Приматтар отряды – Primates
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген сүтқоректілердің түрлері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Негізгі бөлім
1.1 Сүтқоректілер немесе Аңдар класы- Mammalia,seu
Theria ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Алғашқы Аңдар кластармағы –
Prototheria ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2.1 Triconodontia
отряды ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..10
1.2.2 Аңдар кластармағы –
Theria ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..11
1.3 Қазақстанда таралған сүтқоректілердің Қызыл кітабына тіркелген
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3.1Төменгі сатыдағы аңдар инфракласы немесе Қалталылар -
Metatheria ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.3.2 Қалталылар отряды –
Marsupiala ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...12
1.3.3 Насекомқоректілер отряды
(Insectivora) ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3.4 Қолқанаттылар отряды –
Chiroptera ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.3.5 Приматтар отряды –
Primates ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..18
1.3.6 Кеміргіштер отряды-
Rodentia ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
21
1.3.7 Киттәрізділер отряды –
Cetacea ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
1.3.8 Жыртқыштар отряды –
Carnivora ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...31
1.3.9 Жұп немесе ашатұяқтылар отряды – Artiodactyla Tillodontia,
Dinocerata,
Condylarthra ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...39
1.3.10 Тақтұяқтылар отряды –
Perissodactyla ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .49
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
Пайдаланған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..53
Кіріспе
Адамдар мыңдаған жылдар бойы жануарлар дүниесін пайдаланып
келді және де өзінің жан-жақты тіршілігінде жануардың пайдалы қорын
қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген
түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал
етудің әсерінен жер бетінде жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі
басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне
әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса,
соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты
қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай
болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып
өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш отырғызу кезінде ластанған
өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдардың құруына әкеп
соғады.
Қазақстанның Республикасының Қызыл кітабы Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес жасалған және республика аумағында сирек кездесетін, саны азайып
келе жатқан әрі құрып кету қатері төніп отырған жануарлар түрлерінің жай –
күйі туралы мәліметтерді, оларды зертеу, қорғау өсімін молайту және ұтымды
пайдалану жайлы жазылған, бекітіліген. Соның өзінде қаншама аңдарымыз
адамдардың қлынан жапа шегіп отыр.
Сүтқоректілердің таралуы, мекендейтін жерлері мен тіршілігі,
ерекшелігі туралы алғашқы деректер 11–12 ғасырлардағы саяхатшылардың
күнделіктерінде кездеседі. 15–16 ғасырларда сүтқоректілер туралы алғашқы
ғылыми мәліметтер жинақталды. Қазақстан аңдары туралы алғашқы мәліметтерді
18 ғасырда Петербург Ғылым академиясының экспедициясының құрамында
Қазақстан фаунасын зерттеуге келген орыс ғалымдары П.С.Паллас, И.Лепехин,
И.Гмелиннің еңбектерінен кездестіруге болады. Кең-байтақ республика
жеріндегі сүтқоректілер, бұлардың тіршілігі, таралуы, ғылымға беймәлім
түрлерінің сипаттамасы жайлы алғашқы мағлұматтар 19 ғасырдағы орыс
ғалымдары Эверсман, Г.С.Карелин, М.Н.Богданов,Н.А.Северцов, Н.А.Зарудный,
Н.Ф.Кащенко, А.Никольскийдің еңбектерінде баяндалған. 20 ғасырдың 20-
жылдарында Мәскеу, Ленинград университеттері ұйымдастырған экспедициялар
республиканың бірқатар жерлерінде болып, мұндағы сүтқоректілердің түрлерін
анықтады, санын есепке алып, таралуы мен шаруашылық мәнін сипаттады. Осы
жылдары Қазақстан фаунасы және сүтқоректілер жүйеленімі туралы деректер
қорытылды. Қазақстанда Териология саласындағы жүйелі зерттеулер 1932 ж.
КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы құрамында Зоология бөлімі
ашылған соң басталды. Териология саласындағы зерттеулер қорытындыланып, 9
томдық Қазақстан сүтқоректілері басылымы жарық көрді (1969–85). Қазір
Қазақстанда 180-нен астам сүтқоректілердің түрі белгілі.Табиғатта пайда
болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да
оның жойылуы орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың
бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады.
Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге
айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде
қаралады [1].
Жұмыс өзектілігі: Жануарлардың географиялық қабықтағы рөлі алуан
түрлі. Олардың тіршілік әрекеті бүкіл биосфера мен оның жеке экологиялық
жүйелерінің тіршілік етуі үшін ғана емес, сонымен қатар территориялық және
аквальдық комплекстердің қалыптасуы мен дамуы үшін де маңызды. Жануарлар
ландшафтардың ажырамастай бір бөлігі болып табылады. Сондықтан жануарлар
әлемін қорғау кез – келген ұрпақтың міндеті деп санаймын.
Жұмыс мақсаты: Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген
сүтқоректілердің түрлері туралы ақпарат беру.
Жұмыс міндеті: Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген
сүтқоректілердің түрлерін және оларға әсер ететін факторларды анықтау.
Негізгі бөлім
1. Сүтқоректілер немесе Аңдар класы- Mammalia,seu Theria
Сүтқоректілер – омыртқалы жануарлардың жоғарғы класы. Сүтқоректілерді
зерттейтін зоология ғылымының саласын маммалогия (лат. маммалис - емшек
, гр. логос - ғылым), кейде териология (грекше терион - аң, логос
- ғылым) деп те атайды. Жоғары дәрежеде ұйымдасуы бұл жануарлардың жер
шарына кең таралуына және әртүрлі ортада мекендеуіне мүмкіндік
береді.Бұлардың арасында құрлықта,топырақ арасында, ағашта тіршілік ететін,
ұшатын және сулы ортаны меңгерген формалары кездеседі,қазіргі кезде олардың
5 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Әдетте сүтқоректілердің тұлғасы
ұзарған, ол төрт аяққа сүйенеді, мойыны, басы және құйрығы анық
байқалады.Тіршілік етуі ортасына байланысты пішініде өзгеріп
тұрады.Сүтқоректілердің дене мөлшері мен салмағы 3,5 см және 1,5 г-н
(ергежейлі жертесер) 33м және 150 тн-ға (көк кит) дейін өзгереді. Дене
температурасы тұрақты және жоғары- орташа 39◦-тай. Бұл топтағы жануарлар
баласын сүтпен қоректендіретіндіктен, класс сүқоректілер деп аталады.
Сүтқоректілер класындағы жыртқыш жануарлар кейде аңдар деп те аталады [1].
Сүтқоректілер қатарынан құрлық пен теңіздің ең үлкен жануарлары –
мұхитта киттер және құрлықта пілдер болып табылады.
Морфологиялық жағынан сүтқоректілердің мынадай ерекшеліктері бар.Тері
жамылғысында түк және көптеген тері бездері (сүт, тер, май, иіс ) дамиды,
олардың атқаратын қызметі әртүрлі. Синапсиді бассүйек омыртқа жотасымен екі
шүйде ілмешегі арқылы байланысады. Шаршы және буын сүйектері ортаңғы
құлақтағы есту сүйектері – төс және балғашық сүйектерге айналған.
Астыңғы жақ бір тіс сүйегінен тұрады және ми сауытымен ілмешек арқылы
байланысқан. Тістері пішіні мен атқаратын қызметттеріне қарай – күрек,
шошақ, және азу тістеріне (гетеродонтты) жіктелген олар альвеолаларда
орналасады (текодонтты ) және көптеген сүтқоректілерде екі тісеу болады
– тістері сүт және тұрақты тістер (дифидонтты) деп бөлінеді. Омыртқасы
платцельді. Мойын бөліміндегі омыртқалардың саны тұрақты (жетеу),
басқа бөлімдерде олардың санының ауытқуы шамалы. Жамбасы жабық,
симфизді шат сүйектері түзейді. Бауырмен жорғалаушылардан және
қосмекенділерден ерекшілігі алдыңғы аяғында кәрі жілік – білезік, ал
артқыларында – асық жілік – табан буыны болады.жүрегі төрткамералы, тек
сол арта доңасы сақталады. Эритроциттері ядросыз, ол оттегінің
сиымдылығын арттырады. Газ алмасудың күштілігі өкпенің альвеолярлық
құрылысқа ие болуымен, дем шығару және тыныс алуға қатысатын көкірек
– құрсақ пердесінің (диафрагма - көкет) пайда болуы арқылы жүзеге
асырылады. Ішек түтігі күрделенген, соқыр ішек ұлғаяды.
Бүйрегіметанефридиялық. Сүтқоректілердің прогрессивті дамуы олардың
тірі тууымен, ұрықтың плацента арқылы қоректенуі, ал туылған соң
ұрпақтарын арнайы сүт бездерімен бөлінетін сүтпен қоректендіру арқылы
бөлінеді. Сүтқоректілердің қарны қоректену тәсіліне қарай бір немесе
бірнеше бөліктерден құралады. Етпен ғана қоректенетін немесе дән, бунакдене
жейтін сүтқоректілердің қарын құрылысы онша күрделі болмайды, ал
өсімдіктекті ірі азықпен қоректенетін, әсіресе күйіс қайыратын
сүтқоректілердің қарны күрделі құрылысты болып келеді. Мәселен, түйе мен
сиырдың қарны 3—4 бөлімді болады. Өңештен түскен қорек қарынның ең үлкен
бөлігі — таз-қарында сілекей мен әр түрлі бактериялардың әрекетінен ашиды
да қабырғасы ұяшықтанған жұмыршаққа жылжып, жұмыршақ жиырылған кезде
қайтадан ауызға толады; түйе немесе сиыр ауызға түскен қоректі сілекейге
шылап, тісімен шайнап, ұнтақтайды, сөйтіп қоймалжың зат пайда болады.
Қоймалжың зат қайтадан жұтылып, өңештің жіңішке өзегі арқылы қатпарланған
қатпар-шақ қарынға, одан ұлтабарға өтеді.Бұлардың бәрі сүтқоректілердің
әртүрлі тіршілік жағдайда көбеюіне мүмкіндік береді. Орталық жүйке
жүйесі , әсіресе сұр заттан тұратын алдыңғы ми қыртысы (неопаллиум)
мен мишығы жоғары деңгейде дамыған. Үлкен ми сыңары бір-бірімен
алдыңғы комиссурамен және көпшілік жағдайда, сүйелді денемен
байланысқан. Бұлардың барлығы жүйке қызметі мен күрделі мінез –
құлықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Бұған күрделі сезім
органдары, әсіресе есту және иіс – сезу себебін тигізеді.
Сүтқоректілер - дара жынысты. Олар іштей ұрықтанады. Ұрық аналық жыныс
мүшесі - жатырда дамып жетіледі. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық
ағзаның арасында арнайы мүше ұрық молдасы (плацента) пайда болған. Ол зат
алмасуды реттеп отырады. Оны малдың шуы деп те атайды. Сондықтан жоғары
сатыдағы сүтқоректілерді ұрықжолдастылар деп атайды. Жатырдың
қабырғасында ұрықтың дамып жетілуі, сүтқоректілердің жеке түрлеріне
байланысты түрлі мерзімді қамтиды. Мысалы, үйқоянның буаз болу мерзімі бір
ай. Жабайы қоян - 45-51 күн, бұғылар - 8-9 ай, жылқы - 10 ай, түйе 12-13
айда төлдейді.
Сүтқоректілердің иіс сезуі өте жақсы дамыған. Олар иіс сезуі арқылы
қорегін іздеп табады, жауынан қорғанады, жұп құрады. Тек суда тіршілік
ететін киттерде иіс сезуі өте нашар дамыған. Көпшілік сүтқоректілерде есту
мүшесі жақсы жетілген. Сүтқоректілерде сыртқы құлаққа жататын құлақ қалқаны
пайда болған. Дыбыс толқындарын сол арқылы қабылдайды. Тек суда, жер
астында тіршілік ететін сүтқоректілерде құлақ қалқаны болмайды. Сыртқы және
ортаңғы құлақ арасы дабыл жарғағымен бөлінген. Сүтқоректілердің ортаңғы
құлақ қуысында балва, төс, үзеңгі сүйектері болады. Қосмекенділерде,
жорғалаушыларда және құстарда бір ғана үзеңгі сүйегі болатынын еске
түсіріңдер. Жарқанаттар, түлендер, дельфиндер өздерінен шығарған өте әлсіз
дыбыс жаңғырықтарын қайта қабылдай алады. Сүтқоректілер басқа
жануарлармен салыстырғанда түрлі табиғи орта жағдайларын жақсы бейімделген.
Жер шарында кеңінен таралған. Олар құрлықта, ауада, ағаш басында, жер
астында, түрлі су айдындарында тіршілік етеді. Әр түрлі орта жағдайларында
тіршілік етуіне байланысты сүтқоректілерді бірнеше экологиялық топтарға
бөледі:
• Құрлықты мекендейтін сүтқоректілер - Антарктидадан басқа құрлықтарда
кеңінен таралған және көптеген түрлерді қамтиды. Олар ашық жерлерде,
бұта мен ағаш арасында, кейде ағаш басында кездеседі. Ашық жерлерде
саршұнақтар, суырлар, қосаяқтар мекендейді, Тұяқты сүтқоректілер:
құлан, жолат, ақбөкен, қарақұйрық, арқарлар да құрлық аңдары. Бұта мен
ағаш арасынан бұғы, бұлан, аю, сілеусін, бұлғындарды кездестіруге
болады.
• Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер - көртышқандар, соқыр-
тышқандар, қалталы көртышқандар жатады. Олар тіршілігінің көп бөлігін
жер астындағы індерінде өткізеді. Алдыңғы аяқтары мен күрек тістері
жақсы жетілген. Топырақ арасындағы жәндіктермен қоректенеді.
• Суда тіршілік ететін сүтқоректілердің тіршілігі тікелей сулы ортаға
байланысты. Оған құндыздар, жұпартышқандар, ондатрлар, кәмшаттар,
түлендер, киттер жатады. Түлендер көбею, төлдеу кезінде ғана құрлыққа
(су бетіндегі қатқан мұзға) шығады. Қалған уақытта суда тіршілік
етеді. Киттердің барлық тіршілігі су ішінде өтеді.
• Ұшатын сүтқоректілерге қолқанаттылар (жарқанаттар) жатады. Өте ұзын 2-
5 саусақтарының арасында, денесінің екі қапталында жұқа терілі жарғағы
болады. Олар жарғақты қанаттың көмегімен ауада өте жылдам ұшады.
Сонымен, орталық жүйке жүйесіні жоғарғы ұйымдасуы, тыныс алу,
асқорыту және қантасымалдау жүйелерінің жетілуі, жылу реттеу
қабілеттілігі, сол сияқты ұрпағын тірі туу және сүтпен асырау –
сүтқоректілерді омыртқалы жануарлардың ең жоғары ұйымдасқан класына
жеткізді. Сүтқоректілер қарапайым Аңтісті рептилиялардан (Theriodontia)
триаста, бұдан 200 млн. жыл бұрын пайда болды,ал олардың тегі басқа
амниоталар арасымен карбонда бөліне бастады. Майда суыққанды,
қабыршақты рептилиялардың жылықанды,түкпен жабылған сүтқоректілерге
өтуі 150 млн. жылға созылады. Сүтқоректілер соңғы 65 млн. жылда құрлық
омыртқалыларының басым тобына айналды. Адамның шаруашылықтағы әрекетіне
байланысты сүтқоректілердің кейбір түрлері табиғатта сиреп барады.
Сондықтан олардың 230 түрі және 91 түр тармағы ХТҚО-ның, 26 түрі және түр
тармағы бұрынғы КСРО-ның, 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996)
тіркелген. Сүтқоректілердің 300-ден астам түрі бұрынғы КСРО-да, 155 түрі
республикамыздың кең байтақ аймағында мекендейді.
Сүтқоректілер немесе Аңдар класы- Mammalia,seu Theria
Алғашқы аңдар кластармағы – Prototheria
Атерия инфракласы – Atheria
Біртесіктілер отряды – Monotremata
Аллотериялар инфракласы – Allotheria Treconodontia, Multituberculata,
Pantotheria және басқа да 3-4 отрядтары жойылып кеткен
Аңдар кластармағы – Theria
Төменгі сатыдағы аңдар инфракласы немесе Қалталылар – Metatheria
Қалталылар отряды – Marsupiala
Жоғары сатыдағы аңдар инфракласы немесе Планценталылар – Eutheria, seu
Placentalia
Насекомқоректілер отряды – Insectivora
Жүнқанаттылар отряды – Dermoptera
Қолқанаттылар отряды – Сhiroptera
Приматтар отряды – Primates
Мүктістілер отряды – Edentata
Ящерлер отряды – Pholidota
Қоянтәрізділер отряды – Lagomorpha
Кеміргіштер отряды – Rodentia
Киттәрізділер отряды – Cetacea
Жыртқыштар отряды – Carnivora
Ескекаяқтылар отряды – Pinnipedia
Түтіктістілер отряды – Tubulidentata
Дамандар отряды – Hyracoidea
Еттұмсықтар отряды – Proboscidea
Сирендер отряды – Sirenia
Тақтұяқтылар отряды – Perissodactyla
Жұп немесе ашатұяқтылар отряды – Artiodactyla Tillodontia,
Dinocerata, Condylarthra және т.б. 6-10 отрядтары жойылып кеткен [1].
1.2 Алғашқы Аңдар кластармағы – Prototheria
Алғашқы аңдар немесе біртесіктілер – сүтқоректілердің ішіндегі
ең қарапайымы.
Олардың қарапайымдылығы рептилияларға жақындатады:клоаканың болуы,
қабыршақты жамылғының рудимент күйінде сақталуы, басқанқасында маңдайалды
және маңдайарты сүйектерінің, иық белдеуінде бұғанааралық және
прокоракоидтың болуы, аяқтарының тұлғаның екі жағында орналасуы. Сол сияқты
оларға жыныс жолдарының рептилиялық құрылысының тән болуы, жұмыртқа салу
және ұрықта жұмыртқалық тістің болуы да тән. Осыған қарамастан олар
сүтқоректілерге жатады, яғни тек осы класс жануарларына тән кейбір
белгілері болуы арқылы анықталады. Олар: тері жамылғысы – түк, сүт бездері,
астыңғы жақ бір тіс сүйегінен тұрады, ол тікелей қабыршақты сүйекпен
байланысады. Екі шүйде ілмешегі тән және II-V-ші саусақтары үш буынды. Ең
ежелгі қалдықтары триас кезінінің қабатынан белгілі үшқырлы азу тістері бар
майда аңдар –Triconodontia.
1.2.1 Triconodontia отряды
Қазіргі сүтқоректілердің ата-тектері деп болжалатын формалары жер
бетінде юра кезенінің ортасында пайда болды. Жоғарғы борға дейін тіршілік
етті. Триконодонттар – майда жануарлар (үлкендігі үй мысығындай ),
жыртқыштық айқын байқалған. Оған дәлел күрек тістері жалпақ, шошақ тістері
күшті әрі үшкір бұлшық еттері күшті. Қоректену сипаты бойынша
насекомқоректілер болуы мүмкін. Олардың миы кішкентай, бірақ аңтісті
рептилиялардан үлкен. Бассүйегі ұзарған, қазіргі насекомқоректілерге ұқсас.
Биологиясы жағынан құрлық және ағаш насекомқоректілеріне белгілі дәрежеде
жақын Триконодонттардан Multituberculata мен Monotremata шыққан.
1.2.2 Аңдар кластармағы - Theria
Кластармағына төлдерін тірі туатын сүтқоректілер жатады.
Өкілдерінің көпшілігінде плацента дамиды, ол ұрық пен аналығының
денесін байланыстыруды қамтамасыз етеді. Сүт бездерінің жолдары емшекке
ашылады. Балғашық және төс сүйектері бір- бірімен бірікпейді. Дабыл
сүйегі әдетте бассүйегімен бірігіп кеткен. Көпшілігінде сүйекті есту
жолы болады. Астыңғы жақтың тәжі, бұрыш өсінділері мен шықшыт сүйегі
барлық өкілдерінде жақсы дамыған. Өкілдерінің басым көпшілігінде
тістері гетеродонтты, дифиодонтты. Кеуде қаңқасында коракоид пен
прокоракоид болмайды. Миында сүйелді дене болады , сирек те болса
болмауы мүмкін. Қарынның сілемейлі қабығында асқорыту бездері болады.
