Қимыл-қозғалыс ойындарының нұсқалары
Тақырыбы: Қимыл-қозғалыс ойындарының нұсқалары
Мазмұны
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
ІІ Негізгі бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қозғалыс
дағдыларын қалыптастыруға қимылды-қозғалыс ойындарының әсері ... ... ...
4
2.1 Түрлі жас топтарындағы балаларда негізгі қозғалыс дағдыларын
қалыптастыру барысында қимылды-қозғалыс ойындарының орыны ... ... ... ...
4
2.2 Негізгі қозғалыстарды үйретудің түрлі кезеңдерінде қимылды-қозғалыс
ойындарын іріктеуде қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.3 Қимылды-қозғалыс ойындарының нұсқалары және оларды
күрделендіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.4 Негізгі қозғалыстарды қимылды ойындарда сапалы орындай білу ... ... ...
12
2.5 Негізгі қозғалыстарға үйретудің түрлі кезеңдеріне қимылды-қозғалыс
ойындарын
ірік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.6 Қозғалыс тәжірибесінің жинақтауына байланысты
ойындар ... ... ... ... ... .. 17
2.7 Қозғалыстарды бекітуге арналған
ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 25
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті
елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы
мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен
мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен
білімдерін арттыру қажетті туындап отыр.
Демек, бүгінгі күні технология психологияны оқытуда мектепке дейінгі
жастағы балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру
мақсатында балада ойын әрекеті және оның түрлері арқылы баланың
дүниетанымын қалыптастыруда, болашақ жас ұрпақты дамытуда басты құрал болып
саналады.
Зерттеудің мақсаты. Балада қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға қимылды-
қозғалыс ойындарының әрекеті және оның түрлерін зерттеу.
Зерттеудің міндеті: Баланың негізгі іс-әрекеті – қозғалыс дағдыларын
қалыптастыруға қимылды-қозғалыс ойындар
- Ойынның ерекшелігі;
- Ойынның психологиялық даму теориясы;
- Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу;
- Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту;
- балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту;
- Балаларда ойынның психологиялық педагогикалық негіздері;
Зерттеудің теориялық қолданымы. Қимылды-қозғалыс ойындар балалардың
негізгі іс-әрекеті. Ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық маңызы
зор қызметтер атқарады. Қимылды-қозғалыс ойындарн баланың даму құралы,
таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық жөнге ие бола отырып, адамның
жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір бала ойнап
өседі.
Зерттеудің практикалық қолданымы. Қимылды-қозғалыс ойындарды көп
ойнаған адамның дүниетанымы кең. Жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал
тұлға болмақ. Әрине, ойын баланың дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер
береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін
білдіреді.
ІІ. Незізгі бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қозғалыс
дағдыларын қалыптастыруға қимылды-қозғалыс ойындарының әсері

қалыптастыру барысында қимылды-қозғалыс ойындарының орыны.
Айтылып өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын
болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп
уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем
араласпауына байланысты емес. Қимылды-қозғалыс ойындарының баланың
психикасында сапалы өзгеірістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу
әрекетінің негіздері қаланады.
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен
еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын
үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып,
еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да
нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер
өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда
болуының негізіне айналады.Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын
объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу
адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бірсыпыра
праволар беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда,мәселен, бала
сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексеріп қарауға, қызмет көрсетуге
байланысты ескертпе жасауға правосы бар екенін, бірақ дүкеннен шығарда
сатып алған заты үшін ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады.Сюжеттік ойында
роль атқару дегеннің өзі рольде көрсетілген міндетті орындау және ойыннан
басқа қатысушыларына байланысты правоны жүзеге асыру болып саналады.
Белгілі рольдерді жүйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады.
Бірлескен іс- әрекет үстінде олар өз іс-әрекеттерін үйлестіруді үйренеді.
