Банктерді ерікті және еріксіз қайта құру
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер және оларды
ұйымдастыру
1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Екінші деңгейлі банк жүйесін құру және банк жүйесіндегі шетел
банктердің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Банк ашуға рұқсат беру
құжаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
19
2 Қазақстан Республикасында Банктік қызметті реттеуге арналған заңдар. Банк
жүйесіндегі шетел банктердің рөлін талдау.
2.1 Банктерді ерікті және еріксіз қайта
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.2 Банктерді
тарату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 26
2.3 Бүгінгі таңдағы Банктік қызметті реттеуге арналған заңдардың дамуының
кейбір
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Корытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 35
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі нарық экономикасындағы
коммерциялық банктердің қызметінің тиімділігі бағалау әдістері мен
көрсеткіштер әрекеті өзінің барлық экономика секторларымен байланысының
арқасында үлкен маңызға ие болып отырғандығында. Коммерциялық банктердің
міндеті үздіксіз қаржы айналымы мен капитал айналымын қамтамасыз ету,
өндірістік кәсіпорындарға, мемлекет пен тұрғындарға несие беру,
халықшаруашылық қорын қалыптастыруға жағдай жасау.
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бөлінбес
құрылымы. Банктер де қаржылық делдалдар ретінде шаруашылық органдардың
капиталын, халықтың салымдарын және басқа ақшалай айналымға шаруашылық іс-
әрекеттер процесінде араласады және қарыз алушының уақытша тұтынымын
қанағаттандырады, ақшалай төлем түрін жүргізіп, экономикамызда көптеген
саналуан қызмет түрлерін көрсетеді, сол сияқты өндірістің тиімділігіне,
айналымындағы жалпы өнімге де әсерін тигізеді. Еліміздегі жүргізіліп жатқан
экономикалық реформада банк жұмысының дамуында жаңа кезеңін ашты.
1996 жылдың желтоқсанында екінші деңгейлі банктердің халықаралық
стандартқа көшу бағдарламасының қабылдануы өзекті шешімдердің бірі болды.
Осыған орай барлық екінші деңгейлі банктер капиталдарының, менеджмент
деңгейі, бухалтерлік есеп, ақпарат жүргізу және оны тарту жағынан
халықаралық стандарт деңгейіне қол жеткізуге тиіс болды.
Банк қызметінің халыққа неғұрлым жақын болуын, кәсіпкерлік
белсенділікті арттыру және бәсекелестікті дамыту мақсатында
Республикамызда жеке дара банктік іс-әрекетерді жүзеге асыратын ұйымдарды
реттеп отыратын заңдылықтар нормасы қабылданды. Мұның қаржы қызметтерін
дамыту ісіне аса маңызды қадам болғандығын атап көрсету қажет.
Қaзaқстaн Республикaсындaғы бaнк секторының дaмуы нaрықтық
мехaнизмiнiң ең тaбысты және тұрaқты элементтерiнiң бiрi болып тaбылaды.
Бiздiң бaнк жүйемiз ТМД елдерiнiң iшiнен aлдыңғы қaтaрлы деп сaнaлып,
Ресейдiң бaнк жүйесiнен кейбiр көрсеткiштер бойыншa озып шығaды. Сондықтaн
бaнк менеджментiнiң проблемaлaрын aшып көрсету өзектi болып сaнaлaды [1; 20
бет].
Қазіргі банк филиалдары өздерінің банктік қызметтеріндегі өз
құрылымдары атқаратын істерді айқындап алды. Клиенттер үшін неғұрлым тиімді
қызмет түрлерін ұйымдастырудағы қалыпты бәсекелестік, клиенттерге кешенді
қызмет көрсетуге ұмтылу, аймақта озық үлгідегі банктік технологияларды
енгізу байқалып отыр.Бүгінгі күні коммерциялық банктер өз қызметін заман
талабына сай ұйымдастыра білуде.
Банктік операцияларының орындалуының ең маңызды ерекшелігі – несие
жүйесінің кең дамуы.
Қазақстанның коммерциялық банктері өздерінің клиенттеріне көптеген
операциялар мен қызмет түрлерін көрсетіп, өздерінің табыс базасын кеңейтіп,
рентабельдік пен бәсекелестікті көтеруге тырысуда.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
Қазақстан Республикасы Занының 15-бабына сәйкес банктер акционерлік
қоғамдар нысанында құрылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінін 85-
бабына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында
акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады.
Акционерлік қоғамның акционерлері қолданыстағы заң актілерінде көзделгеннен
басқа жағдайларда оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне
тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар
тәуекелін көтереді.
Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкіне оқшауланған мүлкі
болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз
қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Акционерлік қоғамның
құқықтық ережелері, акционерлердің құқықтары мен міндеттері Азаматтық
кодекске, Заңнама актілеріне сәйкес белгіленеді. Мемлекеттік кәсіпорындарды
жекеше өндіру жолымен құрылған немесе акцияларының бақылау пакеті
мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайларының
ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Заң актілерімен айқындалады.
Бүгінгі күні Егемендік жағдайында Қазақстан Республикасы, коммерциялық
банктер, Үкімет бірлесе әрекет жасай отырып, қаржы тұрақтылығына қол
жеткізді. Бұл инфляцияның өсу қарқынының азаюында, теңгенің тұрақты
курсының сақталуы мен банктердің іс әрекеттеріне бірізді нормативті реттеу
жүргізуде көрініс тапты.
Қазақстанның жаңа банктік жүйесі он бес жыл өмір сүріп, республика
экономикасының игілігіне нәтижелі жұмыс істеуде және де шетелдік
мамандардың бағалауы бойынша бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдердің ішінде
басты орын алады. Банк жүйесі-нарық экономикасының ең маңызды ажыратылмас
құрылымының бірі. Банктер мен тауарлық-ақшалық қатынастың жетілуі тарихи
қатар жүріп, тығыз байланыста болды.
Мемлекеттің несие жүйесінің қызмет ету механизіміндегі үлкен рөл
коммерциялық банктерге тиесілі. Коммерциялық банктер-нарық экономикасындағы
кәсіпкерлік тәжірибеде белгілі қаржылық оперциялар мен қызметтердің басым
көпшілігін орындайтын ең көне және несие мекемелерінің айрықша көпшілік
тобы [2; 35 бет].
Олар несие капиталы рыногының түрлі секторларында әрекет ететін
көпфункционалды ұйымдар болып табылады. Банктер несие қорының негізгі
бөлігін жинақтап, өзінің клиенттеріне қаржылық қызметтердің толық кешенін
ұсынады, соның ішінде несие беру, депозит қабылдау, қызмет көрсетуге есеп
айыру, құнды қағаздарды, шет ел валютасын сатып алу-сату әрі сақтау және
тағы басқа қызметтер.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Әбішұлы Нұрсұлтан
Назарбаев Қазақстан 2030 атты стратегиялық бағдарламасында Дамыған
нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуінде: 2010 жылға дейін
бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілетті тұрғысынан
келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл басымдық
тәртібімен айтар болсақ-екінші деңгейлі банктерге, ауыл шаруашылығы, орман
және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, кәсіпорын,туризм,
тұрғын үй құрылысы инфрақұрылым.
Бүгінде коммерциялық банк өзінің клиенттеріне 200-ге дейін әртүрлі
өнімдер мен қызметтерді ұсынуға қабілетті. Операциялардың мұндай кең
диверсификациясы коммерциялық банктерге өзінің клиенттерін сақтай отырып,
аса қолайсыз коньюнктурада табысты бола беруіне мүмкіндік береді.
Кей операциялардың шығыны белгілі жағдаятта орындауға қолайлы басқа
операциялардың кірісімен жабылады. Барлық нарықты экономикалы елдерде
коммерциялық банктер несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып
отырғандығы кездейсоқтық емес. Олар несиелік-ақшалай рыногының құбылмалы
жағдайларына икемделу қабілетін көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, халыққа жоғары сапалы қызмет көрсету, экономикамыздың
дамытуына көп ықпалын тигізу үшін коммерциялық банктер алдымыздағы жылдарда
елеулі еңбек атқарады деген ойдамын.
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасында банк құрылымын
көрсету, коммерциялық банк орындайтын негізгі қызметтері мен операциялары
арқылы коммерциялық банк түсінігінің мәнін ашужәне шетел банктердің рөлін
талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері. Қойылған мақсатқа, жетістікке жету үшін
тезарада төмендегі міндеттерді шешу керек:
1) Қазақстан Республикасы банктер жүйесіндегі екінші деңгейлі
банктердің құрылымы мен механизмдеріне сүйене отырып, оның
ұйымдастырылу тәртібін жетілдіру мен бақылау құқықтық қызметін
көтеру.
2) Несиелеу аумағындағы банктік қызметтің экономикалық аспектілерімен
танысу;
3) Отандық банктер тәжірибесі негізінде несиелік ұсыныстардың дайындық
тәжірибесіне баға беру.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан одақтас республикалардың бірі
болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Қазақстан
территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің филиалдары мен
бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің
қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-
ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.
Ресейдің банк жұйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлдеқайда
кеш қалыптаса бастап, өз даму жолында бірнеше кезендерден өтті. Алғашқы
банктер XVIII ғ. Екінші жартысында мемлекеттік (қазыналық) банк түрінде
пайда болып, XIX ғ. Аяғы және XX ғ. басында Ресейдің банк жүйесі негізінен
мынадай банк-несие мекемелерінен құрылды.
Мемлекеттік банк ( 1860 ж құрылған)
Қоғамдық қалалық ( 252 банк) және жер банктері.
Көп буынды жеке банктер: акционрлік банктер (49 филиалдары бар 44
банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), коммерциалық банктер (32), несие-
жинақтау серіктестіктері (729) және т.с.с.
Бұлардан басқа банктік операциалардың көпшілігін жүргізіп, сонымен
қатар жоғары қауіпті операциалар жүргізу үшін клиенттердің қаражатын
тартумен шұғылданатын банктік кенселер, сауда үйлері, айрбастау дүкендері
болды.
1917 ж. қазан төнкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекет
монополиалы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциалық банктер мен
басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді.Сонымен қатар Кеңес
үкіметінің алғашқы жылдарында кооперативтік, жеке мемлекеттік –
капиталистік, шетел капиталының қатысумен маемлекеттік және басқа банктер
құрыла бастады. 1922ж Тұтыну коопирациасының банктері және Өнеркәсіп банкі
құрылды.
1924 ж. акционерлік қоғам үлгісіндегі Сыртқы сауда банкі құрылып, оның
акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Ол КСРО-
ның мемлекеттік банкісінің құрамында болып, сыртқы сауда операциаларын
және халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 ж. КСРО-да
Мемлекеттік банк., Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және Ауыл шаруашылық банкі
болды. Сондай-ақ Орталық коммуналды банкі (Цекомбанк), Коопиративтік (
Всекобанк) және акционерлік, салалық, аймақтық (Қиыр Шығыс, Орта Азия )
банктер құрылды. Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу
қоғамдары,ауыл шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары, несиелік
коопиративтер пайда болды [3; 15 бет].
1927 ж. КСРО орталық атқару комитеті мен Халық комиссариаты Кеңесінің
несие жүйесін құру принциптері туралы қауылысына сәйкес бүкіл банк жүйесін
тікелей басқару Мемлекеттік банкке тапсырылды. Сол қаулыға сай маманданған
банктер және банктердің проценттік саясат жүргізудегі дербестік құқығы
жойылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да
ажыратылды. 1928ж Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай өнеркәсіп пен
электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Қысқа
мерзімді несиені басқа шаруашылық салаларының бәріне олардың тоқсандық
жоспарларына сай Мемлекеттік банк беруі тиіс болды. Жалпы 1927-1929ж.ж
банктердің өзіне тән ерекше қызметі – банктік несие беру жойылып, несие
мемлекеттік жоспарлары қаржыландырудың түріне айналды.
1930-32жж. жүргізілген несие реформасы елдегі банк жүйесінің дамуындағы
жаңа кезеңнің басталуы еді. Бұл кезде 1929ж қабылданаған халық
шаруашылғынөркендетудің бірінші бесжылдық жоспары бойынша елдегі
индустрияландыру және ауылшаруашылығын ұжымдастыру мемлекеттік бірыңғай
жоспар бойынша орталықтан қаржыландырылуы қажет еді. Ол үшін ақша қаражатын
қаржы-несие жүйесіне жинақтап, одан соң жоспарлы түрде шаруашылық
салаларына бөліп беру керек. Бұл міндеттерді оған дейін айналым қаражатын
өз бетімен жоспарсыз бөлумен шұғылданған әр түрлі несие мекемелері орындай
алмады. Онымен қоса ірілі-уақты өнеркәсіп орындары біріне-бірі коммерциялық
несие бергенде есеп айырысуды вексель берумен жүргізіп, банк бақылауынан
тыс қалды. Іс жүзінде банктің несие алушымен, яғни тауар сатып алушымен
байланысы болмады. Нәтижесінде шаруашылық орындарының бірін-бірі несиелеуі
(яғни коммерциялық несие) тікелей мемлекеттік жоспарлы басқарумен қайшы
келіп, елдегі несие қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттілігін тудырды.
Несие реформасын жүргізу үшін елде біраз алғы шаралар жүргізілді.
Біріншіден, бұл кезде экономика салаларында біраз жетістіктерге қол
жетті және олардан жеке капитал ығыстырылды. Сөйтіп, 1930 жылы мемлекеттік
сектордың өнеркәсіптегі үлес салмағы 99,1%-ке, көтерме саудада 97,2%-ке ,
ал бөлшек саудада 86,5-ке жетті. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік және
ұжымдық шаруашылықтар тауарлы астықтың 55%-ін өндірді.
Екіншіден, халық шаруашылығын тікелей мемлекеттік жоспарды басқару
жүзеге аса бастады. 1928 жылы Халық шаруашылығын өркендетудің бірінші
бесжылдық жоспары дайындалып, олар шаруашылықтың әрбір буынына жеткізілді.
Жоспар кәсіпорыннның өндірістік және қаржылық іс-әрекеттерін қамтыды.
Үшіншіден, шаруашылықтың негізгі буыны - өнеркәсіп мекемесі шаруашылық
есепке көшірілді.
Төртіншіден, коммерциялық вексельді айналымнан шығарып,оның орнына есеп
айырысуды тек банк арқылы жүргізудің және қысқа мерзімді несиені тек
банктерде жинақтаудың нәтижесінде 1929 жылыдың 1 қарашасында халық
шаруашылығына берген қысқа мерзімді несиенің 80%-ке жуығы банктер үлесіне
тиді [3; 120 бет].
Сонымен несие реформасын жүргізу үшін алғы шаралар жасалып,1930 жылдың
қаңтарында несие реформасы жүргізіле бастады. Несие реформасының мақсаты-
несиелеу мен несие-есеп жұмыстарының жаңа түрлерін енгізу.
Несие реформасы төрт кезеңде жүргізіліп,негізгі мына мәселелер шешілді:
Шаруашылық орындарының бірін-бірі коммерциялық несиелеуін тікелей
банктік несиемен өзгерту;
Мемлекеттік банктің бағытын нығайтатын есеп жұмысының жаңа түрін
–шаруашылық есепті енгізу;
Халық шаруашылығын қысқа мерзімді несиелеу процесін Мемлекеттік банкке
шоғырландыру. Өндіріс мекемелерінің өзінің және қарызға алған
қаражаттарының жұмсалу бағыттарын ажырату,шаруашылықты несиелеудің
принциптерін бекіту;
Несие-банк жүйесін қайта құру,яғни Мемлекеттік банк пен ұзақ мерзімді
несие беретін арнаулы банктердің қызметін ажырату.
Сөйтіп несие реформасының негізгі мақсаты коммерциялық және жанама
банктік несиелеуді тікелей банктік несиемен алмастыру жүзеге асырылды.
