ІШКІ МОНОЛОГТЫҢ АВТОР БАЯНДАУЫНДАҒЫ ОРНЫ МЕН КӨРКЕМДІГІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
I ҚАЗІРГІ КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ ІШКІ МОНОЛОГТЫҢ СИПАТТАМАСЫ 5
1.1 Көркем шығармадағы ішкі монологтың зерттеу нысандары 5-8
1.2 Ішкі монолог құрудағы тілдік тәсілдердің ерекшелігі 8-9
1.3 Көркем шығармадағы ішкі монологтың кейіпкер ойлауымен 10-12
берілуі
II ІШКІ МОНОЛОГТЫҢ АВТОР БАЯНДАУЫНДАҒЫ ОРНЫ МЕН КӨРКЕМДІГІ 13
2.1 Ішкі монологтың автор бейнесін жасаудағы рөлі 13-15
2.2 Ішкі монологтың автор бейнесін жасаудағы рөлі 16-28
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Көркем әдебиет тілі алғаш орыс тіл
білімінде зерттеу нысаны болып, бұл бағытта В.В. Виноградов, В.Винокур,
Л.В. Щерба, М.Н. Кожина, А.Н. Гвоздев, Р.А. Будагов, А.И. Ефимов т.б
ғалымдар көркем шығарма тілін, стилистикасын жан –жақты қарастырған. Ал
кейінгі жылдары қазақ тіл білімі де біршама еңбектермен толықтырылды. Бұл
ретте Р.Сыздық, Е. Жанпейісов, М. Серғалиев, Х. Кәрім, Б.Шалабай еңбектерін
атауға болады. Зерттеулерде көркем шығарма тіліне қатысты құнды пікірлер
айтылып, шығар өнер туындысы ретінде қаралды.
Көркем шығарма тілін зерттеу – жазушының суреткерлік шеберлігін,
эстетикалық мүмкіндігін қарастыру көркем әдебиет стилистикасы - әдебиеттану
ғылымы мен лингвистиканы байланыстыратын ғылыми саласы, аралық пән. Көркем
туындының табиғаты өте күрделі. Онда тілдік материал мен идеяның біртұтас
бірлігі қалыптасқан. Шығармадағы композициялық тұтастық, образдар жүйесі
тілдік құралдар арқылы беріледі.
Зерттеудің нысаны: Ә. Кекілбаевтың Үркер, Елең- алаң романдарындағы
ішкі монолог түзілімі мен стилистикасы
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің дереккөздері ретінде және
ғылыми тұжырым жасау және стилистикалық талдау жасауға Ә. Кекілбаевтың
Үркер, Елең- алаң романдары пайдаланылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Бүгінгі таңда тіл білімінде жазушы шығармаларының тілдік табиғатын
толық тану үшін жазушы шеберлігін стилистикалық тұрғыдан зерттеуді қажет
етуде.
Жұмыстың негізгі мақсаты Ә.Кекілбаевтың жоғарыдағы аталған
шығармаларында кездесетін ішкі монолог түзілімін анықтап, жазушы қолданған
стилистикалық тәсілдердің қызметін ашу болды. Осы мақсатқа орай жұмыста
мынадай міндеттер қойылды:
- ішкі монологтың берілуіне, түрлеріне талдау жасау;
- ішкі монологтың автор баяндауында кездесетін жақтарын анықтау;
- кейіпкер ойлауындағы ішкі монологты айқындау;
- ішкі монологтың жақтық сипатын анықтау;
- ішкі монологты жасаудағы жағдайлардың стилистикалық түзілімін
сараптау;
I ҚАЗІРГІ КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ ІШКІ МОНОЛОГТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Көркем шығармадағы ішкі монологтың зерттеу нысандары
Тілдің қалыпты тірегі – сөз. Ол халқымыздың бағзы заман бергі
тіршілігінің, елдігі мен ерлігінің сара жолының үлкен куәсі. Ал сол тіл сөз
байлығын танытатын – көркем шығарма.
Белгілі бір жазушы шығармасының тілін ғылыми тұрғыда қарастырғанда, оны
қалай зерттеу керек, ғылыми ізденіс неден басталып, немен аяқталуына тиіс,
зерттеуші қандай мәселелерді қамтуға міндетті, тілдік фактілерді жүйелеу,
түсіндіру, талдау принциптері қандай болмақ тағы сол сияқты толып жатқан
сұрақтар көркем әдебиет тілін нақты зерттеумен шұғылданушының алдына
тартылады. Өйткені бұл мәселелердің басы ашық деп айта қою қиын. Ал бұлар
айқын болмаған жағдайда нақты ғылыми ізденістердің объективті қорытындысы
болмайды.
Көркем шығарма тілін зерттеумен көп шұғылданған және елеулі табысқа ие
болған ғалымдардың бірі Г.Винокурдың пайымдауынша, көркем шығармада тіл үш
түрлі сапада көрініс табады (сөйлеу тілі, әдеби норма үлгісі және өнер
туындысы тілі) соған сәйкес оны үш түрлі бағытта зерттеу мүмкіндігі
туындайды.
Ал, академик В.Виноградов тілді бағалаудың үш түрін ұсынады. Олар жалпы
тілдік стилистика немесе құрылымдық стилистика, екіншіден сөйлеу
стилистикасы, үшіншіден, көркем әдебиет стилистикасы. Осылардың ішіндегі ең
жасы – көркем әдебиет стилистикасы.
Көркем әдебиет тілін зерттеудің алғашқы қадамдары ХІХ ғасырдың аяғы мен
ХХ ғасырдың бас кезінде Еуропа тілші – ғалымдары тарапынан жасалғаны
белгілі.h4
Сонау антикалық дәуірдегі мифтен қазіргі өскен, күрделенген үлкен жанр
романға дейінгі кезеңді алып жатқан үлкен тарихи тәжірибені, даму
эволюциясын бастан кешірген ішкі монолог тәсілі өзінің шын мәніндегі
көркемдік қызметіне жазба әдебиетте, әсіресе прозада ғана ие болды. Ол
көркем проза арқылы өзінің әдебиеттегі орнын белгіліп, ғылыми айналымға
түсіп, ғылыми-теориялық анықтамаға ие болған ішкі монолог тәсілі қазақ
әдебиетіндегі ХХ ғасыр басындағы прозада орын алды. Көбінде кейіпкердің
ішкі ойын немесе кейіпкерді сөйлетудің бір тәсілі ретінде эпизодтық ретте
қолданылып келген қарапайым, дәстүрлі монолог тап осы кезеңде өзінің
сапалық өсу сатысын бастан кешірді. Ол енді тек көркем шығармадағы
кейіпкерді сөйлету, оның ішкі ойын жүйелі түрде айтып шығу секілді
қарапайымдылықтан біржола қол үзіп кетпесе де бөлектеніп, дербес тәсілге,
яғни ішкі монологқа айналды.
Бір ғана адамдың ішкі көңіл-күйін білдіретін және кейіпкерді сөйлету
тәсілі болып табылатын ішкі монолог көбіне көркем шығармаларда дәстүрлі,
қарапайым монологтың қызметін атқарады және оның ішкі монологтан тағы бір
айырмашылығы жүйелі сөз болып келеді.
Ал, ішкі монологта жүйелілік сақтала бермейді. Монолог түріндегі жүйелі
сөзден ішкі монологтың айырмашылығы да осында, яғни бір ойды бір ой
тірсектеп, логикалық байланысы үзіліп, қайта оралып, қайта жалғасып, көп
жағдайда сезім құбылысының тұтастығы саналы түрде сақталмайды.
Кейіпкерлердің ішкі сөзінің логикалық байланысын саналы түрде үзіп, ой мен
сезім құбылысының тұтастығын сақтамауды ХХ ғасыр басындағы прозалардан
кездестіру жат құбылыс емес.Сондықтанда кейіпкердің ішкі сезімін, ішкі
толғанысын ішкі монолог түзілімдері арқылы талдау бүгінгі күннің басты
мәселесі.
Жалпы ішкі монолог тәсілі - әлем әдебиеті мен фольклорында кеңінен
дамыған, дәстүрі бай, әдебиеттің қай жанрында да атқарар көркемдік қызметі
зор, дербес бейнелеу құралы.(Г.Пірәлиева Ішкі монолог,Алматы Ер-Дәулет
1994, 6 б )
Ішкі монологтың авторлық және персонаждық түрлері де (формалары) бар.
Ішкі монолог кейіпкердің ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысында
берілуі мүмкін немесе тура кейіпкердің өз атынан айтылуы да ықтимал.
Жоғарыда аталған еңбек авторы Г.Пірәлиева ішкі монологтың екі түріне
үлкен ғылыми тұрғыда талдау жасаған болатын. Оның біріншісі – шығарманың
бейнелеу өрісіне монологқа айналған сана-сезімнің қаншалықты дәрежеде
қатысы барын айқындауға байланысты көрінеді. Оның өзі үш түрлі жағдайда
көрініс табады. Бірінші санадан, еркіңнен мүлдем тыс ішкі монолог
(безсознательность), екінші жарым-жартылай саналы, кейде санадан тыс
сәттегі ішкі монолог, ол көбінесе, ой ағысы(поток сознание) тәсіліне
ұласып жатады. Ал үшінші өзін бақылай, қадағалай алатын, жүйелі түрде
бағыты айқындалған, шын мәніндегі ойлау үрдісін білдіретін ішкі монолог.
Оның қосалқы бір түрі автор өзі тікелей оқиғаға, әрекетке талдау жасайтын
монолог.
Ал, екіншісі – оқиғаға қатысатын кейіпкер монологына автордың (әңгіме
айтып отырған адамның) қаншалықты дәрежеде қатысы барын айқындауға
байланысты. Ішкі монологтың бұл түрінен бірінші, екінші, үшінші жақпен
баяндау түрлерінің қай-қайсы да тікелей сабақтас болып келеді.
Қазіргі көркем проза-күрделенген, жанрға бай, көркемдік тәсілдері мол
үлкен бір әлем. Ол әрине, адам, оның рухани әлемі тіршілік еткен қым-қиғаш
қайшылығы мол қазіргі өмір күрделігінен, жалпы өмір шындығымен тығыз
байланысты.
Ішкі монолог – көркемдік бейнелеу тәсілі екенін көркем шығарманың
кейіпкер образын танудағы жолдардан байқауға болады.
Көркем шығармадағы кез-келген көркемдік тәсіл – монолог, диалог,
портрет, образдар жеке-дара тұрып көркем шығармада ешқандай роль, қызмет
атқармасы белгілі. Сондықтан да жазушысы кейіпкерінің ішкі сезімдерін тек
ішкі монологпен емес, өзге де бейнелеу құралдарымен өзара сабақтастыра
суреттеу арқылы береді. Осы орайда қаламгер өзінің динамикалық
психологизмге шеберлегін танытады.
Ал біздің алдағы уақытта зерттеуге алатын тәсіліміз ішкі монолог,оның
автор баяндауында кездесетін, сонымен бірге кейіпкер ойлауындағы түрлерімен
қатар көркем прозада ішкі монологтың қолдану жағы: бірінші және үшінші
жақтарда. Автор көркем шығарма барысында қандай жағдайларға байланысты ішкі
монологқа баратындығына талдау жасау.
Үркер мен Елең - алаң - қазақ әдебиетіне үлкен үлес болып қоылған
шығарма. Біріншіден жазушының кең тынысты эпикалық қарымы, жазу шеберлігі
өз шабысын енді ғана тапқандай сезіледі. Екіншіден, шығарманың бас
кейіпкері - Әбілқайыр ханның жан күйзелісі, ішкі әлемінің арпалысы автордың
да қиял қанатына кең тынысты өріс, оралым тартқан секілді. Үшіншіден, бұл
романның жалпы құрылысына қолданылған көркемдіктің құралы мол. Шығарманың
композициясында бір бунақтан келесі бунақ, бір көгеннен келесі желінің
сипат алуы, оқиғаның жалаң баяндалмай – кейіпкер әрекетін даралауда,
айқындауда өзара іштей үйлесіп жатуы әсірелеу машығы ой мен оқиғаның іштей
жымдасып ұштасуы, ең керметтілігі - осылардың баршасын кібіртік қақпай,
қайталамай төгілтіп, суреттеп жеткізе алған щұрайлы тіл байлығын тұшынта
білді. Жоғарыда атап өткен ішкі монологтың авторлық және персонождық
түрлерін зерттеуімізге арқау болған ХХ ғасырдың 80-ші жылдары қалың оқырман
қауымға қазақ халқының өз бас бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жүргізген
күресі туралы үлкен еңбек ұсынған Әбіш Кекілбаевтың Үркер, Елең-алаң
романдарына талдау арқылы көз жеткізуге болады.
Жалпы автор сөзі Әбіш Кекілбаевтың бір-бірінің жалғасы болып келетін
Үркер мен Елең-алаң романдарында молынан кездеседі.
Романдағы басты кейіпкер Әбілқайыр ханның ішкі толғанысын, халқының
қамын ойлаған хан тұрғысындағы ішкі сезімі туралы берілген жолдары да ішкі
монолог кейіпкердің ой-сезімін жеткізетін автор сөзі ретінде көрінеді.
... Кеше атына сергек қонған сияқты еді, бүгін бойы зіл тартып қалған
ба қалай...
Мынау тағы да таусылуға таяу жаз күні көңілге жабыраңқы ой қашырғандй
күні кеше қымыранның бетіндей көпіршіп шыға келген желбірек көңіл арада күн
өтпей жатып баяғы кермек дәмін қайта тапқандай. Әлгі Тайланның үйінде тым
желпілдеңкіреп кеткен жоқпын ба осы?-деп ойлады ол. Көптен ат ізін
салмаған досының ықыласының буы ма, жоқ балының жақсыға көрінгені ме -
әйтеуір алдына шаншылтып үйіп әкелген шара табақты әй-пәйға қаратпай
еңсеріп тастапты. Қасындағыларға да шеңгелін толтырып үсті-үстіне асатып
бағыпты...( Әбіш Кекілбаев, Он екі томдық шығармалар жинағы, 3 том, Үркер
романы Тығырық бөлімі, Өлке баспасы 1999 ж, 236 бет). Мұнда автор кейіпкері
Әбілқайырдың досы Тайланның үйінен қайтқандағы,оған өзінің ашқан балынын
жорытқандағы ішкі толғанысы мен сезімін, автор сөзі арқылы береді.
Жазушының ой шеберлігі тұрғысында айтар болсақ, жазушы өзінің кейіпкеін
сомдауда тіл ғылымында кездесетін әртүрлі стильдік тәсілдерді қолдана
білген.
Көркем шығарма тілін зерттеу - жазушының суреткерлік шеберлігін,
эстетикалық мүмкіндігін қарастыру болып табылады. Көркем шығарма тілі -
көркем композицияның элементі. Көркем шығарма стилі - жазушының мақсатты
түрде пайдаланған тілдік құралдар жүйесі. Олар әдеби бағыт, шығарманың
тақырыбы, образдар құрылысы, суреткердің шығармашылық ерекшелігіне
бағындырылған.
Кейіпкер болмысын айқын танытатын тілдік тәсілдер - диалог пен
монологтар. Осы диалог пен монологтың айырмашылығы, олардың өзіндік
сипаттамасы туралы Г.О. Винокур, Л.В. Щерба, В.В.Виноградов, Л.Г.
Якубинский еңбектерінде алғаш сөз болды.
1.2 Ішкі монолог құрудағы тілдік тәсілдердің ерекшелігі
Кез келген көркемдік тәсіл, бейнелеу құралдары жеке – дара тұрғанда
ешқандай көркемдік қызмет атқармайтыны белгілі. Шығарма поэтикасының өзі
сөз өнеріндегі түрлі көркемдік тәсілдер мен бейнелеу құралдарының жиынтығы
екендігін естен шығармағанымыз дұрыс.
Әлем әдебиетіндегі алдыңғы қатарда жүрген ішкі монолог, ой ағысы сияқты
көркемдік тәсілдер енді біздің ұлттық әдебиетте де көрініп, көркемдік ойлау
жүйесін кеңейтті. Біздің қарастырып отырған мәселеміз ішкі монолог
болғандықтан, бейнелеу құралдарының ішінде тікелей қатысты түс көру, оны
жорыту, ішкі дауыс, ой ағысы, психологиялық жағдай, портрет, дауыс ырғағы
тағы басқа адамның сезіміне қажетті көркемдік тәсілдерге тоқталуды жөн
көрдік.
Осы бір үзіндіден жазушы монологпен қатар диалог тәсілінде қолданғанын
байқаймыз. Кейіпкерлердің төл сөзі көркем шығармада диалог және диалогтық
дара реплика түрінде ғана емес, сонымен қатар монолог түрінде берілуі
жайында орыс ғалымы В.Виноградов сөз еткен болатын. Көркем шығармадағы
монологтың сипаты, диалогтан ұзақтығы ғана емес, олардың диалогтан
қарағанда композициялық күрделілігінде және бұлардың мазмұнына түгелдей
сөзбен жауап қайырылуы міндетті еместігінде.
Ішкі монологқа тікелей қатысты түс көру, оны жорыту, ішкі дауыс, ішкі
диалог, ой ағысы, психологиялық жағдай, көзқарас, ишара, дауыс ырғағы.
Толып жатқан адамның әрқилы көңіл-күйіне байланысты ерікті кейде еріксіз
күйде туатын психологиялық іс-әрекеттерді, ой мен сезім құбылыстарын
бейнелейтін көркемдік тәсілдерді қарастыру (Г.Пірәлиева Ішкі монолог
Алматы беті мен жылын жазу керек)
Әбіш Кекілбаевтың зерттеуге тірек болған шығармаларында ғалымның
көрсеткен ішкі монологқа қатысты түс көру мен оны жорыту тәсілі көрініс
табады.
... Біресе бір кекілі жалбыраған балаға еріп бүлдірген теруге бара
жатады. Бүлдірген, ана сордың ар жағында! - дейді бала. Апырай, сортаң
жерде де бүлдірген өсетін болғаны - ау! – деп ойлайды бұл. Қорықпа, мына
сорды кесіп өтсек, тез жетеміз, - дейді бала. Бұл жасқаншақтап сорды
басады. Былқылдақ. Бір аттайды, екі аттайды. Әлгі былқылдақ сор бірте –
бірте жұтып барады. Міне – тобықтан асты...Міне, тізеден асты... Міне –
кіндіктен де асып барады... Табанынан бір мұздай суық қарып бара жатады.
Әй, сен мені қайда әкелдің? Қасында бала жоқ. Анадай жерде қашып барады.
Сорға бататын түрі жоқ. Қояндай орғып – орғып қояды. Сөйтсе, іздері бұдан
қашып бара жатқан емес, бұған қарай жүгіріп келе жатқан кісінің ізіндей
боп, теріс түсіп қалып жатыр.Бұл жан ұшыра бұлқынады. Оянып кетеді...
(Ә.Кекілбаев он екінші том, 5 том. Елең – алаң романы Тәуекел, Өлке
баспасы 1999 ж,90 бет)
Осындай бір түнгі емес, бірнеше түнге созылған Ералының түсінің өзі сол
уақыттағы қазақ елінің қым – қиғаш алаңдаулы тағдырын бейнелейді. Автор
Ералының түсі арқылы ішкі бір үрей мен қорқыныштан, жан дүниесіндегі бір
тоқыраудан, күйреуден хабар береді.
Жазушы түс арқылы бір рулы елдің ханын болашақ жарымен кездестіріп, сол
кездегі ұғым – сенімдергеде құлақ түргізеді. Бопай ханымның түсін ІІІ
жақтан беру арқылы кейіпкердің ішкі монологын береді. Тек жай ғана түс
ретінде бермей, адамның ішкі сезімдерін тоғандыра суреттейді.
... Түн ортасынан ауып кеткен. Уқалай – уқалай қары талып қалыпты.
Сонда да қимылсыз жатқан бөтен тәнге жылу бармай қалса, әлгі бір әлсіз
үміттің өзі өшіп кететіндей бетін апарып, иегімен сипалап отырып қалғып
кетіпті...Түс көріпті... Түсінде тап осы Белгілінің отауының табалдырығының
ішінде мал сойып отыр... Мал дегені, терісін сыпырарда байқады, арлан
қасқыр... Жон арқасы көк шуланданып тұр... Өзінен қан шықпайды, ағыл –тегіл
сүт ақтарылып жатыр... Селк етіп қолын тартып ала қойды... (Ә.Кекілбаев он
екінші том, 5 том. Елең – алаң романы Тәуекел, Өлке баспасы 1999 ж,168
бет).
1.3 Көркем шығармадағы ішкі монологтың кейіпкер ойлауымен берілуі
Баяндау стилімен жазылған прозалық шығармаларда оқиғаға қатысушылардың
сөздері келтіріліп отыратындығы белгілі. Әркімнің өз атынан, өз мені
тұрғысынан берілетін бұл сөз кестесінің көркем шығармадағы ролі ерекше.
Оның үстіне прозалық шығармаларда төл сөз, төлеу сөз арқылы берілуә мүмкін.
Шығарма авторының кейіпкелердің ішке бүгіп, іркіп қалған сырларын оқырманға
жеткізуге мүмкіндігі бар.
Кейіпкер сөзі прозалық шығармада үнемі диалог түрінде, диалогтың
құрамында келтіріле бермей, кейде реплика түрінде беріледі. Яғни
кейіпкерлердің дара репликалары авторлық баяндаудың ішінде енгізіледі.
Кейіпкер сөзінің қай түрі де авторлық баяндаудың фонында тілдік жаңа
толқын ретінде қабылданады. Өйткені олардың қай-қайсысында да
кейіпкерлердің әр алуан сөйлеу, ойлау ерекшеліктері сақталып отырады.
Сондықтан дара репликалардың қолданылуы баяндауды жандандырып, оқиғаны
оқушының көз алдына елестету мақсатын көздейді. Сонымен қатар кейіпкер
образын толықтыра түседі.
Кейіпкер болмысын, мінез- құлқын айқын танытатын тілдік тәсіл –
кейіпкер сөзі немесе диалог. Диалог (грек сөзі-әңгіме) дегенді білдіреді.
Диалог туралы орыс тіл білімінде көптеген ғылыми еңбектер жарыққа шықты.
Жалпы диалогқа қатысты еңбектерді топтастыра қарасақ, зерттеудің үш бағытта
жүргенін байқауға болады.h4
1) диалог және монологты салыстыру
2) ауызша диалог пен көркем диалогты салыстыру
3) белгілі бір автор шығармасындағы диалогтың сипаты (Г. Сәрсеке Көркем
шығармадағы кейіпкер сөзі, Повладар 2000, 4-5 беттер)
Көркем шығармадағы диалог пен монолог – сөйлеудің формалары. Диалог пен
монологтың айырмашылығы, олардың өзіндік сипаттамасы Г. Винокур, Л.В.
Щерба, В.В. Виноградов еңбектерін де сөз болған.Диалог кемінде екі адамның
өзара сөйлесуі, пікір алысуы. Диалогтағы пікірлер бірімен – бірі туындап
жатады. Диалогтағы сөйлеу басқа біреулердің, екінші бір сөйлеушінің
пікіріне тәуелді: Ал монологта мұндай тәуелділік жоқ.
Монолог грек тілінен аударғанда – жеке бір адамның сөзі. Монолог
сөйлеу, жауап алу, жауап беру мақсаттарын қажет етпейді. Монолог – адамның
еркімен болатын көлемді сөз кестесі.
Ғалым Г. Винокур диалог пен монологтың айырмашылығын былай
сипаттайды. ... Можно определить диалог как особую функциоунально-
стилистическую форму речевого общение, которой свойственны: наличие двух
или нескольких участников, обменивающихся речью; более или менее быстрый
темп речи когда каждый компонент ее является репликой; сравнительная
краткость реплик; лаконичность и эллиптичность построений внутри реплик.
Монологическая речь как обратные свойства; односторонний характер
высказывания, нерасчитанный на немедленную реакцию; наличие заданности,
предварительного обдумывания, обусловливающего длительность, связанность,
логическую построенность речи. Кроме того, диалог и монолог могут
отличаться темаикой, различным кругом характерных для того и другого
предметов обсуждения( Г.Винокур, О некоторых синтаксических особенностях
диалогических речи \ Сборник статей. Исследования по грамматике русского
литературного языка. М., 1955. 344-б)
Кейіпкер сөзі – жазушының жеке дара баяндау стилінің ерекшелігін ғана
айқындап қоймайды. Ол-кейіпкердің мінез-құлық, қырларын, көзқарасын,
психологиясын ашатын бірден – бір көркемдік амал. Персонаж сөзі –
кейіпкердің жан әдемін ашатын шығарманың көркемдік кестесінің ажырамас
бөлігі.
Мынау ызы – қиқы, қым – қуыт, әжептарқы дауыстар да сол бір қилы
заманды еске салғандай екен. Бірақ, бұл жолы неге құйқасы шымырламайды,
неге жүрегі тызылдап бебеу қақтырмайды. Қайта өз – өзінен өрекпіп қаралай
лепіріп тұр ғой! Неге өйтеді?Мынау да ызы – қиқы жылау ғой! Мынау да жер –
жаһанды бастарына көтерген жаппай аңырау ғой...(Әбіш Кекілбаев. Он томдық
шығармалар жинағы. 4 том, Үркер. Елшілік тарауы Алматы Өлке баспасы 1999 ж
141-142 беттер)
Ішкі монолог – адамның психологиялық құбылыстарын, ішкі жан дүниесін
ашып, образ сомдау да сүбелі үлес қосатын бейнелеу құралы. Адам жанын
жегідей жеген жан жарасының аузын, тәңір түгіл, өзінен жасырып күнәһар ойын
тек өзіне ғана аша алады. Ол тек өзіне, адам ішіндегі адамға ғана бар сырын
ақтарып, шерін тарқатады. Көркем шығармада монолог арқылы берілетін мұндай
құбылыс жайлы орыстың әдебиеттанушысы Д.М. Урнов былай дейді: Одиночество
– основное условие внутреннего монолого: Оставшись один или мысленно
обращаясь к самому себе, человек проговаривается Таково исходное условие
всякого, повествовательного самоанализа (Д.М. Урнов Процесс и результат\
\Литературные произведения в оценке англо – американский Новый критик
Изд. Наука 1982г)
Ой, ішкі ой – жалғыздың таптырмас серігі. Кейіпкер өз ойымен өзі,
өзімен – өзі сөйлесуге ғана шешім қабылдайды, оны тек өзі шешеді. Жазушы
кейіпкер тіршілігін қадір – қасиетін, үміт – ынтасына, іс – әрекетіне қарай
оқиға бойында бейнелейді. Суреткер өмірдің бұралау жолындағы адам
психлогиясын, толқуын, тебіренісін сананың үздіксіз күресін, сезім күйін
нәзік шеберлікпен суреттейді. Кейіпкердің аузына сөз сала отырып, образ
табиғатын, олардың ой – толғаныстары мен құпия сырларын ашу мақсатында ішкі
монологқа жүгінеді.
...Шынында да, осы балаға ұқсап, аяқ астынан лепілдей қалғаны несі?
Тайлан бұған тап құлақ селт ететіндей ештеңе айтқан жоқ сияқты еді ғой!
Әлде көптен тағатын сарыққан аңсарлы күннің не де болса жуықтай түскеніне,
мынау жігеріңді қаралай құм қылатын екі ұдай дүдамал күйден құтылатын
болғанына қуанды ма екен... Әйтеуір, неге екені белгісіз, аяқ астынан
көңілі өсіп, марқайып шыға келгені. Неге өйтті? Түсінсе, не дейсің?! Тайлан
осы жолаушының жүрегінің басында бір күптілік бар деді – ау. Қуаныштың
күптілігі ме, уайымның күптілігі ме? Сонда... Сонда... Тағы да бұл баяғыдай
ел жұрттың алдында...
Көкірегінің басы кілк еткендей болды. Өзегін удай жалаған ащы кермек
алқымына тығылып тұрып алды.
Апырай, расында да, ол жолы да көңілі тап осылай алып ұшқан жоқ па
еді?! Ол жолы да тап осылай жыл он екі ай екі көзі төрт болып еді ғой! Ол
жолы да осы Тайланға келіп бал аштырып еді – ау... (Әбіш Кекілбаев. Он
томдық шығармалар жинағы 3 том, Үркер Тығырық бөлімі, Алматы Өлке баспасы
1999 ж 237 бет)
Жазушы өзінің суреткерлік шеберлігін кейіпкердің жан дүниесін ашу
барысында қолданған кейіпкер сөзі, оның өмірге, қоғамға деген көзқарасы
арқылы танылады. Шебер суреткер образ сомдауда ұлттық табиғатымызға тән
сөйлеу ерекшеліктерімізге терен мән береді. Кейіпкер бейнесін ашу
салмағында соған артады. Көркем туындыда шым – шытырық адамдар тағдыры
молынан кездеседі. Қиын тағдырлар, жүрек сыздатар сергелдеңдер, ой
арпалыстары, адам жанының құпия сырлары шынайы суреттеледі. Жазушының
өзіндік қолтаңбасы осы тұста жақсы танылады.
...Қанша айтсаң да, миына кірмейтін кер құлақ сана тағы
күмілжиді...Елдің жартысы жаудың боданында, жердің жартысы жаудың табанында
жатқанда ауыз біріктіріп, аруақ қоздырар тізгін ұстап неге керек болмасын!
Ондай атаққа Арқар ұрандының қайсысының жемсауы жыбырламай жүр дейсің.
Бірақ бәрі сенен сескенеді.Мынандай қиын күндерде бірталай абыройға қолы
жеткен соң, бас тақ та соған бұйырып кете ме деп қорқады. Сол себепті де
дүниеде қазақтың аға ханы, бас тағы бұрын – соңды болмағандай, ол туралы
қазір жұмған ауыздарын ашпай отыр. Әрқайсысымыздың қол астымызда, құдайға
шүкір, бір – бір ұлыс бар ғой, соны шүкіршілік етейік дейді. Ал, жеке –
жеке қалғанда, қай – қайсысы да есіктегі қойшының Маған бұйырмайтын көтен
боғымен піссін, – дегеннің керін келтіріп, бізге бұйырмайтын бақыт ешкімге
де бұйырмай – ақ қойса екен – деп тілейді. Бар гәп, міне, осында!
Бір жағынан күдік күңсітіп, бір жағынан шындық шыжбалаңдап әр – сәрі
болған Әбілқайыр әлі бір тоқтамға келе алмай жүр.Бүгінде оның жатса, тұрса
ойлайтыны сол. Қандай шешімге бел буғаны жөн... (Ә.Кекілбаев Он екі томдық
шығармасы 4 том Үркер Елшілік тарауы Алматы Өлке баспасы 1999ж 146 -148
беттер).
Жазушы шығарамада кейіпкер атынан баяндаудың әдіс – тәсілдерін ұтымды
пайдалана алады. Тек Әбілқайырдың ғана емес, шығарма бойында кездесетін
кейіпкерлердің мінезін және ойлау қабілеттерін аша түскен.
Көркем шығармада кейіпкерлер мінезі, ойлау жүйесі, ішкі жан дүниесі
оның сөйлеу мәнерінен көрінеді. Кейіпкер тілінде өткір драма элементі бар.
Қазақ көркем прозасындағы образ жасауда кейіпкерлер тілінің орны
айрықша екендігін нақты фактілермен жүйелеп көрсету қажеттілігін сезіндік.
II ІШКІ МОНОЛОГТЫҢ АВТОР БАЯНДАУЫНДАҒЫ ОРНЫ МЕН КӨРКЕМДІГІ
2.1 Ішкі монологтың автор бейнесін жасаудағы рөлі
Әдеби шығармадағы негізгі қаһарманмен, екінші қатардағы кейіпкерлермен
бірге, шығарманың өн бойында үздіксіз бой көрсетіп отыратын, баяндауға
ерекше тереңдік сипат беретін, оқушыға ой туғызып, шығарма идеясын оның
түсінуіне көмектесетін тағы бір образ бар. Ол – автор образы. Оның әр түрлі
формада болуы, алуан түрлі тілдік амалдар арқылы көрінуі мүмкін. Шығарманы
тіпті түгелімен үшінші жақта (обьективті түрде) баяндап, болып жатқанға
өзінің қатысын, көзқарасын ашық байқатпауға тырысқанның өзінде де, автор,
әдетте, суреттеп отырған адамдары мен оқиғаларынан қағыс қала алмайды (Х.
Кәрімов. Қанатты тіл. Алматы, Санат 1995ж 111-112 беттер 141).
Л.Н. Толстой көркем шығарманың барлық детальдарының басын біріктіріп
тұрған автор тұлғасы, нақтырақ айтқанда, автор жаны екенін өте дәл
аңғарған.
Автор бейнесі – көркем әдебиет тілінің ішкі сапалық қасиеттері мен
заңдылықтарын анықтауғамүмкіндік беретін категориялардың бірі әрі
негізгісі (Б.Шалабай. Көркем әдебиет стилистикасы. Алматы, 1999 ж 47 бет)
Жазушы автор – баяндаушы, кейіпкер сөзінің құрылысы туралы айтқанда,
өзінің бірінші жаұта көбірек жазатындығын, бірақ әңгіме, роиандардың авторы
ретінде сөйлегенін, осы ретте белгілі бір дәрежеде өзін төл шығарманың
кейіпкері ретінде сезінетінін де жасырмайды.
Соңғы жылдары көркем шығармадағы автор проблемалары В.В. Виноградов,
М.М. Бахтин, Д.С. Лихачев, Б.Шалабай және тағы басқа ғалымдар ерекше көңіл
аударып жүр.h4
Академик В.В. Виноградовтың еңбектерінде автор прблемасы арнайы
қаралып, оған автор образы деп айдар тағылып, бұл мәселе көркем
әдебиеттің стилі, түрі тұғысынан талданады.
Бір жағынан автор образын, екінші жағынан, кейіпкердің ішкі жан
дүниесін өзара диалектикалық бірлікте қарастыра отырып, ғалым бұл
проблемаларды Пушкин, Достоевский шығармалары арқылы сөз етеді. Ғалым А.С.
Пушкиннің баяндау стилін қарастырғанда, ол кең әлемдегі өз түйсігін, өз
көзқарасын әлеуметтік тұрғыда қарап, кейіпкерлерімен емін – еркін араласып,
етене жақындасатынын айтады.Ғалымның түсінігі бойынша мұндай көркем
шығармадағы баяндаудың құрылысы субьективті көп қабатты болып,
кейіпкерлерді суреттегенде қолданылатын тәсіл деп береді. (В.В. Виноградов
Стиль Пушкина Москва, Гослитиздат, 1941, 94- стр)
В.В. Виноградов автор образына мынадай түсініктеме береді. Ол –
заманның идеологиялық, эстетикалық талаптарына сай қалыптасып, ілгері
дамитын жазушының жеке – дара стилі. Егер жазушы стилі жеткілікті дәрежеде
қалыптасса, әрбір шығарма автордың көзқарасын айқындайды; ол шығармада
автор образы арқылы көрініс берді. Ғалымның пікірінше, автор образы
қаламгердің дербес стиліндегі тілдік, идеологиялық құбылыстардың басын
қосып, ұйымдастыратын негізгі күш болып табылады. Автор образын сөз
құрылысының категориясы ретінде қарастыра отырып, ғалым бұл мәселеге басқа
қырынан келуді жоққа шығармайды.
Әбiш Кекiлбаевтың екi романында да тарихилық сипат басым. Ол халықтар
тарихының даму бағытына әлеуметтiк өзгерiстер негiзiнде қарайды. Адамдардың
қай дәуiрде болса да үмiттi болащақтан күткенiн, өзара қарым-қатынасқа,
материалдық және рухани байланысқа ұмтылғанын ол жақсы түсiнедi. Көршi
елдердiң қыспағына түсiп, көшпелi өмiр сүрген қазақ халқының ендiгi жерде
оқшау өмiр сүре алмайтынын түсiнген Әбiлқайыр, ендiгi жерде орыс халқымен
бiрлесуге үлкен мән берген осы үлкен ойды жан-жақты барлай отырып автор
Үркерде ханның толғаныс ойын саралап шыққан. Үркер романынның бiрiншi
бөлiмi Тығырықта ханның елшi жiберiп, айлар бойы күтумен өткiзген
психологиялық мiнезiн автор орасан зор шеберлiкпен суреттейдi. Екiншi
Елшiлiк атты бөлiмде Петербургтен елшi Мәмбет Тевкелевтiң келу тарихы
көрсетiледi. Ал, үшiншi Арбасу бөлiмiнде елшiмен жүргiзiлген келiсiмнiң
қиын арбасу-арпалыстары бейнеленедi, төртiншi Айқас атты бөлiмде
елшiлiкпен ел басқарушыларының арасындағы қиян-кескi тартыстардың бiр
жүйеге – дұрыс шешiмге сайып, олардың соған жүгiнулерi баяндалады. Бұл
бөлiмдердiң қай-қайсысында да қысқа ғана баяндала салатын осынау нұсқа
сәттер айналысында бүкiл қазақ өмiрi қамтылады. Бөлiмдердегi сюжеттiк
желiнiң ұзын-ырғасындағы суреттеулер, диалог, монолог, бедерлi көрiнiстер,
тiлдiк құралдардың стилистикалық сапа-қасиеттерiн нақты қолдану жағдайы
көрiнiс табады. Сол әдiс-тәсiлдiң бiрi автор бейнесi.
Автор бейнесi - шығармадағы барлық тiлдiк құралдарды, стильдiк
құбылыстарды бiр тiлдiк көркемдiк жүйеге бiрiктiрiп тұрушы орталық
стилистикалық – категория, ол шығарманың iшкi бiрлiгi мен сыртқы
тұтастығының арқауы. (Б. Шалабай “Көркем әдебиет стилистикасы” (оқу құралы)
Алматы, 1999 ж. (4-5 б, 53-55 б).
Шығармадағы автор бейнесi дегенде жазушының жеке басын түсiнбеймiз.
Әрине, көркем шығарманы оны тудырушыдан бөлiп алып тастауға болмайды.
Өйткенi жазушының жеке басының ерекшелiктерi; өмiрi, дүниеге көзқарасы,
оқиға, құбылыстарға шығармашылық қатынасы шығармаларда iз қалдырып отырады.
Дегенмен, көркем шығармада жазушының жеке басы тасаланып, оның орнына
шығармадағы автор бейнесi шығады.
Автор бейнесi – болмыс пен оқырманды байланыстырушы дәреже. Автор ондай
аралық байланыстырушы қызметтi атқаруы үшiн, өмiрдегi оқиғаларды белгiлi
бiр көзқарас тұрғысынан, яғни белгiлi бiр нүктеден баяндауы керек. Ол
белгiлi “нүктеден” кейiпкерлердiң iс-қимылын бейнелей отырып, өзiнiң
баяндауларына оқырманның қатысын және өзiнiң қатысын белгiлейдi.
Кез келген көркем шығармада автор “көзге көрiнбей” қатысып отырады,
Оның демi, тынысы, ненi қалайтыны, ненi қалаймайтыны, - бәрi сезiлiп
турады. Бiрақ оның “сезiлу” дәрежесi барлық шығармаларда бiрдей болмайды.
Ол жазушның баяндалып отырған жағдайларға қандай “арақашықтықты”
ұстайтынына байланысты.
Автор бейнесi шығармада айтылатын ойға белгiлi бiр қатынасқа байланысты
келедi.Сонымен бiрге автор шығармада Әбiлқайырды бiр жақты бейнелеп қоймай,
халық арасындағы әдет-ғұрып, салт-дәстүрге де қатыстырып отырады. Ханның
жiберген емшiлiгiн күтiп отырған бiр күнiнде ұлы дүрмек саятшылыққа шығып,
дала тағытардының ортасында көрсетедi. Сол саятшылық уақытында жазушы
көркем шығармаға тағы бiр тұлға Итжеместi әкеледi. Бiрақ Итжемес шығармада
ұлы тұлға емес, Әбiлқайырдың жаңа бiр қыры саятшылық құру қабiлетiн ашу
үшiн алынға кейiпкер секiлдi. Шығармада Итжеместiң iшкi ойы мен сезiмi
былай берiледi: “ ... Мұны естiгенде Итжемес түйiлiп қала жаздады. Ол
бiлетiн қазақта не көп-сұлтан көп, би көп, батыр көп, - әйтеуiр ел
үстiндегiұлық көп. Бұрын-соңды ондайлармен табақтас болмақ түгiлi, ондай
дәурен ойына кiрiп көрмеген Итжемес ханның қосынан бiр-ақ шыққанын бiлгенде
қақалмағанда қайтсiн! Қолындағы кәрi жiлiктi ауызына апара алмай бiраз
отырды. Тек құрсағына кiрiп алған әлдебiр аш тышқан: “Ау, неге кiдiрдiң?” –
дегендей, тағы да шиық ете қалғанда барып, жалма-жан апыл-құпыл асай
бастады. Асаған сайын қарыны ғана емес, көңiлi де тоғая түстi” Хан ордағы
қаңқасапқа тап болып жатқан қазақ көп қой дейсiң бе?... ” (Ә. Кекiлбаевтың
“Он екi томдық шығармалар жинағы” 3-том “Үркер” романы. Алматы, “Өлке”
баспасы – 1999 ж (223-224 б).
Осы Итжеместiң iшкi ойы, сезiмi бiр қарағанда авторлық баяндау болып
табылады. Өйткенi келтiрiп отырған үзiндi түгелемен автор атынан III жақта
баяндалған. Ал осының мазмұны мен стильдiк құрылымдарына қарасақ таза
авторлық баяндау емес, себебi оған шығарма кейiпкерi Итжеместiң де қатысы
бар. Итжеместiң үнi “Хан ордадағы қаңқасапқа тап болып жатқан қазақ көп қой
дейсiң бе?” деген ең соңғы сөйлемiнен сезiледi. Ол романда кейiпкер жан
дүниесiмен автор көзқарасын тұтастықта жеткiзетiн қос үндi сөз тәсiлiмен
үйлесiм тапқан.
Мiне осындай автор мен қаһарманның субъективтiк көзқарастарын бiрге
сиыстырып, қиюластырып жiберуге мүмкiндiгi бар тәсiлдi қос үндi сөз дейдi.
Оның маңызды ерекшелiгi баяндаудың екi жеқтылығында. Бұған тiл мамандарының
iшiнде алғаш рет Х. Кәрiмов арнайы тоқталып, автор мен кейiпкер үнi қатар
шығып, қос үндiлiк танытатындықтан “ортақ төл сөз” атауына қарағанда, “қос
үндi сөз” деп атауды ұсынған болатын. (Г.Т. Шоқым “Көркем проза тiлiнiң
стильдiк ерекшелiктерi” (оқу құралы), Алматы, 2001 ж. (3-5б).
2.2 Қос үнді сөздің ішкі монологты қалыптастырудағы қызметі мен ерекшелігі
Жалпы көркем шығарманың тілі – сезімнің, толғаныстың, сөздің, ойдың
бірыңғай ағыны әспеттес әсер қалдырады. Бірақ Бұл ағын көп үнді, көп
дауысты. Сол әр түрлі дауыстардың ішінен автор бағытын айқындау - өте
маңызды мәселелердің бірі.
Көркем шығарманың биік талап деңгейінен көрінуіне септігін тигізер
фвктор өте көп. Қаһарманның дүниетанымын да, оның басқа кейіпкерлермен
қарым – қатынасын да, сырт тұлғасын да оны қоршаған ортаның сипатын да және
олардың шынайы көркем тілмен суреттелуін шығарманың көркемдік қуатын
арттыратын компоненттерге немесе факторларға жатқызуға болады. Қандай
туындының да негізгі тірегі, басты арқауы адам екені ежелден мәлім.
Сондықтан адамның ой – түйсігі, мінез – құлқы, сөзі және солардың
арасындағы үйлесімділік, сәйкестік әлгі аталған компоненттердің жетекшісі
болса керек.(М.Серғалиев. Сөз сарасы. Алматы Жазушы 1989ж 121- бет. 196)
Ортақ төл сөздің кәдімгі төл сөзден де, төлеу сөзден де өз алдына
ерекшелігі: ол автор сөзінің түсінік сөзін қажет етпейді. Екіншіден, мұның
интонациясы, өзіне тән сөздері және синтаксистік құрылысы төл сөзге
ұқсағанымен, біреудің өз аузынан айтылған нақты төл сөз емес, оның атынан
автордың топшылағаны түрінде болады. Бұл жағынан ортақ төл сөз төлеу сөзге
жақындайды. Алайда мұнда төлеу сөзге тән байланыстырушы дәнекерлер және
біреудің сөзі, ойы бар екенін көрсететін айтуға, ойлауға байланысты
етістіктер қатыспайды (А.Әбілқаев Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз.
Алматы, 1956 ж 73-бет).
Ал ортақ төл сөз туралы басқа да ғалымдар сындарлы пікірлер айтты.
Мәселен Б.Шалабаев: Ортақ төл сөз суреттеліп отырған жайға автор көзқарасы
мен кейіпкер көзқарасын біріктіріп, бір құрылым бойында беретін баяндау
тәсілі,- дейді (Б.Шалабаев. Көркем әдебиет тілі және оны мектепте оқыту.
Алматы, 1982 ж 50- бет).
Осындай суреттеу кейін отақ төл сөздің өзіндік ерекшелігін ашып
көрсетін тұжырымдар жасалды. Тілші ғалымдар ортақ төл сөздің автордың
кейіпкерлерді ойлатар да және оның ішкі монологын берерде қажеттілігі
аңғарылды. Ортақ төл сөзді көбіне ғалымдардың бірқатары көп үнді дауыстар
деп те атап жүр. Дегенмен де осы тәсілдердің барлығы қосылып, автор
баяндауының жемісін құрайды.
Монолог, автор сөзі, ортақ төл сөз сияқты баяндау бөлшектері бірімен –
бірі аралас келіп, бірінен – біріне білінбей ауысуы арқылы автор баяндауын
кейіпкерлердің сөйлеу мәнеріне жақындату, ой – сезім дүниесін жан – жақты
ашу көзделінеді (Б.Шалабаев Көркем проза тілі. Алматы; Білім, 1994. -81
бет).
Көркем туындыда автор баяндауы жетекші орын алады. Бірақ белгілі бір
тұстарда кейіпкерлерінің ойлануына жол береді. Бұл процес тілдегі диалог,
монолог, ішкі монолог, ортақ төл сөздерді арқылы орындалады.
Көркем шығарма автордың немесе кейіпкердің бірінші және үшінші жақтан
баяндауынан көрініс береді. Екі жақтан баяндау тәсілінде де ішкі монолог
тәсілісі қатысып отырады. Осы тұста автордың логикалық ойлауының
парасаттылығын көрсету мақсатында жазушыға көмекке қос үнді сөз категориясы
келеді.
Көркем шығармада автор атынан ІІІ жақта айтылғанның бәрі мазмұны мен
модальдық – экспрессивтік мәні жағынан әрдайым бірдей бола бермейді.
Баяндаудың кейбір жақтарында автормен қоса қаһарманның да үні анық сезіліп
тұрады.
Міне, осындай образ жасаудың үйлесімді амалы - қос үнді сөз. Өйткені
кейіпкердің ішкі сезім дүниесіне, ой әлеміне, тұңғиық сырларына тереңінен
үңіліп, толық ашып көрсету қос үнді сөз көмегімен жүзеге асып отырады.
Сөйтіп ол кейіпкер ойы мен сезімінің динамикасын, ойлағанының не айтқанының
эмоциясын бейнелі түрде жеткізіп, кейіпкер мінезінің терең ашылуына
жәрдемдеседі.
... Әзәзіл неме қайда сіңіп жоғалды екен? - деп ойлады Әбілқайыр. Көз
алдында жолбарыс та, бөрі де қалмапты, тек түлкі қалыпты, оның жұлдыздай
ағып бара жатып жалт бұрылып артына қарағаны қалыпты. Есіне енді түсті.
Әлгі бір жұмбақ күлкіні, бақса, сол төрт аяқты хайуаннан көрген екен ғой.
Құдыреті күшті құдай – ай десейші! Екі аяқты адам мен төрт аяқты аңның да
арасында тап осындай ұқсастық бола береді екен. Сонда өткен – кеткен
жолаушының көзін арбай кететін қырық бұлтақ түз тағысы мен біреудің
әлпештеп алақанына салып отырған қырмызыдай құлпырған жас келінінің
арасында қандай байланыс, қандай ұқсастық болмақшы? Манағы мұның көзін
иектеген сиқыр күш енді мұның ақылын иектейін деп жүрмесе не етсін! Түсінсе
не дейсің! Бұл осы қайдағыны қайдан шатып келеді. Жолбарыс... Бөрі...
Түлкі... Құрт – құмырса... Енді кеп жаңа ғана өзі көріп кеткен Пәтшайым...
Шынында да, манағы түлкі мен жаңағы келіншектің кісіге қарағанда бір адам
арбалып қалатындай сиқыр күш бар ғой! Ол не күш болғаны?...Шынында да,
солай екен ғой. Манағы таңы жарқылдаған қызыл түлкіден көрген жымысқы күлкі
оның да мынау бүлк етпей жатар да қояр жапан түздей қоңырқай жүзіне
тегіннен – тегін қонақтап жүр дейсің бе...(Әбіш Кекілбаев, Он екі томдық
шығармалар жинағы, 3 том, Үркер романы, Тығырық бөлімі, Өлке баспасы 1999
ж, 251-253 беттер )
Қос үнді сөз – кең мағыналы, көп тармақты күрделі құбылыс. Қос үнді
сөздің қолданылуы баяндауды жандандырады, әсер күшін молайтады, оны
күрделілендіреді. Олай дейтініміз, қос үнді сөз қызметі шығарманың
композициялық құрылымына, стильдік, көркемдік ерекшеліктеріне тікелей
қатысты. Қос үнді сөз арқылы жазушының не кейіпкердің психологиялық
жағдайы, көңіл – күйі ашылады; белгілі бір оқиғаны баяндау немесе кейіпкер
образын бейнелеу жүзеге асады. Ондайда қос үнді сөз оқиғаның, автор
көзқарасының, кейіпкер ойының жалпы ағымын ғана беріп қоймай, түрлі
экспрессивтік – эмоциялық қырларын; модальдық реңктерін және сол арқылы
туатын түрлі ассоциацияларды қоса білдіреді (Г.Т. Шоқым. Көркем проза
тілінің стильдік ерекшеліктері (Оқу құралы) Алматы. Ғылым баспасы 2001 ж,
17 бет).
Қос үнді сөз автор мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz