Банк қызметіндегі тәуекелділік туралы



Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I бөлім. Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы
1.1 Банктердің пайда болуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Банктік мәні және оның қызмет ету
аясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1.3 Қазақстандағы банктің
реформа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11

II тарау Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері
2.1 Банк
тұрпаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Банк қызметіндегі
тәуекелділік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... . 21
2.3 Банк ісіндегі
бәсекелестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .. 26

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... . 31

Кіріспе

Қазіргі уақыттағы экономика маңызды міндеті бар, өзара байланысқан өте
күрделі жүйе болып келеді. Бірақ маңызды рөлдердің бірі банк жүйесінде де
бар болып келеді. Ол экономикалық қарым-қатынастардың даму кезеніңде оның
жұмысын қамтамасыз етіп отырады. Бүгінгі күнде банктер
1. тәуелсіз, бос қаржыны жинақтауға
2. шаруашылық субъектілерінің кассирлері қызметін атқару
3. эмиссия жүргізуі керек
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының
мануфактуралық сатысында — XIV және XV ғасырларда Италияда несие
қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар
банктердің бұдан да ертерек-феодалим кезінде төлем делдалдары ретінде пайда
болды деп есептейді.Банк сөзі үстем мағынасын беретін италияндық banco
сөзінен шыққан. Банко – үстелген тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін
аландарға қойылатын.
Х ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де
өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады
әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, трапеза -үстел), Ежелгі
Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды.
Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры
болуы керек. Осылайша, бұл айырбпастаушы-үстелдер айырбастаушы-үйге
айналады. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.

Алайда ақшаның табиғатын валюталарды айырбастау бойынша операциялармен
қатар қою банктердің шығу тегін жансақ (қате) ұқтыруға әкеп соқтырады. Бұл
өз кезегінде банктерді ақшаның әлемдік ақша қызметін орындай бастағанда
ғана пайда болған тәрізді етіп көрсетеді. Ғалымдардың пікірінше, біздің
эрамызға жейінгі VI ғасырларда Енжелгі Вавилонды салым ақшаларды қабылдау
және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық
және несиелік операциялар біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда Грецияда да
тәжірибеде кездескен.
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де,
шіркеу мекемелерімен де жүргізілген.Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың
сенімді орнына айналады, өйткені ол мемлекет тарапынан да, қауым тарапынан
да үлкен сенімге ие болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді
ақшалай операцияны ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге
асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажет
етті. Олар мынадай сапаларға ие болуы керек: бөлінетіндей және
сақталатындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе
алтын мен күмістер ие болды.
Ежелгі банктердің несие операцияларымен қатар трансферит деп аталатын
операцияның көмегімен есеп айырысу да біртіндеп дамыды, яғни ақшалай
қаражатты бір кестеден(шоттан) екіншісіне ауыстыру кезінен қолданыла
бастады. Банктер клиенттермен өзара және клиенттер арасында келісімшарттар
бекітіп, сауда мәмілесінде делдал ретінде алға шықты. Есеп айырысуда
қамтамасыз ету үшін ежелгі банктер ақшамен тең дәрежеде айналыста жүретін
банк билеттерін (hudu-гуду) шығарды. Осылайша, несие, ақша және
есепайырысу операциялары бір орталыққа(банкке) шоғырлана бастады. Ақша
шаруашылығының бұл даму кезеніңде банк секілді аса ірі несие мекемелері
пайда бола бастады. XVII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап, банктердегі
эмиссиялық операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және XIX ғасырдың
басында оған елдің эмиссиялық деген атақ(статус, мәртебе) берілді. Оның
банкноттары төлемнің әмбебаб, заңды құралына айналды. 1846 жылы Германиядав
жергілікті 33 эмиссиялық банктерді біріктірген елдің орталық банкісі
ретінде Пруссиялық банк құрылды. Ресейдің банк ісі мемлекеттік тұрғыдан
дамиды, ал жекеше эмиссиялық банктер болған жоқ, тек XIX ғасырдың соңында
ғана(1894ж) орталық эмиссиялық банк ретінде мемлекеттік банк пайда болда.
Банктің уақытша пайдаланылмайтын, шоғырланған бос(еркін) ресурстары
ұдайы өндіріс пайызында өнімді пайдаланады.
Банк өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарынан өз өнімінің өзіндік
ерекшелігімен айрықшаланса да ол мекеме мен ұйымға қарағанда кәсіпорынға
ұқсайды, өйткені оның қызметі үлкен деңгейде өндірушілік сипатымен алға
шығады. Несие ісі- банк негізі, бұл оның негізгі болып табылады. Әріберіден
соң, ол шаруашылық жүргізуші субьектілердің және жеке тұлғалардың төлем
айналымын қолма-қол ақша формасында және қолма-қол ақшасыз формада
реттейтін аса ірі несие институты болып табылады. Банктің мәні оның
құрылымымен тығыз байланысты. Банкке өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын
(институт) ретінде жұмыс істеріне мүмкіндік беретін құрылғыны оның құрылымы
ретінде ұғуға болады. Бұл мағынада банк құрылғысы төрт міндетті блокты
қамтиды. Банк бұл блоктарсыз банк ретінде болмай ды әрі дамымайды: банк
капиталы сауда және өнеркәсіп капиталынан босаған өзіндік ерекшелігі бар
капитал ретінде, сондай-ақ қарыз формасында артықшылыққа ие капитал ретінде
болады әрі ұдайы қозғалыста болады.Өз өнімінің сипатымен басқа кәсіпорындар
мен институттардың қызметінен айрықшаланатын қызметі.
Банк ісі мен банкті басқару саласында өзіндік ерекшелігі бар жұмыспен
айналысатын адамдардың айрықша тобы, банк техникасын, үй ғимаратын,
байланыс және коммуникация құралын, құрылғыларын, ішкі және сыртқы
ақпаратын, өндірістік материалдардың белгілі бір түрлерін қамтитын
өндірістік блогы. Банктің өзіндік ерекшелігі, оның негіздеріне және банк
құрылымына жүргізілген талдаудың негізінде оны қолма-қол ақша формасындағы
жеке қолма-қол ақша формасындағы және қолма-қол ақшасыз формадағы төлем
айналымын реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе ақша-несие институты
ретінде анықтауға болады.
Банк оның (банк) жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Бұл оның
мынадай болуы керектігін ұйғарады: оған біртұтастың органикалық бөлігі
болуға, жалпы ойын ережесі бойынша әрекет етуіне мүмкіндік беретін өзіне
ғана тән өзгешілікке ие болуы керек; бірынғай заң аясында, қоғамның заң
нормалары шегінде жұмыс істеуі қажет; өзін өзі реттеуге, банк жүйесінің
басқа элементтеріне (банктік емес институттармен) өзара әрекеттесуге икемді
болуы керек.

I бөлім. Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы

1.1 Банктердің пайда болуы мен дамуы

Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының
мануфактуралық сатысында — XIV және XV ғасырларда Италияда несие
қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар
банктердің бұдан да ертерек-феодалим кезінде төлем делдалдары ретінде пайда
болды деп есептейді.
Банк сөзі үстем мағынасын беретін италияндық banco сөзінен шыққан.
Банко – үстелген тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін аландарға
қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда
шақа соғылатын (чеканившихся)әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл
жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналысынан хабары бар, айырбас юағамы
бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл
айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады. Х ғасырда
Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше
банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі
Грецияда (трапезиттер деп аталған, трапеза -үстел), Ежелгі Вавилонда және
басқа да елдерде кеңінен тарайды.
Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры
болуы керек. Осылайша, бұл айырбпастаушы-үстелдер айырбастаушы-үйге
айналады. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.

Алайда ақшаның табиғатын валюталарды айырбастау бойынша операциялармен
қатар қою банктердің шығу тегін жансақ (қате) ұқтыруға әкеп соқтырады. Бұл
өз кезегінде банктерді ақшаның әлемдік ақша қызметін орындай бастағанда
ғана пайда болған тәрізді етіп көрсетеді. Ғалымдардың пікірінше, біздің
эрамызға жейінгі VI ғасырларда Енжелгі Вавилонды салым ақшаларды қабылдау
және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық
және несиелік операциялар біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда Грецияда да
тәжірибеде кездескен.
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де,
шіркеу мекемелерімен де жүргізілген.Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың
сенімді орнына айналады, өйткені ол мемлекет тарапынан да, қауым тарапынан
да үлкен сенімге ие болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді
ақшалай операцияны ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге
асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажет
етті. Олар мынадай сапаларға ие болуы керек: бөлінетіндей және
сақталатындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе
алтын мен күмістер ие болды.
Храмдар негізгі ақшалай операциялармен қатар қарыз (ссуда)берумен де
айналысты. Оны заң нормаларын қатар сақтай отырып ресімдеді әрі берілген
қарыз үшін пайыз өндіріп алды. Сол уақытта-ақ адамдар көп мөлшерде
жинақталған ақшаның айналысқа түспесе пайда әкелмейтінің ұқты. Сондықтан да
ақшаны уақытша пайдалануға беріп, одан пайыз алудың немесе сауда және
қолөнер кәсіпорнын ашудың тиімді болатынын да ұқты. Міне, осы уақытша
несиені жоғары пайызбен береін өсімқорлық пайда болды, ссуданың негізіне
тараптардың несие ьеруші қоятын өктем шартымен жасақан жеке келісімі жаады.
Сауда үйі түріңде жеке несие берушілердің пайда болуымен бірге бір мезгілде
мемлекеттік сауда-саттық агенттіктері де әрекет етеді. Ежелгі шығыста олар
тамқаралар деп аталған. Олар металл құймалары түріндегі ақшаны сатумен және
сатып алумен айналысты, басқа мемлекеттермен сауда-саттық жүргізді.
Храмдар, өсімқорлық, сауда үйлері және сауда-саттық агенттіктері
жүзеге асырған барлық ақша операциялары банктердің қалырптасуына себепші
болды. Банк- бұл аса ірі несие кәсіпорны. Осыған қарай жоғарыда аталған
несие берушілерді банк деп ұғуға болмайда. Олар банк деп аталуы үшін несие
істерінің даму деңгейі жоғары болуы керек әрі несие берушінің өз
клиенттеріне қызмет көрсету бойынша орындайтын операциялардың жиынтығы
толық болуы қажет. Несие операциялары қалай жүйеге айналады, солай
өсімқорлық та тоқтайды, өйткені несие берушілердің арасында бәсекелестік
пайда болады, өсімқор өз ссудасы үшін жоғары пайыз белгілей алмайды, егер
жоғары пайыз белгілейтін болса, қарыз алушы одан бас тартады. Несие
мәмілерін орындаумен қатар несие алушы одан бас тартады. Несие мәмілелерін
орындаумен қатар несие беруші өз клиенттерінің өкімі бойынша есеп айырысу
және басқа да операцияларды жүргізеді. Бан-несие, ақша, есеп айырысу
операцияларын бір орталыққа шоғырландыратын ақша шаруашылығының даму
денгейі. Мұндай мекемелер Солтүстік Италияда XVII ғасырда пайда болды.
1619 жылы Венеция қаласындағы қоғамдық серіктестік жиробанк (латынша-
qiro-айналым) деп аталды. Металдық монеталар төлемі мен оны қағаз
серіктестіктеріне ауыстыру олардың айналысатын негізгі операциялары болды.
Еуропа мемлекет құрған экономикалық қызметке, банктердің пайда болуына тән
ақшалай операциялардың тұрақты еу орталығына айналды. Банк ісінің шынайы
мәні мемлекеттер арасындағы сауда-саттық байланыстың даму процесінде
айқындалды. Банк ісін жүргізудің италияндық тәжірибесі өзіндік банктерді
құрудың тек ынталандырушы факторы ғана болды.
Амстердамға айырбастаушы банк құрылды, содан соң ол депозиттік банкке
және жиробанкке, ақыр аяғында ссуда банкісіне айналды. Германияда
италияндық сауда үйлерінің филиалдары негізінде неміс сауда үйі құрылып,
одан алғашқы неміс банктері, ал Францияда француз банктері пайда болды және
т.б. XVII ғасырдың ішінде банктер Еуропаның бүкіл мемлекеттерінде пайда
болып үлгерді.
Ежелгі банктердің несие операцияларымен қатар трансферит деп аталатын
операцияның көмегімен есеп айырысу да біртіндеп дамыды, яғни ақшалай
қаражатты бір кестеден(шоттан) екіншісіне ауыстыру кезінен қолданыла
бастады. Банктер клиенттермен өзара және клиенттер арасында келісімшарттар
бекітіп, сауда мәмілесінде делдал ретінде алға шықты. Есеп айырысуда
қамтамасыз ету үшін ежелгі банктер ақшамен тең дәрежеде айналыста жүретін
банк билеттерін (hudu-гуду) шығарды. Осылайша, несие, ақша және есеп
айырысу операциялары бір орталыққа(банкке) шоғырлана бастады. Ақша
шаруашылығының бұл даму кезеніңде банк секілді аса ірі несие мекемелері
пайда бола бастады.
XVII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап, банктердегі эмиссиялық
операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және XIX ғасырдың басында оған
елдің эмиссиялық деген атақ(статус, мәртебе) берілді. Оның банкноттары
төлемнің әмбебаб, заңды құралына айналды.
1846 жылы Германиядав жергілікті 33 эмиссиялық банктерді біріктірген
елдің орталық банкісі ретінде Пруссиялық банк құрылды. Ресейдің банк ісі
мемлекеттік тұрғыдан дамиды, ал жекеше эмиссиялық банктер болған жоқ, тек
XIX ғасырдың соңында ғана(1894ж) орталық эмиссиялық банк ретінде
мемлекеттік банк пайда болда.
XX ғасырдағы 90-шы жылдардың басына дейін Қазақстанның банктері болған
емес. Бұл турасында осы тараудың келесі тармағында айтылады.

1.2 Банктік мәні және оның қызмет ету аясы

Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып
көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оныв тек ақшаны сақтаудың орны деп
жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әрі түрлі. Сондықтан
да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы.
Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны
экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біоеулері оған делдалдық
ұйым ретінде қарайды және т.б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен
ғылыми әдебиеттерден, кезендік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау
секілді ресми құжаттардан жа кездестіруге болады. Алайда, банктің мәнің
терең зерделеген И.О.Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына
қатысты жоғарыда аталғандардың барлығы дерлік шындыққа толық сәйкеспейді,
әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.
Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:
• банк мәнін макродеңгейде оның қызметімен байланыстыра отырып талдау
• оның мәнін әр түрлі тұрпаттарына қарамастан банктің біртұтас жүйесі
ретінде қарастыру
• банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық институттардан
айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін ашуды қажет етеді.
• Банк мәнін ашып көрсеті оның құрылымын ашып көрсетуді қажет етеді.
Әрине, банктің мәнін оның қандай да бір клиентке қатынасы бойынша
қызметін қарастыру арқылы түсінуге болмайды. Банк нақты клиентке қатынасы
бойынша бірқатар өз қызметін орындауы мүмкін, бірақ бұған қарап оны банк
деп ұғуға болмайды. Нақты клиентке банк көрсететін 100-120 қызмет
түрлерінің бәрі бірдей жеке бір банктің операцияларымен шектеліп қалмау
керек. Бұл мағынада оның мәні дерексіз ұғымға айналып шыға келеді, ол нақты
банк қызметінің бүкіл сипаттамасын біртұтас ретінде қарастыруы мүмкін. Оның
мәнін тұтас экономикаға байланыстырып, макродеңгейде қарастырғанда ғана
мақсатқа лайықты болады. Бұл жағдайда банк нақты қызмет жиынтығы болатын
мекемені емес, керісінше, белгілі қызметі бар институтты білдіреді. Банктің
мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан бірыңғай болдаы әрі
оның мәні коомерциялық банкке де,инвестициялық банкке де, эмиссиялық банкке
де және т.б барлық банктерге бірдей тән болып табылады. Бұл аталған
банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т.б бір бірінен өзгеше
болады., бірақ бұл арадағы оның (банктің) мәні өзгеріссіз қалада және
олардың барлығына бірдей тәң. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің
әр түрлілігін көрсетеді.
Әдістемелік тұрғыдан алғанда банктің мәні туралы мәселе оны басқа
экономикалық институттардан айрықшалавйтын өзіндік ерекшеліктерін анықтауды
қажет етеді. Мәселе мынада: осы заманғы банктер орындайтын көптеген
қаржылық, кеңес беру және т.б қызмет түрлерін (200ден астам) басқа
экономикалық институттар, оның ішінде, банк институты өз клиенттеріне
көрсете алады. Оның үстіне, банк атқаратын жұмыстардың көбісін басқа
институттар да орындайды. Мұндай ахуалдан шығу үшін операциялардың ішінен
тек банктің өзіне ғана тән операциялар мен қызметтерді бөліп көрсету керек.
Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс
саласындағы өнімдерден көп өзгешілігі бар өнімді өндіреді. Ол тек жай ғана
тауарды емес, ақша және төлем құралдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді.
Қолма-қол ақшаны шығару – бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.
Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс,
тұтыну заттары емес, несие ұсыну жатады. Әрі-беріден соң несие қандай да
бір соманы білдіріп қоймайды, ол ссудпалық пайыз түрінде пайда әкелетін
капитал ретінде анықталады.
Банктің уақытша пайдаланылмайтын, шоғырланған бос(еркін) ресурстары
ұдайы өндіріс пайызында өнімді пайдаланады.
Банк өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарынан өз өнімінің өзіндік
ерекшелігімен айрықшаланса да ол мекеме мен ұйымға қарағанда кәсіпорынға
ұқсайды, өйткені оның қызметі үлкен деңгейде өндірушілік сипатымен алға
шығады.
Несие ісі- банк негізі, бұл оның негізгі болып табылады. Әріберіден
соң, ол шаруашылық жүргізуші субьектілердің және жеке тұлғалардың төлем
айналымын қолма-қол ақша формасында және қолма-қол ақшасыз формада
реттейтін аса ірі несие институты болып табылады.
Банктің мәні оның құрылымымен тығыз байланысты. Банкке өзіндік
ерекшелігі бар кәсіпорын (институт) ретінде жұмыс істеріне мүмкіндік
беретін құрылғыны оның құрылымы ретінде ұғуға болады. Бұл мағынада банк
құрылғысы төрт міндетті блокты қамтиды. Банк бұл блоктарсыз банк ретінде
болмай ды әрі дамымайды:
• банк капиталы сауда және өнеркәсіп капиталынан босаған өзіндік
ерекшелігі бар капитал ретінде, сондай-ақ қарыз формасында
артықшылыққа ие капитал ретінде болады әрі ұдайы қозғалыста болады.
• Өз өнімінің сипатымен басқа кәсіпорындар мен институттардың қызметінен
айрықшаланатын нк қызметі
• банк ісі мен банкті басқару саласында өзіндік ерекшелігі бар жұмыспен
айналысатын адамдардың айрықша тобы
• банк техникасын, үй ғимаратын, байланыс және коммуникация құралын,
құрылғыларын, ішкі және сыртқы ақпаратын, өндірістік материалдардың
белгілі бір түрлерін қамтитын өндірістік блогы.
Банктің өзіндік ерекшелігі, оның негіздеріне және банк құрылымына
жүргізілген талдаудың негізінде оны қолма-қол ақша формасындағы жеке қолма-
қол ақша формасындағы және қолма-қол ақшасыз формадағы төлем айналымын
реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе ақша-несие институты ретінде
анықтауға болады.
Банк оның (банк) жүйесінің негізгі элементі болып табыоады. Бұл оның
мынадай болуы керектігін ұйғарады:
• оған біртұтастың органикалық бөлігі болуға, жалпы ойын ережесі бойынша
әрекет етуіне мүмкіндік беретін өзіне ғана тән өзгешілікке ие болуы
керек
• бірынғай заң аясында, қоғамның заң нормалары шегінде жұмыс істеуі
қажет
• өзін өзі реттеуге, банк жүйесінің басқа элементтеріне (банктік емес
институттармен) өзара әрекеттесуге икемді болуы керек
Банк теориясының маңызды мәселесіне оның қызмет ету аясы туралы мәселе
кіреді. Оны банк мәнін талдау барысында пайдаланатын әдістемелік
тәсілдемелердің көмегімен анықтау керек.
Банктің қызмет ету аясы-бұл басқа экономикалық институттарға қарағанда
тек банктің өзіңне тән қызметі.
О.И.Лаврушин банктің 3 қызметету аясын былайша анықтап берді. Оның
бірінші – ақшалай қаражатты шоғырландыратын қызметі. Уақытша сақтауға
құндылықтарды қабылдау, сақтаулы операция ежелгі банк операцияларының бірі
болып табылады. Мәселенің мәні мынада:
Кейін пайдалануы үшін қаражатты жинау процесі тек банктерге ғана тән
емес. Алайда уақытша бос ақшаны шоғырландырудағы банктің бірқатар
ерекшеліктері болады:
• шоғырландырылған уақытша бос бөтен қаражат банктің өз қажеттіліге
емес, басқалардың қажеттілігіне қайта бөлу тәртібімен пайдаланады.
• Шоғырландырылған және қайта бөлінетін қаражаттың меншік иесі-бастапқы
несие беруші (банк клиенті)
• Қаражатты шоғырландыру тек арнайы ұлғайтумен (лицензия) жүзеге
асырылады әрі банктің негізгі қызмет түріне айналады.
Екінші қызмет-ақша айналымын реттейтін қызмет. Банк несие беруші мен
қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал
болып табылады. Банк несие беруші мен қарыз алушының арасындағы, сатушы мен
сатып алушының арасындағы делдал болып табылады. Банк арқылы үлкен мөлшерде
контрагенттердің арасындағы есеп айрысулар, айырбас, ақшалай қаражат
айналымы, капитал жүзеге асырылады. Ақшалай қаражат айналымы экономиканы
және халықты несиелеу, төлем құралдарын шығару арқылы реттеледі.
Үшінші қызмет- делдалдық қызмет. Бұл арада банктің делдалдық қызметін
тек төлемдегі делдалдық ретінде ұқпау керек.

1.3 Қазақстандағы банктің реформа

Банк жүйесінің реформасын жүргізудің қажеттілігі. Қазақстан
Республикасының экономикасы нарықтық қатынасқа өту кезеңінде несиені
басқарудың жүйесі мен шаруашылық қызметке банктік қызмет көрсетудің
тетігіне көшудің, кәсіпорындар мен банктердің қызметін басқаруда
экономикалық әдістерді кеңінен пайдалануға ауысудың мүлдем жаңа тәсілдері
қажет болды: банктердің арасындағы және банктер мен клиенттердің арасындағы
өзара қарым-қатынас жүйесін, сондай-ақ, банк жүйесінің өз аясындағы-
олардың жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынасты қайта қру
керек, яғни, банк жүйесін жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып
реформалау қажет.
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің реформасын жүргізудің
қажеттілігін Әлемдік банктің мамандарымакроэкономикадағы реформаның жүзеге
асуына кедергі келтіретін қысқа мерзімді проблеманың екі категориясының
болуымен түсіндіреді.
Бірінші категорияға орталықтандырылған экономикадан мұраға қалған
банктің іс-тәжірибесі мен мақсатты несиелерді мемлекеттік тұрғыдан бөлудің
ескі жүйесінің толық жойылмауына байланысты қаржы ресурстарын дұрыс
орналастырмау проблемасы жатады. Проблеманың екінші категориясы: банктер
сапасыз (мерзімі өтіп кеткен) ссудаларды және залаға ұшыраған мемлекеттік
кәсіпорынедарды мұраға алады. Бұл проблемалар тіршілікке икемді(немесе
несиені өтеу қабілеті бар) мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке
кәсіпорындардың қаржылық ресурстарға апаратын жолын жауап тастады, қаржы
ресурстарын тіршілікке икемсіз(немесе залады) кәсіпорындардың пайдасына
бұрып жіберді. Оның үстіне, бұрынғы ескі жүйе кәсіпорындар мен ұйымдардың
арасындағы төлемдер мен есеп айырсуларды дұрыс жүргізе алмады. 1992 жылдың
ішінде Қазақстан экономикасына салынатын несие салымдары артты. Жалпы
ұлттық өнім несиесінің сомасы 1992 жылдың 1 тоқсанында 11,3%-ды құраса, 4
тоқсанда-29,8%.Бұл негізінен өз кезегінде Ресей Орталық банкісінің
контокоррентік несиесімен қаржыландырылған Ұлттық банктің несиесі арқылы
қайта қаржыландырудың есебінен жүзеге асырылды. Мұны мына мәлеметтер
айғақтайды: 1992 жылдың 1 тоқсанында Ұлттық банктің коммерциялық банктерге
берген несие сомасы Жалпы ұлттық өнімді 6,7 %-ды құрады, ал осы жылдың 4
тоқсанында – 17,8% .Мамандандырылған банктер арқылы несие ресурстарын
осылайша орталықтандырылған әкімшілік жолмен бөлу тіпшілікке икемсіз,
залалды мемлекеттік кәсіпорындарға несиенің берілуіне жол ашты, бұл өз
кезегінде нашар несие портфелінің пайда болуына әкеп соқтырды. 1993 жылы
Ұлттық банк 7,5 млрд теңге сомасында несие берді, онгың 5,6 млрд теңге
-үкіметтік, яғни олардың үлесі 75-ды құрады, ол бойынша қайтарылған жалпы
сома 138,5 млн теңгеге немесе 3,9 -ға теңесті, қалған бөлігінің мерзімі
ұзартылды.
Ұлттық банк несиесімен қайта қарыландыру іс-тәжірбиесінде кемшілік
мынада, банктер қайта қаржыландыру несиесіне қол жеткізгеннен кейін
депозиттік ресурстарды дербес жұмылдыруға ынталы болмайды. Оның үстіне, бұл
несиені субъективті негізде орналастырған кезде банктердің жұмыс тиімділігі
ескеріле бермейді, осының салдарынан несие ресурстары әрдайымоңтайлы
бөлінбейді. Несиені тиімді орналастыруға кедергі келтіретін фактілердің
біріне пайыздық мөлшерлеменің төмен болуы жатады. Пайыздық мөлшерлемелер
деңгейінің төмен болуы ссудаға қажеттілікті арттырып, несие өтініші
негізінде тікелей орталықтандырылып несиеленетін мемлекеттік
кәсіпорындардың қаржылық тәртібін әлсіретіп тастады.
Мемлекеттік кәсіпорындар бұл арзан несиені негізінен инвестиция үшін
емес, еңбекақы төлемдеріне және материалдық құндылықтарды жинауға
пайдаланды. Инфляцияның деңгейі мен Ұлттық банктің атаулы пайыздық
мөлшерлемесін салыстырса да жетіп жатыр: соңғысы 500% -дан да асып түсетін
бөлшек сауда бағасының жылдық инфляциясында – 1992 жылдың наурыз айында
-жылына 25% -ды құрады. 1992 жылдың қараша айында атаулы пайыздық
мөлшерлеме 65%-ға дейін артты, ал инфляция-1000%. Сол кездең тұсында арзан
несие алған кәсіпорындар өз жағдайларын түзеуге асықпады.
Осылайша, қолдау көрсетілетін мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей
несиелеудің саясатын төмен пайыздық мөлшерлеме саясатымен біріктіру несие
ресурстарының дұрыс орналаспауына әкеп соқтырды.
Өз кәсіпорындарының өтеу қабілетін салмақтап жатпасан оларға несиені
тікелей беретін мамандандырылған банктердің бұл әрекеті мерзім өткен
ссудалардың көбеюіне әкеп соқтырады, ал нарыққа бағдарланған кәсіпорындар
банктерден несие ала алмады.
Пайыздық мөлшерлеменің төмен болуы банктерге өз жинақ ақшасын толық
жұмылдыруына мүмкіндік бермеді. Кәсіпорындар мен халық өз жинақ ақшасын
нақты активтерге орналастыруды ұйғарды. Азаматтар көбінесе ұзақ пайдалануға
жарайтын тауарларды және жылжымайтын мүлікті сатып алатындықтан
кәсіпорындар өндірген тауарплар уақтылы сатылмады, яғни кәсіпорындар тауар
қорын өсуімен ғана шектелді. Нақты активтер- инфляциядан, ақша қорланымының
құнсыздануынан қорғанатын бірден-бір жол болды. Салым ақша үшін төлейтін
банктің пайыздары инфляцияның салдарынан болған ысыраптың орнывн толық
толтыра алған жоқ. Кәсіпорындавр мен халыққа тиесілі жинақ ақшаның
жеткілікті дәрежеде жұмылдырылмауынан орын алған несие ресурстарының
жетіспеушілігі банктердің тиімді кәсіпорындарды несиелеуіне мүмкіндік
бермеді.
Несие ресірстарының бөліну сипатына мемлекеттік кәсіпорындарға
берілетін демеуқаржы мен жеңілдікті несиелердің іс-тәжірибесі жағымсыз
әсерін тигізді. Кәсіпорындардың өзіндік ерекшелігі бар шығынының, мәселен,
халықты әлеуметтік қорғау шығынының, сондай-ақ, кәсіпорындардың әдетке
айналған тиімсіз жұмыс істеуіне байланысты шығынның орнын толтыруға
арналған несие демеуқаржы несиесі деп аталды. Ол(демеуқаржы несиесі) Ұлттық
банктің қайта қаржыландыру несиесінің мөлшерлемесіне қарағанда төмен
пайыздық мөлшерлемемен берілген (1992 жылдың IV тоқсанында 65% төмен)
Демеуқаржылық несие саясаты жай несие мен мемлекеттік демеуқаржы
арасындағы айырмашылықты жойды. Бұл ссуданы кәсіпорындар мүлдем өтемеді
десе де болады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарына есеп айырсудағы өзара
шегерімдерді жүргізуге несиелерді берудің іс-тәжірибесі кеңінен тарады.
1992 жылы Ұлттық банктің женілдікті несие үлесі барлық қайта қаржыландыру
несиенің шамамен 70% -ын немесе барлық несие салымдарының 42% -ын құрады.
Жеңіодікті несиенің көп бөлігін ауыл шаруашылығы мен дайындаушы ұйымдар
алады.
Мақсатты үкіметтік бағдарламаларға орталықтандырылған несие 1993 жылы
негізінен женілдікті пайыз мөлшерлемесі (3%, 253 және 65%) бойынша берілді
7,5 млрд сомасында банк берген несиенің 7,6 % -ы олардың үлесіне тиді,
өйткені 1992 жылы пайыз мөлшерлемесіне коммерциялық банктердің белгіңленген
шектеулері алынғаннан кейін Ұлттық банктің орталықтандырылған несие
ресурстарының есебінен банктердің беретін несиесінде маржа 3% мөлшерінде
сақталып қалды. Нәтижесінде орталықтандырылған несиенің орташа пайыздық
мөлшерлемесі тұтас республика бойынша 1993 жылы 48,2 %-ды құрады. Сол жылы
тұтыну бағасының индексі 2269,8 % деңгейінде анықталды.
Кәсіпорын борышының жаппай клирингісін жүргізу барысында Ұлттық банк
борышқор кәсіпорындарға жеңілдікті-демеуқаржы несиесін берді. 1992 жылы осы
мақсатта берілген несиесінің үлесі барлық жеңілдікті несиелердің шашамен
30% - ын құрайды. Несиенің көп бөлігі өтелмей қалды.
Жоғарыда аталған несиелер кәсіпорындарға өз қаржылық жағдайларын
жақсартып алуы үшін берілсе де, олар оның залалын қаржыландыру құралына
айналды. Оның үстіне, демеуқаржы және женілдікті несие бойынша атаулы
пайыздық мөлшерлеме мен инфлчяция деңгейінің арасындағы үлкен айырмашылық
қаржылық алып-сатарлыққа жол берді.
Несие салымдарының жалпы сомасында үкіметке мемлекеттік емес борыштық
бюджет тапшылығын жабу үшін бірілген несиенің үлес салмағы басым: 1992
жылдың 1 қантарында ол 13,7 % және 11 %-ды құраса, 1993 жылдың 1 қантарында
-1,5 және 2%, ал, 1993 жылы бюджет тапшылығын жабуға 877 млн теңге
мөлшерінде немесе барлық несие сомасыцның 11,8 %-ын құрайтын несие сомасы
берілді.
Нәтижесінде несие салымдарының құрылымы айтарлықтай нашарлап, жарамсыз
(мерзімі өткен) несиенің үлесі артты. Пайыздық мөлшерлеменің төмен болуынан
орын алған Ұлттық банктің ысырабы және капитал ысырабы орасан зор сомада
болды.
1992 жылы басталған респуьликадағы төлемсіздік дағдарысы
кәсіпорындардың және тұтас экономиканың қаржылық жағдайына кері әсерін
тигізіп келеді.
Көптеген кәсіпорындар өнім өндірісін күрт төмендетуге мәжбүр болса,
кейбіреулері өндірісті мүлдем тоқтатып тастады. Есеп айырсуларды баспа-бас
алмасу (бартер), алдын ала төлеу қолданылады. 1991 жылдың 1 қантарындап
мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары 5 млн теңгені құрады, 1992
жылдың 1 қантарында -11,2 млн теңге, 1992 жылдың маусымында – 384 млн теңге
немесе жалпы ұлттық өнімнің немесе алынған банктік 12,36 % -ын несиенің
жалпы сомасының 84,1 %-ын құрады. 1993 жылы мерзімі өткен төлем 91,5 млн
теңгеден 5,5 млрд теңгеге дейін немесе 60 есеге өсті. Банк ссудасы бойынша
мерзімі өткен берешек 12,6 млн теңгеден 1,7 млрд теңгеге дейін немесе 135
есеге өсті.
Мұндай құбылыс көптеген себептермен, ең алдымен төлем жүйесінің
тиімсіздігімен, сондай-ақ, несие нарығының проблемаларымен түсіндіріледі.
Әсіресе, бұлар 1992 жылдың басында Ұлттық банк кәсіпорындарға несие беруді
шектей бастағанда байқалды. Соңғылары басқа кәсіпорындардан жөнелтілген
жүктің төлемін ала алмайтын жағдайға ұшырады, төлемдер жарты жылға немесе
одан да көп уақытқа кешіктірілді.Бүкіл кәсіпорындар, соның ішінде, төлім
қабілеті бар кәсіпорындар да қиын жағдайда қалды.
Несие нарығының проблемалары бұрынғы ақшасыз есеп айырысу жүйесі және
есеп айырысу құжатымен несиелеу жүйесі жойылғанда байқалды. Кәсіпорын өз
тауарын сатып алушыға оның төлем қабілетін тексеріп жатпастан, жоспар мен
келісімшартқа сәйкес жөнелтетін.Егер сатып алушының шотында қаражат
болмаса, оған банк автоматты түрде несие аударатын, төлемсіздік қатері
нөлге тең болды. Бұл жүйе жойылғаннан кейін (банктер төлем қабілеті жоқ
кәсіпорындарға несие бермейтін болды) төлемсіздік дағдарысы басталды,
төлемнің кешіктірілуі немесе төлемнің мүлдем жүргізілмеуі төлемсіздіктің
тізбекті реакциясын тудырды.
Оның үстіне, төлемдердің кешіктірілуі құрал-саймандардың тозуымен және
банктердің артта қалған техникалық жарақтандырылуымен(ЭЕМ желілерінің және
олардың программалық қамтамасыз етуінің тозуы) байланысты болды.
Кәсіпорындар арасындағы төлемсіздік дағдарысын жою үшін үкімет үш
шараны жүзеге асырды. Біріншіден, тіршілікке икемді кәсіпорындардың берешек
мөлшерін кеміту мақсатында тіршілікке икемді немесе тиімді кәсіпорындарды
басқа кәсіпорындармен қайта қаржыландырды. Ұлттық банк бұрынғы
мамандандырылған банктер арқылы қайта қаржыландыруға 245,36 млн теңге
сомасында несие берді. Екіншіден, үкімет жаңа төлем аспаптарын еңгізді.
Мемлекеттік кәсіпорындарға төлем тапсырмасы немесе чек бойынша алдын ала
төлемді қажет ететін төлем аспаптарын пайдалануды тапсырды. Үшіншіден,
бұрынғы кеңестік республикалық есеп айырысу банкісіне құрылтайшы болуға
келісімдерін берді. 1992 жылдың аяғында Қазақстан мен Ресей 1992 жылдың
соңында 80 млн теңгені құраған екі ел кәсіпорындарының берешегін өзара
шегеру туралы екі жақты келісімге қол қойды.
II тарау Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері

2.1 Банк тұрпаттары

Банктің жарғылық қоры қандай көздерден қалыптасқанына қарай банк
туралы заңдарда олар мемлекеттік, жеке, окционерлік, аралас және щетелдік
боп жіктеледі.
Банктерді акционерлік формада ұйымдастырудың ерекшелігі мен
артықшылығы неде? Шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдар
туралы заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам – бұл заңды тұлға. Онда
құрылтайшының (акционерлік қоғамның қатысушылары құрылтайшылар деп аталады)
меншік құқығы Ұлттық банктің лицензияның негізінде шығарылған акциялармен
айғақталады. Акционерлердің үлесі мен банктің табысы сатып алынған
акциялардың санына тікелей тәелді болады. Акционердің жауапкершілігі сатып
алынған акцияның сомасымен ғана шектеледі. Банк таратылған жағдайда немесе
банкротқа ұшырағанда барлық талапхаттар(претензия) жекелеген акционерлерге
емес, банкке ұсынылады, яғни банктен талап етіледі.
Акционерлердің банкті басқару бойынша жауапкершілігі басқарманы
сайлаумен және жылдық жиналыста банк саясатының сәселелері бойынша дауыс
берумен шектеледі.
Банкті акционерлік емес формада(үлестік жеке форма) ұйымдастыру
қатысушылардың құқығын растайтын қандай да бір формалдық айғақты қажет
етпейді.
Пайшы (үлескер) банк қызметіне қатысты барлық тәекелділікті өз мойнына
әрі оның барлық міндеттемелері блйынша жауап береді. Банкротқа ұшыраған
жағдайда барлық талапхаттар банкке де және өз мүлкіне жауап беретіңн әрбір
үлескерге ұсынылады.
Екіншіден, акционерлер акцияны басқа тұлғаға бере алады. Бұл арада
банк жекелеген акционерлер банкротқа ұшырағанда немесе құзыреттілігін
жоғалтқанда немесе қоғамнан бөлініп шыққанда да өз жұмысын жалғастыра
береді. Ал, қатысушыөзінің үлесін пай формасында басқа қатысушылардың
келісімінсіз бере алмайды.
Үшіншіден, Акционерлік банкте оны басқару бойынша қызмет нақты
бөлінген. Акционерлер басқармавны, басқарма төрағаны, ал, ол (төраға)
басқару аппатарын сайлайды. Басқару аппараты өз кезегінде мамандар мен
қызметкерлердің міндеттерін анықтайды. Жеке банкте қатысушылар оны
басқаруға тікелей қатысады әрі олар администраторлар болып табылады және
басшылықтың тиімділігі олардың жеке сапасына қарай орын алады.
Банктерді акционерлік формада ұйымдастырудың кемшіліктері: акционерлік
банкті құрудың қиындығы (жергілікті үкіметтен рұқсат алуды қажет етеді),
икемділігі аз әрі өзгерген жағдайда бейімделу қабілеті төмен болады. Бұл
аталмыш кемшіліктерге қарамастан банктерді акционарлік формада ұйымдастыру-
нарықтық экономикада ең тиімді әрі баламалы жол болып табылады және
нарықтық экономикасчы дамыған барлық елде банктердің көбісі акционерлік
компаниялар немесе корпорация формасында ұйымдастырылған.
Банк мекемесі және банк қызметін процедураны білдіреді әрі елдің
зандарымен реттеледі. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы аумағында
банктерді құруға рұқсат береді және банктер мен олырдың филдиалдарын
тіркейтін кітапты жүргізеді.
Ұлттық банк белгілеген мөлшердегі төлем негізінде де рұқсат беріледі.
Рұқсат беру барысында Ұлттық банк орындалатын банк операцияларын анықтайды.
Банк туралы заңдар мен заң актілерінде банк қызметін бастауды тоқтатуды
қарастыратын тәртіптер реттелмеген.
• руқсат беру жөніндегі өтініш
• экономикалық негіздемесі
• жуық ара 2-3 жылға жасалған болжамдар да қамтитын іскерлік жоспар
• құрылтайшылар ұсынған банк басшыларының (төраға мен бас
бухгалтер)кәсіби жарамдылығы туралы мәлімет
• құрылтайшылардың қаржылық тұрақтылығы жөніндегі аудиторлық тұжырым
• жарғылық қордың шотына аражаттың еңгізілгенің растайтын құжат
Оның үстіне, бірлескен немесе шетелдік банктерді, сондай-ақ, олардың
еншілес банктерін құруға рұқсат алу үшін мыналар қажет: - занды тұлғалардың
құрылтайшылары үшін,Ү олардың заңды мәртебесін растайтын жарғы немесе басқа
құжат және өткен екі жылдың жарияланған балансы:шетелдік құрылтайшының
бірлескен банкке қатысуы туралы, республика аумағында шетелдік банкті құру
немесе еншілес банкті ашу туралы тиісті органның рұқсаты: Қазақстан
аумағында бірлескен банкке шетелдік құрылтайшының қатывсуына шетелдік
құрылтайшының қаросылық білдірмегенің растайтын бақылаушы органдардың
жазбаша хабарламасы.
Банк өз қызметін қолданыстағы заңның 68-74 баптарындағы ережеге
сәйкес, сонымен бірге Қазақстан Республикасының белгіленген қолданыстағы
заң жағдайларында банк құрылтайшыларының шешімі бойынша тоқтады.
Банк жарғысы мыналарды қамтуы керек:
• банк пен оның орналасқан орнының атауы
• банк жүзеге асыратын банктік операциялардың тізбегі
• жарғылық қордың мөлшері және банк құрған өзге қорлардың тізбесі
• банктің басқару органы, оның бақылаушы органы, құрылымы туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ТемірБанк» қызметіндегі тәуекелділік
Банк баланстарын талдау
Ұйым тәуекелділігін бейдағдарыстық басқару
Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
Сыртқы реттелмейтін тәуекелді басқару
Шешімдер варианттарын тұжырымдау
«Kaspi bank» АҚ
Теориялық және тәжірибелік материалдарды зерделеу нәтижесінде тәуекелділік пен анықталмағандық жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдауды жетілдіру жолдары
Кәсіпорынды кризистік жағдайдан шығару әдісі
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді ашу және тәртібі. Банк қызметінлегі тәуекелділік
Пәндер