Көптік жалғауын дамыта оқыту технологиясының әдістері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ
4
КІРІСПЕ: і көптік жалғауЫН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГіЗІ, ОЛ ЖАЙЫНДАҒЫ КӨЗҚАРАСТАР
4: 6
КІРІСПЕ: 1. 1 Көптік жалғауының лингвистикалық негізі
4: 13
КІРІСПЕ: 1. 2 Көптік жалғауын дамыта оқыту технологиясының әдістері
4: 15
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 22
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
4: 23
КІРІСПЕ: ҚОСЫМША
4: 24

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, «жалпы білім беру» моделінен «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген.

Ол мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру әрі жаңа педагогикалық технологияларды енгізуді міндеттейді.

Осы орайда, көптік жалғауын оқытуда дамыта оқыту технологиясының тиімділігін көрсету - жұмысымыздың өзектілігін танытады.

Зерттеудің мақсаты: көптік жалғауларын дамыта оқыту технологиясы негізінде оқытудың тиімді жолдарын көрсету.

Зерттеудің міндеттері:

  • көптік жалғауының зерттелуін жан-жақты сипаттай отырып, көп-

тік жалғауын меңгертудің амал-тәсілін айқындау;

  • көптік жалғауының әр сөз табына жалғану ерекшелігін көрсету,

жалғану жолдарына қарай беретін мағынасына тоқтала отырып, дамыта оқыту жолдарын көрсету;

Зерттеу нысаны: көптік жалғауын оқытудың диактикалық негіздері, ол жайындағы көзқарастар.

Зерттеу әдістері: жұмысты жазу барысында зерттеу, салыстыру, талдау, жинақтау әдістері қолданылды.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: көптік жалғауын дамыта оқыту жолдарын, ғылыми еңбектер, көптік жалғауын оқыту мәселелері жайындағы зерттеулер.

Бүгін біз төрт жалғаудың ішінен көптік жалғауына тоқталамыз. Көптік жалғауы дегенде екі түрлі ұғым бар: бірі - сөздерге көптік мағына беретін көптік жалғауларының (- дар, -дер, -тар, -тер, -лар, -лер) түрі деген ұғым; екіншісі - сөздердің көптік мағынасының өзі туралы ұғым.

Сөздердің көптік мағынада жұмсалуының үш түрлі тәсілі бар, ол -морфологиялық, лексикалық және синтаксистік тәсіл.

1. Тиісті қосымшалар қосылу арқылы сөздерге көптік ұғымының берілуі морфологиялық тәсіл деп аталады.

2. Көптік ұғымды ешқандай қосымшаларсыз өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады.

Оқушыларға көптік жалғауын керек етпей, өздері көптік мағынада қолданылатын зат есімдерді еске түсіртіп қоюды дұрыс деп есептейміз. Осы тұрғыда санамалап берілген зат есімдерді оқытамыз, бұл атаулар компьютер арқылы көрсетіледі (мультимедиялық бағдарлама) .

а) Жекелеп атауға келмейтін заттардың аттары: су, сүт, тұз, ұн, құм.

ә) Ру, халық, ел аттары: найман, қазақ, қырғыз, керей . . .

б) Әр қилы жанды жәндік, аң, хайуан аттары: көбелек, құрт, қой, түлкі . . .

в) Өсімдік аттары: шөп, арпа, бидай, жусан, тары . . .

г) Қоғамдық өмірдегі әр алуан атаулар: мәдениет, феодализм, ботаника . . .

ғ) Адамның ішкі сезімі, жай-күйі атаулары: алданыш, ермек, ақыл, достық, түс, білгірлік . . .

3. Көптік ұғымдарды сөз тіркестері арқылы білдіру синтаксистік тәсіл деп аталады.

4. Көптік жалғауы бірыңғай мүшелердің бәріне емес, ең соңғысына жалғанады. Мысалы: Ол кітап, дәптер, қаламдарын алып мектепке кетті.

і көптік жалғауЫН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГЗІ, ОЛ ЖАЙЫНДАҒЫ КӨЗҚАРАСТАР

1. 1 Көптік жалғауының лингвистикалық негізі

Қосымшалар дегеніміз - сөз емес, сөзге жалғанатын буындар. Бұларда өз алдына мағына жоқ, басқа сөзге жалғанбай бөлек айтылмайды да, сондықтан бұлар қосымшалар деп аталады. Қосымшалар екі түрлі: біреулері жалғанған сөздің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейді. Екіншілері жалғанған сөзінің тұлғасын да, мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастапқы қосымшалар тысқарғы жалғаулар не тікелей жалғау деп аталады; екінші қосымшалары ішкергі жалғаулар не тікелей жұрнақ деп аталады.

Түсінікті болу үшін мысал келтірейік: алайық «жылқы» деген сөзді, «шы», «ның» деген қосымшаларды. Жылқы деген сөзге «шы» қосымшасы да, «ның» қосымшаны да қосып байқайық: қайсысы жұрнақ болып шығар екен. Жылқы - жылқышы, жылқы - жылқының. «Жылқышы» дегенде сөздің бастапқы мағынасы да, тұлғасы да өзгерді: «жылқышы» деген сөз енді мал табының есімін көрсетпейді, адам табының есімін көрсетеді. «Жылқының» дегенде сөздің тұлғасы өзгерілді, мағынасы өзгерген жоқ: «жылқының» деген сөз бәрі бір мал табының есімін көрсетіп тұр. Айтылғаннан енді мәлім болды: - шы қосымша жұрнақ екендігі, -ның қосымша жалғау екендігі.

Қазіргі қазақ тілінде жалғаулардың төрт түрі бар. Олар: көптік жалғау, тәуелдік, септік, жіктік жалғау . Осы төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары, сол мағыналарына орай, арнаулы грамматикалық формалары және сол грамматикалық мағыналары мен формаларына сай, олардың өзді-өздеріне тән ерекше қызметтері бар

Жалғаулар, бір жағынан форма тудыратын қосымшалардың бір түрі болып табылады, өйткені форма тудыратын жұрнақтар сияқты жалғаулар да өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына (мысалы, көптік, тәуелдік, жақтық, меншіктілік, объектілік, мезгілдік, мекендік-бағыттық, т. б. ) үстеп, белгілі бір топтағы сөздердің (сөз табының) түрлену формасы болып табылады. Екінші жағынан, жалғаулар форма тудырушы жұрнақтардан сөйлемдегі қызметі жағынан, яғни сөздерді байланыстыру сипаты жағынан ажыратылады. Сөйтіп, жалғаулардың форма тудырушы жұрнақтардан ең басты айырмашылығы сөз байланыстыру қызметіне байланысты.

Жалғаулар, жоғарыда айтылғандай, сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып есептеледі. Жалғауларда мағыналық дербестік те, тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені жалғаулар, біріншіден, жеке-дара қолданылмайды, екіншіден, жеке-дара тұрғанда ешқандай мағынасы да болмайды. Ал мағыналы сөздерге қосылғанда, олардың атқаратын қызметтері де зор және ол сөздерге тиісті грамматикалық мағыналар да жамайды.

Жалғаулар тұлға жағынан байыпсыз болады. Бірақ олар жалғанатын сөздердегі дауысты дыбыстардың әуеніне қарай не жуан, не жіңішке болып сәйкесетіні сияқты, дауыссыз дыбыстардың да орайына қарай қатаңдап, ұяңдап, сонарланып, екі-үш вариантты болып түрленгені ғана болмаса, шексіз өзгере бермейді. Мысалы: көптік жалғауының варианттанған түрлері -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер болса, ілік септіктің қосымшасы -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің, жіктік жалғаудың I жақ қосымшасы -мыз, -міз, -пыз, -піз, - быз, -біз т. б. болады. Бірақ, осылайша варианттанып келетін жалғаулардың грамматикалық мағыналарына да, қызметтеріне де түрленуден басқа өзгеріс енбейді.

Жалғаулар сөйлемдегі сөздердің аралықтарындағы әр қилы аса жалпы қатынастарды білдіреді де, сол қатынастардың түр-түрінің көрсеткіші есебінде қызмет етеді. Сондықтан, жұрнақтарға қарағанда, жалғаулардың өрісі де кең, өресі де жазық болып келеді. Мысалы, септік және тәуелдік жалғауларды алсақ, олар тек зат есімдерге ғана жалғанып қоймай, субстантивтенетін сөздердің қай-қайсысына болса да жалғана береді. Көптік жалғаудың өрісі де осындай. Ал, жіктік жалғауды алсақ, ол да сөйлемде баяндауыш болатын сөздердің бәріне де талғамай жалғана береді.

Жалғаулардың қай түрі болсын грамматикалық мағынасы мен қызметі жағынан белгілі сөз таптарына қатысты болып келеді. Мысалы, көптік, септік, тәуелдік жалғаулары зат есімге қатысты және зат есімнің түрлену жүйесі, грамматикалық категориялары болып табылады. Өйткені бұл жалғаулардың білдіретін мағынасы сөздің заттық мағынасымен байланысты да, зат атауын білдіретін сөздерге немесе басқа мәндегі сөздерге жалғанса, оны заттандырып (субстантивтендіріп) жібереді: талаптыға нұр жауар, еріншектің ертеңі таусылмас т. б. Ал жіктік жалғау мағынасы мен қызметі жағынан субъектінің (әрекет иесінің) жағын білдіретіндіктен, қимылды білдіретін сөздерге (етістікке) тән болып келеді. Бірақ есім сөздер де жіктеле алады.

Жалғаулардың ішінде көптік жалғаулардың орны ерекше. Көптік жалғау - көптік ұғымының көрсеткіші.

Түркі тілдерінің көне дәуірлеріне қатысты мұралар тілінде де жекелік мәнді білдіретін арнайы аффикстер болмағаны мәлім. Көптік мән арнайы жалғаулар немесе сөздің лексикалық мағынасы және сөз тіркестері арқылы да берілген.

Кейбір жеке сөздердің лексикалық мағынасының өзінде көптік ұғым жатады. Мысалы, йылқы (жылқы), барым (мүлік, дүние) тәрізді сөздер қолданылуына қарай жекелік те, көптік те ұғым берген. Сонымен бірге, көптік ұғым сан есім мен зат есімнің тіркесі, қос сөздер арқылы да жасалған.

Көптік мағынаны тудырудың негізгі жолы - көптік жалғаулары. Орхон-Енисей жазбаларының тілінде көптік жалғауларының екі түрі кездеседі: -лар, -т, -лар, -лар жалғауы көптік мағына тудырудың негізгі тәсілі, сондықтан ескерткіштер тілінде бұл жалғау бастан аяқ қолданылады. Мысалы, беглер (бектер), кунчуйлер (әйелдер, ханымдар) т. б. Жинақтық мән беретін сөздер көбіне -лар жалғауынсыз қолданылғанға ұқсайды. Мысалы: тоқуз оғуз беглері будуну бу сабымен егүті есід қатығды тынла деген сөйлем құрамында бег (бек) сөзі көптік жалғаумен келсе, жинақтық мән беретін будун (халық) сөзіне жалғанбаған. Кейінгі дәуір жазбаларында да -лар көптік мән берудің басты тәсілі есебінде қолданылған: Білге кетік кішілер менім сөзүм ешідіңлер (К. К) . Қазіргі қазақ тіліндегі -лар жалғауының қолданылуымен салыстырғанда, көне түркі жазбаларында бұл ретте кейбір ерекшеліктер кездеседі. Олар мына төмендегідей: сан есіммен бір тіркесте келген зат есімдер де кейде -лар жалғауын қабылдайды: маңа төрт йеклер йақын келті (З. Б) . Кейде алдында сан есім айтылған бірыңғай мүшелердің әрқайсысына -лар жалғанып қолданылады: төрт атларым, йылқыларым (З. Б) . Әрі бұл жерде алдыңғы сан есім бірыңғай мүшелердің әрқайсысына жеке-жеке қатысты деп те ойлауға болар еді. Қос сөздердің әр сыңарларына жалғанады: куртлар-қоңызлар (З. Б) . Кейде жинақтық мән беретін сөздерге де -лар жалғанып келеді: Қар, буз қамуғ ерішді. Тағлар суғы ақышты. Көкшін бұлт өршүді. Қайғұқ болуб егіршүр [21, 97] . Ал, осы тәрізді сөздер ыңғайына қарай жекелік тұлғада қолданылады: Құлан түгел құмурты, арқар, соқақ йумутты [21, 137] . Құландарды түгелімен аудырды. Арқар, киіктерді жиды. Қолданылу мәні тұрғысынан соңғы сөйлем құрамындағы арқар, құлан сөздерінің алдыңғы тау сөзінен айырмашылығы жоқ. Сірә, бұл ретте -лар аффиксінің стильдік қолданылуын ғана байқауға болар.

қосымшасы Орхон-Енисей жазбаларында атақ-дәрежені білдіретін азын-аулақ сөздердің құрамында кездеседі: тарқан-тарқат, шад-апыт, тігін-тігіт т. б. Зерттеушілер бұл қосымшаны монғол тілінен ауысқан деп есептейді. Солай екендігі қосымшаның сөзге жалғану тәртібі де дәлелдейтін сияқты. Бұл қосымша жалғанғанда сөздің жеке түріндегі соңғы дыбысы мүлдем түсіп қалады: тарқан-тарқат . Бұл қосымша Орхон-Енисей жазбаларынан кейінгі дәуірден қалған ескерткіштердің ешқайсысында да көптік мән туғызудың өнімді тәсілі ретінде ұшыраспайды. X-XIII ғасыр жазбаларында аффиксімен келген бірен-саран сөздер ұшырасқанмен, сол сөздердің өзі кейде көптік жалғаудың өнімді түрі -лар -ды қабылдайды. П. М. Мелиоранский Күлтегін ескерткішінде кейбір сөздер құрамында кездесетін қосымшасын түбірден бөліп алып қарауға болмайды деген пікір айтады. Бірсыпыра зерттеушілер сүт, алпауыт сөздерінің құрамындағы -ны да көптік жалғау деп қарайды. Осы сөзбен кете берсек, қазақ тіліндегі сәлем-сауқат дегендегі да осы жалғау деп қаралу қажет. Өйткені, қазақ тілінде оның сауға дейтін -сыз айтылатын да варианты бар.

А. М. Шербак -лар аффиксінің X-XIII ғасырлар жазбаларында былайша қолданылғанын көрсетеді: -лар жалғауы изафеттің бірінші сыңарына ғана жалғанып келеді: Тағлар сувы [21, 273] . Кейде -лар изафеттің екі сыңарына бірдей жалғанып келеді: көб кушлар авлағулары . Кейде -лар изафеттік соңғы басыңқы сыңарына ғана жалғанады: Ашур улу йазлықлы турмен менің йаман ішлерімден, йаман сағынчымдан. (Менің жаман істерімнен, жаман сезімімнен аса жазықты болып тұрмын) . -лар аффиксінің изафеттің құрамында осы қолданысы қазіргі қазақ тілінің кейбір заңдылықтарын барлап қарауға мүмкіндік береді. Изафеттің алғашқы сыңары көптік жалғаулы болып келуі қазақ тілінде тек мынандай ыңғайларда ғана мүмкін: Кісілердің келісі, үйдің төбесі т. б. Екінші сөзбен, изафеттік тіркестің бірінші сыңарының көптік жалғаулы болуы не көп нәрсеге заттың ортақтығын, не көп затқа көп заттың тәндігін білдірумен байланысты. Бірақ соңғы ыңғайда сөз жинақылығы мақсатымен екінші сыңары жалғаусыз айтылады. Изафеттің екі сыңарына бірдей көптік жалғау жалғану қазақ тілінде стильдік мақсатпен ұштасып жатады. -лар аффиксінің қолданылуының үшінші түрі қазақ тілінде бір затқа көп нәрсенің тәндігін білдіру тәсілі есебінде жиі кездесетіні мәлім.

Қазіргі түркі тілдерінің ішінде бұл қосымша якут тілінде айтылады. А. Н. Кононов якут тілінде -лар көптік жалғауы есімдерге арқылы жалғанатындығын айтады: уол-аттар . Мұндай ерекше жалғаныс, әрине қосымшасының өзінің бұрынғы мәнінен ажырап қалуының салдары. қосымшасының ескіруі, сөйтіп өз мағынасынан ажырауы орта ғасырлардың соңғы кезеңдеріне қатысты болса керек. «Бабурнама» тілінде де жаңағы якут тіліндегідей ұшырасады: бекетлер: бек есіміне әуелі одан соң ғана -лар жалғанған.

Көне түркі тілін зерттеушілердің біразы (Габен т. б. ) ол тілде көптік жалғаудың тағы бір түрі -(а) н болған деген жорамал айтады. А. Габен ерен сөзін көптік жалғауда тұрған, көптік білдіретін сөз деп қарайды.

А. Н. Кононов оғлан сөзінің құрамынан да осы аффиксті көреді. Бұған сірә, көне түркі тілінде оғлан, қазіргі тілдерде ұл тұлғаларының айтылуы себеп болса керек. Қазақ тілінде ерен сөзі тек жекелік мағынада ғана айтылады. Алайда, сыртқы ұқсастығын еске алсақ, үшем (кейде үшен) сөзінің құрамындағы -ем (ен) қосымшасын осыған жатқызуға болар еді. Дегенмен мұнда жалпылама көптікті білдіруден гөрі топтау мәні басым.

С. Е. Малов көне түркі тілінде көптік мағына туғызған қосымшаның бірі деп біз есімдігінің құрамындағы -з- ны көрсетеді. Бірақ Орхон-Енисей жазбаларының өзінде көптік мән туғызатын еркін аффикс есебінде қолданылмаған. С. Малов бұл аффиксті тек әлгі айтылған есімдіктер құрамынан ғана ажыратады. С. Е. Малов мынандай фактілерді келтіреді: меңіз (бет), көкүз (көкірек), ағуз (ауыз) . Ол біз, сіз есімдіктерінің құрамын былайша түсіндіреді: бі-з, сі-з. Монғол тілінде «мен» есімдігі «бі» «сен» есімдігі «сі» түрінде айтылады. Сонда түркі тілдеріндегі біз, сіз сөздері жіктеу есімдіктерінің жеке түрі мен көптік жалғаудың қосындысынан құралған болады. Ал, А. М. Шербак X-XIII ғасыр жазбалары тілінен мына сөздерді келтіреді: көз, мүйіз, ікіз (егіз), тіз (е) йодаз (тізе - алтайша) . Осымен байланысты Қашқаридың мына бір ескертпесін келтіре кетудің артықтығы жоқ: «Сіз - үлкендерді құрметтеу мәнінде сен мағынасында айтылатын сөз. Асылында мұның беретін мағынасы сіздер. Кішілерге сен делінеді» [21, 136] .

Бұған қарағанда, сірә, Махмут Қашқари дәуірінде сіз есімдігінің сыпайылық мәні мен көптік мәні қатар жүрсе керек. Түркі тілдерін зерттеушілердің кейбірі бұл қосымшаны ескі дәуірдегі екілік категориясының көрінісі деп те қарайды. Айталық, ауыз, көз, егіз сөздері жұп немесе екі бөліктен тұратын заттардың атаулары, сол себептен бұл сөздер «з» дыбысына, екілік категориясының қосымшасына бітеді деп қаралады. Алайда, түркі тілдерінің бірі қазақ тілінде екі бөліктен тұратын атаулардың бәрі бірдей з -ға аяқталмайды. Мысалы, құлақ, аяқ, қол, бет т. б. з-ға аяқталатын атауыш сөздер санаулы: көз, егіз т. б. ғана. Екінші жағынан қазақ тілінде з-ға аяқталатын кей сөздердің р-ға бітетін етістік варианттары бар. Мысалы, көз-көр, семіз-семір т. б.

А. Байтұрсынов көптік жалғауын зерттеу барысында: «Зат есімде екі айырыс бар: 1) жекелік, 2) көптік. Жекелік айырыс нәрсенің жеке күйіндегі есімнің түрі, мәселен; ата, дене, омырау, белбеу, сырнай, керней, шыны, қаз, құнан, шелек, қайрақ т. б. Көптік айырыс нәрсенің көп күйіндегі есімнің түрі, мәселен: аталар, денелер, омыраулар, белбеулер, сырнайлар, кернейлер, шынылар, қаздар, құнандар, шелектер, қайрақтар, т. б» [22, 201] .

Бұдан шығатын қорытында, А. Байтұрсынов та көптік мәнді білдіретін қосымшалар деп: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қосымшаларын көрсетеді.

Қысқасы, -лар аффиксі өзінің мәні мен қолданылуы тұрғысынан көне түркі тіліндегі негізгі ерекшеліктерін сақтаған. -лар аффиксінің этимологиясы жайлы көп пікірлер айтылды. Поляк ғалымы Т. Ковальский өзінің осы мәселеге арналған зерттеуінде өзінен бұрынғы пікір-жорамалдардың барлығына талдау жасай келіп, -лар аффиксінің арғы төркіні болжалды санды (бірнеше, көп сөздері тәрізді) білдірген сөз болу керек деп есептейді. А. В. Богородицкий бұл аффикстің қалыптасуын III жақ жіктеу есімдігі мен -ар жұрнағының арасындағы ығысудың нәтижесі деп қарайды. Н. А. Баскаковтың зерттеулерінде -лар аффиксі құранды қосымша есебінде қаралады. Есім түбірлерден етістік жасайтын -ла (балта-ла, қылыш-та, тас-та т. б. ) істің қайталанатындығын, дүркінділігін білдіреді. Мұның өзі, Баскаковтың ойынша, келер шақ есімшенің тұлғасы -мен бірігіп барып, ішкі семантикалық өзгерістің нәтижесінде көптік мән берудің қосымшасы есебінде қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Қазақ тіл білімінде сан-мөлшер категориясы көбіне-көп көптік ұғыммен, көптік жалғау тұлғасымен байланысты қаралып келді. Қазақ тілінің грамматикаларында сан-мөлшер категориясы деген терминнің болмай, грамматикалық тұлға ретінде көптік жалғау, көптік жалғау категориясы немесе көптік категориясы деген терминдердің қолданылуы осының дәлелі болса керек. «Тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Ал осы екеуі бір де емес және бірдей де категориялар емес. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы - онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі, лексикалық, морфологиялық, синтетикалық тәсіл арқылы да айтылады [23, 40]

Әрмен қарай «көптік жалғау категориясы» деген ұғымға не кіреді деп ашық айтылмайды, сірә, ол термин және ұғым көптік жалғау дегенмен пара-пар болу керек. Мұнда, біріншіден, категория (әрине грамматикалық категория мәнінде) деген термин, жоғарыда арнаулы тақырыпта көрсетілгендей, белгілі бір тұрақты грамматикалық құбылыстың аты ретінде белгілі бір принциппен қолданылмаған. Екіншіден, «көптік жалғау категориясы» деген термин «грамматикалық формалар жүйесі арқылы берілетін тектес, ыңғайлас әрі өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы болып келетін грамматикалық мағыналардың жиынтығы» деп анықталатын грамматикалық категория ұғымын тіпті жоққа шығарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Септіктер Септіктердің жалғаулары
Қазақ тілінде сөздердің жіктелуі
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту
Есім сөздерге жалғанғанда, жіктік жалғаулары заттың кім
Зат есімнің жалғауларын оқыту
Орыс сыныптарында қазақ тілі сабақтарындағы деңгейлік тапсырмалар жүйесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу, оқыту
Бастауыш мектепте зат есімді оқыту тәжірибесімен танысу
Бастауыш сыныптарда зат есімді оқытудың тиімді жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz