Конституциялық құқығындағы шешілмеген проблемалары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ 6

1. 1 Қазақстан Республикасы Конституциясының мәні мен мазмұны 6

1. 2 Қазақстан Республикасының даму сатылары 9

1. 3 Конституцияның құқық шығармашылық рөлі мен қағидалары 12

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ 15

2. 1 Конституциялық құқығындағы шешілмеген проблемалары 15

2. 2 Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының арақатына15

2. 3 Конституциялық заңдылықтың қалыптасуы 16

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІ 27

ҚОРЫТЫНДЫ 29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясы - демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция коғамдық, өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяси-құқықтық күшті бойына жинақтаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашакка бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принциптерін белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да кайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін, сипаттар тән. Конституцияны Қазақстан халқы кабылдады[1] . Сондықтан Конституцияда халықтың оның мәнін сипаттайтын еркі білдірілген. Социализм кезінде де Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептелді. Осыған орай халық еңбекшілерден - жұмысшы табынан, шаруалар мен еңбек интеллигенциясынан тұратындығы атап көрсетілді. Халықты бұлайша сипаттау кез келген әлеуметтік құбылысқа, марксшіл-лениншіл ілімге тән таптық көзқараска негізделді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жылы халықтың таптық сипаттамасынан түңғыш рет бас тартты. Онда енді жүмысшы табы туралы, шаруа және еңбек интеллиген-циясы туралы сез болған жоқ. Жалпы "еңбекші" термині 1993 жылғы Конституцияда да, 1995 жылғы Конституцияда да қол-данылмайды. Дегенмен, Конституцияның екеуінде де халық туралы айтылады. Қазақстан Республикасы Конституциясын-да халық тұрғындардың бүкіләлеуметтік қабатын жинақтаған түтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде үғынылады. Осыған орай, "халық" ұғымы Қазақстан Конституциясына сәйкес, біріншіден, ол байлық жағдайына қарай әлеуметтік қабаттарға, таптарға белінбеушілікті білдіреді, сөз жоқ, бұл маңызды конституциялық, фактор болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы Конституциясының дамуын зерттеу болып табылады.

Курстық жұмысты жазу барысында келесі міндеттер алға қойылады:

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының даму мәселелерін толығымен зерттеу;
  • Қазақстан Республикасы Конституциясын мемлекеттің негізгі заңы ретінде қарастыру;
  • Қазақсатн Республикасы Конституциясы бойынша мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігі мен конституциялық заңдылығын мазмұндау болып табылады.

Жұмыстың зерттеу деңгейі Біздің өмір сүріп жатқан қоғамымызда мемлекеттің негізгі заңына қатысты мәселелер теориялық тұрғыдан сараланды. Сонымен қатар, тәжірибелік негіздемелері бойынша да толық талқыланды.

Жұмысты жазу барысында осы мәселені зерттеуші отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері мен зерттеулері қолданылды. Олардың бірқатарын атап өтетін болсақ Амандықова С. К., Жоламанов Қ. Д., Сапарғалиев Ғ., Баянов Е., Ибраева А. С. және т. б. сияқты белгілі ғалымдар.

Тақырыптың теориялық және әдістемелік негізі ретінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, отандық және шетелдік авторлардың ғылыми еңбектері мен зерттеу жұмыстары пайдаланылды.

Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, яғни мемлекеттің негізгі заңы жатады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, яғни мемлекеттің негізгі заңының дамуын зерттеп-зерделеуді жаңаша заңдық-теориялық тұрғыдан қарастыруымыз тақырыптың ғылыми жаңалығы болып табылады.

Бұл жұмыстың зерттелудің практикалық негіздері: курстық зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының Конституциясының даму ерекшеліктерін зерттеуде ғылыми мақсатта және оқытушылық мақсатта қолданылуы мүмкін.

Құрылымы бойынша осы жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және де қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ

1. 1 Қазақстан Республикасы Конституциясының мәні мен мазмұны

Конституцияда мемлекет әлеуметтік, яғни, бүкіл халықтын. өкілі ретінде танылады. Бұл мемлекеттің тұрғындардың кдндай да болсын бір тобына екінші бір тобын кемсіту арқылы басым-дықбермейтіндігін білдіреді. Мемлекеттиісінше, олардыңәлеу-меттік жағдайларына қарай тұрғындардың барлық қабаттарына қамқорлық көрсетуі тиіс. Қазақстан Республикасының Консти-туциясы бүкіл халықты әлеуметтік топтарға бөлмей, олардың құкықтарын шектемей конституциялық-құқықтық қатынастар субъектісі ретінде таниды. Екіншіден, халық ұғымына көпұлтты қоғам жағдайында қазақ ұлты, басқа да барлық ұлттық топтар жатады. Бұл, мемлекеттегі бүкіл халықтың әлеуметтік базалық негізін құрайтын қазақ ұлтына ерекше: құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени жеңілдіктер беріл-мейтіндігін білдіреді[2] .

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде тану жеңілдіктер қата-рына жатпайды, тек мемлекеттің барлық жерде және қайда да болсын ұлттық нысаны бойынша ұлттық болып табылатын си-патына жатады. Орыс тілін ресми қолданыс тілі ретінде тану да бұл салада жеңілдік берілмейтіндігін көрсетеді.

Сейтіп, халықты Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы деп тану оның мәндік сипатын білдіреді. Сондықтан Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конститу-циясы: "Біз, Қазақстан халқы . . . осы Конституцияны қабылдаймыз" деген сөздермен басталады. Қазақ халқы Конституцияны референдумның қорытындысымен қабылдады. Қазақстан Рес-публикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум аркылы енгізілуі мүмкін. Басқаша айткднда, халық Конституцияны кабылдап қана қойған жоқ, ол Конституцияға езгерістер мен толықтырулар да енгізе алады. Әрине, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын Президент Парламенттің қарауына бере алады. Алай-да, Мұндай жағдайда да халық сырт қалмайды. Парламент ха-лықтың жоғары екілетті органы, сондықтан ол Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды халықтың атынан қабылдайды.

2. Қазақстан халқы Конституцияны кабылдайтын бірден-бір субъект деп танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Қазақстан халқы елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір қай-нар көзі және егемендікті қолдаушы болып табылады. Сондық-тан ол құрылтайшылық биліктің иесі. Нақ Конституция арқы-лы Қазақстан халқы мемлекетті қүрды, оның басқару және күрылым нысандарын, әлеуметтік-экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін белгілейді. Тек ха-лық, ал халық атынан тек Парламент кдна мемлекеттің күры-лым негіздеріне өзгерту енгізе алады. Сонымен бірге Консти-туцияда мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезеңдері тұрақты-лық, біртұтастық принциптері нығайтылған. Ол - мемлекеттік құрылымның біртұтас нысаны, басқарудың Президенттік ны-саны және аумақтық тұтастық.

Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылтайшы-лық сипаты оны кабылдау мен оған өзгерістер енгізудің ерек-ше тәртібін, ұлттық құқықтық жүйені калыптастыру мен дамы-тудағы мейлінше ерекше орнын, Парламент, Президент, Үкімет үшін, лауазымды адамдар, сот органдары үшін, азаматтар үшін оның құқықтық қағидаларының еш шүбәсіздігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылтай-шылық сипаты оның барлық нормативтік кағидаларының еш шүбәсіз танылатындығынан, басқа ешбір нормативтік құқықтық акт Конституция нормаларын ескірген, емір шындығына сай келмейтін деп және баскалай тани алмайды[3] . Мұндай ерекше сипаттек Конституцияға ғана тән. Бұл жағдайға назар аударып отырған себебіміз, конституциялық кдғидаларға атүсті айтыл-ған сындар кейде жақсылық нышанындай есептеледі, Консти-туцияның кайсыбір нормаларына, киімді ауыстырған сияқты, өзгерістер енгізу туралы үсыныстар айтылады. Мұндай акция-лар ескінің, кеңестік кезеңнің сарқыны, ол кезде КСРО Жо-ғарғы Кеңесі мен одақтас республикалардың Жоғарғы Кеңестерінің әр сессиясында дерлік Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жеңіл енгізіле беретін. Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясымен де осылай болды, айналып келген-де ол ешкімге кажеті жоқ жалаң нұсқаулық құжатқа айналды.

Әрине, бұдан Конституцияның жекелеген нормалары уақыт сынына ұшырауы, өскелең қоғамдық қатынас талаптарына сай келмеуі мүмкін емес деген ой тумаса керек. Қоғамдық қатынас ылғи да қозғалыста, өзгерісте болады, сондықтан конституция-лық нормаларды өзгерту кажеттігі де туындайды. Мұндай про-цесс өтпелі үлгідегі қоғам үшін тән құбылыс. Нақ осындай қоғамда түбірлі өзгерістер мейлінше тез және жиі жүреді. Бұл процестің Конституцияның жағдайына әсер етпеуі мүмкін емес. Осыны ескере отырып, өткеннен де сабақ алу керек. Конститу-цияның тұрақтылығын, оның беделінің жоғарылығын қамта-масыз ету үшін мұндай кджеттілік туған жағдайда Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды Конституцияға тіркеуге болатындай етіп, жеке ерекше нормативтік акт ретінде ресімдеу керек. Мұндай көзқарастың біркатар сәтті жақтары бар[4] . Біріншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылтайшылық сипаты сақталады. Шын мәнінде, Қазақстан Республикасының Конституциясы, бірнеше ондаған, жүздеген жылдардан бері өмір сүретін мемлекеттің қатардағы кезекті Конституциясы емес. Ол жаңа құрылым және басқару нысан-дарымен, қоғамның экономикалық құрылысының жаңа негіздерімен және басқаларымен мүлдем жаңа үлгідегі мемлекетті қүрды. Екіншіден, аталған құрылтайшылық сипа-тынаорай Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конститу-циясы құқықтық мәдениеттің тарихи жадын бейнелейді. Ешқа-шан енді мұндай Конституция болмайды. Ол Қазақстан мемлекетінің нақ қазіргі кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының тарихи әзгерістері аясында туды. Сондықтан ол өзіне айрықша мүқият қарауды, нақосындай түрінде, қабылданған күйінде сақ-талуын талап етеді. Үшіншіден, ерекше құрылтайшылық сипа-ты мен тарихи мәні қасиетті акт ретінде азаматтардың Консти-туцияға деген қүрмет сезімін қалыптастыру, бірінің соңынан бірі келетін үрпақтардың алдында оның беделін тұрақты кете-ру үшін де маңызды. Бұл орайда, әлдеқашан ескірген қағидала-рының аз еместігіне карамастан, оның басты актілердің негізі болып отырған АҚШ Конституциясын еске алған жен. Көпте-ген қағидаларының тек тарихи-танымдық қана мәні бар болса да, дінге сенушілер үшін бірнеше мың жылдар бойғы діни жаз-балар қасиетті сенім сияқты есептеледі.

3. Бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан, коғамның негізгі заңы ретінде колданылуы Конституцияның маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі және коғамның әлеуметтік базасы ретіндегі мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті оның бар-лық атрибуттарымен құрады. Ол оның егемендігін барлық элементтерімен: аумағымен, жоғарғы билігімен, азаматтығымен, дербес заңдарымен және баскаларымен орнықтырады. Консти-туция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен, коғам-дық институттармен езара қатынасының негізін қалайды. Кон-ституция қоғамдық, : экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, діни, жекелік құрылыстың негіздерін анықтайды. Сондықтан мем-лекет қана емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық қағидаларын, идеяларын жинақтайды. Осыған байланысты коғам, оны қүрушылар ез қызметін Конституцияға негіздеуі тиіс. Жекелеген заңдардың кайсыбір жекелеген коғам-дық институттарға: саяси партияларға, діни, мәдени бірлес-тіктерге және басқаларына қатынасы болуы мүмкін[5] . Мақсаты мен әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, республиканын, тұтастығын бүзуды көздейтін қоғамдық бірлестіктер күруға және олардың қызметіне тыйым салатын Конституцияның нормативтік ережелері тура және тікелей қол-данылады. Сондықтан құкық қорғаушы органдар осы іспеттес құбылыстарға қарсы шара қолданғанда тікелей Конституция-ны басшылыққа алады.

Конституция қоғамдық қатынастардың базалық, түпкі негіздерін реттей отырып, қоғам емірінің барлық салаларын қамтымайды. Осыған байланысты методологиялық мәні бар маңызды бір мәселеге токтала кеткен жөн.

Кеңестік және одан кейінгі кезеңдегі заң өдебиеттерінде құқықтық қатынастар құқықпен реттелетін қоғамдық қатынас-тар ретінде сипатталады. Құқықтанушылар осы теориялық қағиданың дүрыстығына күдік келтірген жоқ. Шамасы, бұлай болатыны социализм кезінде ешқандай жекелік болмады, ол танылмады. Барлығы да мемлекеттікі, қоғамдікі еді. Егертерең-дей ой жіберсек, онда социализм кезінде де мемлекеттік қана емес, сондай-ақ коғамдық қатынастың да болғанын байкаймыз. Дегенмен, құқық қоғамдық, қатынастарды реттейді деп саналып келді. Демек, құқықтың кейбір салаларында, айталық, мемлекеттік және әкімшілік құқықта қатынастардың мемле-кеттік сипаты танылса да мемлекеттік қатынасты қоғамдық қатынас жұтып қойған болып шығады.

1) тараптардың бірі ретінде мемлекет қатысатын қатынас; менің пікірімше, мұның қатарында мемлекеттік-құқықтық қаты-настарды атауға болады. Бұлар, билікпен және саяси құкықты бағындыру мен жүзеге асыруға кдтысты кдтынастар болып та-былады деп ойлаймыз;

2) таза қоғамдық, мемлекеттік институттар катыспайтын қатыныстар[6] . Бұлар құқықпен реттелетін таза қоғамдық қаты-настар. Алайда, Конституция құқықтық негізді белгілей-тіндіктен ол бұл қатынастарға тура араласады. Қазақстан Республикасы Конституциясының әрбір адамның құқықтық субъектілігін танитын 13-бабының 1-тармағы, міне осының мы-салы болып табылады. Әр адамның жеке-жеке, азаматтардың кез келген бірлесуі құқықтық жағынан тікелей Конституция арқылы қорғалатындығы осының дәлелі. Құқық корғау орган-дары, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғай отырып, Конституцияға сүйеніп қана қоймайды, оны басшылыққа ала-ды. Сонымен бірге азаматтардан, олардың бірлестіктерінен, барлық қоғамдық институттардан Конституцияға құрметпен қарау талап етіледі. Конституцияның нормасын бұзу - көпұлтты Қазақстан халқының заңды еркіне қол сұғу болып табылады. [7]

1. 2 Қазақстан Республикасының даму сатылары

Бұрынғы КСРО ғалымдары Конституцияның қолданылу мәселесі туралы жазбады десе де болады. Конституцияның қолданылуы конституциялық құқықтағы өте маңызды проблема болса да, ол мәселе жөнінде жекелеген ой түйіндері ғана кездеседі. Оны айқындау шын мәнінде Конституцияның мем-лекет, қоғам, саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер, таптар, ұлттар, жекелеген адамдар емірінде алатын орнын түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан өркениетті, демократия-лық қоғамда Конституцияға, оның колданылуына, тиімділігіне айрықша мән беріледі. Осыған орай Конституция, оның маз-мүны туралы оны қабылдағанға дейін-ақ мұқият ойластырыла-ды. Тиісінше, Конституцияның мәселесі екі кезеңнен: 1) оның жобасын әзірлеу және 2) қолдану кезеңінен түрады.

Бірінші кезеңде Конституцияның қағидалары және нормала-рымен бірге оның қабылданғаннан кейінгі қолданылу механизмі де терең, мүқият ойластырылады. Бірінші кезекте түжырымдама әзірленеді және Конституция нормаларының мазмұны айқындалады. Сонымен бірге мәселе тек қайсыбір түжырымда-мамен шектелмейді, әсте, Конституцияның өзі кептеген бөлік-терден тұратын актілерді білдіреді. Әр бөлік белгілі бір тұжы-рымдама үшін объект болып табылады. Сондықтан Конститу-цияныңжобасы Конституцияның тұжырымдамаларын жасауға жол ашады. Мемлекеттік құрылыс түжырымдамасы, адам құқы тұжырымдамасы, меншік құқы тұжырымдамасы және басқа-лары осындай түжырымдамалар болып табылады. Өз кезегінде мемлекеттік құрылыс тұжырымдамасы шартты түрде дербес теориялықбәліктерден: билікті бөлу теориясынан, мемлекеттік

құрылым және басқару нысандары теориясынан, мемлекеттік қызмет теориясынан, мемлекеттің механизмі теориясынан тұра-ды. Адам құқы түжырымдамасы адамның, азаматтың құқы және басқаларынан түрады.

Егер Конституцияның тұжырымдамалары практикалық ма-териалдарды қолдана отырып, мұқият әзірленбесе, онда ол Конституцияға елеулі зиян келтіреді. Егер әп дегеннен тұжырымдамалық қағидалар айқын болмаса, онда ол конституциялық қағидалардың қалыптасуына теріс ықпал етеді. Мұның мысалы ретінде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Кон-ституциясындағы жерге меншік құқы туралы қағиданы атауға болады. Бұл Конституцияның жерге мемлекеттік меншік құқын орнықтырғаны белгілі. Алайда, коғамның жерге жеке меншікті енгізбеуге болмайтын нарықтық кдтынастарға кеше бастағаны бәрімізге белгілі болатын[8] . Демек, 1993 жылғы Конституцияның негізіне алынған меншік кұкы түжырымдамасы іс жүзінде зиянды болды. Дегенмен, былай да болуы, тұжырымдама айқын, ал оны толық келемінде жорамалдауға конституциялық нормалар, қағидалар жарамсыз болып шығуы мүмкін. Билікті бөлу тұжырымдамасы, шамамен осылай болып шықты. Билік бөлуді тепе-тендік механизмін жан-жақты әзірлеген жағдайда ғана енгізуге болатындығы түсінікті еді. Қазақстан Республикасы Консти-туциясы жобасы нүсқаларының бірінде биліктің әр түрлі тармақтарының арасындағы тепе-тендік механизмінің шартты түрдегі толық жүйесі үсынылды. Алайда, он екінші шақырыл-ған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Мұндай механизмді қабылдауға теориялық жағынан да, практикалық жағынан да әзір болмады, сөйтіп, бұл билікті бөлу тұжырымда-масынан алшақтап кетуге әкеліп ұрындырды. Соның нәти-жесінде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясындағы билікті бөлу туралы қағида еміршең болмай шық-ты және көп ұзамай республиканың екі Жоғарғы Кеңесі тара-тылғаннан кейін толыққанды тепе-тендік тетікті құру қажеттігі туралы мәселе катаң қойылды, ол міндет Қазақстан Республи-касының 1995 жылғы Конституциясында белгілі бір деңгейде орындалды.

Конституцияның тұжырымдамаларын маман заңгерлердің, экономистердің және басқалардың шағын тобы әзірлемеуі тиіс. Олардың мүдделерін анықтап, Конституцияда оны ескеру үшін оны әзірлеуге әр түрлі партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, таптардың, ұлттардың, әлеуметтік топтардың және басқа-ларының өкілдерін тарту керек. Өйткені қоғамдық қатынастардың аталған субъектілерінің мүдделері объективті факторлар-мен елеулі түрде белгіленген. Мен бүкіл коғамның үдемелі да-муының жалпы процесінен туындайтын және оларды ескермеу бүкіл қоғам өміріне кері әсер ететін факторлар туралы айтып отырмын. Айталық, Қазақстанда мемлекеттілік сипаты түжырымдамасын әзірлеген кезде, Қазақстанда мемлекет қазақ үлты-ның ғана емес, бүкіл халықтың мүддесін білдіреді және мемлекеттік биліктің қайнар көзі халық болып табылады деп атап көрсетілгенмен басты назар бірүлттылыққа аударылды[9] . Іс жүзінде, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясындағы "өзін-өзі танушы қазақ үлтының мемлекеттілігі туралы" қағиданы қоғамдықсана бірауыздан қабылдамады және Қазақстан мемлекетінің құрылуы бүкіл халықтың өзін-өзі тануының жемісі екендігі туралы пікір қалыптасты. Бұл қағида Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылды. Менің пікірімше, бұл ымыраға келудің нәтижесі емес, халықтың нақты жағдайының орнығуы. Бұл мән-жай Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясын баршаның халықтық мемлекеттің негізгі заңы ретінде тануына ықпал етуі тиіс. Конституцияның тұжырымдамаларында акылға қонымды мәміле элементтері де көрініс таба алады. Егер мәміле объективті түрде белгіленсе және жалпы мүддеге қызмет етсе, сез жоқ, танылып, Конституцияда орнықтырылуы тиіс. Конституцияда мәміледен туындаған нормалардың болуы қоғамдағы елеулі қайшылықтардың дәлелі болып табылады. Мәмілелік нормалар бұл қайшылықтарды бейбіт жолмен, қоғамдық келісім негізінде шешуге қызмет етеді. Орыс тіліне көзқарас осының мысалы болып табылады. Қазақстан Республикасының 1989 жылғы Тіл туралы Заңында, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында орыс тілі ұлтаралық, қатынас тілі ретінде танылды. Алайда, Мұндай қағида орыс тілді түрғындар-ды қанағаттандырмады, орыс тілінің мәртебесін көтеру туралы мәселе күн тәртібінен түспей қойды. Бұл Қазақстан Республи-касының Конституциясындағы аталған қағиданың түрғындар-дың белгілі бір бөлігінің мүддесін бейнелей алмайтындығын, сондықтан Конституцияны түрғындардың осы бөлігінің тұтас-тай қолдамайтындығын көрсетті. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында мемлекеттік органдарда және жергілікті өзін-өзі баскару органдарында ресми түрде орыс тілінің казақтілімен бірдей колданылатындығы жазылды. Орыс тіліне қатысты қол жеткен мәміле мәселенің толық шешілгенін, қайшылықтың жойылғанын білдірмейді. Қазақ тілі іс жүзінде мемлекеттік тілге айналғанша мұндай қайшылық созыла береді. Тиісінше, аталған мәмілелік қағиданы жүзеге асыру мемлекеттік органдардың басты назарында болуы, аталған саладағы қайшы-лық үлтаралық қайшылықкд айналып кетпеуі тиіс.

Мемлекеттілік және тұтастай алғанда қоғам мүддесі принциптеріне қайшы келетін идеялар да тұжырымдамалық сипатта ерекшеленуі мүмкін. Мұндай тұжырымдамалық идеялар конституциялық нормаларда орнықтырылмауы тиіс. Мұның мысалы ретінде кезінде ұлтаралық келісімге, Қазақстан мемлекетінің түпкі негізіне нұқсан келтіретінін саналы түрде сезінген немесе сезінбегендердің табандылықпен ұсынған қос азаматтық туралы кдғидасын атауға болады[10] .

Екінші кезең - Конституцияның қолданылуы.

Конституция тікелей қолданылады. Конституциялық кұқық саласындағы белгілі маман Ю. А. Тихомиров: "Конституцияның тікелей қолданылуы оныңтікелей азаматтар, ұйыійдар жүзе-ге асыратын құқық шығармашылық ықпалын, кемшіліктен сақ-танушылықты, қоғамдағы өмір салты мен көңіл-күйге игі әсер ету, институттық қайта кұрылуларды білдіреді" деп жазды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар мен жасөспірімдердің морфофункционалдық даму ерекшеліктері
:Руфия Ровшан-Қызы-ның Развитие и становление судебного Прецедента как источника права:сравнительно-правовой анализ еңбегін талқылау
ФРАНЦИЯ МЕН ГЕРМАНИЯНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ТАРИХИ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
Қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде
Сайлау және сайлау жүйелері туралы
Қылмыстық іс жүргізудегі сот бақылау институтының қалыптасуы мен дамуы
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Әрекетте қылмыс құрамының болмауы
Қылмыстық істердің соттылығы
Қазақстанның гендерлік саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz