айырула көптеген жағдайларға назар аударып, зер салып
отыру керек. Көлеңке жерлеріне келгенде бояуды сұйық жарық жерлеріне бояуды
қою етіп жағу керек. Ерекше фактураларға (мысалға: шаш, мүк, қой жүні жене
т.б.) келгенде бояуды қалынырақ жаққан дұрыс..
Ою-өрнек немесе долбардынаброскіні сызып, біраз тәжірибе
жинақтағаннан кейін енді реңді, шрихты суреттерді салуға көшеміз. Бұл, ою-
өрнек пен наброскіні салудан күрделірек. Бұрын суретті тек сызықтың өзімен
ғана бейнелесек, енді шрихтардың көмегімен жарықпен анықтап, оның қандай
материалдан жасалғанын көрсетеміз. Бір сөзбен айтқанда салып отырған
затымызды өзінің табиғи формасына келтіре бейнелейміз.
Осындай геометриялық фигуралар немесе басқа да заттардың жиынтығын
екі немесе одан да көп- натюрморт, деп атайды.
натюрморт- сөзі- француз сөзінен алынған термин. Қазақша Өлі
табиғат немесе тыныш,қозғалмайтын зат, деген мағынаны береді. Натюрморт
өлі табиғат немесе өлі зат аталғанымен, сондағы бейнеленген заттар
арқылы табиғи өмірді, заман келбетін тіпті бір халықтың тұрмыс- тіршілігін,
әдеп- ғұрыптын танып- білуге болады.
Осының куәсі ретінде қазақ әйелдеріменен шыққан тұңғыш суретші Айша
Ғалымбаеваның дастархан аты натюрморттық шығармасын алайық. Мұнда суретші
ашық жылы түсті бояулармен қазақтың өзіне тән дастархан мәзірін бейнелей
отырып, ұлттық ерекшелігімізді, халқымыздың қонақ-жай, ақжарқын
кеңпейілдігін аса бір нәзік сезіммен жеткізе білген.
Натюрморт алғаш рет_ХVП-ғасытрдың Голландияда пайда болды. Содан
көптеген елдерге тарап, әсіресе ХVП ғасырдың ортасында бейнелеу өнерідегі
көп тараған жанрына айналады. Осы кезде натюрморт салудың тамаша шеберлері
шыкты. Ол-Голландиялық Ван де Вальде, Винсет-Ван Гог, францияның ұлы-
.суретшісі ПольСезанн, А. Матисс еді. Қазіргі көптеген суретшілерінің
-жолын қуып, істерін алға карай жалғастыруда. Натюрмортты немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту әдістері Натюрморт
Кескіндеме жанрының түрлері және тарихы. Мектептегі натюрморт сабағының өткізу әдістемесі
Натюрморт бейнелеу өнерінің ерекше жанры
Қазақтың дәстүрлі қолөнерінің туындау негізі
«Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы »- пәні бойынша дәрістер
Оқушыларды сыныптан тыс үйірме жұмыстарында майлы бояумен жұмыс жазудың қыр-сырына үйрету
Табиғат көріністерін бейнелеуге оқушыларды үйретудің тиімді әдістері
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ» «ОҚУ ҒИМАРАТЫ» 100Х80 Х40, пвх
Натюрморт жанрының дамуына қысқаша тарихи шолу
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
Пәндер