Адамның бақыты дегеніміз не



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Инженерлік-технологиялық факультеті
Стандарттау және биотехнология кафедрасы

ЭССЕ

Тексерген: Кенжебулатова А. М.
Орындаған: Мырзагалиева А. Е.
Тобы: БТ-507

Семей 2017 жыл
1. Философия өнер ме әлде ғылым ба?
Философияны ғылым ретінде қарастырсақ, б.д.д. VII-V ғасырда Үнді, Қыытай, Грецияда дамып, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуі басталған шақта пайда болған. Жалпы алғанда философия ұғымы даналыққа деген сүйіспеншілік, яғни даналықты сүйу деген анықтамаға ие. Алайда философия ғылым емес, ол тек ойлану процесстері. Ғылым мен философия бір-біріне антипод. Мысалға, ғылым - ол теория, ал философия - ой тұжырымдау актісі немесе өнер. Философия бұл - логикалық ойлау. Сонымен қатар философия - тәрбиелеу, дүниені тану. Біз ғылымды оқып, зерттеп, дәлелдей алсақ, философия өнер сынды, ал өнер дегеніміз -- көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты адамның жүрегінде, ой-өрісінде өшпес із қалдырады, оның жан-дүниесін ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді.

2. Адамның бақыты дегеніміз не?
Біздің өмірімізде бақыт сөзі ерекше орын алады. Әр адам бақытты әр қалай түсінеді. Бірулер үшін ол - жақындарының аман саулығы, біреулерге - асқан байлық, тағы біреулерге - шексіз махаббат, енді біреулерге - бір сәттік ләззат. Жалпы адамзат үшін бақыт ол - өмірдің рахатын сезіну, өз өміріне деген қанағатшылдық. Яғни өмірдің мәні осы бақыт болғаны ма? Солай деуге негіз бар. Себебі адамдар сан ғасырлар бойы, әлемнің әр түпкірінен, өмір бойы бақыт іздеуде. Сонда бақытты ешкім таппағаны ма? Әлде бақытты түсінбеуі ма? Жоқ бақытты болуды адам өзі шешеді. Әр адамның өмірі өз қолында. Неге онда адамдардың бәрі бақытты бола бермейді? Бұған әрине көп жауап бар. Ол адамның психологиялық-эмоционалдық жағдайына, өмірге деген қанағатсыздығына, өз бақыты жолында біреулерді құрбан етуіне, тіпті өз жалқаулықтарына байланысты болуы мүмкін. Д. Корнегидің мына сөзін ұмытпағанымыз абзал: Бақыт тапқыңыз келсе, өзгелердің сізді мойындауы туралы ойламаңыз. Қуанышты өз ішіңізден табуға тырысыңыз. Өз-өзіңізбен бақытты болыңыз. Бақыт -- адамның өмір қызығы мен қуанышы.

3. Сұлулық әлемді құтқара ма?
Сұлулық әлемді құтқарады - деп айтып өткен Ф.Достоевскийдің сөзінің астында терең мағына жатыр. Сұлулық деген - адамның эстетикалық ұғымы, материалдық және рухани дүниенің ләззатқа бөлейтін сипаты. Әлемге келсек, құтқаруы мүмкін. Бірақ бұл қандай сұлулық? Сұлулық бұл - қиял, көрініс, бейне, сыртқы келбет. Адамдар ұмтылатын тылсым дүние. Ол ең алдымен, тепе-теңдік, тұтастық, үйлесімділік, ырғақтылық, мақсатқа сәйкестілік, түс пен жарықтың белгілі бір мөлшері табиғи өлшемдермен айқындалуы да мүмкін. Сұлулықтың осындай табиғи өлшемдерін эстетикалық түйсінуде адамның сезім мүшелерімен қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл-парасаты ерекше рөл атқарады. Қазақ халқы сырты - бүтін, іші - түтін демекші тек тән сұлулығы ғана емес, жан сұлулығы да болуы тиісі. Оған адамгершілікті жатқыза аламыз, жалпы бойына жақсы қасиеттерді жинаған адам. Сұлу адам деп нағыз көркем мінез иесін айтады. Ол әлемді қалай құтқара алады? ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі бақыт концептісінің танымдық көрінісі
Өмір мен өлім мәселесі
Неке және отбасы социологиясы
Этиканың мәні мен мазмұны
Құқық және мораль нормасы
Бақытқа жету туралы кітап және Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат
Отбасы - өзіндік педагогикалық жүйе
Қазақ телевизиясының жағдайы
Қоғамдағы мәдениет туралы түсінік
Иман
Пәндер