Клоака жоқ. Дене температурасының біртесіктілерге қарағанда қоршаған
ортаға тәуелділігі шамалы [1].

түрлері
Қазақстанда таралған сүтқоректілердің жеке отрядтарына жататын тұқымдас,
туыс түр және Қазақстан (2010) мен ХТҚО – ның Қызыл кітабына тіркелген
түрлері.
Рс Отряд атаулары Тұқымдас саны Туыс саны Түр саны Қазақстан -
ның Қызыл кітабына (2010) тір - келген түр саны ХТҚО – ның Қызыл
кітабына енген түр саны Жәндікқоректілер 4 8 18 2 1
Қолқанаттылар (жарқанаттар) 3 10 27 5 1 Кеміргіштер 12 41 82
10 - Қоянтәрізділер 2 2 8 - - Жырқыштар 5 17 31 14 5
Жұптұяқтылар 4 9 10 7 - Тақтұяқтылар 1* 1 1* 2 2
Ескекаяқтылар 1 1 1 - - Барлығы 33 89 179 40 9
1.3.1 Төменгі сатыдағы аңдар инфракласы немесе Қалталылар -
Metatheria
Қалталылардың плацентасы нашар дамыған, осыған орай төлдері өте
әлсіз болып туады, әйткені жыныс жолында дамуы қысқа. Қалтасы және
қалта сүйектері болады. Қынабы жұп. Тек жалған азу тісінде ғана сүттік
және тұрақты генерация болады.
1.3.2 Қалталылар отряды – Marsupiala
Дене тұрқы 4 см-ден 160 см-ге дейін ауытқып тұрады.Дене температурасы
34-36. Тері жамылғысы қалың әрі жұмсақ немесе қылтық тәрізді.
Тұмсығында және аяқтарында жақсы дамыған вибристері (сезгіш мұрттары)
болады. Теріде тер және май бездері бар. Көзінде жыпылдақ жарғағы болады.
Якобсон мүшесі жақсы дамыған. Ортаңғы құлақтағы балғашық пен төс сүйектері
бір – бірімен жиі бірігіп кеткен. Тістері гетеродонтты, ұрт тістерінің
шайнау беті туберкулосекториальды типті. Тіс саны мен формасы қоректену
сипатына қарай өзгермелі.Қаңқасында қалта сүйектері болады, олар жамбас
сүйектерідің шат буынынан шығады және құрсақ қуысының қабырғасында
орналасады. Миы қарапайым, сүйелді дене жоқ.Иіс сезу бөлімі күшті
жетілген.Ұрпағының жатырда дамуы 8 – 42 күн. Төлдері ұзындығы 0,5 см-ден 3
см-ге дейін өте кішкентай болып туылады.
1.3.3 Насекомқоректілер отряды (Insectivora).
Бұған ертеден келе жатқан қарапайым белгілері бар сүтқоректілер
жатады. Миы нашар дамыған әрі ми сыңарларында иірімдер болмайды. Дене
температурасы онша тұрақты емес және тістерінің құрылымы да біркелкі. Көзі
нашар көреді, оның есесіне иіс сезуі жақсы дамыған. Тұмсығы алға қарай
шығыңқы. Оған кірпілер, жұпартышқан, жертесерлер, көртышқандар жатады.
Насекомқоректілерге көртышқан, жертесерлер, кірпілер, жұпар (выхухоли)
тағы осылар сияқты тұмсығы сүйір кішкентай жануарлар тобы жатады. Бұлардың
дене құрылысында және тіршіліктерінде ертеде болған сүтқоректілердің
белгісі бар. Формасы конус тәрізді тістері күрек тіс, шошақ тіс, азу тіс
болып жеке жіктелмеген және олардың үстіңгі бетінде шайнау бұдыры болмайды.
Тұмсықтары сүйір жұмсақ қозғалмалы, ерні болады, сондықтан оны (хоботок)
тұмсығы сүйір деп атайды. Насекомқоректілер отрядының өкілдері жер бетіне
өте көп тараған, олардың кейбіреулері мына төмендегілер [2].
Жұпартышқан (лат. Desmana moschata) – отрядына жататын, жартылай суда
тіршілік ететін аң. Қазақстанда, негізінен, Жайық өзенінің алабында, оның
шөбі қалың салаларында кездеседі. Қостанай облысының Тобыл, Тоғызақ,
Обаған, Үй өзендерінде жерсіндірілген. Дене тұрқы 18 – 23 см, салмағы 320
– 480 г. Сүйірлене келген басы етті тұмсығымен жалғасады. Көзі өте
кішкентай, құлақ қалқаны болмайды. Аяғы бес башайлы, башайларының арасы
жүзу жарғағымен жалғасқан. Құйрығының ұзындығы 17 – 20 см, оның астыңғы
жағында тері безі орналасқан. Осы безден хош иісті зат бөлінеді. Аңның
Жұпартышқан аталуы да осыған байланысты. Жүні қалың, жылтыр, жұмсақ, қара
қоңыр, бауыры ақшыл болады. Су жиегіндегі жарқабаққа қазған інінің аузы су
астына ашылады. Оның тіршілігіне тереңд. 1,5 – 2 м, қыста түбіне дейін
қатпайтын су қоймалары қолайлы және онда омыртқасыз жануарлар көп болады.
Қысқы ұйқыға кетпейді. Қорек талғамайды. Қорегін іздеуге түнде шығады.
Жәндіктермен, олардың дернәсілімен, құрттар және моллюскілермен
қоректенеді, сондай-ақ судағы өсімдіктің тамыр, сабақтарын да жейді. Аналық
Жұпартышқан жыныстық жағынан 10 – 11 айда жетіледі. Жылына 2 рет (көктем –
жаз және күзде) көбейеді. Буаз аналығы 45 – 50 күнде 1 – 5 (көбінесе, 3 –
4) Жұпартышқан туады. Жұпартышқан – терісі бағалы аң, бірақ саны өте аз.
Қазақстанда оны аулауға 1920 жылдан тыйым салынған. Жұпартышқан – өте сирек
кездесетін, реликт жануар болғандықтан, қорғауға алынып, Халықар. табиғат
қорғау одағының және Ұлттық “Қызыл кітапқа” енгізілген.
(1 - сурет). Жұпартышқан
Көртышқан- тіршілігін жер қазып, жер астында өткізеді. Сондықтан
осындай тіршілік жағдайына қарай өте жақсы икемделген. Атап айтқанда, оның
алдыңғы аяқтары жер қазуға икемделіп төмен қарай иілген және екі жағына
қарай қайырылған. Жер қазуға бейім өткір тырнақтары да бар. Жер қазу
әрекетіне сәйкес аяқтарының сүйектері де имиіп, қазу мүмкіншілігін
арттырады. Ал саусақтары болса бір-бірімен тері жарғақпен қосылған. Сөйтіп,
тіршілік орталығының әсерінен көртышқанның алдыңғы аяқтары жалпақ қалақша
немесе күрекше сияқты болады. Дене құрылысының осындай болуы көртышқанның
эволюциялық тарихи дамуына байланысты. Көртышқанның мойны жеке бейнеленбей
қысқарып басымен денесі қосылып кеткен. Ал денесінің алдыңғы жағы сүйір
конус пішіндес болады. Мұндай дене пішіні жер астында тар індерде жүргенді
жеңілдетеді. Көртышқан алдына қарай және кейін шегініп те жақсы жүре алады.
Оған жүні кедергі жасамайды, өйткені оның жүні қысқа және өте жұмсақ алға
және артқа қарай да жығылады. Көртышқанның қатты қабықты насекомдарды
жейтін үшкір жіңішке шошақ тістері болады. Оның азу тіс пен алдыңғы
тістерінің бір-бірімен айырмасы аз. Көртышқан жер астында көрінбей жатады.
Бірақ иіс сезімі жақсы жетілген. Тұмсықтың үстінде сезім мұртшалары да бар.
Көртышқан жер астында ұя жасап, көктемде 13-5 кішкене қызылшақа соқыр бала
туады. Олар бір айдай сүтпен қоректеніп жетіледі. Көртышқаңдар жер қазып,
топырақ арасында кездесетін құрттар мен насекомдарды жеп қоректенеді.
Көртышқанның пайдасы да, зияны да бар. Олар насекомдарды және олардың
личинкаларын жеп ауыл шаруашылығына, орман шаруашылығына пайдасын тигізеді.
Көртышқанның терісінен бас киім және тон тігіледі [3].
(2 - сурет). Көртышқан
Кәдімгі кірпі. Кірпінің 3 түрі - кәдімгі, құлақты және қара кірпі
өлкемізде кездеседі. Құлақты кірпі Қазақстанның далалы, шөлейтті
аймақтарында кеңінен таралған. Кәдімгі кірпі еліміздің солтүстік батыс,
солтүстік өңірінде орманды дала аймағында мекендейді. Қара кірпі Маңғыстау
алқабындағы шөлейтті, шөлді жерлерде тіршілік етеді. Кірпілер
бунақденелілермен қоректенеді. Олар жылына бір рет 2-7 ұрпақ береді.
(3 - сурет). Кәдімгі кірпі.
Құлақты кірпі – дене пішіні кіші, құлағы сәл үлкендеу келген кірпі
түрі. Ұзындығы 20 см-дей, салмағы 600 г шамасында болады. Бұлар қалың
бұталар арасында мекендейді. Көбінесе жылан, бақа, құрт, кеміргіштермен
қоректенеді, олардың уларынан арқасындағы инелері қорғап тұрады. Құлақты
кірпілер 6 жыл өмір сүреді.
1.3.4 Қолқанаттылар отряды – Chiroptera
Отряд екі жарты шардың қоңыржай, субтропикалық жәнетропикалық
облыстарында кең тараған 2 отрядтармағы, 17 тұқымдасқа жататын 1000-ға жуық
түрді біріктіреді. Қолқанаттылардың арғы тегі насекомқоректілер болуы
мүмкін. Дене тұрқы 3 см-ден 40 см-ге жетеді.Тері жамылғысы қалың,
бірқабатты. Басы ұзын тұмсықты, аузы тесігі үлкен, көздері кішкентай.
Күрделі құрылысты құлақ қалқанында терілі өсінді – түймесі болады.Алдыңғы
аяқтары қанатқа айналған. Артқы аяқтары тізесі бойынша бүйіріне қарай
бұрылған, саусақтары қысқарған және барлығы тырнақпен жабдықталған.
Бассүйегінің ми сауыты жақсы жетілген.Тұқым бездері құрсақ қуысында
орналасады,бірақ көбеюі кезіңде уақытша ұмаға түседі. Аналықтарында бір
жұп емшегі болады. Жатыры қарапайым, қос мүйізді. Плацента
дискоидальды, гемохоральды. Бір, сирек 2 ұрпақ туады.
Азия жалпаққұлақты жарқанаты (лат. Barbastella leucomelas) –
қолқанаттылар отрядының жалтыртұмсықты жарқанаттар тұқымдасына жататын
сүтқоректі. Қазақстанда Азия жалпаққүлақты жарқанаты әзірге 3 жерден: Іле
Алатауының шығыс Бартоғай мекеніндегі және Қорам қыстағының маңындағы
үңгірден, Жаркент қаласындағы ескі ғимараттардың шатырларынан ұсталған.
Өзен бойындағы жартасты жерлерді мекендейді. Дене тұрқы 48-53 мм, қанат
сүйегінің ұзындығы 42 мм. Арқасы ақшыл, бауыры ақ түсті. Тұмсығы келте,
түбіне қарай бірігіп кеткен құлақ қалқаны жалпақ әрі ұзын келеді, қанат
жарғағы қара қоңыр болады. Жылдам әрі мәнерлі ұшады. Түрлі түн
жәндіктерімен қоректенеді. Жылына бір рет көбейіп, 1-2 жарқанат туады. Азия
жалпаққүлақты жарқанаты тіршілігінің көп қырлары ғылымға әлі беймәлім. Өте
сирек кездесетін түр болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген
(1996).Батыс Арабия мен Солтүстік Индиядан Үндіқыстай мен Жапонияға дейін
таралған. Орта Азияда Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның
оітүстігінен белгілі. Қазақстанда әзірге екі жерлен: Бартоғай мен Қорам
селосының маңынан (Іле Алатауы) табылып отыр.
Ақбауыр жарқанат (лат. Otonycteris hemprichii) - қолқанаттылар
отрядының жалтыртұмсықты жарқанаттар тұқымдасына жатады. Денесі ірі, тұрқы
66 – 82 мм, қол сүйегінің ұзындығы 59 – 66 мм, арқасы құм түстес, бауыры
ақшыл болады. Құлақ қалқаны жалпақ әрі өте ұзын, үшкір келеді. Ұясын
жартастарға және тұрғын үйлердің қабырғаларындағы жарықтар мен қуыстарға
салады. Көктем мен жазда еркектері жеке-жеке, ұрғашылары топталып тіршілік
етеді. Жемтігін күн бата аулайды. Көбіне жемтігін жер бетінен 2 – 3 м
биіктікте ұшып жүріп ұстайды. Негізінен қоңыздармен, инеліктермен және
көбелектермен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді. Маусымның басында
көбіне ұрғашысы 2 жарқанат табады. Сирек кездесетін түр, Қазақстанда таралу
аймағының терістіктегі ең шеткі шекарасы өтеді. Тасты, сазды жарларды
мекендейді. Республикада екі жерде – Сырдария Қаратауының баысындағы Ақ-
мешіт үңгірі мен Үстірттің батыс жағындағы Қарамая тауынан табылған.
Қаратауда аса терең емес тасты жарларды мекендейді. Ақбауыр жарқанаттың
тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Саны мөн оған әсер ететін факторлар
белгісіз. Үстірт қорығында қорғалады. Қазақстанның Қызыл кітабына
енгізілген [4].
(4-сурет).Ақбауыр жарқанат
1.3.5 Приматтар отряды – Primates
Приматтар (лат. Prіmates) — жоғары сатыдағы сүтқоректілер отряды.
Бұлардың арғы тегі қарапайым жәндікқоректі сүтқоректілер деп есептелінеді.
Ежелгі приматтар бор кезеңінде Азиядан Еуропаға, Солтүстік Америка мен
Азияға тараған. Дене пішіні, тұрқы алуан түрлі: бойы 10 см-ден (шала
маймылдар) 180 см-ге дейін (гориллалар) кездеседі. Тері жамылғысы — түк
(қалың, жұмсақ әрі үлпілдек, түсі әр түрлі). Көпшілігінде ұзынды-қысқалы
құйрығы болады. Аяқ-қолдары бес саусақты, бірінші саусағы басқаларына
қарама-қарсы орналасады. Табанын толық басып жүреді. Приматтарда
сүтқоректілерге тән көптеген белгілер сақталған. Көру және есту қабілеттері
жақсы жетілген. Приматтар ми сауытының үлкен болуымен, ми сыңарларының
жақсы жетілуімен, ми сайшалары мен қыртыстарының көп болуымен, күрделі
мінез-құлығымен ерекшеленеді. Приматтар өздері мекендейтін аумақтарын
белгілеп, сол жерде топтасып өмір сүреді. Қорегі — өсімдік жемісі,
жапырағы, гүлі, тамыр жемісі, жәндіктер, сирек те болса жәндікқоректілер.
Приматтар -жыл бойына көбейетін полициклді жануарлар. Салмағына байланысты
буаздық мерзімі 4 айдан 10 айға дейін созылады. Көпшілік түрі бір, өте
сирек жағдайда 2 — 3 ұрпақ әкеледі. Приматтардың балалары анасымен бірнеше
жыл бірге жүреді. 20 — 30 жыл өмір сүреді. Қазіргі кезде поэтика Азия,
Африка, Американың тропиктік және субтропиктік аймақтарында, Зонд
архипелагы мен Филиппинде тараған. 200-ге жуық түрі белгілі.
Приматтар 2 отряд тармағына бөлінеді.
1. Төменгі сатыдағы приматтар не шала маймылдар (Prosіmіі), 90-ға жуық
түрі бар. Бұларға тупайлар, лемурлар, лорилер, ұзын құйрықтылар
жатады. Тіршілігінің көп уақытын ағаш басында өткізеді. Аздаған топ
құрып не жұптасып, кейде жалғыз да тіршілік ете береді. Құрғақшылық
жылдары кейбір түрлері ұйқыға кетеді.
2. Жоғары сатыдағы приматтар немесе маймылдар (Anthropoіdea), 100-ден аса
түрі бар. Бұлар 2 топқа бөлінеді; қаласы Кеңтанаулы маймылдар;
Тартанаулы маймылдар.
Приматтардың 62 түрі мен түртармағы қорғауға алынып, Халықаралық табиғат
қорғау қоғамының “Қызыл кітабына” енгізілген. Қазақстанда приматтар
хайуанаттар паркінде ұсталады.
(5-сурет). Примат
Лемурлар (лат. Lemuridae) — төменгі сатыдағы (жартылай) маймылдар
отряды тармағының бір тұқымдасы. Денесінің ұзындығы 12 — 46 см, құйрығының
ұзындығы 13 — 51 см. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын. Артқы аяғының
екінші саусағындағы тырнағының ұшы үшкірлеу, сол арқылы түгін тарайды.
Бірінші саусағы (басбармағы) басқа саусақтарына қарама-қарсы орналасқан.
Көпшілік түрлерінің түгі қалың әрі жұмсақ. Түктерінің түсі қара, қоңыр,
қызғыштау, сұр. Құйрық түгінің түсі, негізінен, бозғылт, кейде қара-қоңыр
түктері аралас келеді. Тұмсығы ұзынша созылыңқы. Көпшілік түрлерінің
көздері үлкен әрі бір-біріне жақын орналасқан. Алақаны мен табандарында
түгі жоқ. Лемурлар жеке, кей түрі шағын, кей түрі үлкен топ құрып,
көпшілігі ағаш басында, кейбіреулері жерде тіршілік етеді. Жартастарда
тіршілік ететін түрлері де бар. Кей түрлері жылдың құрғақшылық маусымында
ұйқыға кетеді. Лемурдың аналығында 1 — 2 жұп сүт бездері болады, 18 айда
жыныстық жағынан жетіледі, жүктілік мерзімі 2 — 5 ай, көбіне бір (кейде
екі) ұрпақ әкеледі. өрпағы 6 айда өз бетінше тіршілік ете алады. Лемурдың
көпшілігі түнде белсенді тіршілік етеді, күндіз ағаштың қуыстарына тығылып
жатады. Өте сақ жануар. Көбіне құрма пальмасының, бананның, т.б.
өсімдіктердің жапырақтарымен, гүлдерімен, жемістерімен қоректенеді. өсақ
жәндіктермен, жануарлармен де қоректенетін түрлері бар. Лемур Мадагаскар,
Комор аралдарында, Африканың орт. аймағында теңіз жағалауына жақын жерлерде
таралған. Лемурдың саны жылдан жылға азайып келеді. Қазіргі кезде олардың 4
туысының 16 түрі тіршілік етеді, олардың бәрі Халықаралық табиғат қорғау
одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Қолда жақсы өседі, зоологиялық
бақтарда көбейе береді. Лемурдың қортық лемурлар тобы өз алдына жеке
тұқымдасқа жатады, оның 8 түрі бар [5].
(6 – сурет). Лемур
1.3.6 Кеміргіштер отряды- Rodentia
Кеміргіштер - сүткоректілер класының ең көп тараған отряды. Қазір
олардың дүние жүзінде 32 тұқымдасқа жататын 2500-дей, ал Қазақстанда 15
тұқымдастың (ұшарлар, тиінтәрізділер, құндыздар, жайралар, саз құндыздары,
қарақастар, жалмандар, тышқандар, жалғанқосаяқтар, қосаяқтар, алып
көртышқандар, атжалмантәрізділер, бұзаубастар, құмтышқандар, қаптесерлер)
82 түрі кездеседі. Кеміргіштер республиканың барлық аймақтарында кең
тараған, тек таудағы мәңгі мұз басқан жерлерде ғана кездеспейді. Осыған
орай кеміргіштерде маусымдық түлеу қабілеті жақсы жетілген. Дене пішіні,
тіршілігі алуан түрлі — 5 см-ден (кішкене қаптесер) 130 см-ге (теңіз
доңызы) дейін, ал салмағы 6 г-нан (ергежейлі тышқан) 80 кг-ға (су шошқасы)
жетеді. Тері жамылғысы жақсы жетілген, көпшілігінде үлпілдек,
кейбіреулерінде тікен тәрізді инелерге (жайра) айналған. Алдыңғы аяқтары
4 башпайлы, артқысы 3-5 башпайлы. Басқа сүтқоректілерден ерекшелігі — екі
жұп күрек тістері өте үлкен, қашау тәрізді, ұдайы өсіп, бір-бірімен (асты
мен үсті) қайралып, өткірленіп отырады. Күрек тістерінің беткі қабаты қатты
эмаль, ал қалған бөлімдері жұмсақтау дентин қабатымен қапталған. Көпшілігі
жер үстінде, кейбіреулері жартылай суда (құндыз, ондатр, саз құндызы, су
тышқаны), жер астында (алып көртышқан, соқыртышқан, т.б.) және ағаш діңінде
(ұшар, тиін) тіршілік етеді. Өздері ін қазады, не басқа жануарлардың
індерін пайдаланады, ұя да жасайды, кейде ағаш қуыстарын да баспана ретінде
пайдалана береді. Көпшілігі жыл бойы белсенді, кейбір түрлері
(сарышұнақтар) құрғақшылық жылдары жаз айларында да қысқа мерзімді ұйқыға,
енді біреулері (суыр, сарышұнақ, қосаяқ, қарақас) қысқы ұйқыға кетеді.
Өсімдіктектес азықпен қоректенеді, араларында жәндіктер және майда
жануарларды қорек ететіндері де бар. Кейбір кеміргіштер қысқы азық қорын
жинайды (борша тышқан, аламан, атжалман, қаракас, тиін, т.б.).
Кеміргіштердің биологиялық бір ерекшелігі — жыныстық жағынан тез
жетілетіндігі (майдалары 2-3 айда, ірілері 1-2 жылда), яғни жылына 3-4 рет
көбейіп, бір өсімде 3-15 жас кеміргіштер туады. Қолайлы жылдары кеміргіштер
саны өте жылдам өссе (10-100 есе), кей жылдары әр түрлі індеттерден жаппай
қырылатын кездері де байқалады. Майда кеміргіштер 1,5-2 жыл, ірілері
(суырлар, құндыз) 4-7 жыл тіршілік етеді. Кеміргіштердің табиғатта және
адам өмірінде алатын орны өте үлкен. Көптеген түрлері ін қазып топырақ
құнарлылығын арттыруға және өсімдік жамылғысын өзгертуге қатысады;
шаруашылық мәні зор: тиін, ондатр, суыр, құндыз, т.б. жұмсақ терісі үшін
көп ауланады; егістікке, жеміс ағаштарына, жайылымға, орман өсімдіктеріне,
азық-түлік корына көп зиян келтіреді; құмтышқан, суыр, сарышұнақ,
егеуқұйрықтар оба, туляремия, лейшманиоз, лептоспироз сияқты табиғи ошақты
ауруларды айналаға таратады.Қазақстаңда кеміргіштердің 10 түрі (көк суыр,
үнді жайрасы, жалман, бесбармақты ергежейлі қосаяқ, Гептнер ергежейлі
қосаяғы, үшбармақты ергежейлі қосаяқ, бозтүсті ергежейлі қосаяқ, алып
көртышқан, Роборовский атжалманы, сары алақоржын) Қазақстанның "Қызыл
кітабына" енгізілген.
Алып көртышқан (лат. Spalax giganteus) – кеміргіштер отрядының
соқыртышқан тұқымдасына жататын аң. Қазақстанның батыс аймақтарындағы
ылғалды құмдарында, терең сайлы беткейлері мен құрғап қалған өзен
арналарында, жер астында тіршілік етеді. Дене пішіні ұршық тәрізді, мойны
қысқа, басы жалпақ, ал көзі және құлақ қалқаны болмайды. Көзінің орнында
қалың қылшықты тері қатпарлар орналасқан. Күрек тістері өте жақсы жетілген,
жерді сол тістерімен қазады. Құйрығы өте қысқа, олар терісінің астынан
көрінбейді. Қысқа аяқтарында жақсы жетілген, мөлшері аса үлкен емес
тырнақтары болады. Ересек аңның арқа жағы ақшыл, бас жағы күмістей
жарқыраған сары түсті. Балаларының тері жамылғысы бір түсті, ересектерімен
салыстырғанда қоңырқай келеді. Алып көртышқанның денесінің ұзындығы 27 см,
құйрығы 0,6 см, салмағы 553 г-дай болады. Кәдімгі соқыртышқаннан ерекшелігі
– денесі ірі, жер бетіне шығаратын топырақ үйінділерінің көлемі үлкен
(диаметрі – 32 – 120 см, биіктігі 10 – 50 см). Індері 2 – 3 қабатты, 90 –
300 см тереңдікке жетеді, ұзындығы 145 – 540 м-ге барады. Негізінен
өсімдіктердің (анықталған мәлімет бойынша 38 түрімен) тамыры, түйнегімен
қоректенеді, жақсы жейтін қорегі – қияқ. Алып көртышқанның таралуы қияқтың
аз-көптігіне байланысты. Қысқа азық (2 – 3 кг) жинайды. Жер астында
тіршілік еткеннен кейін тәулік бойына белсенді. Жылына 1 рет көктем – жаз
айларында (сирек екінші рет күз айларында) балалайды (2 – 6-ға дейін). Алып
көртышқанның тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Таралу аймағы шағын, Каспий
өңірінде өте сирек кездесетін аң болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның
Қызыл кітабына енгізілген.
Ергежейлі боз қосаяқ (лат. Salpingotus pallidus) - кеміргіштер
отрядының қосаяқтар тұқымдасына жатады. Қазақстанда ғана, оның ішінде
Қызылорда облысындағы Арал өңірінде (Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық
құмдары) және Алматы облысындағы оңтүстік Балқаш құмдарында (Сарыесік
Атырау) кездеседі. Дене тұрқы 52 – 61 мм, салм. 8,9 – 12,5 г. Өзі тектес
басқа қосаяқтардан ерекшелігі – арқасы боз түсті болады. Ғылымға 1984
жылдан бастап белгілі. Саны аз, таралу аймағы шағын. Ін қазып, сонда
тұрақты тіршілік етеді. Інінің ұзындығы 215 см-ге жетеді. Ергежейлі боз
қосаяқ – түн жануары. Ол өсімдіктердің дәнімен, жемісімен және түрлі
қоңыздармен, шегірткелермен қоректенеді. Қыркүйекте қысқы ұйқыға жатады.
Бұл кезде денесіне жинаған майдың үлесі жалпы салмағының 28%-ын құрайды.
Қысқы ұйқыдан сәуірде оянып, мамыр – шілде айларында 2 рет көбейе алады,
әрқайсысында орта есеппен 4 – 5 қосаяқтан туады. Бұлар келесі көктемде
жыныстық жағынан толық жетіледі. Ергежейлі қосаяқтың тіршілігі әлі толық
зерттелмеген.
Бозтүсті ергежейлі қосаяқ сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан
қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген [6].
(7 – сурет). Ергежейлі боз қосаяқ
Бессаусақты ергежейлі қосаяқ (лат. Cardiocranius paradoxus) —
кеміргіштер отрядының қосаяқтар тұқымдасына жататын кішкентай аң.
Қазақстанда Солтүстік Балқаш өңірінде кездеседі. Көбінесе, ұсақ қиыршық
тасты шөлдерді мекендейді. Дене тұрқы 5,7 — 6,5 см, салмағы 15 — 17 г.
Артқы аяғы бес бармақты, құлағы түтік тәрізді, құйрығы денесінен 2 еседей
ұзын. Табанында сүйелді-мүйізді қабат бар. Ін қазып тіршілік етеді. Қорегін
түнде аулайды. Негізінен өсімдік жапырақтарымен, тұқымымен қоректенеді. Бір
жасында жыныстық жағынан жетіледі. Мамыр — маусымда ұрғашысы 2 — 4 қосаяқ
табады. Қыркүйектің аяғынан сәуірдің ортасына дейін қысқы ұйқыға кетеді.
Сирек кездесетін түр болғандықтан Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген
(1996).
(8 - сурет). Бессаусақты ергежейлі қосаяқ
Жайра (Hystrіcіdae) – кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы. Бұлар
негізінен Еуразия мен Африканың субтропиктік және тропиктік аймағында
тіршілік етеді. Қазақстанда Талас Алатауында, Қаратауда, Маңғыстау
түбегіндегі тау жоталары мен бөктерлеріндегі ормандар мен тоғайларда, өзен
аңғарларында мекендейді. 6 түрі бар, оның бір түрі – үнді жайрасы (H.
іndіca), ол Қазақстандағы ең ірі кеміруші.
• Тұрқы 60 – 90 см, құйрығының ұзындығы 12 – 15 см, салмағы 15 – 27 кг.
Оның дене бітімі ерекше – арқасы мен бүйірінде қаптаған ине (шамамен
30 – 35 мыңдай) болады. Жайралар інін тастың қуысына, өзен бойындағы
биік жарға салады.
• Інінің тереңдігі 4 м-ге дейін барады. Ол көбіне шөппен, өсімдік, тамыр
жеміс, жеміспен қоректенеді. Қоректенуге түнде шығады. Жылына бір рет
(2 – 5-ке дейін) балалайды.
• Буаздық мерзімі 60 – 90 күн. Жаңа туған жайралар өте әлсіз,
денесіндегі инелері алғашқы тәуліктерде жұмсақ болады. Қолда ұстағанда
үнді жайрасы 20 жылдай тіршілік етеді. Үнді жайрасының жылдан-жылға
саны азаюда мысалы, Алматы мен Шымкенттегі хайуанаттар саябақтарында 5
жұбы, Қарағандыда 2 жұбы бар (1996).
• Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Үнді жайрасы (лат. Hystrix indica) - сирек, таралу аймағы тарылып,
саны азайып жатқан кеміргіш. Оңтүстік Маңғыстауда, Тянь-Шаньда, Сырдария
Қаратауы мен Шу-Іле тауларында таралған. Тау бөктерлерінің тілімделген
учаскелері мен аласа тауларды, сол сияқты биіктігі теңіз деңгейінен 2000 м
- ге жететін тауларда мекендейді. Қазақстанда саны аз; санының азаюынының
негізгі себептері - қалың қар, топырақ бетінің терең қатуы, адам баласының
шектен тыс шаруашылық қызметі. Алматы хайуанаттар паркінде 1982 және 1983
жылдары өсіп-өнді.
(9 - сурет). Үнді жайрасы
Мензбир суыры, көк суыр (лат. Marmota menzbieri) – сүтқоректілер класы
кемірушілер отрядының тиіндер тұқымдасына жататын ең кішкентай суыр.
Қазақстанда Сайрам, Сарыайғыр, Бадам және Өгем өзендерінің таулы
аңғарларында теңіз деңгейінен 2000–3400 метр альпі және субальпі
шалғындарын мекендейді. Дене тұрқы 41–50 см, салмағы 2,6–4,6 кг. Арқа
жотасы сарғыш қоңыр, бауыры ақшыл-сарғылт. Тұрақты індерінде 7–8 айға
созылатын қысқы ұйқыдан наурыз – сәуір айларында оянады. Жыныстық жағынан
үш жылда жетіледі. Жылына 1 рет көбейіп, 2 – 7-ден ұрпақ береді. Көктемде
өсімдік тамырын, жуашығын, ал жазда өсімдіктердің бұтағымен, жапырағымен,
гүлімен қоректенеді. Сондай-ақ жауын құрты, қоңыз, моллюскілермен де
қоректенеді. Негізгі жаулары – түлкі, қасқыр, бүркіт және аю.Мензбир
Суырының саны жылдан жылға азаюда. 1940 жылы Қазақстанда 40–50 мыңдай
Мензбир суыры болса, қазіргі саны 20–25 мыңнан аспайды. Мензбир Суыры –
терісі бағалы аң, майының шипалық қасиеті бар. Аулауға тыйым салынған,
Халықараралық табиғат қорғау Одағының және Қазақстанның “Қызыл кітабына”
енгізілген [6].
(10 - сурет). Мензбир суыры
Роборовский атжалманы (лат. Phodopus roborovskii) — аламантәрізділер
тұқымдасының атжалман туысына жататын кеміргіш. Қазақстанда Зайсан
қазаншұңқырының шығыс жағындағы Қара Ертіс жайылмасындағы құмды жерлерді
ғана мекендейді. Қазақстанда кездесетін атжалмандардың ішіндегі ең ұсағы
(дене тұрқы 75 — 90,5 мм, салмағы 17,5 — 26 г). Күндіз інінде жатады да,
түнде қорегін іздеуге шығады, негізінен жеке-жеке тіршілік етеді.
Өсімдіктердің тұқымдарымен, жапырақтарымен және ұсақ жәндіктермен
қоректенеді. Ініне азықтық қор жинайды. Роборовский атжалманының аналықтары
жылына екі рет 4 — 8-ден ұрпақ туады. Өте сирек кездеседі, таралу аймағы
өте шағын, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”
енгізілген [7].
(11 - сурет). Р оборовский атжалманы
Өзен құндыз - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz