Жас мүгедектерге әлеуметтік педагогикалық - психологиялық көмек түрлері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
1 -тарау. Қазақстан Республикасындағы жас мүгедектерді қолдау және
әлеуметтік жұмыс жүргізу
1.1 Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
1.2. Әлеуметтік саясатта мүгедектердің мәселесін мемлекет тарапынан шешу
жолдары
1.3 Жас мүгедектерді әлеуметтік қорғау принциптері

2- тарау. Қазақстан Республикасындағы жас мүгедектерді материалдық
қамтамасыз ету
2.1 Жас мүгедектерді жұмыспен қамту
2.2 Жас мүгедектерге әлеуметтік педагогикалық - психологиялық көмек
түрлері
2.3 Үйде көмек көрсетілетін жас мүгедек балалардың білім технологиясын
қарастыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.
Қазіргі қоғамымыздағы өзекті мәселенің бірі – мүгедектік
әлеуметтік проблема, бүгінгі күнде өзекті мәселеге айналуда, ол тек қана
бір ғана адамның проблемасы емес, барша халықтың, қоғамдық алаңдататын ісі
болуда. ВОЗ анықтамасы бойынша халықтың он пайызы жас мүгедек балалар мен
орта буындағы мүгедектер екені айқын. Сонымен қатар мүгедектерге мынадай
анықтамалар беруге болады. Мүгедек – тіршілік тынысының шектелуіне және
оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан,
жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары
тұрақты бұзылып денсаулығы бұзылған он сегіз жасқа толмаған немесе он сегіз
жастан асқан адамдар.
Еліміздегі мүгедектердің санының өсуі халқымыздың өсу пайызынан да
асып кетеді. Жыл сайын 20-30 мыңнан астам адамдар мүгедек болса, олардың
еңбекке қабілетті жастағылар 30-40 мыңнан асады. Еліміздегі мүгедектердің
жақсару процессі байқалуда 2006 жылды 2007 жылға салыстырғанда 25-35 жасқа
дейінгі жұмысқа жаратымды жас мүгедектердің саны 2-3 пайызға өскен.
Мүгедектер және жас мүгедектер бұрын халықтың әлуметтік жағынан
қаралмаған. Олардың табыстары орташа есеппен әлде қайда төменде
медициналық және әлеуметтік қызметке деген қажеттіліктерді әлде қайда
жоғары бағалау қажет.
Ең алғаш рет 1975 жылы БҰҰ мүгедектердің құқығы туралы декларация
берген. Онда мүгедек өзінің жеке және әлеуметтік қажеттіліктерін туа
біткен немесе жүре пайда болған өзінің дене және ақыл–ой кемшіліктеріне
байланысты толықтай немесе жартылай қамтамасыз ете алмайтын кез-келген
тұлға деген мағына береді. Ал 1992 жылы Еуропалық Кеңестік Парламенттік
Ассамблеясы қабылдаған реабилитациялық бағдарламаларда: Мүгедек
физикалық, психологиялық, сенсорлық, әлеуметтік, мәдени, заңды және
басқада кедергілер негізінде жас мүгедектердің шектелуі олар, қоғамда
басқа мүше сияқты мүгедек адамдардың қоғамға кіріп араласуына отбасы
немесе қоғам өміріне араласуына кедергі жасайды, өйткені оларға әлеуметтік
және материалдық көмектер көрсетілмегендіктен.
Қазақстан Республикасындағы жас мүгедектерді әлеуметтік қорғау
саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп және мүгедектерді әлеуметтік
қорғауды қамтамасыз ету, олардың тіршілік тынысы мен қоғам мен етене
араласу үшін тең мүмкіндіктер жасап құқықтық экономикалық және
ұйымдастыру шарттарын айқындап мемлекет тарапынан қолдау көрсету керек.
Мүгедектерге арнаулы жүріп тұру құралдарына байланысты техникалық көмек
көрсету қажет, және әлеуметтік қызымет көрсетудің мемлекет тарапынан
мүгедектер мен мүгедек балаларға, сондай-ақ қарттарға медициналық-
әлеуметтік мекемелерде, үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшелерінде
және әлеуметтік қызмет көрсетудің әлеуметтік аумақтық орталықтарында
берілетін әлеуметтік қызметтердің тәртібін қарай отырып, қоғамымыздағы жас
мүгедектердің еңбек қызметі түрлерін таңдауына көмек көрсетуге бағыттап
кәсіптік бағалау керек.
Қазақстан Республикасы мүгедектерді әлеуметтік қорғау керек.
Жылдан жылға шыққан жолдауында Н.Ә.Назарбаев мүгедектерге әлеуметтік
қорғау, қолдау көрсету мемлекеттің басты міндеті делінген. Мүгедектер
туралы заңдар қабылданып оны іс жүзінде жүзеге асырып, қамқорлыққа
алынып жұмыстар істелініп жатыр.

1- тарау. Қазақстан Республикасындағы жас мүгедектерді қолдау
және әлеуметтік жұмыс жүргізу.
1.1. Жас мүгедектерді әлеуметтік қорғау.
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан 2030 стратегиясында әлеуметтік
қорғау міндеттері қойылған. Сол міндеттерді орындау 1991-2002 жылдар мен
институттық базалар түбегейлі өзгеріп көптеген реформалар мен заңдар
жүйесі қалыптасты. Мысалы: мүгедек жас шамасынан айрылғандарға, жас
шамасына байланысты мемлекет тарапынан зейнетақыны көтеріп, материалдық
көмек көрсету, әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу жөнініде қаулысы шықты.
Өмір сүру жағдайлары төмен топтарға, халыққа әлеуметтік қолдау көрсету үшін
мемлекет жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдарламалар, заңдар жасап
жүзеге асыруға міндетті. Негізі әлеуметтік қорғау дегеніміз - әлде бір
жағдайларға (кәрілік, мүгедектік денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе
жұмысынан айырылу) өзгеде негізгі заңдарға байланысты экономикалық
белсенді бола алмайтын, әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолы мен
өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын жас мүгедек және орта буындағы
мүгедек азаматтар үшін өміріне қажетті игіліктердің және әл ауқатын
қамтамасыз ету керек. Қазіргі халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде 14
обылыстық 200 қалалық, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау еңбек
биржасы арнайы кәсіпорындар, зейнетақы қорлары, мекемелер және көптеген
қоғамдық ұйымдар қызмет жасайды. Яғни қазіргі қоғамымызда жас мүгедектерге
зейнетақы төлетудің барысы:
- адамның денсаулығы.
- кәсіптік мамандыққа байланысты еңбек қабілетін жоғалту.
Жас мүгедектік үшін зейнетақы алу қалалық және аудандық жерлерде
әлеуметтік экспертизалық комиссиялар тағайындалады. Онда мүгедектіктің
негізгі себептерін оған қалай ұшырағанын туа пайда болғанын қарастырады
және оның нешінші тобына жататынын көреді. Мүгедектікке төленетін
зейнетақы мөлшері: бірінші және екінші мүгедектігі үшін жалақының 75
пайызын құрайды. Қамқоршысын жоғалтуға байланысты тағайындалған зейнетақы
тек қана мүгедек отбасыларға ғана тағайындалады. Жәрдемақы әлеуметтік
қамтамасыз етудің бір түрі, құқық рамкасымен шектелген заңда көрсетілген
мақсат үшін заң бойынша мемлекет бекітетін адамдарға берілетін ақшалай
көмек көрсетілуі керек. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мынандай түрлерге
бөлінеді:
1. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы.
2. Асыраушысынан айрылғандар.
3. Жасына байланысты мүгедектік.
Мысалға алатын болсақ, Қарағанды қаласындағы қарттар мен
ардагерлерге, жас мүгедек азаматтарға көрсетілетін арнайы көмектер бар.
Олар үнемі дәрігерлердің бақылауында, күтімді қажет ететін жасы ұлғайған
қариялар мен мүгедектерге, жас мүгедектерге (балаларын қоса алғанда)
әлеуметтік қызмет жиыны арнайы мекемелерде тұрақты (стационарлы)
интернат үйлерінде көрсетіледі. Интернат үйлерінде тұрақты тұрады, онда
дәрігерлік тұрмыстық қызыметтер көрсетіледі, оңалту шаралары жүзеге асады.
Ал интернат үйлері халықты әлеуметтік қорғаудың ішіне кіретін
компоненттерінің бірі. Мұнда жас мүгедектер жақсы қаралады, көмек те
жақсы беріледі. Интернат үйіндегі жас мүгедектерді оқытып, оларға да білім
беріледі, және неше түрлі жарыстар жүргізіліп жас мүгедектердің құқықтарын
қорғау қазіргі қоғамымызда әлеуметтік қызыметкерлер де атқара алады.

1.2. Әлеуметтік саясатта жас мүгедектердің мәселесін
мемлекет тарапынан шешілу жолдары.
Қоғамымызда жас мүгедектерді оңалту үшін әлеуметтік саясаттың
көмегі өте зор экономика дамыған сайын қоғам да дамып, мемлекетімізде
жақсара түседі. Ал мемлекет жақсарған сайын саясатт та дамып, әлеуметтік
жағдай да жоғарылай түседі. Әлеуметтік саясат өзінің тар мағынасында
әлеуметтік басқару және институттар қандыруға қатысты әрі әлеуметтік
мемлекет халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау, денсаулық, білім
беру салалары негізінде қарастырады. Кең мағынасында әлеуметтік саясат
механизмдер мен тәсілдердің бірігуіне атқарушы үкімет, орталық және
аймақтық үкімет, сол сияқты жергілікті үкімет әлеуметтік тұрақтылық пен
тепе-теңдік арқылы мүмкіндік туғызуға ұмтылады. Әлеуметтігі мықты мемлекет
адамды экономикалық саясатқа емес, экономиканы адамға байланыстыра
дамытады. Әлеуметтік саясаттың басым бағыты - адам, оның еңбектегі
мүмкіндіктері, қызығушылықтары және еркін дамуы, лайықты дәрежеде болу
керек. Өркениетті қоғамның айнымас қызметі болып әлеуметтік қорғау
жүйесінің құрылуы және әр бағыттылығы мен тиімділігін өркендету болып
табылады, негізгі мақсаты - өмірде қиындылық жағдайға тап болған жеке
адамға жан-жақты көмек көрсету, өзін - өзі толық игере алатын жағдайға
жеткізу.
Соңғы жылдары Қазақстанда қазіргі әлеуметтік саясатты жүзеге асыратын
негізгі білгір субъектілерін әлеуметтік - кәсіби топтар қалыптастыруда. Осы
тұрғыдағы кәсіби нарық енді қалыптасып келеді. Іс жүзінде адамдар өздері
де, мейірімді шенеуліктер де шеше алмайтын мәселелермен жиі кездеседі. Осы
үшін ерекше мамандық адамдары әлеуметтік қызметкерлер қажет.
1997 жылы 16 маусымда қабылданған Қазакстан Республикасы Президентінің
"¥лы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға
теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау
туралы" заңы.[38, 3-бет].
Бұл заңның III тарауының 11 бабында соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне
(жас мүгедектеріне) берілетін мынадай жеңілдіктер мен кепілдіктер
көрсетілген:
o Егер Қазақстан Республикасының түрғын үй заңына сәйкес түрғын
жағдайын жақсатруға мұқтаж деп танылса және бұрын бірінші кезекті
пәтер алу кұқығын пайдаланбаған болса, жергілікті атқарушы
органдар, меншік нысанына карамастан ұйымдар оларды бірінші
кезекте тұрғын үймен камтамасыз етеді.
o тұрғын үй - құрылыс және басқа да кооперативтерге бірінші
кезекте кіру құқығын иеленеді.
o тұрғын үй салу үшін - бірінші кезекте жер учаскелерін және төлем

қабілетін ескере отырып, жинақ несие - жинақ шоттарында
бастапкы қоры болмаса да 30 жылға бес проценттік жеңілдікті
несие алу кұқығын иеленеді. Соғысқа қатысушылар басқа түрғын үй
берілмейінше қызмет бабындағы тұрғын үйден шығарылмайды.
o бау үйлерін сатып алуға және салуға, бау учаскісін көркейтуге
жеңілдікті шарттар негізінде несие алу құқықтарын иеленеді.
o байланыс қызметтерінің барлық түрін кезектен тыс
пайдалануға құқылы.
o амбулаториялық - емхана мекемелерінің қызметін жақсартып
оларды іс жүзіне асыру.
o артықшылықпен пайдаланады және ауруханаға кезектен тыс
жатқызылады.
o протездермен және протез - ортопедия бұйымдарымен тегін қамтамасыз
етіледі.
o тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге
(орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, газбен
жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету) отынға
жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрі-дәрмекпен, оптикалық
көзілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы жұрт пайдаланатын көліктің
барлық түрінен (таксиден басқа) жүру жөніндегі шығындарды төлеу
үшін, жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу кезінде олардың
біреуіне жазылуға арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
o моншаларға, шаштараздарға осындай қызмет көрсететін кәсіпорындар
мен мекемелердің есебінен белгіленген тәртіппен бірінші кезекте
және тегін барады. Интернат үйлерге бірінші кезекте және тегін
орналастырылып, әлеуметтік қызметтің аумақтық орталықтары мен
бөлімшелерінде қызмет көрсетіледі.
o соғысқа катысқан жалғыздықты адам қайтыс болғанда оны тұрғын үй
коммуналдык шаруашылық қызметі салт-шаралар рәсімін қолдана отырып
көрсетіледі.
o салық салу жеңілдіктері қолданылып жүрген заңға сәйкес
жүргізіледі.
Бұл аталған заңмен соғысқа қатысқандар оларға теңестірілген
азаматтардың құқығы корғалып, көмек көрсетіледі. Ал бұл адамдардың көбі
мүгедектер екені белгілі. Зерттеулерде және әлеуметтік
талдауларда жас мүгедектік және оның түрлері оларға көрсетілетін көмек
туралы біздің Республикамыздағы әлеуметтік процестерге сәйкес 1997 жылы
12 маусымда
қабылданған "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша асыраушысынан
айырылу жағдайы" бойынша жоғарыда айтылған Заң қабылданды. Сол Заңға
сәйкес қазір Республикамызда әлеуметтік қызмет көрсету жұмысының бірнеше
жаңа түрлері енгізіледі:
1. үйде әлеуметтік қызмет көрсету.
2. жартылай әлеуметтік қызмет көрсету.
3. интернат - үйлерде, пансионаттарда қызмет көрсету.
4. жедел әлеуметтік қызмет көрсету
5. әлеуметтік - консультативтік көмек.
6. жалғызбасты азаматтарға әлеуметтік көмек.
7. отбасындағы қарт адамдар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек.
8. жартылай төлеу деңгейіндегі әлеуметтік кызмет.
9. толық төлеу деңгейіндегі әлеуметтік қызмет.
Қазақстан Республикасында кейінгі кезде жас мүгедектер мен
қарттарға талдаудың негізгі бағыты оларға дәрігерлік көмек мәселесі де
ерекше қолға алынып отыр. Ол жоғарыда айтылған заңда толық көрсетілген.
Демек дәрігерлік - әлеуметтік бағыт комплексті іс-әрекетті қажетсінеді.
Оның мәнісі әрбір мүгедектер мен қарттардың қүқықтық, педагогикалык,
психологиялық, әлеуметті сипаттағы мәселелерін тек қана дәрігерлік
сараптамалар өздерінің қатаң бақылауымен орындалатындығынан.
Заңда көрсетілген және өзінің тиянақты түсінігін алған негізгі
мәселе жас мүгедектер мен қарттарды әлеуметтік қамсыздандыруды басқару
аспектісі. Мұның мәнісі, жас мүгедектер мен карттар еңбекке жарамсыз үш
топтағы дәрігерлік-экспертизалық құжаттары бар қоғам мүшелері міндетті
түрде әлеуметтік көмекті алады, оны сол жердегі басқару органы іске
асырады.
Жас мүгедектермен жұмыс барысында және оларға қамқорлық жасау әрбір
мемлекеттің заң актілерінде декларация көрсетілген төмендегі
принциптерді негізге алады:
1. мүгедектерге әлеуметтік кызмет көрсету олардың азаматтық,
мүгедектік, мүдделеріне сәйкес келуі тиісті.
2. әлеуметтік кызмет көрсету барысында мемлекеттік гарант

шеңберінде мүмкіндік туғызуға тиіс.
3. мүгедектерге көмек және тең жүргізілуі тиіс.
4. әлеуметтік қызмет көрсету және қамқорлық жасау үнемі
сабақтастық жүйеде карастырылуы тиіс.
5. мүгедектерге әлеуметтік көмек пен қызмет барысында
мемлекеттік үкімет органдарының барлық басқарушылары
мейлінше жауапкершілікте және заң алдында бақылауда.
Мүгедектік дегенде оның организмдегі функционалдық кемшіліктерімен
қатар іс-әрекеттену қабілетінің жіктеулілігі мен және өзіне-өзі қызмет ету
мүмкіншілігінің аздығын және тұлға ретінде қалыптасу кемшілігін еңбек
процесіне араласу мүмкіншілігінің жоқтығын түсінеміз. Демек, әлеуметтік
салада мүгедектікті анатомо - физиологиялық процесс ретінде қарастыра
отырып дене дамуының кемшіліктерін есепке алып жұмыс істеу деген сөз. Жас
мүгедектермен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру, оларды басқару, оларға қызмет
көрсету мен көмек беру, әсіресе мобильді іс-әрекеттерге толық мүмкіндігі
жоқ мүгедектерді мемлекет қамқорлықпен қамтиды. Мүгедектермен әлеуметтік
жұмыс барысында, олардың мұң-мүддесін, қажеттігімен, қызығушылығын қамтитын
іс-әрекеттерді мемлекеттік штаттағы арнайы әлеуметтік қызметкер іске
асырады. Мүгедектердің тұрмысы мен оларға әлеуметтік қамқорлық көрсету ең
алдымен әлеуметтік қызметкердің оларға катысы бар құқықтык негіздерді,
ведомстволық кұжаттарды, мүгедектің статусын айқындайтын материалды
тиянақты білуді талап етеді. Өйткені БҰҰ жанындағы комитет мүгедектер
құқығын қорғайтын "О правах инвалидов" атты декларацияда соны әлеуметтік
қызметкерден талап етеді. Мүгедектер мен қарттардың әлеуметтік қажетін
өтеуде дүниежүзілік өркенитетті елдер тәжірибесіне сүйенуінде, яғни егер
мемлекеттік басқару органдары, олардың комиссиялық бөлімдері, секторлары
тікелей қаржының индексациядан өтуіне байланысты оған төленетін төлемнің
есептелуін қатаң түрде бақыланып отырса мемлекеттен тыс ведомстволық
басқару органдары өз мүгедектігіне карай әлеуметтік мәселелерді
қайырымдылық ниетпен шешіп отырады. Заңда көрсетілгендей жас мүгедектер мен
орта буын мүгедектеріне қамқорлык қызмет көрсету көп басқышты басқару
жүйесі болып табылады. Өйткені әлеуметтік қызмет көрсету құқықтық
спецификалық міндет болып табылса да, институттар қандыруға қатысты әрі
әлеуметтік мемлекет халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау,
денсаулық, білім беру салалары негізінде қарастырады. Кең мағынасында
әлеуметтік саясатта әлеуметтік қызыметкердің механизмдер мен тәсілдердің
бірігуіне атқарушы үкімет, орталық және аймақтық үкімет, сол сияқты
жергілікті үкімет әлеуметтік тұрақтылық пен тепе-теңдік арқылы мүмкіндік
туғызуға ұмтылады. Әлеуметтік мықты мемлекет адамды экономикалық саясатқа
емес, экономиканы адамға байланыстыра дамытады. Әлеуметтік саясаттың басым
бағыты - адам, оның еңбектегі мүмкіндіктері, қызығушылықтары және еркін
дамуы, лайықты дәрежесі болып келеді. Мемлекетте нақты дамыған саясатта
мүгедектер мен қарым-қатынас жүргізуге болады:
- Ресми түрдегі саясатта мүгедектердің барлық қарым-қатынасын
мойындау.
- Барлық мамандық құқықтың барлық заңды мүмкіндіктермен қарым-
қатынас.
- Сотта немесе әкімшілік жұмыстарда мүгедектерді шын ақтап шығу
- Барлық дұрыс құрылмаған ұйымдарда мүгедекті қорғау
- Мүгедектердің азаматтық құқығын анықтап еңбекте растап, білімін
жетілдіріп отбасын құрысып өздерінің жеке өмірін бағыт-бағдарын беріп
көмектесуін саясатта растау керек.
- Барлығын әлеуметтік салада әлеуметтік қызметкерлермен немесе
әлеуметтік қызметкерлер шешуі керек. Ал жас мүгедектер мен негізгі саясат
мәселесін қарастыратын болсақ: мемлекет жас мүгедектердің қал жағдайын,
сұрақтарын шешу, мәселелерін қарастырып оларға қалай көмек беретініне
жауап іздейді. Мемлекет жалғыз басты мүгедектерді, жас мүгедектерді,
отбасылық мүгедектердің өмірге көзқарасын, білімін, денсаулығына қоғамға
етене араластыруын қарастырады. Негізінде мүгедектер әлеуметтік өмір сүруге
құқылы қарым-қатынас жақсаруы, ортада тәуелсіз емес мүгедектердің өмір
сүруі. Мүгедектердің қоғамда азаматтық құқығы мен міндеттері анықталады,
мемлекетте жас мүгедектерді қамтасыз ету олардың азаматтық құқығын қорғау
керек. Мемлекет әлеуметтік саясатта мүгедектері бар мүгедектер арасындағы
елдер мен қарым-қатынас жасауға талаптанады, мүгедектердің қайда тұратынын
қарастырады. (ауылдық немесе қалалық тұрғыны орталықта тұратынын) бұл
саясатта қарастырылған қарым–қатынас мүгедектерде немесе жас мүгедектік
топтарда ерекше ескеріліп барлық мүгедектер өздерінің сырқаттарына
байланысты әр түрлі көмектер алады, қамтамасыз ету мүмкіндігі ескеріліп
елдің азаматтары ретінде оларға қарым-қатынас әрбір мүгедек топтарға
өздеріне шағын концерттер ұйымдастырылып қойылады.
Мүгедектерді қабылдау және соған сәйкес мүгедектер мен әлеуметтік
жұмыс жүргізу дамыған елдермен салыстырсақ, мысалы, Ресей мен Қазақстан
мүгедектерге өте жақсы көңіл бөлуді қарастырған мемлекет тарапынан:
материалдық, психологиялық, зейнетақылық.
Ресей одағының заңдарында жеке категориялық жас мүгедектерге
жеңілдік бар: дәрі-дәрмекке көмек, курорттық - санаториялық емдеу, көлік
пен қамту реабилитатцияық техникалық көмек, тұрғын үй мәселесі ақшалай
көмек, кеңсе қатынас көмегі, сауда саттық мәселесі, мәдениеттік алаңдар,
денсаулық орындары, сонымен қатар кредиттік көмек. Бұлар қазіргі таңда
2006 жылдан бастап Қазақстанда да өте зор қаралып жас мүгедектерге
мектептер мен үлкен оқу орындары да ашылып жас мүгедектер содан білім
нәрін сусындатып жатыр. Бұл да бір көмектің түрі деп қарауға болады.
Мүгедектер үйіне арналған медициналық әлеуметтік кеңселер немесе
тұрақсыз (2-6 айға) кәрі мүгедек азаматтарға тұру (егер адамдар 60 жастан
жоғары, әйелдер 55 жастан жоғары) жас мүгедектерге көмек көрсетілуі
қажет етілген. Бұндай (көмектердің) мәселелелерін Қазақстан да қарастырып
іс жүзінде жүзеге асырылуда. Мүгедектер: бірінші, екінші, үшінші топтар
болып бөлінген.
Бірінші және екінші топтар шығарда медициналық көмек алмайды,
тұрмыста медициналық қарау реабилитациялық көмектер беріледі. Жеке
азаматқа бағыт беруге болады, егер жақында тұрмыстары болмаса олар мүгедек
қарттардың немесе мүгедектер үйінде тұра алады. Қазақстан мен Россия одағын
да мүгедектерге, егде жастағы жас мүгедек азаматтарды қорғау
әлеуметтік салада айқын қарастырылған.
Сондай-ақ мүгедектердің қоғамдағы жағдайын қарастыратын әлеуметтік -
экономикаға және әлеуметтік демография көрсеткіштері жатады:
- еңбек әрекетіне жағымды өмірге қатысу
- еңбек ақысы мен зейнетақысының мөлшері
- тұрғын үй жағдайы
- отбасылық мәртебесі
- білімі
Сонымен қатар, оларға медициналық әлеуметтік сараптама жасап
организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік-
тынысын бағалап адамдарын әлеуметтік қорғау шараларын және
қажеттіліктерін тәртібін анықтап егер хирургиядан көмек қажет болса
жедел жәрдемде көмек көрсете білуі керек.
Елімізде мүгедектердің тыныс-тіршілігі шектеулін жеңіп шығу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі балалардың дидактикалық ойындар негізінде шығармашылық қабілетін қалыптастыру үдерісі
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі
Облыстағы мүгедектіктің және мүгедектерді оңалтудың қазіргі жай-күйі
Қазақстан Республикасындағы халықтың әртүрлі категориядарымен әлеуметтік жұмыс жүйесінің қалыптасуын талдау
Мүмкіндіктері шектеулі клиенттермен әлеуметтік жұмыс
Отбасы қатыгездіктегі жедел көмек
Мүгедек балалармен әлеуметтік жұмыс
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған реабилитациялық мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық қызмет жүйесі
Мүгедектіктің британдық моделі
Халықтың әлсіз топтарымен жүргізілетін жұмыстар туралы толық мағлұмат беру
Пәндер