Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер мен жетілдіру жолдары



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I.Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны ... ... ... ... 6
1.1. Инвестицияның пайда болуы және даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 6
1.2. Инвестиция қызметі және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар..14

ІІ. Қазақстан Республикасының инвестициялық
саясаты ... ... ... ... ... ... .18
2.1. Кәсіпорынның инвестициялық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын қаржыландыру
барысында кездесетін мәселелер мен жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .28

2
Кіріспе.
Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен
бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің
көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет
етеді.
Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін
жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық
қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының
бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі
резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі
кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын
көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын
және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру
керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге
асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның
халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз –
Қырғызстан, Өзбекістан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі
трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де
экономикалық қатынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси,
геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.
Қазақстан – 2030 стратегиясында Н. Ә. Назарбаев халықаралық
қатынастардың мынадай маңызды бағыттары мен факторларын атады:
- қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауға сөзсіз елеулі рөл
атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара
тәуелділік дәуірде өмір сүріп отырмыз;
- шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық
нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу;
- Ұлттық қауіпсіздікке Ресей, ҚХР, Орта Азия, Таяу және Орта шығыс
елдерінің, АҚШ, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Азия, Еуропа,
Ислам даму банктерінің, халықаралық институттардың қолдауларын барынша
пайдалану.
Он жылдықта әлеуметтік – экономикалық салада жалпы ішкі өнімді екі есе
ұлғайтуды, сөйтіп, негізінен алғанда, кедейшілік мен жұмыссыздық
проблемасын шешуді міндетіне алған.
Экономика саласында 2004 жылы экономикалық өрлеудің барынша жоғары
қарқынына жету басты міндет ретінде алға қойылып отыр. Мұның өзі
инвестициялардың тез өсуіне және жалпы ішкі өнімдегі жинақтау
нормасының артуына тікелей байланысты.
Экономикалық өсімнің жоғары қарқынын тұрақты ұстап тұру үшін біздің
3
таяудағы 4-5 жылдың ішінде негізгі капиталдың ІЖӨ -ге қатысты жалпы
жинақталу көлемін 28 пайыз деңгейіне дейін жеткізуіміз керек. Соның ішінде
мемлекеттік инвестициялардың ІЖӨ жөнінде 2-ден 4 пайызға дейінгі өсіміне
жету шарт.
2003 жылы мемлекеттік бюджеттің асыра орындалатыны, сөйтіп көкейге
қонымды маңызды деңгейге - бір триллион теңгеге жақындайтыны қазірдің
өзінде білініп отыр.
Сондықтан, 2003 жылдың ішінде–ақ бюджетті нақтылай түсу қажет, ал
экономиканың стратегиялық салаларында жұмыс істейтін мемлекеттік ірі
кәсіпорындар акцияларының пакеттерін сатудан алынған жоспардан тыс
түсімдерді Ұлттық қорға жіберу керек.
Сонымен инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына
және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей,
заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол
шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың
жиынтығын айтады.
Қазақстанның интеллектуалдық және рухани потенциалдығын негізі болып
саналатын білім жүйесі туралы қазіргі заманның талабына сай жалпы ұлттық
жоспар қабылдап, әртүрлі тәжірибелерді тоқтатып, оларды реттейтін уақыт
жеткен сияқты. Толыққанды білім жүйесіне мүмкіншілік беретін экономикалық -
ұйымдастыру тетіктерін жетілдіру - мемлекет алдында тұрған үлкен міндет.
Бұл мәселеде бюджеттің әлеуметтік салаға үлесін көтеріп қана коймай,
бюджеттен тыс қаржыландыру мүмкіншіліктерін жетілдіру қажет. Осы орайда
инвестицияның орны ерекше. Еліміздегі үлкен-
үлкен коммерциялық компанияларды бұл мәселе бойынша жоспарлары болып
олардың жүзеге асырылуы мемлекет тарапынан бақыланып отырылуы керек. Мұндай
оңтайлы процесті одан әрі дамыту үшін Қазақстан экономикасындағы шынайы
жағдайды сараптап, инвестициялық процестін даму стратегиясын жасау кажет.
Ең бастысы, бұл стратегия алдымен салаға инвестиция жүмсаумен жене
шаруашылық инвестициясынан түсетін кайтарым мен ерекшеленуі керек.
Сондықтан да экономиканы, соның ішінде инвестицяны әлеуметтік тұрғыдан
талдап, соның негізінде әлеуметтік және экономикалық кұрылымдарды қатар
қалыптастырып, ескеріп отырғанда ғана дағдарыстан ептеп құтылуға
болады.
Бұл курстық жұмыстың зерттелу мақсаты – еліміздің инвестициялық
саясаттың ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге
қажеттілігін атап көрсету болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті - нарықтық қатынастарға көшуге байланысты
көптеген ірі инвестициялық жобаларды жузеге асыру.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі – Қазақстан Республикасының
инвестициялық саясаты болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі - бюджеттің әлеуметтік салаға үлесін көтеріп
қана коймай, бюджеттен тыс қаржыландыру мүмкіншіліктерін жетілдіру қажет.
Осы орайда экономикадағы инвестицияның орны ерекше.
4
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі – шетел инвесторларының
қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін
тарту. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан
іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр.
Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның
бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына
мүмкіндік береді.
Құрылымы: бұл курстық жұмыс 2 негізгі тараудан тұрады. І тарау өз ішінде
Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы , Инвестиция қызметі және
оның түрлері және Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі
инвестициялық бағыттар болып 3-ке бөлінеді. ІІ тарау Қазақстан
Республикасының инвестициялық саясаты жөнінде жазылған. Бұл тарау негізінен
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты және Қазақстан Республикасының
инвестициялық саясатын қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер мен
жетілдіру жолдары бөлімдерінен құралған. Сонымен қатар бұл курстық жұмыс
қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

5
І. Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны.
1.1 Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы.
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады.
Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстары бар
мүшелер. Сондай-ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту,
олардың инвестициялық ресурстарының трансформациялануы өндірісті дамыту
үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар
табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық
тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының
басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті
қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны
қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған
байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге
келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және
жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және
тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық
инфрақұрылымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу
тәжірибесін қарастырады. Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған
қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші
ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй,
коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі
салымдарды жүзеге асырады.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына
таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске
асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға
бөлінеді.
"Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді
кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға
жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:
Сөйтіп, нені салуға болады? Ірі банктердің қаржылық ресурстары,
өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған
ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің
денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын
қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу
көзделеді.
Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге
жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып
жатқан ойындар да болуы мүмкін.
Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да
қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар,
жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық
интелектуалдық құндылықттар.
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және
6
инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы
салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды
сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына. Қандай
болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын
енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.
Енді қаржыны кімдер салады? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар,
мемлекет және халық.
Инвестицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық
тәуекелділікке қарай: инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және
ойыншыларға бөлінеді.
Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен
ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны
қаржыландырудағы делдал.
Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталын салушы адам.
Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға
дайын адам.
Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің
материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ
мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық -
саудагерлік іс-әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды
ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал
мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвесторларының
қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін
тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым
міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық
әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы
кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар
сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамасыз
етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1) шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді
ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және
шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып табылады.
2) елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық
жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру жеңілдетілген мөлшерлемелер,
инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген
баждар, жеделдетілген амортизация.
3) жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын
қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
7

4) пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта
капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол
сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді.
Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына
айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар
мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да
инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері
елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында
елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге
асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді.
1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25,8
миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды.
Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80
пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің
елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты.
Халықаралық "Мооdy′s Investors Service" рейтинг агенттігі Қазақстанға
қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл
Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік
береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері
жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі
танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси
тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта
дамып келе жатқанын танып отырғаны
тұлғаланып шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл
дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму
банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы
институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті
үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде
дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады,
олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес
республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан
туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша
қажетті төлемдерді жүзеге асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі уақыт
ішінде Қазақстанның халықаралық ұйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ доллары
көлеміне жеткен.

8
2. Инвестиция қызметі және оның түрлері.
Инвестиция деп - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да
заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол
арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен
кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен
өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни
қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін
жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның
біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция
экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай
жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы
және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми- техникалық прогресс
жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып
саналады.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір
материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс)
өсуіне, дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет
шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің
депозиттерін салынған салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға
жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.
Ұлттық инвестор дегеніміз - Қазақстан Республикасында инвестицияны
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы. Инвестор өз алдына
дербес екі топқа бөлінеді:
- жеке инвесторлар (жеке адамдар);
- институттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар ,
зейнетақы қорлары , тағы басқалары).
Тікелей инвестиция дегеніміз - капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел
территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар
арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін
жүргізеді.
Ал капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала
бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде
тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің
қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз
жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл
9
процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.
Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар:
1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс
пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;
3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;
5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал.
Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:
- өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ;
- портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды және басқа
да құды қағаздарға алу үшін);
Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда
экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық
өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес.
Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел
мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар
Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін
жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде
тіркелген жағдайда.
Шетелдік инвестиция дегеніміз - қабылдаушы елдегі компанияның қызметін
бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді.
Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі
кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.
Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң
нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан
қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді
органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал
ққалыптасты.
Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз
ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай –
химия салалары , электр энергетикасы , металлургия , коммуникация және де
Қазақстан дәнді дақылдапр , жүн , мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті,
ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ
өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ
құбырларын салуға жұмсалады.
1995 жылдың шетелдік инвестициялардың көлемі 235 млрд. $-ға артып, 2.6
трлн $ деңгейін жетті. Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі-
потрфель инвестициялары . Олар ірі корпорациялардың , мемлекеттік және
жекеменшік банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырады.
Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар мынадай элементтерді:
негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды , материалдық
10
айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды , өндірілмеген
және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды , басқа да қаржы
емес активтерге жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады.
2004 жылғы қаңтарда қаржы емес активтерге инвестициялардың бағалау
көлемі (материалдық айналым қаражатының қорларын толтыратын
инвестицияларсыз ) 57.6 млрд. Теңгені құрады, оның 56.9 млрд теңгесі
(98.7%) негізгі капиталға инвестицияларға келеді.
2004 жылғы қаңтарда негізгі капиталға инвестициялар 56.9 млрд. теңге
болды, бұл 2003 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 17.2%көп.
2004 жылғы қаңтарда инвестицияның өсуі республиканың 12 өңірінде
байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар (2.2 есе), Оңтүстік
Қазақстан(1.6 есе), Қостанай , Атырау, Қарағанды (1.4 есе) облыстары мен
Астана қаласында да (1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан ,
Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да (4-13%)
байқалды.
Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі
Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау
(6%)облыстары байқалды.
Мұнай өндіру және табиғи газ (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы
көлемінен (61%) , жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу өнеркәсібі
(8%), көлік және байланыс (4%)) басым салалар болып табылады.
Шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі
Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – сатып алуға, құруға ,
негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың
жиынтығы болып табылады.
2002 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі-
қаржы емес активтерге жұмсалған 1307.2 млрд. теңге инвестицияны игеру
болды, мұның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған.
Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі
капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84.2% құрады. Негізгі капиталға
жұмсалған инвестициялар көлемі 2001 жылғымен салыстырғанда 10.6 %-ға (2001
жылы-44.7%-ға; 2000 жылы – 48.5%-ға ; 1999 жылы – 33.0%ға ) өсті.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындар
дың үлесі – 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі – 23.9% , халық
үлесі – 1.2% құрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес
тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45.0% құрады,
бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге
салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке өсіп, 4.8% құрады.
Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек- жарақтарға кеткен
шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді.
11
Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады,
оның 89.1% геологиялық барлауға жұмсалған.
Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне
ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4%тиеді.
Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың
елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42.3%) әуе көлігіне (15.4%) және
электр байланысқа (19.8%) келеді.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы-
лығында бұрынғысынша мардымсыз (1.3%).
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау
шараларына мардымсыз болды.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер
мен ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл
2001 жылғы көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен
шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға – 52.3%, машиналар мен
жабдықтарға кеткен шығындар 47.7% құрады.
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды
жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс
әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып,
еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.
Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры
болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп,
сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының
көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп
халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде
жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп,
әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз
керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне
экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды
ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі
құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай
элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:
1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды:
экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта
өндіріске жұмсайды – реинвестирование және әлеуметтік,
тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік
қажеттілігіне жұмсалады.
2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс
тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік
қажеттілігін
өтейді.
3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға
жұмсалады:
12
• Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
• Мемлекеттік зейнетақы қорына;
• Аймақтық бюджетке;
• Республикалық бюджетке;
4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.

13
1.3. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық
бағыттар.
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді,
ұлттық экономиканың көптеген макро-пропорциялары инвестиция қозғалысына
тәуелді. Кейнсияндық теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы (яғни көзі
немесе инвестиция резервуары) әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы
анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар (күрделі қаржы) ұлғаймалы ұдайы өндіріс
процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу
соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе
капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция көзі – жинақ. Мәселе мынада, жинақты бір шаруашылық агенті
жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субьектілер
жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады
(мысалы жұмысшының, оқытушының, дәрігердің тағы басқа жинағы). Алайда бұл
адамдар қоғамдық капиталдарының нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе
инвестициялауды жүргізбейді.
Республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті
жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші
болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады.
Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды
құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел
инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.
Инвестиция қандай факторларға тәуелді? Олардың ең маңыздыларын атап
өтейік. Біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына
немесе күрделі қаржылық рентабельділігіне тәуелдә. Егер инвестордың
пікірінше рентабелділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды.
Екіншіден (мұның өзі бірінші жағдаймен байланысты) инвестор шешім қабылдау
кезінде күрделі қаржының альтернативті мүмкіндіктерін есепке алады және
мұндағы шешуші фактор процент ставкасының деңгейі болады. Инвестор ақшасын
жаңа зауыт, фабрика құрылысына жұмсауы мүмкін, немесе ақша ресурстарын
банкке орналастыруы да ықтимал.
Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен
инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы
мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, “Шетел
инвестициялары туралы ”Заң (1991ж.);
“Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.);
“Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін
құру туралы ” ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар
бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі ” ҚР Президентінің Жарлығы
(қараша 1996ж.); “ Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы
”ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және
жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды.
14
Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады;
жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту , елдің өнеркәсіптік және
техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында
мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық
мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін , олардың функциялары мен
міндеттерін анықтады.
2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша
отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына
төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл
өнеркәсіптің , агроөнеркәсіптік кешеннің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялар және олардың экономикадағы маңызы
Қазақстан экономикасындағы инвестициялық саясат
Нарықтың аты нарық
Шетел инвестицияларын экономикаға тиімді тартудың мемлекеттік саясаты
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат
ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің қаржылық аспектісі қазақстан республикасындағы инвестиция
Төлем балансының ұғымы және оның маңыздылығы
Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер
Пәндер