Компания активтерінің құрылымы мен динамикасы



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
I Бөлім. Компания активтерінің мәні 3
1.1 Компания активтерінің құрылымы 3
II Бөлім. Компания активтерінің құрылымы мен динамикасы 5
2.1. Баланс активтіктерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 5
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының
динамикасын талдау 14
2.3 Баланс өтімділігін талдау 32
III Бөлім. Компанияның қаржылық тұрақтылығы мәселесі мен оны шешу жолдары
34
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер 37

Кіріспе

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне
өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге
асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл
кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік aca
маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық
есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның
ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір
кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша
қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және
коммерциялық несиелермен жабылады.
Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық
негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір
бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын, барлық қарыз қаражаттары
алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат кездерінің
құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық eceп берудің активтеріне салудың
дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан меншікті қаражаттардың құрылымын
бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы да
қарастырылады. Кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы
активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен
міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы
мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін
анықтауға мүкіндік береді.
Активтер, кәсіпорынның есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын
мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі.

I Бөлім. Компания активтерінің мәні

1.1 Компания активтерінің құрылымы

Активтер − бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі, мүліктік, жеке
мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады. Активтер дегеніміз бұл
кәсіпорын нені иеленді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді.

Актив дегеніміз – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен
бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.

1. Ұзақ мерзімді активтер негізгі құралдар:
− жер
− құрылыстар мен ғимараттар
− машиналар мен жабдықтар
− басқа негізгі құралдар
− жинақталған тозуы
− аяқталмаған күрделі құрылыс
Материалдық емес активтер:
− гудвилл
− патенттер, тауарлық белгілер және басқалар
− материалдық емес активтердің амортизациясы
Инвестициялар:
− еншілес серіктестестіктерге инвестициялар
− тәуелдес серіктестестіктерге инвестициялар
− басқалай инвестициялар
Дебиторлық борыш:
− алынуға тиісті борыштар
− алынған вексельдер
− ішкі топтық операциялар нәтижесінде пайда болған негізг шаруашылық
серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктерінің арасындағы дебиторлық
борыш
− акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларының дебиторлық борышы
− басқадай дебиторлық борыш
− алдағы кезең шығындары
Жиыны:
Ағымдағы активтер:

− тауарлы – материалдық қорлар
− алдағы кезең шығындары
− ақша қаражаттары
− қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
− Дебиторлық борыш:
− ағымдағы активтерді сатып алуға қажетті авансталған төлемдаер

II Бөлім. Компания активтерінің құрылымы мен динамикасы

2.1. Баланс активтіктерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау -
кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті
және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің мацызды элементі болып саналатын активтерді, талдау
барысында, осы активтердің нақты қолда бары, қүрамы, құрылымы және оларда
болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке
топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін
болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өcy себептерін талдағанда, жоғары
деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден
айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет.
Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық
құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім
жэне тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының
өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына
талдау жасасақ. Активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының
есепті жылы 9406 мың теңгеге немесе 28,9%-ке артқандығын көруге болады. Бұл
кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының ол
нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай
таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөленген, сондай-ақ
кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын
және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау
қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін
анықтау қажет, ол туралы apнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар кездеседі.
Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың, өндірістік
қорлардың, аяқталмаған өндірістің, өсімдегі және бордақылаудағы малдар
құндары қосылады.
Екінші әдістемеде кәсіпорынның өндірістік потенциалын анықтайтын
активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерғе қосымша, аяқталмаған күрделі
қаржылар және қондырылатын жабдықтар құңы қосылады. Бұл әдістеме
кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды.
"Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірісіік мақсаттағы
мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни Kn 0,5 қалыпты болып есептеледі"
- деп жазады А.Д. Шеремет пен P.C. Сайфулин. Көрсеткіштердің мәні ең
төменгі (қатерлі) мәннен аз болған жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегі
қызметінің қаржылық нәтижелері активтерді меншікті қаражат есебінен
толықтыруға мүмкіндік бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы мүлікті
арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарып тартқан жөн.
Екінші әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал құны біз
талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда жыл басында - 20143 мың теңгені, жыл
соңында - 20855 мың теңгені құрайды, яғни 712 мын теңгеге немесе 3,53%-ға
өскен. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі
есепті жылы 13,37 пунктке кемігенмен жыл соңында 49,71%-ды құрады, бұл
өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.
Қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл
аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл
басында 15,32 пунктке аз болса (42,34-57,66), жыл аяғында ол ұзақ мерзімді
активтер үлесінен 4,66 пунктке асып кетті (52,33-47,67) және 52,33%-ды
құрады. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 9 есеге
артық (59,32:6,56) болып отыр.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін
анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің
құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу
(мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арпалған қаражат үлесін
сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты
қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы
тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып
табылады яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның
айналымдығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін
керсетеді.
Талдау жүрғізіп отырған кәсіпорындарда бүл коэффициенттің деңгейі жыл
басында 0,42 (13781:32551), ал жыл соңында 0,52 (21956:41957) құрады.
Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі
көрсеткіш - мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті.
Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы
анықталады.
Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық
ерекшіліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің
деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.
Талданып отырған кәсіпорында бүл көрсеткіш деңгейі жыл басында - 0,73
= (13781:18770), ал жыл аяғында - 1,1 = (21956:20001) құрайды. Бұл
коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді
қаражаттардың өcy қарқынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы
біріншілер, яғни мобильді қаражаттар 1,6 eceгe (21956:13781), ал екіншілері
- 6,6%-ға (20001:18770-100) ғана өскен. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық
тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы
активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы
осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді
активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал
қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.
Әрі қарай кәсіпорының мүліктік жай-күйінде, қандай сапалық өзгерістер
болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын
құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік
потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.
Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты
құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені
бұл көрсеткіші кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы
басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі
құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің
барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.
Біздің мысалымыз бойынша баланс валютасындағы негізгі құралдардың
қалдық құнының үлесі жыл басында - 57,27%-ды, ал жыл соңында - 46,47%-ды
құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәніне 3,53 пункт сәйкес келмейді.
Негізгі құралдардың жалпы құнындағы оның активті бөлігінің (жұмыс
машиналарының құны, өндірістік жабдықтар мен тасымал құралдарының құны)
үлесін анықтау өте маңызды және де бұл кәсіпорының материалды-техникалық
базасының дамуындагы жағымды кезең болып табылады. Оның үлес салмағының
өсуі қор қайтарымдылығының өсуіне әкеледі. Алайда біздің кәсіпорында
негізгі құралдардың активті бөлігінің үлес салмағы жыл соңында жыл
басындағы 0,33-ке қарағанда, 0,29-ды құрады. Негізгі құралдардың активті
бөлігінің үлесінің 0,04 пунктке кемуі, олардың өcy қарқынының барлық
негізгі құралдардың өсу қарқынынан айтарлықтай дәрежеде артта қалуының
нәтижесінде болып отыр. Барлық негізгі құралдар құны - 23,9%-ға
(61763:49837*100) өскен кезде оның активті бөлігінің құны тек 5,9%-ға ғана
(17645:16660-100) өскен. Бұл әрине кәсіпорынның материалды-техникалық
базасының дамуындағы жағымсыз кезеңі ретінде қарастырылуы тиіс.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш
- бұл осы негізгі құралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі
бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті. Біздің
кәсіпорынымызда негізгі құралдардың тозу коэффициенті жыл басында 0,63
(31195:49837), ал жыл соңында - 0,68 (4226:61763) құрайды, яғни 0,05
пунктке ескен. Бұл мәліметтер, негізгі құралдардың сапалық (моральды)
тозуын айтпай-ақ, олардың 2З-ден көбі табиғи (физикалық) тозғандығын және
ескіргендігін көрсетеді. Кейбір экономистердің бағалаулары бойынша 50%-дан
жоғары тозу коэффициенті жағымсыз құбылыс болып табылады. Осыған байланысты
кәсіпорын басшылығы осы кәсіпорынның материалды-техникалық базасын
нығайтуға және жаңартуға қатаң көңіл аударуы тиіс.
Әрі қарай, 1- аналитикалық кестені құрастыра отырып ағымдағы
активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.
№ Көрсеткіштер Жыл басында Жыл соңында Өсуі (+),
Кемуі(-),
%



1
сомасы, Үлес сомасы, Үлес
мың тг. салма- мың тг. салма-
ғы, % ғы, %
Ағымдағы активтер, соның
ішінде: 13781 100 21956 100 +59,3
1.1.Тауарлы-материалдық
қорлар 11153 80,93 17617 80,24 +57,9
1.2. Дебиторлық борыш 1165 8,45 1671 7,61 +43,4
1.3. Ақша қаражаттары және
қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар 1463 10,62 1425 6,49 -2,6
1.4. Басқа да ағымдағы
активтер − − 1243 5,66 +5,66

Келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды
динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей
қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильды активтер - яғни ақша
қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бір жылда 38 мың
теңгеге немесе 2,6%-ға азайған.
Ағымдағы активтердің ең мобильды бөлігінің, олардың құнына қатынасы
арқылы анықталатын айналым қаражаттарының мобильдік коэффициенті (ағымдағы
активтердін) 1,6 есеге азайған және 6,49%-ды ғана құрайды. Бұл коэффицент,
ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталатын қаражаттардың жалпы
сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді.
Ең мобильді қаражаттар сомасының азаюы және айналым қаражаттарының
мобильдік коэффициентінің жылдам төмендеуі кәсіпорынның төлеу қабілетінің
нашарлағанын сипаттайды деп айтуға да болар еді. Алайда, нарық жағдайында
айналым қаражаттарының төмен мобильділігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын
да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған
сомасының бар болуы немесе олардың болмауы әлі де болса кәсіпорынның төлем
қабілетсіздігін көрсетпейді.
Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 57,9%-ға өсті
және ол жыл аяғында 17617 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 0,69 пунктке
азайғанымен оның көлемі әлі де болса өте жоғары (80,24%) болып отыр. Бұл
жағдай, материалды айналым қаражаттарының құрамында сұранысы жоқ немесе
шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып
табылатын басы артық және қалын қойған материалдық құндылықтар, дайын
өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер
жоқ па, соны анықтау үшін олардың құрамы мен құрылымына тереңдетілген
талдау жүргізуді қажет етеді. Біздің кәсіпорынымызда материалдық ағымдағы
активтер негізінен дайын өнім eceбінен көбейген, олардың көлемі (дайын
өнімнің) жыл аяғында 14538 мың теңгені құрады, бүл жыл басындағымен
салыстырғанда - 1,9 есеге көп. Осы мерзімде өндірістік қорлар 9,5%-ға
азайған.
Есепті жылы дебиторлық борыш та әжептеуір өскен. Eгep оның көлемі жыл
басында - 1165 мың теңгені құраса, жыл аяғында ол - 1671 мың теңгені
құрайды немесе 43,4%-ға өскен, алайда ағымдағы активтер құрамындағы оның
үлесі 0,84 пунктке азайды (7,61-8,45).
Дебиторлық борыш неге мұнша көп өскендігін және бұл бапты ие үшін
түсіндіру керектігін зерттеп, қарыздарды өтеудің болашағын бақылау және
егер болған жағдайда олардың құрамындагы күмәнді қарыздарда анықтау қажет.
Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып
табылады, Алайда, айта кеткен, жөн, ақша қаражаттарының бір бөлігі есепті
жылы ұзақ мерзімді инвестицияларда бағытталған, олардың көлемі жыл аяғында
504 мың теңгені құрайды, бұл жыл басындағымен, яғни 128 мың теңгемен
салыстырғанда 3,9 eceгe көп.
Дебиторлық борыш неге мұнша көп өскендігін және бұл бапты ие үшін
түсіндіру керектігін зерттеп, қарыздарды өтеудің болашағын бақылау және
егер болған жағдайда олардың құрамындагы күмәнді қарыздарда анықтау қажет.
Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып
табылады, Алайда, айта кеткен, жөн, акша қаражаттарының бір бөлігі есепті
жылы ұзақ мерзімді инвестицияларда бағытталған, олардың көлемі жыл аяғында
504 мың теңгені құрайды, бұл жыл басындағымен, яғни 128 мың теңгемен
салыстырғанда 3,9 eceгe көп.
Өтімді емес, өтімділігі темен тауарлы-материаллык құндылықтардың бар
болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді белігінің үлкен мөлшерде
болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады
және кәсіпорынның жағдайына кері әсерін тигізеді.
Осылайша мүліктің және ағымдағы активтердін мобильдігінің өскеніне
қарамастан, кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің негізділігін
және оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы
активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердін бірі болып саналатын
және оның қаржылық тұрақтылыған сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға
басты назар аударуы қажет.
Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың
ңақты бар болуы емес оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың
пайда болу себебі, әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық
борыш сияқты ақшаны аудару арқылы, есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі
шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш
барлық уақытта есептеулер тәртібі бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық
уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны
меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды,
өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да
кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.
Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге
бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен eceп
айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады.
Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және
қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның
құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.
Дебиторлық борыштың құрамы және құрылымымен толық танысып шыққаннан
кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың
барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайтарымдылығы өткен
тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады.
Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға
сай келмеуі мүмкін немесе ағымдагы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы
мүмкін. Нәтижесінде зияндар елеулі дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық
борыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы
мен нақтылығын білуі керек.
Қарыздардың қайтарылмау пайызы бірнеше жылдардың орташа мәліметтері
бойынша есептеледі. Мысалы, есептеу үшін 3 жылдың мәліметтері алынған,
олар: 1,9%, 3,3% және 6,8%-ды құрайды. Үш жыл үшін дебиторлық борыштың
қайтарылмауының орташа пайызының 4,0%-ға тең. Алайда оны зерттеліп отырған
кезеңдерге ұғынбай таратуға болмайды. Нақты жағдайларды ескеру қажет,
мысалы, қайтарылмайтын пайызының байқалған өсу бағытын. Сондықтан,
келесілерді зерттеу қажет:
• бір немесе бірнеше негізгі қарыз тұлғалардың үлесіне қайтарылмайтын
дебиторлық борыштың қанша пайызы келеді (бұл пайыз қайтарылмайтын
қарыздың шоғырлануын сипаттайды);
• негізгі қарыз тұлғалардың ішінде біреуінің борышты төлемеуі,
кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер ете ме;
• қалыптасу мерзімі бойынша дебиторлық борышты қалай бөледі;
• ескі вексельдерді ұзарту дебиторлық борыштағы вексельдердің қандай
үлесін көрсетеді;
• тұтынушының пайдасына жеңілдіктер (бағасын кеміту) мен басқа да
жағдайлар есепке алынған ба, мысалы, оның өнімді қайтару құқы.
Дебиторлық борыштың өтімділік және сапалық көрсеткіштерін зерттеу
маңызды болын табылады.
Сапа дегеніміз - бұл осы қарызды толығымен қайтарьш алу ықтималдығы,
ол қарыздың қалыптасу мерзіміне байланысты болады. Тәжірибе көрсеткендей,
дебиторлық борыштың мерзімі қаншалықты ұзақ болса оны қайтарып алу
ықтималдылығы соншалықты төмен болады.
Дебиторлық борыштың мөлшерлі мезгілін сипаттау үшін, оларды пайда болу
мерзімі бойынша топтастыру керек.
Ұзақ мерзімді активтердің ішіндегі материалдық емес активтердің есепті
кезең басынан 373685 құрады. Ал есептік кезеңнің соңында 547564 өсті.

ЖолдыЕсепті Есепті
АКТИВТЕР ң кезең кезең
коды басына соңына
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР
Материалдық емес активтер(101-106), соның ішінде: 010 373685 547564
Гудвилл (105) 011 0 0
Материалдық емес активтер амортизациясы (111-116) 020 52819 108286
Материалдық емес активтердің баланстық (қалдық) құны 030 320866 439278
(010-020жолдар), соның ішінде
Гудвилл 031
Инвестициялар, соның ішінде: 070 0 0
Енщілес ұйымдарға инвестициялар (141) 071
Тәуелді ұйымдарға инвестициялар: (142) 072
Бірлесіп бақылайтын заңды тұлғаларға инвестициялар(143) 073
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар (144) 074
Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары (401-403) 075
Ұзақ мерзімді активтер жиынтығы (030+060+070+080 жолдар) 090 3835726615206
6
АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР
АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР ЖИЫНТЫҒЫ (100+110+120+130 жолдар) 140 7342058944383
3
БАЛАНС (090-140 жолдар) 1117778155958
4 99
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Займдар, соның ішінде: 230 78269 746168
Банктердің займы (601) 231 3277 639594
Банктен тыс мекемелер займы (602) 232 0 0
Басқалары (603) 233 74992 106574
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖИЫНТЫҒЫ (230-240 жолдар) 250 1532685230206
4

2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының
динамикасын талдау

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін
талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және
оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да
есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал
мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық
тұрақтылығын көрсетеді.
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне
өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге
асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл
кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік aca
маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық
есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның
ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір
кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша
қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және
коммерциялық несиелермен жабылады.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және
қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру
кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл
кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз
қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге
капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл
көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәулесіздік
коэффиценті, автономдық коэффиценті), бірақ оның мәні бір ғана – бұл
коэффицентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз
екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады.
Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға
бөлумен анықтайды:

Kтс = Мк:Ак

Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;
Мк - меншікті капитал;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни
қаржыландырудың жалпы сомасы).
Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары
екендігін көрсетсе, алдагы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын
көрсетеді.
Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары
деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты
құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл
осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің
міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты
көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға
шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен
және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік
капиталды көбейтуге тырысады.
Қаржылық талдаудан кітаптардың бірқатар авторлары инвесторлар мен
несие берушілерді қамтамасыз ететін, меншікті каниталдың оның жалпы
сомасына қатынасының ең аз мәні 0,6 больш табылады деп есептейді. А.Д.
Шеремет, Л.М. Ковалев; B.П. Привалов, O.B. Ефимова және тағы басқалар бұл
көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемелерін өз
қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең төменгі көрсеткіш бола алады
(2,18,6) деп санайды.
Құрылған мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған қаражаттар салынған,
екінші жартысы кейбір себептермен құнсызданған болса да), кәсіпорын өзінің
қарыз міндеттемелерін жабуына болады.
Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық
міндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген
нарықтық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай
жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-re дейін төмендетуге болады).
Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде
шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де
маңызды. Сондықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін
белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізін баға беру қажет.
Нарық жағдайында ол ақпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге
асырылады. Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие
берушілер меншіктік капиталдың авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы
үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік
жағынан баға береді. Меншіктік капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік
өседі. Кәсіпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің
кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік
несиелердің төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің
қысқарғанын көрсетеді. Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды,
себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және
дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін
пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда
тартылған қаражатты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті
капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, авансталған капиталдың құрылымы
жоғарыда қарастырылған жағдайларга тәуелді болады.
Есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 9406 мың теңгеге
немесе 28,9%-ға өскені көрініп тұр. Бұл өсу жылдың соңында 9681 мың теңге
болған, яғни 5038 мың теңгеге, немесе жылдың басындағы мөлшермен
салыстырғанда 2 ece өскен, қатыстырылған капиталдың өсуінен болған бұл
кезеңде тәуелсіздік коэффициенті 0,854-ден 0,769-ға дейін немесе 0,088
пунктке төмендеген. Алайда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының
(тұрақтылығының) төмендегенін дәлелдемейді.
Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі
«АСМЕЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыру - экономикалық сипаттамасы
Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Энерго техстройсервис ЖШС туралы жалпы мәлімет
Компанияның қарыз капиталын басқару
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар сапасын бағалауы
Жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері
Қазмұнайгаз барлау өндіру акционерлік қоғамының қаржылық тұрақтылығын талдау
Кәсіпорынның меншік капиталын оңтайландыруын бағалуы
Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
Пәндер