Балалар тобының басқа мүшелерімен жасалынатын мұндай шынайы өзара қарым-
қатынастар коллективтік сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, сйнымен біріге
баланың өзіндік санасында жоғары көтереді. Құрдастарына, туа бастаған
коллектив пікіріне қарап бағдар алу баланың әлеуметтік сезімдерін: топқа
ілесу, басқаға жаны ашу т. б. қабілеттерін қалыптастырады.
Сонымен, егер қимылды-қозғалыс ойындарының сюжеті балаға үлкендердің
іс-әрекетімен және өзара қарым-қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе,
шынайы өзара қарым-қатынас оны балалар ойындарында байқалатын түрлі
жағдайларда өзін ұстай білуге үйретеді. Мұның өзінде әр бала өзін ойынның
жалпы жағдайына, балалардың осы тобының талаптарына және өзінің Жеке-дара
қабілеттеріне сай ұстауға үйренеді. Мінез-құлықты таңдау балалардың жалпы
құрамына және өзіндік мүмкіндіктерін бағалауына байланысты. Бұйырып билеп-
төстеуді ұнататын, сондай-ақ тасада қалып қойғанды дұрыс көретін балалар да
болады. Баланың ойында алатын орны оның пассивтілігінің дәрежесін
анықтамайды.
Мектепке дейінгі шақта, балалардың құрбыларымен өзара іс-әрекет
продесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық
балалар үшін маңызды орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану
әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты
болып есептеледі. Алайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала
маңызды орынға талаптануын көбінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы
жағдайларда ғана жарыққа шығарады.
Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға
өзін таныту қажеттілігі байқалады. Өзін таныту қажеттілігі ойындағы
статустық рольге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу
(идентификация) күрделенеді. Әлеуметтік және талаптанушы тіршілік иесі
ретінде балаға танылған баламен бірге тебірену, жеңімпаздың шаттығына қуану
қиындау болады. Әдетте сезімнің шарықтауы роль бөліскенде және рольдер
бөлінгеннен кейінгі ойынға кіріскен сәтте күшейе түседі. Танылу,
қажеттілігі және бірге тебірену қабілеттерінің өзара әсері бірлескен іс-
әрекетпен шұғылданушы құрдастар тобындағы қарым-қатынастардан туындайды.
Осы айтылғанның бәрі балалардың ойнаушы тобын мінез-құлықтың әлеуметтік
түрлері үнемі жобаланып және нығайып отыратын қайсібір әлеуметтік қарым-
қатынастар мектебі деп түсінуге мүмкіндік береді.Ойнап жүріп балалар
адамдардың ынтымақтасу қабілетін үйренеді.
Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен
алмастыруға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала
үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып
қолдапа алады. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана қоймай, зат,
жануар, басқа адамдар орнына өзін де қолданады. Мысалы, мылтықтан атып
жібереді де өлтірілген қасқырдың орнына өзі құлап түседі, қиялдағы
тепловозды жүргізеді әрі өзі тепловоз ретінде гүрілдеп, жылдамдық ала
бастайды.
Сонымен, ойын бұл кезеңде өзінің мәнісі жағынан снмволикалық болады.
Символикалық ойын, баланьң символдарды қолдануы — оның психикасының
дамуының елеулі сәті. Символдарды пайдалану, бір объектіні екінші
объектінің көмегі арқылы ауыстыра білу қабілеті кейінірек әлеуметтік
таңбаларды игеруді қамтамасыз ететін жетістік болып табылады. Символикалық
функцияның дамуы арқасында баланың жіктеп қабылдауы қалыптасады, ақыл-
ойының мазмұндық жағы және басқа да адамға тән қабілеттері елеулі өзгереді.
Бір заттарды екінші заттардың орынбасарлары ретінде кең қолдану балалар
ойынында бір затты әр түрде қолдануға болады деп дәлелдеуге негіз бер-
мейді. Бала орынбасар-заттардың қасиеттеріне қарап бағдар алады. Мәселен,
дүкен ойнына материалдар іріктегенде балдырған балмұздақ орнына ақ кірпіш,
шұжық орнына қызыл цилиндр, алма орнына пласмассадан жасалған жасыл
дөңгелектер қолданылса қанағаттануы мүмкін. Ойыншық мылтық, қажет болған
жағдайда адамға, жәшік — үйге айнала салады. Барлық, осы және осыған ұқсас
ауысулар формасы, түсі немесе функциялық ерекшеліктер ұқсастығынан барып
шығады. Мынадай жайтты да атап өткен маңызды: бала затқа өзі ат қойған соң
енді онымен бастапқы қасиеттеріне сай іс-әрекет жасамай, оның жаңа атына
сай әрекет жасай бастайды. Егер таяқ мылтыққа айналса, ол одан атады, атқа
айналса, оған мініп шабады; пароходқа айналса, ол жүзіп отырып жағаға келуі
тиіс.
2.2 Негізгі қозғалыстарды үйретудің түрлі кезеңдерінде қимылды-
қозғалыс ойындарын іріктеуде қойылатын талаптар.
Негізгі қозғалыстарды үйретудің түрлі кезеңдерінде қимылды-қозғалыс
ойындар іс-әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі. Ойын
жағдайларында балалар лабораториялық тәжірибелер жағдайларындағыдан зейінін
жақсы жинақтайды. және кебірек есте сақтайды. Зейінді жинақтау, есте сақтау
және еске түсіру, яғни саналы мақсат балаға ойын үстінде ертерек және оңай
ажыратылады. Ойынның шарттарының өзі қатысушылардан ойын ситуациясына
ететін заттарға ойналатын іс-әрекеттер мен сюжет мазмұнына зейін жинақтауды
талап етеді. Егер бала болашақ ойын ситуациясының талабына зейінді болғысы
келмесе, ойынның шарттарын есінде сақтамаса, онда оны құрдастары ойыннан
қуып жібереді. Қарым-қатынас жасауға, эмоциялық мадақтауға деген қажеттілік
балаларды мақсатты түрде зейін жинақтауға және есте сақтауға мәжбүр етеді.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын жағдайы оған енген әр
баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала ойын
барысына қатысты өз тілектерін түсінікті етіп айта алмаса, егер ойын
үстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, онда кұрбылары
оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына
себепкер болады. Психологиялық әдебиетте құрбылармен қарым-қатынас жасау
мүмкіндіктерінен айрылған егіз ұлдардың психикалық нашар даму оқиғасы
суреттелген. Өзара қарым-қатынас жасауда бүл егіздерде өздерінің, екеуіне
ғана түсінікті автономиялық тілі
қалыптасқан. Егіздерді белгілі уақыт ажыратып, басқа балалар
коллективіне қосқаннан кейін ғана олар дұрыс тілдік қарым- қатынас жасау
қабілетіне ие бола бастаған.
Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-
әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді.
Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекетінің түрлі формаларының шарты
болып табылады. Мәселен, затпен қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете
ойлауға бала затқа оның тиісті әз атын бермей (тіпті бала оны жақсы біліп
тұрса да) қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап
ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы
ойлаудың өзгеше бір сыртқы тірегі және, екіншіден, осы затпен жасалынатын
шынайыы іс-әрекеттер тірегі ретінде көрінеді. 'Сонымен, рольдік ой- ында ой
жүзінде іс-эрекет жасау қабілеті дами бастайды. Алғашқыда, әрине, ойша
әрекет жасау нақты заттарға сүйене отырып жүзеге асады. Бала өзі жаңа ат
беріп және демек, жаңа функция артатын заттармен нақты әрекет жасаудан
біртіндеп ішкі, нағыз ақыл-ой әрекетіне ауысады. Ақыл-ой әрекеттеріне
ауысудың негізгі ойын әрекеттерінің қысқаруы мен жалпылануынан тұрады.
Мектепке дейінгі шақтың ішінде ойын мазмұны сапалы өзгеріске түседі.
Мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны үлкендердің шынайы
заттармен жасайтын іс-әрекеттерін ойын заттары арқылы қайта жаңғыртатын іс-
әреттерді орындау болып есептеледі. Мәселен, үш жас шамасындағы балалар
столды сүртеді, еденді сыпырады, нан тіледі. аяқкиім тазалайды т.с.с. Іс-
әрекеттерді қайта жаңғырту — мектепке дейінгі кішкентайлар ойынынын негізгі
мазмұны, міне осы. Бұл кезеңде балалар, әдетте, жеке-дара ойнайтынын атап
өту маңызды. Тіпті ойын материалы арқылы немесе үлкендердің арнайы
ұйымдастыруымен біріккеннін өзінде олардың ойыны бәрібір бірлесіп ойнау
емес, қатар ойлау. Балалар бір-бірінін ойынына аз көңіл аударады, әрқайсысы
өз ойыншығымен жайбарақат шұғылданып отырады.
Мектепке дейінгі ересектердің ойыны сәл басқаша өтеді. Егер сәбилер
үлкендерден үйренген кейбір іс-әрекеттерді орындай отырып, осы іс-
әрекеттерге сәйкес рольдерді өзіне алмайтын болса, ересек балалар қайсыбір
рольдерді ойнай бастайды. Мәселен, қуыршақты тербетіп отырған екі-үш жасар
қыз бұл жерде өз мойнына мама ролін алмайды да бұл жағдайда: Сен кімсің?—
деген сұраққа өз атын атап жауап береді. Ал бес-алты жасар қыз болса, өзін
мамамын деп таныстырады. Бұл жерде бала енді іс-әрекетті сол әрекеттің
өзі үшін жасамайды. Олар рольге кіріседі. Енді сіз кең жайылған қайталама
іс-әрекеттерді көре алмайсыз. Балалар жасайтын әрекеттер азды-көпті
ықшамдала бастайды. Ойын дамуының бұл сатысында баланы адамдар арасында
болатын қарым-қатынастар қызықтыра бастайды. Әрекеттер қарым-қатынастарды
өрістетудің құралы ретінде қолданылады. Ойын басталмай тұрып-ақ балалар
кімнің кім болып ойиайтынын келісіп алады. Мұнда бұрын айтылып етілгендей,
әлеуметтік рольдер игеріледі. Балалар көп жағдайда балалар болып ойнайды.
Мұндай жағдайларда олар адамдар қарым-қатынасы жүйесіндегі өз орындарын
жақсы түсініп, өздерінің осалдықтары мен күштерін біледі.
Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі
рольді сурет салу, мүсіндеу, аппликация, конструкциялау тәрізді жемісті іс-
әрекет атқарады. Оның әрқайсысы белгілі берілген сапалары бар нәтиже
(сурет, құрылыс) алуға бағытталуымен сипатталады. Балалардан іс-әрекет
процесі дәл қазіргі сәтте оны қызықтырмаған жағдайдың өзінде де тиісті
нәтиже алуға үйрену, түпкі ниетін жасау оны бірізді жүзеге асыру талап
етіледі. Әрине, мектеп жасына дейінгі кішкентайлар өз әрекеттерін әзірше
мұндай талаптарға бағындыра алмайды. Алғашқы кезде оларда нәтижеден гөрі
текшелерді орналастыру, саз балшықтың формасын өзгерту, қарындаш пайдаланып
қағазда із қалдыру сияқты іс-әрекет процесінің өзі қызықтырады. Нәтиже
алуға деген бағыттылық іс-әрекетті игеру барысында біртіндеп қалыптасады.
Міне, осы бағыттылықтың қалыптасуына қарай бала қажетті сыртқы, практикалық
және ішкі, психикалық әрекеттер түрлерін игереді, онда эстетикалық
тебіреністер мен творчестволық қабілеттер қалыптасады.
Балалардың суреттері зерттеушілердің назарын неғұрлым көбірек
аударады. Балдырғандардың салған суреттері өзіне тән белгілерімен
ерекшеленеді: олар схемалы болып келеді (адам бірнеше сызықтармен
бейнеленеді), оларда көлемі жағынан заттардың арақатынастары (гүл үйшіктен
үлкен болуы мүмкін) және кеңістік қатынастары жиі бұзылады, кейде зат бір
мезгілде түрлі жағынан бейнеленеді және т. б. Белгілі дәрежеде бұл
ерекшеліктер балалар суреттерінің ойын немесе қызық оқиғалар жөніндегі
әңгіменің элементі ғана болуымен түсіндіріледі. Суретте көрсетілмегендер
сөзбен немесе қимылмен толықтырылып отырады. Балалар игерген бейнелеу
құралдарының тапшылығының да әсері тиеді. Бірақ сонымен қатар бейнелеу
ерекшелігінеп бала қабылдауы мен ойлауыиа тән белгілер де көрініп қалады.
Мұның дәлелі ретінде көп жағдайда балалардын өз кұрбылары салған заттың
суретін тез танып, ал үлкендердін оны тануда қиналатынын келтіруге болады.
Бейнелейтін заттарды зейін қоя және жүйелі тексере білуге, оларға тән
белгілерді беле білуге тәрбиелеп, балаларды қажетті техникалык дағдылармен
қаруландырып, сурет салуға дұрыс үйреткен жағдайда мектепке дейінгі шақтың
өзінде заттарды шынайы беинелеуге толық қол жеткізуге болады. Мұндай үйрету
мақсатты түрде белсенді қабылдауды және ойлау операцияларын дамытуға
көмектеседі. Бала өз ниеттерін жүзеге асырудың қажетті құралдарын алады,
ал мұның өзі творчестволық қабілеттерді дамытады.
Мектеп жасына дейінгі балалар жекелеген еңбек тапсырмаларын да
орындауды үйренеді. Әрине, бұл жерде іс-әрекеттің ерекше дербес түрі
ретіндегі еңбек жөнінде айту ертерек болғанымен, осындай тапсырмаларды
орындау үстінде еңбектің, дамыған формаларына тән кейбір психологиялық
қасиеттер қалыптасады.Солардың ішіндегі негізгісі өз іс-әрекетін қоғамдық
мотивтерге бағындыра білу, бұл іс-әрекеттің басқа адамдарға келтіретін
пайдасын басшылыққа алу болып табылады. Нәтижесінде мектепке дейінгі
шақтағы бала оқу әрекетінің элементтерін игереді. Әр түрлі дәрежедегі
үйрену балалардың кез келген іс-әрекетінің құрамына енеді. Бірақ баланың
өзі үшін оқу ерекше іс-әрекет болып, оқу міндеті — қандай да болмасын бір
жаңалыққа үйрену пайда болғанда ғана қалыптасады. Оқу міндеттерінің бөлініп
шығуы мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай ғана болады. Осыған
байланысты балаларда үлкеннің нұсқауларын зейін қоя тыңдап, орындай білу
пайда болып, тапсырманы орындау тәсіліне деген ықылас, өзін-өзі бақылаудың
алғашқы дағдылары қалыптасады. Оқу әрекеті баланың психикасына, алдымен
қабылдау, зейін, ес, ойлау тәрізді психикалық процестердің ырықтылығы мен
басқарылуына өте жоғары талаптар қояды және сөйте отырып тиісті психикалық
қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.
2.3 Қимылды-қозғалыс ойындарының нұсқалары және оларды күрделендіру.
Қимылды-қозғалыс ойындарының нұсқалары балалардың негізгі іс-әрекеті
ретінде психологиялық, анатомиялық, физиологиялық, педагогикалық маңызы зор
қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік,
тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде
қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған
адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға
болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей
бала ойында шынайы емірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімік білдіреді.
Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте
көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың есетін
ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет
емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және
қанағат сезіміне бөлейтін іс- әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлі
күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау
жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және жеке дара
ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс,
драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық,
дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері,
мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары
бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді ойындар
ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп,
А.С.Макаренко былай деп жазды: Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек
адам үшін еңбектің, жұмыстың. қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай
маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да кел жағынан
сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында
басталады. Мысалы; сюжеттік – рөлді ойындар.
Қимылды-қозғалыс ойындарының негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған
өмірді - адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болыл табылады. Ойында
бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар
жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз
береді.
Қимылды-қозғалыс ойындарының нұсқаларының ерекшелігі - оның әрекеттік
сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар
ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін
бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.
Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен
сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес,
шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаңарманның іс-әрекетімен, сезімімен
тымыстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін
әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.
Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өөзінде
ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі,
өзі мен мамасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөөйлеседі және т.б. Сөз
нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз
қатынасын толығырақ ашады.
Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе
жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын
анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады. балалар
арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері
мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына
көмектеседі.
Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің
өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады.
Қимылды-қозғалыс ойындарының негізгі құрылымдық элементтері мыналар:
ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рөлдер;
ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немеее ересектер усынатын ойын
ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың
өзінше бір іс - әрекеті ретінде көрсетеді.
Қимылды-қозғалыс ойындарының түпкі ниеті - бұл балалардың нені және
қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: дүкен, аурухана, әскер,
қызы мен шешесі, мектеп және т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып,
ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және
ойынның өзегі болыл табылады.
Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік
топтарға бөлуге болады:
а) тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар (отбасы, мектеп,
балабақша жане т.б. болып ойнау);
ә) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (корабль салу, үйлер,
стадиондар тұрғызу және т.б.);
б) қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейналейтін ойындар (мерекелер,
демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар т.т.).
Ойындарды бұлай бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан
түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін.
Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын
әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын
және өзара байланысын анықтайтын... Ойынның мазмұны оны қызықты етеді,
ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады.
Қимылды-қозғалыс ойындарының құрылымдық ерекшелігі мен түйіні -бала
атқаратын рөл. Ойын процесінде рөлге берілетін маңызына қарай көлтеген
ойындар рөлді немесе рөлді-сюжетті ойындар депл аталады. Рөл әрқашан адамға
немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, іс-әрекеттерге, қарым-қатынастарға
қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге
айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.
Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара
қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға
ұйышылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-
қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан арғы дамуын, күрделене түсуін
айқындайды. Сонымен бірге ойын ережеа жасқанша, ұялшақ балалардың ойынға
белсендірек қатысуына көмектеседі.
Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бәрі типтік бопып табылады,
бірақ олардың түрлі маңызы бар және әртүрлі сйындарда түрліше арақатынаста
болады. Әрине ойынның түріне сипаттама беруге болады, дегенмен оиынның
ішінде дидактикалық ойындардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор.
Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық
тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез - келген бала
еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол
арқылы бір - бірімен өзара қарым қатынас жасайды, Ойын балалар үшін
айналадағыны танып, білу тәсілі.
Ойынның негізгі ерекшелігі - ол балалардың қоршаған ортаны -
адамдардың қимылын, іс- әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған
жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме, теңіз
де, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар үн-түнсіз ойнамайды,
жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сойлесе
жүріп, балалар пікірлесіп,әсер алысады, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын
анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі
ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рольдер, ойынның өзінен
туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының
жалпы анықтамасы. Мысалы: Дүкен, Аурухана, Ұшақтар, Отбасы, Бала
бақшасы және т.с.с. болып ойнайды.
Ойынның сюжеті,мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын

және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді,
ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері
ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және
реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды
ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиеші
балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс.
Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы ролін пайдаланып,
ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың
өзара қарым-қатысын бағыттап отырады. Өзі де сол ролге қатыса алады.
Ойынның көп уақыты серуенде өтеді. Сондықтан аулада арнаулы кұрылыстар,
ғимараттар (кемелер, автобустар), көптеген құрылыс материалдары күректер,
доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге оқу үстіндегі оқытумен
де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек
оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән
ерекшеліктеріне қарай сюжетті - рольді, драматизациялық, дидактикалық
құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
2.4 Негізгі қозғалыстарды қимылды ойындарда сапалы орындай білу.
Мектепке дейінгі балаларда қимыл-қозғалыс онындары маңызды орын алады.
Қимыл-қозғалыс ойындары балаларды жан-жақты тәрбиелеудің ең негізгі құралы
болып табылады. Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы әр түрлі қимыл -
қозғалыстарды: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, кедергілерден өту, қарсы
шығу, тепе-тендік сақтау әрекеттері бекітіледі. Дұрыс ұйымдастырылған ойын
балалардың танымдық зейінін, қабылдауын, дененің сапалық қасиеттері
жылдамдығын, күш-қуатын, төзімділігін, икемділігін қалыптастырады; ал
ұжымдық ойын түрлерін ұйымдастыру - жолдастыққа, достыққа, өз бетімен
әрекет жасауға тәрбиелейді.
Таза ауада ұйымдастырылған ойын маңызды сауықтыру міндеттерін
атқарады, ағза жұмыс қызметін жақсартады, сонымен қатар белсенді демалыс
құралы ретінде қолданылады.
Балалар мектептен, сынынтан тыс уақытында әр түрлі жарыстар өткізуге
болады. Бұл жарыс түрлері бағдарламалық дайындықты ұзақ қажет етпейді және
балалардың қызығушылығын арттырады.
Қимыл-қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимылы дағдыларын
жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді.
Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық
әрекет болып табылады. Балалардың бәрін игерген қимыл дағдыларын тірек
ететін әр алуан ойын қимылдары оларға қолайлы дәлдікпен, қалыптылықтан,
ептіліктен, ерекше мәнерліліктен көрінеді.
Ойындардың, әсіресе, халық ойындарының, эстетикалық сипаты ойын
бастауымен, әңгімелесумен, санамақпен, байи түседі.
Балаларға музыка ерекше эстетикалық ыкпал жасайды: ол балаларды
жігерлендіреді, олардың көңіл-күйін біріктіреді, қимылда эстетикалық сипат
береді.
Қимыл-қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп
жасындағы балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне
тартатын әрекет саласын туғызады—осылардың бәрі қимыл-қозғалыс ойындарын
балалардың күнделікті өмірінің ажырағысыз бағалы серігі ретінде айқындайды.
Эмоциялық өрлеу балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын туғызады
және тапсырманы айқын түсінуінен қимылдың жақсы үйлесімінен, кеңістікте
және ойын жағдайында неғұрлым дәл бағдар белгіленуінен, тапсырманы жедел
қарқынмен орындауынан көрінеді. Мақсатқа жетуге ұмтылу қуанышы балалардың
осындай әуестену кезінде әртүрлі кедергілерді жеңуге көмектесетін жігердің
ролі артады.
Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимылы дағдыларын жетілдіру
және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді. Ойын кезінде
бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады.
Ол ойын шартына бейімделіп, ептілік көрсетіп, сол арқылы қимылды
жетілдіріп, мақсатты әрекет етеді. Ойын процссінде балалардың қозғалғыш
ширақығы бүкіл организмде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін
күшейтеді. Ойындардың балалар үшін әр түрлі педагогикалық жіктеулері
бар.Ойындар мазмұны бойынша қимыл-қозғалыс(сюжеті,сюжетсіз) ойындарға
бөлінеді: Сюжетті қимыл-қозғалыс ойындары шартты формада өмірлік немесе
ертегі оқиғасын бейнелейді. Балаларды ойында шығармашылықпен көрінетін ойын
бейнелері қызықтырады.
Мысалы, Мысық пен тышқан, Қарақұлақ, Алакүшік, Қасқыр қақпан,
Бүркіт, Атшылыр жарысы, Қара сиыр, Тай жарыс, Дене жарыс, Құнан
жарыс, Түйе жарыс, Қара құрт.

ойындарын іріктеу.
Негізгі қозғалыстарға үйретудің түрлі кезеңдеріне қимылды-қозғалыс
ойындарын іріктеу ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді – адамдардың
қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан
кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жадайға ойынның
өздері ойлағантүпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.

ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні.
Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды.
Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей
шақырғанға жауап та қатпайды.
Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде
ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойындағы қиялға қатысушылармен әңгімелеседі
және тағы да басқа. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады,
бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.
Негізгі қозғалыстарға үйретудің түрлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz