Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және ақпараттық технология факультеті
Менеджмент және маркетинг кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы

Орындаған: Қаржы 050509-11
тобының студенті
Шаймерденова Ж.Ш.

Тексерген: “Менеджмент және
маркетинг кафедрасының оқытушысы”
Азмаганова Қ. Ж.

КӨКШЕТАУ-2007 ж.
Жоспар

Кіріспe ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .3

Негізгі бөлім:

І Бөлім.Қор биржасының қалыптасу жағдайлары
1.1 Қор биржаларының мәні және ерекшеліктері ... ... ... ... ..6
1.2 Қор биржаларының қызметтері мен принциптері ... ... ... 9
1.3 Қор биржасы және оның белгілі функциялары ... ... ... ... 11

ІІ Бөлім.Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының даму сатылары
2.1 Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының сауда-саттық
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Мемлекеттік қор биржасындағы бағалы қағаздардың нарығы және оның айналу
мәселері ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

Қорытынды және ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қолданылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Кіріспе.
Қор биржасы белгілі бір сипатта ұйымдастырылады, мұнда
бағалы қағаздарды сату, сатып алу операциялары жүретін
механизм болып табылады. Курстық жұмыста қор биржасы
туралы мәліметтер берілген. Жалпы алғанда қор биржасы
бойынша бағалы қағаздардың қозғалысы туралы материал
жинадым. Қор биржасының механизімін жіберу үшін, алдын
ала мыналар қажет: біріншіден, болашақ клиентуралардың
желісін құру бойынша ең алдымен барлық акционерлерге күш-
жігерді жұмсау керек. Яғни, қор биржасындағы бағалы
қағаздардың қажетті колемінің бастауы үшін қалай
қалыптастырылуын және кіммен жұмыс жасау мәселесін
шешкен жөн; екіншіден, қор операцияларын жүргізетін
делдалдар жүйесі – брокерлер мен дилерді қалыптастыру
қажет; үшіншіден, алдымен қор биржасын жіберуді шешпестен
бұрын, биржалық механизмнің орталық блогының жұмысын
реттеу керек (бағалы қағаздардың биржаға рұқсат етуінің
жүйесі, сарапшы баға белгілнушінің комиссияся және т.б.)
яғни, алдымен қор биржасының функционалды және
ұйымдастырушылық құрылымыңнегізгі тірегін қалыптастыру
керек. Осылайша әлі де болса қор биржасы толық
зерттелмеген болып табылады.

Елбасының бастамашылығымен құрылған Алматы қаласы

өңірлік қаржы орталығының қызметі қазыр кең

ауқымдылығымен танылып отыр. Президент Н.Ә.

Назарбаевтың биылғы ел халқына Жолдауында қаржы

секторын дамыту мәселесін алға қоюына сәйкес аталған ұйым

отанжық бағалы қағаздар рыногын дамытуға, халықаралық

капитал рыногы мен интеграциясын қамтамасыз етуге,

Қазақстан экономикасына жаңа инвестициялар тартуға,

қазақстандық капиталдың шетелдік қор рыногына шығуына

бағытталған белсенді іс-ізденістерді жандандыра түсіп келеді.

Бұл ретте атқарылар міндеттер де үлкен.

Осы мәселеАлматы қаласы Өңірлік қаржы орталығының

қызметін реттеу агенттігінің ұйымдастыруымен Қарағандыда

өткен Компанияның қор рыногына шығуы – табысты

стратегиялар мен озық тәжірбие ақпараттық білім беру

семинарында жан – жақты ортаға салынды. Онда қосымша

қаражат көзі мен капиталдандыруды өсіру мүкіндігі ретінде

компанияның қор рыногына шығу стратегиясын тандау,

акцияларды орналастыру алдында бизнесті бағалау, құнды

қағаздарды орналастыру технологиясы, инвесторлармен

байланыс орнату жайы, несиелік рейтенгі мен корпоративті

басқарудың рөлі мен маңызы талқыланады.

Семинарда мемлекеттік құрылымдар мен институттары,

жетекші заң және аудиторлық компаниялардың, отандық және

шетелдік консалтингтік фирмалардың өкілдері, қор

рыногының сарапшылары тәжірбие бөлісіп, ұсыныс – пікірлер

алмасты.Осылайша әлі де болса қор биржасы толық зеттелген

жоқ. Сондықтан да курстық жұмыс тақырыбы өзекті деп

саналмайды.

Жалпы курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан

Республикасындағы қор биржасының қалыптасуын, дамуын

зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеті – Қор биржасы туралы мәлімет

жинау. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылуын зерттеу.

Жиналған мағлұматтарды дұрыс өндеп жақсы,сапалы курстық

жұмыс жасау.

Зерттеу объектісі- жалпы және Қазақстандағы қор биржаларын зерттеу.

Құрылымы- Бірінші болып кіріспе келеді. Кіріспеден кейін

негізгі бөлім келеді, ол екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, Қор

биржасының қалыптасу жағдайлары.Ол өзара үшке бөлінеді:

1 Қор биржаларының мәні және ерекшеліктері.

2 Қор биржаларының қызметтері мен принциптері.

3 Қор биржасы және оның белгілі функциялары.

Екіншісі, Қор биржаларының даму сатылары. Ол да өзара екіге бөлінеді:

1 Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының сауда-

саттық операциялары.

2 Мемлекеттік қор биржасындағы бағалы қағаздардың нарығы

және оның айналу мәселері.

Қолданылған әдебиет.

Қосымша.

І бөлім. Қор биржаларының қалыптасу жағдайлары

1.1 Қор биржаларының мәні және ерекшелігі

Бағалы қағаздардың екінші реттегі рыногының қайнаған

ортасы қор биржасы. Қор биржасы белгілі бір сипатта

ұйымдастырылып, мұнда бағалы қағаздарды сатып алу, сату

ісі жүреді. Бұл биржанын пайда болуы нарықтық

қатынастардың дамуының объективті салдары. Мұндай

институттардың өмірге келуі шикізат, ауыл шаруашылығы

тауарлары, соңынан бағалы қағаздарды сатудың ұлғаюымен

түсіндіріледі. Аталған тауарлардың белгілі ерекшеліктері

бұлардың биржалық тауарларға ауысуын сипаттайды.

Биржаның ерекше белгілері. Белгілі бір ережелермен

сипатталатын қызметтері мен ұйымдық құрылымы сауданы

саудаласу, нақты сату, тауарды көрсетпей-ақ жүргізуге

мүмкіндік береді.

Қор биржасы бағалы қағаздардың қайталама рыногының

ұйымдастырушысы болып табылады. Биржадан тыс рынок,

әдеттегідей, тек бағалы қағаздардың жана шығармашылығын

қамтиды. Онда көбінесе облигациялар орналастырылады.

Биржада керісінше, бағалы қағаздардың ескі

шығармашылығының, негізінен акционерлік қоғамдардың

акцияларының бағамы белгіленеді. Заңнамамен қор

биржаларының ең төмен жарғылық капиталы белгіленеді. Қор

биржасы инвестициялық институттар ретінде қызметпен

айналыспайды, бірақ меншікті акциялар шығара алады және

сата алады, бұл оның мүшелері болуға құқық береді.

Акционер - кәсіпорынның жеке меншік иесі, осы тұрғыдан

оның бірқатар құқы бар, ең алдымен дауыс беру құқы бар.

Жылдық және төтенше жиналыстарда акционерлер

компаниялардың қызметіне бақылау жасайды. Олар

менеджерлер көмегімен бизнесті бағыттап, бақылап отыратын

директорлар сайлайды, олар төтенше манызы бар мәселелер

бойынша шешімдер бекітеді.

Қор биржасы заңнамаға сәйкес тіркелінеді және бағалы

қағаздармен биржалық қызмет жүргізуге бағалықағаздар

жөнінднгі ұлттық комиссисында лицензия алады.

Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары және

заңдарға сәйкес бағалы қағаздардан басқа өзге қаржы

құралдарымен өзге мәлімелерді жүзеге асыру құқығы бар өзге

де заңи тұлғалар қор биржаларының мүшелері болып

табылады. Қор биржасындағы бағалы қағаздар рыногының

кәсіби қатысушыларының кемінде он мүшесі болуы тиіс. Қор

биржасының мүшнлері мәмілелерді жасау осы мүшелер үшін

қор биржасының ережелерінде жол берілетін қаржы

құралдарының түрлері бойынша сауда-саттыққа қатысуға

құқылы.

Қор биржасы- акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық

нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының

сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу

арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан

қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұла және

акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін

коммерциялық емес ұйым. Қор бибжасының қызметіөзін-өзі

өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінең түскен

кірістер биржаның материалдық – техникалық дамытуға

пайдаланылады.

Қор биржасы:

1. Сауда жүйелерін пайдалану және қолдану.

2. Қор биржасының тізіміне бағалы қағаздарды енгізуге

жорамалданып отырған немесе енгізілген эмитенттерге,

сондай-ақ қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы

қағаздар мен өзгеде қаржы құралдарына талап қою.

3.қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы

қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәміле

жасау мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз мүшелеріне

мүмкіндік беру, осы қаржы құралдары бойынша тұрақты

сауда-саттық ұйымдастыру және өткізу, қаржы

құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды

ұйымдастыру және жүзеге асыру, не осындай есеп

айырысуды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу.

4.Өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық , ақпараттық

және өзге де қызметтер көрсету.

5.Бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелері бойынша
талдамалық зерттеулер жүргізу.

6.Банк заңнамасында белгіленген тәртіппен банк

операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру және

қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де

функцияларды жүзеге асырады.

1.2 Қор биржасының қызметтері және принциптері.

Қаржылық қолдануды қосқанда ресурстардың бөлінісі жаңа

экономикалық шарттардың формасына сәйкес экономикада

қайта құруды міндет етіп отыр. Нарық қатынасы дамыған

елдерде қаржы ресурстарын тиімді түрде қайта бөлу қор

биржалары арқылы жүзеге асады.

Қор биржасы – құнды қағаздардың қалыпты айналымы үшін

қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым.

Қор биржасының барынша толық мәні экономикада

төмендегідей қызметтерді орындау кезінде көрінеді:

-қор нарығында биржалық делдалдармен бағалы

қағаздарды сату жолымен уақытша жиналған және

қорланған еркін ақшаларды жұмылдыру және шоғырландыру.

-ел үкіметінің шығыстар мен өндірісті қаржыландыру және

несиелендіру.

-жалған капиталдын қалыптасуы және ұсыныс пен

сұраныстың деңгейіндегі көрінетін бағаларды белгілеу,

құнды қағаздармен болатын операцияларды шоғырландыру.

Қаржылық ресурстарды қайта бөлу мен жұмылдыру,

шоғырландыру процесінде қызмет етуші қор биржасы

экономиканың маңызды буындарының делдалы ретінде алға

шығып және экономикалық дамудың қозғаушы бірден бір

күші болып таба алатын инвестициялық процеске ықпал

жасайды.

Қор биржасы өзінің қызметін келесі принциптерге сай

құрады:

-брокер және клиентпен арадағы жеке сенімділік, өйткені

биржадағы мәміле ауызша жасалып, кейін заңды түрде

ресімделеді.

-биржадағы жасалатың барлық мәмілелер туралы

жариялылық пен ашықтық.

-сауда мен есепке алу дәрежесін белгілеу жолымен

қаржылық делдалдар қызметін аудиторлармен қор биржасы

әкімшілігі тарапынан қатаң реттеулер.

Осы принциптерді қамтамасыз ету нәтижесінде, бағалы

қағаздарды қор биржасында сату мен сатып алу ықыласына

түрткі болатын орта қалыптасады. Бұл осындай

басымдылыққа жол ашады: осы қағаздың аяқ алысы үшін

несиеге қолжеткізетін жақсы мүмкіндік, бағалы қағаздар

нарығы жағдайына өте жақсы шолу мен сол мүмкіндіктің

барынша дәлме – дәл немесе басқадай бағалы қағаздардың

бағалануы және т.б. Сонымен бағалы қағаздар нарығында

қор биржасы өзіндік борометр мен туралап дәлелдеуінің

рөлін атқарады десе болады. Соның арқасында әрбір

инвестор іздегенін табады, болашағы зор акционерлік

қоғамға өзінің ақшалай қаражатын салады.

1.3 Қор биржасы және оның белгілі функциялары

Қор нарығы сауданың өсуі салдары мен мерзімдік мәміле

жасау санының артуынаң тұтыну тауарларының нарық

қойнауында қалыптасты. Борыш қолхаты болып табылатын

қаржылық операциялардың объектісіне – векселдер біртіндеп

айнала бастады. Бельгияның Антверпен қаржы ресми түрде

қор биржасының отаны болып саналады. Тауар биржасындағы

бағалы қағаздардың алғашқы сатылу 1592 жылы басталды.

Соңынан көшбасшылық Амстердамдық биржаға қарай

ауысады. Бұл жерде бірінші рет мерзімді мәміле пайда болып,

биржалық операцияның техникасы салыстырмалы жоғары

деңгейге жетті.

Биржаның бастапқы қалыптасуы сонымен қатар мемлекеттік

борыштың өсумен байланысты болып, биржалық

операцияның техникасы салыстырмалы жоғары деңгейге

жетті.Қазынашылық вексельге және облигацияға салынатын

капиталдар кез келген уақытта ақшаға айналатын еді.

Бағалы қағаздар шығаруының өсуі мен акционерлік

қоғамның көптеп құрыла бастауы. ХІХ ғасырдын екінші

жартысына қарай қор биржасының маңызды шұғыл өсе

түсті. Өндірістің өсуімен салыстыру бойынша ақша

капиталының барынша қарқынды қорланымы мен рантье

қабатының ұлғаюы бағалы қағазға деген зор сұранысты

анықтады. Соның нәтижесінде биржаның айналымы өсе

түсті, биржадағы басты орындарды меншік компаниялар мен

кәсіпорындардың акциялары мен облигациялары алды. Қор

нарығының барлығы барынша реттелмелі болып қалыптаса

бастады.

Әсіресе АҚШ – та бағалы қағаздар нарығы кең көлемде дамуға

ие болды. Егер континентті Еуропа еркін ақша қаржыларды

банктағы шоттарда сақтауды, сақтандыру полистері мен

жылжымайтын мүліктерге салуды артығырақ санаса.

Америкада көпшілік кәсіпкерлер капиталдарын қаржылық

активтерге инвестициялайды. Сондықтан, АҚШ қор нарығында

қаржылық операцияларды жүзеге асырудың барынша қазіргі

заманғы механизмі қалыптасты. Қазіргі уақытта , дұрысын

айтқанда ол барынша ұйымдастырылған және бағалы

қағаздардың демократиялық нарығы ретінде есептеледі.

Қаржылық нарықтың қалыптасқан ұлттық ерекшеліктеріне

қарай қор биржасы ұйымдарының екі үлгісін айырып тану

мақұлданған болатын. Бұл жеке құқықтағы қор биржасының

сипаты мен көпшілік құқықты сипаттағы қор биржасы.

Жеке құқықты сипаттағы қор биржасының классикалық

мысалы ретінде әлемдегі ең байырғы. Лондон қор биржасы

болып есептеледі. Нью – Йорк, Токио және басқа биржалар

да осындай принциппен қызмет жасайды. Олар жеке

меншік түрінде құрылып, кейіннең акционерлік қоғам,

аралас кәсіпорын және қауымдастық формасын және т.б.

алды. Қор биржасының саны қатаң шектеулі. Жеке адамдар

немесе компаниялар орын үшін ірі көлемдегі сомада ақша

төлей алатынжағдайы барлар, биржа мүшелерінің бірнеше

кепілдемесін алып мүше бола алады. (Нью-Йорктегі

жетекші қор биржасының орын үшін төлемдері бірнеше

ондаған және жүздеген мың долларға дейін тұрады). Қор

биржасының басында биржалық комитет немесе басқарушы

кеңс тұрады. Осындай биржалардың қызметі аз дәрежеде

үкіметпен бақыланады, бағалы қағаздар айналымының

тәртібін белгілеуде олардың өткізуін реттеуде барынша

дербес және тәуелсіз Қазақстанның қор биржаларының

ұйымдастырылуы құрылымдарының формасы бойынша осы

биржалар тобына кіреді.

Көпшілік құқықты сипаттағы биржалар мемлекеттік мекеме

болып саналады. Олардың міндетті қызмет ісіне бақылауды

үкіметтік органдар мен бағалы қағаздар айналымын

реттейтін мамандандырылған комиссия бірге жүзеге

асырады. Мысалы, Париж биржасы экономика министрі мен

биржалық операция бойынша комиссияның бірлескен

қадағалауында болады. Германиялық биржалар жер үкімет

органдарының бақылауында болса, ал Италиядағы биржалар

қызметі Қаржы министірлігі және Биржалар мен

компаниялар ісі бойынша ұлттық комиссиямен реттеледі.

Биржалық қызметкерлер мен қор операциялары бойынша

мамандар, әдеттегідей, осы органдармен тағайындалып

мемлекеттік мәртебесін алады.

Дегенмен, соңғы жылдары ағылшын – американдық пен

континетті еуропалық арасындағы қор биржалары

үлгілерінің принципті түрдегі өзгешеліктеріің беталысын

теңестіру үрдісі байқалуда. Бірінші жағынан, биржаның өзі

өзін - өзі реттеудің ішкі негізінде жұмы істейді, басқа

жағынан, - бағалы қағаздар нарығын реттеу мақсатында

оның ақша – несиелік және қаржылық механизмнің қазіргі

құрылымын барынша икемді бейімделу мен мемлекеттік

бақылаудың артуы.

Әрбір елде бір емес, бүтіндей қор биржасының жүйесі бар.

Белгісі бойынша сол ролді ұлттық биржа жүйесінде

жекелеген биржаларда атқарылады, қор биржасының

жүйесіндегі дара және көп орталықтандырылған елдер

тобын шығаруға болады.

Бірінші үлгінің жүйесінде елдің басты қаржы орталығында

орналасқан бір ғана биржа басымдылыққа ие болады да,

қалғандары аймақтық маңызға ие болады (АҚШ, Италия,

Франция, Жапония). Мысал үшін, Милан мен Париждегі қор

биржасында ұлттық құнды қағаздар айналымының шамамен

95-пайызы шоғырланған. Нью-Йорк пен Токиода – тиісінше

84-пайыз және 80-пайыз шоғырланған. Қазақстандағы

ұйымдастырылған қор нарығының дамуы осы биржалық

жүйенің шеңберінде өтуде.

Қор биржасының көп орталықтандырылған жүйелері

Германияда, Австрияда, Канада мен Швейцарияда жұмыс

істейді. Аймақтық биржалардың қызметі ереже бойынша

жергілікті компаниялардың құнды қағаздарына қызмет

көрсетуге бағытталған және белгіленген ауданның

шеңберінен шықпайды. Дегенмен, провинциалдық

биржалардың бірігу беталысын атап өткен жөн. Құнды

қағаздардың ұйымдасқан нарығындағы көп

орталықтандырылған құрылымына Ресейлік биржалық

жүйенің тартылуы, аймақтық құрылымдар санының елеулі

болуын ұсынумен байқалады.

Биржалардың өзін-өзі реттеудің пәрменді (әрекетті) әдісі –

листинг болып табылады. Биржа ісіндегі листинг – бұл

құнды қағаздардың эмитент қатарын биржа тізіміне кіргізу

деген сөз. Биржаны ұйымдастыру шарты бойынша бағалы

қағаздар тізіміне, бағаны белгілеуін рұқсат етуге тек

барынша ірі және пайдалы акционерлік қоғамдар кіруі

керек. Биржа листингіне енуі компания - эмитентінің

сенімділігі туралы куәландырылады. Себебі, тауар

айналымы санының жоғары екендігін биржа дәлелдейді.

Листинг тәртібінің құрамдас бөлігін белгілеп қоялық.

Мұқият талдағаннан кейін эмитент – компанияныңбағалы

қағаздары бағалы қағаздар тізіміне кіргізіледі және

биржадағы бағаны белгілеуге рұқсат етіледі. Белгіленген

тәртіпте тіркелген эмиссия анықтамалығы, компания

активінің жай – күйі туралы компанияның бухгалтерлік

есептемесі; пайда мен залалдар туралы тәуелсіз аудитор

мен куәландырған есептемесін эмитентпен ұсынылған

мәлімет негізінде талдау жүзеге асыру. Биржалық мәміленің

нәтижесінде салынып қойылған бағамдар негізінде бағалы

қағаздардың баға белгілеуін биржа қамтамасыз етеді.

ТМД елдері қор биржасының тәжібиесінде листинг рәсімі

біртіндеп болса да еніп жатыр. Бағалы қағаздар

инвесторлардың сеніміне кіруі қазіргі кезде маңызды

мәселенің бірі. Себебі, кәсіпорындардың салынған

жұмсалымдарының сенімділігіне кепілдеме беріп және

бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық күйреу тәуекелін

азайту өте маңызды.

ІІ Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының даму сатылары

2.1Қазақстан Республикасындағы қор

биржаларының сауда-саттық операциялары

Қазақстанда қор рыногының қалыптасуы бұрынғы КСРО-

ның заңнамасы негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік

және қор биржалары құрыла бастаған 1991 жылға жатады.

Бұл орайда мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі

және акционерлендіруі шешуші рөл атқарады. Қысқа мерзім

ішінде күллі ұлттық шаруашылық кешені заңды түрде

экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналады,

олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал

ретінде көрінеді. Осының нәтижесінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қор биржасының қалыптасуы және қызметінің ерекшелігі
Тауар биржасының мүшелері
Қор биржасының мәні мен міндеттері
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы
Тауар биржасы және оның нарықтық экономикадағы орны
Қор биржасының айналымындағы бағалы қағаздардың түрлері
Қазақстан Республикасының қор биржалары
Бағалы қағаздар нарығының мәні мен қалыптасуы
Валюталық биржа
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Пәндер