ҚР-да тұрғындардың миграция статистикасы қалай ұйымдастырылған


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Эссе

«ҚР-да тұрғындардың миграция статистикасы қалай ұйымдастырылған?»

Халықтың миграциясы - бұл тұрғылықты адамдардың бір аумақтан екінші аумаққа мекендерін ауыстыруға байланысты орналасуы. Ол адамдардың өз қалаулары бойынша жүреді. Халықтың көші-қоны Қазақстан Республикасының демографиялық процестерінің ішінде маңызды рөл ойнайды. Осыған орай Қазақстан Республикасында арнайы көші-қон саясаты қарастырылған. Ол саясаттың тұжырымдамасы ҚР Парламентінің 2000 жылғы 1346-шы қаулысында қабылданды. Онда миграциялық саясаттың ҚР ішкі және сыртқы саясатындағы елдің міндеттерінің бірі болуға тиісті екені тұжырымдалған.

Миграция статистикасын ұйымдастыру миграциялық процестерді есепке алу (келушілер, кетушілер, көші-қон сальдосын, миграциялық коэффициенттерді есептеу, т. б. ), есепке алу методологиясы, сондай-ақ, нақтылы және салыстырмалы мәліметтерді жинау мәселелерін қарастырады.

ҚР-ның түрғындарының миграция статистикасы сыртқы және ішкі миграция статистикасы болып бөлінеді. Сыртқы миграция статистикасы - бұл ҚР мен шетелдік мемлекеттер арасындағы көші-қонды есепке алу болып табылады. 90 жылдардын бері Қазақстаннан 4, 1 миллион адам эммигрантталды, ең жоғарғы көрсеткіш 1994 жылға келеді екен. Бұл жылы 447 мыңға жуық адам елден қоныс аударыпты. Елімізге келген иммигранттардың ең жоғарғы көрсеткіші 2005 жылғы 75 мың адам болып табылады. 2016 жылға қартай миграция қарқыны төмендеп, сол жылғы жалпы көрсеткіш 3, 5 мың адамды құрады.

Ал ішкі көші-қон миграциясының статистикасы болса - Қазақстанның ішкі аумақтарының арасындағы миграциялық ағымдарды есепке алумен айналысады. Ішкі миграция 2007 жылдан бері қарқынды жүре бастады. Бұның себебі урбанизация үрдісімен байланыстырылады, яғни ауылды жерлерден үлкен қалаларға көшу үдеді. 2016 жылы 38 мыңдай адам Астана, Алматы, т. б. қалаларына көшіп барған. Соның ішінде Алматы қаласы 8000 адамды қабылдап, рецепиент қалалар арасында лидер атанды.

Жоғарыда көрсетілгендей статистикалық мәліметтерді қорытындылау үшін миграция статистикасын жүргізуде миграциялық мәселелер мен оларды талдау маңызды болып табылады. Ол үшін бірнеше көрсеткіштердің жиналуы, есептелінуі тиіс: ішкі және сыртқы миграция себептерінің статистикасы; этностар бойынша ішкі-сыртқы миграция статистикасы; мамандық пен білім деңгейі бойынша миграция статистикасы; жынысы, жасы, отбасылық жағдайы бойынша; т. б. Талдау әдіснамасына негізгі тұрақталған тенденцияларды сипаттайтын ретроспективалық анализ, аймақ бойынша салыстырмалы анализ және мемлекетаралық деңгейде сипаттайтын салыстырмалы анализ кіреді.

Миграциялық статистиканы ұйымдастыруда келесі ұйымдар мен олардың есепке алу функциялары қарастырылады:

Ұйым аты
Есепке алу функциялары
№: 1
Ұйым аты: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Есепке алу функциялары: Тұрғылықты жері немесе тіркеу орны бойынша жеке куәләндіру(жеке куәлік, төлқұжат)
№: 2
Ұйым аты: Ішкі Істер Министрлігі
Есепке алу функциялары: Сыртқы көші-қон туралы ақпарат жинау, елдегі шетелдіктердің ережелерді сақтауын қадағалау
№: 3
Ұйым аты: Миграциялық қызмет ұйымдары
Есепке алу функциялары:

Ішкі және сыртқы көші-қонды есепке алу

Шетел азаматтарын тіркеу

№: 4
Ұйым аты: ҚР Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау минимтрлігі
Есепке алу функциялары: Еңбек бойынша миграция есебі
№: 5
Ұйым аты: Статистика комитеті
Есепке алу функциялары: Халықтың жынысы, жасы, ұлты, білім негізінде сыртқы және ішкі көші-қон жағдайында келу ағымы және кету ағымы туралы ақпарат
№: 6
Ұйым аты: Шекаралық қызмет ұйымдары
Есепке алу функциялары: Ресей, Белоруссия және Қазақстанның ортақ кеңістігінде пайдалануға рұқсат етілген көші-қон карталарын пайдалану арқылы шетелдік азаматтардың қозғалысы мен транзитін есепке алу.
№: 7
Ұйым аты: Сыртқы Істер Министрлігі
Есепке алу функциялары: Елге бару үшін виза беру арқылы көші-қон ағынын есепке алу.

Қорытындылай келе, миграция статистикасын ұйымдастыру қиын процесс болып табылады. Сондықтан оны жүргізудің арнайы ҚР миграциялық саясаты тұжырымдалған. Бұл қоғамдағы басқару, оңтайлы әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу сияқты мәселелерде миграциялық ағымдардың көлемі мен мигранттардың құрамын бағдарлай және миграцияны тудыратын факторлар мен миграцияның салдарын анықтай білу үшін қажетті үрдіс. Осыған қосатын менің ойым - миграциялық статистиканы жинақтау мен қорытындылау бірнеше ұйымның құзыретінде болуы біршама қиыншылықтарға әкелуі мүмкін. Мысалы, Статистика комитетіне тек миграция бойынша қорытындыларды шығару ғана емес, басқа да экономикалық, қоғамдық құбылыстарды есепке алу жүгілген. Сондықтан миграция мәселелерін жүргізетін бөлек бөлімшенің болуы мәселесі туындады. Бұның шешімі үшін Сыртқы Істер Министрлігі 2017 жылдың жазында Миграциялық Қызмет Комитетін құрған екен. Бұл жаңадан құрылған Комитет Статистика комитетіне миграциялық статистиканы ұйымдастыруда серпін тигізеді деген ойдамын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу: жағдайы, мәселелері және басымдылықтары
Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты
Қоғамдағы демографиялық және экономикалық проблемалар
МИГРАНТ ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУ СТАТИСТИКАСЫ
Халықтың туу көрсеткіштер жүйесі
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
Қазақстан халқының демографиялық өсу көрсеткіштері
Қоғамдағы демографиялық процестер
Халықаралық миграция туралы статистикалық есепті ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz