Көшбасшының түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Басқару әдістері дегеніміз бұл басқарудың мақсатқа жетудегі іс-әрекеттік жолдары. Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсіндіріледі. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде қолданылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекшеленеді. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы замаңғы техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер-басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады. Отандық және шетел баспаларында көптеген ғалымдардың пікірі бойынша негізінен басқару жүйесінде үш тәсіл қолданылады: процестік, жүйелі және ситуациялық тәсілдер.
Процестік тәсіл: Бұл концепция басқару жүйесіндегі елеулі өзгеріс, жаңалық, бүгінде іс жүзінде кең қолданып жүр. Мұнда басқару процесс ретінде қаралады. Басқару үшін үздіксіз өзара байланысты болатын санқилы әрекет қажет болады. Бұл іс-әрекеттің әрқайсысы ұйым табысы үшін аса қажет. Мұның бәрі басқару функциясы деп аталады. Бұл концепцияның алғашқы негізін қалаған Анри Файоль бес функцияны айрықша бөледі. Оның айтуынша басқару дегеніміз - жоспарлау, ұйымдастыру, билік жүргізу, координациялау және бақылау жасау. Ал, қазіргі заманғы баспада жарияланған туындыларды қорытып жинақтасақ, басқарудың мына функцияларын атауға болады: жоспарлау, ұйымдастыру, үкім жүргізу, мотивация(дәлелдеу), басшылық жасау, координациялау, бақылау, коммуникация, зерттеу, бағалау, шешім қабылдау, кадр іріктеу, өкілдік, келіссөз жүргізу не келісім жасау.
Әр автор өзінше басқару функциясының тізімін жасайды. Аталған функциялардың ішіндегі барлық ұйымға ортақ болатыны мыналар: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау.
Жүйелі тәсіл - бұл қандай да болмасын басқару жүйесіндегі жинақталған тәсіл не ол меңгерушілер орындайтын міндеттер емес, бұл ұйым жөнінде және басқару жөніндегі ойлау тәсілі.
Жүйе - деп бұл өзара тәуелді бөлшектерден құралған бір тұтастылық. Орың әр бөлігі тұтас жүйеге өз үлесін қоса алады.Барлық ұйым жиынтығы бір системаны құрайды.
Системаның негізгі екі түрі бар : жабық және ашық жүйе. Жабық жүйенің қатаң сақталатын шекарасы болады, ол өзін қоршаған ортаға және жүйеге тәуелсіз әрекет жасай алады.Ал, ашық жүйе сыртқы ортамен өзара тығыз байланыста болады. Мұндай жүйе өзін-өзі қамтамасыз етпейді, ол сырттан келетін энергияға , информацияға жәек материалға тәуелді болады.
Көшбасшы (лидерлік)- әдетте бейресми топтарға ұжым мүшелері арасында беделі бар, іске қабілетті адамдар көшбасшылық етеді.Әлеуметтік психологияда шағын топтағы көшбасшылар деп, мақсатқа жету мақсатында топқа жетекшілік ететін, басқа топ мүшелерімен өзара қарым-қатынас орнататын адам қызметін айтады.Топ қызметінде көшбасшы ұғымына сипаттама бергенде әлеуметтік психологияда мындай жағдайлар бөліп қарастырылады:біріншіден, көшбасшыны қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды, ол басшылық позицияны топтың ашық немесе жабық келісіммен атқарады;екіншіден топ қабылдаған нормалар мен құнды бағыт-бағдарламалар жүйесі көшбасшының қолдауымен жүзеге асырылады;үшіншіден, топ өміріндегі арнайы, алайда біршама мәнді жағдайларда көшбасшы тиісті рөль атқарады.Әрине, топ көшбасшысының рөліндегі адамның жеке басында біршама сапалық ерекшеліктер, атап айтқанда, инициативалығы мен белсенділігі біршама жоғары, ұйымдастыру қызметінде тәжірибесі мен дағдысы бар, топ ісіне мүдделі адамдарға үйір, әрі өзінің мінез-құлқымен үлгі өнеге көрсете білетін, топта едәуір беделді болуы тиіс.
Көшбасшының екі түрі болады:
1. Инструменттік көшбасшысы - адамдар тобында міндет пайда болғанда топ мүшелері осы жұмысты атқара алатын жетекшіні көрсетеді.
2. Эмоционалдық көшбасшы - бұл маңдай алды жақсы адам.
Өмірде осы екі ерекшелікке бірдей ие болатын адамдар сирек кездеседі.
Бейресми топта көшбасшы болу мүмкіндігінің айқындаушы факторлары мынадай: жасы, лауазымдық орны, кәсіптік біліктілігі, жұмыс орнының орналасуы, жұмыс аймағында еркін әрекет етуі және ықыластылығы. Көшбасшыға дәл сипаттама беру топ жүйесінде қабылданған дәстүрге байланысты. Мәселен, кейбір бейресми ұйымдарда ересек жасы қолайлы, ал басқаларында керісінше болуы мүмкін.Басқару қызметі - бұл басқару қызметінің белгілі бір тұтастай мазмұнға ие болған оқшауланған бөлігі, яғни бұл басқару қызметінің мамандандырылған бөлігі.
Басқарудың мамандандырылған қызметінің біріңғай тұтас синтезделуін және интеграциялануын басшылық деп атайды.Басшы өзіне негізгі екі міндеттің жүктелетіндігін білуі тиіс: адамдармен жұмыс істеу және басқару жүйесін ұйымдастыру. Басшы еңбегін таңдауға түрткі болатын ықпалдар мыналар:Билік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Александр Турсь Басқару психологиясы басшының басқару жүйесіне талдау жасау
Көшбасшылықтың ерте теориялары
Көшбасшылық теориясы
Көшбасшының жағдайлық теориясы
Көшбасшының тұлғасы: мінезі, жеке мінезі, моральдық сипаты
Көшбасшының орындайтын функциялары
Харизматикалық көшбасшылық
Көшбасшылық феноменді заманауи бағалау
Көшбасшылықтың психологиялық аспектілері
Саясаттанудың әдістері
Пәндер