Көкшетау қаласының жалпы физико-географиялық сипаттамасы



Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Көкшетау қаласы туралы жалпы
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 6

1.1 Қысқаша тарихи
анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.6
ІІ Көкшетау қаласының жалпы физико-географиялық сипаттамасы ... 9
2.1 Табиғат жағдайлары мен
ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... . 9

2.2 Геологиялық құрылысы және пайдалы
қазбалары ... ... ... ... ... ... .. ... 9

2.3 Рельефі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

2.4 Климаттық және метеорологиялық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

2.5
Гидрографиясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 16

2.5.1 Жер бетінің ағынды
сулары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

2.5.2 Жер асты сулары; олардың
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...18

2.5.3
Топырағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .19

ІІІ Көкшетау қаласы бойынша гидромелиоративтік
шаралар ... ... ... ... ...21
3.1 Қопа көлі бойынша гидромелиоративті
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ..21
3.2 Қылшакты өзенінің арнасын
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 23

3.3 Қылшакты өзенінің акваториясы мен жағалауын рекреациялық
бағытта
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .24
3.4. Көкшетау қаласының даму
тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымның тақырыбы: Көкшетау қаласының жалпы физикалық-
географиялық сипаттамасы деп аталады.
Курсты0 жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен міндеті сөз болады.
Жұмыстың өзектілігі - менің жұмысымның тақырыбы кәзіргі таңда еңбір
өзікті мәселелердің бірі болып табылады. зерттеудің ғылыми танымдық және
практикалық маңызы зор.
Тақырыптың зерттелу деңгейі - Қазақстан жері жасыл өсімдік әлемімен
жабайы жануарлар дүниесіне бай өлке. Көкшетау қаласы туралы мәліметтер
көптеген еңбектерде кеңінен қарастарылған.
Менің курстық жұмысымның мақсаты – қалаға кешенді сипаттама бере
отырып жинақтаған мәліметтерді сипаттап, жүйелеп зерттеу нәтижесінде талдау
жасау. Тұрғылықты жерлерді жақсарту, олардың архитектуралық бетін, таза
сумен қамтамасыздандыру тұрғындардың денсаулықтарын нығайтуға және қоршаған
ортаны қорғауға әкеледі.
Экологиялық проблемаларды шешу жолдары жеке қарастарылады.
Даму тенденциясының тоқтала келе қаламыздың келешекте тұрғылықты
жерлерді жақсарту, олардың архитектуралық бетін, таза сумен
қамтамасыздандыру тұрғындардың денсаулықтарын нығайтуға және қоршаған
ортаны қорғауға әкелетінін көрсету.
Курстық жұмысымның міндеті – нақты деректерге сүйене отырып облыс
орталығы болған қаламыздың келешегі зор екенін көрсету.
Бірінші тарауда Көкшетау қаласы туралы жалпы мәліметтер жазылған.

Екінші тарауда Көкшетау қаласының жалпы физико-географиялық
сипаттамасы ерекшеліктері жан-жақты қарастырылған.
Үшінші тарау Көкшетау қаласы бойынша гидромелиоративтік шаралар
айтылады.
Курстық жұмысындағы зерттеулер нәтижесін былай қорытындылауға болады:
Курстық жұмысындағы зерттеулер нәтижесін былай қорытындылауға болады:
ҚР Президентінің Жолдауы бойынша қалада жаңа қала құрушы саясаттың
қалыптасуына бағыт алынған. Облыстың ауыл шаруашылығы тұрғындардың астық,
картоп, көкөністер, ет пен өздері шығаратын өндірістің басқа да азық –
түліктеріндегі қажеттіліктерді толығымен қамтамасыздандырады. Тұрғындардың
өсуінің динамикасы мен құрылысы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді,
олардың нәтижелері кестелерде көрсетілген: тұрғындардың саны (2006 ж.
басына мың адамға), тұрғындардың табиғи өсуінің құрылымының параметрі мен
динамикасы, тұрғындардың жас – жыныстық құрылымы (%) және еңбек қорларының
балансы. Кестелерде көрсетілген мәліметтерден келесідей қорытындыны
шығаруға болады: соңғы үш жыл ішінде қала тұрғындарының санының өсуі
байқалады, 2000-2005 жж. Аралығында Көкшетау қ. тұрғындарының саны 4.3%
өсті, ал қала маңындағы аймақтарда тұрғындардың саны 14% өсті, яғни қалаға
қарағанда жылдам өскен. Сонымен қоса кестеден қалада тұрғындардың табиғи
өсуінің динамикасы мен құрылымында келесідей тенденциялар байқалғаны
көрініп тұр: туудың жалпы коэффициенті өсті, 2001 ж. салыстырғанда соңғы
екі жылда қайтыс болғандардың коэффициенті 13 промилль деңгейінде тоқталды.
Жалпы қаладағы демографиялық жағдай барлық параметрлер бойынша жақсарып
қалды деп айтуға болады.
Ақмола облысының табиғи қорлары мен табиғи қолданыстарды реттеу
Департаментінің тапсырмасы бойынша 2005 жылы Биосфера ғылыми - өндірістік
кәсіпорын (Павлодар қ.) Ақмола облысы, Көкшетау қ., Қопа көлін тазарту
ТЭО дайындады. Қопа көлін тазарту жобасы қарастырады, олар өндіріс
жұмыстарының құрамымен, қолданылатын техниканың санымен және шығындардың
құнымен ерекшеленеді жобамен Қылшақты өзенінің арнасын реттеу қарастырылып
отыр. Беткі суларды гидроботаникалық аудандар көмегімен тазартуды
ЭкоТрансДорСервис (Санкт-Петербург қ.) мамандарымен ұсынылған.
Көкшетау қаласы жаппай демалу орындарын ұйымдастыруға болатын кең
акватория және көл жағалауларының алаңдарына, рекрационды қорлардың
дамуының жоғары потенциалына ие.
Әр жыл сайын біздің облысымыздың түр келбеті өзгеріп келе жатыр. Бұл
қаламыздың және облыс аудандарының архитекторларының еңбектерінің нәтижесі,
олар тұрғылықты жерлер әдемі және көркем болуы тиіс деп ойлайды, яғни
аудандардағы құрылыстарға ашық түске бояу керек, тұрғылықты жерлерді
мемлекеттік – архитектуралық стильді ұстай отыра көркемді бейнелеу
кешендерінің жоспарын құру қажет. Бұндай жұмыс уақытша компания емес,
күнделікті жұмыс.
Тұрғылықты жерлерді жақсарту, олардың архитектуралық бетін, таза сумен
қамтамасыздандыру тұрғындардың денсаулықтарын нығайтуға және қоршаған
ортаны қорғауға әкеледі.
Экологиялық проблемаларды шешу жолдары:
1) Өндіріс орындары қалдық қалдырмайтындай етіп өндіруі тиіс.
2) Экология мен экономика үдделері түйіскендіктен қалдықтарды өндейтін
зат қажет.
3) Табиғи ресурстардың шектен тыс пайдалану қоршаған ортаға ластайтын
заттар шығарудың белгілі көлемі болу керек.
4) Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды тек мектепте ғана емес қоғам
мүшелері білу тиіс. Қазақстанда табиғи ортаны қорғауға арналған 200
астам нормативтік құжаттар қабылданды.
Қорыта келгенде қазіргі экологиялық дағдарыстың түпкі адам баласының
тамыры табиғаттың қарапайымдау, зат және энергия алмасу заңдарын олардың
теориялық негіздерін білмеуде жатыр. Оны білу үшін экология ғылымының
негіздерін оқып-үйрену қажет. Сондықтан елімізде қалыптасқан экологиялық
сауатсыздықты жою маңызды болып отыр. Елбасының Қазақстан-2030
бағдарламасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беру мәселесіне аса
көңіл бөлу бұл проблеманың маңыздылығын айғақтай түседі.
1. Бұл қаламыздың және облыс аудандарының архитекторларының
еңбектерінің нәтижесі, олар тұрғылықты жерлер әдемі және көркем болуы тиіс
деп ойлайды, яғни аудандардағы құрылыстарға ашық түске бояу керек,
тұрғылықты жерлерді мемлекеттік – архитектуралық стильді ұстай отыра
көркемді бейнелеу кешендерінің жоспарын құру қажет.
2. Антропогендік факторлардың күшейе түсуіне байланысты көптеген
мекемелер ауаны; суды ластауда. Міне осыларды қорғау шараларын арттыру
керек. Әр қаланың экологиялық жағдайы қазақстандықтар үшін аса маңызды
мәселе.
2. Қала ауасын, ауыз су мәселелерін және қала инфракұрылымын жақсарта
отырып шешу - ең басты жолы-адам баласының саналы жауапкершілігі,
экологиялық білімі мен мәдениеті. Әрбі азамат өзін туған өлкесімен оның
байлығының иесі ретінде сезіне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң
сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.
Курстық жұмысының деректемелік базасы ретінде арнайы әдебиеттер,
энциклопедиялық сөздіктер, мерзімді баспасөз материалдары пайдаланылды.
Курстық жұмысын келешекте Қазақстанның географиясын оқытуда,
мектептерде өлкетану үйірмелерінің жетекшілеріне қосымша мәлімет беретін
деректі материал ретінде пайдалануға болады.

1. Көкшетау қаласы туралы жалпы мәліметтер

Қазақстанның географиясының аса маңызды мәселелерінің бірі - көптеген
аймақтардың әлі де болса ғылыми тұрғыдан зерттелмеуі. Оған табиғаты ерекше
бай да қызықты Көкшетау өңірі де кіреді.
Өзіңнің туып өскен жеріңді жете оқып білу әркімнің міндетті борышы.
Көкшетау республикамыздың қалалар алқасында көрнекті орын алады.
2004 жылы қала қоғамдастығы қаланың пайда болуының 180 жылдығын
атап өтті.
Көкшетау облысы Қазақстанның 19 облыстарының бірі болды, оның орны
бөлек. Бұл тек табиғи байлығымен ғана емес, сонымен қоса Қазақстан
тарихының негізгі және бұрылысты кезеңдерінен тұратын көп ғасырлық тарихтың
ерекшелігімен анықталады.
Көкшетау – мынадай атақты қызметкерлердің отаны: Абылай хан, Кенесары
Қасымов, Шоқан Уалиханов, М.Габдуллин, Ақан Сері, Біржан сал, Үкілі Ыбрай,
Смағұл Садвакасов, В.Куйбышев, Шахмет Хұсаинов, Какимбек Салыков, Байкен
Ашимов, Еркін Ауельбеков, Ермек Серкебаев, Владимир Смирнов және басқалары,
жалпы осындай жүз есімді атауға болады.

1.1 Тарихи анықтама

Көкшетау қазақ тілінен аударғанда көк тау деген мағынаны
білдіреді. Шынымен, қарағайлар қаптап өсіп тұратын тау шыңдарының айнадай
өзендермен үйлесуі жұмбақтай қайталанбас сұлулықты құрайды. Көкшетау туралы
көптеген өлеңдер, поэмалар мен аңыздар жазылған, олар ауыздан ауызға,
ұрпақтан ұрпаққа таралып халық арасында мәңгілік өмір сүреді. Аңыздар мен
ертегілерге сіңген таулы аймақ осы жерге келген дала ақындарының көңілдерін
әрқашан тартатын. Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Жаяу
Мұса, М.Жұмабаев, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин сияқты ақындар өздерінің
поэзияларының ең шабытты жолдарын Көкшетауға арнаған, олардың есімдері
мәңгілік Көкшетауда қалады.
Көкшетаудың сыртқы аймағы және аймақтың орталығы Көкшетау станицасы
1824 жылдың сәуір айында қаланды. Бұл патшалықтың отарлаушы саясатын
жүргізумен байланысты болды. Қазақстан территрриясында алғашқы орыс
қоныстары мен бекіністері Ресеймен шекаралас аймақтарда тұрғызылған, ал
даланы одан әрі отарлау үшін сол жерлерде қорғаныш пунктерін – форпосттарды
салу қажет болды. Осы мақсатта 1822 жылдың 22 шілде айында император
Александр I Сібір қырғыздарын басқару туралы қаулы деп аталатын жарлыққа
қол қойды. Жарлықтың жағдайларына сәйкес Орта жүзде хан билігі таратылды
да, жалпы ресейлік басқару жүйесі енгізілді. Сонымен қоса Қаулымен
орталығы Омск қаласы болатын сібір қырғыздарының облысы құрылды, оның
құрамына ішкі үш аймақтармен қоса 8 сыртқы аймақтар кіруі тиіс болатын.
Орта жүздің иелігінде сыртқы аймақтарды құру туралы сұрақ 1824 жылы 25
ақпанда Санкт – Петербургте Сібір комитетінің отырысында қарастырылған. Ең
алдымен екі аймақты ашу деп шешім қабылданды, және Сібір қырғыздары туралы
қаулы бойынша бұл аймақтарға алып отырған жерлерінде ең атақты шатқалдың
есіміне сай атау беру қарастылыған.
Үлкен дайындық жұмыстарынан кейін Көкшетау сыртқы аймағының ашылуы
1824 жылдың 29 сәуірінде болды, оның төрағасы ретінде Габайдулла Валиханов
тағайындалды. Ең алдымен отралықты Көкшетау тауларының маңайында салу
ойланыстырылды. Бірақ, Габайдулла Валиханов сұлтанның басшылығымен
жергілікті қазақтардың өтініштері бойынша подполковник А.Григоровский
аймақтың орталығын қазір Көкшетау қаласы тұрған жерге ауыстыруға мәжбүр
болды. Жаңа орын ыңғайлы болды: бір жағынан – үлкен көл Қопа, екінші
жағынан – станицаны желден қорғайтын шоқылар, жанында құрылысқа жарамды
орман, алдыңда – жайлауға және егінге жарамды жерлер.
1868 жылы Дала аймақтарын басқару туралы уақытша жағдайларға сәйкес
Көкшетау аймағы уездге ауыстырылды, ал Көкшетау уезды қала деп аталынды.
Бірақта 1895 жылы ған оған заңды түрде қала мәртебесі берілді. Осы кезге
дейін қалада 2 шіркеу салынды, екі төменгі оқу орындары, қоғамдық кітапхана
құрылды, екі дәрігері 15 төсек орны бар уезді аурухана, ветеринарлы пункт,
пошта – темір жол кеңсесі құрылды Станицада – жеті көше, ал қалалық қоныста
тек қана екеу.
1917 ж. Октябрь төңкерісіне дейін Көкшетау кішігірім қала болып
қалатын, екі бөлікке бөлінетін: казак және мещанді. Қалада 10 мың шақты
тұрғын тұратын. Совет үкіметі Көкшетауда 1917 жылдың желтоқсан айында
құрылды. 1928 ж. әкімшілік реформаларға байланысты Көкшетау уезді жабылды,
1944 жылға дейін оның территриясы Солтүстік Қазақстан облысына кіретін.
1921 жылдың сәуір айында осы жерде Қызыл егінші газетінің бірінші
нөмірі шыққан, газетті одан кейін Далалы шамшырақ деп ауыстырды.
Көкшетауда ғылыми үйдің кеңсесінде алғашқы радиоқабылдағышты орнатты,
ал 1927 ж. радиобайланыс жөңделеді, оған 100 репродукторды қосуға болатын.
Осы жылы қалада алғашқы бала бақшалар пайда болады, мұражай, кинотеатр және
қалалық клуб ашылады. 1916 ж. құрастырылған электростанция осы жылдары
толық қуатта жұмыс істей бастады, 60 мың кВсағ энергияны шығара бастады,
бұл қала мен оның тұрғындарының қажеттіліктерін толық қамтамасыз ететін.
Көкшетау біртіндеп қазіргі қаланың түріне ие бола бастайды.
Тұрғындардың саны артта бастады, соның ішінде жұмыскерлердің де. 1940 ж.
5,4 млн. кВсағ энергия, 3,6 млн. дана құрылыс кірпіштері, 11 мың жұп
былғары етіктер, 20 мың жұп пима аяқ киімдер, 820 т. сары май, 15 мың т. ұн
және басқа да өнімдер шығарыла басталды. Соғысқа дейінгі кезеңге дейін жаңа
ауруханалар құрылды, дәрігерлер мен медбикелер саны артты.
Ұлы Отан соғысы (1941-1945жж.) қала тұрғындарына қиын жағдай болды. Қалада
1941 ж. тамызынан эвакуационды госпиталь болды, ол жерде
көптеген жауынгерлерді сапқа қайтарды. Көкшетауға Мәскеу облысындағы
Подольск қаласының тігін машиналар зауыты көшірілді. Қиын уақыттарға және
жұмыс күштерінің жетіспеушілігіне қарамастан үш айдың ішінде бұл зауыт
әскери түрге қайта құрды.
Соғыс аяқталғанда халық жаңа ынтамен халық шаруашылығын бейбітшілік
жағдайға ауыстыра бастады. Жеңісті жақындатқан адамдардың естелігіне
Көкшетауда 1977 жылы монументальды кешен құралған, бұнда ерлік пен
естеліктің символы ретінде Мәңгілік оты жанып тұрады. Ескерткішке Кеңес
Одағының батырлар аллеясы әкеледі. Аллеяда Кеңес Одағының Батыры атағын
екі рет алған ұшқыш – шабуылдаушысы Талғат Бегельдиновтың ескерткіші
орнатылған.
1944 жыл Көкшетау тарихында ғасырдың аса тарихи маңызды жылы болды.
Осы жылдың 16 науырызында Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Президиумының
Жарлығымен орталығы Көкшетау қаласы болатын Көкшетау облысы құрылды.
Қала тарихының маңызды беті – тың жерлерді игеру жылдары болатын.
Көкшетау облысының ауыл шаруашылығының мыңдаған механизаторлары ауыл
шаруашылық өндірісін көтеруде қиын тапсырмаларды орындауда тұрақтылықты,
шеберлікті, ерлік пен жігерді танытты. Біздің облысымызда 78 озат адамдарға
Кеңестік Еңбек Ерлері атағы берілді. Алькибаев М., Иванов А.М., Жанғалов
Баян, Мегеда В.И., Окунев В.А., Синельников П.С., Турлубек А. – осылардың
бірлері.
Осы жылдары Көкшетауда көптеген жаңа кәіпорындардың тізбегі жұмыс
істей бастайды, бұлардың көбісі техникалық базаны жаңартты және шығарылатын
өнімдердің көлемін арттырды. Техникумдар, педагогикалық институттар ашылды,
кең экранды кинотеатрлар, теміржол тасымалының мәдениет сарайы, құрал
құрылыс зауытының Мәдениет сарайы, Көкшетау облыстық атқару комитеті мен
партия облыстық комитеті орналасқан Ленин атындағы алаңда Кеңестер үйі
қолданысқа берілді, қазіргі кезде бұнда әртүрлді облыстық ұйымдар, ірі
кітап дүкені, облыстық кітапхана ғимараты және стадион орналасқан.
Тың және тыңайған жерлерді игеру қаланың экономикасының өсуіне,
өндірістің, транспорттың, байланыс пен тұрмыс сферасының дамуына ықпал
жасады. Көкшетаудың қалалық инфрақұрылымының одан әрі өсуі мен дамуы ХХ
ғасырдың 60-70 жылдарында болды, бұл кезде Көкшетау облысын Еркін Нұржанұлы
Әуельбеков басқарған.

2 ҚАЛАНЫҢ ЖАЛПЫ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2.1 Табиғат жағдайлары мен ресурстары

Көкшетау қаласы – Ақмола облысының әкі мәдени орталығы. Облыс
Солтүстік Қазақстанның далалы аймақтарында орналасқан, батыстан шығысқа
қарай – Есіл өзенінің оң жағалауынан бастап Ресей Федерациясының Омбы
облысының шекарасына дейін ол 500 км және солтүстіктен оңтүстікке қарай –
300 км дейін жерді алады. Қаланың өзі Көкшетау төбешіктерінің солтүстік
бөктерінен Есіл – Ертіс су бөлікерінің шекарасында орналасқан.
Көкшетау қаласы қаланың шығыс бөлігінде өтетін Қылшақты өзенарлықтың
жазық бөлігінде, және қаланың батыс жағында ағып өтетін Шағылалы өзенінің
жағында орналасқан. Қаланың солтүстік – батысында Қопа көлінің оңтүстік –
шығыс жағалауы жатыр. Оңтүстік және оңтүстік – батыс жақтан қаланың рельефі
ұсақ шоқылармен көрсетіледі. Қаланың солтүстік және солтүстік – шығыс
бөлігі жазық, кішігірім төбешікті жазықтықпен көрсетіледі. Қала аймағында
белгіленген абсолютті жоғары нүктелер - 254-274 м.,оңтүстік ұсақ шоқылар
бөлігінде - 357-405 м. (Бұқпа және Галочья шоқылары). Елікті тауларының
абсолютті белгісі – 502 метр, солтүстіктегі жазықтықты бөліктің абсолютті
белгісі 225 - тен 245 метрге дейін ауытқиды. Суайрық таулардың теңіз
деңгейінен салыстырмалы биіктігі 60-65 м.

2.2 Геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары

Көкшетау қаласының территориясында төрттік шөгінділермен жабылған.
Олар тек оңтүстік және оңтүстік батыста жер бетіне шығып жатады немесе
онша тереңдемеген негізгі метоморфтық түзінділер батпақтар, сланецтер,
амфиболиттер) және образования боровиктік сериялардын пайда болған
(сланецтер, кварцтар), араларында сирек қызылтүсті конгломераттар,
құмтастар мен алеврометтерден тұратын шөгіді жыныстар кездеседі.
Карбондық жыныстар ашық сұр түсті құмтастардан, кейде сирек
ақтастардан құрылған. Төрттік карбонды шөгінділер қаланың солтүстік және
солтүстік-шығыс бөлігінде кездеседі. Неогендік қызыл батпақтар қалдық
түрінде кездеседі. Көлдің аңғарлы бөлігінің төмендеген жерлерінде
палеогендік және неогеновыми шөгінділер алып жатыр құм араласқан
батпақтар, әртүрлі батпақтар.
Қаланың кеңістіктері мен жазық жерлері төменгі төрттік, төрттік және
қазіргі кездің аллювиальды, көлдік-аллювиальды және делювиальды
шөгіділерімен жабылған.
Аллювиальды шөгінділер шектеулі ені 0,5-2 км болып Қылшакты өзенінің
екі жағын алып жатыр, құрамы құмды, құмдауытты, 10-15 метрлік болып неоген-
төрттік батпақтарды жабады.
Қопа көлінің қазаншұңқыры развит комплекс көлді-аллювиальды және
делювиальды-пролювиальды шөгінділермен жабылған.
Көкшетау қаласының маңында пайдалы қазбалар құрылыс материалдар түрінде
кездеседі: кірпіштік шикізат; құмдар, құмды –гравийлік материалдар,
керамзиттер, каолиндер және әктастар. Көкшетау қаласын сумен қамтамасыз
мшілік, өндірістік және ету үшін жер асты суларының үш кен орны, минеральды
сулардың бір кен орны бағдарланған.
Көкшетаудың топырақты – гравийлі қалдықтарының кен орны. Шағылалы
өзенінің оң жақ жағалауындағы Приречное темір жол станциясының (тж
Петропавловск – Көкшетау) оңтүстік – шығысынан 2 км орналасқан. Кең орнын
қазақ темір жолы 1928 ж. бастап темір жол ... үшін қолданады. 1970 ж. кең
орнын Гипротранс ұйымына көшті. Бекітілген қорлары - 2 млн. 630 мың. м.³.

Құрылыс ерітінділрінің құмдары Карьер кең орнында алынады, ол Көкшетау
қаласының солтүстігінен 40 км қашықтықта орналасқан. Кең орны олигоцент
қалдықтарына жатады. Кең орны 1984 жылдан бастап үзілістермен қолданылады.
Кең орнының қорлармен қамтамасыздығы жақсы және 32 жылға қолданысқа
қарастырылған.
Алабота керамзит кең орны ҚазССР КөкшетауСтрой трестімен жасалған.
Керамзит саздары керамзитті гравийді қолдану үшін кең таралған. Қорлармен
қамтамасыздығы – 100 жылдан астам.
Рудасыз пайдалы қазбалар
Кварцтер. Көкшетау қаласына жақын аймақтарда протерозой қалдықтары
дамыған, олардың құрамында кварц үлкен орын алады. Құрамы бойынша олар
минералды, серицитті және графитті деп бөлінеді. Кварциттердің мынадай кең
орны белгілі - Кокшетаулық (53º16' с.ш. и 69º25' в.д.), мұнда кварцтардың
қыртысытары үлкен ауданға таралған. Кең орны орташа, аз зерттелінген.
Доломиттер. Көкшетау қаласының территориясында қаланың оңтүстік –
шығыс жағында орналасқан зират аймағында жер бетіне доломиттер шығып
тұрады. Сонымен қоса, Көкшетау қаласының солтүстігінен 30 км шақырым жерде
көп жылдар бойы ірі Алексеев доломит кең орны жұмыс істейді. Жер иеленуші –
Алексеев доломитті кеңі.
Жасанды тастар, яшмалар. Көкшетау қаласының аймақтарында шақпақты –
яшмалы қалыптасулар кең таралған, ол жерлерде олар жер бетіне шығып тұрады.
Яшмалар арасында әр түрлі боялған түрлері де бар: қызыл, ақшыл көк, сұр,
сұр- жасыл. Ең көп таралғаны қызыл түсті яшмалар. Ең көп таралған жері
Садовое ауылының маңайында ағып өтетін Шағылалы өзені аймағы. Бұл
яшмалардың кең орны зерттелмеген, бірақ бұл яшмалар құрылыс материалы
ретінде алынады және қолданылады. Бұл яшмаларды тереңірек зерттегенде
оларды декоративті түрде қолдануға болатындығын анықтауға болады. Шақпақты
– яшмалы қалыптасулардың шығарылымдарының жалпы ауданы 3,6 км².
Көкшетау қаласының солтүстігіне 17-25 км. қашықтықта Алексеев коалин
кен орны және Васильковск алтын кең орындары дамыған және қолданысқа
бекітілген. Бұл екі кең орнын жақсы жұмыс істейді. Көкшетау қаласында
Васильковск ТБК – ның басөармасы жұмыс істейді, ол 2004 ж. электронды
таблоны қалада орнатып қаланың 180 жылдығына үлкен сыйлық жасады.
Жер асты суларының кең орны. Шағылалы жер асты сулары ның кең орны.
Кең орны 1957-1960 жж.зерттелді. бұл жұмыстардың мақсаты – Көкшетау қаласын
орталық сумен қамтамасыздандырудың қайнар көзін анықтау.
Су әкелуші көкжиек қазіргі кездегі шағылалы өзенінің жазықтығының
жоғарғы төрттен бір аллювиальді қалдықтарына байланыстырылған. Су әкелуші
көкжиек ірі және орташа дәнді құмдармен көрсетілген. Бекітілген қорлары -
91л.см. (7,8 мың м.³суб.). кең орны дұрыс жұмыс істемейді. Жер иеленуші
Көкшетау су арнасы.
Шағылалы жер асты суларының кең орны. Кең орны Көкшетау қаласының
оңтүстік – батысынан 25-49 км қашықтықта Шағылалы өзенінің жазықтығында
орналасқан.
Кең орны орналасқан жазықтықтың ені 500 м-ден 1250 м-ге дейін жетеді.
Гидрогеологиялық жұмыстар 1967-1969 жж. жүргізілді.
Раздольненск жер асты сулары. Бұл кең орны Васильковск ТБК сумен
қамтамасыздандыру үшін ашылды, оның қажеттілігі 7 мың м.³суб. км. Бұл кең
орны тұтынушыдан 35-40 км қашықтықта Серверный және Курапаткино ауылдары
арасында Батыс сібір артезиан бассейні мен Қазақ жырақты сулардың ұсақ
шоқыларының бассейіні арасында орналасқан. Суы тұщы. Құбырдың тереңдігі -
70-80 м. қолданылатын қорлар 6,3 мың м.³суб. (72 л.сек.) санында
бекітілген. Кең орны жұмыс істемейді.
Минералды сулар. Құлагер – Арасан кең орны Көкшетау қаласының
оңтүстік – шығысынан 6 км қашықтықта орналасқан. Жер асты суларының
минералдануы - 2,0 г.л.- ден 2,7 г.л.дейін, химиялық құрамы бойынша олар
сульфат – хлорлы және магнийлі - натрийлі. ҚР кардиология ҒЗИ курорт
бөлімінің шығарған қорытындылары бойынша берілген су асқазан, зат алмасу
органдарының, жүйке жүйесінің ауруларын, қозғалыс аппараттарын, жүрек
жүйесін емдеуге қолдануға болады.
1993 ж. тамыз айында Құлагер – Арасан кең орнының минеалды суларының
қорларын сан және категория бойынша балансты қолданылатын қорлары
бекітілген, ол 86,4 м.³сут. (1,00 л.сек.) болды. Қазіргі кезде кең орнын
Көкшетау Минералды сулары ЖШС қолданылады.
Майбалық минералды су кең орны. Кең орны 1973-1975 жж. зерттелген.
Кең орнының бромды сулары Бурабай курорт зонасының емдеу мекемелерінің
гидротермалдық қорлары болып табылады. Кең орны Щортанды ауданы Майбалық
көлі мен Кіші Чебачье көлдері арасында орналасқан. Минералды сулардың
орналасу тереңдігі 2,5-9,7 м.
Жалпы минералдануы 2,1 г.л. - 152 г.л шегарасында ауитқиды. Бромның
саны минералданудың өсуімен бірге 137,4 г.л дейін артады.
Бромның орташа мөлшері 46,8 –54,1 г.л. Йодтың мөлшері - 1,1 мг.л.
Жоғарыда аталған сулар асқынған ауруларды, қозғалыс аппаратының,
басқада ауруларды емдеуде ванналар ретінде қолдануға болады. Майбалық
минералды суларының кең орнының қолданылатын қорлары 43,2 м.³тәу. (0,5
л.сек.) мөлшерінде бекітілген. Кең орны жұмыс істейді.

2.3 Рельефі

Көкшетау қаласы Көкшетау төбешіктерінің солтүстік баурайымен шекаралас
орналасқан. Солтүстікте қаланың территориясы Қылшақты өзенінің даласымен
және өзендік шұңқырдың орнын алады, оңтүстікте және оңтүстік – батыста
Көкшетаудің ұсақ шоқыларымен шекараланады.
Жазықтықты бөлік аллювиальді қалдықтармен салынған – топырақ,
саз,батпақ. Ұсақ шоқылар саз бен топырақтан тұрады.
Қала шегарасында жазық жерде абсолютті белгі 254 метрден 274 м-ге
дейін ауытқиды, ал ұсақ шоқы жерінде 357 метрден 405 м-ге дейін ауытқиды.
Қаланың территориясының солтүстік бөлігінде шығыстан батысқа қарай
бағытта Қопа көліне қарай Қылшақты өзенінің арнасы ағады. Қаланың батыс
шегарасы бойымен Қопа көліне ағып түсетін Шағылалы өзені бар.
Ұсақ шоқылардың территориясының шекарасында сай құраушылар дамиды,
олар беткі еріген сулардың әсерінен көрінеді. Шығыс беткейдің ұсақ
шоқыларының сай құраушылары мен эрозионды процестері жоғарғы төрттікті және
қазіргі көл қалдықтарын шайып тастайтын ұйымдаспаған беткі сарқыны
әсерінен болады. Төбешіктерде жиналған сарқындылар ұсақ шоқыларға шекаралас
құрылысты территорияға қауіпті төндіреді.
Қаланың оңтүстік бөлігі төбешікті рельефпен көрсетіледі, оның
абсолютті белгілері 10—30 м жоғары. Оңтүстік төбешіктерден жиналған беткі
сарқындар жылғалар мен құбырлар арқылы қала территориясына ағады.
Қауіпті физико – географиялық процестерден қала территориясында еспе
сулардың, Қылшақты өзенінің суларының, желдету мен жазықтықты ағымдардың
әсерінен басып қалулар дамиды.
Рельефтің түрлері мен формалары. Қала мен оның аумағындағы
территориясына рельефтің кейбір түрлері мен формалары тән.
Қазіргі рельефтің мінезі негізінен палеозойдан кейінгі уақыттан
қалған. Ерте заманның элементтері қазіргі рельефтің морфологиясын анықтады.
Рельефтің бұл формалары, соның ішінде шұңқырлар мен жазық даланың, қазіргі
кезде үштік және төрттік кезеңнің қалдықтарымен толтырылған.
Генетикалық жағынан сипатталған территорияның шегарасында рельефтің
келесідей категорияларын бөледі:
1) Эрозионды-денудацияланған рельеф, келесі типтерге бөлінеді:
а) жазық төбешікті ұсақ шоқылар;
б) жүйекті төбешікті ұсақ шоқылар;
2) аккумулятивті рельеф, оған жазық төбешікті және әлсіз бөлшекті
жазықтық енеді.
3) Эрозионді-аккумулятивті рельеф, құрамына екі типті рельефті
кіргізеді:
а) өзен шұңқырларының орны;
б) өзен жазықтықтары.
1. Эрозионды-денудациялық рельеф. Рельефтің бұл категориясына жазық
төбешікті ұсақ шоқылардың су бөл шоқылар жатады. Рельефтердің осындай
түрлерінің және формалардың өзгешелігі ең алдымен, геологиялық және
тектоникалық құрылымның күрделілігімен және кристалдық фундаменттің
қиыстырма түрлерінің желдену деңгейлерінің әр түрлілігімен сипатталады.
Қала территориясының оңтүстік және оңтүстік – батыс аймақтарында ұсақ
шоқылар (Бұқпа, Галочья шоқылары) - ежелгі қыртысты елдің рельефінің түүрі.

Ұсақ шоқылар дегеніміз төбешіктер мен шоқылардан тұрады, олар архейдің
ежелгі метаморфологиялық және кристалдық түрлерімен жиналған, сонымен қатар
осы түрлердің желденуінің қабықшасымен жинақталған. Төбешіктердің
салыстырмалы биіктігі 65-70 м, абсолютті белгісі 254-405 м. Ұсақ шоқылардың
төмендеуі жақсы бейнеленген жазықтықтармен көрсетіледі, көбінесе солтүстік
– шығыс бағытта. Ұсақ шоқылардың солтүстігінде жиналатын жас түрлер
төбешікті рельефі бар иілгіш жазықтықты қалыптастырады.
2. Аккумулятивті рельефке ұсақ шоқылардың жазық төбешікті әлсіз
бұтақтанған жазықтық және Көкшетау қаласының солтүстік пен солтүстік –
шығысына тартылады. Бұл рельефтің беткі жағы әлсіз төбешікті, оңтүстік
жағында литологиялық құрамы бойынша бұзылған тау жыныстарынан жиналған.
3. Эрозионды-аккумулятивті рельеф. Рельефтің бұл түрі өзендік
жазықтықтармен, олардың беткейімен және көлді шұңқырлармен бейнеленеді.
Сипатталып отырылған аймақтағы өзен жазықтықтары Шағылалы және Қылшақты
өзендерінің жазықтықтарымен бейнеленеді.
Шағылалы өзені қаланың батыс шекарасы бойымен оңтүстіктен солтүстікке
қарай бағытталып, Қопа көліне ағып түседі. Жазықтық өте жақсы өңделген.
Бұнда жоғарғы және төменгі жайылым, бірінші және екінші жайылма үсті
терассасы. Жоғарғы және төменгі жайылымдар өзеннің барлық бойы бойынша
созылады. Жайылымдағы террасалардың биіктігі 0,5 -тен 1,5 м дейін
ауытқиды. Ені 300 м. жайылымдық террасалардың беткі жағы тегіс емес.
Бірінші жайылым үстіндегі терраса өзеннің барлық бойында ені 1 м-
ден 150-200 м-ге дейін, биіктігі 2-3 м болатын жіңішке жолақтар түрінде
болады. Қызыл Жар ауылының шығыс жағында Шағылалы өзенінің ескі және жаңа
арналарының арасындағы кеңістік бірінші жайылымдық. террасаның деңгейіне
сай келеді. Бұл жерде оның ені 1,5 км жетеді. Террасаның беткі жағы
негізінен тегіс өзен жаққа қарай бұрылған.
Екінші жайылым үстіндегі терраса ені 400 м болатын жіңішке жолақтар
түрінде болады. Ол өзеннің оң және сол жақ жағалауларында кездеседі. Қызыл
Жар ауылының аймағында бұл террасаның ені үлкен (1 м) болып келеді.
Террасаның биіктігі 5-7 м., беткі жағы тегіс, арана қарай кішкене ғана
бағытталған.
Қылшақты өзені шығыстан батысқа қарай ағып, Көкшетау қаласының Қопа
өзеніне түседі. Өзеннің жазықтығы әлсіз өңделген, төменгі және жоғарғы
жайылым үстіндегі бар және әлсіз бейнеленген бірінші жайылым үстіндегі
гіш аймақтары және өзен қасындағы ұсақ террасасы бар. Арнаның ені 5-7 м.,
...(на плесах) 10-20 м дейін жетеді. Төменгі және жоғарғы ... өзен боймен
дамыған. Беткі жағы тегіс емес, ені 1 м-ден 800 м-ге дейін ауытқиды.
Бірінші жайылым үстіндегі терраса Көкшетау темір жол воклазылының
аймағында арнадан жоғары қарай жақсы көрінеді. Террасаның ені 150-200 м.
биіктігі 1,5-2 м.
Көл шұңқырларының орны: Қопа көлі Көкшетау қаласының солтүстік – батыс
бөлігінде орналасқан. Көлді – аллювиальді жазықтық шегарасында Қопа көлінің
жайылым үстіндегі және бірінші терраса айқын көрінеді. жайылым үстіндегі
көл бойымен 5-20 м жолақпен көрінеді, 400 м дейін кеңейеді. Бірінші ...
терраса көлдің оңтүстік – батыс жағынан байқалады, ал шығыс жағынан ол өзен
жазықтығымен араласып кетеді.
Сайлы жүйе эрозионды рельефті сипаттайды. Ол әлсіз дамыған.
Суффозионды-отырғызылған рельефке табақша тәріздес кішкентай шұңқырлар
кіреді. Рельефтің табақша тәріздес формасы төменгі аймақтарды алады.

2.4 Көкшетау қаласының климаты мен метеорологиялық жағдайлары

Қаланың климаты шұғыл континентальді, жазы ыстық (+40 º С дейін) және
қысы суық, қары аз (-45 º С дейін). Көкшетау метеостанциясының көп жылдар
бойы бақылау нәтижелері бойынша қарлы күндердің саны жылына - шамамен 150
(кесте 2.1).

Кесте 1
Жылдық жауын – шашын мөлшері

Жауын – шашын Қ А Н С М
Бір жылдағы 23.0 44.0 27,6 3,8 1,6
пайызы

Төменде Көкшетау қаласының метеостанциясының негізгі климаттық
көрсеткіштері көрсетілген:
1. Ауаның орташа жылдық температурасы +19º С;
2. Абсолютті максимум +40-42ºС;
3. Абсолютті минимум - 46-47ºС;
4. Аязсыз кезең (күн саны) - 105-110;
5. Топырақтың қату тереңдігі – 184 см.;
6. Қарлы жабындысы бар кезеңнің ұзақтығы, күндер - 150;
7. Қарлы жабындының биіктігі - 20-25 см.;
8. Жауын – шашынның орташа жылдық саны – 285 мм.;
9. Желдің орташа жылдық жылдамдығы - 6 мсек.
Ауа – райын болжау. Облыстың гидрометқызметінің жүйесіне 13
метеостанциялар, көлдер мен өзендердегі 9 гидротехникалық посттар, 2
агрометеорологиялық посттар кіреді.
Көптеген метеостанциялардың бағдарламасында негізгі 8 – жедел ақпарат
кіреді: желдің, температураның, қысымның, бұлттанудың, жауын шашынның
параметрлерін бақылау, сонымен қоса қауіптілік кезіңде және жағдайларда
халықты ескерту.
Мониторинг, болжау сияқты ҚР Мемлекеттік стандарттарына және Әлемдік
метеорологиялық ұйымның талаптарына сай жүргізіледі. Ауа райыны нақты құру
үшін атмосфера мен жазықтықтың жағдайы туралы ақпарат қажет. Ақмола
орталығының синоптигі ауа райы туралы біздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шалқар курорттық зонасының экологиялық жағдайлары
Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау
Атмосфераның ластануының теориялық аспектілері
Есіл өзенінің салалары
Ақмола облысының табиғи жағдайларының ерекшеліктері
Оңтүстік Қазақстанда ауа температурасының статистикалық құрылымы
Есіл өзеннің казіргі көрінісі
Ақмола облысының көлдер жүйесіне толықтай сипаттама
Ақмола өңірінің географиялық атауларының қалыптасуындағы геоэкологиялық құрастырушылар ( Зеренді және Атбасар аудандарының мысалында )
Қазақстанның басты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері
Пәндер