Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық- тарын анықтау жұмыстары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 3
1.1. Білім негізі - бастауыш мектеп.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1.2. Көрнекілік құралдардың типологиясы мен мазмұны ... ... ... .. 4
1.3. Бастауыш сыныпта көрнекілікті қолданудың тиімділігі ... ... . 10
ІІ. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .. 15
2.1. Көрнекілік – нәтижелі оқыту
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .. 15
2.2. Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық-
тарын анықтау
жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.. 18
2.3. Көрнекілік арқылы бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу
тілін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 26
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .. 30
Қолданылған әдебиет тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
32

І. Кіріспе
1.1. Білім негізі - бастауыш мектеп
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпғын ойлы да іскер, жігерлі де
батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс
қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша.
Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз
байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани
дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Тәрбиенің сан салалы, күрделі
мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін
дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін бідім мен тәрбиенің
алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды,
іскерліктің қалыпатасуының басатамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім
алу мен кез-келген арнаулы мамандықтарға талпынудың ірге тасы осы
бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері
мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың
жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы
мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушының
рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы
мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке
тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген
сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген
қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы
міндеттерді жүзеген асыратын басты тұлға – ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана
осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп
бағалаған. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға, Адамның адамшылығы
жақсы ұстаздан болады деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогі
Я.А.Коменский: Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл
әркетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі деп ұстаздар
қауымын жоғары бағалаған. Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел
тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір
ұстаздың борышы.
Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай,
оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы
бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайлық пен кішіпейілдік
қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен
байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін менгеруге тиіс. Алдыңғы
қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді,
оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз
етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз
нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сывнып мұғалімі олардың осы
талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру
мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру
формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай
жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл
атқарады. Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім олар еліктейтін, үлгі ететін
абыройлы жан. Олар ұзтазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу
мәнеріне, адаммен қарым-қытынасына еліктейді .Сондықтан да жауапкершілігі
мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар
ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан-дүниесіне әсер ете алады.

1.2. Көрнекілік құралдардың типологиясы мен мазмұны.
Бастауыш мектепте оқу-әдістемелік кешенінің бір бөлігі ретінде
көрнекілік құралдары пән мазмұнының, ұйымдастырылуының, оқу әдістемесі мен
оқу-тәрбие жүйесінің біртұтастылығын талап етеді.
Көрнекілік құралдары терминінің түбірі көру етістігінен шықса да,
қазіргі уақытта ол түрліше сезім мүшелері арқылы санаға әсер ету керектігін
білдіреді. Педагогикалық сөздікте оқытудағы көрнекілікке оқушылардың
тікелей қабылдауындағы нақты бейнелерде қалыптасатын оқытуға негізделген
дидактикалық ұстаным - деп анықтама беріледі.
Оқушы санасында көрнекілік бейнелерін қалыптастырудың құралдары
ретінде мектепте түрлі оқыту жабдықтары қолданылады. Педагогика ғылымын
дамытушылардың бірқатары табиғаттың техникалық және қоршаған ортаның барлық
заттары мен құбылыстары көрнекіліктің құралы ретінде қарастырылуы керек деп
есептейді. Оқыту процесінде табиғат заттары мен құбылыстарының маңызды рөл
атқаратыны және көрнекілік бейнелерін қалыптастырудың қажетті құралдары
болып табылатыны белгілі. Мысалы, В.А. Сухомлинский жеке тұлғаның жан-жақты
дамуына әсерін тигізетін көріністер мен қамтамасыз етудін құралы ретінде
баланы табиғи ортада тәрбиелеп-оқытуды қарастырды. Ол баланы табиғи ортада
оқытудың тұтас жүйесін жасай отырып, табиғат – бала ойын жетілдірудін
қайнар көзі деп атап көрсетті.
Қоршаған ортаның түрлі заттары мен құбылыстары көрнекілік құралдары
ретінде зор маңызға ие. Л.И.Мендельштман, Л.В. Занков, Э.Т. Мингазов, Л.И.
Фридман, Л.Я. Зорина, В.И. Евдокимов, И.Н. Нұғыманов, К. Жүнісова және т.б.
сияқты көптеген педпгогтар осы тұрғыдағы көзқарастарын өз еңбектерінде
зерттеп, тұжырымдаған.
Таным теориясына сәйкес, сезімдік бейнелер бір адамға көрнекі
болғанымен, екінші адамға көрнекі болмауы әбден ықтимал. Сондықтан,
көнекілік құралдары ұғымы Л.И.Мендельштманның пікірінше шартты түрде ғана
айтылады.
Ал, көрнекілік туралы Л.ИФридман өзінің көзқарасын былайша
тұжырымдайды:
- көрнекі нақты нысанның, заттың немесе құбылыстың қандай да бір
қасиеті немесесапасы емес, ол осы объектілердіңпсихологиялық бейнелерінің
ерекшелігі мен қасиеті;
- жеке адам үшін олардың қарапайымдылығы мен түсініктілігінің
көрсеткіші;
- адам санасында қалыптасатын бейненің көрнекілігі мен көрнексіздігі
көптеген себептергне тәуелді.
Олар – таным қабілетіне, даму деңгейіне, қызығушылығы мен
бейімділігіне, қажеттілігі мен қалауына байланысты болып келеді.
Көрнекіліктің құралы ретінде түрлі модельдер қарастырылады. Л.И.
Фридман модельдердің түрлерін олардың құрастырылған затына қарай былайша
жіктеп көрсеткен:

Модельдердің көрнекілігі негізделетін басты заңдылық: заттық және
идеалды (бейнелік және таңбалық-символикалық) модельдер модельденуші
объектінің көрнекі бейнелерінің алдын-ала ұғымдық модельдерде (қандайда бір
құбылыс, процесс немесе заттың теориялық сызба нұсқасын) құрастырылуы.
Оқытуда көрнекілік ұстанымының қажеттілігінің ойдың нақтылықтан
абстрактылыққа, сезімталдық сипаттан радикалдыққа (орнықтылыққа) көшу
диалектикасына негізделеді. Мәселен, Л.И.Фридман модельдердің оқытуға
арналған арнайы құралдар ретіндегі мазмұнын атап көрсетеді. Біріншіден,
модельдеу оқыту нәтижесінде оқушылардың меңгеруі тиіс білім мазмұны мен
игеруі қажет таным әдісіне қызмет етеді. Екіншіден, модельдеу жетілдірілген
оқытудың негізгі қозғаушы күші мен құралы болып табылады.
Ал, В.И. Евдокимовтың пікірінше, көрнекі құралдар дегеніміз – оқыту
барысында түрлі құбылыстар мен процесстерді таныстыруға мүмкіндік жасайтын
арнайы таңдап алынған заттар мен құрастырмалар.
Қорыта айтқанда, көрнекі құралдары туралы ұғымдардың жалпы сипаты мен
анықтамасы ғылыми түрде тұжырымдалған. Олар:
1. Көрнекі құрал – нақты объектінің, заттың немесе құбылыстың
түрлендірілген формасы, моделі.
2. Көрнекі құрал – таным құралы. Таным процессінде нақты заттарды,
құбылыстарды, олардың табиғи немесе қоғамдық өмір сүру жағдайын
елестетуге мүмкіндік жасайды.
3. Оқу міндеттерін тиімді шешуге бағыттала құрастырылған кез-келген
заттық немесе идеалдық модель көрнекі құрал бола алады.

Оқытуда көрнекі құралдарды пайдаланудың маңызды мәселелердің бірі
олардың ғылыми негізделген топтамасының болуы. Бұл мәселе оқытудың теориясы
мен практикасында үлкен мәнге ие. Осы негізде көрнекі құралдарының жүйесі
және көрнекіліктің әрбір түрі мен типінің атқаратын дидактикалық қызметтері
анықталады. Кейбір деректерде – мұндай топтаманың болмауы ұғымдарды
түсінбеушілікке, сабақта көрнекі құралдарды пайдалану әдістерінің
жеткіліксіздігіне әкеп соғады делінген.
Педагогикада көрнекі құралдарды жүйелеудің бірнеше әдісі бар. Көп
жағдайда олардың жеке түрлерінің белгілеріне (көлемі, біртүстілігі немесе
әртүрлігі, статистикалық немесе динамикалық, жекеше немесе ұйымда қолдануға
арналуы және т.б.) құрастырылған затына қарай немесе дидактикалық тұрғыда
топтастырылады.
Егер танымды объективті ақиқаттың санада бейнеленуі десек, Е.В.
Евдокимовтың көрнекі құралдары ақиқатты бейнелеу тәсіліне сәйкес топтауы
негізді тұжырым деп есептейміз.
Көрнекілік құралдарын жіктейтін сызбанұсқаны қарастырып көрейік:

Табиғи көрнекіліктер- коллекциядағы кептірілген өсімдіктер хайуанаттар
мен құстардың тұлыбы, миниралдар және т.б. жатады.
Заттар және бейнелеу көрнекілігі- муляж, геометриялық фигура, макет,
портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері
және т.б.
Символикалық көрнекілік – карталар, картграммалар, схемалар,
диаграммалар, кестеоер жатады. Мысалы, кестенің бірнеше түрлері бар:
хронологиялық, сингрондық, тақырыптық, графикалық кестелер және т.б.
Экранды – динамикалық – көрнекілік: шындық дүниені бейнелейді. Олар:
диапозитивтер, диафильмдер, эпипреакциялар, оқу киносы, оқу теледидары.
Дыбысты техникалық көрнекілік – бұл грампластинкалар, магнитофильмдер,
радиоқабылдағыштар жатады. Жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие үрдісінің
міндеттерін шектеуге көрнекі құралдарының қызметтері, олардың дидактикалық
құрылымдары мен тәрбиелік бағыттарына орай анықталады.
Жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін шешудегі
көрнекілік құралдарының қызметтері олардың дидактикалық құрылымдары мен
тәрбиелік бағыттарына орай анықталады.
Көрнекілік құралдары мектепте оқыту мен тәрбие беру барысында:
- оқушының жеке сезім күйіне әсер етеді (яғни, таныммен, өнермен,
ғылыммен байланыс жасауы мен тұрақтандырушылық қызметі);
- ақпаратты меңгеруді жеңілдетеді (яғни, ақпараттық таныстырушылық
қызметі);
- ақиқатты объекті жөніндегі ақпаратты белгілі шамаға дейін ұғынуға
мүмкіндік береді (сананы қалыптастырудағы көрнекілік қызметі);
- іскерлік пен дағдының қалыптасуына үлес қосады (жаттықтыру қызметі);
- оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесін бақылауға үлес қосады ( бақылау
мен бағалау қызметі).
Көрнекілік құралдары төменгі шарттарды ескеру барысында ғана өз
мүмкіндіктерін толық орындай алады:
- оқу бөлмелерінің толық жабдықталуы;
- қажетті құралдың білім беру мен оқыту аясында өзіндік
мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы;
- оқу-тәрбие жүйсінің барлық салаларының кіріктірушілік, үйлесімділік
және кешендік мүмкіндіктерін ескеруі;
- оқытушы мен оқушының қазіргі кездегі оқыту әдістерін пайдалану
барысында.
Құрастырылған көрнекі құралдарының сапасын анықтайтын басты өлшемдер:
-көрнекі құралдардың мазмұндық өлшемдері;
- әдістемелік өлшемдері;
- эргономикалық өлшемдері;
- техникалық-экономикалық өлшемдер.
Әрине, бұл – көрнекілікке қойылатын талаптар ғана. Мәселе – оларды
көрнекі құралдарының өнбойында табиғи түрде ұйымдастырылып, қажетті,
қалыпты мөлшерде жүзеге асыра білу керектігінде. Олай болмағанда, оның бәрі
оқыту үрдісін қиындатып оқушыларға жағымсыз әсер ететіні сөзсіз.

1.3. Бастауыш сыныпта көрнекілікті қолданудың тиімділігі
Н. Назарбаевтың Қазақстан -2030 Барлық қазақстандық-тарыдың өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы туралы Қақастан халқына
жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру
үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың
тиімділігін арттыру қажет. Сондықтан ұстаз өзінің ғана іс-әрекетінің дұрыс
болуына қанағаттанып қоймай, оқушылардың да танымдық белсенділіктерін
дамытуға ерекше көңіл бөлгені жөн.
Әл-Фараби, Ы. Алтынсарин тағы басқалар оқыту арқылы оқушылардың ақыл-
ой қабілеттерін, дербестігін дамытуға көңіл бөлу керектігін айтқан болса,
оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен ұстанымдары, оқыту әдістері мен құралдары
туралы М.А. Данилов, Б.Н. Есипов, К.Ж. Ягодовский, М.Н. Скаткин, Н.Я.
Лернер, Р.Г. Лемберг, Ю.К. Бабанский, В. Оконь, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов,
А. Климберг, Н. Марев, С.Н. Архангельский, Н.Д. Хмель тағы басқалар өз
еңбектерінде талқылаған.
Көрнекілік – оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс
бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап,
құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.
Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлердің тарихында ұлы
ағартушылардың, қазақтың алдыңғы қатарлы зиялы өкілдерінің еңбектерінде
оқыту мен тәрбиенің негізгі мәселелері туралы көзқарастар ерекше орын
алады.
Абай өзінің шығармаларында ақыл-ойды дамытып, шын ғылыми білім алудың
қажеттілігін, ол үшін ойлау, зейін, ес, міне-құліқ, ерік-жігер, қиял сияқты
психикалық процестерді дамыту керек екендігін ашық ұғынды. Білім алуда
педагогикалық принциптерді қолдануды насихаттау туралы пікірлері
дидактикалық мұра болып есептеледі.
Ұлы Абайдың: Адам баласы ... көзбен көріп, құлақпен естіп, тілмен
татып, мұрнымен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады - деген дана ойы
педагог классиктермен ұштасады.
Қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөлген: қазақ жастары
ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен көріп ажырата
білулері керек, - деген.
Ол оқу әдістері мен тәсілдерін былай тұжырымдайды:
а) оқыту әдістері – балалардың жүре келе мектепке, сабаққа, кейіннен
ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол;
ә) сабақта баланың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар қажет,
мысалы, әңгіме, түсіндіру арқылы оқыту әдістері.
Бұл көрнекілік заттарды және өмір фктілерін пайдалануға көмек
тигізеді: заттарды және құбылыстарды суреттеу, олардың қасиеттерін
салыстыру, әртүрлі қорытындылар жасау. Сондықтан да балаларда дұрыс ойлау
қабілеті қалыптаса бастайды. Профессор Т. Сабыров былай деп түйіндейді:
1) мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін, ең алдымен,
бақылаудың мақсатың, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін
анықтап жоспарын жасау.
2) Бақылауда мүмкіндігінше оқушылардың барлық сезім мүшелерін
қалыптастыру арқылы нәрселердің неғұрлым көп және әртүрлі
қасиеттерін жан-жаақты байқатқан жөн.
3) Мұғалім бақылау кезінде оқушылардың анализ бен синтез жасап,
нәрселердің негізгі қасиеттерін айыру, топтастыру сияқты ойлау
амалдарын қолданып, қорытындылар шығаруына басшылық ете білуі
қажет.
4) Бақылау кезінде мұғалім өз сөздеріне басшылық ету рөлі мен
оқушылардың өздігінен жұмыс істеуінің арасында дұрыс байланыс
болуын қамтамасыз етіп олардың өздігінен қабілетін мейлінше дамыту
мақсатын көздеуі керек.
Демек, мұғалім баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, заттарды немесе
көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды көрсетеді, ал оқушылар сол кезде
тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды, ойланады және тағы басқа таным
әрекеттерін жасайды.
Ендеше педагог ғалым Оразбек Нұсқабайдың сөзімен айтсақ, оқыту,
тәрбиелеу және жетілдіріп дамыту үрдістерін білім берудің субъектісі болып
табылатын оқушылардың белсенді іс-әрекеттерімен тығыз бірлікте жүргізу
керек. Сонда ғана оқушылар өз іс-қимылының мақсаты ме,н маңызын түсініп,
ұғынуға талпынады. Олардың ойлау қабілеті жан-жақты толысып, пісіп
жетіледі.
Педагогикалық сабақ кезеңдерінде әртүрлі көрнекілітерді шын түрлерімен
қолдана отырып мұғалімдердің байқағаны: оқушылардың сабаққа деген ынтасы
мен қызығушылығын арттыра түседі.
Көрнекі құралдарды оқыту процесінде жүйелі түрде қолдану функциялары
оқытушының өз жұмысына байланысты. Бұл ішкі және сыртқы байланыстарға
байланысты анықталады. Оқытудың материалдары мен әдістері оқытудың
мазмұнына байланысты болады. Оқушыға ақпаратты жеткізу үшін мұғалім өзіне
тән әдістерін пайдаланады.
Мектептегі оқыту ісі сабақ мазмұнына байланысты алуан түрлі әдіс-
тәсілдерді кеңінен қолдануды қажет ететіні белгілі. Сондай әдістердің ең
негізгілерінің бірі – оқушылардың байқау-көру қабілетін дамыту үшін сабақта
қолданылатын көрнекі және дидактикалық құралдарды пайдалану.
Бұл негізінен мұғалімдердің ізденісіне, әдістемелік жаңалықтарды іске
асыра білуіне байланысты болып келеді. Мысалы: бастауыш сыныптарда көрнекі
құрал ретінде заттың өзін пайдаланған тиімді.
Бұл оқушылардың қабылдауына жеңіл болып, олардың сабаққа деген
белсенділігін арттырады.
Дидактикалық материалдарды дамыту кезінде жұмыс жасау мен ұйымдастыру
ең бірінші дидактикалық негіздерге және оны қолдана білу облыстарын білу
керек. Оқу оқыту кезінде және оқу орындарында дидактикалық материалдар
қазіргі заманғы талаптарға сай болу керек.
1. Дидактикалық, техникалық және экономикалық қажеттіліктерін
қарастыру.
2. Оқу бағдарламасына сәйкес келуі.
3. Ғылыми техникалық қазіргі заман дамуына сәйкестендіріліп жасау
керек.
4. Дидактикалық материалдар жүйесі ақпараттарды беру үшін оқушылардың
өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін білімділік іс-әрекеттерін
қалыптастыру керек.
5. Негізгі дидактикалық принциптерге сәйкес келу керек. Оқытудың
ерекшелігіне, жаңашыл, шебер ұстаздардың әдістеріне және оқыту
формасына сәйкес келу керек.
6. Оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың қабілеттерін танымдық
процесі арқылы дамыту. Оқыту процесі кезінде оқушыларға жеке-жеке
көмек көрсету. Фронтальдық оқыту кезінде жақсы көрінетіндей етіп әр
елементтерді слайдтар арқылы демонстрация жасау керек. Оқушылар
жұмыс жасайтын орын кеңірек болуы тиіс.
7. Оқушы мен оқытушы бір-бірімен еркін жұмыс жасай алуы керек. Жұмыс
жасайтын орын эстетикалық және гигиеналық талаптарға сәйкес келуі
қажет.
Көрнекі құралдарға қойылатын талаптар:
1. Көрнекі құралдардағы суреттер, жазулар сынып оқушыларына толық
көрінетін болуы керек.
2. Әрбір көрнекі құрал өтілетін тақырыпқа арналған, сонын мазмұнын
ашатын болуы тиіс.
3. Көрнекі құрал тартымды безендірілген, бояулары айқын болғаны жөн.
4. Көрнекі құралға оқушы назарын ерекше аудартуға арналған мәтін, сурет
ерекше бояумен берілуі керек.
5. Бір сабақта бір, не екі ғана көрнекі құрал қолдануы тиіс.
6. Көрнекі құралда бір мәселенің қайталануынан сақ болу керек.
7. Көрнекі құралда жүйеліктің, хронологиялық реттің сақталуын қатты
қадағалау.
8. Көрнекі құралда берілген әрбір мысал тексерілген, дау тудырмайтын,
түсінікті, өтіліп отырған материалды дәлелдеуге көмектесетін болуы
керек.
9. Мүмкіндігінше көрнекі құрал өтілейін деп отырған материалды толық
қамтитындай болғаны жөн.
10. Көрнекі құралды сыныпта пайдаланғанда уақыт көп кетпейтіндей етіп
жасау (іліп қою, алу, қайта пайдалану).

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Көрнекілік – нәтижелі оқыту негізі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Жастардың жалпы орта
білімін одан әрә жетілдіру және жалпы білім беретін мектептің жұмыс
жағдайын жақсарту туралы қаулысында Бастауыш мектеп балаларды жан-жақты
дамытудың негізін қалауға: шапшаң түсініп, мәнерлеп оқудың, есептей
білудің, сауатты жазудың, жақсы сөйлеудің, мәдениетті мінез-құлықтың берік
дағдыларының қалыптастырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Ол оқуға және қоғамдық
пайдалы еңбекке адал көзқараспен Отанға деген сүйіспеншіліеті тәрбиелеуге
тиіс делінген.
Олардың білім негізі бастауыш сыныпта қалыптпсатыны барша жұртқа аян.
Сол үшін бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие жұмысына аса күшті назар аударуымыз
керек. Оқу процесін жетілдіріп, сабақ сапасын арттырудың тағы бір шарты –
сабақта көрнекілік пайдалану.
И.Г. Песталоци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны
логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған.
Көрнекілік- бұл қарастырып отырған құбылысты нақтылау. Нақтылау
нормалары: сөз, образ, оның графиктік кескіні (сурет, сызба, схема және
т.б.) бола алады.
Сонымен көрнекі құрал түсінігінің елеулі белгілері:
- Оқу міндеттерін шешу үшін жасалған кез келген материалдық немесе
белсенділік мораль көрнекі құрал бола алады. Көрнекі құрал оқу моделі.
- Көрнекі құрал әрдайым таным құралы ретінде нақты заттарды, оладың
табиғи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Математика сабақтарында дарынды балалар мен бастауыш сынып мұғалімі жұмысының ерекшеліктері
Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу әдістемесі
Оқушылардың сабақта алаңдаушылық зейінін болдырмау жолдары
Ойлау қабілетіне анықтама
Жоғары сыныптармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары
Бастауыш сынып оқушыларына жүргізілетін өзіндік жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САБАҚҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш мектептің оқыту процесі
Бастауыш мектепте математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Пәндер