Баланың ойыны мен ересек адамдардың әрекеттерінде қиялдың дамуы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
I тарау 1.1. Психологияның таным процестерінің бірі –
қиял ... ... ... ... ...
1.2. Қиял және басқа психологиялық процестердің байланысы ...
1.3. Қиял бейнелерінің жасалу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II тарау 2.1 Бала психологиясындағы қиял процестердің ерекшеліктері...
2.2 Баланың ойыны мен ересек адамдардың әрекеттерінде
қиялдың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
2.3 Бала бойындағы қиялды дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Жас ұрпақтың жанама ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының
қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне
ықпал ететін жанама білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті
мәселелердің бірі.
Сондықтан біз адам өмірінде, дамуында атқаратын психологиялық
процестердің бірі – қиял туралы тақырыпты таңдадық. Жұмыстың тақырыбы:
Қиял және оның бала психологиясындағы рөлі.
Елбасымыз Н.Назарбаев “Қазақстан – 2030” стратегиясында былай деп жаз.
Елбасымыз Н.Назарбаев “Қазақстан – 2030” стратегиясында былай деп
жазған: “Білім беру реформасы – Қазақстан бәсекеге нақтылы қаблеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Сондықтан 12 жылдық оқуға көшу шеңберінде техникалық және кәсіби білім
беретін оқу орындарында одан әрі оқуды таңдағысы келетіндерге он жылдық
орта білім беруді жоққа шығаруға болмайды. Адамның өмір бойы білім алу үшін
жағдай туғызуымыз керек.
Осыған орай педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен
оқытуда жаңа әдістемелерді, жаңа технологиялар мен оның элементтерін
қолданумен қатар білім беру ісінде психикалық үрдістерінің табиғатын ескеру
маңызды екені бүгінгі күнде әрбір жаңашыл, жанашыр ұстазға мәлім.
Ғалым Ә. Сәтбекова Қазақ тілін ұлт мектебінде оқытудың психологиялық
негізі атты мақаласында: Қазақ тілін оқытуда лингвистиканың,
психологияның, педагогиканың жетістіктері басшылыққа алынуы тиіс. Себебі
бұларға сүйенбеген жалаң әдістеме ешқандай жетістікке жете алмайды деген.
Шынында да, қазіргі білім беру жүйесін ізгілендіру, яғни білімді гуманистік
принциптегі бағытта дамыту идеясымен ұштастыру барысында аталған ғылымның
пікірі орасан зор деп ойлаймын.
Психологияның әдістемеге көмегі сол: ол ес дегеніміз не, қалайша есте
жақсы сақтауға болады, ойлау дегеніміз не, қандай жағдайда танымдық
процестер белсенділік жүреді; дағды , білік дегеніміз не және қиял, ой,
сезім т.б. психикалық процестердің мәнісін ашады. Психология, сөйтіп,
оқытудың мазмұнын анықтауға, сондай-ақ қалай оқыту қажеттігіне қатысты
мәселелер қатарын шешуге көмектеседі. Яғни, психология іс-әрекеттің, оның
ішінде сөйлеу әрекетінің психологиялық болмысын танумен шұғылданады, пәнді
оқытудың тиімді тәсілдерін айқындауға мүмкіндік береді. Қандай да бір іс-
әрекетті орындау барысында адам оған зейін қоюы, қабылдауы, ойлауы, есінде
қалдыруы қажет, әрекет үстінде ол қандай да бір көңіл-күйге, сезімге
бөленеді, көзқарас қатынасы т.б. қалыптасады. Іс-әрекетте жаңа адам
қоғамдық тұлға азамат ретінде танылады. Егер оқушы өзін-өзі бағалай білсе,
іс-әрекеті нәтижелі, жеке басының барлық қасиеттері қалыптасып ынталы
болады.
Оқушы практикада білімін көре алады. Кейбір жағдайда егер сол оқушы
сол білімін өзіне жеткіліксіз және аз деп қараса, оны өзіне намыс көруі
мүмкін және де әрі қарай жұмыс істеуге ынтасы жоғалуы мүмкін: ескеру,
оқушылардың психологиясын білу, олар туралы күнделікті байқаулар жүргізіп
отыру, олардың өздеріне күнделік жүргіздірту, оның негізгі критерийлерін
олармен бірлесе жұмыс істеу. Бұндай оқушылардың деңгейін, ойын сыйлауға
үйрету, сөйлеу мәдениетін дағдыландыру іс-әрекеті мұғалім арқылы оның
ұйымдастыруымен іске асады. Оқушының кез келген деңгейдегі білімін бағалау,
оны елеу, оған құрметпен қарау, баланың өзін білімді сезінуіне, қиялының
өсуіне, ойы мен тілінің дамуына әкелуі сөзсіз. Даму үрдісі үздіксіз,
біртіндеп өседі. Сонымен қатар, оқытудың психологиялық жағын ойлап шығару
баланың, біріншіден, қызығушылығын арттырса, екіншіден, оқушы жеткіншінің
бақылауын білуге асығады, тырысады.
Кейін олар өздерінің күнделіктері мен мұғалімдікін салыстырғанда бір-
біріне көңілдері қалмайды, өйткені олар белгілі бір критерийге сүйенеді.
Осы арқылы қосымша мәліметтер, психологиялық жан-жақты ақпараттар,
зертеулер алуға болады, оқушы мен мұғалімнің бір-біріне деген сенімділігін
тудырады. Осындай психологиялық жұмыстар негізінде ойлау, үйрену, меңгеру
қабілеттерді ашуға болады. Бұл ашылған жолда білімді кез келген, немесе
үйреніп жатқан тілде білу, сезіну қиын емес деп ойлауға болады.
Ал, оқу-тәрбие үрдісінде әр мұғалімнің психологиялық ерекшеліктерін
ескеретін қажетті нәрсенің бірі болып табылады. Ол үшін мұғалім әр сабағын
психологиялық жағынан тартымды етіп құру үшін төмендегі қағидаларды ұстануы
керек:
1. Сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай болу. Атап айтқанда, бұл
мынадай мәселелер: мұғалім мен оқушылардың сабақ
кезіндегі қарым -қатынасы, мұғалімнің өзін-өзі ұстау мәнері, оның өрелі
өнегесі, сөйлеу мәдениеті, оқушыларға қатал талап қоюмен бірге сыйлау да
білуі.
2. Сабақтың тақырыбының нақтылығы, түсініктілігі, оны мұғалімнің түсіндіру
шеберлігі.
3. Мұғалімнің білім деңгейінің тереңдігіне оқушылардың сенімі.
4. Оқушылардың мұғалімге деген жақсы көзқарасы, мұғалімнің оқушылар
алдындағы абыройы.
5. Мұғалімнің сабақ кезінде оқушылардың зейінін билеп өзіне, сабаққа
аудара білуі, оқушы зейінінің жан-жаққа ауытқуына мүмкіндік бермеуі.
6. Мұғалімнің сабақта оқушыларды іске ұйымдастыру қабілеті, оқушылардың
бәрінің іспен шұғылдануын қамтамасыз етуі.
Бүгінгі таңдағы білім беруде оқушыға тек қана білім, білік дағдыларын
ғана қалыптастырып қоймай, оқытудың психологиялық негіздерін де ескеру,
яғни қызығушылығын арттыру, өз білімін әр кез кеңейту, қажеттілігін
сезінуге жетелеу, ойлау, қиял қабілеттерін дамыту, танымды және рухани
қабілеттірін қанағаттандыру, әлеуметтік және коммуникативтік қабілеттерін
дамыту, өз бетінше білім алу дағдысын дамыту және т.б. көзделгені
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында да айқын белгіленген. Онда: “Әр бір баланың
интеллектуалдық дамуы, психикалық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып,
халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жеткізуі...”
Сондықтан да, психологиялық процестердің ішіндегі ең маңызды, құнды,
баланы дамытудағы ең қолайлы, ұтымды түрлерінің бірі-қиял. Себебі, қиял-
адам өмірінің ең негізгі жақтарының бірі. Бір сәтке елестетіп көрсек: Не
болушы еді, егер адам қиялдамаса, армандамаса? Онда азамат бірден түгел
ғылыми жаңалықтардан, өнер туындыларынан хабардар болушы еді. Балаларымыз
ертегі тыңдамай, көп ойындарын ойнамай өсуші еді. Ал мектеп бағдарламасын
қалай ұғынушы еді? Бір сөзбен айтқанда, қиялсыз азаматтың даму процесі
кенже. Қиял адамның ең жоғарғы және қажетті қабілеттердің бірі болып
саналады. Және қиял жалаң түрде емес, басқа да психикалық процестермен
тығыз байланыста келіп, бала өмірінде үлкен рөл атқарады. Яғни, қиял
дегеніміз не, оның бала психологиясындағы рөлі қандай деген сынды
сұрақтарға әрі қарай жауап беруге тырысайық.

Бөлім І
1.1. Психологияның таным процестерінің бірі – қиял

Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды
ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тікелей қабылданбаған,
мысалы, тарих тұңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көріп
білмеген, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар енуі
мүмкін.Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан
шығып, шексіздік әлеміне есік ашады. Адам тәжірибесін түрлендіруші және
өзгеріске келтіруші тосын бейнелер қиялдың негізгі сипатын құрайды.
Әдетте, күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мәні ғылымдағы осы
сөздермен берілетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста біз шындығына сай
келмейтін, практикалық мағынаға ие болмағанның бәрін қиял не фантазия деп
атай саламыз. Ал, шынында, қиял армандай шығармашыльқ іс-әрекеттің негізі
ретінде көркем-өнер, ғылыми және техникалық ой туындарына арқау болумен
мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Бұл тұрғыдан табиғаттың
бергенінен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемінің бәрі дерлік
қиял мен осы қиялға негізделген шығармашылықтың жемісі.
"Әрқандай бейне, мейлі ірі, мейлі кіші болсын, нақты қалыпқа келіп,
орнықты шындыққа айналудан алдын ойда түзілген жаңа байланыстар мен
қатынастар негізінде жасалған қиял түрінде іске асады" (Рибо). Алайда, қиял
қандай түрде көрініс бермесін, (жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял) өздік
ерекшелігін жоймайды әрі тек өзіне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял
бейнелерінің естегі суреттемелерден негізгі айырмашылығы -олардың нақты
болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бейнелері өткен тәжірибенін
кайта жаңғыруы, сондықтан да естің негізгі қызметі өткен тәжірибе
нәтижелерін мүмкіндігінше өзгермеген формада сақтау, ал қиял процесінде қай
бейне.
Сонымен бірге, қиял арқасында адам өз ісін бастамай тұрып-ақ, болашақ
еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжастыра алады. "Еңбек процесінің аяғында
алынатын нәтиже осы процесс бастауында адам ойымен идеалды түрде жасалады"
(К. Маркс). Қиял жәрдемімен болашақ нәтижені күтудің өзі адам еңбегінің
жануарлар тума қылығынан түпкілікті өзгешелігін танытады. Қиялдың алдағы іс-
әрекеті өнімін болжастыруға мүмкіндік ашуы адамның еңбекке деген
құлшынысына, мақсатқа жетудегі ынта-жігеріне қосымша қуат қосады.
Кейде фантазия кері ықпал да жасауы мүмкін. Алдағы күтілген жағымсыз
жағдайлар немесе қауіп-қатер мен бақытсыздықтар адамды күшті күйзеліске тап
қылып, оны нақты оқиғаға сай келмейтін, шектен тыс, орынсыз қимыл -
әрекетке келтіреді. Мұның дәлелі кенеттен болған өрт кезінде кей адамдар
көрініп тұрған көмекті шыдаммен күтудің орнына көп қабат үйлердің жоғарғы
қабаттарынан өзін тастап, мерт болғаны. Қиялдың зияны халықта "Қорыққанға
қос көрінеді" мәтелінде дәл айтылған. Қиялдың бүгінгі өмірден арқан бойы
алда болып, болашақта күтілген кей оқиғаларды күні бұрын танытуы қиял мен
ойлаудың арасында тығыз байланыстың барын білдіреді. Ойлау сияқты қиял да
проблемалық жағдайда, жеке адам қажетсінуінсіз, қоғамдық сананың даму
деңгейіне сай туындайды. Мысалы, егер ежелгі дүние адамдары арасында
жаратылыстың пайда болуын түсіндіру қажетінен діни бейнелер келіп шықса,
бүгінгі күнде бұл үшін космостық келгенділердің фантастикалық көріністері
қолданылады.
Бірақ қиял дүниені жалпылай және жанама танытатын, ұғымдық мазмұнды
негіз еткен ойлаудан ерекшеленеді, себебі ол жарқын елестер түрінде
көрініп, нақты бейнелі формада жасалады. Қиялда түзілетін нақты, дәл
бейнелерде көбіне заттық болмыстан алшақ теориялық ойлар ашылып отырады.
Әрбір қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегінде өз ойын басқаларға
дерексізденген ұғымдармен емес, нақ бейнелермен түсіндіруге тырысады. Мұның
дәлелі мысал, ертегі, мақал-мәтелдер, әрқандай көркемөнер туындысында біз
көрнекі бейнемен ашылатын негізгі ой, идеяны іздестіретініміз табиғи нәрсе.
Қиялға тән және бір ерекшелігі оның бастау деректері толық әрі дәл
талдауға келмейтін, мазмұны өте күмілжі жағдайларды болжастыруда
қолданылуы. Мұндай да белгілі деректерде қатаң заңдылықтарға негізделетін
ойлауды қолдану киын. Бұл тұрғыдан, қиял ойлаудың қандай да бір "орынбасар"
формасы ретінде қызмет атқарады.
Ой мен қиялдың арасындағы тығыз байланысты атай отырып,
К.Д. Ушинский: "Мықты, кемелденген қиял -ақылдылықтың нышаны", - деген.
Сонымен, қиял - алда күтілген проблемдік жағдайлар анық болмаған
кездерде оқиғаның соңғы нәтижесін күні бұрын болжастырумен қандай да әрекет
бағдарламасын түзуге жәрдемдесетін психикалық процесс.
Барлық психикалық процестер секілді қиял да үлкен ми сыңарлары
қабығының өнімі. Қиял бейнелері оң және сол ми сыңарының жұмысына
байланысты пайда болады. Оң ми сыңары дүние көріністерін қарапайым түрге
келтіріп, олардың біртұтастығы мен үйлесімділігінен, композициялық
бірлестігінен хабар береді, осыдан адамда әрқилы бейнелер негізіңде
эстетикалық сезімдер өрістейді. Ал сол тараптағы ми сыңары келіп түскен
ақпараттарды реттеп, оларды сөзбен өрнектеу қызметін атқарады, осыдан бейне
мен ой ажырамас бірлікте екенін байқаймыз. "Ақылдан ажыраған фантазия
құбыжық тудырады, ақылды арқау еткен фантазия - өнер атасы, ғажайыптар
бұлағы" (Ф. Гойя).
Қиялдың физиологиялық негізі жүйке байланыстарының іске қосылуы,
бұзылуы, қайта түзілуі мен жаңа жүйелерге бірігуі. Осының арқасында бұрынғы
тәжірибеден өзгеше, бірақ одан мүлде ажырап кетпеген, жаңа бейнелер келіп
шығады. Қиялдың сонша күрделі болуы, алдын ала оның мазмұндық сипатын
болжастырудың қиындығы, қиялдың көңіл-күймен (эмоция) байланыстылығы қиял
жасаушы тетіктердің тек ми қабығында ғана емес, мидың терең, тар
бөліктерінде жайғасатынын пайымдатады.
Сонымен бірге, мида пайда болған бейнелер шеткі (перифериялық)
процестердің қызметтерін өзгертумен, оларға реттеу ықпалын жасайды. Бұл
тұрғыдан барша психикалық процестердің арасында қиял денедегі органикалық
процестермен аса тығыз
байланысқан әрі оларды әсерлі езгерістерге келтіріп отырады. Қапелімде
қиялына бірдеңе түсе кетіп, адамның өзінен өзі шошынып, терге малынып,
қызарып-бозарып, дірілдей қалатының байқаған боларсыз. Осындай қиялдың
әсерінен кей кездері адам өзін сырқатқа да ұрындырады. Тіпті, дәрігерлік
институттардың төменгі сынып студенттері оқылып жатқан дәрістердің әсерінен
қиялға еніп, өздерінде болмаған аурулардың белгілерін іздеп, әлек болады.
Мұндай өзін-өзі қияли сендірудің (самовнушение) ақыбетінен адам қатерлі
жағдайға душар болуы мүмкін. Мажар психиатры Иштван Гарди осының дәлелі
ретінде мынадай болған оқиғаны келтіреді: суытқыштар зауытының жұмыскері
рефражератор машынның қорабында қапаста қалады. Оның ойынша, суытқыш жүйе
іске қосылған болады. Күн өте, таңертең оны денесінің асқына суынуынан
өлген күйі тауып алып, болған жағдайдың себептерін тексергенде,
рефражератор суытқыш жүйеге қосылмағанын, ол өлім суықтан емес, суытқыш
ішінде адамның тоңып өлетінін қиялдап, соны күтуден болғаны анықталған.
Кейде психологиялық ауытқудан сырқатқа дұрыс қабылдамаудан да болады.
Ойланбай айтып салған дәрігердің бір ауыз сөзі шипа іздеп алдына келген
адамда ауыр сыркат күмәнін туғызған жағдайлар болған. Осы күмәннің
кесірінен кешегі сап-сау адамда сырқат белгілері қозып, ятрогендік деп
аталатын науқас өршіп кеткен.
Осындай психикалық зақымдану кейбір ойсыз, педагогикалық мәдениеті кем
мұғалімдердің оқушыға айтылған ескертулерінен де туындайды. Осының
салдарынан жас шәкіртте дидактогендік ауру мендейді, яғни бала мұғалімді
көруден қорқып, қалтырай бастайды, тақтаға шықса күмілжіп, сөйлей алмайды,
оқу жұмысын орындау қабілетінен айрылады.
Сонымен бірге, қиял бейнелерін орынды, дұрыс қолдану арқылы адам
денесінде жүріп жатқан табиғи процестерді басқарып, дамытуға да болады.
Шынында да, әжеңіздің дайындаған майлы құртының қышқыл
дәмін қиялдап, есіңізге алып көріңізші, сол бойда тап сол құрт аузыңызға
түскендей, сілекейіңіз шұбырып береді. Қызығы, сол сілекейді өзіңізге
өзіңіз бұйырып, ағыза алмайсыз.
Қиял күшін арқау еткен француз аптекарі Эмиль Куэ "Саналы сендіру
арқылы өзін өзі басқару мектебі" деп аталған жаңа емдеу әдісін ашқан.
Сырқат адам өзіне қолайлы жағдайда жайғасып (жатып не отырған күйі), өзін
ешқандай сырқаты жоқтай сезініп, 20-30 мәрте өзін өзі сендірудің келесідей
формуласын қайталайды: "Мен тәуір боламын, мен тәуірмін... . Сырқат
бәсендеді. Сырқат кетті...". Бірнеше минутқа созылған осындай сеанстар
күніне 3-4 рет , әсіресе ұйқыға кетер алдындағы сабырға түсіп, босаңсыған
күйде орындалады. Осы күндегі аутогендік емдеу әдісі осы Эмиль Куэ
жаңалығына негізделген.
Адам өзінің ішкі дене мүшелерінің қалпын елестетумен қатар, қиял
арқылы өз дене мүшелерінің қимылын да (қол, аяқ, асқазан, жүрек соғысы және
т.б.) қажетті жағдайға келтіре алады. Зерттеулер барысында осындай қиял
басқарымындағы бұлшық еттерде нақты әрекеттер жасалып жатқандағыдай
импульстер пайда болатыны дәлелденген. Қиял негізінде бұлшық еттерде
туындайтын мұндай әрекеттерді ғылымда идеомоторлық деп атау қабылданған.
Қиял қызметі әрқилы деңгейде көрінуі мүмкін. Оның көп түрлі болуының
басты себебі ең алдымен әр адамның өз қиялын басқаруға деген саналы
бағытынан. Әрекет дәрежесіне орай қиял енжар тұрмысқа аспайтын, қажетсіз не
болуы мүмкін емес бейнелер қалыптасады. Қиял мұндайда адамды толық баурап,
шын әрекет қажеттігінен ажыратады. Бұған мысал ретінде жатып алып, бос
қиялмен нөтиже бермес арманға шомған Н. Гогольдың "Өлі жандар" повестіндегі
Манилов бейнесін келтіруге болады, Ш. Айтматовтың "Ақырет" романындағы
Авдий Каллистратов та осындай кейіпкерге меңзес.
Енжар қиял ниеттелген не ниетсіз болуы мүмкін. Ниеттелген енжар
қиял ерік күшімен байланыспаған бейнелер пайда етеді. Мұндай бейнелер өлі
болары не болмасы белгісіз армандаудан келіп шығады, ол жеке адамның
қажетсінуіне байланысты. Мысалы, жарысқа түсетін спортшы, емтиханға бара
жатқан студент не армандайтыны айтпаса да белгілі. Әлбетте, бірі жеңіс
тұғырына көтерілгенін, екіншісі “5" алғанын елестетеді.
Енжар қиялдауда адам, әдетте, тек өзіне жағымды, ұнамды арманға
түседі. Ал егер мұндай арманшылдық өнімді іс-әрекетпен ұштаспай, адамның
психикалық өмірінде басымдау келсе, онда тұлға дамуының қандай да кесапатқа
ұшырағаны.
Ниетсіз енжар қиял сана қызметінің босаңсып, не зақымдануынан,
мүлгіген хәлде, ұйқыда және т.б. жағдайларда белгі береді. Ниетсіз қиялдың
аса жарқын керінісі галлюцинациялық кейіпте, адамның жоқ затты бар етіп,
одан шошынып, не қорқып, күйзеліске түскенінен байқауға болады.
Енжар қиялға қарағанда белсенді қиял жасампаз және шығармашыл келеді.
Жасампаз қиял негізінде алдын ала берілген көрсетпелерді басшылықта
ұстаумен қандай да бейнелерді түзу жатады. Бұл қиял түрі қалаған оқу
жұмысының тірегі ретінде көркем әдебиет оқығанда, географиялык, не тарихи
карталармен танысқанда, сызылмалар мен іс жобаларын (проект) оқығанда ете
қажет. Жасампаз қиял бейнелерін жазба не заттық құжаттар күйінде берілген
басқа адамдар сөзінен тұрғызуға болады.Қайта жасау барысында адам таңбалық
жүйедегі (сөз, сан, сызылма, нота және т.б.) іздерді өзіңде бұрыннан
қорытылған білімдерімен толықтырып отырады. Қандай да бейне, кейіпкерді
жасауда автордың көркемдік шеберлігі, образ құрастырудағы әдістері мен
тәсіл байлығы үлкен роль ойнайды.
Сондай-ақ, жасампаздық қиял бейнелерін тұрғызуда адамның көңіл күй
жағдайын да ескермеске болмайды. Күшті эмоционалдық кейіп жасампаздыққа
кедергі ықпалын тигізеді. Мұндайда адам ойы
шашыраңқылыққа түсіп, өзінің не оқып отырғанын түсінбей, мәнін, мазмұнын
қабылдамайтын қалыпқа енеді. Сырқаттан, наша не ішімдік әсерінен болған
психикалық ауытқулар да бастапқы мазмұнға сай келмейтін бейнелердің тууына
себепші болады.
Шығармашылық қиял жаңа, қайталанбас бейнелер мен идеялардың қайнар
көзі. Мұндағы жаңалық түсінігі екіталай мәнге ие: объективті жаңалык, және
субъективті жаңалық. Объективті жаңа бейне - бұл заттық не идея күйінде
дүниеде бұрын сонды болмаған бейне; ал субъектив жаңа бейне - әрбір жеке
адамның оқу, тәрбие, күнделікті тұрмыс жағдайында өз басы үшін ашатын
жаңалығы. Қажеттіктерді қанағаттандыру жолында көрнекі елес туындыларын
белсенді, мақсат бағдарлы пайдалану шығармашыл қиялдың негізгі қасиеті.
Л.С. Рубинштейннің пікіріне зер салсақ, шығармашылык, қиялдың қуаты мен
деңгейі келесі екі белгімен анықталады:
1) қиял туындысы мәндік және мағыналық шарттардан асып кетпеуі лазым;
2) қиял өзіне негіз болған деректерден жаңалығы және қайталанбастығы
мен ерекшеленуі тиіс.
Осы екі талапқа сай келмеген қай қиял да фантастика, бірақ
практикалық жағынан пайдасыз.
Қиял маңызы орасан. Ол тек жазушыларға кейіпкерлер бейнесін
жасауға не суретшіге болашақ картинасының сюжетін іздестіруге қажеттігімен
ғана шектелмейді. Фантазиясы болмаған ғалым құбылыс себептері жөнінде
болжам (гипотеза) жасай алмайды; мұғалім дәріс барысын, шәкірттердің оқуға
деген қатынасын күні бұрын қиялын талдамай, сабақ дайындай алмайды. Жалпы
оқу процесінің өзі қиялсыз шектеулі қғана игеріледі. П.И. Чайковский:
“Ғылыми жаналықтарды ашуда келесі мәселелерді шешуде адам өзінің бар рухани
көздеген мақсатының төңірегіне шоғырландырады. Тек осындай жағдайда ғана
адамда шабыт пайда болады. Шабыт тек іздеген адамға ғана кезігетін қонақ”
десе ғұлама ғалым А.А. Богомолец: “Ол шығармашылықтың нақты құралы,
сүйіспеншіліктің дәнекері ұзақ өмірдің арқауы дейді.
Шығармашыл қиялдың ерекше сипаты: түзіліп жатқан бейне нысаны (объект)
болмыс дүниеде әлі жоқ, ол енді ғана ғайыптан пайда болған сияқты. Осындай
жаңа бейненің жасалуы тек жеке адамға керектілігінен ғана емес, сонымен
бірге қоғам мүддесіне, сол қоғамның даму деңгейіне тәуелді келеді.
Шығармашыл қиялсыз өнер салаларындағы, ғылым мен техникадағы жаңалықтардың
болуы мүмкін емес. Шығармашыл қиял өнімі бірдейіне заттасқан күйде бола
бермейді, бірақ сол зат бейнесі оның сол уақыт не дәуірде практикалық іске
аспауынан саналық (идеалдық) қалыпта сақталады.
Жасампаздық және шығармашыл қиялдар арасындағы айырмашылықты
салыстырмалы сипатта деп түсінген жөн. Жасампаз қиялда да шығармашыл
қиялдағыдай нысан бейнелері жасалып, жаңаланады. Шынында да, жаңа сана
өнімін бермейтін, шығармашылықпен ұштаспаған қиял болмайды. Әр адам - өз
Қамар сұлуын, Әйгерімін, Төлегені мен Бекежанын бейнелейді, яғни өмірден
көрген, білгендеріне өз сана сезімінің, тұрмыс тәжірибісінің, дүниетанымы
мен көзқарасы деңгейінен баға беріп, өзінше бейне түзеді. Автордың жасаған
кейіпкері мен түзген бейнесі қалың оқырман не
көрермен қауымның бәріне бірдей ұнай бермейтіні осыдан. Әр жеке тұлға қиялы
жасаған бейнелердің өзара ұқсас болу ықтималдығы өте кем.
С.Л.Рубинштейн қиялды нақты және абстрактгы түрге бөлуді ұсынады. Қиялға
түсетін бейнелер әртүрлі болатыны сөзсіз: бірде ол бейне жалқы,
заттасқанқан, қосалқы бөлектерімен күрделенген, сонымен бірге бейне
жалпыланған (типтескен), қорытынды схема және барша жағдайда қолданылатын
символ кейпінде берілуі мүмкін. Бір бірінен жалқы мен жалпы мәні
ерекшеленген көп санды және сатылы көрнекі бейнелер жүйесінің болуы да
ықтимал, осыдан қиялдың нақты, нақтылау, жалпы, әбден дерексізденген
(абстракт) түрлері келіп шығады.
Сонымен бірге, нақты қиял бейнелері қызмет көрінісіне орай
бөлектенеді. Осыдан, көз елестері (қыр жауқазыны, Абай келбеті, арғымак,
және т.б.); есіту елестер (бұлбұл әуені, "Адай" күйі, сарқырама сарыны және
т.б.); дене сезімдері (суық самал, жаңбыр тамшылары, қыспақта қалған бармақ
жөне т.б.); иіс сезімдері (жусан иісі, бензин, жаңа орылған шөп және т.б.);
дәм сезімдері (қазы, тіл үйірген қауын, ашыған сүт жөне т.б.); қозғалыс
елестері (алтыбақан тербелісі, шыр айналған вальс, гимнастика жаттығулары
жөне т.б.); туындайды. Өнермен шығармасындағы бейне сан құбылмалы болса,
оны қабылдау да толыққанды, әсерлі келеді. Кемеңгер Абай қаламынан туған
келесі өлең қатарларын оқып отырып тек көз елесіне емес, аң мен құстың
жанталас дауыстарына да қияли қанық боласыз:
"Біреуі көк, біреуі - жер тағысы
Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға."
Қиялдың ерекше түрі - арман. Армандау - өзімізге ұнаған болашақ
бейнелерді қиял ету, әзірге қол жетпес, бірак, келешекте орындалса деген
адамның өмірлік мүддесін қанағаттандыруға қажет зат не әрекет. Арман - адам
үшін өзінің шығармашыл күш-қуатын жүзеге асыруға бағыт
беретін жұлдыз сипатты. Арманды сөз еткенде оның іске асатыны не аспайтынын
ескерген жөн. Болар арман сол арманға жету әрекетінен ажыралмайды, оның
мақсаты анық мазмұны мен орындау жолдары қиялдаушыға толық түсінімді. Ал
болымсыз арманның мазмұны анық болғанымен, іске асу жолдары белгісіз. Көп
жағдайда мұндай арман қиял бейнелері дәрежесінен аспай, адамды әрекетке
ынталандырмайды.
Болымды арман әрдайым белсенді келеді, боларына сенген адам дегеніне
жетпей, тыным таппайды. Адам еңбегінен туындаған қалаған зат (қағаз, қалам,
машина және т.б.) көптеген ұрпақтар арманының жемісі емес пе? Дүние-
мүліктердің жасалу тарихы неғұрлым ұзаған сайын, олар сан мәрте және сан
қилы өзгерістерге келіп, талай әулеттің арманын туғызады. Қай жаңа зат
болмасын, алғашқыда өнердің ұшпағы болып көрінгенімен, келекеле қолданып,
пайдалану барысында оның түзетілуі қажет ақауы мен олқылығы байқалады да
адам көрінген кемшіліктерден азат жаңа, жетілдірілген затты армандайды. Ал,
шынына келсек, арман жүйрік, оған жету мүмкін емес, жеткен күнде даму
тоқтайды. Орындалған арман жаңа қажеттілік туындатады, тың қажеттілік және
бір, енді жоғарылау деңгейдегі арманға себепші болады.
Шығармашылық іс-әрекетте қиялдың маңызы орасан зор. Шығармашылық жеке
адамның барша тұлғалық қасиеттерімен етене қабысып, олардың қандай да бір
тарапымен шектелмейді. Жасампаздықтың психологиялық сипаты оны барша өмір
саласында: жаңалық табуда, ғылым мен әдебиетте, көркем өнерде - көрінеді.
Шығармашылық процестегі қиял шарықтауы адамның біліміне, қа-білетіне
тәуелді келіп, мақсаттары мен көңіл-күйіне байланысты болады. Іс-әрекеттің
қалаған түріндегі шығармашыл қиялдың маңыздылығы жоқтан барды шығару емес,
әңгіме қарапайым, еленбес бөлшектерден құралған дүниені өзгертіп,
жаңалауда. Көп жыл патенттік бюрода істеп, кейін ұлы ғалым болған А.
Эйнштейн: "Ойлап табушы бұл бұрыннан белгілі жабдықтардан жаңа құрылым
түзуші адам деген екен. Сонымен
бірге, осы ғалымның "Тіл білмей, өлең жаза алмағандай, білімсіз ешнәрсе
ойлап табу мүмкін емес" қанатты сөзінен шығармашыл қиялдың негізінде
жататынын ұғуға болады.
Шығармашыл қиял әдістері көп уақыттар ғылымда шығармашылық процесті
заңдастырып, оны үйретіп болмайды деген тұжырым сақталып келді. Осыны
қуаттаушы француз психологы Г. Рим кезінде: "Мың сан пікір айтылып жүрген
"ойлап табу әдістеріңіз" бос әңгіме, ал бола қалған күйде жаңа ой
табушыларды қарапайым механиктер мен сағат жөндушілер дайындағандай,
топтап, қолдан жасап алар едік" - деп кесіп айтқан. Алайда, мұндай көзқарас
уақыт өте шайқала бастады. Шығармашылық іс кездейсоқ жаңалықтар ашудан
саналы ойлап табу жолына түсті, жаңа міндеттерді шешу жоспарлы қалыпқа
келді. Ағылшын ғалымы Т.Уоллес шығармашылық еңбектің 4 кезеңін бөліп,
ұсынады:
І. Дайындық - идеяның пайда болуы;
2. 0й жетілуі - қойылған проблемаға орай білімдердің жинақталуы,
жетіспеген деректерді іздеу, топтау;
3. Аян болу (озарение) - діттелген нәтижені сезіммен (интуитив) қауып
түсу;
4. Тексеру.
Г.С. Альтшулер шығармашылық еңбектің біртұтас теориясын нақтылап, бұл
процестің 5 деңгейін айырады:
І. Нақты нысанға байланысты бір сұрақ төңірегіндегі, мәселені шешу;
2. Сұрақ бір мәселе төңірегінде, бірақ нысан өзгерткен, шешімі көп
вариантты;
З. Нысан күрделі өзгеріске түседі, осыған байланысты дұрыс шешім
жүздеген қателіктердің арасынан табылуы қажет, қосымша білімдерді қажет
етеді.
4. Нысан түгелдей өзгереді. Проблема шешімі терең ғылымдық
дайындықты талап етеді, әрі сирек кездесетін құбылыстар арасынан
іздестіріледі;
5. Нысанды қамтыған бүкіл жүйе өзгеріске түседі.
Шешім іздеу барысындағы тәуекел мен қателіктер саны шексіз. Мәселені
шешу жолдары бүгінгі ғылым аймағынан тыс болуы мүмкін. Сондықтан, бүгінгі
қол жеткен білімдер негізінде жаңалықтар аша отырып, қойылған мәселеге
жақыңдай түсу қажет.
Шығармашылық мәселелердің шешімін табудың ең маңызды тәсілдерінің бірі
– мәселе қандай күрделі қиындықта болмасын, оны қарапайым түрге келтіру,
яғни 4,5 деңгейдегі проблемаларды арнайы әдістермен 1,2 деңгейге түсіру
керек. Ең бастысы, іздену аймағын мүмкін болғанша қорыта отырып, "қиын"
мәселенің "оңай" жолын жылдам таба білу.
Сонымен, бейнелердің үстірт көзге оңай, еркін, пайда болатындай
көрінгенімен, болмысты қияли өзгеріске келтіру өз заңдарына бағынып,
белгілі әдістер мен тәсілдерге орай жүзеге асады. Жаңа елестер талдау
(анализ) оны біріктіру әрекеттерінің арқасында пайда болады. Қиял
әрекеттері, ақырында, бастапқы елестердің ойда бөлшектеніп (анализ), кейін
олардың жаңа тізбектерге өтуінен (синтез) құралады, яғни аналитик
синтетикалық сипаты алады.
Қиялдың аналитик-синтетикалық сипаты агглютитативті (грек тілінен
жабыстыру) тәсілінде анық көрінеді. Апликация дегеніміз бірнеше заттардың
жеке элементтері бөлектерінің бір бейнеде қосылуы. Мысалы қазақ
ертегілеріндегі су пері, жалғыз көзді дәу, жезтырнақ - адам беинесі мен аң,
құс мүшелерінің қиялдың бірігуінен жасалған бейнелер. Агглютинация
техникалық жаңалықтар табуда кеңінен қолданылады. Осы тәсілдің арқасында
жасалған техника көліктері көп-ақ: троллейбус, трамвай, аэромашина,
аэросамолет, танк-амфибия және т.б.
Бейне жасау талдау процесінде қолданылатын және бір әдіс - бұл
акценттеу, яғни түзіліп жатқан бейнедегі қандай да бір элементтің қалыптан
тыс кейпімен көзге түсуі осы әдіспен нақты бейненің мәнді де маңызды қыры
баса көрсетіліп, ол басқа бөліктерінен ажыралып тұрады. Көбіне әзіл-сықақ
(карикатура) суреткерлер жиі қолданады: нұсқаның бір белгілерін шындыққа
лайық сақтай отырып, басқа белгілерін қиялды идеяға ұштастырып, өзгеріске
ендіреді, мысалы, баспа сөз адамның бейнесі мубалған тілімен көзге түссе,
ашқарақ мес қарнымен танылады.
Егер акценттеу айырым элементтерге емес, бүкіл нысанға тұтастай
қолданылатын болса, онда ол екі әдісте жалғасын табады: болмыстағы нақ
объектке қарағанда керемет ұлғайтылып (гипербола) не кішірейтіліп (литота)
беріледі. Бұл тәсілдер көбіне халық ертегілерінде, дастан, жырларда
көрінген жауды жеңетін алып денелі, тасқыш күшті, "бойымен бұлтты тіреген"
ғажайып бейнелерді жасау үшін қолданылады: Алпамыс, Ер Төстік, Шора батыр
т.б.
Қиял елестерін жасау біріктіру (синтетикалық) жолымен де іске асады.
Фантастикалық бейнеге негіз болған елестер бірігіп, айырмашылықтары
көмескіленіп, ұқсас; тараптары алға тартылатын болса, онда схематизация
әдісінің қолданылғаны. Бұның мысалы ретінде қоршаган орта бедерлеріне ұқсас
жасалған ұлттық оюлар мен өрнектерді келтіруге болады. Осы ою-өрнектерді
саралай ; отырып, заты қазақ қолындағы бұйымның қайсысы адайдікі, ұлы
жүздікі не орта жүздікі екенін айырып бере алады. Ал енді, осы заттардың
айырмашылығы неде екенін сұрасаңыз, жауабын таба алмай қиналады, себебі ою-
өрнек бейнелері әр қазақтың қиял санасында жалпыланған схема күйінде орын
алған.
Адам қиялы бұрын көріп, білмеген заттар мен құбылыстарды өрнектеуге
шебер. Дегенмен, сол ғажайып, әлемде жоқ нерселердің бейнесі өзіміз
күнделікті көріп, танып жүрген заттарымыздың құрылым элементтерінің
қосындысынан жасалады. Қандай да жаңалықты (машина не үй) адам алдымен
бұрыннан таныс, өзі пайдаланып жүрген бөлшектер мен материалдардан өз
ойында құрайды. Сондьқтан адамның білімі неғұрлым мол, өмір тәжірибесі
ауқымды, өзі зерделі және сезімтал келсе, оның қиялы ғажайып әрі қызық
бейнелер жасауға бейім келеді.

1.2. Қиял бейнелерінің жасалу жолдары

Қиял түрлі елестеулердің өзгеріп, өнделуінің арқасында жасалып
отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агллютинация, схематизация түрлі
схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін
жасау) тәсілдері жиі қолданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың
қарапайым түрі агллютинация
деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс,
жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия
— танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана, суға қонып, ұша алатын
самолет) құрастырылады.
Агглютинация әдісі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ, солтүстік Америка
индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған. Қиял бейнелерін
жасауға қатысатын әдістердің бірі — гипербола. Гипербола деп нәрсенің жеке
сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады.Сөйткенде образ ашық,
мәнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір бейнелердің алға шығып айқын
байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелерді жасауда
гипербола көп қолданылады. Мәселен, Д. Свифтің Гуливердің саяхатындағы
ергежейлілердің, В. Маяковскийдің “150000000” поэмасындағы капиталистердің
көсемі В. Вильсонның бейнелері гипербола әдісімен жасалған. Мұнда, сондай-
ақ, тұтас заттың жеке бөліктерінің саны өзгертіледі, олардың орны
ауыстырылады. Мәселен, үнді мифологиясындағы көп қолды құдайлар мен жеті
басты айдаһардың бейнелері осылайша құрастырылған. Қиял бейнелерін жасаудың
енді бір әдісі нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей көрсету. Карикатуралар мен
достық әзілдер осылайша жасалынады. Егер заттардың айырмашылықтарын
ескермей, оның ұқсастықтарына көбірек көңіл бөлінетін болса, схематизация
әдісі қолданылады. Сурет өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою қиыстыруы
осыған мысал бола алады.
Қиял образдарының күрделі түрі —типтік образдар жасау. Типтік образдар
жасауда бірінші орында нақты адамның ортақ бейнелері көзге түседі: Бір
жұмысшының, поптың, дүкенші саудагердің портретін дұрыс суреттеп жазу үш
жүз, екі жүз шамалы поп, жұмысшы, саудагерлерді қадағалап қарауымыз
керек,— дейді М. Горький. Типтік образдар жасау дегеніміз тұтас бірқатар
объектілердің барлығына бірдей, ортақ белгілері бар бір образ жасап,
жанастыру. Жазушының осылайша жасаған типтік образы бір жағынан жеке
адамның даралық ерекшеліктерін білдіретін образ болып та есептелінеді.
Мәселен, Абай романындағы Құнанбай образы сол кездегі үстем тап
өкілдерінің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар, ол өзіндік қасиеттері
бар жеке адамның да образы. Осы әдістер арқылы айтарлықтай маңызды
творчестволық қиял образдарын үнемі туғызу қиын. Мәселен, агглютинацияда
жеке фактілерді зерттеу, жинақтау, мәселелердің түпкі ниетін көздеу
дегендер жетіспей жатады. Сондықтан да творчестволык, қиялдың жоғары
формаларында ғылыми-техникалық көркем әдебиет т. б. онша көп қолданылмайды.
Творчестволық әрекетте адамдар көбінесе интуицияға жүгініп отырады.
Әр адамның қиялы әр түрлі болады, бірінің қиялы біріне ұқсамайды. Бір
адамдардың қиялы бай, шындықпен орайласып жататын болса, екінші біреулердің
қиялы жөнді жетілмеген, пәрменсіз, тар көлемді болады. Шындыққа сай, дәл,
дұрыс образдар жасай алатын адамдардың қиялы мазмұнды келеді. Шындықка сай
дұрыс қиялдай білетін адамдарда өмірдің түрлі салаларынан алынған білім
қоры, тәжірибесі, белгілі көзқарасы, соның негізінде қалыптасқан айқын
сенімі болады. Американың аса көрнекті ғалымы Эдисон қиялы аса күшті
дамыған адам болған. Бір машинаны үш түрлі жолмен ғана жасап шығаруға
болады деген ұйғарымға келіспей, Эдисон машинаны 48 түрлі
етіп жасауды ұсынған. Бұған керісінше жаңа, соны нәрселерді іздеу, белгісіз
нәрсені ашу, ұмтылу орнына шындықтағы нәрселердің өзінің өңін айналдырып,
босқа лағып отыратын адамдар да болады. Осындай адамдардың бейнесін Н. В.
Гоголь Ескілікті помещиктер дейтін повесінде өте жақсы көрсеткен. Кейде
егер күн ашық болып, бөлмелердің іші жылы болса, Афанасий Иванович
көңілденіп бір нәрсе туралы сөйлескенді тәуір көретін.
— Ал, Пульхерия Ивановна, егер осы үйіміз өртеніп кетсе, қайда барар
едік?
— Астапыралла, құдай сақтасын!— дейтін Пульхерия Ивановна шоқынып
жатып.
— Иә, мысалы, үйіміз өртеніп кеткен екен дейік, сонда біз қайда көшер
едік?
— Не деп отырғаныңызды бір құдайдың өзі білсін, Афанасий Иванович!
Қалайша үй өртеніп кетеді, тәңірім ондайдан өзі сақтайды.
— Жоқ, зәуде өртеніп қалса деймін.
-Онда ас үйге шыға тұрамыз да. Сіз уақытша кілтші тұрған бөлмеге кіре
тұрар едіңіз.
— Егер ас үй өртеніп кетсе ше?
— Кенеттен әрі үлкен үйіміз де, әрі ас үйіміз де бірдей өртеніп кетеді
деген не сұмдық, ондай жамандықтан құдайдың өзі сақтасын! Е, онда жаңа үй
салынып біткенше, кілетке шыға тұрамыздағы.
— Кілет те өртеніп кетсе қайтеміз?
— Не деп отырғаныңызды бір құдайдың өзі білсін! Мен сізді тыңдағым да
келмейді. Былай деу күнәкарлық, мұндай сөздер үшін құдай жазасыз қоймайды.
Ал, Афанасий Иванович Пульхерия Ивановнаны әзілдеп қорқытқанына мәз
болып өзінің орындығында жымиып күліп
отыратын.
Адамдар бір-бірінен қиялының пәрменділігімен де ажыратылады.
Мәселен, біреулер мәселені шешуге кіріскенде соның төңірегіне бар ақыл-ойын
жұмылдырады, әр сөзін ой таразысына салып, терең ойға шомады. Ол адамдар
мәселенің түп қазығын, тарихын іздестіреді, сол мәселе жөнінде басқалармен
кеңеседі, тәжірибе жасайды, материал жинастырады, осындай адам бір шығарма
жазатын болса, өз кейіпкерлерімен іштей араласып кете алады, олар қуанса
қуанады, қайғырса бірге қайғырады. П. И. Чайковский қарғаның мәткесін
жазып болып, күнделігіне: Герман жан тапсырарда солқылдап жылап жібердім
деп жазған екен. Осы айтылғанға қарама-қарсы қиялы өте әлсіз адамдар да
болады. Қиялы әлсіз адамның көркем әдебиет кітаптарын оқуы да бір түрлі. Ол
мұндағы әдеби теңеулерге, суреттемелерге мән бермейді, әдеби суреттемелерді
тастап кетіп, кітаптың тек әр жерінен қызық іздеп, тұтас оқып шығуға
шыдамы жетпейді. Өйткені қиялы шабан адамға көркем суреттемелер әсер
етпейді, оны тез жалықтырып жібереді.
Қиялдың маңыздылығы оның шындықпен байланыстылығында. Шын мәнісіндегі
қиял ғана мазмұнды, пәрменді де болып, адамды іс-әрекетке жетектейді, оның
рухани өсуі үшін ерекше маңызды болады.

1.3. Қиял және басқа психологиялық процестердің байланысы

Сонымен, жоғарыда атап өткендей, қандай болсын жеке процесс жеке-
дара, жалаң болмайды. Өмірдегі қандай да болсын құбылыстар өзара тығыз
байланыста өтеді. Сондай-ақ біз сөз етіп отырған күрделі процесс қиял
үнемі басқа да психологиялық процестермен үндесіп дамиды. Мысалы, қиял
эмоциямен тығыз байланыста келеді. Фантазияның белсенді жұмысы балалардың
бай эмоциялық суретінің қалпын көрсетеді. Балалардың ертегілерді қабылдауы
бәріне белгілі. Олардың эмоциялары ересек адамдардың эмоциясынан кем емес.
Ал бала ойыны? Егер оның эмоционалдық фоны болмаса, ол өзінің қызығушылығын
жоғалтып, бір мезгілде ойын бір тұтас қиялдың белсенді қызметінде айналып
тұрады. Қиял мен эмоцияның байланысы ересек адамдарда да байқалады. Бәріміз
де осы өмірде армандаудан биік эмоционалдық ләззат алдық. Адам өмірінде
нені армандайды? Ол тек қана қуаныш әкелетін, ләззат беретін қажеттіліктер
туралы армандайды. Ал арман, келешектегі қалаудың бейнесі ретінде-
классикалық қиялдың формасы. Бала өміріндегі қиял мен сезім мәдениеті бір-
бірінен ажырамас белгілер. Сезім мен қиялдың бір-біріне ықпалын ғалымдар
бұрыннан байқады. 19 ғасырдың өзінде француз психологы Т.Рибо барлық
шығармашылық қиялдардың формалары өзінде қуатты эмоционалдық сәттері бар
деп айқындаса Л.С. Выготский эмоционалдық белгінің жалпы заңын шығарды,
оның мазмұның келесі сөздерден белгіленеді ...Әр сезім, әр эмоция сол
сезімнің бейнесіне енуге тырысады, ... Эмоция ойлау мен бейненің , әсердің
жиынтығы, олар адамның көңіл күйімен үндесіп тұрады. Сонымен, эмоцияға бай
өмір қиялдың дамуын ынталандыратын Л.С.Выготскийдің шығарған екінші заңы
Қиялдың эмоционалдық шындығының заңы деп аталады.
Барлық фантазияның құрылымы біздің сезімге кері әсер етеді, егер сол
құрылым өзінің шындығына сәйкестенбесе, барлық сезімдер шындық болып келіп,
реалистік тұрғыда адам сезімі жаулап алатындай әсер етеді. Екі заңның
қалыптасуына байланысты балалардың тәртібінде кейбір келенсіз жағдайлар
пайда болады. Балалардың ойдан шығарып, әр түрлі қорқынышты әңгімелерді
айтуды жақсы көретіні бәрімізге де мәлім. Осындай әңгімелердің нәтижесінде
балаларда қорқыныш пайда болады, өздері айтқан әңгімелердің кейіпкерлері
фантастикалық шындыққа айналады. Қиялдың эмоционалдық шындығының заңы іске
асады. Нақты осы заңға байланысты балалардың өзара ойындары сан алуан
көптеген конфликтілермен аяқталады. Ойынды жетелейтін қуатты эмоциялар, бұл
бейнелерге шындық мәртебесін береді. Бала қиялдаған рөл мен сюжетті өзінің
досының жеке тұлғасымен байланыстырады.
Сонымен біз осындай қорытынды жасай аламыз: баланың эмоционалдық
қалыбының байлығын пайдалана отырып, оның қиялын табысты түрде дамытып және
де керісінше мақсатты түрде фантазиясын ұйымдастыра отырып, баланың бойында
сезім мәдениетін қалыптастыруға болады. Сол секілді қиял - өткендегі
тәжірибені пайдалану барысында жаңаны пайдаланып шығару. Шығармашылық -
жеке тұлғаның мінезі, қызығушылығы, қабілеттілігімен байланысты күрделі
психикалық процесс. Ол баланың қызығушылығын, қиялын нәрлендіре түсін,
білім аясын кеңейтеді.
Шығармашылық әрекет баланың бойында сезім мәдениетін дамытады.
Шығармашылық процесс үстінде істеген ісінен және одан алған нәтижесінен сан
алуан жақсы эмоцияларға тап болады.Шығармашылық әрекет ес, ойлау, қабылдау,
зейін сияқты жоғарғы психикалық функциялардың ұтымды, оңтайлы түрде дамуына
ықпал жасайды. Сонымен қатар, қиял категориясын да білім беру ісіне
енгізген, өйткені қиял арқылы көп жаңалықтар жасауға болады.
Шығармашылық қызмет жеке тұлғаны дамытып, оған рухани ізгілік, моральдық
нормаларды қабылдауға, жақсылық пен жамандықты, ерлік пен ездікті ажыратуға
көмектеседі. өздерінің шығармашылық туындыларын жасау барысында бала бүкіл
болмыс—бітімінің түсінігін, өзінің жеке тұлғалық қасиеттерін арттыра
түседі. Шығармашылық қасиет баланың бойында психологиялық, эстетикалық
сезімін дамытады. Осы қызмет арқылы баланың әлемге, қоршаған ортаға деген
эстетикалық қабылдау, сұлулықты бағалау сияқты қасиеттерді көреміз.
Балалар, әсіресе, мектеп жасына дейінгі және бастауыш, орта буындағы,
зор қызығушылықпен билейді, ән салады, ермексазбен жұмыс істейді, сурет
салады, музыка мен ертегілер шығарады. Шығармашылық бала өмірін толыққанды,
нәрлі етеді. Олар шығармашылық жұмыспен кез келген жерде айналасуға болады.
Ал ересек адам, өзіне сын көзбен қарай отырып, шығармашылық қабілеттерін
көрсетуге ұялады, ал бала болса шын жүрекпен өзінің дарындылығын көрсетіп,
сахнада, концерттерде қатысады.
Шығармашылық қасиет әсіресе дарынды балалар үшін маңызды. Дарындылық
– ол нақты бір өнер, ғылым, кәсіби және қоғамдық өмірге ерекше бір
жетістектері, қабілеттердің жиынтығы, комплексі. Кез келген бала осындай
дарындылыққа ие емес. Қиял, дарынды бала үшін ең қажетті, маңызды
қасиеттердің бірі. Оған үнемі фантазияның белсенділігі қажет.
Дарын мен дарындылық өзара дамуымен тығыз байланысты. Ондай балалар
өз замандастарынан едәуір алда болып, жоғары нәтижелерге оңай қол
жеткізеді. Олар қоршаған ортаға деген сезімталдықпен ерекшеленеді. Ескере
кету керек, кейбір кезеңдерде түгел балалар ерекше, жоғары сезімталдық
пайда болады. Ондай кезеңдерді, психологтар сензитивті кезең деп атайды.
Осы кезеңдерде нақты функция (сөйлеу әрекеті, логикалық ес) қоршаған ортаны
қабылдауға тез.
Осындай кезеңдер психологияның бүкіл функцияларына тән. Бұл кездерде
жас балалар өздерінің ерекше табыстарын танытады. Қарапайым бала үшін
сензитивтік кезеңде 1-2 функция жұмыс атқарса, ал дарынды бала бірден
көп функцияның сензитивтігін көрсетеді.
Дарынды балалар ерекше қарым-қатынасты талап етеді. Бірақ бұл қиялды
дамыту барысында басқа балаларды тыс қалдыру дегенді білдірмейді.
Эстетикалық тәрбиенің бағдарламасы осы сензитивтік кезеңді әрқашан да
ескереді.
Баланың жасы ұлғайған сайын, қиялдың маңызы да кеміген сияқты болады.
Нақты сол кезеңде жасөспірімдер арасында қиялдың ерекше түрі арман
пайда болады.
Сөйтіп, қиял жеке тұлғаның дамуымен байланысты екенін көруге болады.
Ал егер ересек адамның бойында қиял процесі сақталып қалса, оны ерекше
дарынды тұлға деп санайды. Сондықтан да қиял болған жағдайда дарындылық
болады, дарындылық болған кезде адамды қиял, арман жетелейді, ал қиял,
арман бар жерде үнемі жақсылық бар екеніне заман, қоғам, ілгері жылжып
дамитынына кәміл сенеміз.
Адамның өз көңіл-күйін және сезімін еркін билей алуының белгісі- сезім
мәдениеті. Сезім мәдениеті – ғылым-білім, өнер, тіл сияқты жалпы
мәдениеттің ең жоғары, ең сапалы көрсеткіштерінің бірі.
Біздің пайымдауымызша қазіргі мектеп оқушыларының санасына сезім
мәдениетін қалыптастыру, жетілдіру дегеніміз – ұлтымыздың дүниетанымдық бай
тәжірибесін жалғастыру, санасына сіңіру, зердесіне жеткізу. Балаңды өз
тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтының тәрбиесімен тәрбиеле деген нақылмен
халқымыз бұл құндылықтың құнарлығы мен маңыздылығын тұжырымдап берген.
Қазақ халқы баланы қоршаған орта, табиғат және тіршілік атаулыға
саналы түрде, жауапкершілікпен қарауға баса назар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы
Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял
Қиял процесі
Қиял және оның бала психологиясындағы ролі
Мектепке дейінгі балалардың қиялдың даму ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалардың дамуының және тәрбиенің теориялық пен практикалық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы қиял мен шығармашылық рөлі
Қиялдың түрлері
Дидактикалық ойындардың педагогикалық құндылығы
Мектеп жасына дейінгі балаларға тән қасиеттер
Пәндер