Банктік несие деген несие алушыға, яғни тауар сатып алушы кәсіпорынға
жоғары басқару органының жоспары бойынша тікелей банк беретін несие. Бұл
банктік несиенің коммерциялық несиеден негізгі айырмашылығы.
Сонымен 1930-32жж. жүргізілген несие реформасының қорытындысында
жоспарлы социалистік экономикаға сәйкес үйлестіру типіндегі несие-банк
жүйесі құрылып, Мемлекеттік банк өндіріс пен тауар айналымын есептетін
және бақылайтын бірыңғай аппаратқа айналды. Коммерциялық банктердің ролі
төмендеп, кейін елде тек мемлекеттік банктерден тұратын монобанктік жүйе
қалыптасты [4; 96 бет].
Банк жүйесі көрсететін қызмет белгілеріне қарай қайта ұйымдасып,қысқа
мерзімді несие беретін жалпы мемлекеттік банк және күрделі қаржымен
қамтамасыз ететін маманданған банктер жүйесі құрылды. Бұндай бір буынды
банк жүйесіне: КСРО Мемлекеттік банкі және күрделі қаржымен несиелейтін
төрт Одақтық маманданған банктер- Өнеркәсіп банкі,Ауыл шаруашылық
банкі,Орталық коммуналдық банкі,Сауда банкі-кірді. Сонымен бірге Орталық
банк жүйесіне шетел банктерімен кең корреспонденттік қатынастарды
ұйымдастыратын Сыртқы сауда банкі және халықтың бос қаржысын тарту,
төлемдерін жүргізу мен мемлекеттің займдарын орналастыру арқылы халыққа
қызмет көрсететін бірыңғай жалпы мемлекеттік несие мекемесі, яғни жинақ
кассалары қарады.
1959 жылы ұзақ мерзімді несие беретін банк жүйесі қайта қаралды. Ауыл
шаруашылық банкі мен Орталық коммуналдық банк таратылып, олардың
қызметтері Мембанкке берілді. өнеркәсіп банкі мен Сауда банкісінің
негізінде күрделі қаржы беретін Одақтық банк-Құрылыс банкі құрылды. Ол
халық шаруашылығының әр түрлі салаларының (ауыл шаруашылығынан басқа)
ұйымдары мен кәсіпорындарын қаржыландырумен және ұзақ мерзімді несиелеумен
шұғылданды.
Қазақстан Республикасындағы банктік жүйеде 01.01.2009 жылғы
статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі
банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам нысанындағы банктер, соның
ішінде екі банк кана мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға: Қазақстан
Даму банкі мен Тұрғын үй құрылысы банкі, ал шетел капиталының қатысуымен
(100 - 10 банк, 50% — аса - 6 банк) құрылған банктерде саны - 16, онын
ішінде еншілес банктер— 11.
Кесте-1
Банктік сектордың кұрылымы
Банктік сектордың 2002 2003 2004
кұрылымы
Ресей мемлекеттік 1.КСРО Мембанкі 1.Банк жүйесін Егемен Қазақстанда
банкі және (оның ішінде КСРО қайта өзінің банк
көптеген Мемлекеттік еңбек ұйымдастыру:КСРО жүйесінің құрылуы.
несие-банк жинақ касалары Мембанкі және Екі деңгейлі банк
мекемелері. жүйесі). Маманданған – Ұлттық банк және
2.КСРО Мемлекеттікбанктер:КСРО коммерциялық
Құрылыс банкі Өнеркәсіп құрылыс банктер.
3.КСРО Сыртқы банкі.
сауда банкі КСРО Агроөнеркәсіп
банкі
КСРО Тұрғын үй
-әлеуметтік банкі
КСРО Жинақ, Сыртқы
-эконом банкі.
2.Жаңа
кооперативтік ж\е
коммерциялық банк
құрылды.
Қазақстан Республикасында екінші деңгейдегі банктердің, олардың
филиалдары мен өкілдіктерінің қызметі заңнамамен және нор-мативтік құқықтық
актілермен реттеледі. Бұл атап айтқанда: Қазақстан Республикасының
Конституциясы Қазақстан Pecпубликасының Азаматтық кодексі, Қазақстан
Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі
туралы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңдары, Қазақстан
Республикасының өзге де заң актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі, қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі қабылдаған нормативтік
құкықтық актілер.
Банктердің түрлері, олардың құқықтық мәртебесі, кұрылу тәртібі, жұмыс
істеуі және таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және банк
қызметі туралы заңына сәйкес Қазақстан Республикасында төменгідей
банктердің түрлері бар:
Шетелдердің қатысушы банк — орналастырылған акцияларының үштен бірінен
астамы:
а) Қазақстан Республикасының резидент еместердің;
ә) орналастырылған (қатысушылар салымдарының) акцияларының немесе
жарғылық капиталдарға қатысу үлестерінің үштен бірінен астамы Қазақстан
Республикасының резеденттері еместердің не соларға ұқсас Қазақстан
Республикасы резиденттерінің — занды тұлғаларының иелігінде, меншігінде
жәненемесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің —
занды тұлғаларының;
б) орналастырған (қатысушылар салымдарының) акцияларының үштен бірінен
астамы Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің не соларға ұқсас
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің (сенім
білдірілген адамдар) қаражаттарына билік ететін Қазақстан Республикасы
резиденттерінің иелігінде, меншігінде жәненемесе басқаруында болатын
екінші деңгейдегі банк.
Халықаралық банк — халықаралық шарт (келісім) негізінде құрылған және
жұмыс істеп тұрған кұрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі (немесе
ол уәкілдік берген мемлекеттік орган) мен аталған шартқа (келісімге) қол
қойған мемлекеттің (мемлекеттердің) Үкіметі (Үкіметтері) болып табылатын
банк.
Банктер Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ одан тысқары
жерде өзінің еншілес банктердің филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.
Шетелдік банктерге Қазақстан Республикасында өздерінің филиалдарын
ашуға тыйым салынады. Еншілес банктер банктердің филиалдары, өкілдіктері
және есеп айырылысу-кассалық бөлімдер (сақтық кассалары) Қазақстан

туралы заңында белгіленген тәртіпте құрылады және жабылады.
Онда банк тура (тікелей) немесе жанама түрде (басқа занды тұлғалардың
жарғылық капиталдарына қатысу арқылы) дауыс беретін акциялардың елу
проценттен астамын иеленетін немесе сонша акцияның (қатысу үлесімен) дауыс
беру мүмкіндігі бар немесе олардың арасындағы жасалған шартқа сәйкес (не
өзгеше түрде) осы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді банктің айқындауға
мүмкіндігі болатын заңды тұлға банктің еншілес ұйымы болып табылады. Банк
еншілес ұйымды тек уәкілетті органның рұқсатымен ғана құрады немесе
иеленеді. Рұксатты берудің тәртібі мен ерекшелігі уәкілетті органның
нормативтік қықықтық актілермен айқындалады [6; 12 бет].
Рұқсат алуға берілген өтінішке мынадай құжаттарды қоса тіркеу қажет:
1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, жарғының бекітілгені туралы
хаттамалар;
2) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпарат;
3) еншілес ұйымның ұйымдық кұрылымы;
4) бизнес-жоспармен қоса еншілес ұйымның қызметінің түрі немесе түрлері
туралы ақпарат;
5) аудиторлық ұйымның заңды тұлғада өткізген аудиті туралы қорытындысы
және аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есеп;
6) уәкілетті органның нормативтік құкықтық актілерінде көзделген
рұқсатты беру туралы шешім қабылдауға қажетті өзге де ақпарат немесе
құжаттар.
Рұқсат беруден бас тартуға мыналар:
- рұқсат алуға қажетті құжаттардың берілмеуі;
- еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер
лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың)
белгіленген тәртіпке сай келмеуі;
- еншілес ұйымдардың болжамды болу нәтижесінде шоғыр- ландырылған
негізде пруденциалдық нормативтерді және банктер сақтауға міндетті
уәкілетті орган белгілеген басқа да нормалар мен лимиттерді банктің
сақтамауы;
- еншілес ұйым қызметінің немесе банк жоспарлаған инвестициялар
салдарынан банктің қаржылық жағдайының болжамды нашарлауы және (немесе)
банк салымшыларының мүлделеріне нұқсан келтірілуі негіздемелер болып
табылады.
Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге
немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бас тартудың
негіздемелері туралы өтініш иесіне жазбаша хабарлауға міндетті.
Банктің еншілес ұйымы құрылтай кұжаттарына енгізілген барлық өзгерістер
мен толықтырулар туралы уәкілетті органға хабарлап отыруға міндетті [8; 90
бет].
Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда банк еншілес ұйымның
өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай; мерзім ішінде осы
банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға беруге не еншілес ұйым
қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігінен бас тартып, оны растайтын
кұжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Банкінің филиалы — заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден
тыс орналасқан және банкінің атынан банк операцияларын жүзеге асыратын және
өзіне банк берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банк бөлімшесі.
Банк филиалының банкімен бірыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен
толық сәйкес келетін атауы болады.
Банк өз филиалын ашуға уәкілетті органнын нормативтік құқықтық
актісінде белгіленген тәртіппен және талаптарға сәйкес уәкілетті органның
келісімін алуға міндетті.
Банк филиалын ашуға келісім беру туралы мәселені уәкілетті орган үш ай
мерзімде қарауға тиіс.

қоғамдар нысанында кұрылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінін 85-

тиесілі акциялар кұнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар
тәуекелін көтереді.
Акционерлік коғамның өз қатысушыларының мүлкіне оқшауланған мүлкі

қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Акционерлік коғамның
қықықтық ережелері, акционерлердің құқықтары мен міндеттері Азаматтық

ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Заң актілерімен айқындалады [7; 124
бет].
Кұрылтай шарты мен Жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып
табылады. Акционерлік қоғамның кұрылтай құжаттары нотариаттық куәландыруға
жатады. Кұрылтай шартының күші жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттік
тіркеуден өткізілген күннен бастап тоқтатылады.
Банктер құрылтай шарты негізінде кұрылады және өзінің жарғысы және
Казақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес әрекет етеді. Банк оның
Жарғысында жазылған атауды өзінің атауы ретінде пайдаланады. Банктің
атауында банк сөзі немесе одан шығатын туынды сөз болуы тиіс.
Қазақстанның Даму Банкісі туралы 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақ-стан
Республикасының Заңына сөйкес Қазақстанның Даму Банкісі құрылды, оның жүз
процент акциясы мемлекетке жатады. Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жаршысы.
Ұлттық Банктен басқа банктерге ұлттық орталық деген сөздер оның
атауында кез келген тілде толықтай немесе қысқарған түрде пайдалануға тыйым
салынады.
Барлық банктерге өзінің атауында мемлекеттік деген сөздің кез келген
тілде толықтай немесе қысқарған түрде пайдалануға тыйым салынады. Бұрын
кұрылған банктердің, оның ішінде банктер — Қазақстан Республикасы резидент
еместердің атауын алмастыратындай ұқсас атаулар, белгілер пайдалануға,
еншілес банктерден басқасына, жол берілмейді. Еншілес банктер өзінің
атауында бас банкісінің атауын пайдалануға міндетті.
Банк банктік заңнамада белгіленген занды тұлғаларға арналған
ерекшеліктерді ескере отырып, Казақстан Республикасының азаматтық
заңнамасымен белгіленген тәртіпте кұрылады.
Банк құру жөніндегі құрылтай шартында, қолданылып жүрген зандарда
көзделген мәліметтерден басқа, міндетті түрде:
толық атауы мен олардың әркайсысының тұрған жерін қоса құрылтайшылар
туралы мәліметгер, сондай-ақ олардың мемлекеттік тіркеуден өткендігі
жөніндегі деректер (заңды тұлғалар үшін), аты-жөні, азаматтығы, тұрғылықты
жері мен жеке өзін (жеке адамдар үшін) куәландыратын кұжат деректері;
акциялардың саны, санаттары мен орналастыру бағалары туралы мәліметтер
керсетілуге тиіс.
Мемлекет тек Үкімет атынан ғана банкілердің құрылтайшысы және акционері
бола алады, ал Қазақстанның Даму Банкісінің акционерлері болып облыстардың,
Астана және Алматы калаларының жергілікті аткарушы органдары да қатыса
алады.
Жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған
акцияларының елу процентінен астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік
кәсіпорындар мен ұйымдар банкінің кұрылтайшылары мен акционерлері бола
алмайды.
Банк несие берушілерінін мүдделерін қорғау және республика банк
жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган Қазақстан
Республикасының Үкіметімен келісім бойынша капиталының теріс мөлшері болған
ретте банк акцияларын келесі үш күнтізбелік ай бойы банктің қаржы
жағдайының қажетінше жақсартылуына кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып
алынған баға бойынша кейіннен міндетті түрде дереу сату шартымен мәжбүрлеп
сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлык аймақтарда тіркелген
аффилиирлендірілген тұлғалары бар заңды тұлғалар, немесе уәкілетті орган
тізбесін белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың
қатысушылары (кұрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар
Қазақстан Республикасының резидент банктерінің дауыс беретін акцияларын
тікелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оған
билік ете алмайды [9; 118 бет].
Аталған шектеу уәкілетті орган тізбесін белгілейтін рейтинг
агенттіктерінің бірінің рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі бар
банктерге қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының резидент емес занды тұлғалары, банктерді қоса
алғанда, егер оларда тізбесін уәкілетті орган белгілейтін негізгі
рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз талап етілетін рейтингі болса
Қазақстан Республикасының резидент банктері дауыс беретін акцияларының он
және одан да көп процентіне ие бола алады.
Тікелей немесе жанама түрде банктің акцияларын иеленетін не банк
акционері қабылдайтын шешімдерге ықпал ететін тұлғалар уәкілетті органның
талап етуі бойынша банктін ірі қатысушыларын және олардың қаржылық жай-
күйін айқындау үшін құрылтай құжаттарын және басқа да қажетті ақпарат
беруге міндетті.
Банктің Жарғысы қолданыстағы заңнамаларда керсетілген мәліметтерден
басқа міндетті түрде мыналарды қамтуы тиіс:
банктің толық және қысқартылған атауы;
банк қорларын (резерв капиталын) пайдаланудың түрлері мен тәртібі
туралы мәліметтер;
банк органдарының шешім қабылдау тәртібі.
Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнінде уәкілетті
органға өтініш жасауға құқылы.
Өтініш қазақ немесе орыс тілдерінде беріледі және онда өтініш берушінің
мекенжайы көрсетілуге тиіс.
Көптеген нарықтық экономикалы елдерде шетел банктерінің жұмыс істеуі
1990 жылдары көп таралды. Оңтүстік- Шығыс Азияда отандық қаржы нарығындағы
шетел банктерін бақылау 1994 жылы 1.6%-дан 1999 жылы 6%-ке дейін өсті, ал
Латын Америкасында-7.5%-дан 25%-ға дейін, Шығыс Еуро-пада 8%-дан 52%-ға
дейін. Бұндай шетел банктерін бақылау деңгейінің өсуі қаржылық ырықтандыру
саясатын енгізумен байланысты. Банк жүйесіндегі шетелдік бақылаудың
қарқынды өсуі шетел банктерінің нарықтық үлесі өсуінің отандық банктерге
әсері туралы ой тудырады.
Кейбір зерттеулер шетел банктердің отандық банк секторына өсе беретін
әсері тақырыбына арналған. (Бараджас-2000 ж, Класенс-2001 ж, Кларк-2000 ж,
Денизер-2000 ж, Ленсинк және Хермес-2004 ж, Эт- Аль-2000ж). Бұл зерттеулер
нәтижесінде елде шетел банктердің болуы отандық банк секторының жұмыс
істеуінің тиімділігін көтеру туралы қорытынды жасады. Сондай-ақ Нильс
Хермес пен Роберт Ленсинк рецепиент елінің қаржылық даму деңгейі елде шетел
банктерінің болуынан отандық банктер тиімділігінің тәуелділігін анықтау
үрдісінде маңызды фактор болып табылатынын шығарды.
Ғалымдар жұмыстарында отандық банк жүйесінде шетел банктерінің
болуының бірнеше негізделінген эффектер белгіленді:
1. Шетел банктердің болуы отандық банктерді шығындарды төмендету мен
көрсетілетін қаржылық қызметтер тиімділігін көтеруге ынталандырады. Шетел
банктердің болуы отандық банктерін көрсетілетін қызметтер сапасын
дұрыстауға итерді. Бірақ шетел банктердің болуы ескі пайыздық маржа мен
пайданың төмендеуіне әкеледі.
2. Шетел банктерінің оңтайлы сыртқы нәтижеге әкеледі. Мысалы, шетел
банктері және қаржылық қызметтер енгізуі мүмкін. Бұл қызметтерді енгізу
банктерді отандық қаржы жүйесіндегі қаржылық делдалдық тиімділігін жақсарта
отырып, ұқсас жаңа қызметтерді дамытуға ынталы етеді. Шетел банктері
қазіргі заманға сай және одан әрі тиімді және отандық банктері көшірмесін
жасай алатын банк технологияларын енгізуі мүмкін және соған қоса, шетел
банктері отандық банктердің менеджментінің жақсаруына көмектеседі, әсіресе,
егер шетел банктері отандық банктерін басқаруда тікелей қатысқан жағдайда
жоғарыда аталғанның барлығы одан әрі тиімді банк қызметіне әкелуі мүмкін.
3. Шетел банктері отандық банк жүйесіндегі адамгершілік капитал
сапасын жақсартуы мүмкін. Мысалы, шетел банкінің жоғары маманданған
қызметкер басқарушысының тәжірибесін жергілікті банк қызметкерлері мен
банкирлері қолдана алады. Сондай-ақ шетел банктері жергілікті қызметкерлер
оқуын инвестициялауды мүмкін. Ал отандық банктерге қол жетерлік
адамгершілік капиталының сапасын көтеру жергілікті банктердің шығындарын
төмендетеді және олардың жұмысын одан әрі тиімді етеді.
4. Шетел банктерінің болуы отандық қаржы секторына мемлекеттік әсер
етуін әлсіретеді. Осының салдарынан бағытталатын несие саясаты, пайыздық
мөлшерлеме бақылауды және тағы да басқа сияқты шектеулі қаржы саясатының
мәнін төмендейді. Бұндай саясатты көптеген ауыспалы және дамушы экономика
үкіметтері қолданды. 1995 жылы Фрай зерттеулері бұндай саясат банктерінің
жұмыс істеуінің тиімділігін төмендеуі мүмкіндігін көрсетті.
5. Шетел банктерінің болуы отандық банктерінің шығындарын көбейтеді.
Өйткені отандық банктер ірі халықаралық банктермен бәсекелесу үшін өзінің
шығындарын көбейтуі мұқтажды. Мысалы, олар жаңа қызмет түрлерін енгізуі,
өздерінде бар қызметтер мен операциялардың сапасын жақсартуы және банктік
басқаруға жаңа технологиялар енгізуі керек. Осындай шығындар қысқа мерзімді
периодта болады. Ал ұзақ мерзімді периодта бұл шығындар отандық банктер
шығындары төмендетуге айналады.
Ленсинк пен Хермес 2004 жылы 1990 жылы мен 1996 мен арасындағы период
ішінде 990 банк мәліметтері негізінде шетел банктерінің болуының отандық
банктер қызметіне қысқа мерзімді эффектерге зерртеу салды. Ленсинг пен
Хермес бұл эффектер шетел банктердің келуі отандық банктердің маржа мен
шығындардың өсуіне әкелуін көрсетеді.
Қолға жетерлік емес тәжірибелік әдебиеттерде мынадай қорытынды
жасалған-шетел банктердің болуы отбасылық банк жүйесінің жұмысын өскен
бәсекелестік арқылы әсер етеді. Колумбия мен Испаниядағы зерттеулер шетел
банктердің нарықтың анықталған бір бөлігіне ғана әсерін көрсетеді. Келесі
бір зерттеу бойынша қысқа мерзімдегі шығындардың реципиент елінің даму
деңгейіне байланысты өсуі анықталды. Бұл қорытындылар от андық банктерінің
шетел банктері негізілуінен болатын шығындар мен пайданың арасындағы
таңдауы бар ойына әкеледі [10; 87 бет].
Лесинк пен Хермес соңғы жұмыстарында бұл таңдауды зерттейді. Олар
шетел банктерінің әсері реципиент елінің қаржылық даму деңгейіне тәуелді
деген тұжырымдама ұсынады. Олардың айтуынша, төмен қаржылық даму деңгейі
жағдайында инвестициялық шығындау ынтасы ( жаңа банктік технология
қызметтерінің түрлерін енгізу тағы да басқа) шетел банктермен бәсекелесуден
күшті қаржылық дамуының төмен деңгей жағдайында шетел банктері мен отандық
банктердің көрсететін қызметтердің сапасы арасындағы айырмашылық күштірек,
сондықтан оңтайлы сыртқы эффетінің кеңеюіне көбірек мүмкіндік болады.
Қаржылық дамуының жоғары деңгейінде оңтайлы сыртқы эффекті үшін мүмкіншілік
төменірек болады.
Ұзақ мерзімде инвестициялық шығынның төмендеуіне, бәсекелестің өсуі
мен тиімділікке әкеледі.
Е. Крафт 2004 жылы хорватиялық банк жүйесіне зерттеу жасады. Шетелдік
банктердің кіруі 1994 жылы еншілес австриялық банкінің құрылуынан
басталады. 1998 жылдың аяғында шетел банктері нарықтың 10%-ы шамасында
иеленді.
Содан соң бірнеше ірі банктерді шетел елдердің стратегиялық
инвесторларына сату жағдайы өзгертті. 2003 жылы аяғына қарай Хорватияда
банк активтерінің 89 пайызы шетел банктерінің қолында болды, яғни әлемдегі
ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Эстония мен Чехия Республикасының шетел
банктер активтерінің 90 пайызынан артық үлесін иеленді. Бірақ хорватиялық
жағдай бірнеше себептерге байланысты көріктірек:
1. Хорватия банк саласындағы таза ұлттық меншіктен шетел меншігі
жүйесіне өте тез ауысты. Өзгерістердің жылдамдығы мен мәні айтарлықтай.
2. Шетел елдің меншігіне беру үрдісі 1998 -1999ж. жылдардағы
банк крезистенкейін бірден жүргізілді, осының салдарынан оңтайлы
эфектісі қысқа мерзімде көрінді.
3. Хорватиялық тәжірибе басқа өтпелі экономикалар үшін көрсеткіштік
тәжірибе бола алады. Хорватияда шетел банктердің әсері маңызы болды.
Нәтижесінде көрсетілетін қызметтер сапасы жақсарып, жаңа қызметтер
түрлерінің санын көбейткен бәсекелестік деңгейін шетел банктері көтерді
және де таза пайыздық маржа мен активтерден түсетін табыс төмендеді.
Сонымен, авторлар айтуынша, өтпелі экономикалы елдерде шетел
банктердің енгізілуіне рұқсат беру банк секторындағы келе жатқан
мәселелерді шешу және сау банк жүйесін құру әдісі болып табылады. Шетел
банктердің дамушы елдердің қаржылық нарығына кіруі инвестициялау үшін
капитал тарту мүмкіндігін кеңейтуге көмектеседі және экономикалық дамуының
негізгі факторының бірі болып табылады [11; 150 бет].
1.3 Банк ашуға рұксат беру құжаттары
Банк ашуға рұксат беру құжаттары осындай болып табылады:
1) жаңадан құрылатын банкінің құрылтай кұжаттары: құрылтай шарты,
жарғы, жарғы қабылдау мен банк органдарын тағайындау (сайлау) хаттамасы;
2) кұрылтайшылар туралы егжей-тегжейлі мәліметтер (олардың ағымдағы
қызметі туралы деректерді қоса); құрылтайшы-заңды тұлғалардың соңғы екі
есеп беру күніндегі қаржылық есептілігі; осы Заңның 16-бабының 5-тармағының
талаптарына;
4) банк ретінде занды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден кейін бір жыл
ішінде Жарғылық капиталды төлемеу;
5) банк ретінде тіркелген заңды тұлға үшін банктік заңнамаларда
көзделген шарттардын бұзылуы;
Банк банкті ашуға берілген рұқсатты ерікті түрде қайтаруға және
заңнамада белгіленген тәртіппен қайта тіркеуден өтуге құқылы.
Банкті ашуға рұксаттың банк операциясын жүргізуге банкке лицензия беру
туралы уәкілетті органның шешімі қабылданғанға дейін заңдық күші болады.
Банкіні мемлекеттік тіркеуді уәкілетті органның банк ашуға рұқсаты
негізінде әділет органдары жүзеге асырады. Оның құрылтай құжаттарының
мәліметтері уәкілетті органмен куәландырылады.
Банкті әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін банк он төрт
күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға тіркеген құрылтай шарты мен
Жарғының банкті мемлекетгік тіркеу туралы куәліктің нотариаттық
куәландырылған көшірмелерін беруге міндетті.
Төраға және Директорлар кеңесінің мүшелері Төраға және басқарма
мүшелері банктің құрылымдық бөлімшесінің қызметінің үйлестіру мен (немесе)
бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге орай кұжаттарға
құқығы бар өзге де банк басшылары, банктің бас бухгалтері мен оның
орынбасарлары, банк филиалының бірінші басшысы және бас бухгалтері банктің
басшы қызметкерлері деп танылады.
Төраға және Директорлар кеңесінің мүшесін, банк баскармасының төрағасы
және оның орынбасарларын, сондай-ақ банк атынан құжаттарға қол қою кұқығын
немесе олардың атынан банк активтерін бөтеннің иелігіне аударатын
құжаттарға қол қою құқығын иеленетін банктің басшыларын тағайындау үшін
олардың жоғары білімді болуы міндетті шарт болып табылады. Банктің бас
бухгалтері, филиалдың бірінші басшысы және бас бухгалтері жоғары білімді
немесе мамандығына сәйкес арнайы орта білімді болуы тиіс [11; 110 бет].
Банк Басқармасының төрағасының және оның орынбасарларының, банктін бас
бухгалтері мен оның орынбасарларының, банк филиалының бірінші басшысы мен
бас бухгалтерінің банк Жүйесінде еңбек стажы болуы тиіс: Төраға және бас
бухгалтер кемінде үш жыл, Басқарма төрағасының орынбасары мен бас
бухгалтердін орынбасары - кемінде екі жыл, банк филиалының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz