ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТЫ

1. 1 Сот билігі ұғымы . . . 6

1. 2 Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасуы . . . 7

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ СОТ

ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

2. 1 Жоғарғы Сот Кеңесі . . . 10

2. 2 Судьялардың конституциялық - құқықтық мәртебесі . . . 14

2. 3 Сот билігінің функциялары . . . 22

2. 4 Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі . . . 23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27

Кіріспе

Қазақтың азат мемлекет турасындағы ата-бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер аңсаған ұлы арманы орындалып, тәуелсіздіктің жиырма жылдығын Қазақстан толағай табыстармен атап өтіп қызу тойлап, қазақ елі бұрын-соңды болмаған аламан саяси өрлеу үстінде.

Әрине, елдің шын мәніндегі тәуелсіздігі Елбасының 1991 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен әп-сәтте бірден орнай қалған жоқ.

Еркіндік пен бостандық қуанышына бөленіп, шабытпен жігерленген Қазақстан халқы мемлекеттіліктің іргетасын қалауда егемендіктің қиын-қыстау алғашы жылдарында аса жанқиярлықпен қажырлы еңбек етті.

Тәуелсіздігімізді баянды ету үшін, елде демократиялық принциптерді орнықтыру мақсатында Президентіміз халықтың бостандығы мен құқын қорғауда тәуелсіз сот болу керектіігі жөнінде берік ұстаныммен дамыған елдер үрдісінде батыл шешімдер алды.

Халықтың еркіндігі мен құқын қорғауда сот қызметкерлері басқа билік өкілдерімен қатар жариялылық пен ашықтық жағдайда нәтижелі еңбек етіп сот әділдігін жоғарғы деңгейде жүргізе білді.

Бұрынғы Кеңестер Одағында партия басқарған кезеңдегі түсінік пен қалыптасқан дағды, оның үстіне соттың материалдық-техникалық базасының жоқтығы тіпті қағаз, жазу-сызу құралдарының жетіспеушілігі сот қызметкерлерінің ұнжырғасын түсірмей, мемлекеттің қуатын арттыру мен елді өркениетті елдер қатарына қосуда, европалық стандарттарға сай сот әділдігін жүзеге асырып, өркениет принциптердің қалыптасуы үшін аса жауапкершілікпен және адалдықпен қызмет етті.

Нәтижесінде 1995 жылы 30 тамызда Қазақстандық бағыт-бағдарды анықтаған Конституция қабылданды.

Ата заңымызда-Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, деп жарияланды. Мемлекетіміз Президент басқаруында үш билік тармағынан құралып, оның бір тармағы тәуелсіз сот билігі болып бекітілді.

Сонымен қатар, осы Ата заң-Конституцияда, азаматтардың заң мен сот алдында бірдейлігі және олардың кінәлі болып табылуы тек қана сот шешімімен белгіленетіні көрсетілді.

Соттың қызметі мен мәртебесі осылайша заңды түрде бекітілгеннен кейін, сот қызметкерлері өздеріне артылған орасан жауапкершілікті салқындалықпен қабылдап, салиқалыдықпен атқарып,, халыққа қалтқысыз қызмет ету жолында бар күш-жігерлерін аямай еңбек етті. .

Нәтижесінде Елбасының судьялар сьезінде айтқан: «Ел тәуелсіздігі тек реформалар кезеңі ғана емес, кең мағынасында алғанда, әділеттіліктің қалыптасып-бекуінің жылдары болды.

«Ұзақ жылдарға созылған заңсыздық, телефон арқылы және басқа да заңнан тыс нысанда жүзеге асырылған «Құқық» түрлерінен кейін адам сот билігінің күші мен беделін сезінді» деп көрсетті.

«Судьялардың халықтың ары мен ожданы», - екендігін айта отырып, олардың жұмысына қарай мемлекет беделі қалыптасатынын, баса көрсетті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы, сотқа деген сенімді қалыптастыру мен судьялардың беделін арттыруда қоғам болып атсалысуға шақырды. Қазақстандық сот жүйесінің қалыптасуы 2000 жылы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі» туралы Конституциялық заңымен бекітілді.

Сот жұмысына қандай да болсын араласу, сот актілерін орындамау сотқа құрметтемеушілік болып есептеліп, ондай әрекеттері үшін лауазымды тұлғаларды қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке тарту жазалары кодекстерге рет-ретімен енгізілді.

Қазақстан Европа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуге өтініш білдірген кезден бастап сол ұйымның эмиссарлары иен арнаулы өкілдері Қазақстандағы демократиялық принциптердің жай-күйін тексеру мақсатында үш жылдай бақылау орнатқандығы, азаматтардың құқы мен бостандықтарының сақталуы жайлы анкеталар жүргізу, басқа да жолдармен тексеріс, сұрау жұмыстарын жүргізгендігі баршаға мәлім. Демократиялық принциптер мен адам құқығының сақталуы сот жұмысына байланысты болғандықтан, соттың күнделікті жұмыстарына мониторинг жасалып, ол шаралар журналистер қатысуларымен талқыланып, баспасөздерде жарияланып отырылды.

Ақыр соңында қазақстандық сот жүйесі мен оның жұмысы адам құқын қорғауда европалық стандарттарға сай болғандықтан, Қазақстан 2010 жылы Европа Қауіпсіздік және Ынтыматастық Ұйымына төрағалық ету құқына ие болып, оны абыроймен атқарып, ел мерейі үстем болып, қазақ халқының халықаралық беделі артты.

Қазақстан Судьялар Одағының ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Халықаралық Судьялар Қауымдастығына Ассоциациясына толық мүше болып қабылдануы егемендіктің баянды болуы үшін аянбай тер төккен судьялардың толыққанды ерен еңбегінің нәтижесі деп білеміз.

Азаматтардың бұзылған құқығы мен бостандықтарын дереу қалпына келтіру мақсатында сот жұмысында кезең-кезеңімен жаңалықтар енгізу үрдісі әр жыл сайын орынды шешімін табуда.

Судьяларды кәсібилендіру нақтылы қолға алынып, олардың білімін жетілдіру, соған сәйкес соттарды мамандандыру тетіктері нақтылы жүзеге асып, мамандандырылған ауданаралық экономикалық, аса ауыр қылмыстар қарайтын, әкімшілік істер қарайтын соттар және қаржылық соттар құрылып, қазіргі таңда жасөспірімдер істерін қарайтын арнаулы мамандандырылған сот ювеналды құру қолға алынуда.

Қазақстандық сот жүйесінің осындай өзіндік озық тәжірибесін басқа елдер оқып үйреніп, өз елдерінде жетістік ретінде қолдануда.

Сонымен қатар, Егемендік жылдарында Конституция талаптарына сай қамау санкциясы сотқа беріліп, азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды сот жұмысына көптеп араластыру және сот жұмысына халықтық сипат беру мақсатында аса ауыр істерді алқа билер қатысуымен қарау нақтылы жүзеге асырылды. Сондай-ақ, билер сотының алғашқы белгілерін қамтитын медиация институты өмірге енгізілуде.

Халықтың шағымдары мен өтініштерін дер кезінде қарап, әрі қарай ақырғы шешімін алу, ұзақ уақытқа созбаламай ыждағатты түрде шешілу үшін, Қазақстан бойынша үш буынды сот жүйесі қалыптасуда.

Келешекте барлық санкцияны мүлікке, хат-хабарларға тоқтам салу сот құзырына беру жайлы заң жобалары қаралуда.

Бұл айтылғандардың барлығы ел тәуелсіздігінің жиырма жылында жеткен Н. Назарбаев бастаған қазақ халқының телегей-теңіз жетістіктерінің бір парасы ғана болып табылады.

Судьялар ел егемендігінің мызғымастығын қорғау мен елімізде демократиялық принциптер орнату және мемлекеттік қарым-қатынастарды реттеуде, шиеленісі мол дауласушы тұлғалар арасындағы күрделі мәселелерді ел бірлігін сақтау ұстанымына сай қарап, мәселені әрі қарай ушықтырмай байыптылық танытып бар ар-ожданымен әділ шешіп, тәуелсіздігімізді баянды ету жолында бар күш-жігерін аямай, заң талаптарына сай еңбек ете отырып сот әділдігін әрі қарай дамыта жүргізе береді.

І. Қазақстан Республикасының соты

1. 1 Сот билігі ұғымы

Сот билігі - мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі - жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртіпте қаралып, шешіледі. Қс жүргізу тәртібі қатаң сақталады, іс жүргізу нысаны бұзылған жағдайда істің мәні бойынша дұрыс шығарылған сот шешімі де бұзылып, іс қайта қарауға жіберіледі. Сот билігі деңгейі қанша биік болса да сот мекемесіне тиесілі емес, іс қарайтын сот алқасына тиесілі. Сондықтан сот туралы сөз болғанда сот алқасы меңзеледі. Алқа әр елде әр түрлі құрамда: кәсіби судьялардан (мысалы, азаматтық іс қаралғанда 3 не 5 судьядан), бір судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен немесе бірнеше судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен құрылады. Қс қарап, шешім шығарарда сот заң мен құқықтық санаға жүгінеді. Сот қызметі құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған, ол реттеушілік емес, қорғаушылық қызмет атқарады. Сот билігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, конституциялық құрылысты, саяси және экономикалық жүйені, азаматтардың, мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Осы міндеттерге орай сот билігі заң шығарушы және атқару биліктерінде жоқ өкілеттіктермен қамтамасыз етілген. Сот шешім шығара отырып адамды бостандығынан айыра алады, тіпті өмірін қия алады, мүлкін тәркілейді, мемл. органның шығарған шешімін бұзады, ата-аналық құқықтан айыра алады. Сот билігінің қарама-қайшы екі жағы бар, бір жағынан бұл қуатты билік, екінші жағынан салыстырмалы түрде осал билік, өйткені ол заң шығарушы билік сияқты сайлаушылардың қолдауына сүйене алмайды, атқару билігі қолындағыдай қара күш механизмдері жоқ. Сот билігінің күші заңның мүлтіксіз орындалуында, құқыққа деген зор құрметте, қоғамның жоғары саяси және құқықтық мәдениетінде. Заң шығарушы билік саясатпен тығыз байланысты (парламентте көбіне саяси фракциялар басты рөл ойнайды), атқару билігі де саяси қысымға мойынсұнады, ал сот билігін жүзеге асыру барысында саяси және басқадай ешбір қысым болмау керек. Сот шешім шығарарда саяси мақсаттан ада болуға, заң мен құқықтық санадан басқаға бағынбайтын тәуелсіз болуға тиіс. Сот билігінің тәуелсіздігі жайында Қазан төңкерісіне дейін қазақ зиялыларының ішінде тұңғыш болып Барлыбек Сыртанов мәселе көтерген. Ол 1911 жылғы “Қазақ елінің уставы” атты еңбегінде: “Сот билігі өз еркімен іске асады. Судьялар дау шешкенде хүкметке, яғни адам баласына бағынбай, закон їәм сот ережелері негізімен хүкім шығарулары шарт. Судьяларға әсер жасағандарға сот хүкімі кесіледі” деп жазған. Дүниежүзідік тәжірбиеде сот билігі арнайы қағидалар арқылы жүзеге асырылады: сот пен заң алдында бәрінің тең болуы; сот ісін жүргізудегі жариялылық; сот процесінің жарыссөзбен жүргізілуі, тараптардың дәлелдерді еркін пайдалануы; кінәсіздік презумциясы, яғни айыптау үкімі заңды күшіне енбейінше сезікті адам кінәлі болып танылмайды; айыпталушының қорғаушы алу құқығын қамтамасыз ету. Қазақстанда сот биліг Конституция талаптарына сәйкес іске асырылады.

Халқымыз еркіндікке жету үшін қаншама қиын қыстау кезеңдерді бастан кешті. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Бұрынғы өткен ақын-жырауларымыз айтқан «Егемен болмай, ел болмас» деген ұлы тілектің де уақыты келіп жетті. 1990 жылдың 25 қазан айында Қазақстан өзінің Мемлекеттік Егемендік Декларациясын қабылдап жариялады, 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Қазақстан халқы, дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі ретінде, адам құқығы мен бостандығының басымдығын мойындай отырып, демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлағанын өз Конституциямызда баянды етті. Осы аяда елімізде сот жүйесін реформалау басталды.

1. 2 Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасуы

Қазақстан өзін әлемдік құқықтық кеңістіктің субъектісі ретінде орнықтыруы, халықаралық экономикалық қатынастар жасауы, экономиканың жаңаша сипатының қалыптасуы сот жүйесінің түбірімен өзгеруінің негізгі алғышарты болды. Тәуелсіздік жылдарында биліктің басқа тармақтары секілді сот билігі де үлкен өзгерістерді бастан кешіріп, құқықтық мемлекеттің қажеттілігіне және заман талабына сәйкес жетілдірілді, дамытылды. Сол жылдардан бастап сот саласында мемлекеттік биліктің өз алдына дербес бір тармағы - сот билігінің қалыптасуына жол салған түбегейлі өзгерістер жүзеге асты - сот мемлекеттік билік жүйесіне айналды.

Елімізде сот жүйесі біріктіріліп, төрелік сот таратылды. Оның қызметін жергілікті соттар мен Жоғарғы сот атқаратын болды. Бұған дейінгі Конституциялық соттың орнына Конституциялық Кеңес құрылып, ол соттан тыс азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтарына бақылау жасайтын, түсінік береті ұйымға айналды. Елбасының «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Жарлығына сәйкес Президент жергілікті соттардың судьяларын, ал Жоғарғы соттың судьяларын Парламент Сенаты тағайындау құзыры енгізілді. Осылайша еліміздің тарихында алғаш рет судьялар тұрақты мерзімге бекітілетін болды. Бұл - құқық қорғау органдары арасында судьялардың әлеуметтік мәртебесін және тәуелсіздігін мемлекеттік тұрғыдан қамтамасыз етудегі алғашқы үлкен жетістіктердің бірі болды.

Өркениетті елдердің даму кезеңдерін айта кетсек, мемлекеттің дамуы мен өркендеуі сот билігінің беделімен және оның әділ төрелігін жүзеге асыруының сапалық деңгейімен өлшенеді. Бұл жағынан алғанда, осы жылдарда елімізде сот билігі толық қалыптасты, оның құқықтық тұжырымдамасы бекітілді. Сот билігі мен атқарушы биліктің арасын бөлу жөніндегі пікірталас 2000 жылы шешімін тапты. Осы жылдың қыркүйек айының бірі күні шыққан ел Президентінің «Сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту шаралары туралы» Жарлығы елімізде сот жүйесі өзінің мазмұны мен материалдық жағынан да тәуелсіз болуына жол ашты.

Сот жүйесін одан әрі дамытуда бұған дейін еленбей қалған кемшіліктердің орнын толтыру Қазақсан Республикасының саяси, құқықтық тұжырымдамасын 2010 жылға дейін жүзеге асыру бағдарламасында белгіленген еді. Ол үшін еліміздегі сот жүйесі мен судьялардың мәртебесін анықтайтын Конституциялық заң қабылдау қажеттілігі туындап, 2000 жылдың 25 желтоқсаны күні «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы қабылданып, жоғарыдағы аталған мәселелерді оңтайлы шешіп, сот реформасының одан әрі жоғары деңгейде қарқын алуына негіз болды. Бұл заң еліміздегі соттардың беделін барынша көтеріп, судьялардың тәуелсіздігі мен тұрақтылығына кепілдік берді.

“Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Конституциялық заңға 2008 жылғы 17 қарашада өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі республиканың сот жүйесі үшін маңызды оқиға болды. Осы заң сот ісін жүргізудің үш буынды жүйесінің негізін қалады.

Осындай маңызды міндеттердің ішіндегі сот өндірісіне бүгінде енгізіліп, тиімді жұмыс істеп жатқаны - «сот инстанциялары арасындағы соттылықты шектеу процесін түбегейлі қисынына жеткізу». Сот өндірісіндегі істерді әділ, жедел мерзімде қарау үшін сот сатыларындағы істерді реттейтін процессуалдық заңнаманы жетілдіру мақсатында 2009 жылғы 10 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң қабылданып, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап сот ісін жүргізудің үш буынды жүйесі іске қосылды. Осы заңға сәйкес, аудандық сот - бірінші сатыдағы сот, облыстық сот - апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот, Жоғарғы Сот - тек қадағалау сатысының соты ретінде жұмыс істей бастады.

Еліміздің сот жүйесін дамыту әрдайым ілгері қозғалуда. Атап айтқанда, соттардың тәуелсіздігін әрі нығайту жолында сот шешімдерінің ашықтығы мен жариялылығы қамтамасыз етілді. Азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдігі және адвокаттардың сот процесіндегі ролін күшейту әрі судьялардың жауапкершілігін арттыру жоғарғы деңгейге жетті.

Қазіргі уақытта соттар осы заманның соңғы жетістіктеріне қол жеткізді. Оның дәлелі ретінде ҚР СО БААТЖ бағдарламасын атап айтқым келеді. Бұл компьютерлік бағдарлама сотқа келіп түсіп, тіркелген арыздарды, істерді автоматты түрде бөлу мүмкіндігін береді. Ол да өз кезегінде жемқорлық белгілеріне жол бермейді.

Жаңа қоғамдық қатынастарды орнықтыру олардың құқықтық қамтамасыз етілуіне уақытылы түзетулер енгізумен, сапалы заңдардың қабылдануымен, жоғары деңгейдегі құқық қолданумен, құқық қорғау органдарының кінәратсіз әрі үйлесімді жұмыс істеуімен, сот беделінің шүбәсіздігін мойындаумен ұштастырылып отыр. Қазақстанда тәуелсіз сот жүйесінің негіздері қаланып, заңның жоғарылығы дәйекті қамтамасыз етіліп келеді. Қоғамда сот билігіне деген сенім барған сайын арта түсуде.

Тәуелсіз ел ретіндегі даму тарихының екінші он жылдығының белесінен өткен Қазақстан Республикасы экономикасымен, жарасымды ішкі ахуалымен ғана емес, салиқалы сыртқы саясатымен де әлем назарын аударып отыр. Қазақстан Республикасы адамдардың өмір сүру деңгейінің көтерілуі мен жұмыспен қамтамасыз етілуіне, саяси тұрақтылық пен азаматтардың топтасуына негізделген мемлекет болып, бүгінгі күні қоғамдық өмірдің барлық салаларында алға басушы ел ретінде танылып, экономикасы, білімі және мәдениеті тұрақты мемлекеттер қатарынан көрінуде.

Еліміздегі сот саласында жасалып жатқан реформалар айтарлықтай. Оның бірден-бір көрінісі - Орталық Азия судьяларының халықаралық қауымдастығының бастамасымен ТМД елдерінің судьялар кеңесі, халықаралық Заңгерлер одағы, шетелдік судьялар одақтарымен тығыз қарым-қатынас жасалып, еліміз сот саласында жаңа белестерге қол жеткізді. Бұл да тәуелсіз еліміздің демократиялануының айқын белгісі дер едім. Осы ойымды Елбасының Қазақстан Республикасының Судьялар одағының V съезінде: «Қазақстан - тәуелсіздікке жеткен алғашқы күндерінен бастап, өзінің құқықтық жүйесін белсенді қалыптастырып келе жатқан ел», - деген сөзімен түйіндесем артық болмас.

«Ұлтты ұлы мұраттар алға жетелейді» демекші, мемлекетіміз үшін алда асар асулар мен бағындырар белестер әлі де жетерлік. Мемлекетіміз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін ашық және бүкпесіз сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған көптеген шараларды қабылдап келеді. Ата Заңымыздың 75-бабы, 1-тармағында «Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асырады», - делінген. Демек, соттардың шешімдеріне қарап, қоғамның мемлекетке деген көзқарасы қалыптасатыны сөзсіз. Осының бәрі еліміздің сот жүйесі әлемнің алдыңғы қатарындағы елдердегі сот жүйесінің қатарына көтеріледі деген сөз деп ойлаймын.

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

2. 1 Жоғарғы Сот Кеңесі

Жоғарғы Сот - мемлекеттің сот жүйесін басқарушы ең жоғары сот органы. Айрықша сот істерін, атап айтқанда, жоғары лауазымды адамдардың қылмыстары туралы және аса ауыр мемлекеттік қылмыстар туралы істерді қарайды. Сонымен бірге ол елдің барлық төменгі соттарының шешімдері жөнінде шағым жасалатын ең жоғары орган болып табылады. Кейбір мемлекеттерде (Мысалы, АҚШ-та, Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда) Жоғарғы Сот конституцияны түсіндіру және конгресс, штаттар мен федеральдік үкімет органдары қабылдаған актілердің конституцияға сай келуі туралы мәселелерді шешу, конституциялық бақылау міндеттерін де жүзеге асырады. Кейбір мемлекеттерде (Мысалы, Германияда, Ресейде) аталмыш міндеттер Жоғарғы Сотпен қатар арнаулы конституциялық соттарға да жүктелген.

Қазақстан Республикасында бұл міндетті Конституциялық кеңес атқарады ([[Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі] ] ) . Конституциялық соты не кеңесі жоқ федеративтік мемлекеттерде Жоғарғы Соттың құзырына федерация мен оның субъектілері арасындағы, сондай-ақ федерация субъектілерінің өз арасындағы дауларды шешу жатады. Жоғарғы Сот түрлі мемлекеттерде түрліше ресми аталуы мүмкін. Мысалы, Қазақстанда, Австрияда, Ирландияда, Исландияда, Канадада - Жоғарғы Сот; Германияда - Жоғары федеральдік сот, Италияда - Жоғары кассациялық сот; Грекияда - Ареопаг; дЭстонияа - Мемлекеттік сот; Швейцарияда -Федеральдік сот, т. б.

Жоғарғы Сот, әдетте, істердің кейбір санаттары (азаматтық, қылмыстық, конституциялық) бойынша сенаттарды (палаталарды, алқаларды) қамтитын күрделі құрылым болып келеді. Мысалы, Ұлыбританияның (және Уэльстің) Жоғарғы Сотын төраға ретінде лорд-канцлер басқарады, ол дербес үш сот мекемесінен - Шағымдық соттан, Мәртебелі соттан және Тәж сотынан тұрады. Әдетте, Жоғарғы Соттың құрылу тәртібі, сондай-ақ, негізгі міндеттері (өкілеттіктері) елдің конституциясымен айқындалады. Жоғарғы Соттың судьясын мемлекет басшысы дербес немесе парламенттің (оның жеке палатасының) бекітуімен тағайындайды. Мысалы, АҚШ-тың Жоғарғы Сотның судьясын АҚШ Президенті Сенаттың кеңесімен және келісімімен тағайындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судья мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот жүйесінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары»
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
Қазақстан Республикасының азаматтық іске қатысушылар
Сот төрелігі ұғымы және Қазақстан Республикасындағы сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы институты
Облыстық сот төрағасы
Судьялар мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz