Қорғалжын қорығында кездесетін омыртқалылардың әртүрлілігі



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қорғалжын қорығында кездесетін омыртқалылардың әртүрлілігі

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Қорғалжын
қорығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..6

1.2 Қорғалжын қорығында кездесетін омыртқалылардың әр түрлілігі
1.2.1 Қызғылт Қоқиқаз
(Phoenicopterusroseus) ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.2.2 Тарғақ (Vanellus
gregarius) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .14
1.2.3 Бұйра бірқазан
(Pelecanuscrispus) ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .15
1.2.4 Қара дегелек (Ciconia
nigra) ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...16
1.2.5 Аққұтан (Ardea
alba) ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..16
1.2.6 Қалбағай (Platalea
leucorodia) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .17
1.2.7 Қызылжемсаулы қарашақаз (Branta
ruficollis) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
1.2.8 Кəдімгі немесе сұр қасқыр (Сanis
lupus) ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...18
1.2.9 Орқоян (Lepus
europaeus) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...19
1.2.10 Ондатр (Ondatra
zibethicus) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...20
1.2.11 Түлкі (Vulpes
vulpes) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .21
1.2.12 Борсық (Meles
meles) ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 22
1.2.13 Ақбөкен (Saiga
tatarica) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...23
1.2.14 Тұқылар
(Cyprіnіdae) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..25
1.2.15 Мөңке (Carassius
carassius) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..26
1.2.16 Кәдімгі шортан (Esox
lucіus) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
27
1.2.17 Аққайран (Leucіsсus
іdus) ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...28
1.2.18 Жасыл құрбақа (Bufo
viridis) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.28
1.2.19 Сүйір тұмсық бақа (Rana
terrestris) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .33

Кіріспе
Қорықтар назар салып бақылау және зерттеу құралы, биосфера эталоны.
Мұндағы орман - тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң -құс, айдын
шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем
қалпында сақталуы тиіс. Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн
тәртібінен ешқашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау,
онда ғылыми - зерттеу жұмыстарын сондай - ақ, биосфера компоненттерін
қорғау жөніндегі үгіт - насихат экологиялық білім және тәрбие беру
жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі.
Қазақстанның бірнеше табиғи - географиялық аймақтары - солтүстүгінен
оңтүстүгіне қарай орманды - дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді.
Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің
бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай
өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480,
баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін
айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар
көзі деп ғалымдар бекерден - бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу -
маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі
кезде өзінен - өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен
бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті
жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі - Жер жанатты деп орынды
аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа
айналдыру керек екенін өмір көрсетіп отыр. 1962 ж Қазақстан ССР Жоғары
Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің
бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар - қорықтар, парктер,
заказниктер мен табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж
Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл
көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың
мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғаутәртібі айқын көрсетілген [2].
Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи
ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми
негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен
міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына
рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің
Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2,7
миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да аялы
қалың орман - тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендері мен
көрікті өлке.
Д.И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған
түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11000 өзен, 7000 - нан астам
көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ, туған өлкеміз алуан түрлі жан
жануарларға өте бай. Осымен биосфера қазыналарын көздің қарашығындай
сақтап, қорғауға Қазақстан Республикасындағы, Ақсу - Жабағалы, Алматы,
Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын, Марқакөл, Баян - ауыл, Үстірт, Алтын Еміл
және тағы басқа қорықтардың маңызы арасан зор. Жер көлемі 2754 мың шаршы
километр ұлан - байтақ жерде алып жатқан Қазақстан Республикасында небары
10 қорық бар дегенге сенудің өзі қиын [2].
Жұмыс өзектілігі: Жануарлардың географиялық қабықтағы рөлі алуан
түрлі. Олардың тіршілік әрекеті бүкіл биосфера мен оның жеке экологиялық
жүйелерінің тіршілік етуі үшін ғана емес, сонымен қатар территориялық және
аквальдық комплекстердің қалыптасуы мен дамуы үшін де маңызды.
Жануарлар ландшафтардың ажырамастай бір бөлігі болып табылады. Сондықтан
жануарлар әлемін қорғау кез - келген ұрпақтың міндеті деп санаймын. Туған
өлкенің жануарлар әлемін зерттеу - кейінгі ұрпаққа туған жердің экологиясын
қорғап жүруге, ұмытпай жадында сақтап жүруге мүмкіндік береді және туған
өлке тарихы туралы деректердің қатарын толтырады деп ойлаймын.
Жұмыс мақсаты: Өлкенің інжуі, Қорғалжың қорығында кездесетін
омыртқалылар туралы ақпарат беру, олардың түрлерін анықтау.
Жұмыс міндеті: Қорғалжың қорығындағы омыртқалылыр түрлерін зерттеу,
оларға әсер ететін факторларды анықтау, оларды қорғау.

Негізгі бөлім
1.1 Қорғалжын қорығы
Қорғалжын қорығы немесе Өлкенің інжуі - Ақмола облысы Қорғалжын
ауданында орналасқан. 1958 жылы ұйымдастарылды.

1- сурет. Қорықтар
Бұл қорық Астананың оңтүстік-батыс жағында 140 шақырымдай жердегі
Қорғалжын көлінің оңтүстік жағалауын алып жатыр. Қорықтың жалпы ауданы -
243,7 га., акваториясы 199,2 га алып жатыр.Қазақстанның орталығындағы Теңіз-
Қорғалжын ойпатының оңтүстік - батыс бөлігін алып жатыр. Теңіз -Қорғалжын
ойпаты дала мен шөл даланың түйісінде, Қазақ ұсақ шоқыларын Көкшетау
қыраттарынан бөле - жара орналасқан. Теңіз - Қорғалжын көлі - көктемгі ұшып
келу кезеңінде суда жүзетін құстардың мыңдаған санының бірігетін орны,
соның арқасында қорық дүниежүзілік атаққа ие болды. Ол ЮНЕСКО тізіміне
айрықша қорғалатын батпақты - көл ландшафт есебінде кірді. Қорық флорасы
гүлді өсімдіктердің 300 түрін құрайды. Ағаштар жоқ, алайда бұталардың 12
түрі бар. Далада кейде қараған мен тобылғы да кездеседі. Қорғалжын
қорығында сирек кездесетін өсімдіктердің 45 түрі қорғалады. Олардың
арасында Шренк қызғалдағы, Қазақстанның Қызыл кітабына енген екі түсті
қызғалдақ, көкшіл жуа, орал миясы, құмды цмин, дәрілік алтей, қара жусан,
ақмия, бозы және дала шатырашы бар [3].
2000 ж. Теңіз көлі ҚР бірінші және әзірше жалғыз болып Тірі көлдер
халықаралық ұйымына енді, оған әлемнің ең бірегей көлдері кіреді. Қорықтың
биоәралуандығы бірегей. Ол 374 өсімдіктер флорасы өкілдері мен Қазақ
ұсақтөбе флорасының ширегі - 60 тұқымдастықтан және су мен жер беті
жануарларының 1400 - ден астам түрінен тұрады. Қорықта құстардың 346 түрі
бар, олардан ұя салатындар - 126 түр. Теңіз - Қорғалжын көлдерінде
құстардың су - томар кешені 112 түрден тұрады, ол Қазақстанға белгілі 130
-дың 87 % құрайды. Қорықта сүтқоректілердің 43 түрі бар, ихтиофауна - 14
түр. Жәндіктер толық зерттелген жоқ, 700 түрден астамы анықталды, бірақ
олардың түрлік әралуандылығы 5000 - ға жете алады.Қорықтың аумағында Қызыл
Кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің 60 - тан астам сирек түрлері
белгіленеді. Қорғалжын фаунасы дала және жартылай шөл дала аймақтарына тән.
Мұнда сүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 294 түрі, бауырымен
жорғалаушылардың 6 түрі, қос мекенділердің 2 түрі, балықтың 11 түрі бар.
Қорықтың омыртқасыздар фаунасы мүлдем зерттелмеген. Қорықта қоңыздардың 300
түрі тіркелген. Қорғалжын көлдері - балықшылардың жұмағы. Мұнда алтын және
бозша мөңкелер, шортан, аққайран, линь, алабұға және торта балықтар
тіршілік етеді. Авиафауна құрамы өте бай. Сирек кездесетіндер қатарына
пеликан, фламинго, шипун -аққуы жатады [2].
Теңіз - Қорғалжын өзендер жүйесі Орта Азия - Үндістан және Сібір -
Шығыс Африка жыл құстары жолының қиылысында орналасқан. Қорғалжындағы жалпы
аумағы 260 мың гектарды құрайтын өзендер жүйесі бүкіл Орта Азиядағы
құстардың ең маңызды сулы - батпақты мекені болып табылады. 1976 жылы
қорықтағы су айдындары Рамсар тізіміне енгізілген. Қорғалжындағы өзендер
жүйесі қызғылт қоқиқаз (фламинго) және жоғалуға айналған өзге де сирек
құстардың: бірқазан, тырна, савка және тарғақтың әлем бойынша солтүстіктегі
ең шалғай мекені. Қорықта құстың 294 түрі жұмыртқа салса, суларында
балықтың 17 түрі мекендейді. Сондай - ақ мұнда сүтқоректі жануарлардың 41
түрі тіршілік етеді. Бұл Қазақстандағы сүтқоректі барлық жануарлар түрінің
26 пайызын құрайды.
Республикамызда Қорғалжын қорығын ұйымдастырудаға басты мақсаты -
қанаттыларды үркітпей, олардың қорын еселеп арттыруға жағдай жасай отырып,
осы көлдер иесі болатын аққу, қаз, үйректердің биологиялық ерекшеліктерін
зерттеп, олардың өміріндегі нелер құпия сырларды ашу. Теңіз көлін жер шары
жұртшылығының назарын аударып отырған тамаша құс - қызыл қаздар базарына
айналдыру. Бірақ, қорықтың алдына қойған мақсатын толық жүзеге асыру үшін
күні бүгінге дейін кедергі болып, шешілмей келе жатқан кейбір проблемалар
бар. Олардың ішіндегі ең бастысы - көлдерді сумен қамтамасыз ету мәселесі.
Соңғы жылдары Құра және Құланөтпес өзендерінің бойынан 25 - 30 мың гектар
шабындық жерді суландыру үшін бірнеше бөгеттер салынғаны мәлім. Бұл жағдай
көктемде Қорғалжын көліне су жеткізбей жүр. Соған сәйкес осы көлдің суы
тайыздап, тіпті шалшық сулар кеуіп қалады. Осының салдарынан қызылқаз, аққу
сияқты құстардың азайып бара жатқаны байқалады. Бұл қорықты шын мәнінде
құс базарына айналдыру үшін ондағы су деңгейін бір қалыпта ұстау
мәселесін дер кезінде шешу керек [4].
Сол сияқты қорық қойнауын келешек браконьерлер шабуда. Көктемде су
беті мұздан арыла бастасымен – ақ көлде оңдап - жүздеп моторлы қайықтың
үні естіледі. Осындай транспортпен жабдықталған балықшылар ауларын
қанаттылар жаппай ұя салып, жұмыртқалайтын қамыс - құраққа таяу құрады.
Сөйтіп, мотор үнімен құстардың тыныштығын бір бұзса, екіншіден, балықшы
торларынаына көптеген қаз, үйрек, қасқалдақтар шырмалып қалады. Бұл жерде
мемлекеттік қорықтар ережесінде айтылған негізгі принциптердің бірі -
қорғауға алынған алқапта табиғат байлықтарына тіпті қол сұғуға
болмайтындығы туралы ережені бұзып отырғандығын көреміз. Тәжірибе көрсетіп
отырғандай, қорық ұйымдастырып, қорғауға алынған аймақта балық заводының
жұмыс істеуі ондағы табиғи байлықтарды қорғаумен тіпті де сиыспайды .
Теңіз - Қорғалжын көлі - тек қана ең үлкен айдын емес, сонымен бірге
бүкіл еуроазиялық континенттегі керемет жерлердің бірі. Азиядағы ірі суда
жүзетін құстардың 112 түрі осы қорықты өздерінің тұрғындарына айналдырған,
ал ұя салатын құстардың саны 350 - ге жетеді. Бұл жерде құс миграциясының
екі маңызды жолдары - Орталық Азия және Сібір, сондай - ақ Оңтүстік Еуропа
жолдары қиылысады. Су қоймаларында жылына екі рет құстар қайту кезінде
аялдама жасайды. Жазғы түлеу кезінде мұнда Қазақстанның солтүстігі мен
орталығынан, Сібірдің батысы мен шығысынан құстар жиналады. Мұнда көбіне
торғайлар, олардың үштен екісі бес тұқымдасқа жатады: сандуғаш, сиырқұйрық,
құнақ, қаратамақ және сарыторғайлар. Түрлерінің саны бойынша тағы төрт
отрядқа бөлінеді: шалшықшы, сүйек тұмсықтылар, жыртқыш және шағалалар [4].
Ежелгі Теңіз көлі - Шексіз құрғақ даланың ортасында Теңіз -
Қорғалжын көлі созылып жатыр. Аумағы бойынша ҚР қорықтарының ең
үлкендерінің бірі болып табылады. 543171 га ауданы бар аумақ тұтас
учаскеден тұрады, жыл құсының Орта - Азия - Үнді және Сібір - Шығыс -
Африка құс өрісі жолдарының қиылысында орналасқан және халықаралық
маңыздағы маңызды су - томар жері болып табылады. Қорықтық аумақ - бұл
өзара жалғасқан екі үлкен Теңіз бен Қорғалжын көлдері және орасан дала
учаскесі. Жылдың сулылығына байланысты су айнасының ауданы 1130 - 1590
шаршы шақырымды құрайды, ең терең жері 7 метрге жете алады, ал судың
минералдануы Әлемдік мұхиттың тұздылығынан 5 - 6 есе артық (22 - ден 127
гл - ға дейін). Көл басты тереңсулы жалтырдан (Үлкен Теңіз) және солтүстік-
шығыс бөлігіндегі үлкен шығанақтан (Кіші Теңіз) тұрады. Көлде 70 - ке жуық
кіші және үлкен аралдар бар, оларға құстар ұя салады.
Бұл Орта Азиядағы ең ірі ағынсыз тұзды суқойма. Тұщы сулы Қорғалжын
көлі Теңізге толық қарама - қарсы. Байтақ су айдыны сондай байтақ қамысты
өсімдіктер ауданымен араласып жатады. Бұл қамыс нуымен бөлінетін және
нәтижесінде бірнеше көлдерді: Есей, Жаманкөл, Сұлтанкелді, Қоқай көлдерін
құрайтын бірнеше ірі шығанақтан тұратын жалғыз суқойма.Тиімді географиялық
жағдайы, үлкен ауданы, ҚМТҚ - дағы азыққа бай жерлер әралауан құстардың
көбеюі, түлеуі және семіруі үшін қолайлы жағдай туғызады. Кең - байтақ
акваториялар су - томар құстарының Азиядағы ең ірі популяциясын қажет
тіршілік кеңістігімен қамтамасыз етеді. 1976 жылы - ақ Теңіз - Қорғалжын
көлдері халықаралық маңызы бар су-томар жерлерінің Рамсар тізіміне қосылған
болатын. 2007 жылы ҚМТҚ көлдері ІВА басты орнитологиялық аумақтардың
халықаралық желісіне енгізілді. 2008 жылы ҚМТҚ аумағы ЮНЕСКО - ның
Бүкіләлемдік Табиғат Мұрасының Тізіміне енгізілді. Тек бір ғана Теңіз
көлінің әлеуетті азық қоры 15 миллион құстың тағамға қажеттілігін
қамтамасыз етуге қабілетті. Мұнда кәдімгі қоқиқаздың ең солтүстік ұя салу
популяциясы орналасқан, оның саны кей жылдары 50.000 -60.000 басқа жете
алады. Теңіз көлінің бірегейлігін атап өткіміз келеді. Көлдің өзі де, оның
жағасы да ешқашан антропогендік ықпал етуге ұшырамаған. 2000 ж. Теңіз көлі
ҚР бірінші және әзірше жалғыз болып Тірі көлдер халықаралық ұйымына енді,
оған әлемнің ең бірегей көлдері кіреді.
Қорықтың территориясында көбінесе жусан, көкпек, бос селеу секілді
өсімдіктер өседі. Өзен, көл жағаларында құрақ, қамыс, тал биікте бітік
өседі. Қорық даласында Арқа жеріне кең тараған бұтаның түрі - қызғылт
тобылғы орманын көресіз, оның маңында теңіздей толқыған бидайық, кілемдей
құлпырған бозшөп жайқалады. Қорғалжын көлінде суда өсетін өсімдіктердің 22
түрі кездеседі. Олардың ішінде құрақ, қоға, көл қамысы және жебе жапырақ
кең таралған. Оның аралдарында ұялайтын құстары да ежелгі -керемет қызғылт
қоқиқаздар біздің табиғатымыздың ең әдемі құстары болуы мүмкін. Бұл жер
қоқиқаздардың ең көп мекендейтін жері. Олар Теңіз -Қорғалжын көлін Тетис
теңізі басып жатқан палеоген дәуірінде ұя сала бастаған. Маусымында
қоқиқаздардың саны алпыс мыңға жетеді. Жалпы алғанда, ұшып - қону жолы
жағынан Теңіз - Қорғалжын көліне тең келетін көл жоқ.
Көл және жағалауды мекендеушілерден де басқа қорықта шөл дала
жануарлары да қызықты. Қызыл кітапқа ақбас тырна және тарғақ құс сияқты
дала жануарлары енген. Қорғалжын қорығының аймағында Қазақстанның Қызыл
кітабына енген құстардың 22 түрі анықталған: жалбағай, қарабай, қара тырна,
сұңқылдақ аққу, қарашақаз, жорға дуадақ және т.б. Олардың 16 түрі қызыл
кітапқа, ал бір түрі ақ тырна - Дүниежүзілік Қызыл кітапқа енген.
Түлкілер мен жабайы қабандар, қояндар және құлақты кірпікшешен - шөлді
аймақтардың тұрақты тұрғындары. Әлсін - әлсін қорық аймағына Солтүстік
Қазақстан мен Батыс Сібірден сілеусін, елік, бұлан сияқты орман аңдары
келіп тұрады [2].
КСРО Министрлер кеңесінің шешімімен бұл қорық суда тіршілік ететін
құстардың мекені ретінде халықаралық маңыздағы сулы - батпақты жерлер
санатына енгізілген болатын. Қазір қорыққа дүниежүзілік табиғи мұра аймағы
мәртебесі берілген.
Жер бедері мен ауа райы. Қорғалжын қорығы шөлді, дала аймағына
орналасқан. Ол негізінен Қорғалжын және Теңіз сияқты екі ірі көлдің
территориясын алып жатыр. Қорғалжын көлінің көлемі 39,6 мың гектардай,
жағаларының ұзындығы 135 километрдей. Қорықтың шығысында - Нұра, оңтүстігін
жағалай Құланөтпес өзендері ағады. Бұл өзендердің де жағалары қалың
қамыс,көк шалғын - түрлі аңдармен құстардың мекендеуіне қолайлы. Қыста
ауаның температурасы -41 -42 градус суық болса, жазда температура +38 +39
градусқа жетеді. 125 - 130 күнде аязсыз шуақ болады. Алғаш қыс қыркүйекте
түсіп, мамыр айының басында ғана аяқталады. Жылына 200мм шамасында жауын -
шашын түседі. Жаз айларының өзінде де күндізгі ыстықтан кейін кешке қарай
салқын самал соғады. Жауын - шашын маусым,тамыз айларында жиі байқалады.
Қыста қақаған аяз, бұрқыраған боран, қар қалың болады. Қорғалжын
мемлекеттік қорығы ерекше қорғауға алынған халықаралық нысанға айналды.
Отандық және шетелдік орнитологтар бұл орындарды құстардың мекендеуіне аса
қажет деп отыр [3].

2 - сурет. Қорғалжын қорығы

1.2 Қорғалжын қорығында кездесетін омыртқалылардың әр түрлілігі
1.2.1 Қызғылт Қоқиқаз (Phoenicopterusroseus)
Қызғылт Қоқиқаз (Phoenicopterusroseus) - дене бітімі ерекше, тұмсығы
имек, сирек кездесетін құстар. Қызыл қанат деп те аталады. Қорғалжын
қорығындағы Теңіз көлінде  ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға
батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып
қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Ұшып бара
жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас
болғандықтан оларды кей халықтар “от немесе жалын құс” деп те атайды.   
   Қоқиқаз дүние жүзіндегі бойы ең биік және аяқтары мен мойны ұзын
құстар. Дене бітімі жұмыр. Дене тұрқы ірі әрі жабайы қаздарға ұқсас,
сондықтан қоқиқазды халық арасында қызылқаз деп те атайды. Қораздары
мекиендерінен ірілеу. Бойының биіктігі 91 - 120 сантиметрдей. Қораздарының
салмағы 4,5 килограмм, ал мекиендерінікі 3 килограммдай. Қанаттарының
ұзындығы 35 - 49 сантиметр. Ересек қоқиқаздардың қауырсындарының түсі ақ,
қызғылт, ұштары қара, ұзындығы 11 - 16 сантиметр, тұмсықтарының екі жақ
жиегіндегі тілімденген “тісшелері” қоректенген кезде сүзгіштік қызмет
атқарады. Қоқиқаз топтанып тіршілік етеді. Тұмсығы орта тұсынан бірден
төмен қарап иіледі де қойқиып тұратындықтан “қоқиқаз” деп аталған.
Мойнының пішіні латынның “S” әрпі тәрізді. Жіліншігі сирағынан 3 еседей
ұзын. Саусақтарының арасы терілі жүзу жарғағымен байланысқан.  4 тұқымдасқа
бірігетін 3 туысы, 6 түрі бар. Олардың көпшілік түрі экваторға жақын
белдеулерде кеңінен таралған. Орталық және Оңтүстік Америкада, Африкада,
Еуразияда көптеп кездеседі. Қоқиқаздың кей түрлері (кіші, джеймс
қоқиқаздары) қоныс ауыстырмай бір орында тіршілік етеді. Қазақстанда Теңіз,
Шалқартеңіз көлдері мен Каспий теңізінің солтүстік - шығыс жағалауында,  
Асаубалық, Қоқай, Есей, Қорғалжын, Сұлтангелді, Үлкен және Кіші Қаракөл су
айдындарында қызғылт қоқиқаздар кездеседі. 
Қоқиқаздар жүздеп, мыңдап бір мыңға ұя салып, жұптарын жазбайды.
Ұядағы 2 - 3 жұмыртқаны кезектесіп басып шығарады да алғашқы екі айда
құрамы дәрумендерге бай құс сүтімен асырайды. Негiзiнен олар ащы сулы
көлдердi мекендейдi. Ащы суларда қоқиқаздар қоректенетiн артемиясалина деп
аталатын шаянша бар. Бұл жәндiктердiң бойында қызыл ферменттер бар
көрiнедi, ғалымдардың дәлелдеуiнше, қоқиқаздардың қауырсынының қызғылт
болуы осыдан екен. Жеген тамақтарын асқазанында өңдеп, тұмсығын балапан
аузына апарғанда ашық қызыл түсті сұйықтық тамшылап ағады екен. Ересектері
ұшып кеткенде балапандарға қарауға қалған 1 - 2 тәрбиеші қоқиқаздардың
мыңдаған балапанды жүзуге апарып, ұясына қайтаруды адамдарды таң қалдырмай
қоймайды. Жұптарын жазбай таяз су жағалауына сазбалшықтан, құмнан және су
өсімдіктерінің қалдықтарын араластырып ұя салады. Ұясының беткі жағы
жалпақ, түбі конусқа ұқсас сүйірлеу әрі су бетінен 15 - 20 сантиметрдей
шығып тұрады. Ұясына бір, кейде екі жұмыртқа салып, оны қоразы мен мекиені
кезектесіп басады. 30 - 32 күннен кейін балапандары ұядан ұшады.
Балапандары тез өседі, жақсы жүзіп, сүңги де алады.  
 Қоқиқаздар - жыл құсы. Қазақстанға наурыз - сәуір айларында ұшып
келіп, қазан - қарашада Иран, Ауғанстан, Пәкістан аумағына қоныс аударады.
Қоқиқаздар шаянтәрізділермен, ұлулармен, жәндіктердің дернәсілдерімен,
балдырлардың және су өсімдіктерінің тұқымдарымен қоректенеді. Олардың
тіршілігі үшін суы таяз әрі тұзды су айдындары өте қолайлы. Саны жылдан
жылға азайып барады [9].
 
3 - сурет. Қызғылт Қоқиқаз (Phoenicopterusroseus)

1.2.2 Тарғақ (Vanellus gregarius)
Қазақстанда және Ресейдің оңтүстігінде ғана ұ салатын, көгершіннен
біраз үлкен әдемі құс.Көбінесе ұясын ауыл маңында, аласа шөпті жерде
кішкентай шұңқырға салып, төрт жұмыртқа басады. Түрлі жәндіктермен
қоректенеді. Өткен ғасырда тарғақтың саны күрт төмендеген - Украинада ұя
салуды қойып, оңтүстік Ресейде де сирек көрінетін болды, 2004 жылы оны
халықаралық Қызыл кітапқа енгізді. Құстың жалпы бояуы ақшыл, сұр - қоңыр,
басы мен көздерінің бойында қара бояу бар. Еркектердің басында қара "бас
киім" және төсінде қара бояу болады. Ұшқан тарғақты қанаттарының айқын
түсіне қарап, алыстан тану оңай. Олар кішігірім топ құрып ұялайды.
Топтардың арасы 20 - 30 метрді құрайды. Негізінен тарғақ балшықшы құс
болғанымен, далалы жерде мекен етеді [4].

4 - сурет. Тарғақ (Vanellus gregarius)

1.2.3 Бұйра бірқазан (Pelecanuscrispus)
Бұйра бірқазан (Pelecanuscrispus) - салмағы 12 килограмдай ірі құс.
Бірқазанның тұмсығының астыңғы жағында созылмалы жалаңаш теріден тұратын
қалтасы болады. Ересек бұйра бірқазанның қауырсыны көбіне ақ, желке
қауырсыны жалданып, бұйра болып келеді, сондықтанда оны бұйра бірқазан деп
атаған болуы керек. Бұл құс көлдер мен өзендердің жағалауларында, ну
құрақты аралдарда сирек кездеседі. Мәселен, қорық қызметкерлерінің санағына
қарағанда, мұнда 1972 жылы - 9, 1973 жылы - 7, 1974 жылы - 11, 1975 жылы -
10 жұп бірқазан ұяалаған. Бірқазандар жақсы жүзгенімен, сүңги алмайды. Олар
көбінесе балықпен қоректенеді. Бұйра бірқазан - топталып жүретін колониялы
өзен - көл құсы. Көгілдір тыңның көркі, су құстарының алыбы бірқазандар
барлық таралған аудандарында қорғауға алынған [9].

5 - сурет. Бұйра бірқазан (Pelecanuscrispus)

1.2.4 Қара дегелек (Ciconia nigra)
Қара дегелек (Ciconia nigra) - дене тұрқы 10 сантиметрдей,
қауырсынсыз, тұмсығы, сирағы қара, саусақтары жүзу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызыл кітап жайлы
Қызыл кітапқа енген жануарлар
Ақсу-Жабағылы қорығындағы құстар әлемі
Мемлекеттік табиғи қорықтары
Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары
Құстардың тіршілігінің жыл маусымдық циклі
Қазақстанның Қызыл кітабы туралы
Қорықтардың қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі
Қаратау қорығынның экотуризмді мүмкіндіктерін жете зерттеу
Орман қорын қорғау, кешенді пайдалану мәселелер
Пәндер